АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: 1916жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс қарсаңындағы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы

 

 

 

 

 

М а з м ұ н ы.

 

 

Кіріспе.………………………………………………………………………………………………3

 

І тарау. 1916жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс қарсаңындағы

               елдің   әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

1.1.Көтерілістің алғышарттары  мен себептері……………………………………..5

1.2.1916жылғы 25-маусымдағы  патша жарлығы………………………………….7

 

 

ІІ тарау.Көтерілістің барысы,сипаты,тарихи маңызы.

2.1.1916жылғы көтеріліске ұлт зиялыларының көзқарастары……………….9

2.2.1916жылғы Ұлт-азаттық көтерлісінің жеңілу себептері тарихи

маңызы………………………………………………………………………………………………12

 

Қорытынды.…………………………………………………………………………………….20

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.…………………………………………………..21

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алғанына биыл он бес жыл. Қазақ халқының азаттық жолындағы күреске толы тарихына шығып отырған   биігі ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманының орындалғандығының белгісі болып қалмақ. Егемендіктің тізгінін келер ұрпақ қолына нық ұстап отыруы үшін  бүгіннен бастап бойында тарихи сананы қалыптастырып, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу үшін бабаларымыздың тәуелсіздікті арман еткен күрес жолын жете зерттеп, қалдыру алдымен тарихшылардың жүгін ауырлатары анық.Өткеніміз бен бүгініміздің тағылымын түйіндеуге  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өзі мән беріп, «Тарих толқынында»[1] атты кітабында: «Қазақтың сана  сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы  тарихтың толқынында өзінің ұлттық  «Мен» дегізерлік ұлттық қасиетін  түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр   деп тұжырымдады.Тәуелсіз ел болып отырған Қазақстанның тарихын әсіресе осы жердің түп иесі қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихы. Сол қозғалыстарды басқарған  ірі-ірі трихи тұлғаларының біздің азаматтық саяси тарихымыздан алатын орнын сол қозғалыстардың себептері мен  салдарларын айқындайтын зерттеулердің қажеттілігі өмір сұранысы екені аян.Сондықтанда Отандық тарихымыздағы Ұлтымыздың бостандық алу жолындағы күресінің бір биігі саналған 1916 жылғы оқиға  Қазақ халқының күрескерлік  тарихын тұтас зерделеуде маңызды  орын алады. Оның үстіне биылғы жылы тарихи маңызы зор оқиғаға 90-жыл толып отыр.            

Кеңестік дәуірдегі зерттеулерде бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы,сол жылдары халық күресінің сипатына баға беру де қазақ даласының әр түкпірінде өршіген көтерлістердің жергілікті ерекшеліктерінің ескерілмеуінен оқиғаға жалпы тоқталып, 1916 жылғы көтерілістің тарихын және көтеріліс жетекшілері даралау, ондағы оқиғаны Қазан төңкерісінің алғышарты ретінде үлгі етіп, қарастыру дәстүрге айналды.Өңірдегі көтеріліс жетекшілері мен көсемдерінің қарадан шыққан тұлғалары ғана таңдалып алынып әспеттелді.

1916 ж. көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды.

Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақ жерлерінің жаппай, күшпен тар-тып алынуын және өлкені басқарудың отаршылдық жүйесінің күшейтілуін ең басты себеп ретінде қарастыру керек.

1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі козғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жаткан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.

Көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.

Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең-байтақ өлке аудандарының көпшілігінде ұлт-азаттық сипатқа ие болды. Тек жекелеген жерлерде ғана қозғалыстың басшылығын байлардың үстем топтары мен клерикал элемент-тер қолына алды.

Стихиялық қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтері-ліске ұласа бастады; ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды және оның өткір жүзі патша өкіметінің әскери-отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына және белгілі бір дәрежеде ауылдардың феодал-бай үстем топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Осы тұрғыдан ол Ресейдің жұмысшы табы мен шаруаларының соғысқа және патша өкіметіне қарсы революциялық қоз-ғалысымен ұштасты.

Көтеріліс отаршылдыққа қарсы жөне империализмге қарсы бағытта бол-ды.

Көтерілістің басты міндеті — халықты отаршылдық езгіден ұлттық және саяси жағынан азат ету міндетімен салыстырғанда, таптық мәселе (ауылдың бай үстем топтарына қарсы күрес) екінші кезекте қалды. Бірқатар жерлерде және белгілі бір кезенде көтеріліс халыктық соғысқа ұласты (оның Жетісу және Торғай облыстарындағы жекелеген ошақтарында).

Қазақстан мен Орталык Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалык, дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-феодалдық және әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты және шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы XIX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі, буындарының бірі болды.

Тақырыптың мақсат-міндеттері:Жоғарыдағы ұлт-азаттық көтерілістің себептері,мақсат-міндеттеріне сүйене отырып,бұл жұмыста 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезеңіндегі халықтың  саяси,әлеуметтік,экономикалық жағдайы,көтерілістің жеңілу себептері,  мен көтеріліске қатысты ұлт зиялыларының көзқарастарына талдау жасап,тақырыпты ашу мақсат етілді.Осыдан мынадай міндеттер келіп шығады:

  • Тақырыптың өзектілігін ашу;
  • Көтерілістің алғышарттары мен себептеріне талдау жасау;
  • Көтерілістің бағыты мен барысына сипаттама беру;
  • Қазақ зиялыларының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қарсы

көзқарасын айқындау;

  • Патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығына шолу жасау;
  • Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызына талдау жасау;

Курстық жұмыстың құрылысы: Жұмыс кіріспеден және негізгі тақырып қаралған ІІ тараудан,қорытындыдан және сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

І тарау.1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс қарсаңындағы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

 

1.1.Көтерілістің  алғышарттары мен себептері.

 

1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарын-да жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зом-былығы өлшеусіз өсті. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстарында жерлерің жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайы-лымдар мен егістік алаптар тартып алынды, ал осы жерлердің нағыз кожай-ындары қазақтар шаруашылық жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді.

Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да материалдық құндылықтарды жалмап жұтты. Шаңырақтарға жаңа әскери салық енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті халыққа салынатын салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есе өсірілді.

Егіс алаптарының қысқартылуы нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісі сұмдық құлдырап кетті.                                                                             

1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің казақ халқынан тартып алған жердің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді

Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс кесапаты — халық бұқара-сының қайыршылануы, қымбатшылық ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды.

Соғыс жағдайларында «Қазақ» жалпы ұлттық газетінің төңірегіне біріккен қазақтың либерал-демократиялық зиялыларының жетекшілері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және олардың жақтастары, сондай-ақ қазақ зиялыларынан шаруа-демократиялық бағытты жақтайтын М.Сералин Б Майлин, С.Дөнентаев және басқалар сынды «Айқап» журналының төңірегіне топтаскан өкілдері басылып шыққан сөз арқылы өздерінің халыққа ықпалын нығайтуға ұмтылды.[2]

Саяси көзқарастары мен әрекеттеріндегі айырмашылықтарға қарамастан қазақ зиялыларының жоғарыда аталған өкілдерінің көптеген туындыларының өзегі «Оян, қазақ!» ұраны болды (осы атаумен 1909 жылы Міржақып Дулатовтың өлеңдер жинағы жарияланған еді). Қазақ оқымыстылары өздерінің жан-жақты шығармаларымен жалпы демократиялық талаптар ұсынып және өз ойларын екінің  бірінде мысқыл тілімен білдіре отырып өлкеде отаршылдыққа қарсы саяси жағдайдың тамыр жаюына жәрдемдесті. Халық санасына ұлт-азаттық күресінің қажет екендігі идеясын сіңірді.[3]                  

Соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті. Қазақстанның Орталық Азияның барлық дерлік аудандарын қамтыған,1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс соның  соның жарқын көріністерінің бірі болды.

Көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси си-паттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың

басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды.

Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақ жерлерінің жаппай, күшпен тар-тып алынуын және өлкені басқарудың отаршылдық жүйесінің күшейтілуін ең басты себеп ретінде қарастыру керек. Верный уезі Пригородный учаскесінің казактары өздерінің 1916жылғы 17 қазандаТүркістан генерал-губернаторына көтерілістің себептері туралы арызында дұрыс атап көрсеткендей: оны туғызған «халык дұрыс түсінбеген тыл жұмысына жүмысшыларды шақыру ғана емес. Себеп тереңіректе жатыр. Бір жағынан, жерден кысым керу және екінші жағынан қазақтарды басқару жүйесі» қазіргі қайғылы окиғалардың негізгі себептері болып табылады.[4]

Жер жөнінен қазақтар соңғы он жылда өте қатты қысым көрді: облыста 1903 жылы кұрылған қоныс аудару басқармасы 1908-1909 жылдарда қазақ-тардан жерді алып қоюды күшті қарқынмен жүргізді. Соның салдарынан қазақтардың дайын суландыру арықтары, бау-бақшасы мен қора-қопсылары бар ең жақсы жерлері тартып алынды. Олар сусыз нашар жерлерге қуылды; орман алқаптары түгелдей қазынаның пайдаланылуына алынды…»[5]

Мұндай көрініс Қазақстанда жер-жерде байқалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.1916жылғы 25-маусымдағы Патша жарлығы.

 

Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазакстанның, Орталық Азияның және ішінара Сібірдің 19 жаспен 43 жасқа дейінгі «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс кұрылыста-рын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу және т.б.) «Реквизициялау туралы» жарлығы тікелей себеп болды. Оның үстіне жарлықта «жұмылдыру», «әскерге шакыру» деген сөз емес, кайта әңгіме бейнебір малды реквизициялау (еткізу, алу) туралы болып отырған сияқты, «реквизиция» (жеке адамның мүлкін зорлап алу) деген сөз қолданылды. Бас штабтың салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан, Орталық Азиядан 400 мың адам, сонын ішінде қазақтар мекендеген барлык облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Егер өлкедегі қазақ шаруашылықтарының саны 700 мыңнан сәл асатынын ескеретін болсақ, әрбір үшінші шаруашылық қызметкерінен айырылады екен, ал сонымен бірге мұндай мөлшерде жұмысшы қолын әкету ұлттык ауқымдағы сұмдық апатқа айналатын еді.[6]

Жарлық туралы хабар жергілікті баспасөзде жарияланды және болыс басқарушыларының жиналыстарында оқылып, қосымша түсіндірмелер мен түсініктемелер берілді. Жарлықтың бірқатар ережелерінін бұлыңғырлығын отаршылдык әкімшіліктің жергілікті шенеуніктері шебер пайдаланды. «Ин-женер М.Тынышбаевтың жоғары мәртебелі Түркістан генерал-губернаторы мырзаға 1916 жылғы окиғаларға байланысты айғақтарында» Жетісу генерал-губернаторының үндеу хатында окоп жұмыстарына шақыру туралы айтылға-ны атап өтіледі. Селолардағы бұрынғы орыс солдаттары қазақтарға «окоп» дегеннің не екенін түсіндірген кезде, халықты жұмылдыру («алу», «өткізу») шын мәнінде қарусыз адамдарды кыруға әкеп соғады деп санады. Ал мұның өзі өз кезегінде казақтардың патша жарлығына жаулық көзқарасын күшейтті. «…Мұның ең кауіпті жұмыс екені, — деп жазды одан әрі М.Тынышбаев, -оларға түсінікті болды… жұмысшыларды шакырудың мәнін халыққа ешкім де түсіндіріп бере алмады; оның орнына жергілікті өкімет орындары патша жарлығын асығыс түрде орындауға кірісе бастады. Кейбір жағдайларда дөрекі шаралар колданды. Ара жігін бөліп жатпай 25 жасты (19-43) бір мезгілде асығыс алу халықты кайран қалдырды… осы ұрандармен қатар киянат жасаушылықта қатар жүргізілді. Олар орыс әкімшілігіндегі кейбір адамдардың катаң шаралары мен жай ғана қателіктері, болыс баскарушыларының құлқыны және т.б. сияқты болып келді. Бұл тәсілдер халық жанына тікелей батқандықтан, толқудың өріс алуы сөзсіз еді».[7]

Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймактарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халык ашуызасының алғашқы сокқыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Ол кезде қазақтарда метрикалық куәліктердін болмағанын пайдаланып, олар тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізді, ал байдың балаларын пара алып шақырудан босатты. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылық туғызды.

Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыс-тарды, село және ауыл басқарушыларын; байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді; имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді   жоғары және орта оқу орындарында оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және кұрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.

Патша жарлығының қатандығы және жергілікті жерлерде оны жүзеге асырудың әділетсіз әдістері түңілуге дейін жеткізген, қолына түскенімен қаруланған еңбекшілер патша өкіметінің өкілдеріне: болыс басқарушыларына, ауыл старшындарына, полицейлерге, казактарға, шенеуніктерге бас салып «адам бермейміз!» деп айқайлап, оларды ұрып-соқты. Көтерілісшілер болыс басқарушыларының, ауыл старшындарының кеңселері мен үйлерін өртеді. Жүргізілген істер мен жұмыска алынушылардың тізімдерін жойып, аңғалыкпен олар тыл жұмыстарына адам алудан осындай жолмен кұтыламыз деп санады.

Стихиялық қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтері-ліске ұласа бастады; ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды және оның өткір жүзі патша өкіметінің әскери-отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына және белгілі бір дәрежеде ауылдардың феодал-бай үстем топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Осы тұрғыдан ол Ресейдің жұмысшы табы мен шаруаларының соғысқа және патша өкіметіне қарсы революциялық қоз-ғалысымен ұштасты.

1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық бол-ды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі козғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жаткан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.

Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.

Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең-байтақ өлке аудандарының көпшілігінде ұлт-азаттық сипатқа ие болды. Тек жекелеген жерлерде ғана қозғалыстың басшылығын байлардың үстем топтары мен клерикал элемент-тер қолына алды.

Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнген-дер және басқа да кейбір халықтардың өкілдері қатысқан Оңтүстік облыстар-ды (Жетісу жөне Сырдария облысы) қоспағанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық козғалысы кұрамы жағынан бір ұлттың козғалысы болды.[8]

 

 

 

 

ІІ тарау. Көтерлістің барысы,сипаты,тарихи маңызы.

 

2.1.1916жылғы көтеріліске ұлт зиялыларының көзқарастары.

 

Қазақ қоғамында патшаның жарлығы мен көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ: байлардың үстем топтарының белгілі бір бөлігі, сондай-ақ «бұратаналық әкімшілік» дейтіннің шенеуніктері «реквизиция туралы» пат-ша жарлығын сөзсіз қолдады және оны басты жүзеге асырушылар болды; қазақ зиялыларының батыл өкілдері (мысалы, Тоқаш Бокин, Жаңабай Ни-язбеков, Әубәкір Жүнісов, Тұрар Рысқұлов, Әліби Жангелдин, Сейітқали Мендешев, Бәймен Алманов және басқалар) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыкка шакырды, ал «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А.Байтұрсынов, Ә.Бекейханов, М.Дулатов және басқалар) патша әкімшілігін адам алуға асыкпауға, қайта әуелі дайындық шараларын жүргізуге көзін жеткізуге талай рет әрекет жасады. Сонымен бірге олар қарусыз халық патша өкіметінің аяусыз жазалау шараларының кұрбанына айналады деп орынды санап, жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. «…Патшаның жарлығы – Акиқат және оған қарсы пікірлер болмауы керек, — делінген «Қазак» газетінің 1916 жылғы 6 шілдедегі бас мақаласында, — …жалтару жеңіл ойлылық болады, өйткені бұл халық үшін күйзеліс әкеледі. Қазір — соғыс уакыты, тәртіп катал; жасырынғандарды іздеуге отряд жіберіледі, ол шаруашылықтың күйзелуіне әкеп соғып, отбасына бақытсыздық әкеледі…» .[9] Нақ осы газет 1916 жылғы 11 тамыздағы нөмірінде А.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың атынан алаш арасында бұйрықты ешқандай қарсылықсыз іске асыруды жақтады. Сонымен бірге олар аңғалдықпен, егер қазақтар тыл жұмыстарына қатысса, соғыста жеңгеннен кейін олар өз жағдайын жеңілдетуге және автономия алуға үміт ете алады деп санады.

Бұл орайда зиялылардың жоғары топтары (Ә.Бекейханов бас болып) мұндай екі ұдай жағдайда, балға мен төстің арасында қалғанын есте ұстау ке-рек.[10]

1916 жылғы көтеріліс ерекшеліктерінің бірі күреске төменгі топтардың көтерілуі болғаны мәлім. Ауыл мен қыстақтың жоғары үстем топтары айлакерлік жасады, өйткені олар ішінара болыс, старшын, жергілікті аппа-раттың қызметкерлері жөне т.б. ретінде басқару жүйесіне тартылған бола-тын, екінші жағынан — ұлттық зиялылар, ең алдымен оның Ә.Бөкейханов және оның «Казақ» газеті редакциясындағы серіктері бастаған ең білімді бөлігі ол кезде күш пен ресурстарды Германиямен соғысқа жұмылдыруды жақтаған Ресей конституциялык-демократиялық партиясының (кадеттер) саяси бағытымен байланысты болатын. Осыны негізге алып және өзін жалпы ресейлік зиялылардың бір бөлігі деп сезінген Ә.Бөкейханов пен оның жақтастары майданға көмек керсетуге тырысты. Олар соғыс жағдайында көтеріліске қатысуды патша үкіметі, орыс жұртшылығы барлық туындайтын зардаптарымен коса алғанда орыс әскерлерінің ту сыртынан соққы беру деп бағалайтынын түсінді.[11]

Ұлттық-демократияшыл зиялылар тарапынан тағдырдың жазғанына көнуге, Қазақстан бір бөлігі болған соғысып жатқан державаға көмектесуге шақыруы осыдан. Бұл шақыруды халық бұкарасының көпшілігі түсінбеді және қабылдамады. Бұқараның іс-қимылын басқаруға, олардың саяси тәлімгерлері болуға қазақ зиялыларының батыл топтарының қолына шоғырлану себептері нақ осында болатын.

Тұрар Рысқұлов атап өткендей: «қазақтардың бұл ұлттык-либерал зиялылары… кадеттер сиякты, сол кезде өмір сүрген құрылыс пен патша өкіметінің жергілікті жерлердегі әкімшілігіне қарсы болды… Патшалык жер саясатына қарсы болды, бірақ Ресейдің буржуазиялық-демократиялык партияларымен ынтымақтаса жұмыс істеді. Бұл зиялылар қазақтардың көтерілісін мезгілінен бұрын жасалған керексіз көтеріліс деп сипаттап, барлық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен жөнге келтіруге болар еді деп көрсетті».[12]

Сонымен бірге ұлтгтык, қазақ зиялыларының жетекшілері қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды кейінге қалдыру жөнінде, шақырылғандардың құқықтарын қорғау және олардың майдан өңірі аудандарындағы тұруы мен жұмыс істеуі үшін кажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты қадамдар жаса-ды. Мұны Ә.Бөкейхановтың бастамасымен 1916жылғы 7 тамызда Орынборда шақырылған бес облыс (Торғай, Орал, Ақмола, Семей және Жетісу) өкілдері жеке кеңесінің құжаттары дәлелдейді. Олар кеңесті шақыруға бастамашылар (Ә.Бөкейханов пен оның серіктері) жалпы алғанда тыл жұмыстарына шақы-рылғандарды қорғау мақсатын көздегенін, шақырушылардың тізімдерін жа-сау кезіндегі заңсыздык көріністерін және жергілікті өкімет орындарының ауыл тұрғындары мен казак әскерлерінің жазалау отрядтары арасында жан-жалды жағдайлар ұйымдастыру жөніндегі арандатушылықтарын әшкереле-генін көрсетеді. Осы кеңес хаттамасының қорытындысында былай деп атап көрсетіледі: «25 маусымдағы аса жоғары жарлық қазақтарға, сол жарлыктың өзі жарияланбаған кезде жергілікті өкімет орындарының хабарландыру ны-санында мәлім болды.[13]

Бұл халыққа ашық аспаннан жай түскендей әсер етті. Жергілікті өкімет орны аса жоғары жарлықты асығыс түрде орындауға кірісе бастады… Тізімге қазақтардың жасын ауылнайлар ез бетімен енгізеді… кейбір жазбаларды өкі-мет орындары біле тұра дұрыс жасамады: бай қазақтар өз балаларының жа-сын әдейі ересек етіп жазғызды… кейбір болыс басқарушылары өз жаулары-на мейлінше сенімді соққы жасағысы келіп, оларды адам алуға қарсыласты деп айыптап, бастықтарға жеткізді.

Жоғарыда аталған қиянат жасаушылықтар арқасында… өкімет орындарының қазіргі буыны казактардың отрядтарымен алғаш рет танысты… Дала өңірінде казак отрядтарының пайда болуы орасан үлкен ауданның бейбіт халқына қорқыныш ұялатты… Осы кезге дейін болғандардың бәрі аса жоғары жарлыкты орындауға өте асығыс кіріскендікпен түсіндіріледі. Халықты тыныштандыру үшін дереу шаралар қолдану қажет».[14] Кеңеске қатысушылар осы шаралар ретінде өкімет орындарына 17 тармақтан тұратын қарар ұсынды. Олардың ең бастылары мыналар болып табылады:

«1) …Солтүстік уездер үшін адам алу 1917 жылғы 1 қаңтарға дейін, ал оңтүстік уездер үшін — 1917 жылғы 15 наурызға дейін кейінге қалдырылсын.

2) Бірінші кезекте 19-31 жастағылардың үштен бірі шақырылсын, шақы-ру жасы кішіден басталсын, өйткені бұл жастағылардың дені әлі шаңырак құрып үлгірмеген.

… 5) Алынғандар мүмкін болғанынша жергілікті жерлердегі мемлекет қорғау жөніндегі жұмыстарға қалдырылсын.

… 9) Қалалардағы мұсылман медреселерінің шөкірттері шақырудан босатылсын.

10) Бұрынғы асығыс жасалып, дұрыс берілмеген тізімдер… қайтарылсын; құрамына әрбір он шаңырақтан бір адам, қатысатын комитет сайланып, ауыл жиынының қатысуымен жаңа тізім жасау осы комитетке тапсырылсын.

… 14) Ауырып қалған жұмысшылар жараланғандармен бірдей медицина-лық күтімді пайдаланады.

15) Жұмысшы қазақтар қалалық және земстволық одақтар мекемелерінің қарауында болуға тиіс. Жұмысшы қазақтарды басқаратын мекемелердің құкықтары мен міндеттері туралы нұскау шығарылуға тиіс.

… 17) Қазақ жұмысшылары дәлелді себептер бойынша, қажет болуына қарай демалыс алатын болсын…»[15]

Патшалық өкімет орындарына табыс етілген бұл құжатқа Қазақстанның бес облысы өкілдері кеңесінің төрағасы Ә.Бөкейханов және оның хатшыла-ры О.Алмасов пен М.Дулатов қол қойған. Егер бұл құжатты мұқият оқып шықсақ, оның бірінші кезекте ұлттық-демократияшыл зиялылардың же-текшілері («Алаш» партиясының болашақтағы ұйымдастырушылары) өздерінің қолдан келген амалдарымен казақ халқының мүдделерін корғаға-нын, XX ғасырдың 30—80-жылдарында ресми тарихнамада үнемі айтылып келгеніндей, «ұлт мүдделеріне сатқындық жасаушылар» болмағанын бірінші кезекте дәлелдейтінін аңғару киын емес.

Оның көрнекті өкілдерінің бірі Міржақып Дулатов 1929 жылғы 7 қаңтарда ОГП У тергеушісіне берген жауабында былай деп мәлімдеді: «1916 жыл келді. 19—43 жасқа дейінгі қазақ халқын тыл жұмыстарына реквизициялау туралы 25 маусымдағы патша жарлығы кенеттен жарияланды. Қазақ халқы толқыды… Далаға зеңбіректері мен пулеметтері бар жазалау отрядтары ағылды. Губернаторлар жер-жерге барды, түрмелер батыл адамдарға лык толды. Ақтөбеге келген Торғай вице-губернаторы… тура былай деді: «Бірде-бір қазақ тірі қалмаса да патша жарлығы орындалады».[16]

Осының бәрін, ал ең бастысы — қазақ халқының дәрменсіздігін, қорғансыздығын көрген біз халыққа өкімет орындарына қарсыласпауға кеңес бермекші болып ұйғардық өйткені шайқастың тең болмайтынына, қазақ даласы қанға бөгетініне, қазақ халқы орны толмас қасіретке ұшырайтынына сенген едік, кейбір жолдастар қазір ұлттық қазақ зиялылары сол кезде көтеріліске басшылық ете алмады деп жүрді, бірлесе әрекет етіп, патша өкіметінің ізіне еріп кетті және т.б. деседі. Менің ойымша, сол кездегі мән-жаймен, шын жағдаймен жақсы таныс болған адам мұны айтпас еді.

 

 

 

2.2.1916 жылғы көтерлістің жеңілу себептері,тарихи маңызы.

 

Жеке-жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың күшімен басып-жа-нышталып, жұмысшыларды реквизициялау мен майданға жөнелту басталды. Сол кезде «Қазақ» газетінің редакциясы тыл жұмыстарына жөнелтілген қазақтардың мұқтаждарына кызмет көрсетуге ұйғарды және осы мақсатпен барлық қазақ зиялыларына реквизицияланғандар жұмыс істейтін майдандарға өз еркімен барып, оларда бұратаналар бөлімін құруға шақырды. Зиялылар (көпшілік бөлігі халық мұғалімдері) бұған үн косты және көп кешікпей Минскіде земство одағының жанынан бұратаналар бөлімі құрылды. Мен Минскіге бәрінен кейінірек аттанып кеттім…».[17]

Қазақстанның әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары — Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар мен басқалар) және Торғайда (басшылары — Әбдіғапар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.

Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде — стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз — оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) кыркүйек-казан — көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.

М.Тынышбаевтың айтуы бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекелеген уездеріне жұмысшыларды шақыру туралы телеграммалар одан да бұрын, 2 және 3 шілдеде келіп түскен.

Шакыру туралы хабарлар мен алынатындардың тізімдерін жасау тура-лы сыбыстар жер-жерде толқулар туғызды: мәселен, Верный округтік соты прокурорының қорларында сақталған құжаттардың деректері бойынша, патша жарлығы туралы хабар алынғаннан кейін Жаркент уезінің Әлжан болысы қазақтары: «Жат жерде өлгенше, осында өз жерімізде өлеміз. Бәрімізді атып тастасандар да, жұмысқа бармаймыз жөне ешкімді жібермейміз» , — деп айқай салған. 6 шілдеде Акбейіт алқабында болған албан руының (Жаркент уезі) 16 болысы өкілдерінің жиналысында көтерілістің Қарқара ошағы басшыларының бірі Жәмеңке Мөмбетов былай деп мәлімдеді: «Балалар қырылғанша, кәрілердің өлгені жақсы, ақ патшаның жарлығын орындамаймыз». Оны Ұ.Саурықов, С.Қанаев, К.Шорманов, К.Құдайбергенов, Қ.Шотаманов және жиналыска басқа да қатысушылар колдады. Бұл шешімді Ж.Мәмбетов 11 шілдеде пристав Подворков пен урядник Плотниковқа жеткізді; 1916 жылғы 7 және 8 шілдеде Верныйдың батыс жағындағы 40 километр жердегі Үшқоңыр алқабында Верный уезі Жайылмыш және басқа да жақындағы болыстардың өкілдері арнаулы съезге жиналып, патша жарлығына көзқарас туралы мәселені талқылады.[18]

Адамдар берілмесін, таудан жазыққа түспейік, өкімет орындары тарапы-нан күш қолдану шаралары жасалған жағдайда телеграфты қирату, тыл жұмыстарына шақырылушылардың тізімдерін, болыс басқармаларының кеңселерін өртеуге дейін барып, жойып жіберу жөнінде қимыл жасалсын деген шешім қабыдданды.

Шілде айының бас кезінде толқулар Верный уезінің Батыс және оңтүстік бөліктерін де қамтыды, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Ақкөз Қосанұлы және басқалар басшылық етті.

1916 жылы жасы 70-тен асып кеткен Бекболат Әшекеев Жайылмыш болысы көтерілісшілерінің үлкен жасағын басқарды. Көтеріліс жасалған жағдайда деп съезге қатысушыларға қаруын әзір ұстауға және әрбір үй жанында кермеде ерттеулі ат тұруына ұсыныс жасалды.

Верный уезі Ұзынағаш болысының Үлкенсаз мекенінде Жетісудың он бір болысы өкілдерінің 5 мыңнан астам адам қатысып, жоғарыдай шешім қабылдаған съезі болып өтті. «Оқтың астына барғанша, осында өлгеніміз артык» деген қарар қабылданды Көп кешікпей карсыласудың енжар нысандары жер-жерде семсерлермен, аңшылык, мылтықтарымен, суык қарумен қаруланған көтерілісшілер жасағын ұйымдастыруға ұласты.[19]

Отар аймағы көтерілістің Верный қаласынан батыстағы өзінше бір орталығына, Жетісу облысындағы орталығына айналды. Верный қаласы полицмейстерінің істерін атқарушы Поротиковтің 1916 жылғы 13 шілдеде Жетісу облысының әскери губернаторы генерал-лейтенант М.А.Фольбаумға баяндағанындай, «Отар учаскесіндегі көптеген қазақтар барлық қазақтарды бір жерге шоғырландыру мақсатымен қырдан тауға көше бастады».[20]

17 шілдеде Жетісуда және Түркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланды. Патша өкіметі орындары мұнда ірі әскери күштер әкелді, әскери гарнизондарды нығайтты, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ және қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар құрды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алқабында, Самсы станицасында, Қастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Кұрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр— Матай болысында және басқа жерлерде патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстары болды.

Осындай жағдайларда Верный уезінің батысында Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданады. Осы мақсат үшін ол 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады, съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлыққа өкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып бағынбауға шешім шығарылды.

Өз адамдарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев қарулы қарсылықка дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды.

Алайда тағдырдың дегені басқаша болды. 1916 жылғы көтеріліске қатысқаны үшін сот жазалауының тарихын тыңғылықты зерттеген профессор Ғ.Сапарғалиевтың материалдарына қарағанда, Жайылмыш болысының көтерілісшілері мен оның басшысы Б.Әшекеевтің іс-кимылдары туралы мәліметгер алған соң уезд бастығы подполковник Базилевский жазалау отря-дымен аталған болысқа жүріп кетті. 13 тамызда көтерілісшілердің жазалау отрядымен қақтығысы болып, ол нашар қаруланған және ұрыс қимылдарын жүргізуден тәжірибесі жоқ көтерілісшілердің жеңілісімен аяқталды.

Осы оқиғаның қарсаңында Қаскелең станицасында ұйымдастырылған көтерілісшілерді ыдырату және оның басшыларын тұтқындау жөніндегі комитет өз жұмысын бастады. Көп кешікпей әр түрлі ауылдардың өкілдері көтерілісшілердің қатарын тастап кете бастады. Көтерілістің басшылары, бірінші кезекте Б.Әшекеев қиын міндетті шешуге тиіс болды: не Кытайға кету керек еді, онда патша жендеттері олардың туыстарын жазалай бастайтын болады, не туыстары мен ауылдастарын құткарып қалу үшін патша жендеттерінің колына өз еркімен берілу керек еді. Бекболат Әшекеев екіншісін таңдады. Ол өкімет орындарына өз еркімен беріліп, көтерілісті ұйымдастыру жөніндегі бүкіл кінәні өз мойнына алды.

Верный қаласы гарнизоны бастығының міндеттерін уақытша атқарушы генерал-майор Грызаловтың 1916 жылғы 1 кыркүйектегі Бекболат Әшекеевті (ол көтерілісшілерді сөзсіз қырғынға ұшыраудан құткару мақсатымен жазалаушыларға өз еркімен берілгеннен кейін) отрядтық дала сотына беру туралы жарлығында былай деп жазылған: «…Верный уезінің Жайылмыш болысы 4-ауылының қазағы Бекболат Әшекеев бұратана жұмысшыларды реквизициялау туралы патша жарлығының орындалуына күшпен кедергі жасауға ниеттенді деп айыпталуға тиіс… Ол биылғы 13 тамызда соғыс жағдайында тұрған Жетісу облысының Верный уезіндегі өзінің ауылы Ошаклы деген жерде… көтеріліс ұйымдастыру үшін заңсыз съезд шақырды, онда басқа адамдармен бірге үкіметтің талабына бағын-бауға жөне өкімет орындарына қарулы қарсылык көрсетуге қаулы етті, подполковник Базилевский баскарған казактар отрядына аттылы қазақтардың тобыры сондай қарсылықты көрсетті де… Аталған қылмыстық әрекеттері үшін жоғарыда аталған қазақ Бекболат Әшекеевті… мен соғыс уақытының заңдары бойынша соттау үшін Верный әскери гарнизонының отрядтық сотына беремін.[21]

7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының соты бо-лып, ол Бекболат Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітті. Үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 кыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалды.

Бекболат Әшекеевтен кейін оның ең жақын 23 серіктері Түркістан өске-ри-округтік сотына берілді. Оларға сот 1917 жылғы 17 ақпанда Верный қала-сында болды. Олардың бәрі тағылған айыптауларға өздерін кінәлі деп мойын-дамағанымен, қатаң жазаланды. Бекбатыров, Бүзембаев, Аманжолов, Саты-ханов, Әшекеев, Карақсин, Әбішев, Сұлтанов, Нұрбаев, Аманбаев, Екейбаев, Әбдірәшев дарға асылды.

Б.Әшекеевтің баласы Әбділда Бекболатов барлық құқықтары мен дәуле-тінен айырылып, 20 жыл мерзімге каторгалық жұмыстарға айдалды. 8 адам соның ішінде болыс баскарушысы Сәт Ниязбеков көтеріліске қатысуы дәлелденбеуі себепті ақталды.

Қыркүйекте — қазан айының басында барлық жағынан жазалау отрядта-ры тықсырған Жетісу көтерілісшілерінің едәуір бөлігі табанды шайқаса оты-рып шегініп, Шыңжаңға кетуге мәжбүр болды.

Жетісу облысының Верный уезінің ізінше онымен көршілес Сырдария облысының Әулиеата уезінде көтеріліс басталды. Әулиеата уезі, атап айт-қанда, оның Мерке учаскесі кең-байтақ Сырдария облысы қазақтарының ма-ңызды көтеріліс ошақтарының бірі болды. Тапсырма бойынша, Әулиеата уезінен 22675 адам алынуға тиіс болатын. 1916 жылғы тамыздың аяғына қарай шақыру пункттеріне 3 мыңдай адам ғана келді.

Әулиеата уезіндегі толқу тамыздың бас кезінде басталды. Сырдария об-лысы әскери губернаторының міндетін атқарушы С.Геппрердің 1916 жылғы 21 тамыздағы облыстағы көтерілістің барысы туралы баяндамасында айтылғанындай, «Көшеней болысы қазақтарының 50 адамға жуық тобыры 1 тамызда орман күзетшісінің үйін киратып, оның мүлкін талап әкетті. Орыс халқы үрейленіп, поселкелерден қашып жатыр, ал қазақтар көршілес Пішпек уезінің болыстарымен қосылып, кыр көрсетуде және жұмысшылар бермейміз деп мәлімдеуде». Көп кешікпей бұл толқулар қарулы аттаныстарға ұласты. 1916 жылғы 20 тамыздағы құжатта былай делінген: «Мерке учаскесінде қарулы тәртіпсіздіктер басталды. Мерке-Пішпек телеграф қатынасы үзілді» көтерілісшілер Мерке-Әулиеата телеграф қатынасын үзіп тастады. Олар Мер-ке станицасына үш жағынан өрт қойды, ал көтерілісшілердің бір бөлігі Луго-вое селосын қоршап алды. 20 тамызға қараған түні көтерілісшілер прапорщик Дутко командалық ететін жазалау отрядына шабуыл жасады. Жазалаушылар таң атқанға дейін атысты, бұл орайда көтерілісші қазақтардың «қызыл жалау көтеріп ақ атпен жүрген жетекшісі өлтірілді».[22]

Тұрар Рысқұловтың айтуынша, Мерке учаскесінде (Құрғаты болысында) көтерілісшілердің отрядына басшылық етуде «Ақкөз деген бір қазақ шалы» ерекше көзге түскен, «ол сонан соң тұтқынға алынып, ұрып-соғылған, бірақ тірі қалған».[23]

1916 жылғы 6 қыркүйекте Түркістан өлкесі генерал-губернаторының көмекшісі Петроградқа әскери министр Д.Шуваевқа былай деп телеграф арқылы хабарлады: «Әулиеата уезінде Луговое селосына жақын жерде қазактар салынып жаткан темір жол станциясына шабуыл жасады, көмекке 100 адамнан тұратын атты команда жіберілді. Кузьминка селосында онға дейін (үй) өртелді, Новотроицкое селосын қазақтардың үлкен тобыры қоршап алған, мұнда қазақтарға неміс колонистері азық-түлік жеткізіп жәрдем көрсетуде, бүлікшілер арасында молдасы және әулиеаталық және ташкенттік сарттар да бар».

Бұған мазасызданған өкімет орындары 1916 жылғы кыркүйектің басында көтерілістің Мерке ошағын басып-жаныштау үшін Ташкенттен Мерке ауданына Сібір запастағы полкінің қосымша екі ротасын жіберуге мәжбүр болды.

Әулиеата уезіндегі көтерілістің бастапқы кезеңіне Ташкент мұғалімдер институтындағы оқуын үзіп Меркеге келген Тұрар Рысқұлов қатысты. Батыл болғанмен, жағдайды нашар білетін командирлердің белгілі бір жағдайда қалай істеуге болатынына Т.Рысқұловтан ақыл сұраған кездері аз емес. Тұрар Рысқұловтың көтерілісшілер қызметін алдын ала ұйымдастыру, қарулы күрес ошақтарын өзара үйлестіру, орыс шаруаларымен қақтығысуларға бармау қажеттігі жайлы ұсыныстарын кетерілісшілердің жекелеген отрядтарының жетекшілері қабылдады. Бірақ операцияларды қалай жүргізу, қандай тактиканы тандап алу керектігіне келгенде, Т.Рысқұлов пен жетекшілердің пікірлері қабыспады. Т.Рысқұлов өзінің саяси тәлімгерлік миссиясын екі жағдайға байланысты аяқтай алмады. Патша әкімшілігінің күштерімен айқасқа әзірлену үстінде көтерілісшілер құпиялық жайын онша ойластырмады. Мерке учаскесі мен Әулиеата уезінің полициясы, әкімшілігі сенімді адамдарынан қажетті мәліметтер алып, алдын алу шараларын қолданды. Полицей приставы Т.Рысқұловты тұтқынға алуға ниеттенді, бірақ оны ауыруы және полицейлерде тікелей айғақтардың болмауы құтқарды. Сезікті сауыққанша Әулиеата уезі ауданындағы көтеріліс басып-жанышталып, Т.Рыскұлов окуын жалғастыру үшін Ташкентке қайтып барды.

Көтеріліс Ақмола және Семей облыстарын қамтыды. С.Сейфуллиннің айтуынша, Ақмола уезінің барлық 48 болысында үкіметке қарсы толқулар орыналған.

1916 жылғы 7 шілдеден 5 кыркүйекке дейінгі уақыт кезеңінде Ақмола және Семей облыстарындағы көтерілісті басып-жаныштау шаралары туралы генерал-лейтенант барон Таубе жасаған анықтамада мынадай деректер келтірілген: «Қазақтардың едәуір тобыры… Зайсан уезінде — әрқайсысында 1000 адамнан асатын бірнеше топ, Семей уезінде — 7000 адамдық топ, Өскемен уезінде — кейбіреулерінде адам саны — 3 мыңға дейін жететін бірнеше топ шоғырланды; Ақмола уезінде      Қорғалжын көлінің маңында — 30 мыңға дейін жететін қазақтар және Ерейментау тауларында — 5 мыңға дейін, Атбасар уезінде Ұлытау алкабы маңында — 7000-нан астам және Қосағаш ауданында 2000-ға дейін қазақтар топталды».[24]

Жетісу, Сырдария, Ақмола, Семей облыстарында және Батыс Қазакстан-ның бірқатар аудандарында көтерілісшілер қозғалысы басып-жанышталған немесе оны аяусыз басып-жаныштау үрдісі жүріп жатқан кезде, Торғай дала-сында ол күш алып, күн өткен сайын өрістей түсті. Әбдіғапар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин бастаған Торғай көтеріліс ошағы ең та-банды болды және ұзаққа созылды.

Мұрағат құжаттарының дәлелдейтініндей, көтерілістің Торғай ошағы шырқау шыңына жеткен кезінде (көтерілісшілер Торғай облысының Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерін және көршілес облыстардың бірқатар уездерін басып алған) көтерілісшілер саны 50 мың адамға жуық болған. Көтерілістің орталығы Торғай уезі болды. Көтерілістің басталуына қарай Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапкы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Ақкұм, Кдраторғай, Сарыторғай, Қарақопа болыстарын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Кетерілістің етек жаю барысында Әбдіғапар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы, ал Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланды. Кейіннен 1916жылғы 21 қарашада 13 болыс (6 болыс қыпшак, 6 болыс арғын жөне 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында халық арасында атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғапар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланды (Әбдіғапар өзін әмір деп атаған).

Құрылтайға қатысушылардын. келісімімен Кенесары Қасымовтың серігі — атақты Иман батырдың немересі — Амангелді Иманов (Үдербай ұлы) көтерілісшілердің сардарбегі (бас қолбасшысы) болып тағайындалды. Ор-талық Ресейден келген жөне көп кешікпей көтерілісшілерге қосылған, осы жерлерде туып-өскен Әліби Жангелдин көтерілісшілердің «рухани көсемі» болды.[25]

Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Има-нов және олардың ең жақын серіктері ондықтарға, жүздіктерге және мың-дықтарға бөлінген, сындарлы, тәртіпті әскери жасақ құрды. Әрбір қолды басқаруға тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы койылды. Кейкі Көшкінбаев бастаған арнаулы мергендер тобы құрылды.Сардарбек жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

А.Имановтың көтерілісшілер армиясының бақылауындағы аудандарда, шынына келгенде, төменгі ауылдық-болыстық әкімшілік жойылды, азаматтық билік көтерілісшілердің колына көшті. Ә.Жанбосынов, А.Иманов және олар басқарған әскери кеңес тыл кызметін ұйымдастырып, арнайы та-ғайындалған адамдарға (елбегілерге) көтерілісшілерді азық-түлікпен, атпен камтамасыз етуді, ұстаханаларда колдан мылтық, кылыш, қанжар, семсер және т.б. жасауды тапсырды.

22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылды. Қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалау корпусы калаға қарай үш бағытта келе жатгы. Патша жазалаушыларының басым күштері жақындап калғаны туралы мәліметтер алған көтерілісшілер Торғайды коршауды койып, патша әскерлерінің отрядтарына қарсы козғалды. 16 қарашада А.Иманов бастаған, жалпы саны 12 мың адамға жуық сарбаздар Түнкойма пошта станциясы ауданында подполковник Катоминнің жазалау отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау үшін карашаның екінші жартысында Торғайдан 150 километр жерге кетіп, Батпак кара ауданында шоғырланды. Осы жерден 1916 жылғы карашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандык жортуылдар жасалды. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Акшығанақта, Доғал Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Көтерілісшілердің штабы орналасқан Батпаққара ауданындағы шайқастар шиеленісті болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысында өрістей түсті.

Казак халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Казақстанның бар-лық аймақтарында катаң басып жанышталды. Семей және Ақмола облыста-рында көтерілісшілерге карсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыштар ротасын 18 қазақ жүздігін, 4 атты әскер эскад-ронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет және басқаларды әкеп төкті. Алайда жазалау-шылар Қазакстанның біркатар аудандарында көтерілісті Ақпан революция-сына дейін баса алмады. Мәселен, Торғай облысында көтеріліс патша екіметі қүлатылғаннан кейін ғана тоқтатылды.

Көтерілісті басып жаныштау үшін патша өкімет орындары Жетісуға 8 750 найзалы мылтығы бар 95 рота, 3900 қылышкері бар 24 жүздік, 16 зең-бірек және 47 пулемет жіберді. Облыста ондаған қазақ және қырғыз ауылдар жойып жіберілді, бейбіт тұрғындар аяусыз қырғынға ұшырады. Патша өкімет орындары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен бірі Қытайға қашып кетуге мәжбүр болды.

Генерал-губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімі бойынша ғана Түркістан өлкесінде қоныс аударушылар селоларының тұрғындарынан құрылған отядтар мен жазалаушылардын қолынан сотсыз және тергеусіз қаза тапқан адамдарды қоспағанда, 1917 жылғы 1 ақпанға қарай 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам қамауға кесілді.

Патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы әділетсіз жарлығының қасіретті зардаптары осындай болды.[26]

Ресей либерал-демократиялык қозғалысының өкілдері 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы шығуының ең басынан-ақ оның заңсыз екенін көрсетіп, егер бұл әділетсіз жарлық жүзеге асырыла бастаса, халық толқуларының пайда болуы анық екенін ескерткен еді.

1916 жылғы шілденің өзінде-ақ мұсылмандар, кадеттер мен трудовиктер фракцияларының өкілдері болып табылатын Мемлекеттік Дума мүшелері Ішкі істер министрлігі мен Әскери министрлікке жарлықты жүзеге асыру шарттарын дереу анықтауды талап еткен болатын. Бірқатар депутаттардың сауал салуы бойынша, патша жарлығын жүзеге асырудың заңдылығы мен Мүмкіндігі және зардаптары туралы мәселе Мемлекеттік Думаның отырыстарында бірнеше рет талқыланды. 1916 жылдың тамызында Мемлекеттік Думаның депутаттары А.Ф.Керенский мен К.Б.Тевкелев болып өткендердің бәрімен жергілікті жерде танысу үшін өз фракцияларының тапсыруымен Түркістанға барды. Мемлекеттік Думадағы трудовиктер фракциясының жетекшісі А.Ф. Керенский Түркістан мен Дала өлкесінде болып жатқан оқиғаларды орыс тарихының маскара беттері деп сипаттады. Ол «.. .25 маусымдағы жоғары патша жарлығын… жариялау және жүзеге асыру кезінде Ресей империясының негізгі және негізгі емес заңдарының бәрі қаншалықты мүмкін болса соншалықты бұзылған», — деп мәлімдеген.[27]

Мемлекетгік Думаның мұсылмандар фракциясының мүшесі М.Г.Джафа-ров трудовиктер фракциясы сауалының негізгі қағидаларын және оның жетекшісінің сөйлеген сөзін колдай келіп, Қазақстан мен Орталық Азия ха-лықтары көтерілісінің негізгі себебі патша өкіметінің отаршылдық саясаты жөне барлық деңгейдегі атқарушы өкімет орындарының соған тікелей байла-нысты іс-қимылы деп айқын көрсетгі. «Жоғары өкімет орындары агенттерінің заңсыз әрекеттеріне қоса, — деді М.Г. Джафаров, — жергілікті әкімет орындары шексіз озбырлық жасады, бұратаналарды шақыру туралы жарлык шығару актісінің заңсыздығы да, бұл актіні жүзеге асырудың заңсыздығы да бұратаналар жөніндегі ғасырлар бойы жасалған және дәстүрлі саясаттың, халықтың өз пікірін де, оның өмірлік мүдделерін де елемеудің тікелей нәтижесі… Билікті асыра қолдану — орыс өкімет орындарының бұратаналар жөніндегі саясатының принципі».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қоз-ғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс

жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ә.Жанбо-сынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, ККөкембаев, И.Құрманов, Т.Орысов, Ж.Құдайбергенов, С.Қа-наев, М.Ұзақбаев, А.Сұлтанбеков және басқалар, көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Мендешев, Ә.Жангелдин, Б. Алманов және басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кенесары және Наурызбай Қасымовтар, Байзақ Мәмбетов және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. Кенесары Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипатталды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бірқатар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында) оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды. Кейбір шекаралас аудандарда көтеріліске шыққан қазақтар мен қырғыздар патша жазалаушыларына қарсыласудың бірлескен аймақтарын ұйымдастырды (мысалы, Қаркара (Қазақстан) және Қарақол (Қырғызстан) ауданы, Әулиеата уезі (Қазақстан) және Пішпек уезінің (Қырғызстан) түйіскен жері және басқалар.

Көтеріліс отаршылдыққа қарсы жөне империализмге қарсы бағытта бол-ды. Көтерілістің басты міндеті — халықты отаршылдық езгіден ұлттық және саяси жағынан азат ету міндетімен салыстырғанда, таптық мәселе (ауылдың бай үстем топтарына қарсы күрес) екінші кезекте қалды. Бірқатар жерлерде және белгілі бір кезенде көтеріліс халыктық соғысқа ұласты (оның Жетісу және Торғай облыстарындағы жекелеген ошақтарында).

Қазақстан мен Орталык Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметгік-экономикалык, дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-феодалдық және әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты және шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы XIX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі, буындарының бірі болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

  1. Жамбылов.Д. Қазақстандағы Ұлт-азаттық қозғалыс. А., «Жеті жарғы.» 2001.161 бет.
  2. Д.Джордж Орыстардың Қазақтарды отарлауы. А., «Ғылым»1997. 230 бет.
  3. Әшекева Н. ХХғ. бас кезіндегі Қазақстандағы саяси әлеуметтік процесс лидерлерінің көзқарастары. А., 2004. 3 бет.
  4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995.
  5. Сутиева К.А. ХVІІІ-ХХ ғ. басындағы Қазақстаның саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуының 1917жылға дейінгі орыс тарихнамасы. А., 2006. 50 бет.
  6. Қойгелдиев М. Патша үкіметі қазақтарды әскерге неге алмады. // Қазақ тарихы. 2005. 109 бет.
  7. Озғанбай Ө. Ресей мемлекеттік Думасы және Қазақстан. А., 1997. 234бет.
  8. Ағыбайқызы.Қ. Ұлт-азаттық қозғалыстың зерттелуі.//Қазақ тарихы. 2006. 37 бет.
  9. Мұхамеджанова Р.Ж.Отарлық езгіге қарсы ұлттық идеологияның қалыптасуының тарихи мәні.А., 2006.32 бет.
  10. Қарсы боп ақ патшаға қазақ шықты. //Түркістан.2006.9 бет.
  11. Бажақұлы Н.Елім деп туған ерлерім.//Дала мен қала. 2006.11 бет.
  12. Рысқұлұлы Т.1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс.//Ақиқат.2006.№6. 45 бет.
  13. Көлбаев Т.Алашты аман сақтау үшін күрес.//Жас қазақ.2006.7 бет.
  14. Нұрпейісов К.Ұлт-азаттық күрес және Алаш қозғалысы.//Ақиқат.1990.№6 45 бет.
  15. Пірімбетова Е.Ө.Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс.А.,ҚазМЗА.2001. 54 бет.
  16. Бекмағамбетов М.Жезқазған,Ұлытау өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалыс және оның тарихи сабағы.А.,2001 30 бет.
  17. Бекмағамбетов М.ХХ ғ. басындағы Атбасар,Ақмола уезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс барысындағы ұлттық сана сезімнің жандануы.А.,2001 30 бет.
  18. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., «Санат».1994. 72 бет.
  19. Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. А., «Білім» 1999. 130 бет.
  20. Қазақ Совет энциклопедиясы. Т-4. А., 1974. 438 бет.
  21. Учебно-методический практикум по истории Казакстана для семинарских занятий. 2002. 206 бет.
  22. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., «Санат» 2001.312 бет.
  23. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. Т-2. А., «Білім» 2004.
  24. Қазақстан тарихы. Т-3.А., «Атамұра» 2002.765 бет.

[1]Н.Ә.Назарбаев. Тарих толқынында.292-293 бет.

[2] Әшекева Н. ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстандағы саяси әлеуметтік процесс лидерлерінің көзқарастары. А., 2004.3 бет. 

[3] Бұл да сонда.

[4]Рысқұлұлы .Т. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс// Ақиқат. 2006.№6.58-60 бет.

[5] Нұрпейсов К. Ұлт-азаттық күрес және Алаш қозғалысы. //Ақиқат.1990. №6 45 бет.

[6] Демко Джордж Оыстардың қазақтарды отарлауы. А., «Ғылым» 1997.230 бет. 

[7] Пірімбетова Е.Ө. Қазақстандағы Ұлт-азаттық қозғалыс. А., ҚазМЗА. 2001.54 бет.

[8] Қарсы боп ақ патшаға қазақ шықты. //Түркістан.2006. 9 бет. 

[9]  Әшекева.Н. ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстандағы саяси әлеуметтік процесс  лидерлерінің көзқарасы. А.,2004.3 бет.

[10] Бұл да сонда.

[11] Жамбылов.Д. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысА., «Жеті жарғы» 168 бет.

[12] Рысқұлұлы Т. 1916 жылғы Ұлт-азатық қозғалыс. //Ақиқат . 2006. №6. 58-60 бет.

[13] Ағыбайқызы  Қ. Ұлт-азаттық қозғалыстың зерттелуі. А., «Ғылым» 2006.

[14]  Жамбылов Д. Қазақстандағы Ұлт-азаттық қозғалыс. А., «Жеті жарғы» 168 бет.

[15] Бұл да сонда.

[16] Мұхамеджанова Р.Ж. Отарлық езгіге қарсы ұлттық идеологияның қалыптасуының тарихи мәні. А., 2006,32 бет.

[17] Жамбылов Д. Қазақстандағы Ұлт-азаттық қозғалыс. А., «Жеті жарғы» 168 бет.

[18] Бұл да сонда.

[19] Пірімбетова Е.Ө. Қазақстандағы Ұлт-азаттық қозғалыс. А., ҚазМЗА. 2001. 54 бет.

[20] Бұл да сонда.

[21] Бұл да сонда.

[22] Жамбылов Д. Қазақстандағы Ұлт-азаттық қозғалыс. А., «Жеті жарғы» 168 бет.

[23] Нүрпейісов К. Ұлт-азатық күрес және Алаш қозғалысы.//Ақиқат.1990. №6 45 бет.

[24] Бекмағамбетов. ХХғ. басындағы Атбасар,Ақмола уезіндегі. Ұлт-азатық көтеріліс барысысындағы ұлттық сана сезімнің жандануы. А., 2001. 30бет.

[25] Жамбылов Д. Қазақстандағы Ұлт-азаттық қозғалыс. А., «Жеті жарғы» 168 бет.

 

[26] Қарсы  боп ақ патшаға қазақ шықты//Түркістан. 2006. 9 бет.

[27] Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан. А., 1994. 234 бет.