АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: XVIII ғасырдағы жыраулар ақындар поэзиясының даму сипаты

XVIII  ғасырдағы  қазақ  әдебиетінің  даму  жөніндегі  сипаты.

       Қазақ  халқыда  да   басқа   халықтар   сияқты   поэзияға   бай,   сөз   өнерін  ерекше  қадірлей   білген,    көркем   сөз   құдіретін   қастерлеп,   оған   үлкен   міндет  жүктеп   келген   ел.   Адам  баласының   шыр  етіп   дүние  есігін   ашқан   шақтан   бастап,   ең   соңғы   демі   біткенше   дейінгі   өмір   жолы,   тіршілік   қадамдары  түгел   дерлік    поэзияға   қарыздар.   Поэзияның   адам   өмірі   мен  тіршілігіндегі   ролі  оның   қоғамдық   маңызында   белгілейді.

            Белгілі   тарихи    қоғамның,   әлеуметтік  ортаның    алдыңғы   қатарлы   санасы    тұрғысындағы   туындаған    поэзия – адамгершіл   асыл   поэзия.     Заманалар   жасаған   көркем   сөз кестелері,   асқақ  арман,   ұшқыр  қиял   жемістері – халық   өнерпаздары   жасаған   өлмел,  өшпес  мәңгілік   мұра.   Әр   халық   өзінің  рухани    мәдинетінің   деңгейін   көркемөнер   туындыларының    нәрлі    қорлары,   сан – салмағы,   сән – сәулетінің   аумағымен  өлшейді,  бағалайды.   Атадан  балаға   ауысқан,  үрім – бұтаққа   мұра   боп   жеткен  «шебердің  бізі,  шешеннің  тілі»   туғызғанөнер  құдіретін  рухани   байлығынан   санайды.   Берік   материалдық   негізде   дамыған  рухани  мәдениет  адам  баласы   қоғамның   жетіле   түсінуінде   шешуші  роль   атқарады.   Адам  баласы  өзінің  өсіп-өркендеу  жолында  өмір  сүруі  үшін   тікелей   қажет  нәрселерді  алып   қоймайды,    соған   қоса  рухани   азық   болатын   өнер   мұраларымен  де   сусындап   отырады.   Осылардың   қай – қайсынан  да  адам   өз   қолымен   жасап,  керегіне   асырады.   Барлық  материалдық   және  рухани   байлықтардың    нағыз  иесі – еңбекші  халық  деген  лениндік  қағиданың  кемеңгерлік  маңызды  да  осындай   заңдылықтарын  таныта  білгендік  болса  керек.

              Ақындар  өнердің  ілкі   тобы  XVIII  ғасырда   көрінді  дедік.  Енді  осы  бір   дәуір  сипатын   еске   ала  кетелік.

             XVIII  ғасырдағы   қазақ   қоғамында  кейбір  өзгерстер  нышаны  байқалса  да,  оның  экономикалық – саяси  өркендеуі  феодалдық   ұсақ  рулық   дережеден  аса  алмады.  Қазақ  елін   түгел  қамтыған  үлкен  бір   тұтас   хандық  мемлекеттің  құрылуына  мүмкіндік   болмады.   Қазақтың   үш  жүзі  кейде  бірігіп,  кейде   бір – бірімен  байланссыз  оқшау   өмір   сүрді.  Қазақ   рулары   өз  жүздерінің  хандарына   да  бағынбай,   өз  рубасы   батырын   немесе  би – феодалын  билеуші   санап,   өз  бетінше   тіршілік  етіп  жатты.   Көрші  елдер   осы   ұсақ  билеушілердің   өзара  назарлықтарын   пайдаланып,   оларды   біртіндеп  бағындыруды   көздеді.

            Сырқы   жаулардың   ішінде   Қазақстанның   бұл   кездегі   ең   қауіпті  дұшпаны   жоңғарлар  еді.   XVIII    ғасырдағы   жоңғарлар  күшті  соғыс  қолын   жасақтап,  Қазақстан   мен  Орта  Азияға   шабуыл    жасады.   Сөйтіп, жоңғарлар   ауызбіршілігін  нашар,   бытыраңқы   қазақ   жерінің  бірінен  соң   бірінен   басып   алды.

             XVIII  ғасыр  поэзиясы  да   түгелдей   ақындар  өнерімен   шектелмейді.  Аталмыш   дәуір   әдәбиетінде  де   жыраулық  дәстүрдің  іргесі   әлі  берік.  Әсіресе,  Ақтанберді  мен   Бұхар  жыраулар   қосқан  үлестерді   аттап   өтуге   болмас   еді.  Сондықтан,  біз  бұл  тұста   ақындардан  бұрын  жасаған  аттары  әйгілі – Ақтамберді  мен  Бұхар жыраулар  творчествосына  арнайы   тоқтаймыз.

              Әдебиетіиіздегі   жыраулар   жасаған   бұл   шығармашылық   түрлері   кейінгі    сөз    өнерпаздары   толық   игеріп,   оны  ілгерілетті.   Жыраулар   көтерілген   көркем   сатыдан  да   өтіп,   поэзияның   жаңа   шыңына  қанат   қақты.     Әлеуметтік   өмірді,  халық   тұрмысын   кеңінен   қамтитын,   қоғамдық   мәні   жоғары   ақындар   поэзиялық   туындыларды   шығарушы   өнер   иелерін  XVIII  ғасырдан   бастап,   жырау   деуден  гөрі   ақын   деп   атау    қолданыла  бастады.   XVIII    ғасырда   өздерін   толық  жыраусанатында   танытқандар – Бұхар,   Ақтанберді  және  қазақ  халқының  би – шешендері  болды.   Ал,   XIX   ғасыр  поэзиясында   «жырау»  деген  атау  өте   сирек қолданылады.   Бұрынғы  ауыр  сазды,  көкекесті  мұңды   қобызға   қосып   жырлайтын   жыраулар  орнын  енді   әзіл – оспағы  аралас  жеңіл  терме,   аспандата  шырқап  айтар   ән — өлеңдер,  жүрек   тебірентер   назды   лирикалар,   кезектесе  тіл   қағысып,   өнер   оздыратын   айтыстар,   бебеу   қағып   безгектеген   домбыраның  қоңыр  үніне   жарыса   үн   қосқан   ақындар   пайда   болды. 

              Иә,  байырғы   қазақ   ұғымындағы  ақын  сөзі,   міне,   осындай   көп   мағналы   ұғым   туғызатын   сөз  екен.  Сондықтан,  нағыз   ақын   атқарар  қоғамдық   мәні  зор   міндетті   кез – келген   адам   ақтай   алмады.   Көкірегінде    ақындық   бұлақтың   көзі   бар   нағыз   талант   иесі   ғана   ақтайды.

               Басқыншылар  қазақ   ауылын   тонап,   мадын   айдап,   қаласын   өртеп,   Бау – бақшалық   жерлерін   таптап,  бейбіт   елді  құлдыққа  ұшыратты.

               Жоңғар   шауылы    қазақ  халқының   басына   түскен  ең   бір  ауыр  кезең  болған   еді.  Халық   күйзелісі   мен  ел   қасіретінің    бұл   кезеңде    күшейгені   соншалық,  халық   түгел   босап  кету   қауіпіне  ұшырады.   «Ақтабан   шұбырынды»  деген   атпен  ел   есінде   сақталып   қалған   ұлы   басқыншылық   осы    жоңғар   қалмақтары   шапқыншылығының   салдары  еді. 

              Сөйтіп,   XVIII  ғасырдағы   қазақ  әдебиетінің  екі  түрлі   қоғамдық,  әлеуметтік  мәселелер  бой  көрсетті.  Оның  бірі  — сырқы  жауға  қарсы  күрес  басшыларын,  хандық  құрылысы,  бірлікті  нығайту  мақсатын  көздеген  дәуір  талабынан  туған  сарынды  танытса,  екіншісі – бейбіт  дәуір  тілегінен  туған,  негізінен  ел  мұңын  мұңдап,  бұқара  тілегін  танытар  халық  ниетін  елестетін  сарын.  Аталмыш  тарихи  ауыр  кезеңде  қалыптасқан  ақындық  өнердің  жыраулар  салған  ізден  шығып  кетуі,  әрине,  мүмкін  емес.   керсінше  олар  сол  жыраулар  өнерін  жалғастырды.  Кейін  бейбіт  өмір  орнаған  тұста  олардың   қанаты  қатая  түсті.  Ақындық  творчество  айқындалып,  біртіндеп  ілгерілей  береді. 

                Жырау   сөзінің  мәні,  жыраулар  өнері,  ақындық  импровизация  туралы  Ш.  Уәлиханов,  В.  В.  Радлов,  Г.  Потанин  және  кейінгі  совет  зертеушілері  сан  пікірлер  айтып,  халқымыздың  табан  асты  суырып  салып  өлең  шығарғыш  қасиеттерін  таңдана  сөз  еткені  әркімге – ақ  мәлім.

              Ақын  сөзінің  мән – мағнасаын  тап  қазіргі  кезде  түсіндіріп  жату  мүлде  артық.  Ол  туралы  жазылған  арнайы  зерттеулер  де  баршылық.  Бұл  сөздің  шығу  тегін  проф  Е.Ысмайылов  өзінің  « Ақындар» атты еңбегінде  егжей —  тегжейлі   түсіндірген. Сондай-ақ   оның  жырау,  жыршы, сал,  сері,  өлеңші  деген  атаулар  туралы  берген  анықтамалары да талас  тудырмайды. Бұлар  — қазақтың  байырғы  ұғымдарының  балама  төл  атау  сөздері.Сөйте тұрса  да , осы  тұста кейбір  деректерді  келтіре  кетудің  артықшылығы  жоқ.  Араб  тіліндегі: шәғири- шайыр, ақын: шеғыр- тақпақ,  тұспал,  терме; шиғіри- поэзия  деген  ұғым  беретін  сөздердің  қазақтың  жырау,  жыр,  шайыр,  термеші  деген  сөзд ерінің  қалыптасуына  ықпалы  болмады ма екен деген  сұраудың  ойландыратын  ескере  кеткіміз  келеді. Бұл- әрине,  арнайы  зерттеуді  қажет  ететін  мәселе.

              Үстем   қоғамының  менменшіл,  тәкәппар  топас  тобы  ақындық  өнердің  қадірін  түсіруге  тырысып  отырған,  олар  өнерді  қорлап,  өктемдік  көрсетіп,  ақындық  өнерді  бақсылық  кәсіп  деп  те  ұғындырмақ  болған.  Өздерінің  бойына  жат  ақындық  өнерге  барынша  қасы  шығып,  оны  кемітіп  асыл  сөздің  құнын  арзандатып   жіберуді  көздеген.  Кейде,  тіпті,  ақын  деген  қадірлі  тақты  аяқққа  басып,  күлкі – мазаққа  айналдырып  қорлауға  дейін  барған.  Бұған  өткен  замандағы  Ақан  сері  мен  Біржан   салдар  өмірі  айғақ…  Осындай  себептердің  салдарынан  өткен  замандағы  озбыр  ортада  өскен  кейбір  ақындар  өзінің  ақындық  талантын  жасырған  немесе  басқа  бір  адамның  атынан  өз  жырларын  шығарып  отыпған.  Кезінде  ақындық   дарындарын  ұзақ  жылдар  жасыруға  душар  болған  ақындар  ішінде  қазақ  әдебиетінің  кемеңгер  тұлғасы  Абай   Құнанбаевтың  да  болғанын  айтуға  болады.

               Сөйсе  де  ақындық  өнердің XVIII  — XIX  ғасырларда дами  түскенін  танытар  деректер  ретінде  біз  біз  осы  кезең  аралығында  жасап,  поэзияда  өзіндік  із  қалдырған  Көтеш,  Шал,  Тәтіқара,  Үмбетейлер  болды.  Және  қазақ  халхымыздың  би – шешендері  де  болды.

             Х.  Сүйіншіәлиев    «Қазақ  әдиебиетінің  қалыптасу  кезңдері»  (1967) 

          моногрфиясында  қазақ  жыраулар  поэзиясын  әдебиетіміздің  жеке  мұрасы  ретінде  ғылыми – деректік  жақтан  алғаш  рет  жүйелеп  береді.  Осы  орайда  қазақ   әдебиетіндегі  жыраулық  өнер  аса  айқын   көрінген,  даусыз  жасаған  қазақ  хандығы  дәуірі  туралы   сол  дәуірдің  әдебиетін  белгілі  бір  жүйемен,  ғылыми  негізбен  қарастыруды,  зерттеуді  жолға  қойған  ғалым  Бейсенбай  Кенжебайевтің  еңбегі  өлшкусіз.

        Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиетті  Мұхтар  Мағауин  түбірімен  түбегейлі,  індете  зерттеді.

         Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиетті  осыдан  отыз  жылдан  бастап   бұрын  жан – жақты  қарастырып,  жүйелеп,  зерделеген,  көпшілік  жыраудың  ғұмырбаян  деректерін  тұңғыш  рет  жұртшылық  назарына  ұсынған  ғалым  М.  Мағауин  жыраулар  поэзиясын  қарастыруда  толымды,  түбегейлі  еңбек  тындырды.  Ғалымның  жыраулар  поэзиясының  туу,  жасау  себептерін  тарихи  жағдай  мазмұн,  мән  жағынан  тайға  таңба  басқандай,  жіліктеп,  жіктеп  отырып,  сол  жайларды  енді  әдебиетінің,  поэзиясының  көркемдік  заңдылықтармен  қос – қабат  қарастыруды,  негіздеуі  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  айтулы  табысы.

            Ғалым  Немат  Келімбетов «Ежелгі  түркі  поэзиясы  мен  қазақ  жыраулары»  атты  зертеуінде  (Ежелгі  дәуір  әдебиеті)  мынандай  түйіндер  жасайды:  «XV  — XVIII  ғасырларда  өмір  сүрген  қазақ  жыраулары  поэзиясындағы  әлеуметтік  және  дидактикалық  сарындарын  түп – төркіні  ежелгі  түркі  әдебиетінде  жатқанын  аңғару  қиын  емес».

Жыраулар  поэзиясының  бұлжымас  заңдылығы,  дәстүрлі  арналары,  көркемдік  негіздері  бар  екендігін,  өзіндік  туу  себептерін,  ерекшеліктерін  академик  Зәки  Ахметов  арнаулы  зертеулерінде  аса  ұтымды  теориалық  тұжырымдармен  бекітіп  отырады.  өлең  сөздің  теориасының  айтулы  білгір  З.  Ахметовтың   тоқтам – тұжырымды  жырау  поэзиясын  көркемдік  жағынан  талдауда  таптырмайтын  тиянақ.

        Жыраулар жайлы Қ.Өмірәлиев: «Бұл табиғи дарын иелері қай замандарда да болып отырған. Олар қазақ халқының ауызша әдебиетін -көшпелі халықтың жазба әдебиетке дейінгі жердегі поэзиясын жасады-дейді.              

Құлмат Өмірэлиев қазақ өлеңіне қатысты зерттеулерге тоқтала келіп, «Қазақ поэзиясының жанры және стилі» еңбегінде былай дейді: «Бірақ бұл зерттеулердің қай-қайсысы болса да, біріншіден, қазақтың ауызша туған барша сөз үлгілерін «ауыз әдебиеті» жэне «тарихи әдебиет» деп екіге бөліп қарайды. Осыдан келіп, қазақтың ауызша туған поэзиясы — бір негізді поэзиясы таза жанр жағынан бір топталмай, авторын сақтау — сақтамауына қарай екі бөлініп, екі әдебиет дүниесі ретінде қаралады. Екіншіден, қазақ поэзиясы жанр жағынан жіктелгенмен, өлең түріне, стиліне қарай бөлу бұл еңбектерде мақсат етілмеген. Қазақ поэзиясының жанры мен стилін комплексті түрде зерттеу мэселесін алға қойып, түбегейлі зерттеулер жүргізген ғалымның бірі осы Қүлмат Өмірэлиев.

Ол   қазақ   жыраулары   —   көшпелі   халықтың   жазба   әдебиетке   дейінгі поэзиясының өкілдері деп, бұл өнерді ғылыми тұрғыдан өлеңнің ырғақ жігі, шумақ жігі, синтаксистік жүйе т.б. мәселесі жөнінен жан-жақты-қарастырды.

Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққан цоэзия әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы емес, ең басты жанры қызметін атқарды. Ал осы кезендегі Қазақ поэзиясының ең ауыр жүгін көтерген, сөз өнерінің жетекші өкілдері — жыраулар болды. Қазақ жыраулары ХУ-ХУІП ғасырлар шегінде бүкіл әлемдік мэні бар аса қүнды әдеби мұра жасады.

Бұл- жыраулар поэзиясының пайда болу, жасау кезеңдерін белгілі бір уақыт аясына қымтап тастау емес; жыраулық өнердің түрлі деректерде аталатынын, ежелгі өнердің бір түрі екенін, ол өнердің қайсыбір шарттарі^ көнеріп, жойылғанымен Қазақ хандығы ыдырағаннан кейінгі кезеңдерде қилы жағдай, қалыпта бой көрсетіп отырғаны, кайсыбір жағдайларда күні бүгінге шейін жасап отырғаны даусыз.                                                   

Мәселен, қоғамдық-әлеуметтік жағдайлардың ішкі-сыртқы құбылыстарын, халықтың көкейтесті күйлерін көрегендікпен болжау, түйіндеп, тоқтам айту қажет болған тұста, дәл сол баяғы жыраулардың сарынымен, мақамымен, үлгісімен сөйлеу күні бүгінге шейін үзілмей келе жатқан үлгі.

Сонда да болса жырау мұасының қазақ хандығы тұында аса бір айшықтанып дара шыққан, бар мәнімен, барша көркемдік мүмкіндіктерімен жасаған әдебиет екені даусыз.

Бұл поэзиясы бізге ең эуелі қазақ халқының құралу дәуіріндегі қилы күйді жеткізеді. Асанның, Қазтуғанның, Шалкиіздің, Доспамбеттің жыртолғауларында сол бір алыста қалған аласапыран арпалыс шақтардың тірі суреттері жатыр.

Бұл дәуір поэзиясы бізге ата қоныс, құт мекеннен ауа көшудің қасіретін қырык, жыл қырғында ат үстінен түспеген жауынгердің жан мұратын; ел басқарған хандардың тура тартқан тұсы мен бүралаң бұрылыс қате кеткен шалғайларың т.б. толып жатқан, жазба тарихқа ауыс түскен құдырет шындықтарын қаз қалпында жеткізді.

Жырау бұл өнерінің барлығын белгілі бір мақсатқа бағыттап отырды. Өз қоғамының, қазақ мемлекетінің ішкі-сыртқы жағдайларына: ел басқарған хандардың бір ісіне, айнала көрші елдермен қарым-қатынас саясатына, сырт жаулармен соғыста бірлік, ерлік жайына, ел ішінін, бітім-шар тұтастығына, жеке адам тірлігіндегі дүние кезендеріне, ұрпақ тәрбиесіне т.б. мәселереге бағыттады; қазақ қоғамының моральдық, провалық, діни нормаларын айқындау, насихаттау, қалыптастыру ісіне араласты. Жырау поэзиясы ежелгі түркі әдебиетіне тән жалпы өсиет, шеңберінен шығып, қоғамдық әлеуметтік ой-пікірлерді білдіретін, түтас елдің болмысын көрсететін қоғамның ой ағымына айналды.

Сол себептерден де жырау — өз қоғамының бас идеологы. Бұл миссия қазақ хандығы дәуірінде аса айқын көрініп; қазақ хандығы жойылып, билік жүйе өзгергенде аяқталды. Жалпы, жыраудың әлеуметтік статусы, коғамдық тұлғасы  қазақ мемлекетімен аса байланысты  құбылыс.  XVIII  ғасырдың

аяғында, қазақ хандығы жойылған тұста жыраудын. әлеуметтік сипатының бірталайы тарих сахнасынан көшті. Жыр түрі, үгіт, өнеге, ел қамын жеу, т.б. құбылыстар, сарындар сақталғанымен, негізгі жырау қызметі -мемлекет, қоғам ісін басқаруға — реттеп отыруға қатысу аякталды. Ханға кеңес, мін, сын, мадақ айту өткен тарихтың еншісіне айналды. «Әрине, байырғы тайпа абыздарының, яғни Қорқыттардың ұрпағы Асан қайғы, Сыпыра, Бұхар шын мәніндегі жыраулар болды. Олар өздерін мадақтап жырлар туғызған жоқ, өз ерліктерін жырға қосқан жоқ. Ал ру мүддесінен олар жоғары тұрды. Бұл жыраулар, «Қорқыт ата» ескерткіштерінде «Оғыз» ұлысының бүтіндігі жайлы жыр шертетін Қорқыт сияқты, тұтас халықтың амандығын, хандықтың бірлігін толғады, болашаққа көзтігіп, болжау аян сөздер айтты, ұлы ескертулер жасады. Олар ханның қошеметшісі де, өзін ханға бүлдаушы да болған жоқ. Олар хан ордасының ұлы кеңесшісі, сәуегей ақылшысы болды. Өз заманының, жалпы халықтың мүддесі тұрғысынан толғаулар айтқан осы г жыраулар халық поэзиясын (әдебиетін) жасаушылар да болды.

Сырт жауларға қарсы күрес, елдің сыртқы, ішкі жағдайы түскен саяси ахуал көрініс беріп жататын; қаһарман жауынгердің тұлғасы соғыс сәтінде сомдалған ерлік жырларда туғызушы Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Қожаберген, Ақтамберді, Бұхар, Үмбетай, Тәтіқара жыраулар еді

Жыраулар өнернамасының негізінде біздің әдебиетімізде қазақ халқының қилы кезендердегі тағдыр-талайы, ел басқарған үлы хандар түлғасы, олардың төңірегіндегі ер жастанып жатып, қырық жыл кырғынның ортасында журіп, халқының азаттығы мен ар-намысын қорғаған Дарабоз батыл түлға-түғырлар жайлы толып жатқан батырлық жырлар, дастандар, аңыз-әңгімелер, шежіре хикаялар, шешендік ағындар қалды. Әдебиетіміздің көп асылы, үлкен томдары осы дэуірлерде туды.

Үмбетай жырау қазақ әдебиетінде Алатаудай Ақша батырдан асып, болаттуған Бөгембай бейнесін сомдады. Тэттіқара әр елдің атақты батырын дэріптейді. Қажаберген елінің күйініш, тілегі солар екенін толғайды.

Жырау поэзиясының негізгі сарындары ұлт-азаттық күрес, иман күйі, ұрпак тәрбиесі, пенделік ғүмырдың жеке бас көңіл-күйі, адамның жас шамасы, опасыз жалған дүние-тірліктен табар тиянақ-тұғыр, т.б. жайлар. XV-XVIII ғасырлар арасында жасаған жыраулардың шығармаларынан осы сарындарды ұшыратамыз.

Жырау поэзиясындағы басты сарындардың бірі — туған жер, аға қоныспен қоштасу, қымбатын жоқтау, қимасын аялау. Бұл сарын сонау қазақ хандықты құрылудың алдындағы өткен тарихи жағдайлардан күйін шерткен беріде Бұхарды алаң көңіл еткен, онан беріде Дулатты аһ ұрғызып, Мұратты мұңға батырған, Парманбетті нар түйедей шектірген зар еді.

Туған жермен қоштасу сарыны, қоныс мекен жайы сонау XV ғасырдағы Асан жыраудан бар. Осы сарын әсіресе XVII ғасырға шейінгі жыраулар мұрасында басым көрінеді.

Еділ менен Жайықтың

Бірін жарға жайласаң,

Бірін қыста қыстасаң,

Ал қолыңды маларсың

Алтын менен күміске!…

(Асан)

Асанда Ойыл, Жем аталады. Еділ деген киян дейді жырау. Кейін (XIX ғасырда) осы атамекен, туған жерді айту сарыны, онан айырылу, ажырау мұңы поэзияда қайта жанданды. Мұрат ақын сол Асанда аталған қиян сөзін және шығарды. («Үш қиян»).

Жалпы Асан, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет замандарындағы қоныс, мекеннен ауа көшу, қоштасу сарындарының төркінінен М.Мағауин былайша ой тартады: Қазақ ССР Ғылым академиясының қолжазбалар қорында қазақ халқының құралу дәуіріндегі белгілі тарихи оқиғалардан көрініс беретін ұзынды-қысқалы өлең, жыр, поэмалар бар. Бұл шығармалардан кейбір рулардың ата қоныстарынан аууға онша құштар болмағандығы аңғарылады.

Еділ менен Жайыққа Ешбір жердің теңі жоқ!

Бірақ осы қасиетті қоныста береке қалмаған еді. Ел ішіндегі өзара қырқыс, сұлтандар арасындағы бақастық халықты әбден күйзелткен болатын. Әйткенмен де жұрт ескі қонысты қимайды, бет алып жүрмек жерлердің қайырлы болатынын.

Күлдірлеген сарт-өзбек Барғанмен бірге не қылар. Қоныстан ауыл барған соң Біздерге сын тағылар… Мекен еткен қонысын Еділ менен Жайықты Қатын бала сағынар» Алайда көшпенділік рух жеңіп, рубасылар айтқан.   Бұрынғы өткен атамыз.  Көшемін деп өлді ме, Қырымды тастап Еділге Ақылы жоқтан келді ме, — деген сөздердің салмағы басым түседі. Ел ескі қонысынан, онда қалып бара жатқан бауырлас, аталас туысқан жұртпен жылап айырылысады. Жылау, жылау, жылау күй, жылаған зарлы мынау күн. Қазақ пенен ноғай айрылды, Қазақ артқа кайырылды. Ноғайлардың ну елі күйіренді, қайғырды қара қыпшақ қобыланды қара орнынан айрылды. Ел қанаты қайрылды. Зар күн туды зор күндер!

Қазақ  жұртына  ертеден  танымал  талант  иесінің  бірі,  заманның  ірі  қайраткер – азаматы,  сөз  өнерінің  көне  көз  өкілі  Ақтамберді  көп  жылдар  бойы  жіті  зерттелмей,  ескерусіз  естен  шығып  қалуға  айналған  асыл  мұралар  қатарына  жатады.

 

Ақтанберді  Сарыұлы.

        Ақтамберді  Сарыұлы – суырып  салма  сөз  өнерінің  жетік  өкілі.   Шығармалары  табанасты  шығарылып,  ауызекі  таралып,  ел  есінде  сақталу  арқылы  жеткендердің  бірі.  Халық  оны  жоңғарларға  қарсы  жорықтар  кезінде  қол  бастап,  ерлік  көрсеткен  батыр,  өзінің  өжет  те,  өткір  сөздерімен  қалың  қауымға  әсері  күшті  болған  халынды  жырау  деп  санайды. 

           Ақтамберді – тарихи  тұлға.  Оның  есімі  қазақ  халқының  тарихында  аталады,  ел  аңыздарына  сай  бағаланады

 

 

          «Күбір – күмбір  кісінетіп»  деп  басталатын  шығармасы – ақынның  алдында  қойған  арманын  танытатын  патриоттық  туынды.  Одан  тұлпар  мініп  ту  ұстап,  ел  шетіне  қорған  боп  ерлік  атын  шығаруды  аңсаған  батыр  адам  үні  естіліп  тұрады.

 

 

                  Күмбір – күмбір  кісінетіп,

                  Күреңді  мінер  ме  екенбіз.

                  Күрек  тісін  қақситып,

                 Сұлуды  құшар  ма  екенбіз.

                 Күдерінен  бау  тағып,

                                   Кіреукеден  тон  киер  ме  екенбіз.

                 Жағасы  алтын,  жеңі  жез,

                 Шығыршығы  торғай  көз.

                Сауыт  киер  ме  екенбіз

                Сырттан  сауыт  киген  соң,

                 Қоңыраулы  найза  қолға  алып,

                 Қоңыр  сақын  төске  алып,

                 Қол  қашырар  ма  екенбіз.

                Жалаулы  найза  қолға  алып,

                Жау  қашырар  ма  екенбіз!

               «Ақтанберді  қолы»  деп,

               «Жанайдың  салған  жолы»  деп,

               Жақсы  атананар  ма  екенбіз!

 

 

  1973 ж.  шыққан  «Алдаспан»  жинағында  осы  толғаудың  екі  нұсқасы  басылған.  Асылы,  олар — әрқайсысы  әр  тұста  айтылған  өзінше  бөлек  жырлар.

         Ақнның  батыр  мінер  тұлпары  бейнеленген  өлеңі  оның  суреткерлік  шеберлігнен  де  хабар  береді.   Кей  жерлері  жоғарыдағы  жолдарға  үндесіп  жатады.

 

 

Келбетіне  қараса,

Омырауы  даладай,

әлпетіне  қараса,

сырлап  соққан  моладай.

Жан – жағына  қараған,

Жал – құйрығын  тараған,

Жолбарыстай  жон  түзеген,

Аш  күзендей  бүгілген,

Ор  киіктей  жүгірген,

Табаны  жалпақ  боз  тарлан,

Таңдап  мінер  ме  екенбіз!

 

 

       Ақтамберді  сөздері – ақыл – нақыл  ретінде  келетін  дидактикалық  толғаулар.  Ол  «Ел  аман  болсын  ләйлім» — деп,  туған  жер,  Отан  тілегін  бірінші  орынға  қоя  білген.  Халқының  ер – азаматы,  төре – сұлтандары,  бай – батыр,  жарлы – жақыбайы – түгел  бір  мақсатта,  бір  тілте  болса  деп  армандайды.  Олардың  арасындағы  қайшылықты  ағайыншылықпен  шешуге  үндейді.  Татулықты,  сараң  болмай,  мейірімді  болуды,  әділ  билік  пен  батырлықты,  ақылмен  іс   қылуды  көксейді.

 

 

Сары   аязда  қата  ма,

Қайнардың  аққан  тұнығы,

Қап  түбінде  жата  ма,

Болаттың  алтын  сынығы,

Халқы  тозып,  кем  болмас,

Әділ  болса  ұлығы.

 

 

        Ақынның  нақылдары  ішінде  талай  адамгершіл  ақылдар,  өмірдің  өзінен  ойып  алған  бейнелі  өсиеттер,  ұзақ  өмір  тәжірбиесін  қорытқан  тұспалдар  көп.   Солардың  бірін  жар  таңдаушы  жастар  үшін  ғибрат  деуге  болады.

 

 

Мінезі  болса  алғанның.

Одан  артық  жар  барма

Екі   жаман  қосыоса,

Күнде  жанжал,  күнде  шу,

Ұяларлық  ар  бар ма

Білімді   туған  жақсыға,

Залал  қылмас  мың  қарға,

Жаман  туған  жігітке,

Рахатты  күн  бар  ма

Өз  мінін  білген  жігіттің,

Тәлімінде  мін  бар  ма!

 

 

     Сайып  келгенде,  Ақтанберді  90  жас  жасап,  1752  жылы  шамасында  дүние  салған,  өз  заманының  талабына  сай  жыр  толғап  өткен  әрі  батыр,  әрі  жырау.   Оның   шығармалары   елі,  халқы  үшін  еңіреп  өткен  ер  тұлғасын,  жақсылыққа  бастап,  адмгершіл  ой  түйген  терең  ойлы  ақыл  иесі  абзал  азаматты  танытады.   өзінің  өрелі  ойларын   жыр  кестесіне  тізе  білген  жүйрік   тілді  шешен  ақынды   көрсетеді.

 

   Бұқар  Қалқаманұлы.

          Бұқар  Қалқаманұлы  (1684 – 1782) – 18  ғасыр әдебиеті  көрнекті  өкілінің  бірі  Бұқар – жырау  Абылайхан  заманында  өмір  сүрген.  Әкесі – Қалқаман  белгілі  батыр.

           Бұқардың  өлеңдері,  өзі  тұстас  ақындармен  салыстырғанда  кейінге  молырақ  жеткен.   Оның  Абылай  туралы  өлеңін  жазып  алып,  алғаш  пікір  айтөан  Шоқан  еді. 

           Деректерге  қарағанда,  Бұқар – діни  білімі  бар,  оқыған  адам.  Оның  өлеңдерінде  мұсылманшылық  әсері  айқын:  «Дін  кітаптарын  оқыдым»,  «ақтан  сия  танықан,  дәіт  пенен  қаламды  айт»  деген  сөздері  кездеседі.  Бұл  сөздер  тегін  айтылмаса  керек.

            Бұқар  жырау – қазақ  жеріне  ертеден  мәлім.  Оның  бізге  жеткен  арнау,  терме,  толғаулары  негізінен  әлеуметтік,  қоғамдық  мәселені   көтереді.  Еөп  жайтты  ол  өзінің  заманы  санасы  тұрғысынан  шешеді.  Хандық  құрылысты  нығайту  мақсатын  көздейді.  Соған  қоса  жыраудың  кейбір  толғаулары  адамгершілікке,  бейбітшілікке,  әділеттілікке   үндейді;  ұстамды  моральдық  пікірлер  ұсынады.  Абылайдың  сырқы  саясатына  аралысып,  ақыл  береді.  Оның  кейбір  ісіне  наразылық  та  білдіреді.

             Бұқар  ойынша,  дәулет,  дүние,  байлық   тұрақты  болмайды  ол  үнемі   өзгеріп,  ауысып  отырады.   Жыраудың   «Айналайын  жер  тұтқан»,  «Ақсаңнан  биәк  тау  болмас»,  «Жал  құйрығы  қаба  деп»  деген  және  басқа  сол  сияқты  өлеңдері  оның  өмңр  құбылысынан  түйген  осындай  ойларын  бейнелейді.

             Бұқардың  «Тілек»  деген  өлеңі  де  бірқыдыру  мәні  бар  тоғау.   Онда  ақын  хан  тілегіне  қоса  ел  мүддесін  жоғары  қояды.   Денсаушылық,  амандықты  тілейік,  апат  келіп,  жер  жұтамасын,  жау  келіп,  жау  шабылып,  ана  аңырап,  жар  еңіремесін,  жауды  қуар  ер  табылмай  қалмасын  дейді.

            Бұқар – халық  поэзиясы  үлгісін  меңгерген  нөсер  тілді  шебер  ақын.  Оның  шешендігі,  әсіресе  жыраудың  толғауларынан  анық  байқалады.  Ауыз  әдебиетінде  қалыптасқын  жыр,  толғау  үлгілерін  барлық  жырауларға  тән  үлгі  десек  болады.

Бұқарға  кецінгі  дәуір  ақындарыеліктеп  келеді  мысалы;

 

 

Асқар  таудың  өлгені –

Басын  мұнар  шалғаны.

Көктегі  бұлттың  өлгені –

Аса  алмай  таудан  қалғаны.

Ай  мен  күннің  өлгені –

Еңкейіп  барып  баттқаны.

Қара  жердің  өлгені –

Қар  астында  қалғаны.

Өлмегенде  не  өлмейді.

Жақсының  аты  өлмейді.

Ғалымның  хаты  өлмейді

 

 Көтеш  Райымбекұлы.

        Көтеш  Райымбекұлы  (1718 – 1798)  Көтеш – XVIII  ғасырда  өмір  сүрген  ақын.  Қазіргі  Повладар  облысы,  Баянауыл  ауданында  туып — өскен.  Арғы  атасы – Тұрлыбек.   Халық  аңызы  бойынша,  ақын  1798  жылдары  80  жастан  асқан  кезінде  өлген.

 

 

Сексен  ерікке  қоймады – ау  қалжыратып,

Қайтып  өлең  айтып  жатармын  алжып  жатып,

Сексен  түгіл  тоқсан  болмас  едім,

Ұсақ  турап  ет  берсең  балбыратып, —

 

 

             Көтеш  ақындықпен  жас  кезінен  шұғылданған.  Әуелі  елдегі  айтыс  дәстүрі  боынша  танылып,  арнау   өлеңдер  айтып  жүрген.  Кейін  әлеуметтік  мәселелерге  үн  қосып  жүрген,  елінің  тарихын,  жауға  қарсы   жорықтарын,   өз  дәуірінің  келесі  мәселелерін  көтеріп  отырған.

                Көтешті  біз  ақындар  поэзиясының   бастапқы   өкілі,  аты  мәлім  ақындық  өнердің  тұңғышы  дейміз.

           Қазақ  ССР  Ғылым  акедеитясының  қолжазба  қорында  Көтеш  айқан  осы  « Қара  таудың  басынан  көш  келеді»  өлеңінің  бір  нұсқасы  жатыр.  Оны  Көтеш  құдаларына  кәде  ретінде   айтыпты – мыс. 

 

 

Қара  таудың  басынан  көш  келеді,

Көшкен  сайын  бір  тайлақ  бос  келеді.

Жақсы  қыздың  үйіне  күйеу  болсаң,

Табақ – табақ  алдыңа  төс  келеді… 

 

 

             Көтеш  өлеңсіз  сөйлемеген.  Ол   ензкелген  сөзін  тұспалдап,  өлеңдете  жөнелетін  қас  жүйріктің  өзі  болған.

             Қайын  атасына  барғанда  одан  мал  сұрап  мазасын  алады.  Сона  қасындағы  Жәуке  биге  шағынып,  ақын  былай  депті:

 

 

Атам  ата  болмады  қалмақ  болды,

Қызын  берсе  атымды  алмақ  болды.

Алты  ешкі,  жалғыз  қойын  базарға  айдап,

Қызыл  тілді  ақ  жамбы  алмақ  болды.

 

 

 

             Көтеш  өлеңдері  түгел  жиналған  жoқ.  Бірақ  ақаынның  біз  жоғарыда   еске  салып  өткен  өлеңдерінің   өзі – ақ  оның  кезінде  ірі  ақын  болғанын  байқатады.

 Тәтіқара  ақын.

              Тәтіқара  ақын – Абылай  ханның  тұстасы. Қалмаққа  қарсы  жорыққа  қатысып,  сол  жорықтарды  жырлаған  ақын.  Шоқан  Уалиханов  Тәтіқараның  кезінде  ірі  ақын  болғандығын  айта  келіп,  оны  Абылай  қолының  жыршысы  деп  орынды  ескертеді  және  Абылай  қолының  жаудан  сасқан  бір  шағында  айқан  Тәтіқара  өлеңінің  мазмұн  баяндап  береді.

              Ақын  Абылайдың  жеңістері  бір  өзіне  байланысты  емес,  халық  ерлігіне  байланысты,  қазақтың  қол  бастаған  сан  батырларының  жанқиярлық  пен  қаһармандық  көрсетулерінің  жемісі, — дейді.  Олжабай,  Бян  сияқты  ерлерінің  жеткізген  жеңісі  деген  ашық  айтады.

 

 

Береке  қалмас  қашқанда,

Ақыл  кемес  сасқанда,

Баяндай  ерді  көрмессің,

Бұрылып  жауды  шанышқанда…

 

Қалмақтың  қалың  қолында,

Оқ  жіберіп  бөгеді.

Тұрымтайдай  ұл  еді,

Қайсар  батыр  Олжабай…

 

 

 

 

      Тәтіқара  шамамен  1780 жылдары  75  жаста  дүние   салады.

      Тәтіқара  қартая  келе  мұқтаждықты  көп  көреді.  өзінің  халін  біле  келген  билерге  айтқан  қартайған  кездегі  бір  өлеңінде  Тәтіқара  өз  бассына  түскен  ауыр  жағдайды  баяндайды:

 

 

Ассалаумағалайкум  «жайсаң»  менен  «жақсылар»,

Адам  көңілін  жоқтық  шіркін  басқалар.

Түзде  шешен,  батыр  болсақ  та,

Үйге  келсем  пақырмын.

Қара  өзек  шақтың  көжесі,

Қарында  емес,  қуықта.

Қара  торсық  жерде  емес,

Ілулі  тұр  құр  уықта.

Би,  мырзаны  көп  көрдім,

Шіренбей – ақ  аттан  түс,

Айран – шалап  болса  да,

Ойнап – күліп  бөліп  іш.

 

 

Тәтіқара  ішер  асқа,  қонақасға,  қонар  қонысқа  зар  болып,  өз  еңбегімен  күнелткен,  қара  лашықты  кедей  боп,  қиндық  көріп  өлген,  сонда  да  ханға  бас  имей  қайсарлықпен  өткен  өткір  тілді  шешен  болған.

 

        Үмбетай  Тілеуұлы.

          Үмбетай  Тілеуұлы.  Үмбетай – XVIII  ғасырда  жасаған,  ерлікті  жырлап,  ел  тыныштығын  көксеп  өткен  жалынды  ақын.  Оның  жоңарларға   қарсы  күресте  көзге  түскен  даңқты  батырлардың  бірі  Бөгенбайды  жоқтап  айтқан  өлеңі  мәлім.  Ақын  Бөгенбайдың  ерлік  істерін  радақтап,  оның  өлуіне  өкініш  білдіреді.

           Жоқтауды  ол  Абылай  алдына  келіп,  бр  жағы  жоқтау  естірту  ретінде  толғапты.   Үмбетайдың  Бөгенбай  туралы  түсінігі  тарихи  шындыққа  сай.  Оның  өліміне  дегенхалық  қайғысын  әсерлі  сөздермен  термелейді.

 

Уай,  Абылай,  Абылай

Абылай  ханым  бұл  қалай

Дұшпаныңды   мұқатқан,

Жауыңа  қарсы  оқ  атқан,

Аруағың  табысқан

Батырдың  өтті  Бөгенбай.

 

           Үмбетай  сөздеріне  кейбір  заманымен  бірге  ескірген  түсініктер  де  жоқ  емес.  Сөйтсе  де,  Үмбетайдың  асқақ  ақындық  өабілеті  айқын.   Асылы,  Үмбетей  де  өз  дәуірінің   беделді  шешен  биі,  әйгілі  суырып  салма  ақыны  болған.

 

  Шал  (Тілеуке)  Құлекеұлы.

          Шал  (Тілеуке)  Құлекеұлы.  Өткен  дәуір  әдебиетінің  беделді  өкілінің  бірі – Шал.  Ол – негізінен  бұқара  халық  идеясын  жырлап,  өмір  қайшылықтар  көре  білген,  еңбекші  халық  ортасынан  шыққан,  ауыз  әдебиепі  үлгісін  ұстанған  суырып  салма  ақын. 

           Ақының  өзінің  жас  шағын  еске  алған  сөздерінде   кедейлік  көріп  өскенін:

 

Кедейлік  жабыстың  ғой  бала  жаста,

Мені  ұятты  қылдың  ғой  қарындасқа.

Аш  белімнен  құшақтап  айрылмадың.

Көз  танысың  жоқ  па  еді  менен  басқа ,–

 

 

деп  ашық  айтады.

           Шалды  білетін  ел  адамдары,  айтыстарға  түсіп  жүрген  сауатты  мәшһүр  адам  дейді.  Бір  деретер  бойынша  Шал   ақын  көрші  аулдың  сауатты  қызымен  хат  арқылы  айтысыпты  деген  де  сөздерде  бар.   Онда  осы  айтыстан  үзінді:

 

 

Біз  алыстан  келеміз  тас  артқандай,

Ауыр  тартып  келеміз  бас  артқандай.

Жасым  кіші  болса  да  құлақ  кәрі,

Кәрілікке  дауа  бар  ма   жасарнтқандай –                                 

 

 

деп   Шал  сөз  бастапты.

         Шалдың  айтыс  өнеріне  жетік  ақын  екенін,   аталған  қолжазбадағы   ақынның  өз  кемпірімен  қалжыңдасқан  диалог  сөздерінен  де  байқауға  болады.

 

          Шал:

 

           Япырай,  дүниенің  жалған – ай,

           Шынымен  жалған  дүние  қалғаның  ба – ай!

           Жауырыным  қышып  отыр,  қолым  жетпей,

           Келіп  қасып  жіберші,  алғаным – ай !

 

           Кемпір:

 

Бұл  дүние  бәрімізден  кетер  өтіп,

Жас  күнімнен  келдім  ғой  қызмет  етіп.

Енді  сенің  пайдаңды  мен  көрмеймін,

Құр  рақаңды  қайтейін  тырылдатып..

 

          Шал:            

 

Шал  ақын  орта  жүздің  мен  емес  пе ем

Он  жаста  ортамызға  кеп  емес  пе  ең

Мен  саған  жиырмамда  болдым  жолдас,

Сонан  бері  мені  құртқан  сен  емес  пе  ең

 

 

          Шал  жасы  ұлғая  келе  өзінің  дүниеден  көргені  мен  өмірден  ілгеріндін  ойша  қортып,  өзінше  түйіндеп,  кейінгілерге  ақыл — өсиет  қалдырды.  Дүниенің  өткіншілігін  айтып,  оны  бөгер  күштің  жоқ  екенін  ескертеді.

 

 

Өттің  бір  дүние,  өттің – ай..,

Теңселе  басып  кеттң – ай…

Мен  бір  жүрген  жорғадай,

Жылжи  да  басып  жеттім – ай…                                                                                              

 

Қабыршақты  саз  да  өтер,

Қаңқылдаған  қаз  да  өтер…

Үш  ай  тоқсан  жаз  да  өтер…

 

 

Қобылан  Бәрібайұлы.    Қобылан – заманына  үн  қосқан,  аты  Арқаға  әйгілі  ақын.  Өзі  80 – ге  келіп,  1840  жылдары  дүние  салған.

           Қобылан  ақының  әкесі  Бәрібай  Орталық  Қазақстанда  туып  өскен.  1770  жылдары  90  жастан  аса  қайтыс  болған.

           Ақын  сөзге  жүйрік,  тілге  шешен.  Ол  өз  бойындағы  өнерді  жоғары  бағалап,  айқын  бейнелейді.

 

 

Өлеңді  жүйрік  аттай  желіп  айтам,

Еріккті  қызыл  тілге  беріп  айтап,

Қайнаған  тұтас  денем  күй  менен  жыр,

Өнерге  кеуде  толған  сеніп  айтам.

 

 

            Жырау  жастық  пен  кәріліктің  арасындағы  жер  мен  көктей  өзгешілікті  өзінше  мәнерлеген:

 

 

Кәрілік  қарсы  келдің  қазған  көрдей,

Жігіттік  желіп  өттің  бәйге  кердей!

 

 

               Жамандық  жайларын  терең  толғаған  ақын,  басқа  ұрып  санағандай   жамандық  біткеннен  сақтандырады.  Еңбексіз,  тіленші  бейшаралық  өмір,  жесірлік,  жоқ – жітік  өмір  өзінің  бар  қырынан  көрсетіледі,  сөйтіп  ақын  жамандық  атаулыға  қарсығ,  ел — жұртына  тек  жақсылықты  қана  тілейді.

 

 

Тоңқайып  масақ  термесе,

Өз  күнін  өзі  көрмесе,

Тоқсандағы  шал  жаман.

Ұзындығы  бес  қабат,

Көленеңі  төрт  қабат,

Төсенгіштің  жоғы  жаман.

Қайтып  келген  қыз  жаман,

Қайта  шапқан  жау  жаман,

Бәрін  айт  та  бірін  айт.

Бәрінен  жоқ  жаман,

Қазулы  жатқан  көр  жаман.

 

 

            Қобылан  қалдырған  мұралар  осы  келтірілген  жолдалмен  шектелмейді.

           Қобыланның  бізге  жеткен  қолда  бар  өлеңдерін  біз  толық  қамтып,  олар  туралы  түсініктер  беруге  тырыстық.

 

Абыл  ақын.     Атырау  жайлаған  адай  елі  арсынан  шыққан  белгілі  ақын – Абыл – тұстас  ақындармен  кездесіп,  ақындық  жарыстарда  жүлде  алған  жүйрік.    Бұрын  Абылдың  бірен – саран  толғауы  ғана  мәлім  болатын.  Қ. Сыздықов  1965  жылдары  оның  өмір  жолын,  тағы  екі – үш  толғауын  Сәттіғұл  ақыннан  жазып  алды.   Абылдың  табылған  жырлары  түгел  дерлік  1967  жылы  «Қазақ  әдебиеті  хрестоматиясында»  және  «Ақберген»  (1973)  жинағында  басылып  шықты.

                Ақын  толғауларының  тілі — өткір,  шешен.  Ол  өмірдің  өкініштілігін  ескертіп,  байсалды  ой  түйді.

 

 

Басында  миуа  ағаштың  сайрар  бұлбұл,

Жігіттік  өтер,  кетер  бір  қызыл  гүл.

Қусаңда  қос  ат  алып  бір шалдырмас,

Алтайы  қызыл   түлкі  қашса алдырмас.

 

 

              Азамат  ерге  тән  жақсы  қасиеттерді  термелеп,  жігіттің   үйір  болар  істерін,  адамгершілік  идеяны  жырлап,  тату – тәті  ағйыныншылығы  мол  елді  аңсайды.

 

 

Жігіттер,  болсаң  тату,  жақсымен  бол,

Дүниенің  асылындай  баға  жетпес.

Ел  болмас  мақтаса  да  кісі  еліндей,

Жіп  тұсау  жаман  жолдас  кісеніндей.

 

 

               Асылы,  Абыл – шешендікте  алдына  кісі  салмаған,  ұстаз  ақын,  тәжірбиесі  мол,  көп  жасап,  сан  салалы  өлең  шығарып  өткен  саңлақтың  бірі.

         Жанкісі   XVIII  ғасырдың  соңғы  жартысы  мен XIX   ғасырдың  бас  кезінде   өмір  сүген,  есімі  жұршылыққа  кеңінен  танымал  ақпа  ақын.

         Ақын  қазақ  ішінен  шыққан  жалдаптардан  да  елді  жауға  қосыла  тонап  жатқанын   зор  күйінішпен  баяндайды.

Айтайын  десе  ұрады,

Ұрмақ  түгел  қырады.

Қаумалаған  көп  момын,

Қорлаушыдан  құтылар.

Амал – айла  таба  алмай,

Қарайды  да  тұрады.

Алдына  салып  айдайды,

Ашулансаң  байлайды.

Әкімі  жоқ  қазаққа

Теңдік  жоқ  деп  ойлайды..

Ел  ішіне ажарлы

Қыз,  қатыныды  қоймайды,

Жақсылпрды  сөгеді, 

Ат  үстінен  төбеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XVIII ғасырдағы қазақ хандығының саяси өмірінде ерекше орын алған көрнекті би-шешендер оның көркем сөзінің дамуына да елеулі үлес қосты. Бүрыннан халықтың дәстүрлі өнерінен саналап, ерекше орын алған би-шешендер билердің астарлы асыл түспалдары мен терме-толғаулары кейінгі қоғам өмірінің ең керек тэлім тәрбие құралы, келешек үрпақтың көркем де ойлы сөз сабақтар талаптыларына таптырмас өнер мектебі саналады. Ел-жұртты өз уысында ұстаған хан-сүлтантандардан бастап, қаһарлы қалың қол бастаған батырлар тауып айтқан бірауыз шешендер сөзінен асып кетпеген. Асыл сөз қадірін еш аяқ асты етпеген. Ол сөзді ақсақал абыз айтсын, мейлі кемелге толмаған жас өспірім „бала би» айтсын, құлақ сала тыңдап, сөз жүйесіне жүгінген. Ел мен елдер арасындағы келісімін таппаған даулар, өзара жіктер мен топтардың шытырман шатақтары, құн алу, жер, жесір бітімдерін тек қана шешен билер шешкен. Қазақтың үлы билері ел басқаруда зор рөл атқарған. Әсіресе жоңғарлар шапқыншылығы тұсында қазақтың аты

шулы зерделі зерек адамдарыхацменбатырлар кеңестерін басқарып, өте

ақылды шешімдер қабылдап отырған. Би-шешендер өз беттерімен ел тағдрын шешетін дэрежелерге де жеткен. Өздері елшілікке барып, келіссөз жүргізіп, апаттан ел-жүртын сақтап қалған туыстары көп болған. Бишешендер өнерінің ең дәуірлеген кезеңі, біздің ше осы кезеңге жатады.

Қазақ халқының басына өте қатерлі зобалаң туған шақта, жоңғар шапқыншылығы тұсыңда еліне пана болған, босқын азабын шегіп, естерінен танған аяулы адамдардың ортасында жүріп, тығырықтан құлылар жол сілтеп, жарғақ құлақтары жастық көрмеген қажырлы көсемдерден саналған да осы ақыл дариялары, алғыр ойшыл шешен билер. Олар сыртқы жауларын ғана бөгеп, олармен тіл табысып қоймай, өз елі ішіндегі алауыздықтарды бір жеңнен қол шығаруға жетеледі. Халық арасындағы бас бұзар бұзақы, ұры қары, барымташы, қыңыр-қисықтарды да өз алдарына жүгіндіріп, оларға тиым салып, ел берекесін сақтауға бар күштерін жұмсаған жайсаң жандар болды. ХҮШ—XIX ғасыр қазақ тарихы елім, жерім деп еңіреген ерлерге де, шерменде шешен билерге де сорлы болған жоқ. Шапқыншы шет жаулардан,

Төле  би.

Төле  би,  ер  Қазбек,  тілді  Әйтеке

Асқар  тау  Қазығұрттай   білімді  еді.

Бірі – күн,  бірі – туған  айдай  болып 

Заманға  сәйкесімен  кеір  еді –

демекші  қазақ  халқының  белгілі  шешенінің  бірі  Төле  би.

        Атақты  шешен – ділмардың  өмірбаяндық  деректерін  сөйлепер  болсақ,  Төле  Әлібекұлы  (1663 – 1756) қазіргі  Жамбыл  облысы,  Шу  ауданының  Жайсаң  жайлауында  дүние  табалдырығын  аттаған.

        Кедесі  теңіздейтулаған,  тыңдаушының  жүрегін  баулаған  Төле  би  лебізінде  еркіндік  те,  кеңдік  те,  біліктілік  те,  оралымдық  та,  тақырлық  та,  сыншылық   та,  ұшқырлық  та  бар.

        «Қасым   ханның  қасқа  жолы»,  «Есім  ханың  ескі  жолы»  тәуке  ханның  ұйымдастыруымен  «Жеті  жарғы»   заңына  ұласты.   Қазақ  қоғамының  іргесінің  бекінуіне,  қанатының  қатаюына,  есейіп  нығаюына  ғаламат  әсер  етті.  «Төле  би  тарихы»  дастанында  бұл  былайша  тармақталып  баяндалған:

 

 

Жер  дауы,  баяндайын,  біріншісі,

Ру,  қоныспенен  меншікті  ісі.

Иеленшен  жеріне  жанжал

                                                  болса

Біреуге  басымдық  қып  озбыр т кісі.

Үй  іші  мен  баланы  тәрбиелеу –

Болған  жосын  заңының  екіншісі.

Ұрлық – қарлық,  барымта –

                                             үшінші  заң,

Баян  ерер  бәрін  де  білген  кісі.

Төртінші  боп  саналған

                                       мынау  заңы

Бір  халық  пен  басқа  ру  болса  дауы.

Ұлтын  жаудан  қорғамақ – бесінші  бұл 

Алтыншы,  жетінші – құн  дауы,  жесір  дауы.

 

 

        Төле  бидің  тұспалдап,  ишаратап  жеткізген  ойларын  келіні  Данагүл  былайша  дұрыс  шешіпті:

  • Атам қырық  қарақшының  қолына  тұтқын  болып  түскен  екен.  Қырық  құнан  атан  берсін  дегені .  Жиырма  буыршын  берсін  дегені  жиырма  палуан  берсін  дегені  сегіз  ақсақал  берсін  дегені.   Оң  босағада  алтыны  мен  едім,  сол  босағадағы  күмісі  баласы  еді.   Алтынымды  түгел  берсін  дегні  мені  алып  келсін  дегені.

        Қайран,  Төле  би  сөзінің  құдіреті – ай!  Көрген  көшбасшының  арқасында  қырық   жігіт  ес  жиып,  етек  жауып,  басыны  бас,  малына  мал  қосылып  ел  қатарлы  өмір  кешіпті,  мұраттарына  жетіпті.

        Ұлттық  сөз  өнері  тарихында  билердің  бірегейі,  ақыл  ойдың  телегейі,  төле  Әлібекұлының  есімі  алтын  әріппен  жазылған.

               Қаздауысты  қазбек  би.

       Ұлттық  сана  мен  тілінің,  рухы  мен  арман – мұратының  ұшвн – теңіз  ұлылық  қасиеттерін  ересен  қуат  құдеретімен  көрсете  білген,  тәуелсіздік  жолында  қабырғасы  қайысып  еңбек  еткен  көрнекті  мәләмгер,  арыстан  

жүректі  ер,  мемлекет  қайраткері – Қаздауысты  Қазбек  би.

          — Үш  жүздің  қай  батырына  ризасың  деп    сұрағанда  Абылай  хан  айтыпты:

          —  Мен  өзімнен  бұрын  болған  екі  кісіге  ризамын.   Ол  Қаракесек  Қазыбек  пен  Уақ  Деріпсал.  Бұл  екеуі  де  жауға  түскен  тұтқынды  босатып  алды.  Қазбек  Қалданға  барып  босатты.  Деріпсал  өз  ауылында  отырып,  күшпен  қорқытып  босаттырды.

          Қаздауысты  Қазыбек  би  аумалы – төкпелі,  күрделі,  қилы  заманда  ғұмыр  кешті.  Кең  байтақ  қазақ  жеріне  бір бүйірден  Жоңғар  хандығы,   екінші  бүірден  Ресей  империясы,  үшінші  жақтан  Бұқар  мен  Хиуа  хандықтары  әбден  мазасын  алып,  әзәзілдік  көрсетіп  отырды.  Жан – жағынан  анталаған  алпауыттарға  қарсы    Тәуке  хан  икемді  саясат  жүргізді.  Сонымен  бірге  қазақ  қоғамында  жан  құбылыстарды,  адам  бойындағы  келеңсіз  міндерді  құртып – жоюмен  шұғылданды.

          Қазақ  елшілері  күшін  жинап,  серігіп  тынығып  алған  соң,  Қалдан  Бошақтау  ордасына  шақырады.   Хан  түсін  суытып,  сұстамып,  ызғарлы  кеіпімен:

  • Иә, қазақтар,  неменеге  келдіңдер,  айтатындарыңды  айтыңдар  да  қайтыңдар – депті.

             Қазақ  елшілерінің  басшысы  Тайкелтір  би:

 

 

Өгізді  өлеңге  байладық 

Өрлікті  төменге  байладық

Алдияр  тақсыр,  алдыңа  келдік,

Берсең  алдық,  бермесең   қалдық,

Сөзінде  өзіңе  салдық –

 

 

деп,  сөзін  сыпайы  қайырған  екен.  Оның  жасқанып,  бұғып  сөйлегенін  байқап  қалған  ханның  мерейі  тасып  мәртебесі  асып,  кеудесіне  нан  пісіпті.  Сол  кезде  босаға  жақта  жайғасқан,  өне – бойы  жігерлі   болат  ағынан,  намыстан  жарылған  өжет,  жепелі  жеткіншек т Қазбек  құстай  ұщып,  жетіп  барады  да:

 

 

Ерден  ердің  несі  артық,

Ептестірген  сөзі  артық.

Малдан  малдың  несі  артық,

Міндетіне  алған  сөзден   шегінген 

Аштан  өлген  аюдың  өзі  артық –

 

 

деген  өткір  сөздері   бар.

             Әйтеке  би

           Әдебиет,  өнер  тарихында  таза  болмысымен,  турашылдығымен,  даналығымен,  күйлі – қуатты  әрі  сымбатты  сөздерімен  аты  аңызға  айналған  ақыл – мой  алыптарының  бірі – Алшын  Әйтеке  би.

          Әйтеке  бидің  үлкендігі  турасындағы  мына  бір  жәйтті  Мәшһүр  Жүсіп  «Даналар»  атты  өлеңінде  келтірілген:

 

 

Қазыбек,  Әйтекедей  көсем  өткен;

Әлдибек,  Айтпай,  Майлы  шешен  өткен.

Жолы  үлкен,  жасы  кіші  Төле  бидің

Әйтеке,  Қаздауысты  Қазыбектен.

 

 

           Ел  аузында  «Әйтеке  жарып  айтады,  Қазбек  қазып  айтады,  Төле  тауып  айтады,  Төле  тауып  айтады»  ұлағатты  сөздер  бар.  Әділ  сөйлеу,  ойды  шегелеп,  нақты,  жарып  айту  батырлық  пен  батылдықтан,  даналық  пен  білімпаздықтан  туады.

          Әйтеке  бидің  мәні  мен  сәні  үйлескен  мына  бір  күлі – қуатты  лебіздеріне  дүниетаным  терңдігі,  алысты  болжар  көрегендігі  көрініс  тапқан.

 

 

  1. Ағасы келсе,  ардақтап  атын  байлағандай;

     Қонағы  келсе,  құрметтеп  жайлағандай,

     Тындырым  інісі  болса,

     Қанат – құйрығы  сай  болып,

     Көңілі  жай  болып.

     Ағаның  алар  тынысы  болса.

     Інінің  мінднті – басқару,

     Ағаның  реті – бас  бағу  емеспе

  1. Екі адам  керіссе,  оның  арты – қызыл  шоқ..
  2. Біз – үш  жүз  керіспейік,  келісейік.   Ал  керіссе  қойсақ  үшеумізге  де  бірдей –

Хандық  түгіл,  ондықта  та  жоқ.

Мен – 29  рудан  құрылған  Кіші   жүзбін,

әрі  көппін,  әрі  батырмын,  әрі  бимін.

Керісер  болсақ,  осы  үшеуі  маған – жайсыз,  сендерге  жоқ.  

         Әйтеке  биді  үйсін   Төле  би  мен  Қара  кесек  Қазыбек  биден  кіші  деп  айтып  та,  жазыпта  жүрміз.   Алайда  ол  жайлы  18  ғасырдың  басында  болған  ұлы  оқиғаларда,  атап  айтқанда,  «ақтабан  шұбырынды»  жылдарында  я  болмаса  Әбілқайыр  ханды  Барақ  сұлтан  өлтірген  шақта,  әйтпесе  орыс – қазақ  қатынастарында  бір  де  бір  жазылған  нақты  дерек  көрсетілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

                                Пайдаланған    әдебиеттер:

Мағауин  М.  Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиет.  А.,  «Ана  тілі»,  1992.

Мағауин  М.    Қобыз  сарыны.  А.,  «Жазушы»,  1968.

Негимов  С.     Шешендік  өнер. А.,  «Ана  тілі», 1997.

Сүйіншәлиев  Х.  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  А.,  «Санат»,  1997.

Сүйіншәлиев  Х. 8-18  ғасырлардағы  қазақ  әдебиеті.  А.,  «Мектеп». 1989

Жумалиев Қ. XVIII  — XIX ғасыр    Қазақ  әдебиеті. А, «Мектеп», 1987 ж.

Сүйіншіәлиев  Х.  XVIII  — XIX ғасырдағы  Қазақ әдебиеті А, «Мектеп», 1987 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Осы  XVIII    ғасырдағы  қазақ  халқының  даму  сипаты  өте  қиын  кезеңдердің  бірі  болған.   Осы  біздің  би – шешендеріміз,  ақын – жырауларымыз  болмаған  да  біз  бұл  тарихтар  жайлы  білмейтін  едік.  Ақын,  жырау,  шешендеріміз  болмағанда  бәлкім  қазақ  халқы  жойылып  кетер  ме  еді.

ХVIII  ғасырда әдеби өмір жандана түседі. Ғасырдың алғашқы ширегінде  топандай басқан жоңғар шапқыншылығы және ақтабан-шұбырынды, алмағайып кезең, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер бұл кездегі қазақ поэзиясының идеялық бағыт-бағдарына, тақырып аясына айрықша ықпал етті. Ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да ақын-жыраулар өнер намасында өзінің көркемдік шешімін табады.

Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны әсіресе Ақтамберді жырау (1675—1768) шығармаларынан айқын көрінеді, Ақтамберді өз толғауларында жау қолында қалған жерлерді азат етер күнді аңсайды, исі қазақ болып атқа қонуды, ойраттарға күйрете соққы беруді армандайды, жұртшылықты ерлікке үндейді, жауға тайсалмай шабуға жігерлендіреді. Ақтамберді өнер намасындағы отаншылдық, патриоттық сарындар XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының бағыт-бағдарын, өзекті ойларын айқын танытады.

Осы кезеңде өмір сүрген тағы бір талантты жырау Үмбетей (1706—1778) мұрасындағы жетекші тақырып — сырт жауларға қарсы күресте көзге түскен ел қорғаны батырларды мадақтау. Әсіресе жыраудың Бөгембай батыр атына қатысты жырлары халық арасына кең тарады. Бұл шығармаларында Үмбетей Бөгембайдың жеке басының ерлігін, қолбасылық қызметін, адамгершілік қасиеттерін, әсіресе патриотизмін негізге ала отырып, халық бақыты жолындағы күрескер, ел тұлғасы — азаматтың биік бейнесін жасайды. Сонымен қатар Үмбетей әр түрлі тақырыптағы тұрмыстық өлеңдерге де көңіл бөлген. Жырау қазақ аулындағы барымташылдық, зорлықшылдық,  ру таласы сияқты жарамсыз мінездерді сынайды.                

Үмбетейдін, замандасы,   жорық жыршысы болған Тәтіқара ақын өзінің 1756 жылы Қазақстан   шегіне басып кірген   Цин әскерлеріне          қарсы күрес кұндерінде    туған жырларымен    аты шығады.    Қазақ халқының шүршіт басқыншыларына    қарсы    ерлік күресіне қолына қару алға қатысқан Тәтіқараның ұрыс-соғыстар үстінде, от жалында  туған патриоттық    мазмұндағы жырлары өз кезінде жұртты тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдыруда игілікті қызмет атқарды.   XVIII ғасырдағы   қазақ әдебиетінің   ең соқталы   екілі — Бұхар  жырау (1668—1781). Арқалы жырау, қабырғалы би Бұқар өз тұрсындағы қазақ хандығының бас идеологы болады. Ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды. Хандықтық нығаюы, хан үкіметінің берік болуы жолында күреседі. Өз шығармаларында Абылайды сырт жауларға қарсы күресте айрықша қайрат көрсеткен қайтпас батыр, ел қамын жеген көреген көсем ретінде бейнелейді. Тәуелсіздік жолындағы соғыстарда ерлігімен дараланған батырларды мадақтайды.

 

Мазмұны

 

  1. Кіріспе

 

1 тарау.  XVIII ғасырдағы     жыраулар   поэзиясының  даму  сипаты.

  1. тарау. Би шешендер шығармашылығының   даму  ерекшелігі.
  2. тарау. XV ғасырдағы ақындар поэзиясының   ерекшелігі.

 

Қорытынды.