АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: ХХ ғасырдың 20-30 жлдарындағы психология дағдарысы

 

 

 

 

                                      Жоспар

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім

а) Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар

б) ХХ ғасырдың 20-30 жлдарындағы психология дағдарысы

в) Батыстың психологияның бүгінгі даму бағыты

г)  Казакстандагы психологияның қазіргі бағыттары

 

ІІІ. Қорытынды 

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы тыным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызығушылық уақыт озуымен бірге өрістей түскен, Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жаөты зерттелетін объекті, ал ғылымдардың әрбірі өзіне тән ерекше көкейкесті мәселелермен айналысады. Солардың ішінде қоғамдық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуі тіпті м.мкін емес… Л.С.Рубинштейн «Жалпы психология негіздері» атты еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр: олар біздің қабылдауымыз, сезіміміз, ойларымыз, ықылас-ниеттеріміз бен тілектеріміз, т.б. яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны», — деген. Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі әр тұлғаның өз меншік толғанысының болуы, ол түйсік сезімінен ғана көрінеді де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ, Мысалы, қаншалықты әдемі, нәрлі суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын сезінуі қиын; керең тікелей қабылдамаған соң, ән-күй әуенін танымайды; махаббат ләззатына өзі бөленбеген адамға ол жөніндегі әңгіме-дастан да түкке де тұрмайды.

         Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылысм құбылыс болуында. Себебі, әрқандай нақты заттық өзі мен оның қабылданған кейпі бір-бірімен ажыратылып тұратыны даусыз. Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін сезіп, білген. Осыған орай адам ұстамға келетін тәннен және көрінбейтін жаннан бірінен-бірі бөлінбейтін дербес екі бөліктен тұрады деген сенім туындады; яғни адам өлмейінше, жан оның тәнінде жасап, өлгеннен соң тәннен шығып кетеді-мыс. Ал адам ұйқыдағы кезде, жан оның тәнінен уақытша ажырап, қандай да бір басқа жерге ауысады. Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бірінін екіншісі жөніндегі қарапайым тұрмыстық психологияға тән пайымдаулары жинақтала берді. Адам психика жөніндегі кейбір түсініктерді өз өмір тәжірибесі негізінде топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінісуге, бірлікті тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын құрады. Осы біршама біліктер әр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық-әрекетіне орай қатынас жасауға көмегін тигізді. Бірақ мұның бәрі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дәлелсіз. Оларды біз күнделікті тұрмыстық тәжірибемізден ғана үйренбестен, көркем әдебиеттен, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен ұғып, түсініп келді. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары нақ осы өмір тәжірибесі мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келіп шығады.

           Психологияның жантану ғылыми ретінде мәні неде? Оның ғылыми пәні не?

           Бұл сұраққа жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияның әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеріп бара жатқанын байқаған жөн. Психология өте ежелгі де, өте жас та ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы әлі алда. Психологияның  дербес ғылыми сала болып танылғанына енді ғана жүз жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғыиғында бастау алған пәлсапамен бірге келе жатыр.

         ХІХ ғ. соңы —  ХХ ғ. басында танымал ғалым Г.Эббингауз психология жөнінде қысқа да дәл былай деген: Психология тарих алдында ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанымыз психологияның фәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзінің эксперименттік зерттеулерін ұйымдастыра бастаған дәуірі. Бұл ХІХ ғ. кейінгі ширегі болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңінде өріс алды. Осыған орай психология адамы туралы ғылыми түсініктердің жалпы контекстінде дамиды. Олар әрбір нақты тарихи кезеңдерде психологиялық ағымдарда жазылып көрсетілген. Бұл – оқу процесінің психология теориялары үшін қашанда табиғи зерттеу «полигоны» ретінде болуымен байланысты. Психологиялық процесті ұғынуға ықпалын тигізе алатын психологиялық бағыттар мен теорияларды нақтырақ қарастырайық.

          Ассоциативтік психология  (XVIII ғасырдың ортасынан бастап Д.Гартли және ХІХ ғасырдың аяғына дейін – В.Вунт), түп тамырында психикалық процестердің байланысты ретіндегі ассоциация механизмдері мен психика негіхдері ретіндегі ассоциациялардың белгілі бір түрлері анықталған Ассоциацияларды зерттеу материалдарында еске сақтау мен үйренудің ерекшеліктері зерттеліп қарастырылған. Осы жерде, психиканың ассоциативті баяндауының негізін Аристотель (384-322 ж. біздің эрамызға дейін салғанын айта кету қажет, оған «ассоциация» түсінігін, оның түрлерін енгізу, ақыл-парасатын екі түрін теориялық және практикалық деп ажырату, қанағаттану сезімін үйрену факторы ретінде еңбектері тиесілі.

         Ассациативті психология – негізгі түсіндіруші принцип ретінде ассоциация ұғымын қолданатын психологиялық бағыттар; алғаш негізін салған – Аристотель.

         Ассоциационизм – дүниежүзілік психологиялық ойдың негізгі бағыттарының бірі. Психикалық процестердің динамикасын ассоциация принципімен түсіндіріледі.

        Ассоцияция  — 1) неғұрлым жалпы мағынасы – екі не одан да көп элементтердің арасындағы анықталған кез келген функциялық байланыс; 2) бихевиоризмдегі үйрену теориясында стимулдар мен реакциялар арасындағы байланыстар немесе бірігу. Бихевиористер сол байланыстың табиғатын ұғуға тырысты: 3) қайсыбір стимул немесе оқиға әсерінен алынған нақты психологиялық тәжірибе: мысалы, «ауыл» деген сөзді естігенде, бірнеше ассоциация пайда болады; 4) статисткада – бір айнымалыдағы өзгеріс дәрежесінің екінші айнымалыдағы өзгерістері; 5) психологияда сыртқы және ішкі тітіркендіргіштердің әсер етуінен туатын адамның психикалық процестері мен қимыл-әрекеттерінің байланысы. Ассоцияция адамның бұрыңғы тәжірибесі негізінде пайда болып, заттар мен құбылыстардың кеңістік-уақыт қатынастары мен (кеңістік пен уақыт ішіндегі іргелестік ассоциациясы, мысалы, көктем мен жасыл шөптің шығуы, олардың ұқсастығын (ұқсастық ассоциацмясы, мыс. Жапырақ сылбыры мен сыбырласуы немесе қарама-қарсылығын бейнелеуі мүмкін (қарама-қарсылық ассоциациясы, мыс. Күн мен түн, кәрілік пен жастық). Ассоциация туралы ұғым XVIII-XIX ғасырлардың философиялық жүйелері үшін басты ұғым

         Дж. Уотсонның (1912-1920 және Э.Толмен, К.Халл, А.Газри және Б.Скиннердің (ХХ ғ. бірінші жартысы необихевиоризмі. ХХ ғасырдың ортасында-ақ Б.Скиннер опепантты мінез-құлық тұжырымдамасы мен бағдарламаланған оқыту тәжірибесін жетілдірген. Э.Торндайктің жұмыстарының бихевиоризмінің алдын алуы, Дж.Уотсонның ортодоксалды бихевиоризмі және бүкіл необихевиористік бағыттардың еңбегі үйренудің тұтас тұжырымдамасын жетілдіру болып табылды, бұл тұжырымдама оның заңдылықтарын, фактілерін, механизмдерін қамтиды.

           ХХ ғ. екінші он жылдығында психологияның және бір бағыты пайда болып, оның өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негізінен адам козғалысының жиынтығы — әрекет-қылық еді. Бұл бағыт (ағылшын. Behaviour – қылық аталып, психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады. Бихевиоризмнің ірге тасын қалаушы Дж.Уотсон психологияның міндетін қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық-әрекетін зерттеу деп білді. Тек бір онжылдықтың өзінде-ақ бихевиоризм бүкіл дүниеге тарап, психология ғылымының ықпалды бағыттарының біріне айналды.

         Бихевиоризм – ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптасқан, сырттай бақыланатын мінез-құлықты психологияның пәні ретінде түсінетін механикалық түсініктегі психологияның калссикалық бағыттарының бірі. Бұл бағыт психикалық құбылыстардың бәрі организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге әсерленуіне орай дамиды, белгілі себепке, ынталандыру мен жағдайға байланысты болады деп санайды.

          Бихевиоризм жиырмасыншы ғасырдағы психологиядағы басты бағыттың бірі. Бихевиоризм негізінде адам мен жануарлардың мінез-құлқын сыртқы ортаның әсер етуіне организмнің беретін жауабының жиынтығы деп түсіну жатыр. Бихевиоризмнің негізін американдық психолог Дж.Уотсон (1878-1958) қалады.

            Сонымен, психоллгия өз даму жолында бастапқыда – жан туралы ғылым, кейін жансыз ғылым, ақырында санасыз ғылымға айналды. Әрине, қылық-әрекетті бақылаумен объективтік деректерді зерттей аламыз, бірақ мұндай объективтік жалған, себебі біздің әрқандай әрекет-қылығымыздың астарында өзіміздің ой, сезім ниеттеріміз жатыр. Сондықтан осы ой, сезім, ынта-ықыласты білмейінше, әрекет-қылықты тану мүмкін емес.

           Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана екінші, одан туындаушы, яғни объектив дүниенің мидағы бейнесі. Осы түсінікке орай материалдық болмыс (заттар, дүние құбылыстары пен идеалдық (заттық дүниенің сезім, ой т.б. түрінде бейнеленуі бір-біріне тікелей қарама-қарсы. Бірақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебі түйсік, ой, сезімдер т.б. материалдық органның мидың әрекеті, сыртқы тітіркендіру энергияларының сана өміріне айналуының нәтижесі. Психика, сана ми қызметінен ажырауы мүмкін емес, олардың басқа жасау тәсілі жоқ. Материя, психика және сананы бұлайша түсіну диалектикалық матерриализмнің дүние заттығы жөніндегі ережесімен түбегейлі сай болып тұр. Әлемде әр түрле қасиеттерге ие, мәңгі қозғалыста болып, мәңгі жасаушы материядан басқа ешқандай бастау болуы мүмкін емес. Материяның қозғалысы бұл тек орын ауыстыру емес, оның қалаған өзгерімі, құбылуы, бір күйден екінші күйге түсуі.

          Материяның дамуы – бұл оның қарапайым формадан жоғары формаға жетілуі, қарапайым қозғалыстан жоғары қозғалысқа өтуі. Алғашқыда тек органикалық емес материя, өлі табиғат болды. Дамудың белгілі бір сатысында, өзінің ұзаққа созылған эволюциясының нәтижесінде материя органикалық қасиеттерге ие болды, материя қозғалысының жаңа формасы мен жаңа қасиеті өмір, табиғат жиынтығына енді. Табиғаттың даму процесінде өсімдіктер,жануарлар, келе-келе материяның ең жоғары туындасы санаға ие адам пайда болды. Ғылыми психология тірек еткен диалектикалық материализм категориялары жүйесінде бейнелеу теориясы басты маңызға и,. Себебі осы категорияға орай психиканың жалпылама және мәнді сипаты ашылады; әрқандай психикалық құбылыстар объектив шындықтың субъектив бейнеленуінің түрлі формалары мен деңгейлерін көрсетеді. Бейнелеу теориясы психология ғылымының мәнін анықтауда, оның әдістерін таңдауда, деректер, түсініктер, тұжырымдар тобынан қажеттісін ажыратуда жалпы әдіснамалық бағдар рөлін атқарады.

          Психикалық құбылыстың органикалық материя қасиеті ретінде сапалық ерекшелігі неде?

         Барша материя бейнелеу қасиеттіне ие. Психика-материя қасиеті, мидың қызметі болумен психика дамуының алғы шарты бейнелеудің ерекше формасы. Психика материяның даму желісінде, оның бір қозғалыс формасынан екіншісіне өзгеріп барады. Биологиялық эволюция барысында заңдылықты пайда болып, психика сол эволюцяның маңызды фактор бірлігіне айналады. Бейнелеу қасиеті негізде организмнің қоршаған ортамен кең салалы және сан алуан байланыстары түзіледі.

        Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша, тіршілік иесінің ішкі психикалық өмірі болуы мүмкін емес, яғни сана, психика өзінен тыс және тәуелсіз жасайтын танымды болмыстың бейнесі. Егер де осы жөнінде әңгіме қозғау қажетсіз. Әрқандай психикалық акт нақты болмыстың бір бөлшегі әрі оның бецнесі болып табылады.

         Соынмен, психиканың қызметі, біріншіден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстыратын бейнелеу, екіншіден осының негізінде адам қылығы мен қызмет әрекетін реттестіру. Психиканы диалектика-материалистік тұрғыдан қарастыру әрқандай ішкі жан-күйлік құбылыстардың өзімен өзі шектелмегенін, шындықтан бөлінбей, онымен түбегейлі, әрі тығыз байланыста екенін танытады.

         Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми білімдердің құрамы неден тұрады, яғни пәні не? Бұл-ең алдымен психикалық өмір деректері. Мысалы, психикалық дүние дерегі ретінде адамның тәжірибе топтау қабілеті-жад, есті қарастырайық. Есте болсын, ғылыми жантану психологиялық құбылысты тек суреттеп баяндаумен шектеле алмайды, оның міндеті түсіндіру, яғни осы деректер мен құбылыстарды басқаратын заңдарды ашып, олардың мәнін айқындап бері. Әрқандай ғылым мақсаты зерттелетін процестер мен құбылыстар бағынатын объектив заңдарды белгілеу. Теориялық және эксперименталды зерттеулердің бәрі нақ осы мақсатқа бағдарланған. Ғылыми танымның өзі құбылыстар арасындағы мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанып жүретін байланыс, қатынастарды білуден келіп шығады. Мысалы, ес өзінің қызметтік заңдылықтарына бағынады. Естің түрлері, болатына белгілі. Жақсы есте қалдыру тәуелді екенін білеміз, байланыссыз материалға қарағанда, жоспарланғаны жеңіл әрі тез еске түсетіні мәлім.

       Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап объективтік заңдарды ашып қаға қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да, психология зерттеулерерінің объектісі психологиялық деректермен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.

        Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу өздігінен заңдалықтарды іске асыратын нақты тетіктерді ашып бере алмайды. Осыдан психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық іс-әректтті қозғаушы механизмдерді деанықтап білу. Ал енді сол механизмнің қандай да психологиялық процесті орындайтын нақты анатомия-физиологиялық аппаратты іске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнің табиғаты мен әрекетін психология басқа ғылымдармен бірлікте зерттейді.

Іс-әрекет пен қылықты бағыттап, реттеуде бірінші сигналдық жүйе адам өмірінде де үлкен маңызға ие. Бірақ адамның жануарлардан ерекшелігі, онда бірінші сигналдық жүйе мен қатар екінші сигналдық жүйе болады. Екінші сигналдық жүйенің болмысы, яғни «сигналдар сигналы», — деген сөз.

          Сонымен, психика – ми қасиеті. Түйсік, ой, сана-ерекше тәсілмен ұйымдасқан материяның ең жоғары өнім туындысы. Организмнің психикалық әрекеті көптеген дене мүшелерінің қызметі арқасында жүзеге келеді. Олардың бірі әсерлерді қабылдайды, екіншілері оларды сигналға айналдырып, іс-әрекетті жоспарлап қадағалап отырады, ал үшіншілері – бұлшық еттерді, әрекетке келтіреді. Осы күрделі жұмыстардың бәрі қосылып, қоршаған ортада адамның жол тауып жүруінің белсенді құралы болмақ.

        ХХ ғ. Басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс-экономикалық талаптарына орай сана психологиясының дағдырысы қылаң берді. Интроспекттік психология практикалық қолданба енгізулерді қажет еткен капиталистік өндіріс проблемалары алдында өз дәрменсіздігін байқатты. Оның субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіліктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа, объектив әдістер тұғырына орнықтыру жолдары іздестіріле бастады.

          Сана психологиясының дағдрысы, сонымен, бірге, ағыср аяғында Францияда кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағ зерттеулердің нәтижесімен де байланысты еді. Бұл зерттеулер адам психикасының кейде саналы басқарылмайтын құбылыстармен көрініс беретінін дәлелдеді. Мұндай бейсанаға тәуелді әрекет-қылықтар эксперименталды және клиникалық талдауға алынды. Осының нәтижесінде психология сана жөніндегі ғылым емес деген пікір пайда болды.

            Бұл дәуірдегі психологияның қарқыны дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл ілімге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тіршілік иесінің икемдесу әрекетінен ажырауы мүмкін емес деген тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция әдісін қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды.

            Осылайша әртүрлі ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бірнеше жаңа психологиялық теориялардың туындауына себепші болды.

            Олар тұтастықты (гештальт) элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі заңдылығының туып, өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын, тек баяндауға ғана келетін құбылыс деп пайымдайды.

            Гештальт психология (М.Вертгеймер, В.Келер, К.Коффка – ХІХ ғ. басы), К.Левиннің мінез-құлықтың динамикалық жүйесі тұжырымдамасы немесе алаң теориясы, Ж.Пиаженің генетикалық эпистемиологиясы немесе интеллектің кезеңдеп дамуы тұжырымдамасы, ол инсайт, мотивация, интеллектуалды даму сатылары, интериозация, түсініктерінің қалыптасуына үлес қосқан (оларды сондай-ақ, әлеуметтік бағытта жұмыс істейтін француз психологтары А.Валлон, П.Жане қарастырған).

            Гештальтпсихология – 1912 жылы Германияда пайда болған шетелдік психологияның идеалистік сенсуалистік бағыты. Басты өкілдері М.Вертхеймер (1880-1944), В.Келер (1887-1967) және К.Коффка (1886-1941). Гештальт теориясы.

            Гештальтпсихология – ХХ ғ. Бас жағнда Германияда пайда болған психологияның бір бағыты; психологияның негізін түсіндіруші принципі ретінде психикалық элементтердің біртұтас бірлігі – гештальтті ұсынады.

             Гештальтизм. Гештальтпсихология (немістің – gestalt – бейне, кескін үйлесімі деген сөзінен алынған) Германияда бихевиоризммен бір мезгілде пайда болды. Бұл бағыттың негізіне М.Вертгеймердің (1880-1944). В.Келердің (1887-1967), К.Коффканың (1886-1941) еңбектері алынды. Бұл мектеп көп жағдайда бихевиоризмге және бұрыннан өмір сүріп келген психологиялық бағыттарға қарсы шықты. Гештальтпсихология бихевиоризмді мінез-құлықтың оқшау сегменттерін зерттегені үшін сынады. Гештальтпсихология бойынша, мінез-құлық тек рефлекстер шоғыры емес, күрделірек құбылыс. Ол тұтас нәрсе. Сөйтіп психикаға тұтас нәрсе ретінде қарауды гештальтистер басқа барлық бағыттырдағы атомизмге қарсы қойды. Тұтас құрылым сапасы бүтінді құрайтын элементтер жиынтығына айнала алмайтын және олардан шығарылмайды да. Керісінше, бүтін элементтердің сапалық ерекшеліктерін белгілеп берді.

             Гештальтпсихологияны жақтаушылар қабылдау саласында да көптеген зерттеулер жүргізді. Қабылдаудың түйсіктен сапалық айырмашылығы бар екенін және олардың жиынтығы емес екендігін көрсетті. Қабылдау актісіндегі фигура мен фон қатысының мәні ашылды және бейненің қалыптасуындағы контурдың ролі аталып көрсетілді. Гештальтпсихологияның эксперименттік зерттеулерінің негізгі кемшілігі – түйсіктер комплекстері ретіндегі заттар туралы махистік идея болды. Мұның өзі қабылдаудың шынайы мазмұнын, оның сыртқы ортамен байланысын теріске шығарды.

              Гештальпсихологтар өздерінің интеллект туралы теориясын бихевиоризм теориясына қарсы қойды, олар интеллекті стимул-реакция схемас бойынша түсіндіру соқыр практикалық соқыр әрекетке әкеліп ұрындырады деп санады. Келер интеллекті зерттеу объектісі етіп шимпанзені таңдап алды. Оларды жабық орындарда, Торндайк мысықтарының жағдайларына  ұқсас күйде ұстады. Мәселен, тордың ішінде таяқ, сыртында банан жатты. Маймыл бананды бірнеше рет ұмтылып, ала алмағаннан кейін бос әурешелікті қояды, бір сәт ойланып қалғандай болады, содан соң таяқты алып, соның көмегімен жемісті алып жейді.

             Келер жануарлар мәселені жағдайды сәтінде өзгерту арқылы шешеді деп санады. Соның нәтижесінде жағдай элементтері басқа, жаңа өзара байланысқа түседі, жаңа мағынаға ие болады (тақтайша мақсатқа жету құралы ретінде қызмет атқара бастайды). Бұл құбылыс инсайт (инсайт – ұстау, түсіну, «ә, солай екен-ау» деген шешім) деп аталды және байқап көру-қателесу әдісіне қарсы қойылды. Келер, «инсайттық» мінез-құлықтың көріп қабылдаумен тығыз байланыстылығын және көп ретте «жағдайды оптикалық түсінумен» анықталатындығын атап көрсетті. «Инсайт» терминінің мазмұны толық нақтыланбағанымен ол ойлау қабілетінің творчестволық сипатын, яғни оның байқап көру-қателесу әдісінде қарастырылмаған маңызды жағын баса көрсетуге мүмкіндік туғызды.

               Психологияны дамытуға гештальтизмнің қосқан үлесін бағалай келіп, төмендегілерді атап өтелік. Гештальтистер психологиядағы ассоциация принципіне күдікпен қарады. Олар күрделі психологиялық күрделі құрылымдардың өзіндік сапалық өзгешеліктерін атап көрсетті, оларды тұтастыра зерттеу бұл құбылыстарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Бірақ талдау мен жинақтауды бөліп қарағандықтан олар жай нәрсені күрделі нәрседен бөліп тастады. Қайсыбір ғалымдар соның салдарынан тіпті түйсікті құбылыс ретінде сойындамады. Гештальтпсихология зерттелуі ғылымның негізгі міндеттерінің бірі болып табылатын қабылдау және жемісті де творчестволықпен ойлау мәселелеріне назар аударды.

            Жаңа теория өкілдері сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат етіп қойды.

              Бихевиоризм – ХХ ғ. Американ психологиясының басты бағыты; ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп білді. Бихевиоризм теориясы негізінде адам мен хайуанаттардың әрекет-қылығы сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр. ХІХ-ХХ ғ. Тоғысында бихевиоризм психологиясы жануарлар психикасын эксперименттік талдауға салу нәтижесінде пайда болды. Мұнда адам психикасын зерттеуде қолданылатын өзін-өзі бақылау тәсілін пайдалану мүмкін болмағандықтан, эксперимент жасау әдісі іске қосылды. Бұл әдісті бихевиористер адам психикасын зерттеуге де қолданды. Бихевиоризмнің жалпы әдіснамалық алғы шарты позитивизмнің философиялық принциптерінен шығады. Осы принциптерге сәйкес ғылым тек бақылау жүргізіп отырған затын баяндауы тиіс, ал бақылауға тікелей берілмеген мәліметтермен ішкі механизмдерді талдау алдамшы болады. Осыдан барып, бихевиоризм психологиясы сананы емес, әрекет-қлықты зерттеуі керек деген негізгі тезис тұжырымдады. Бихевиористер сана деп адамның тек басынан кешкен субъективті мағлұматтар жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниені бейнелейтін мидың нақты қызметі екенін олар мойындамайды, сөйтеді де психиканң материалдық субстратын құрайтын ми физиологиясына қарсы шығады. Бихевиоризм теориясын қалаушы – Э.Торндайк. Ал оның бағдарламасын жасап, «бихевиоризм» терминін енгізген Дж.Уотсон. Бихевиоризм тағлиматының кризистік халге жетуі – сана, ойлау, ерік сияқты негізгі ұғымдарды психологиядан шығарып тастап, психиканың әлеуметтік жағн ескермеуінде.

Гештальтпсихологияның тұтастық идеясы динамикалық ситуация мен оның формальды құрылымының бір бүтіндігі негізінде іс жүзіне асырылды. «Гештальт» ұғымын алғашқы ендірген Эренфельд. Оның айтуынша, бұл ұғым мынадай мазмұнды қамтиды: айлатық, бірнеше дыбыс тітіркендіргіштері іркес-тіркес берілді дейік. Сонда, бұл дыбыстар бір-бірімен байланыссыз әсерлер ретінде қабылданбай, белгілі құрылымы бар, сол дыбыстардың «гештальты» болып табылатын «әуен» ретінде қабылданады.

           Гештальтпсилохогия бағытының осал тарапы психологиялық құбылыс бейне мен оны туындататын нақты әрекет арасындағы байланысты жоққа шығарғандығы. Гештальттылар ұғымы бойынша бейне тек өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мәнді құбылыс саналды, оның нақты заттық дүниемен байланысы сыр күйінде қала берді. Осы екі маңызды категориялардың (бейне мен нақты дүние) басын қосып, психологиялық болмысты талдаудың ортақ жүйесін бере алмағандықтан, гештальтпсихология ғылыми мектебі соғыс алды жылдарында тарады.

           Генетикалық психология. Швейцария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық психология теориясы психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж. Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді.

           Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-есінің қалыптасуына назар аудара оытырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интелллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдады.

          Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектінің құрылымын зерттеу. Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тіршіліктің эколюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни интеллекттік күрделі ақыл-естің жай психикалық элементтерден құралатына дәлелдемекші болды.

          Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі – баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-естің өрістеу тұғырын инетеллекттің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады.

          Пиажеңің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі айлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен-өзі бітбейінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын, оның санасының жан-жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре білмеді.

           Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқыкемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтеді оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік-қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.

          Фрейдизм. Негізін австриялық психолог З.Фрейд қалаған, жеке адамның жан төркіні, дамуын иррационазм (саналы дәлелі жоқ) мен мистика сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Алғашқыда есі ауысу сырқатына тап болғандарды емдеу  мен олардың сырқатының табиғатын түсіндіруге бағышталған бұл ілім кейін адам жөніндегі жалпы тағлимат дәрежесінде ұсынылды. Фрейдизм ілімінің негізгі сарыны: адам табиғаты астар санадағы психикалық күштер (олардың ішіндегі ең бастысы – либидо) мен сол адамға жау әлеуметтік ортада тіршілік сақтау қажеттігі арасындағы мәңгі өшпес келіспестік пен арпалыста дамиды, қалыптасады.

           Фрейдизм – австриялық ғалым З.Фрейдтің (1856-1939) есімімен аталатын психологиядағы бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады. З.Фрейдтің зерттеуі бойынша, адам мінез-құлқының қорғаушы күші мен шешуші факторы либидо болып табылады. Мұндай либидо мен сезім әрекетін ол санадан тыс табиғи қажеттілік деп санады.

          Психологиялық бұл бағыттың осылайша аталуы австриялық психиатор З.Фрейдтің (1856-1939) есімімен байланысты. Оның концепцияларының қалыптасуы ХХ ғасырдың басына жатады. Буржуазиялық қоғамда дрейдизм бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жиырмасыншы жылдарда кең тарала бастады.

          Фрейд жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге назар аударды және оны зерттеу объектісіне айналдырды. Ол адам өзінің қылықтарының туу себебін кейде түсіндіріп бере алмайды деп атап көрсетті. Оларды санамен аңғартуға болмайды және бұлардың нақты себептерін ғана түс көру, сандырақтау, ырықсыз қозғалыс сияқты құбылыстарды зерттеу арқылы анықтауға мүмкіндік туады. Мінез-құлықтың түпкі себебін түсіндіру және оны адам, оның ішінде психикалық ауруға ұшырағандарды саналы түрде аңғаратын ету – Фрейдтің санасыздықты зерттеу үшін жасап шыққан әдісі – психиканы талдау әдісінің міндеті.

           Фрейд жеке адамның бүкіл дамуын туа біткен екі инстинктен – тұқым қалдыру, және өмірді сақтаудан шығарады.

           Бұл қара күштер адамды іштей билеп, оны жыныстық қатынас пен өлім үрейінің дәрменсіз ойыншығына айналдырады. Қоғамда өмір сүре оытырп, адамдар бұл күштерді белгілі дәрежеде тұншықтырып, санасыз қылықтар жағына ығыстырады, оның орнын қоғам рұқсат еткен іс-әрекеттер басады. Мәселен, фрейдистер творчествоның бәрін санасыз түрде жыныстық қанағатқа талпылудың көрінісі деп қарастырды.

           Жеке адамды оның қалыптасуының әлеуметтік жағдайларынан толық бөліп алу, санасыздықты, биологиялық негізді алға қою – фрейдистер теориясының мәні міне осында. Фрейдизм – жеке адам психологиясындағы ең реакцияшыл бағыттардың бірі. Санадағы әлеуметтік фактордың ролін жоққа шығара отырып, ол мұнысымен буржуазиялық қоғамдағы билеуші таптардың былығы мен қылмысты қылығын ақтайды.

           Фрейдизм психиканың энергетикалық, мотивациялық жақтарына назарды аударғанымен және санасыздық, оның санаға қатысы проблемасын алға қойғанымен бұл проблеманың қойылуы мен шешуін фрейдистер жұмбақтандырып, мүлде шатыстырды. Кейбір жеке байқаулар мен методикалық тәсілдер болмаса, олардың теориялық құрылымы сындарлы сынға төтеп бере алмайды.

           Қоғам өзінің шектеулерімен адамды күйзеліске түсіреді, оның санаға бағынбайтын құмарлықтарын басуға тырысады. Сондықтан бұл көңіл шарпулары және сезім көріністері айналма жолдармен невротикалық белгілер түрінде жарыққа шығады (түс көру; қате жаңсақ сөйлеу, жазу; қажет, бірақ ұнамсыз болғанды ұмыта қалу, ойланбай айтып салған оспақ әзіл т.б.). Осыдан З.Фрейд адам іс-әрекетінің бәрі объектив болмыс туындатқан сана басқарымында болмай, адамның өзі сезе бермейтін бейсанадағы ықпалдар жетегінде жүреді деген тұжырымды бетке ұстайды. Санада ешқандай күш жоқ, яғни организм мен қоғам адамның саналы күтілмеген көңіл шарпуларының илеміндегі қамыр. Фрейдизм, ақырында, адам қылығы қоғамдық даму заңдарына бағынбай, иррационал психикалық күштер ықпалында болуын дәріптеуінен, адам әрекетінің бәрі агрессив, оны тәрбиемен өзгерту мүмкін емес деген реакционидеяның арқауына айналды.

         Ашық дағдарыс кезеңдерінде пайда болып, кейін елеул өзгерістерге кезіккен айтарлықтай маңызды теориялық бағыттар 60 жылдардың басында өздерінің бұрыңғы абыройынан айрыла бастады. Әрекет-қылық пен психиканы түсіндірудегі теориялық ішкі қайшылықтар олардың негізгі бастау позицияларын қайта қарастыруды талап етті. Бұл дағдарыстардың аса бір мәнді себебі-экспериментальды зерттеулер мен теориялар саласында жаңа өнімді көзқарас, бағыттардың туындауынан болды: танымдық іс-әрекет зерттеулері аймағында – когнитивтік психология, гуманистік психология, ми жөніндегі ғылымдар шеңберінде адам санасын зерттеуге орай – нейрофизиология, нейроморфология, нейропсихология, қанат жайған және бір бағыт-бұл адам психологиясы еді.

          Осы ғылыми-теориялық бағыттардың қысқаша сипаттамасына тоқталайық.

          Қазіргі заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивтік психология болды. 60-жылдардың аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиористердің әрекет-дылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуды ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым сахнасына келген еді. Когнитивтік психология необихевиористер зерттеулерінің нәтижесінде пайда болып, белсенді мағлұмат жинау мен ақпарат өңдеуші адам организмі жүйелі құрылым деген танымды әрі жалғастырды, яғни адам әрқилы ақпараттарға ықпалды әсер етуге қабілетті: бөтен таңбалар формасына келтіре алады, одан әрі өндеу үшін өз қажетіне керек ақпаратты бөліп алады немесе керексіз мәліметті жүйеден бүтіндей аластайды. Конитивтік психологияның көрнекті өкілдері Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер. Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон.

           ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Г.У.Найссер, М.Бродбент, Д.Норман, Дж.Брунердің және басқалардың когнитивті психологиясы білімге, хабардар болуға, семантикалық есті ұйымдастыруға, болжаушылыққа, хабарды қабылдау және қайта өңдеуге, оқу және түсіну процесіне, когнитивтік стильдерге аса көңіл бөлген.

          Бұл бағыттың бұл күнде бірнеше салалары бар. Солардың ішінде ең танымал болғаны есептеу варианты, мұнда танымдық процестер шектен тыс механистік негізде түсіндіріледі: психика сигналдарды өзгеріске келтіруші тұрақты қабілетке ие тетік күйінде қарастырылады. Әсіресе таным процесіндегі ішкі когнитивтік құрылымдар мен ізденуші организм белсенділігіне аса мән беріледі.

         Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер – ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау ойлау, зейін, қиял және танымдық даму. Бұл таным психологиясының әдістері жеке адамның көңіл-күйі мен себеп –түркілерін, сонымен бірге әлеумет психологиясын зерттеуге де қолданылды. Адам танымының барлық формалыры электрондық есептеу машиналарында ұқсастығымен ақпарат жинау және өңдеудің бір ізді блоктары ретінде бағаланды. Адамның ақпарат өңдеу, сақтау және пайдалануына байланысты танымдық белсенділігінің белгілі деңгей дәрежесінде көрінетіні жөнінде пікір пайда болды. Ес, қабылдау процестері, зейін, ойлау мен оның сөзбен не сөзден тыс берілетін біліктері көптеген құрылымдық моделдерге келтірілді.

             Дегенмен, когитивтік психологияда танымдық процестерді жете түсіндіре алған тұтас бір теория қалыптаса қоймады. Субъект проблемасынан алшақ тұрумен, когнитивтік психология психикалық әрекеттің иесі деп әсерленген бір дерексіз бастаушыны мойындауына мәжбүр болды. Когнитивтік психологияның бұдан былайға өміршеңдігі осы әдіснамалық қиыншылықтан құтылудың жолын табуға байланысты. Оны уақыт көрсете жатар.

           Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тікелей қарсылығымен танылған ірі бағыттардың және бірі-бұл гуманистік психология. Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты – бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманист-психологтар салауатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Мұндай міндетті бұл уақытқа дейін ешбір психологиялық ғылыми мектеп өз мойнына артқан емес еді. Бұлар талдауындағы жеке адамның мақсаты — өзін-өзі кемелдендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып жая білу.

          А.Маслоу, К.Рождерстің ХХ ғасырдың 60-90 жлдарындағы гуманистік психологиясы «клиентке негізделтену» терапия тұжырымдамасын, өзін-өзі өзектендіру, адамзат қажеттіліктерінің пирамидасы, фасалитация категорияларын алға ұсынып, шәкіртке негізделген, оқытуға деген гуманистік көзқарасты қалыптастырған.

           Психологияның дамуына И.М.Сеченов, И.П.Павлов, К.Д.Ушинский. А.Ф.Лазурский, П.Ф.Лесгафт, Л.С.Выготский, П.П.Блонский сияқты және т.б. отандық ойшылдар, жаратылыстанушылардың жұмыстары үлкен ықпалын тигізді. Барлық отандық тұжырымдамаларға негіз болған – К.Д.Ушинскийдің (1824-1870) психологиялық антропологиясы. Онда оқытудың тәрбиелік сипаты, адамның іс-әрекеттік табиғаты бекітілген. Оқытудың әдістері мен мазмұны категориясын зерттеу – К.Д.Ушинскийдің еншісі.

            Гуманистік бағыт көрнекті өкілдерінің бірі Абрахам Маслоу еді. Ол жеке адам психологиясын есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін еместігін қадап айтқан. Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықласында деп деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік адамдарға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмтылу. Ч.Дарвин теориясын өзінше түсіндірген Маслоу, тек жыртқыш та күшті хайуанаттар ғана өмір сүруге бейімді деген Ч.Дарвиннің ұйғарымымен келіспей, бұл жануардың негізгі инстинкті еместігін дәлелдеуге тырысты: тоқ арыстан көрінгенге тап бермейді. Оның жыртқыштығы икемденудің амалсыз құралы. Маслоу жануардағы өз ұрпағын жалғастыруға деген инстинкт адамдағыдан бір де кем еместігін, ал сол инстинкт оларды бір-біріне көмектесуге мәжбүрлейтінін талай баса айтқан.

          Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адам өзінің барша мүмікндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жуктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндетті. Ал мұндай міндетті атқару қажеттілігі. Маслоуше, тек дені сау, салауатты адамдарда туындайды. Есі кеткендер мен жүйке сырқатына шалдықандар өз алдына мұндай талап қоя алмайды.

Сырқаттың өзі де адамның осы өз мүмкіншіліктерінен дұрыс та толық пайдалана алмай, қанағаттану рахатына бөленбегенінен болып отыр.

          Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге шығару тиіс. Егер онда құрттайынан актерлік байқалса ол актер болуға ұмтылуы тиіс, ойлау қабілеті дамыған болса ғалым болуға тырысуы қажет. Егер адам осыны істемесе, өмір жағдайлары бұған кедергі жасайтын болса, «болуы тиіс еді, неге болмады?» — деген шешімін таппай, өз бойы мен ойындағы бітпес дау-дамайға тап болып, жүйке сырқатына кезігеді.

          Өз мүмкіншілігін ашудың мәні не? Маслоу пікірінше, бұл – тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті. Әрбір адам қайырымдылық, адамгершілік, тілектестікке деген қажетсінумен дүниеге келеді. Бұлардың бәрі адам өзегінде, оның міндеті осы гуманистік қажеттерді іске асыруда белсенділік көрсету. Осы идеясымен Маслоу фредистер көзқарасына тікелей қарсы шықты.

           Маслоу бірінен біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіліктерін жіктеп, көрсетіп берді: 1) физиолгиялық қажеттіліктер, 2) қорғаныс қажеттіліктері, 3) қоректағамдық қажеттілктер; ослардың бәрінен жоғары адамгершілік қажетсінулер, яғни 4) шындық, қарапайымдылық, әділлікті керек ету. Міне, осылардың бәрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыауына байланысты адамда көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды. Қажеттіліктерге орай Маслоудың осы тұжырымының біз үшін аса қызықты тарапы: өзіндік кемелдену адамға тума дарығанына қарамастан, алдыңғы үш топ қажеттіктер орындалған жағдайда ғана шын мәніндегі өз көрінісін береді. Дұрыс тұжырым, алайда Маслоу тағлиматының кемшілігі де осы пікірде: егер кей адамдардың алғы үш топ қажеттіктерге орай қанағаттануы болмаса, онда әділдік, өз қадірін білу, сыйластық құсаған гуманистік қажеттіктер қалай қалыптасад? Бұл жағы Маслоу теориясында жұмбақ. Маслоу антропологиялық бағдар шырмауынан шыға алмай, қажеттіктердің әлеуметтік қорына мән бермеді.

          Маслоу теориясының басты кемшілігі – оның биологизаторлық пікірден аса алмағандығында, әлбетте, біздің қайырымды, игілікті болып дүниеге келетініміз, жаман болу біздің еркімізде еместігі-әрқайсысымыздың да көңілімізге қонымды. Бірақ инабаттылық қасиеттері табиғаттан берілмейтіндігін мойындаған жөн: қайырымды болап та туылатын адам жоқ, жатырынан жауыз болатын да пенде әзірге көргеніміз жоқ. Бұлардың бәрі өмір барысында қалыптасады. Адамгершілік, этикалық қасиеттерді тума құбылыс деп тану – биологизациялық дағдырысқа тірелудің басы.

          Біз жоғарыда айтып кеткен бағыт-теорияларды үш мезет сипаттайды: жоғары психикалық функцияларды оларды құрайтын табиғи процестер жағынан зерттеу; жоғары және күрделі процестерді қарапайымдарға келтіру; мінез-құлықтың мәдени дамуының өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтарын елемеу. Бұл кезеңдер ескі – субъективті, эмпирикалық психологияға да, жаңа – объективті психология – американдық бихевиоризмге де және орыстың рефлексологиясына да ортақ болып келеді.

         Ескі және жаңа психологияның бір сәт те көзден таса етуге болмайтын терең принципті айырмашылығына қарамастан, екі бағытты осыған дейін көптеген авторлар көрсеткен бір ортақ формалды әдіснамалық кезең жақындастырады. Бұл кезең екі бағыттың талдаушылық бағдарында ғылыми-зерттеу міндеттерін алғашқы элементтерге жіктеуден, теңістіруден және жоғары формалар мен құрылымдарды қарапайымдарға келтіруден, сандық ерекшеліктерге келтірілмейтін сапа мәселесін елемеуденғ яғни ғылыми ойлаудың диалектикасыздығынан тұрады.

         Байырғы субъективті психология ғылыми-зерттеудің негізгі міндетін біресе инстинкт, қанағат, қанағаттанбаушылық сезімі, еріктік күш сияқты дерексіз қарапайым психикалық құбылыстардан, біресе тура сол жолмен қарапайым психикалық процестер мен қызметтерде байқалатын зейін мен ассоциациялардың көрінуі арқылы табылған әсерленушіліктің алғашқы, ыдыраңқы элементтерінің байқалуынан көрді. Жоғары және күрделі процестер құрама бөліктерге жіктеліп, осы алғашқы әсершенушіліктер немесе процестердің күрделі және формасы жағынан әр түрлі комбинацияларына түгел теңестірілді. Сөйтіп, әсерленушіліктің, жеке бөліктерінен құралған психикалық өмірдің үлкен мозаикасы, бөлшектенген адамдық рухтың орасан зор атомистикалық бейнесі пайда болды.

           Алайда жаңа объективті психология да күрделі тұтастықты түсінуде талдау мен жіктеуден, элементтердің құрамы мен мәліметтерін анықтаудан басқа бір жолын білмейді. Рефлексология мінез-құлқтың жоғары формаларының сапалы айырмашылығына көз жұмып қарайды: ол үшін олардың қарапайым, төмен процестерден принципті түрде еш айырмашылығы жоқ. Жалпы мінез-құлықтың барлық процестері түйін шынжырларының ұзындығы мен санының айырмашылығына байланысты үйлесімді рефлекстерге, ал басқа жағдайда кідірісті және сырттай көрінбейтіндерге ажыратылады. Бихевиоризм біршама басқа сипаттағы бірліктерді пайдаланады. Бірақ егер мінез-құлықтың жоғары формаларын рефлексологиялық талдауда бір бірлікті екіншімен ауыстырсақ, яғни рефлекс орнына реакция қоятын болсақ, онда бейне объективті психология талдауна аса ұқсас болып шығады.

           Шындығына келсек, бихевиоризм — өзінің жүйелі және шекті формасында – организм рөлі мен мағынасын бір бүтін ретінде көреді және тіпті мінез-құлық процесіне жалпы көзқарасында психологиялық зерттеу мен физиологиялық зерттеу айырмашылығының маңызды ерекшеліктерін көруге бейім. Кей жағдайларда ол күрделі бүтінді дәл осы бүтін ретінде қарастыруға дейін көретіледі. Бұл орайда ол инстинктік және эмоциялық функциялар туралы айтады және олардан басқа иеленген функциялар, яғни өндірілген және сәйкес ситуация барысында қолданысқа дайын дағдылар жүйелері туралы айтады.

           Жүйе мен фукнция түсінігі, әрине, түп тамырында арифметикалық қосынды мен реакциялардың механикалық тізбегі түсінігінен өзгеше. Ол жүйе құрылымының белгілі заңдылығын, жүйенің өзіндік рөлін, ең соңында даму тарихын және жүйе қалыптасуын шамалайды, ал реакциялар тізбегі мен қосынды өзін түсіндіру үшін белгілі стимулдар мен реакциялардың сырттай шектесулерінің қарапайым үйлесуінен басқа ештеңені ұйғармайды. Алдында өндірілген дағдылар жүйесінен басқаны қабылдайтын бихевиоризмді жақтаушылардың қолданатындығындай, психикалық функция түсінігі де қажетті түрде: біріншіден, белгілі функцияның атқарылатын бүтінге деген қатынасын, екіншіден, функция деп аталатын психикалық құрылымның біртұтас сипаты жөніндегі ұғымды болжайды және қорытындылайды.

           Мінез-құлық психологиясына жүйе және функция түсініктерін енгізу, осы мағынада, сөз жоқ мінез-құлықтың механикалық тұжырымдамасынан бір қадам алға жылжуы болып табылады. Ғылыми дамуда осы екі түсінік оларды қолданып келген зерттеушілерді, ерте ме, кеш пе, осы тұжырымдамадан мүлдем бас тарту қажеттілігіне әкеледі. Алайда мінез-құлық психологиясындағы даму алдыңғы терминдер мен ұғымдардың тапшылығына әлсіз емеуріннен басқа ештеңіне білдірмейді. Соныдықтан бұл түсініктер мінез-құлықтың жоғары процестеріне қазіргі даму кезеңіне олардың психологиялық табиғатына теңбе-тең алғышарттарды бере алмайды.

            Алайда біз субъективті және объективті психологияны белгілі бір қатынаста жақындастыра отырып, тек мынаны пайымдаймыз: эмпирикалық және объективті психологияның атомистикалық мақсаты олардың психикалық табиғаттарына жоғары психикалық процестер зерттеуін принципті және фактілі түрде мүмкін емес қылды. Негізінде екеуі де жай ғана қарапайым процестердің психологиясы болып табылады.

            Сондықтан болар, адам психологиясында айрықша қарапайым функциялар жетіліп дамитын тараулардың жазылуы кездейсоқ емес, ал жоғары функциялар өзінің тарихына дейінгі кезеңді басынан кешіруде. Бұдан әрі қарай жоғары психикалық функциялардың тарихына дейінгі кезеңін дұрыс түсінбейінше, олардың даму тарихының өзін жете зерттеу және бақылау мүмкін емес екенін байқаймыз. Алайда мына нәрсе күмәнсіз: дәл осы кезеңде мінез-құлықтың мәдени, жоғары формалары дамуының тек табиғи жағ басым болуы дәл осы кезеңде оларды қарапайым талдауға қолайлы етіп келді. Соныдықтан да болар, көптеген зерттеушілер үшін адамның сөйлеуі дамуының тарихы ерте жас шамасында аяқталуы ғажап емес. Ал, шындығына келгенде, бұл кезде сөз тек қозғалыстың дағдыларды орнату процесі және табиғи жағнан сырттай сөйлеуді меңгеру процесі аяқталуға жақындап, мінез-құлықтың күрделі және жоғары формалары даму жолының тек алғашқы қадамы жасалып жатады.

           Мұның үстіне, балалар психологиясының ең күшті өкілдерінің баланың алғашқы жылдары басты назарда болуы керек деген қорытындыға келуі кездейсоқ емес. Зерттеушілердің көзқарасы бойынша, балалар психологиясы дегеніміз – негізгі және қарапайым психикалық функциялар пісіп жетілетін ересектік кезең психологиясы болып табылады. Авторлардың ойынша, адам өмірге келгеннен кейінгі уақытта даму жолының үлкен қадамдарын жасайды, психологтың осы алғашқы қадамдарды зерттеуі тиіс. Бұл дегеніміз дене бітімі дамуын зерттеу ілімінде тек эмбриондардың зерттелуімен парапар болады.

           Бұл салыстыру адам психологиясындағы істердің шынайы күйін бейнелейді. Психикалық дамудың алғашқы қадамдарының негізгі мағынасы туралы пікір және адам психологиясы дегеніміз, негізінде ерте жас кезеңі психологиясы деген ережені принципті түрде жақтау, біздің жоғарыда айтып кеткен пікірімізбен сәйкес келеді. Қазіргі кездегі адам психологиясына оның жаратылыстық бағытына байланысты жоғары функцияларды тек эмбриондық даму  жағынан ғана, адам рухының эмбриологиясын зерттеу ғана тән. Онда негізінде тек эмбриондар зерттеледі.

          Бірақ эмбриология арқылы салыстыру – объективті дұрыс салыстыру ғана емес, сонымен қатар екі жүзді салыстыру болып табылады. Ол адам психологиясының осал жағын ашып көрсетсе, психология амалсыз төзімділікпен өзін-өзі шектеушілікті ашып көрсете отырып, оны өзінің ізгілігіне айналдыруға тырысады.

          Дамудың негізгі заңдарын қарапайым қатынастар арқылы тануға ұмтылыс пен адам психикалық дамуын эмбрионды дамуымен салыстыру дәстүрлі психологиядағы мінез-құлық дамуы дененің эмбриологиялық дамуымен ұқсас, яғни таза табиғи, биологиялық процесс ретінде шамаланады. Шын мәнінде, бұл тұрғы ми салмағының негізгі өсуі атқарылатын алғашқы 3 жылындағы мидың қарқны дамуын осы жылдардағы баланың негізгі қарапайым психикалық қызметінің дамуымен салыстырудың әйгілі және негізгі даусыз маңызды фактісіне сүйенеді.

         Біз адам тұлғасының түгел тарихы үшін психикалық дамуындағы алғашқы қадам мағынасы мен осы қадамдарды зерттеу мағынасын аз-кем деп айтудан алшақпыз. Бұл екеуі де мінез-құлықтың туғаннан бірден үлкен қарқындылықпен атқарылатын биологиялық дамуы болғандықтан ғана елеулі емес, сонымен қатар жоғары психикалық функциялар дамуының тарихын осы қызметтердің пайда болғанға дейінгі биологиялық түбірі мен органикалық келешегін зерттемейінше мүмкін емес.

            Біздің айтайын дегеніміз, адам психологиясындағы жоғары функциялардың эмбрионды дамуын шектеуге ұмтылыс, жоғары функциялар психологиясының өзі эмбриондық жағдайда тұрғандығын: адам психологиясы үшін жоғары психикалық функциялар даму түсінігінің өзі жат екендігін; және ол адамның психикалық дамуын адамның органикалық жетілу қызметі ретінде ми жетілуімен тікелей байланысты жүретін қарапайым функцияларды тек биологиялық дамумен шектейтіндігін көрсетеді.

           Капитализмнің пайда болп дами бастауы, субъективтік, яғни эмпирикалық психологияның әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысып, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі  ғалымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан-қиынға, жақыннан – аласқа, деректіден – дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас көтеріп экономикада өз орнын ала бастаған буржуазия табы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпириялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Бэконның эмпириялық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарн да схоластикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрді дамуға негіз салды. К.Маркс Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Бэкон әдейілеп психология ғлымымен шұғылданбаса да, эмпириялық психологияның негізін, салса да, оны толық дамыта алмады.

                       Қолданылған қосымша әдебиеттер

  1. «Жалпы психология» Алматы – 1970 ж
  2. Тәжібаев Т. «Жалпы психология» Алматы. Қазақ университеті – 1993 ж
  3. Аймаутов Ж. «психология» Алматы – Рауан – 1995 ж.
  4. Жарықбаев «Психология» Алматы – 1982 ж
  5. Сәбит Бап-Баба «Жалпы психология» оқулық
  6. И.А.Зимняя «Педагогикалық психология» оқулық
  7. Жанкиеев С.К. «Психология» Астана – Елорда – 2001 ж
  8. Выготский Л.С. Психология (1,2,3,4,5, том)
  9. Зародин Н.М. «Психология личности и управление человеческими ресурсами» Л., 2002 ж
  10. Сәбит Бап-Баба «Жалпы психология» Алматы заң әдебиеті 2004 ж
  11. Елеусізова С.М. «Қарым-қатынас психологиясы» Алматы, Рауан – 1995
  12. Жарықбаев., Бозайұл Қ «Жантану негіздері» Алматы, 2002 ж
  13. Жолтаев К.Ж. «Тұлғаның дамуындағы жалпы заңдылықтар»

        Алматы. Қазақ университеті -2003 ж

  1. Елікбаев Нәби. «Ұлттық психология» Алматы қазақ университеті
  2. Сәбит Бап-Баба «Жалпы психология» Алматы 2004
  3. Гонобулин Ф.М. «Психология» Алматы 1976 ж