АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Депортация

 

 

ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Депортация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе…………………………………………………………………………3

 

І-тарау. Қиыр Шығыс өлке халықтарын  Қазақстанға  күштеп  қоныс аудару тарихы:

 

  • Қазақстандағы ұйғыр, дүнген халықтарының қоныс аударуы…………9

 

  • Корейлер қасіреті…………………………………………………………12

 

  • Қазақстандағы неміс халқының келу тарихы………………………….17

 

ІІ тарау.Қырым Кавказ және Еділ бойы Халықтарын қуғындау:

 

2.1 Қазақстандағы Солтүстік Кавказ халықтарының  диаспорасы………..25

 

2.2 Қазақстандағы Қырым татарлары, гректер, грузин  — месхитиндер, армиян, балғар халықтарының  диаспораларының ашылуы…………………………35

 

Қорытынды…………………………………………………………………….41

 

Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………42

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстандағы диаспораның қалыптасуы туралы әңгімені бастамас бұрын «диспопра» туралы ұғымға түсінік берген жөн. Бұл ұғым біздің дәуірімізден бұрын 722 жылы  және 586 жылы Палестинадағы ежелгі еврей мемлекеттері –Израиль және иудия патшалықтарын Ассирия мен Вавилон жаулап алғаннан кейін еврейлер дүние шашырап кетуіне орай  туған. Еврейлер барған жеріндегі  жергілікті халықтардың  тілін қабылдап қана қоймай, өздерінің тілін, дінін, мәдениетін, салтын сақатап қалған. Сондықтан бұл құбылыс «диспора» деген грек сөзімен аталған. «шашыраңқы» немесе «елінен жерінен ажыраған» деген мағына береді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.Қазақ  жеріндегі диаспоралардың тарихын таразыға салып, ғылыми тұжырымдар  жасасақ «Диспора дегеніміз —  халықтың белгілі бір  бөлігінің өзі қалыптасқан елден тыс жерде отанымен бірізден сезімін сақатуда болатындар». Осы тұжырымның төңірегіне  тоқталатын болсақ, кейбіреулер қазақстанда ұлт деңгейіне  көтергісі келетіндердің   бәрі диаспора болып шығады. Ғылымға сүйенсек, орыстардың санының көптігіне қарасақ та, өздерінің тарихи отаны бар. Украйндар да, немістер де, кәрістердің де, татарлар да, өзбектер де  солай. Ұйғырлар мен курдтердің төл мемлекеті болмағанымен, олардың маңдайына жазған тарих-тағдырдың өз сыбағасы бар. Сол себепті олар  да диаспор шеңберінен шыға алмайды. Сондықтан қай жағынан  алғанда да еліміздегі диаспора  өкілдерін ұлттар деңгейіне көтеруге ешқандай негіз жоқ түйіндеуге болады.

Әсте, бұл еліміздегі диаспора өкілдерін ешқандай құқықтық жағынан кемістушілік емес. Ондай болса, Қазақстанда  ұлттық-мәдени орталықтар құрылып, диаспоралардың жан-жақты дамуына мемлекет тарапынан қамқорлық жасалмаста еді ғой. Республикада этноцентристік немесе этнократиялық әрекеттің жүргізіліп отырмағаны да мәлім. Мұндай әрекетке  бармақ түгілі, қазақ этносы толыққанды тарихтың өң бойвнда өзіне келген зардаптардан әлі айығып болған жоқ. Сол себепті де қазақ ұлтына белгілі – бір деңгейде басымдық беріліп отыр деудің өзі артық болар еді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Тарихымызда бұрын біржақты  қарастырлып келген,  өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға келу, қоныс аудару  тарихы  Кеңес өкіметі тұсындағы тоталитарлық жүйенің дамуымен тікелей байланысты. Сондықтанда әлеуметтік –саяси сипаты  мен мәнін ғылыми айналымға  түспеген құжаттар мен деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихыи көзқарас  тұрғысынан бағалау зерттеу жұмысының  басты мақсаты болып табылды. Осыған орай зерттеу жұмысының  алдына  мынадай  міндеттері  қойылып отыр:

— Қазақстандағы ұйғыр, дүнген диаспорасы

 

— Корейлер қасіреті. Қазақстандағы кәріс  диаспорасы

 

— Қазақстандағы неміс  диаспорасы

 

—  Қазақстандағы Солтүстік Кавказ халықтарының  диаспорасы

 

Қазақстандағы Қырым татарлары, гректер, грузин  — месхитиндер, армиян, балғар халықтарының  диаспоралары

Тағы бір айта кететіні , диаспора өкілдерінің қазақ даласына  жаппай қоныстана бастағаны соңғы бір ғасырдың иелігіне тиеді. Оның ар жағында  ресей патшасының отарлау саясатына  қатысты қазақ даласына  қарашекпенділердің  келе бастағаны мәлім. Алайда, қазақ даласына жаппай қоныс аудара бастауы Қазан төңкерісінен кейін ғана күрт өсті. Қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ жерін паналап, тұрақтап қалғандар сол уақыттың  құрбандары. Одан кейін Мәскеуден жергілікті халықты ассимляциялау саясатының шеңберінде тың көтеру, кәсіпорындар салу тәрізді  түрлі шаралардың  ықпалымен келгендер  жеткілікті болды. Осының бәрі жинақтала келіп жергілікті ұлттың азшылықта қалуына әкеліп соқтырды. Санының аздығы  қазақта әсте  этнос құқығынан айыруға немесе саны көп диаспораны этнос деңгейіне көтеруге  ешқандай мүмкіндік бермейді.Осы жерде  ерекше атап өтетін, біздің қозғаған мәселемізге төрелік болатын бір дәйек бар. Ол қалай болғанда да, қандай жағдаймен болсада  қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің бүгінгі қазақстан халқын құрып отырғандығы. Бұл туралы  Ата Заңымызда  да айқын жазылған «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы». Міне «Қазақстан көп ұлтты мемлекет» дегендерге беретін негізгі жауаптың бірі осы.

Қазақстан халқының 56 пайызын қазақ этносы құрайды. 28 паиызы орыс диаспорасының еншісінде. Басқа ұлт өкілдерінің еншісіне 16 паиыз ғана тиеді.

Алдымен «этнос» (немесе халық) дегеніміз — өзінің дамуының бастапқы кезеңінде аумағының бірдейлігі, бірдей тілге негізделген мәдениетінің, шаруашылық – тұрмыстық ерекшеліктері болуы, өзіне тән бірқатар белгілері бар тарихи жағынан қалыптасқан әлеуметтік топ  . Енді осы талаптар төңірегінен тұжырымдасақ, Қазақстандағы этнос белгісі тек қазақ ұлтының шеңберіне ғана сәикес келеді. Қазақ этносы бабалардың бүгінгі күнге жеткен бір тұтас ұлан – ғасыр далада халық ретінде қалыптасты, жетілді. Тіпті оны Ата Заңымыздың басталуындағы Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, баиырғы қазақ жерінде мемлекеттікқұра отырып… деп жазылған преамбула да айғақтайды. Қазақ этносының қадам заманнан бері Қазақстан аумағын еркін жүріп, ең жайлағандығына қатысты басты темірқазығының бірі де осы. Бұл біріншеден. Екіншіден, қазақ тіліне негізделген шоқтығы биік қазақ мәдениетінің. Үшіншеден, сан ғасырлар боиғы дала мәдениетінің өркениетіне көрсететін қазақтардың  шаруашылық – тұрмыстық өзіндік ерекшеліктері болғандығын тарихатан хабардар кез-келген адамның мойындайтыны  да белгілі. Сонымен, Қазақстандағы қазақ этносына қатысты бір дәйекті ұшын осылайша қайыруға тура келді.

Қазақстанда тұратын қалған «129 диаспораларының бірде біреуін әлеуметтік қауымдастық қатарына  жатқызуға болмайды». Өйткені, біз Қазақстандағы басқа ұлттардың қауымдастығын қаншама ұлт деңгейіне көтергіміз келгенімен, жоғарыда этнос ұғымына берілетін қасиеттер мен ғылыми  тұжырым оған мүмкіндік бермейді.

Еліміздің Конститутциясы жоғарыда айтқандай, «Біз Қазақстан халқы» деп басталады.Ал еліміздегі диаспоралардың ана тілін, мәдениетін өркендетуге үлкен септігін тигізп отырған қоғамдық – консультативтік орган Қазақстан халықтарының Ассамблеясы деп аталады. Бұл атау мемлекеттің Негізгі Заңына сәйкес келмейді. Елімізде  ұлттар емес диаспоралар бар. Қазақстанда қазақ ұлты және басқа ұлт өкілдері тұрады. Ал қоғамдық – консултативтік органды Қазақстан халқының Ассамблеясы  дегеніміз заңдылыққа сәйкес келеді. Оның үстіне бұл Ата Заңда таңбаланған  нормамен сәйкестендірледі. Қорыта келгенде Қазақстанда  қазақ ұлты және басқа өкілдері тұрады, орынсыз басқа ұлт өкілдерін қолпаштап Қазақстанда  тұратын басқа ұлт өкілдерін «этнос» қатарына көтеру ғылымға сәйкес келмейді және әділетсіздік. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік  мұрағатында арнайы комиссарлар Кеңесі, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі мен Жоғарғы Кеңесі Президумы құжаттарының құпиясын ашу жүргізілді.

Құпиясы ашылған құжаттар 1936 жылдан 1955 жылға дейінгі елеулі уақыт аралығын қамтиды. Бұл кезең өзіне жаппай саяси репрессияның басталуын, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында  халықтардың елден қуылуын, «хрущевтік жылымық» деп аталатын кезеңнің басында-ақ тоталитарлық жүйенің адамдар үстінен жаппай қылмыстық эксперименттер жасауда  біршама тәжірбиесі болды: күштеп коллективтендіруді ұйымдастыру, бай мен кулакты жою, халықтық қарсылықты басып тастау, жасанды аштықты ұйымдастыру, бостандық сүйгіш халыққа қарсы зұламат, зияткер және басқа да зиялы қауымды іріктеп жою.

Тоталитаризмнің бұнымен қатар аса ауыр қылмысының бірі халықтарды өз елі мен жерінен қуу – олардың этно — әлеуметтік және аумақтық бірлігін күш көрсетумен қирату.

1930-1950 жылдар аралығында 3 миллионнан астам адам елден қуылды, оның ішінде 1 миллионы Қазақстанға қоныс аударылды.

Қазақтардың елден қуылған адамдарды қалай қабылдағаны жөнінде Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде былай деген болатын: «Қазақтар мәжбүрлікпен қоныс аударушыларды қандай кеңпейілдікпен қарсы алғандары бәрімізге белгілі. Коллективтендіру мен ұлы жұттан қансыраған, аштықта өмір сүрген олар соған қарамай тағдыр талқысында қалған ададармен соңғы бір үзім нандарын бөлісіп, оларға ажылу, бастарына баспана берді. Мұның бәрін олар  қадір-қасиетпен, риясыз жасады.Сол қиын кезде олар өмір сүруге, аяғынан тұрып кетуге көмектескендердің бәрі күні бүгінге шейін көрсеткен көмектері үшін қазақтарға  айтар алғыстары шексіз.

Осылардың бәрімен мен тек айтылған сөздерді естумен ғана таныс емеспін. Әлі есімде,  шамасы мен алты немесе жеті жастарда болатынмын.Бір күні әкем үйге бейтаныс  адамдарды – ер адамды, әйелі мен үш баласын алып келді. Олардың үстіндегі кйімдері жұпыны, жуылмаған және өздерінің тамақ ішпегендері көрініп тұр. Әйелдің көзінен  үмітсіздік байқалады, балалары жылаған. Кейіннен  білгенімдей, бұлар балқарлар екен – сол жылы аудандық арнайы комендатура  неге екенін, ертеректе  кабарда –Балқардан жөнелтілген  бірнеше жанұяны «асыра  лақтыруды»  және алыстағы бір ауылға, біздің Шамалған   ауылына  қоныс аударуды шешіпті. Оларды ат үсті – кімді сарайға, енді біреуін сүт фермасына орналастырды. Азды –көпті қанағат етерлік өмір жағдайын жасауды «құзырлы ұйымдардың» ойластырмағаны түсінікті. Бірақ, жергілікті  тұрғындар басқаша шешіп, қоныс аударушыларға өз баспаналарын ұсынды.

Біздің де жанұямыз аштықтың алдында өмір сүрді: егер сиырдан сүт шықса, онда ол күні үйде мереке болатын.

Жаңа таныстарға біз бұдан басқа ештеңе ұсына алмадық. Бірақ, осы қарапайым  дастарқан, ыстық пеш, жылу және ата-аналарымыздың ықласы олардың өмір сүруіне, балаларын құтқаруға көмектесті.

Әкем сол отбасының басшысы Хазретпен тез достасып кетті, оның жұмысқа орналасуына көмектесті, бір-екі айдан соң балқарлармен олардың ана тілінде еркін сөйлесе алатын болды.

Бұл республикаға қоныс аударушы халықтарды қазақтардың  қалай қарсы  алғаны туралы мәселеге орай.

1930-1950 жылдары он беске жуық  этностар  жаппай қуғындауға ұшырады, олардың ішінде поляктар, гректер, болгарлар,қырым татарлары , қабардалықтар, балқарлар,  шешендер,  ингуштар, қарашайлықтар, черкестер, қалмақтар, немістер, кәрістер және т.б. болды. Олардың  миллионнан көбі Қазақстаннан екінші отандарын тапты. Бұл халықтардың  әрқайсының қуғындауға ұшырау тарихына жеке-жеке тоқталамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. Қиыр Шығыс өлке халықтарының  Қазақстанға   күштеп қоныс аудару тарихы

 

  • Қазақстандағы ұйғыр, дүнген халықтарының қоныс аударуы

 

          Мыңдаған жылдардан бері ұйғыр мен қазақтың ата-бабалары түркі өркениетінде біолесе үлес қосып келе жатқан халықпыз. Кезінде ұйғыр мемлкеті болған. Бірақ тарих керуені бір халықтарды судай сапырылыстырды, мемлекеттері бірде өрбіп, бірде күштілердің көшіне ілесіп, өз дербестігінен айырылып қалды. Сондай ескі тарихта  ізі сайрап жатқан ұлт  — ұйғырлар, құрдымға кеткен мелекет  Ұйғырстан. Тағдыр тәлкегінен ХІХ ғасырдың соңында Қытай империясынан қуғын көрген біраз ұйғыр отбасы қазақ жеріне қоныс аударды.

1881  жылы Ресей Қытаймен Құлжа қаласында  «теңқұқыөқсыздық келсімін» жасасты: Қытай провинциясы Синньцзян іс-жүзінде  орыс ротектараты болып қалды.

Шығыс Түркістан халқына уақытша қытай үстемдігінен босатылып, тәуелсіз Түркістан мемлекетін құруына мүмкіндік туды.

Халықтың өзі  үшін бұл бақыт бола қоймады: қытайлармен қанды күрес жекелеген мұсылман халқы , көш басшылары мен үміткерлері  арасындағы қанды күрес сияқты сипат алды.

Күрес тек ислам туының астында жүргізілді,  ұлттық сана –сезім болған жоқ, тұрғындар өздерін өз қалаларының аттарымен атады, қашғарлық, турфандық және т.б. бұдан басқа қытай тілінде сөйлей алатын ХҮІІІ ғасырда Қашқариядан Іле алқабына қоныс аударған қытайлар, олар ислам дінін қабылдаған дүнгендер немесе «тараншы» деп аталды.

Көтерліс жеңілген соң қашқарлықтардың бір тобы ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстан мен  Қырғыстанға босты.

Қазқстанға  ұйғыр және дүнген  босқындары 1883 жылы Қытайдан 9572 ұйғыр отбасы және 1147 дүнген отбасы қоныс аударды.

Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныстануы екі кезеңге  бөлінеді. Бірінші кезеңге  1877 жылдың аяғы мен 1878 жылдың басы жатады  Бірінші кезеңде негізінен дүнгендердің үш тобы  келді. Бірінші топ 3314 адам Нарын шекара пункті арықылы өтті. Олар 1877 жылдың  27 желтоқсанында  тоқмаққа келді. Екінші кезеңде  ұйғыр – дүнген аралас 1881 жылдың ақпанынан 1884 жылдың басына дейін жетісуға келген 9572  ұйғыр отбасы, 1147 дүнген отбасы болды. Ал, 1897 жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер 14130 адам, ұйғырлар 559999 адам болды.

Қазақстанға дүнгендер мен ұйғырлардың қоныс аударуы екі кезеңге бөлінеді.

Олардың қоныс аударуы мынадай ретпен жүргізілді: 4477 ұйғыр отбасы Жаркент ауданына, Шарын мен Өсек ауданының бойына қоныстанды, қалған үлкен бөлігі – 5275 отбасы Верный уезіне, Шелек және Талған өзендерінің  арасына қоныстанды. 1897 жылы қоныс аударушылар санағы бойынша 14130 дүнген, 55999 ұйғыр болды.

Бір оқырманның еске салатынымыз ұйғырлар батыстағы  Қазақстан  шекарасына  дейін бұрын ешқашан жеткен жоқ.

Ұйғырлар мен дүнгендер дәнді дақылдар өсірлетін шұрайлы жерлерге қоныстандырылады: бұл жерлер қазақтардантартылып алынды. Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылық тұрмысында егістің түсімі басым болды. Ұйғырларда  суармалы  жер 30 694 десятина  жайылым жер десятина болды: дүнгендерде тисінше 11025 десятина  және 4386 десятина  қазсқатнға дүнген қоныс аударушылар өздеріне «тараншы» атауын аса бір сәттілікпен қабылдай қойған жоқ.

Қазақ жеріне қоныс аударған ұйғырлар 1959 жылғы санақ бойынша 60 мың адам. 1989 жылғы санақта  — 185 мың адам өсім, Қытайдан  3 есеге көбейді, олардың  40 мың адамы  Алматы қаласында  тұрады немесе 23 пайызы. Ал 1999 жылы Қазақстанда 210 339 ұйғыр болды.

Қорыта келгенде. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде  қазақстандық ұйғырлар бізбен бірге өмір сүруде. Ұйғырлардың қазақтарға діні мен тілі, діні мен иманы ұқсас түркі халықтарының  ежелгі өкілдері.Олар еңбекқор, өзіндік ұлттық дәстүрлерін сақтаған, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын бауырмал адамдар. Нарыққа ерте ілескен дүнген,  ұйғыр халықтары сауда – саттығын жасайды, жер еміп еңбек етеді, өнерін өркендетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қазақстандағы Кәрістердің Қазақстанға келу тарихы

 

Бүгінгі Қазақстандық корейлердің негізгі бөлігі кезінде  Қиыр Шығыс өлкесінен жер аударылды. «неліктен деген сауалға  КСР  Одағы Халық Комиссарлары  Кеңесі  мен БК (б) П Орталық Комитеті бірігіп шығарған «Корей халқының Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарынан көшіру туралы» қаулысы  (1937 жылдың 21 тамызы ) бір ауыз сөзбен : «Қиыр Шығыс өлкесіне жапон шпионажының  еніп кетуіне жол бермеу мақсатында» деп жауап береді».

Мәселенің байыбына баруға, мұндай мәлімет   жеткіліксіз. Сондықтан, сол жылдардың қосымша деректеріне жүгінелік. И.Сталиннің өзі редакциялаған, 1938 жылы «БК (б) П Орталық Комитеті ұнатқан «БК (б) П тарихында»  мынадай жолдар  бар: «1932 жылы Жапония тарапынан соғыс қаупі күшейді. Жапон импералистері  Қытайға  соғыс жарияламастан және өздері шығарған «жергілікті жанжалдарды»   зымияндықпен пайдалана отырып, ұрланып келіп Маньчжурияға   әскерлерін кіргізді. Жапонияның ашықтан – ашық көздеген мақсаты –қытайды өзіне бағындыру, сөйтіп ол жерден европалық –америкалық импералистік белді мемлекетті  қуып шығару    болды».

Бірақ Жапония советтік Қиыр    Шығысты   басып алу  мақстаын да алдын ақойған болатын. Әрине, КСРО мұндай қауіпті еске алмай отыра алмады, сөйтіп, Қиыр Шығыс  өлкесіндегі отан     қорғау ісін барынша нығайта бастады» .

Егер сталиндік оқулық тұжырымына  қарасақ, корейлерді Қиыр Шығыстан жер аудару  еліміздің, тіптен корейлердің өздерінің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету  үшін  жасалған тәрізді де болып көрінеді. Бірақ жоғарыдағы ресми қаулы  бұл науқанның   «жапон шпионажының  еніп кетуіне» жолбермеу  үшін жасалып отырғанын анық  атап көрсетіп отыр емес пе. Айта кеткен жөн, Корея мемлектеінің  өзі ол кезде  жапондар қол астында  болғандықтан, жекелеген корейлерді Жапонияның   барлау – шпиондық жұмыстарында  пайдаланғаны  белгілі.

Осы мәселені  кеңінен зерттеген  қазақстандық тарих ғылымының  докторы  Г.В. Кан бұл туралы былай деп жазады: «Это был наказание за предательство отдельных людей, от которых не застрахован ни один народ, это было наказание за национальную принадлежность к возможным сторонникам  возможного противника».

Тарихшы Г.В. Кан өзінің басқа бір зерттеуінде мәселенің байыбына бару үшін корейлерді жер аудару туралы 1937 жылдың 21 тамызында қабылданған жоғарыдағы  қаулыдан басқа, дәл осы күні  өмірге келген тағы бір құжатқа – шабуыл жасаспау туралы совет-қытай келісім шартына  назар аударуды ұсынады   және осыған байланысты өзі төмендегідей қорытынды жасайды: «…Это были две стороны одной медали. Депортацию корейцов под предлогом «пресечения прониковения японского шпионажа»  следует рассматривать так один из моментов  «большой полтитики», как демонстрацию Советским Союзом».

Осылайша, жоғарыдағы 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулыға сәйкес Қиыр Шығыс өлкесінің 23 ауданынан Оңтүстік Қазақстан облысына,    Арал теңізі және балқаш көлі аудандарына, сондай-ақ, өзбек КСР –не корейлерді  жаппай, шұғыл     көшіру   басталды. Бұл іс қысқа  мерзімде – 1938 жылдың  1 қаңтарына  дейін аяқталуы тиіс болды. Қағаз жүзіндегі  қаулыда  үкімет пен партия көшірлетін корейлерге өздерінше  «қамқорлық»  жасап бақты. Оларға өздерімен бірге заттарын, тіптен дүние – мүліктерін ала кетуге рұқсат етілді.

Қаулыда 5-ші бабында «Қайта қоныстанатын корейлерге шетелге кетуді  қалайтын болса  кедергі  жасамау, шекарадан   өтудің оңайтылған тәртібіне жол беру»  қажеттгігі атап көрсетілген. Қаулы сондай-ақ, көшкен кезде корейлер қалдырып кетуге мәжбүр болған дүние –мүліктің  және егін алқабының шығынының оларға қайтарылатынын да атап көрсетті.

 

 

1938 жылы Қазақстандағы кәрістердің саны – 98454 адамға жетті.

1959 жылы – 74 мың адам. 1999 жылы – 99657. Кәрістерге орыс шенуеніктерінің  сенімсіздік көрсетуін алғаш рет 1905 жылы унтербергер білдірді.Ол кәрістерге қарсы сенімсіздіктің тұтастай дәлеледер жинағын келтірді. Олардың бастылары:

1) Кәрістер діни нанымдылық, дәстүр, әдет-ғұрып, экономикалық өмір жағдайындағы дүниеге көзқарасы бойынша  орыстардан бөтен; Ресей бодандығына өткен және православие  дінін қабылдағанның өзінде де олар орыс халқымен сіңісіп кете алмайды, Жапония немесе Қытаймен соғыс бола қалған жағдайда олардың адалдығына сенуге болмайды, тыңшылық әрекеттің жазылуына олар қолайлы жағдай тудырады.

2)  Кәрістерге жерді  жалға беру  жолы арқылы  ауыл шаруашылығын жүргізу жолдары орыс қожайындарын азғындыққа ұшыратады.

3)    олар жерге қоныстана отырып орыстарға арналған жерлерді басып алады, бұл тынық мұқиты жағалауындағы олардың жағдайын әлсіретумен тең сияқты.

          1937 жылы Қиыр Шығыстағы Кәріс қауымы 200 мың адамды құрады, олардың ішінде  қиыр шығыстық кәрістер – 110280 адам; орыс-бодандары 27,2 мың адам, жапон бодандары 67,8 мың адам.

          1937 жылғы тамыз айында Сталин елдің шығыс аудандарының НКВД жетекшісі генерал Г.С.Люшковпен болған әңгімесінде «кәрістердің көші-қон мәселесін күшейту жөніндегі» ұсынысын айтты. Кеңес мемлекетінің басшысы  құжаттарда белгілегендей, «кәрістерге» сенбейтінін айтты. Кәрістер мен бірге  жіберлетін жапон тыңшыларының арасында тығыз байланыс болуы мүмкін деп есептеп, олар шекаралық аймақта тұрған кезде кәрістерге сенімсіздік білдірді.

          Қиыр Шығыстағы 200 мың кәріс халқының тағдырын анықтаған 1937 жылғы 21 тамыздағы КСРО ХКК мен БКП  ОК – тың аса құпия қаулысының толық мазмұнын қарастырайық.

          КСРО халық Комиссарлар Кеңесі мен БКП  Орталық Комитетінің 1937 жылғы 21 тамыздағы N 1428 -326 қаулысында кәріс халқын қиыршығыстық өлкелердің шекаралы аудандарынан қоныс аударту туралы КСРО Халық  Комиссарлар Кеңесі мен БКП (б) Орталық Комитеті қаулы етеді: Қиыршығыстық өлкелердегі жапондық тыңшылардың өтіп кетуінің жолын кесу мақсатында:

  • БКП (б) Қиыршығыстық өлке комитетіне, өлкелік атқару комитеті мен Қиыр Шығыс өлкелік УНКВД – ға Қиыр шығыс өлкесінде: барлық ПОсьет, Молотов, Гродеков, Ханкай, Хороль, Чернигов, Спасск, Шмаков Постышев, Бикинск Вяземск, Благовещенск, Тамбов, Михайлов, Архаринск, Сталинск халқын шығарып, оларды Оңтүстік – Қазақстан облысының Арал  теңізі мен Балхаш аудандарына және Өзбек КСР-ына көшіруді ұсыну. Қоныс аудартуды Посьет  ауданы мен Гродеково ауданына тиіп жатқан аймақтардан бастау.
  • Қоныс аудартуға тездетіп кірісу және 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқтау.
  • Көшірілуге жататын кәрістерге көшу кезінде өздерімен бірге мүліктерін, шаруашылық заттары мен асыраған құстарын алып кетуге рұқсат беру.
  • Қоныс аударушыларға олар қалдырып кеткен қозғалатын мүліктер мен егістерінің орнын толтыру.
  • Қоныс аударушы кәрістер шекарадан ары  асып кетуге тілек білдірсе, кедергі келтірмеу.
  • КСРО Халықтық ішкі істер комитетіне көшуге байланысты кәрістер жағынан тууы мүмкін тәртіпсіздіктер мен эксцестерге қарсы шаралар қабылдау.
  • Қазақ КСР мен Өзбек КСР Халық комитетінің кеңесіне  тез арада орналастыру пунктер мен аудандарын анықтап, қоныс аударушылардың жаңа орындағы шаруашылыққа  жерсініп кету шараларын қарастыру, оларға қажетті көмек көрсету.
  • НКПС – ты қоныс аударушы кәрістер мен олардың мүліктерін Қиыр Шығыс өлкесінен Қазақ КСР мен Өзбек УСР –сына тасымалдау үшін Шығыс өлкелік атқару комитетіне өз уақытында вагондарға тапсырыс беруді қамтамасыз етуге міндеттеу.
  • БКП (б) Шығыс өлке комитеті мен Шығыс өлкелік атқару комитетіне үш күндік мерзім ішінде қоныс аударуға жататынын адамдар мен шаруашылықтардың санын хабарлауды міндеттеу.
  • Қоныс аудару барысы, қоныс аудару аудандарынан жөнелтілетіндер саны, қоныстану ауданына  келгендер саны  мен шекараға жіберілгендердің саны жөнінде телеграпен он күндік мәлметтерді жеткізу.
  • Кәрістер көшіріп жатқан аудандарыдағы шекараларды қорғауды нығайту үшін шекара әскерлерінің санын 3 мың адамға көбейту.
  • КСРО ішкі істер халық комитетіне кәрістерден босатылған орындарға шекарашыларды орналастыруды рұқсат ету.

Қазақстанға көшірліген кәрістер нақты түрде қоныс аударудың екі кезеңін бастарынан  кешірді.

Біріншісі -1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін. Олар уақытша босатылған жерлерде болды, осы уақытта  олар жертөлелерде, қоймаларда  атқораларда , шошқа қоралар мен соған ұқсас орындарда , өздерімен алып келген қаражатпен өмір сүрді. Ал олар өздерімен бірге тек киім-кешек,  жолға арналып есептелген мардымсыз азық-түлік қорын әкелген болатын.

1938 жылғы көктемде кәрістерді қоныс аудартудың екінші  кезеңі басталды. Кәрістерді жүк вагонымен тасымалдады, олар вагондарға артық тиеп жіберіп, жолда туыстарын жоғалтып алу, жаппай ауруға ұшырау жағдайлары болды. 1937 жылғы 28 қазандағы мәлмет бойынша Қазқстанға 70 эшелон, 12129 жанұя, 58427 адам әкелінді, тағыда 7927 жанұя жолда болды.

Қазақстанға барлығы 20789 отбасы,    98457 адам әкелінді.

Әкелінген қоныс аударушылар мына жерлерге орналастырлды.

Алматы облыс бойынша … – 1616 отбасы, 7581 адам.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша … – 8867 отбасы, 43181 адам.

Ақтөбе облысы бойынша … – 1744 отбасы, 7666 адам.

Солтүстік Қазқстан облысы бойынша  — 2299 отбасы, 9350 адам.

Қарағанды облысы бойынша – 3073 отбасы, 14792 адам.

Қостанай облыс бойынша  — 720 отбасы, 3476 адам.

Батыс Қазақстан облысы бойынша -1950 отбасы,9017 адам.

Кәріс ұлтының қоныс аударушылары негізінен Жапон бодандары болды.

КСРО Халық комитеті кеңесінің 1938 жылғы 20 ақпандағы қаулысы негізінде Қазақстан аумағына кәріс қоныс аударушыларды орналастыру үшін ең құнарлы жерлері бар совхоздар, 25 мың гектар Қаратал  күріш совхозы , жер көлемі 33 мың гектар N 3 Қарағұл совхозы, 84399 гектар Қызыл  әскер ет-үт совхозы, 128588 гектар Жармуханбетов ет-сүт совхозы, 10438 гектар «Қызыл партизан» шошқа совхозы және Қазалы қаласындағы шаруашылықтар жойылып жіберілді, ал жергілікті  тұрғындар – қазақтар бұл жерлерден қуылды, олардың жартысы кулактар ретінде сотталып кетті.

Қазақсатнның ХКК мен КП (б) ОК 1938 жылғы 3 наурыздағы «Кәріс қоныс аударушыларды мекендендіру және шаруашылыққа орналастыру жөнінде» қаулысымен Қазақстанға  20530 отбасы көшірілді, оның ішінде 14600 отбасы   күріш өсіру,   мал шарушаылығы   және дәнді дақылдар өсіру,  2400 отбасы – балық шаруашылығына, 3530 — өндірістік орындарға, совхоздарға, МТС, артель және басқа мемлекеттік мекемелерге қоныстандырылды. Олардың едәуір бөлігі Қызылорда  және Алматы облыстарына орналастырылды.

 

1.3 Қазақстандағы неміс диаспорасы

          Қазақстан Республикасының ресми мәлметтері бойынша осында тұрып жатқан 957518немістердің 1989жылдан бері, 613 мыңы Қақстаннан  көшіп кетті. Олардың ішінде 1992 – 93 жылдары  114000 1994 жылы 104 мың адам қоныс аударды.

          Қазақстандағы 1999 жылғы халық санағы бойынша мұнда 353 441 неміс халқы тұрып жатыр. Повольже немістерінің елден қуылуы туралы қысқаша тарихы 1915 жылы Николай ІІ жарлығымен іске асырылды.

          Немістердің жерді пайдалануын жою науқаны  басталды, немістердің елден қуылуы туралы қысқаша тарихы 1915 жылы Николай ІІ жарлығымен іске асырлды. «Біздің ішкі Германиямен күрес мәселесіне» арналған мақалалар жинағы асығыс түрде шығарылып жатты Немістерді  сібірге қоныстандыру жөніндегі идея 1937-38 жылы  қайта көтерледі.

1941 жылы 28 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі  Президумының N 21-60 «Повольже аудандарында тұрып жатқан немістерді қоныстандыру туралы» Жарлығы жарық көрді. Жарлық мәтіні оқырмандарға негізінен таныс болғандықтан, оны толықтай келтірейік. әскери биліктен алынған бұлтартпас мәлметтер бойынша ,Повольже ауданында  тұрып жатқан неміс халқының арасында  мың және он мыңдаған диверсанттар  мен тыңшылар бар. Олар Германиядан алынған  мәлметтер бойынша Повольже  немістері қоныстанған аудандарда жарылыстар ұйымдастырмақшы.

          Осындай диверсанттар мен тыңшылардың немістер арасында  көп болуын  кеңес өкіметіне ешкім хабарламады, яғни, Повольже ауданындағы неміс халқы өз ортасында кеңес халқы мен Кеңес өкіметіне қарсы  жауларды жасырып отыр.

          Егер Германиядан неміс  диверсанттары мен тыңшылары  ниет еткен диверсиялық актілер Повольже неміс Республикасында  немесе оған жақын жатқан аудандарда бола қалған жағдайда, қан төгіс болуы мүмкін, сондықтан да, Кеңес үкіметі соғыс уақыты заңымен барлық Повольжедегі неміс халқына қарсы жазалау шараларын қолдануға мәжбүр болады.

          Осындай жағымсыз құбылыстардан қашу және қатал қантөгістердің алдын алу үшін КСРО Жоғары  Кеңесінің Президумы Повольже  аудандарында   тұратын барлық барлық неміс халқын басқа аудандарға қоныс аударту қажет, оларға жер  бөлініп беріліп жаңа ауданға орналасуда  мемлкеттік көмек көрсетілсін деп шешім шығарды.

Жаңа жерге орналастыру үшін жер жыртуы мол аудандар,

Новосібіржәне омбы обылыстары, Алтай өлкесі, Қазақстан және басқа да республиканың жерлері бөлініп берілді.

          Осыған баиланысты Мемлекеттік Қорғаныс Комиттетіне тез арда барлық Поволжъе халқын көшіруді жүргізу және қоныс аударушы – Повожъе немістеріне жер және жаңа аудандарда паиданылатын жерлерді үлестіріп беру жүктелді.

          КСРО 11Х К – нің арнайы елдендіру бөлімінің мұрағатының мәліметтері бойынша 1941 жылы – 1942 жылдың алғашқы жаратысына елдің шығысында 344 эшелондармен 1 084929неміс әкелінген. Қоныс аударушылардың едедәуір бөлігі – 444005 адам Қазақ ССР – да қалып қойды. Ал Новосібір, Омбы обылыстарын, Краснояр өлкесі мен Қазақ ССР – на барлығы 786279 Ресей немістері елдендірілденді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1945 жылғы 25 қарашада Қазақ ССР –ның облыстарына  немістерді бөлу

Таблица-1

Облыстар

Жоспар бойынша белгіленген

Қоныстандырылды

Оңтүстік Қазақстан

48 000

23 832

Жамбыл

41 000

20 994

Солтүстік Қазақстан

60 000

48 303

Алматы

30 000

8 764

Ақтөбе

15 000

5 554

Павлодар

45 000

43 202

Қостанай

60 000

30 010

Ақмола

60 000

56 753

Шығыс Қазақстан

32 000

28 136

Қарағанды

29 000

8 304

Семей

50 000

38 170

Қызыл Орда

15 000

3 608

 

 

 

          Басқа қуғынға ұшыраған халықтар сияқты, Ресей немістері өзіндік мен – ін жоғалтпады, қиын жылдардың өзінде де болашаққа деген үміттерін сақтады. Олардың жарымжан тағдырларына қазақтардың тигізген ықпалы айтарлықтай болды, шын көңілден, өшпенділіксіз өз ата – бабаларының жерінде бақытсздыққа душар болған адамдармен бірге тұруды қабылдады. Екі халықтың жақындасуы үрдісі өзара түсіністікпен тілектестік негізінде жүрді. Иә сталиндік колектвтендіру кезінде өз отандастарының 24 пайызын жоғалтқан қазақтар, қоныстанған жерлерінен бірі қылмыстан қуылған немістерді түсінбеулері мүмкін емес еді.

          «Қиын сағаттағы таныстық, сәтті сағаттағы достыққа жалғасады»- деген  қазақ мақалында.

          Кеңес немістерніе қарсы қуғындау соғыстан кейін де  жалғасты. Тірі қалғандардың барлығын НКВД –ның қатаң және намысқа  тиерлік комендаттық бақылауына алды. 1948 жылғы 26 қарашада КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығы  шығарылады.  Онда арнайы елдендіру режимі қаталданады. Міндетті түрде қоныстандырылған жерде өз бетінше кеткені үшін 20 жыл айдаудағы жұмыс берілетін болды.

          Ресей немістерімен Қазақстандағы неміс диаспорасы осы күнге дейін толықтай не саяси, не әлеуметтік, не мәдени қатынас жағынан ақталған жоқ. Заңсыз қуғынға ұшырату фактісі екі маңызды заң қабылдап отырған Ресей парламентінде де мақұлданған. «Қуғынға ұшыраған халықтарды ақтау туралы» (1991,26 сәуір) және  «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» (1991 жыл, 18 қазан). Бүкіл өркениетті елдер қуғындау сансыз құрбандарына өз күйініштерін білдіруде.

          Неміс халқының бірнеше дүркін қалыптасқан жағдайы олардың статистикалық мәлметтеріне де айтарлықтай ықпал етті, соның ішінде Қазқстанда да 1959 және 1970 жылдың кезеңінде немістердің біраз бөлігі Сібірден Қазсқатнға, негізінен тың аудандарына  қоныс аударды. 1970 жылы Республикада олардың  саны 359 мың адамға артты. Немесе бүкіл халықтың 6,6 пайызын құрады.

          Немістердің қоныстану  ерекшелігінің бірі олардың  негізіг мекен жайлары, аылдық жерлер болып табылған, ал жаңа аудандарда Қарағанды, Талдықорған, Гурьев облыстарында оларды көбінесе қалаларға орналастырды.

          1989  жылғы халық санағы мәлметтері бойынша  Қазсқатндағы немістердің қалада тұратын халқы 469808 адамды, ал ауылда тұратындар – 487715 адамды құрады. Жалпы саны  — 957518 адам.

          Сталиндік режимнің екі жүзділігі мынадан көрінді, немістерді  Сібірден Қазасқатнға қоныс аударта отырып, 1941 жылғы 28 тамыздағы Жарлығында Повольжедегі неміс АКСР заңды түрде  ыдырату туралы бір ауыз сөз айтпады. Соғыстан кейінгі  жылдары да толықтай жауапкерсіздік байқалды.

          Егер 1960 жылы КСРО – ны 209-дан 1245 дейін неміс тастап кетіп жатса, 1970 жылы  — 342, 1971 жылы – 1145, 1972 жылы – 3420, 1973 жылы – 4493 және 1974 жылы  — 6541 адам көшіп кетті.

          1974 жылы ай сацын 500-ге жуық ресейлік немістер кетуге рұқсат алып  отырды, бірақ кеткісі келгендер саны одан әрі  өсуде болды. Өтініш берушілердің әдістері  де өзгерді. Егер  бұрын олар елшілік хат жазумен ғана шектелсе, ендігі жерде ГФР канцлері Г.Шмидтке, БҰҰ – ның бас хатшысына және кеңес өкіметінің басшылығына ашық жазбаша үндеу хатпен  өтініш жасады. Ізденушілердің бірлесіп ұжымымен әрекет етуі де жаңалық болды. Сонымен, 1974 жылғы қыркүйекте Қазақстанда тұратын 3,5 мың немі отбасыларының қол қойған өтініш хаты жөнінде  белгілі болды. Кету өтініштерін қабылдамауға  олар кеңестік төлқұжаттарын милицияға тапсырумен, елшілік алдында  ереуілге шығумен, аштық жариялаумен жауап берді. Бұл акциялар жөнінде батыстық  жаппай ақпарат  құралдарында айтылды, оның қатарына  КСРО аумағындағы «радиодауыстарда»  таратылды,  оларда кеңес өкілдерімен ресми сұхбаттасуларында көрсетілді.

          Қазақстан КП ОК –нің 1976 жылғы 16 сәуірде  қабылданған «неміс азаматтарының арасындағы идеялық – тәрбие жұмыстарын күшейту жөнінде»   қаулысында  неміс халқының жағдайын  жақсарту мен наразылық  білдіру толқынын өшірудің бір қатар шаралары қарастырылды.

          «Ұлттың неміс кеңес азаматттарының арасында  эмиграциялық көңіл-күй отын  тұтандырумен айналысатын ұйымдар мен шетелдік кеңестік идеологикалыққа қарсы орталықтардың зиянкестік әрекеттерін әшкерлеуші» документальды фильм түсіру керектігі де ойластырылды.

          Кеңес Одағы болған кезде республикадан  неміс халқының көп бөлігі  қоныс аударып кеткеніне қарамастан Қазақстандағы  неміс халқының проблемасы азды –көпті шешілді деуге болады. 1992-1996 жылдары бұрынғы Кеңес Одағының ГФР –на 1,5 миллион этникалық немістер қоныс аударған. Олардың 550 мыңы – Қазсқатаннан.

          Қазақстан басшылығы немістердің эмиграциялық толқынын тоқтатуға тырысуда.

          Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев 1997 жылдың  желтоқсанында  ГФР – дағы ресми сапарын қорытындылау кезіндегі өз сөзінде  былай деп атап өтті: «ГФР – да бола отырып, Қазақстандағы «неміс мәселесіне» көңіл аудармай кету мүмкін емес. Барлық жерде  -Г.Колмен сұхбаттасу кезінде, Бундестагта, сонымен қатар министрлермен болған сұхбаттасуларда бұл мәселе ұдайы талқыланып отырды. Ұлты неміс біздің азаматтардың Қазақстанда  қалуына  Германия жағы өз қызығушылықтарын білдірді. 1997 жылы 7 мың қазақстандық немістер ГФР –нан өз үйлеріне, біздің республикамызға қайтып оралды. Бұл жаңалық хабар ғанибетпен қарсы алынды.

          1998 жылғы наурызда Қазсқатндағы ГФР –ның төтенше және өкілетті елшісі Х.Фон Вистингхаузен «Мысль» журналына берген сұхбатында мына мәселені  ерекше атап көрсетті.

          «1989 жылдан бері Қазақстаннан 1 млн. неміс  халқының қоныс  аударушылары ГФР — қабылданды».

          Бұрынғы Кеңес  Одағы ның елдерінде тұрып  жатқан этникалық немістердің тарихи отандарына  қоныс аудару  құқықтары ГФР –ның Негізгі заңдарымен бекітілген.

Қабылдау процедурасының  барлық мәселелері босқындар мен қуғындалғандар туралы  Федеральды заңмен белгіленді.Федеральды үкімет барлық этникалық  немістерді Германияға қабылдауға әрекет ету  құқығын мойындауына қарамастан, ол этникалық немістер  Қазақстанда  қалуы үшін міндетті түрде  бірге күш салып әрект ету  қажет деген  Қазақстан мемлекетімен бір пікірде. Осы мақсатта 1996 жылдың 30 мамырында ұлты неміс Қазқстан Республикасының азаматтарын қолдауға ынтымақтасу туралы Қазақстан  Республикасы мен Герман  Федеративті  Республикасы үкіметінің арасында  келісім шартқа қол қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау.Қырым Кавказ және Еділ бойы Халықтарын қуғындау

 

2.1 Қазақстандағы Солтүстік Кавказ халықтарының  диаспорасы

 

Қалмақ халқын елден қуу 1943 жылы 27 желтоқсанда, Қалмақты Герман басқыншыларынан азат етіп, бір жыл өткен соң, КСРО Жоғарғы кеңес Президумы Қалмақ КСР –ның жойылуы туралы Жарлығы жарияланды. Келесі күні  КСРО ХКК В.М: Молотовтың қол қоюымен  қалмақтарды қуғындау  туралы  N 1432-425 қаулысы қабылданды.

1944 жылы  10 ақпанына дейін 92 983 қалмақтар таратылып қоныстандырылды.Оның ішінде : Омбы  облысында -27069, Новосібір облысында  -16436 , Алтай аумағында – 22212, Красноярск аймағында  — 24998, Қазақ КСР-нда – 2268 адам.

Сонымен, Қазақ КСР-на қалмақтардың 648 отбасы көшірілді. Қоныс аударушылар ашаршылық, суық, эпидемия , қарапайым тұрмыс жағдайының болмауынан пайда болған мұқтаждыққа қарамастан жаңа жерде өмір сүруге үйрене бастады.

Жергілікті жер тұрғындары мен өкімет арнайы елдендірілгендерге қолдау жасап, оларға киім-кешек, азық-түлік бөлді. Сонымен, Қызыл –Орда облысына көшіп келген отбасына  45 т. Ұн және 15 т. Жарма берілді.

1957 жылдың 9 қаңтарда қалмақ халқының мемлекеттілгі қайта құрылды. 1958 жылдың 29 шілдесіне дейін Қалмақ автономиялық облыс болып, ал содан соң Қалмақ КСР құрылды. Жалпы ТМД елдерінде 127 мың қалмақ тұрады,   оның ішінде Қалмақ Республикасында – 110  мыңнан астам адам өмір сүруде.

Солтүстік Кавказ халқын елден қуу. Солтүстік Кавказ, Кіші Кавказ және Үлкен Кавказдың Солтүстік беткейін қамтитын аймақты алып жатыр. Солтүстік Кавказдағы экономиеалық аудандағы Ростов  облысы, Краснодар және  Ставрополь өлкесі, Кабарда – Балқар, Ингуш, Ичкерия Республикасы, Қарашай- Черкес кіреді.

Бұл халықтар өзінің тарихи Отанынан, Солтүстік Кавказдан өпшіліктің  елден кетуі жылдары   Сібір,    Қазақстан, Орта Азия, Оралдағы  жұмыстарға жібіерілді.

Қазақ және  Қырғыз КСР- на  тұрақты мекенге Солтүстік Кавказдың 602193 тұрғындары  жер аударылды, оның ішінде  шешендер  мен ингуштар – 496460 адам, қарашайлар – 68327 адам, балғарлар – 37406 адам.

Қазақ Кср аумағына арнайы  елдендірудің басым – (477809 адам)  негізгі көпшілігі көшірілді.

Қарашайларды жерінен қуу.

1999  —  жылғы санақ бойынша  қарашайлардың Қазақстандағы саны -1400 адам. Қарашайларды  елден кетірудегі бірінші кезеңнің басталу себебі стандартты  «сатқындық» болды. 1943 жылдың 15 сәуірінде КСРО НКВД және КСРО прокуратурасының  N 52-6927 директивасы жарық көрді, ол  бойынша қарақшы басшылардың 477 отбасы көшірілуге  белгіленді. Бірақ  «67 қарақшы басшылары өкіметтің кеңес органдарына кінәларын мойындаған соң елден кетірілетін отбасы саны 110-ға қысқартылды.Олар 1943 жылдың  9 тамызында автономиялық облыстан тыс жерлерге көшірілді».

Содан соң бұл шара бүкіл қарашай еліне таралды. Елден кетірудің екінші кезеңі басталды. КСРО НКВД мәлметтері бойынша 62842 адам қарашайлықтар еді. 1943 жылы 14 қазаннан КСРО аумағына арнайы қоныс аударушылардың 12342 отбасы елдендірілді, қарашайлықтар 45500 адам, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысына 5699 отбасы елден – 20285 адам көшірілді.

Оларға қызмет көрсетуге 24 арнайы комендатура ұйымдастырылды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 13 және Жамбыл облысында -11.

Арнайы қоныс аударушылардың контингеті ұжымшыларға орналасып сонда жұмысқа тұрды. 

 

Шешен – Ингуш АКСР халқынелден қуу.

1999 жылғы санақ бойынша  қазақстандағы шешендердің саны 31799 адам. Ингуштар – 16893 адам.1939 жылдың 17 қаңтарында республика халқының санын  ауылда 494114 адам, қалада  — 202892 адам, барлығы 697009 адам құрады.

1922 жылдың  30 қарашасында Шешен автономиялық облысы құрылды.1934 жылдың 15 қаңтарында Шешен –Ингуш автономиялық облысы құрылды,  ол 1936 жылдың 5 желтоқсанында  Шешен – Ингуш АКСР –ы қайта құрылды. Республика аумағында 224 ауылдық кеңес  жұмыс істеді.

Ұлы Отан соғысы кезінде  Шешен –Ингуш халқы  жаппай батырлық көрсетті.

Грозный қаласында күшпен кіруге тырысқан неміс танк құрамаларының  шабуылы кезінде Грозный қаласының  өрт сөндіру командалары  танкіге қарсы  орлардың 28 шақырымына  мұнай құйып, сабыннан үйген  үймектің 9 шақырымына мұнай сіңдірді,      жалпы   көлемі1 миллион шаршыметр құрайтын танк жолдарына мұнай және  7000 куб. Су айдады.

Шешен –Ингуш АКСР еңбекшілерінен құралған Грозный кіре берісіндегі  қорғаныс шептері  Солтүстік Кавказ қорғанысында  маңызды рол атқарды. Қорғаныс шептерінде , бекініс етегінде , әсіресе Малгобек түбінде , мыңдаған  фашист сарбаздары  мен офицерлері қазаға ұшырады, жаудың  көптеген танкілері, зеңбіректері  мен басқада техникасы жойылды.

Правда газеті  былай деп жазды: «Қыркүйек айында ғана  қарсыластың үш танк  және екі жаяу әскер  дивизиясының  19 мың сарбаздары  мен басқа да техникасы жойылды. Біздің бөлімдер бірнеше жүз  жауц машиналарын өртеп құртты. Қазан айында  да фашистер аз шығындалған жоқ».

1944 жылдың қаңтарынад ГКО бекіткен қаулысына сәйкес шешендер мен ингуштарды елден кетіру операциясы басталды.1944 жылдың  7 наурызында Шешен-Ингуш   автономиялық  республикасын жою туралы  КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы шығарылды, осылай  бұл халықтың елден кетуі  аяқталды. Қазақ КСР –на 1944 жылы 239768 шешендер және 78479 ингуштар келіп мекендеді.

Олар Қазақстанның  мына облыстарында мекендеді: Алматы,  Қостанай,  Қарағанды,  Ақмола,   Солтүстік Қазақстан,  Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан, Семей және тағы басқа.

 

Қазақстандағы шешендер мен ингуштардың саны 1990   1.1.

Таблица -2

Облыстар

Шешендер

Ингуштар

Ақтөбе

Алматы

Алматы қаласы

Шығыс Қазақстан

Гурьев

Жамбыл

Жезқазған

Қарағанды

Қызылорда

Көкшетау

Қостанай

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Семей

Талдықорған

Орал

Ақмола

Шымкент

Барлығы

3335

4748

2063

872

4603

3881

1162

5056

1480

822

2948

1945

487

1912

4865

1303

4415

3573

49470

95

836

2844

71

1348

561

258

1465

37

3030

1321

2808

221

64

120

71

5159

306

19895

 

 

Балқар халқын елден қуу.

 

1999 жылғы санақ бойынша  Қазақстанда  балкарлар -2079 адам. Кабарда  -Балкар АКСР –сы 1936 жылдың желтоқсанында  құрылды. 1939 жылы  республика халқы 350 мың адам құрады, оның ішінде 164,2 кабардалықтар және 42,7 балкарлар. Ауылды 265 мың, қалада 85 мың адам тұрады.

1944 жылдың 23 ақпанында халық комитетінің ішкі істеріне   БОКП обкомдарының бірінші хатшылары мен Солтүстік кавказдағы автономиялық республикаларының Кеңестік  халық комитеттерінің төрағалары шақырылды. Оның ішінде  Кабарда –Балкар  партия обкомының бірінші хатшысы Э.Д.Кумеков, сол кезде Берия Кабарда –Балкар Эльбрус ауданын ұстай алмай немістерге беріп  қойғанын  хабарлады, осыған байланысты Кабарда – Балкар халқы елден  көшірлетінін  айтты.

1944 жылдың сәуір айында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының «Кабарда – Балкар АКСР –нда тұрып жатқан  балкарлдарды көшіру және Кабарда – Балкар АКСР –сы Кабарда АКСР  деп қайта аталатыны туралы жарлығы шығарылды.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президумы қаулы шығарады:

  1. Кабарда –Балкар АКСР аумағында тұрып жатқан  барлық балкарларды  КСРО-ның басқа аудандарына көшірілсін КСРО Одағы Халық Комиссарлар Кеңесі балқарларға  жаңа мекендеген жерлерінде жер бөліп берсін және шаруашылық жағынан қажетті мемлекеттік жәрдем көрсетсін.
  2. Балкарларды көшіруден соң бос қалған жерлер Кабарда АКСР – дағы жерлері аз колхозшыларға берілсін.
  3. Кабарда- Балкар АКСР –сы көшіруден соң бос қалған жерлер Кабарда  Автономиялық кеңестік Социалистік Республкасы деп қайта аталсын.
  4. Грузия КСР –ағы Жоғарғы -Сванет ауданының құрамына Кабарда КСР –джағы Эльбрус және Нагорный аудандарының оңтүстік – батыс жақтары  енгізілсін, осындай байланысты  бұл учаскедегі РСФСР мен Грузия КСР  арасындағы шекарасы келесі түрде өзгертілсін: Эльбрус тауының солтүстік беткейіндегі Бұрун –Таш асуынан шекара сызығы шығысқа  қарай Малка өзені бойымен 3242 биіктікке дейін, содан соң оңтүстік  -шығысқа қарай Ислам –Шай өзені бойымен 3242   биіктік арқылы  Қыртық –Ауш асуы түбінде, оңтүстік – шығысқа Қыртық өзенімен жоғарғы Баксан ауылының батыс жағына қарай және оңтүстікке Адыр –су өзенімен Месхетия асуына дейін.
  5. Қазақ КСР –сында 4660 балкар отбасы Алматы облысында 5541 адам, Шығыс  -Қазақстанда 2614 адам, Ақмолада – 5124 адам орналастырылды.

Қазақстандағы Кавказ сырты  халықтарының диаспорасы

1944 жылдың  17 қарашасында Грузин КСР –нан 81324 түрік месхетиндіктер курд және хемщин көшірілді, ал 1944 жылдың соңына қарай 94955 аталған ұлт өкілдері көшірілді. Месхетин түріктерімен курттарға хемщиндерге таққан айыбы  сол баяғы стандартты «сатқындық»   жаласы болды. Месхетин түркілерінің ежелгі тарихы туралы  бітпейтін ғылыми  талас басталатынын айтса, екіншілері, оларды жай месхалар деп атап белсенді түрде грузиннен шыққандарын   дәлелдейді. Үшіншілері  месхетиндік түркілер олар «түркіленген грузиндер» емес, жай түркілер дейді.  Сөз жоқ, бұл оңай мәселе емес, Түркілер өздері де тарихи білімге мұқтаж, олардың бүгінгі  күнге ұрпақтарғ аөткен тарихын баяндайтын не тарихшылары, не болмаса оқу құралдары да жоқ.

Ұлы Отан соғыс басталғанда  түрік –месхетиндіктер жалпы  саны 150 мың адам бола тұрып, Отанды қорғауға 40 мың ұлдарын жіберді, олардың көбі  майданға  өз еркімен аттанды. Осы 40 мыңнан  14 мыңы ғана  елге қайтып оралды, қалғандары  шайқас алаңында  қаза тапты. Жеті жауынгер  -Бекир Мустафаев, Муртаз Карлиев, Мафиз Джулфиев, Ибрагим Буджигиль, Агали Мамедов, Бадир Мурадов –Кеңес Одағының Батыры  жоғарғы атағына ие болды. Мюнир Мамедов және Муаллим Айдын Даңқ орденінің толық кавлері болды. Түрік ұлтты жауынгерлер Брест қамалын батыл қорғады.Еуропа елдерін фашизмнен азат етті.

Курдтар –жақын шығыс аймақтың ең ірі  этникалық тобы. Бұл халық Оңтүстік Батыс Азиядағы ежелгі халықтардың бірі. Олардың пайда  болуы біздің дәуірге дейінгі екінші мыңжылдықпен белгіленді.

Курд тілі батыс-иран тобына жатады. Бізге жеткен ең бірінші әдеби  шығарма Х-ХІ ғасырға жатады.

Курдтар тарихта өшпес із қалдырып, Түркия, Иран және тағыда бірқатар елдердің рухани дамуына айтарлықтай үлес қосты. ХІІ ғасырда  курд Саладин соңында Сириядағы Эйюбид арақашықтығын орнатты, аты  аңызға айналған қолбасшы Шығысқа қарай бағытталған кресшілер жорығына қатысушылар қозғалысын тоқтатты.

Әдеби мектеп классикалық курд әдебиетінің негізін салушы Ахмеде Хани ( 1591 -1652 ), сондай-ақ көрнекті ақын және ғалым Малас Джазири  аттарын шығыстаушылар ұлы ақындар мен ойшылдар Руставели, Фирдауси, Низами және Хакани аттарымен бір қатарға қояды.

ХІҮ – ХІХ ғасырда қазіргі Курдлістан аумағында мекендеген қырық курд тайпалары Иран шахы мен Осман империясына  нақты тәуелді болды. Бірақ мықты  көршілер курдтарды егемен халық статусында  айыруға ұмтылысы, оларды парсы  және түрік  ортасында ассимиляциялау кезекті көтерліске, саясатты кезекті қанды соғысқа  ғана әкеп соқтырып отырды.

ХІХ ғасырда, орыс – парсы  соғысынан соң  тарихи курдстан аумағының бөлігі  1813 жылы  Гулистан бейбіт келісім мен 1828 жылы Түркіменшах келісім шарттарына сәйкес Ресей империясы иелігіне көшті де, курдтар Әзербайжан, Армения   және грузия әкімшілік шекарасында  қалып қойды.

Кеңес одағының алғашқы  жылдарында Әзербайжанның Кеңестік халық комитеті республикасындағы ОАК – не орталығы Лачин (Карабак) автономиялық Курдістан республикасын құру туралы  жоба енгізді. 1923 жылы  құрылған республика құрамына  Қарақышылақ, Кельбаджар, Котуралу, Курд-Гаджи, Муратханлы кірді. Кеңестік Күрдістан өкіметінің алғашқы төрағасы Гуси Гаджпев болды.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап КСРО –да  курдтарға қатысты саясат өзгере бастады. 1930 жылы Курдістан уезі  округ болып қайта құрылды, ал содан соң мүлдем жойылды. Курдатарды ассимиляциялау  басталды. Бұл кезде  олардың ұлттық  құқықтары ескерілмеді, аулдарында ана тіліне оқыту, курд тілінде  кітап шығару тоқтатылды.

ХХ ғасырдың  30- жылдары  «курд» сөзі  қолданудан шықты, күрдтердің саны  шұғыл қысқартылды. 1937 жылы  коммунистер, кеңестік партия  қызметкерлері, курд  интеллигенциясы тұтқынға алды. Курд балалары  өздерінің мектептері жабылған соң, армиян, грузин, әзербайжан мектептеріне көшті, бірақ  онда да көп оқыған жоқ –тіл білмегендіктен барлығы үлгермеушілік себебінен мектептен шығарылды. Сауатсыздар саны  өсе бастады,   жаңа дамып, жаңарып келе жатқан мәдениет артқа қарай қайтарылды.

КСРО үкіметі 1937- 1938 жылдары Әзрбайжан мен Армениядағы курдтардың қонысын Орта Азия  мен Қазақстанға аударды.

Олар былай орналастырылды: әр-бір елді екен пунктіне  3-4 жанұядан. Курдтарды ұлт ретінде  жойып жіберудегі нақты мақсат әлдекімнің құрған мақстаы болды.

Осылай немесе  басқаша түрде курд автономиясы жойылды.Бұл іс осымен шектелмеді. Сол кездегі  Әзербайжандағы  КП ОК – төрағасы Багиров оларды: «Егер Армения мен Нахчеван АКСР – дағы жерлестерің сияқты қуғын-сүргінге ұшырағыларың келмесе, онда «курд» деген сөзді мүлдем ұмытуларың керек», — деп қорқыта бастады.

Адамдар өздерін  әзербайжан деп жаза бастады, әрине төлқұжаттағы жазу курдтардың  ұлттық намысын, ана тілін өзгерте алмады. Бірақ  әзербайжанда  қағаз бетінде  «курд»  дегендер жоқ болғандықтан, курд мәселсі де жойылды, ал жоқ халыққа қандай автономия қажет.

Мемлекттік Қорғаныс Комитетіне Қаулысына сәйкес Грузия КСР –ның шекара аудандарынан түріктер, курдтар, химшиндердің қоныс аудару операциясы жүргізілді. Бұл халықтың Түркия шекара  аудандарының тұрғындарымен туыстық қатынастағы едәуір бөлігі Түркия барлау  органдары үшін тыңшы элементтеріне тартылып, қарақшылар топтарын толықтырды.

Қоныс аударуға дайындық 1944 жылдың 20 қыркүйегінен  15 қарашаға дейін жүргізілді,  бұл кезде  қоныс аударуға жататын адамдардың шекарадан өтіп кетпеуін алдын-алу мақсатында Түркиямен шектес мемлекеттік шекараны қорғау күшейтілді. Ахалцик, Адиген, Аспиндз, Ахалкалк және Богдан аудандарының   қоныс аудару операциясы 1944 жылдың  Богдан аудандарының қоныс аудару  15 –нен 18 қарашаға дейін,  ал Аджар ауданынан  1944 жылдың 25 қарашасында жүргізілді.

Қоныс аударғандардың   саны  — 91095 адам. Қоныс аударушылар тиелген  эшелондар жолда, олар Өзбек, Қазақ және Қырғыз КСР – да   жаңа қоныс құрды.  Қоныс аудару  операциясы ұйымдасқан түрде жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілгендей, Грузия КСР –ғы  шекара  аудандарына  Грузиядағы аз жерді аудандарынан 7000 шаруашылықтар көшірілді.

Бір уақытта КСРО  НКВД Түркиямен шектесетін Грузия  КСР аудандарында  шекара тәртібін күшейту     арнайы шаралар өткізуде.

1944  жылдың  17 қарашасында сағат 16 –да Грузия КСР –нан  81324 түрік, курд және хемшин жіберілді, ал  1944 жылдың соңына қарай  94955 аталған ұлт өкілдері   көшірілді.

Қазақ Республикасында 6455 курд отбасы орналастырылды, олардың ішінде  16 жасқа дейінгі  балалар саны – 13735 құрды. Колхоздарда – 9332 адам, совхозда – 846 адам, өнеркәсіп орындарында  588   отбасы. 193 әйелдер жұмыс істемеді. Білікті мамандар – 48 адам.

Бүгін Қазақстанда   курд интеллигенциясының көптеген  жасақтары еңбек етіп өмір сүруде. Олардың қатарында  ғылыми қызметкерлер. өнеркәсіп және  әртүрлі мекем бастықтары бар. Олардың ішінде әйгілі   ғалым надир Каримұлы надиров, Ол     Қазақстан Республикасы ҒА академигі, профессор ,химтя ғылымының докторы, Республика ғылымының еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ  КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, оннан астам  монографиялардың  авторы. Ғылымға белгілі үлес қосып жатқан  химия ғылымының кандидаттары – Г.А. Надиров, Г.М. Мусаева, К.А. Жалилова, К.С.Надирова, медецина ғылымдарының  кандидаттары Р.И. Исаева, М.А. Бадиров, ауылшарушылық  ғылымының кандидаттары  — х.Г.Гасанов, А.У.Усенов, С.Б.Исаев, С.А. Асанов , техника ғылымының  кандидаты  У.Садыуов  және басқалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қазақстандағы Қырым татарлары,   гректер, грузин – месхеттер, армиян, болгар диаспораларының ашылуы

 

Қырым татарларын елден қуу.1944 жылдың 20 мамырында 180014 адам аумақтық республикасы ретінде РСФСР СНК және ЦМК қаулысымен құрылған еді.

Республиканы құрудың мұндай  жолы оның  көп ұлтты  екенімен түсіндіріледі. Орыстардың саны 50 пайыздан асқан, бірақ олардан басқа тағы  да 69 ұлт өкілдері тұрады. Тұтастай республикадағы ұлттық белгісі бойынша  халықтың  құрамы былай көрсетілген: 51,5 пайыз —  орыстар, 25,9 пайыз қырым татарлары , 24 пайыз басқа ұлт өкілдері.

Бұл жерді немістер,  еврейлер, гректер,  балғарлар, армияндар, поляктар, караимдер,   эстондар, чех  пен словактар да  мекендеген, украйындар ірі топты құраған.

Қырымдағы ЦИК –тің ұйымдастыру бөлімінің меңгершісі Ковалль 1927 жылы  тамыз айында ВЦИК Президумына жазған хатында Қырымда  77405 орыстар –украйндар және басқа халықтар тұрып жатқанын хабарлаған. Оның ішінде орыстар —   558481, украйндер – 154120, армияндар – 12873, татарлар – 218179, немістер – 65452, балғарлар  — 15335, гректер -20653, басқалары -29276.

Ұлы Отан соғысы  басталғанда басқа да Кеңес Одағының  адамдары  сияқты мыңдаған Қырым татарлары  да өз Отанын  қорғауға қатысты. Неміс – фашист басқынышыларымен күресте қырым татарларының ішінде мынадай  атақты патриорттар , мысалы , Даңқ орденінің толық кавалері  Сейцднаби абдурахманов, Леонид  велиляев, Кеңес одағының  екі мәрте батыры ұшқыш Ахметжан  Сұлтан  және басқалары  жасаған ерліктерімен     ерекше   көзге түсті.

Қырымды немістер басып алған соң,   түбек аумағында  «мұсылман комитеттері»  өз-өздерін басқаратын органдар құрылды, олардың мақсаты өз бетімен өмір сүретін ұлттық татар мемлекетін құру  болып табылды.

Симфеопольде өткен мұсылман құрылтайында  хандық өкімет қалыптасты. Соңғы жылдаодың  архивтік мәлметтері мен шығарылымдары Қырымда орнадасқан неміс армиясының  бөлімшелерінде  20 мыңнан астам Қырым татарлары  қызметте  болғанын баяндаған. 1944 жылдың қаңтарында  3783 паризан ішінде 598 қырым татарлары  болған.

 «Правда»  газетінде  1987 жылдың  25 шілдесінде  басылған ТААС хабары бойынша  түбек аумағында басқыншылармен  бірлесе 200-300 адамы бар қырым татарларының 10 ерікті  батальондары  әрекет етті. Бірақ татарлардың көбін  өз еркімен емес,  күшпен неміс құрамаларына енгізді.

1944 жылдың 18 мамырында  Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қырым татарларын көшіру туралы  қаулы қабылдады. Операция басшылары  болып мемлекеттік қаупсіздік комисаралры Б.З. Кабулов пен   И.А.Серов тағайындалды.

Бұл 1944 жылдың 18 мамырында  болды. Адамдар  эшелонға асығыс тиелді, оларға өзімен бірге тек азғана  заттарын алуға рұқсат берілді.

20 – мамырда кабулов мен Серов Берияға былай деп баяндады: «Сіздің жарлығыңызбер 18 мамырда, сағат 16- да аяқталды. 180014 адам көшірілді, олар 67 эшелонға тиелді, оның ішінде 63 эшелон 173282 адаммен арнайы орынға жіберілді, қалғандары  бүігін жіберіледі». Сондай-ақ одан ары былай деп хабарланады:

«Бұдан басқа Қырымдағы аудандық әскери   комитеттері әскер жасындағы 6000  қырым татарларын жұмылдырылды. Олар Қызыл   Армияның  жоғарғы басқармасының  бұйрығы бойынша Гуррьев, Рыбынск, Куйбышевқа жіберілді. Сіздің  жарлығыңызбен «Мрсквакөмір»  тресіне жіберілген  8000 арнайы қоныс аударушылар ішіндегі 5000 адам татарлар. Жалпы  Қырым АКСР –нан «ұлты татар  191044 адам шығарылды».

Қырым татарлары Қазақ және Қырғыз КСР –сына,  РСФСР –дың жеке отбасыларын көшірілді. Көшіру  өте қиын  жағдайда өтті. 1944 – 45  жылдары арнайы  қоныс аударушылардың 44887 адамы қаза тапт,   яғни өлім 19,6 пайызын құрады. Қырым татарлары  толығымен көшірілді.

1944 жылы армияндарды, болгарларды, гректерді қуғындау: 1999 жылы  Қазақстанда армияндар – 11758 адам, болгарлар -6915 адам, гректер  — 12703 адам. Татарлардан кейін  1944 жылдың 2 маусымындағы  ҚМК –нің қаулысы негізінде  Қырымнан Қазақстан мен Орта Азияға 15040 грек, 12422 болгар, 9621 армиян, 1119 неміс, италияндар мен румындар,  150 түрік, 16 иран ( барлығы 41854 адам) көшірілді Сол құжаттарда  «Неміс басқынышылғы кезінде болгар халқының  едәуір бөлігі  немістерден өткізілген герман армиясына  азық-түлік  өнімдері мен астық жинау шараларына  белсенді қатысты.».

Грек халқының едәуір бөлігі, әсіресе теңіз маңындағы  қалаларда, басқыншылардың  келуімен сауда және кіші өндіріспен айналыса  бастады, ал неміс  өкіметі оларға бұл істе  көмек көрсетті.

Армиян  ұлттық комитеттері Берлиннен келген эмиграттартардың белсенді қатысуымен «Тәуелсіз Арменияны» насихаттау жұмыстарын жүргізді» деп көрсетілген.

Бұған қоса басқа  ұлттар да қуғынға ұшырады. 1944 кулактар  мен дұшпандық элементтер байқалаған Молдаван КСР-ның 31696  тұрғындары, 8374  адам Черновцыдан, 3767 адам  Измаил облысынан қоныс аударылды.Қазақстанға Украинаның  Львов,Ровен, Тарноград  облыстарынан  636 отбасы көшіп келді. 1945 жылдың көктеміне қарай осындай құрамаларда КСРО ҰҚК-ніңмәлметтері бойынша 90 мың адам болды.

Балттық бойындағы халықтардың да тағдыры жеңіл болған жоқ. Осы аймақтың негізгі этносын құрайтын эстондар,латыштар, литвалықтар ғана қуғындалмай, финдер, поляктар мен орыстар да қуғындалды.

1941 жылдың қараша айына  қарай Прпибалтика, Молдавия, Украйна, Белоруссиядан Қазақстанға 88097 адам қоныс аударды.

1936 жылдың  28 сәуірінде құпия қаулымен N 776-120 «Қазақ КСР-на Украинадан саяси сенімсіз поляктарды көшіру туралы»  құпия қаулысына қол қойылды.

«Сенімсіз элемент» ретінде шекара аймағынан  35820 поляк кетті, оның ішінде Қазақ КСР-на 35739  адам, қалған кіші отптар Ресей облыстарына көшірілді. 1936 жыл поляктар  үшін  РСФСР – дың шексіз  даласында қаңғыруының басы  болды. Сотсыз, тергеусіз, сонымен бірге  жазбаша жазалаусыз  Белоруссия мен батыс аудандар халқының 10 пайызы  қуғындалды.

1939 жылдың желтлқсанында Кеңес үкіметі,УКСР мен  БКСР- ның батыс облыстарынан қоныс аударғандарды арнайы елдендіру және оларды жұмыспен қамту туралы ереже бекітті. Бұл үшін ішкі істер халықтық комитетінің төрағасы Л.Берияның жарлығы бойынша 55  теміржол  вагондары бөлінді.

«Қоныс  аударушылар»  категориясына ең  алдымен Польша армиясының  бұрынғы  әскери  қызметшілері, полициядағы шенді адамдар мен бұрынғы  әскери қызметшілері, полициядағы шенді  адамдар мен бұрынғы  польша аймақтарының  әкімшілік қызметкерлері келді.  НКВД  мәлметтері бойынша  1941 жылдың елдің 20 облыстары мен  аймақтарында 131938 қуғындалған  «орманшылар», «қоныс аударшылар»  тұрып жатты, оның ішінде  поляктар – 109223 адам, сонымен бірге Қазақстан лагерьлерінде  46547 адам мекендеді.

1942 жылы  қарашасында  Саратов  облысынан Қазақ КСР –на 2014 поляктар , оның ішінде  318 бала қоныс аударды.

Сонымен  бір уақытта  басқа елдерден де батыс аудандарының  аймағын «босату» бойынша шаралар өткізілді.

1939-1940 ж.ж. Молдавия – Бесарабия ,батыс Укпаина мен батыс Беларуссия, Латвия, Литва және Эстония  «ескі буржуазиялық ұлттардан»  тазартылды.

Кеңес одағына  қарсы пиғылдағы жазылғандардың 75 пайызы әр түрлі жерлерден жарлықтар мен қаулыларды жарияламай НКВД жалпы бұйрығының жүйесі бойынша  қуып шығарылды. Сондай-ақ босатылған аудандар  Ресейден  көшірілгендермен  толықтырылып отырылды.

КСРО СНК –ның 1940 жылы сәуіріндегі  N   497 -178 сс қаулысына сәйкес Қазақ КСР –на Украйна  және Беларуссия  КСР –ның  батыс облыстарынан  көтерлісшілер ұйымдарының қуғындалған қатысушылар, бұрынғы  Польша армиясының  офицерлері , полиция, абақтыдағылар, помещиктер, фабриканттар және бұрынғы польша  мемлекеттік аппараттың  чиновниктері 60667  отбасы мүшелері қоныс аударылды.

Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, павлодар, Солтүстік Қазақстан және семей облыстарын мекендеді. Олардың ішінде 36729 адам колхоздарда, 17923 – совхоздарда  және 8000 адам әр түрлі өнідіріс өнеркәсіп орындарының жұмысшылар поселкаларында орналасты.

Елден қуу акциялары қырқыншы жылдардың  екінші жартысында  да жалғасын тапты. 1945 жылдан бастап 1949 жылға дейін  38911 латыштар 80189 литовтар, 19237 эстондар  қуғындалды. 1949 жылы маусымында  грузиядан тағы да 981 курдтар мен түрік  месхетиндіктер жанұясы көішіріліп шығарылды. Олар бәрі Қазақ КСР –на жіберілді.

Барлығы 1945 жылы соңына қарай,   КСРО  НКВД  мәлметтері бойынша, арнайы елдендірілгендердің  саны  967086 жанұя болды, олардың  ішінде  Қазақстанға 1 миллионнан астам  адам қоныстандырылды. Олжас Сүлейменов Қазақсатнды  кіші карта бетінде жүзіп жүрген орасан зор кеме түрмесімен  салыстырған: «Біз, қазақтар, осы айдауда  туып өстік».

Тәуелсіз Қазақстанда  қуғын-сүргінгше ұшырағандардың  үні анық естілуі үшін ұзақ 30 жыл уақыт керек болды  және кінәсіз жазаланғандардың  ақтау  күні заңды түрде  мемлекеттік  күнге айналды. 1997 жылдың 6 маусымында    Қазақстан    халқының Ассамблеясының 4 сессиясында  сөйлеген сөзінде  Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев  былай деп атап көрсетті: «Біз  барлығымыз бұрынырақта  өмір сүріп кеткен ұрпақтар алдында борыштармыз. Миллион және миллиондаған саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын ешкім ойлап шығарған жоқ.Бұл қатаң шындық – ол өткен  күндермен кетті, бірақ  қатыгездігі  мүлдем жоғалмады. Қазақ жері  тоталитаризмнің ең үрейлі жаңалығының  бірі  — көптеген концлагерлердің  орналасу орны болып табылды».  Одан әрі Н.Ә.Назарбаев:  «Жүріп өткен жол – бұл біздің өткен күндеріміз, оның жеңістері мен жеңілістері, қуаныштары мен қайғылары. Ал басқа  пікірді  ұстанған адамдарға айтарымыз: аға ұрпақ  өкілдерінің істері мен  әректтерінің бейшаралығына немесе тарихи мағынасыздығына кінә тағу  олардың тарапынан адмгершілікке  жатпайтынын түсінсін»,- деп айтып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Тәуелсізідк тізгін қолға тигеннен кейін біраз ұлт өкілдері  тарихи заңдылық еді. Бірақ Қазхақсатн халқы туралы алқалы жиындарда  әңгіме  қозғала  қалғанда , ең алдымен айтылатыны –елімізде 130-дан   астам ұлттың өкілдері тұратындығы. Қазақстан кеңестік кезеңде  «100 – ден астам ұлттың  достық лабораториясы» еді, енді одан да көбейіп кеткендей. Тәуелсіздік  алғаннан кейін диломатиялық қарым-қатынас орнатқан соң шетелден де ағылып келіп жатқандарда бар.Осыдан келіп ұлт дегеннің түпкі ұғымы қандай  деген заңды сауал  туындайды. Расында да, Қазақстанда   130-дан астам ұлт бар ма. Оның есеп-қисабын жүргізген, статистика агенттігі не дейді. Кейін өзіміз ұлт деңгейіне көтерілігендер  басқа пиғыл танытпай ма.

Ғылыми тілде  «ұлт дегеніміз –қолданысына  қарай индивидтің нақты ұлттық немесе этностық топқа, немесе белгілі  бір мемлекетке заңды қатыстылығын білдіреді». Ал ұлттың түп тамыры тілі,  аумағы, экономикасы, мәдениеті және мінезі, ұлттық санасы дамуының бірдейлік базасында пайда болған, тарихи жағынан тұрақты қалыптасқан адамдар қауымдастығы дегенді білдіреді. Ендеше, Қазақстандағы қалған ұлт өкілдерін ұлт деңгейіне  көтеру  тағы да ғылыми анықтамалығы тарапынан қарсылыққа кезігеді.

Қазақстан  халқының 56 пайызын қазақ халқы құрайды, 28 пайызы орыс  диаспорасының еншісінде. Басқа ұлт өкілдерінің еншісінде  16  пайыз ғана тиеді. Сонда, 130 ұлт, көп ұлттық мәселесі қайдан шығады. Ресей, АҚШ, Қытай, Индонезия, Австралия елдері сияқты көп ұлтты мемлекет болса бір сәрі. 16 пайызды 130 ұлтқа бөлеміз бе. Басқалардың көңілін аулаймыз деп, төл мемлекетіміздің  тәуелсіздігіне  сызат түсіріп отырған жоқпыз ба ? қалай болғанда да  осы жерден бір мәселенің  шеті қылтиып көрінеді.

Жаңа таныстарға біз бұдан басқа ештеңе ұсына алмадық. Бірақ, осы қарапайым  дастарқан, ыстық пеш, жылу және ата-аналарымыздың ықласы олардың өмір сүруіне, балаларын құтқаруға көмектесті.

 

1930-1950 жылдары он беске жуық  этностар  жаппай қуғындауға ұшырады, олардың ішінде поляктар, гректер, болгарлар,қырым татарлары , қабардалықтар, балқарлар,  шешендер,  ингуштар, қарашайлықтар, черкестер, қалмақтар, немістер, кәрістер және т.б. болды. Олардың  миллионнан көбі Қазақстаннан екінші отандарын тапты. Бұл халықтардың  әрқайсының қуғындауға ұшырау тарихына жеке-жеке тоқталамыз.

Ата заңымыз бойынша  бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – Федеративтік емес, унитарлық мемлекет. Унитарлықтың  мағынасы – жері біртұтас, бөлінбес, бөлшектенбес иелік, оның  иесі жалпылап айтқанда  қазақ мемлекеті, жаппай халық деген сөз. Мұнда ешқандай  өзге территориялық саяси құрылымдар, автономиялар  болуға жол жоқ. Ал осы Ата Заңда бекітіліп берілген туған жердің біртұтастығын, оның   шекарасын бұлжытпай сақтап қалуға, сөйтіп оны  келер ұрпақтарымыздың мәңгілік мұрасына  айналдыруға  ең мүдделі  ұлт- осы  аймақтағы ғасырлар бойы жайлап, қызғыштай қорғап келе  жатқан, әзірше  өз мекенінде  8 миллионнан жаңа ғана асқан ержүрек  те батыр, әрі аңқау, аңғал, адал жұрт екені белгілі.

Қазақстанда көп ұлттық мәселенің шетін шығару  ұлтаралық мәселені ушықтыру деген ұғымға жетелемейтіні  анық. Қазіргі жаһандану  жағдайында  базбіреулер үшін  ұлттық темірқазық төңірегінде әңгіме қозғау асылық болып көрінер.

 

 

Әдебиеттер тізімі.

 

  1. Абжанов Х.Сельская интеллигенция в Казахстане: вчера,сегодня, завтра.Алма-Ата,1990.
  2. Кульбаев Т. Хегай А. Депортация Алматы 2002 г.
  3. История Корейцев Казахстана. Сборник Архивных документов, том 1. Алматы – Сеул. 1998.
  4. Ибрагимбейли Х.М. сказат правду о трагедии народов Политическое образование 1989 N 4
  5. Данные Агенства РК, по статистике и переписи населения 1999 году.
  6. Абжанов Х.Сельская интеллигенция в Казахстане: вчера,сегодня, завтра.Алма-Ата,1990.
  7. Атауов С.Деятельност компарти Казахстана по развити тяжелой прмышленности. Алма-Ата,1978.
  8. Байкенов М.Қазқсатн транспортының  даму белестері. Алматы,санат,1998.
  9. Талас Омарбеков. ХХ  ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. Алматы. 2001 жыл.
  10. Бейсенбаев К.Идейно-политическое движение в Казахстане в конце ХІХ- начале ХХ веков, Алма-Ата
  11. Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к Росси. М.,1957.
  12. Ляченко П.И. История народного хояйства СССР. М.,1950.
  13. Фридман Ц. Иностранный капитал в дореволюционном Казахстане. Алма-Ата,1960.
  14. Қазақ ССр тарихы. Бес томдық. Том 3.Алматы, 1982.
  15. Аманжолов К.Р.Түркі халықтарының тарихы. Үшінші кітап. Кітап 3 Алматы: Білім,2002.
  16. Аманжолов К.Қазақстан тарихы .Дәрістер курсы ІІ .Алмат «Білім» 2004.
  17. Қазақстан тарихы.бес томдық.Том 3. Алматы. «Атамұра»,2002.
  18. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы. 1994.
  19. Мырзахметов М.Түркістаннан туған ойлар.Алматы.2001.
  20. Мәшімбаев С.Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Алматы,1995.
  21. Маданов Х. Қазақ халқының арғы бергі тарихы. Алматы.1995
  22. Маданов Х.,Мусин Ч. Ұлы дала тарихы.Алматы, 1994.

Деректік материалдар

  1. Елагин А.С. Казактар Қазақстанға қашан келген.// «Қазақстан коммунисі»,1991,№3
  2. Әбенова Б. Қоныстандыру –орыстандыру тәсілі.//Қазақ тарихы. 1999,№2
  3. Ғизатуллн Б.Қазақстан жәрмеңкелері.//Қазақ тарихы.1997,№2
  4. Қарасаев Ғ. Төңкеріске дейінгі төтенше оқиғалар ( ХІХ-ХХ ғ.ғ б.б. Шығыс,Солтүстік аймақ) //Қазақ тарихы. 2000,№2
  5. Нағашыбек Б. Өркениеттік отарлау оқу-ағарту ісінде .//Ақиқат .2004 ,№1
  6. Талдыбаев Ж.Қазақтардың жалпы сандық құрамы. //Қазақ тарихы.2003,№1
  7. Мүсіреп Ғ. Қазақстанда қанша ұлт бар. //«Егемен Қазақстан» 2003 жыл 3 қазан
  8. Аренов М. «Кто же мы — Казахстанцы».// «Казахстанская правда» 12.12.1997 г.