АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Салауатты өмір салтымызды тәрбиелеу жүйесінде дене шынықтырудың мағынасы

 

Козбеков Тайжанбек Маженович

 

 

 

Салауатты өмір салтымызды тәрбиелеу жүйесінде дене шынықтырудың мағынасы

 

 

Значение физической культуры в системе воспитания  здорового образа жизни

 

 

The value of physical training in the education of healthy lifestyle

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КIРIСПЕ

  1. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫМЫЗДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ .

1.1. Салауатты өмір салтынна оқушыларды баулу.

1.2. Оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізуде тренажер қолдану әдістемесі.

1.3. Оқушыларды шыдамдылыққа үйрету ерекшеліктері.

1.4. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.

  1. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫМЫЗДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2.1. Секіруді үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.

2.2. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру.

2.3. Сыныптан тыс дене шынықтыру

  1. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫМЫЗДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ.

3.1. Жұмыстарды ұйымдастыру.

3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жоспары.

3.3. Шыдамдылық пен төзімділік сипаттамасы.

3.4. Шыдамдылыққа тәрбиелеу жұмыстарын бақылау және есепке алу.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ.
  2. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

Салауатты өмір салты — белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты — тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.

Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер — гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді.

Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады.

Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.

Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен.

Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең — жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады.

Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.

Бұл жағдайлардың бәрі алкогольдік ішімдіктерді оңай табуға болатындықтан және алкогольдік әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің кең таралуынан туындайды. Әсіресе, ішімдікті жаңа бастап жүрген өте араласқыш, әзілқой, әрнәрсенің түйінін жылдам шеше білетін, өжет бастығы бар алкогольдік топтарға, жылдам үйір болады.

Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер алкогольдік топтарға «ауысуң арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады.

Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт — жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар жүргізу — ішімдікке қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады. Мектептерде алкогольге қарсы тәрбие жүргізген кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алған дұрыс:

— Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру. Алкогольге жеке көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сыныптардан басталғаны жөн;

— Алкогольге қарсы тәрбие мен ағартушылық бір бағытта, бірізділікпен жүруі қажет; мұнда оқушының жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысалдан бастап, ішімдікке байланысты қоғамға да, өзіне де келтіретін зор кесапатты түсінідіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру керек;

— Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге сәйкес жоспарлау;

— Ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының психикалық ерекшеліктерін ескеру;

— Оқушыларды ішімдікке қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру жұмыстары гигиеналық және әдет-ғұрыптық, эмоционалдық және мазмұндық аспектерге сәйкес келуі тиіс;

— Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққұнды демалыстар ұйымдастыру;

— Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай жұмыстарды жанұялармен, маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізгені тиімді.

— Жоғарғы сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене араластыру. Оларға ішімдікке қарсы ағарту жұмыстарын жасату. Мұндай жұмыстар жоғарғы сынып оқушыларымен қатар бастауыш сынып оқушыларына да пайдалы болады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өзінің ата-анасымен, мұғалімдерінен гөрі жоғарғы сынып оқушыларына көбірек сенеді.

Жасөспірімдер аудиториясында алкогольдің ішкі ағзаларға тигізетін зияны туралы дәрістер онша тиімді емес. Мұндай орталарда алкогольге қарсы жұмыстар балалар мен жасөспірімдер үшін қажетті құндылықтарға, яғни оның қабілетін, мүмкіндігін ашу, олардың жанұядағы, балалар арасындағы, қоғамдағы орнын тауып беруге бағытталғаны дұрыс.

Ішімдікке қарсы жұмыстың мазмұны мәнді, түсінікті, адамзат баласының қажеттіліктерін дұрыс қамтитын терең ұғымға негізделуі керек. Балалардың салауатты өмір салты көбінесе ата-аналарының тіршілігіне, өзі тәрбиеленіп отырған ортасына байланысты болып келеді.

Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруды, олардың белгілі жас-жыныс, ұжымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген тиімді болады.

Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.

Бүдан мынандай міндеттер туындайды:

—    салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;

—  өз   денсаулығына   қоғамдық    игілік, қоғамның    рухани    құндылығы    ретінде жауапкершілікпен   қарауға  тәрбиелеу;

—    негізгі   гигиеналық  дағдыларға  төселдіру;

—  осы   заманғы   ауру   түрлерімен және оларды   алдын алу шараларымен таныстыру.

Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.

Денсаулық деген не? Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақ-тау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық дегеніміз — бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі».

 

 

 

 

 

  1. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫМЫЗДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ .

 

1.1. Салауатты өмір салтынна оқушыларды баулу.

 

Салауаттанудың зерттеу пәні — адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті  —  денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.

Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден — дені сау адам, екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.

Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.

Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама — қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты — салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және ны-ғайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.

Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.

Өмір сүрудің өзіндік жолы адам тіршілігінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық нышан. Бұл — жеке тұлғаның психологиясы және психо-физиологиясы икемделінетін белгілі қалып.

Адам денсаулығы, ең алдымен, өмір сүрудің өзіндік жолына тәуелді. Ол тарихи, ұлттық дәстүрлермен (діл) және жеке бас бейімділігімен (кейіпкер) анықталады.

Этнокомпонент салауатты өмір салтында балалардың ақыл-ойын, сезімін және әрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында барынша толық айтылады, СӨС-тың негізі салауаттану ғылымы болып табылады. Салауатгы өмір салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді.

СӨС қалыптастырудың негізіне биологиялық та, әлеуметтік те ұстанымдар орныққан. Биологиялық ұстанымдарға: балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы, бірізділігі және т.б. жатады.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудьң ғылыми-теориялық негіздері туралы қазақша реферат

 

 

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.

Денсаулық қатерінің негізгі  факторлары — қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз  тамақтану,   қоршаған  орта нысандарының барлығының көптеген уытты   заттармен   ластануы,    өндірісте және тұрмыста   күйзеліс   туғызатын   жағдайлар, зиянды   әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық,   нашақорлық, т.б.) кең   таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың  негізгі  бағытгары мыналар:

—  жеке және қоғамдық гигиена;

—  дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;

—  организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;

—  күн тәртібін тиімді пайдалану;

—  дұрыс және уақтылы тамақтану;

—  жұкпа аурулардың алдын алу;

—  тән ауруларынан сақтандыру;

—  жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;

—  зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды)   сақтандыру;

—  жыныс гигиенасы;

—  психопрофилактика және психогигиена;

—  кикілжің және денсаулық;

—  экология және денсаулық.

Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.

Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлык кұрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.

Бүдан мынандай міндеттер туындайды:

—    салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;

—  өз   денсаулығына   қоғамдық    игілік, қоғамның    рухани    құдылығы    ретінде жауапкершілікпен   қарауға  тәрбиелеу;

—    негізгі   гигиеналық  дағдыларға  төселдір;

—  осы   заманғы   ауру   түрлерімен және оларды   алдын алу шараларымен таныстыру.

Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.

Денсаулық деген не? Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақ-тау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық дегеніміз — бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі».

 

Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардьщ барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды .

И.И. Брехман денсаулықты «сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті» ретінде анықтайды .  Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы — бұл «денсаулық дегеніміз — физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық әлеуметтік әлуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі».

 

 

Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта (табиғи және әлеуметтік) жағдайлары мен ішкі факторларға (тұқымқуалаушылық, жыныс, жас) бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынадай: физиологиялык, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа -денсаулыққа біріктіреді.

Денсаулықтың физиологиялық түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді (процестерді), олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.

Зияттылық түр дегеніміз — денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі.

Сезім әрекетіне берілгіштік түр — жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, сол қалпында айшықтай айта алу. Жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау.

Әлеуметгік түр — тұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру.

Тұлғалық түр — өзін тұлға ретінде түсіну, тұлға ретінде анықтау. Өзін іс жүзінде көрсету.

Рухани түр — адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.

Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:

  1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
  2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.
  3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.

Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.

Рухани тазалық— тіршілік әрекетінің уәжді және ақпаратты-мұқтаждық өрісі сипаттамасының кешені. Мұның негізі жеке тұлғаның қоғамдағы құндылық жүйесі мен мінез-құлық түрткілерімен және уәждерімен анықталады. Денсаулыққа адамның руханилылығы себепші болады, яғни ол адамзаттьң байлығы — мейірімділік, намыс, абырой, ма-хаббат, сүйіспеншілік және әдемілікке негізделеді.

Денсаулықтың негізгі төрөлшемдері мыналар:

  • тән және дене күйі үшін — мен істей аламын;
  • психикалық күй үшін — мен тілеймін;
  • адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.

Денсаулық белгілері мыналар:

  • зақым келтіретін факторлар әрекетіне өзіне тән (иммунды) және өзіне тән емес тұрақтылық;
  • өсу мен даму көрсеткіштері;
  • организмнің функционалдық күйі және сақтамалық мүмкіндігі;
  • қандай болса да аурудың немесе даму кемістігінің болу деңгейі;
  • имандылық-еріктілік және құндылык-уәждік мақсат деңгейі.

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.

Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты — бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдык мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:

—  өмір сүру деңгейі;

—  өмір сүру сапасы;

—  өмір сүрудің өзіндік жолы.

Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық санат.

Өмір сүру сапасы — адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дәрежесі. Бүл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.

Өмір сүрудің өзіндік жолы адам тіршілігінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық нышан. Бұл — жеке тұлғаның психологиясы және психо-физиологиясы икемделінетін белгілі қалып.

Адам денсаулығы, ең алдымен, өмір сүрудің өзіндік жолына тәуелді. Ол тарихи, ұлттық дәстүрлермен (діл) және жеке бас бейімділігімен (кейіпкер) анықталады.

Этнокомпонент салауатты өмір салтында балалардың ақыл-ойын, сезімін және әрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында барынша толық айтылады, СӨС-тың негізі салауаттану ғылымы болып табылады. Салауатгы өмір салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді.

СӨС қалыптастырудың негізіне биологиялық та, әлеуметтік те ұстанымдар орныққан. Биологиялық ұстанымдарға: балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы, бірізділігі және т.б. жатады.

СӨС әлеуметтік ұстанымдарына: эстетикалығы, адамгершілігі, ерікті тәрбиелей білуі, өзін-өзі шектей білуі (нәпсі тыюы) және т.б. жатады. СӨС ұғымы қазіргі заманда мыналарды қамтиды:

—  жеке бас гигиенасы;

— дене шынықтыру;

—  тиімді тамақтану;

— оңтайлы қимыл тәртібі;

—  зиянды дағдылар мен құмарлықтан (темекі тарту, алкоголь, есірткі заттарын қолдану, т.б.) бас тарту;

— жағымды эмоциялар.

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.

Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз – тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.

 Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамиың психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады.

 Адлмдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән калыптасқан өмір салтымсн тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты «салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы болады:

 1) Салауатты өмір сүру деңгейі:

 2) салауатты өмір сүрудің сапасы;

 3) салауатты өмір сүрудің стилі.

 Салауатты өмір суру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығмен қамтамасыз етілуі.

 Салауатты өмір сүрудін сапасы дсгеніміз – әлеуметтік категория – үй-іші кызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығыы қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.

 Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз – әлеуметтік-психоло-гиялық категория — адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап және көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүру».

 Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы жөне жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты болады. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды, дәстүрлср арқылы қалыптасады. Сондай-ақ түлғаның бейімділігіне байланысты болады.

 Адамның жүріс-тұрысы оның тіршілікке қажетті заттарын пайдалануға қарай дамиды. Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді. Белгілі бір ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелсрімен бірге өсіп, біте қайнасып кетеді Адам бір-біріне көмекке келеді. Адамның басына түскен ауыр жағдайлармен беліседі. Адамның жүріс-тұрысы біркелкі емес. Ол тәрбиеге байланысты болады. Тәрбиелі үйлердің балалары сүйкімді тәртіпті келеді. Үлкенді аға, кішіні іні деп ерекше көзге түсіп тұрады. Жақсы тәрбие көрген балаларды педагогтар бірден тани кетеді. Ал тәрбиені аз көрген балаларды бірден ажыратуға болады. Тәжірибелі мұғалім, адам оларды бірден байқап отырады. Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмір сүрудің салтының символы деп есептеуге болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп егде адамдар өзінің ұрпақтарына үйретіп отырады. өмір сүру салты мен денсаулықтың ара-қатынасына- салауатты өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептелінеді. Салауатты өмір сүру салты адамның профессионалды іс-әрекетінің, қоғамдық қызметімсн күндслікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады. Бұлар денсаулықтың қалыптасуына және оның сақталуына, мықты болып бекінуіне жәрдемдессді. Осыдан келіп қоғамдық денсаулық қалыптасады. Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының әлсіздігі. Сондықтан да балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сактай білуге тәрбиелеудің қажеттілігі туындайды. «Баланы жастан…» тәрбиелеу керек дейді қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен-өзі белгілі. Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптсады.

 Жер шары халықтарына әлеумсттік-гигиеналық зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған орсан көп құжаттарды талдай келіп, дуниежүзілік дснсаулық сақтау ұйымы (ДДСУ), (ВОЗ). Мына төмендегідей тұжырым жасады. «Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49-53% адамдардың салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. Бір сөзбен айтқанда адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, ал 17-20% әлемдік экологиялық факторларға байланысты, әдетге әлемдік экологиялық фактор үнемі өзгеріп отыратын табиғи қүбылыс, оны мөлшердең тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік фактор). Әсіресс, тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиги экологаяны үнемі бұзып жіберіп отырады. Ал 18-22% тұқым қуалайтын ссбептерге байланысты (оны генетиптік себеп деп ғалымдар есептейді), 8-10% денсаулық сақтау орындарының қызмет істеуіне байланысты деп қорытынды жасалған.

 Қорыта айтқанда, салауатты өмір сүру салты көп факторларға (экономикалық, әлеуметтік, адамның жеке басының тәрбиесі мен біліміне) байланысты екені толығымен анықталды.

 Салауатты өмір сүру салтының негізі биологиялық және әлеуметтік принциптері.

  1. Биологиялық принциптерге жататындар:

 а) салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшелігі;

 б) салауатты өмір сүру салты энергетикалық принциптері;

 в) салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке;

 г) салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістер;

 д) салауатты өмір сүру сатгы денсаулықты арттыруға байланысты болу керек.

  1. Әлеуметтік принциптерге жататындар:

 а) салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызмет;

 ә) санауатты өмір сүрудің рухани түрде жеткіліктілігі;

 б) салауатты өмір сүру салты еріктігін дамыту;

 в) салауатты өмір сүруде адамның «үшінші жағдайда» болмауын қамтамасыз сту;

 г) өзін-өзі тежеуіне байланысты болуы.

 Осы жоғарыда көрсетілген принциптерді іске асыру оңай шаруа емес. Өйткені, бұл принциптер бір-біріне қарама-қарсы келеді. Әрқашанда көңіддегідей болып шықпайды. Жақсы нәтиже бермейді. Жасыратыны жоқ, біздің егеменді елімізде денсаулық сақтау мәселссіне айтарлықтай коңіл бөлініп отырған жоқ. Халықты неше түрлі аурулар меңдеп кетті. Кейінгі жылдары жан-дүниелі дерттер адамдар арасына көптеп тарап кеткен. Қантты диабет ауруы екі адамның бірінен кездесе береді. Әрбір мың бала туса, олардың 40-ы кемтар болып туатынын медикгер айтып жүр. Оған бір мысал.

Валеология (лат. valeo – сау болу, грек. logos – ілім) – адам денсаулығы туралы ғылым. Негізгі мақсаты – әр адамды денсаулығын күтуге үйрету, оның сана-сезімін оятып, мед., гигиеналық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын дағдылы әдетке айналдыру. Валеология медицина, биология, педагогика, психология, экология, акмеология, философия, экономика, т.б. ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.

«Валеология» терминін алғаш рет ғылымға 1998-жылы Ресей ғалымы И.И.Брехман енгізген. В. 20 ғ-дың аяғында пайда болған жаңа ғылым саласы болғанымен, түпкі тамырын ежелгі медицинадан алады. Ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Синаның (Авиценнаның) «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген еңбегіндегі ең негізгі насихаты – денсаулықты күні бұрын сақтау. Бұл үшін ибн Синаның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау.

Алғашқы кезде медицина ғылымы өзінің басты міндеті – денсаулықты сақтау, нығайту деп қараған, ал ауруды емдеуді қосалқы жұмыс ретінде санаған. Бірақ көп ғасырлық даму барысында медицина ғылымы ауру адамды емдейтін ғылымға айналып, сау адамның денсаулығын қорғау мәселесінен алшақтап кетті.

Осыған орай Валеология ғылымының негізгі міндеті – адам денсаулығын, оның сапалық және сандық көрсеткіштерін алдын ала сақтандыру әрекеттерін жүргізу арқылы қалыпты деңгейге жеткізу болып қалды. Адам денсаулығының 49–53%-ы өмір сүру салтына, 18–22%-ы тұқым қуалайтын қасиетіне, 15–20%-ы сыртқы ортаға, тек 8–10%-ы ғана медицина жүйесінің қызметіне байланысты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық – организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік». Сондықтан денсаулық сақтау ісі – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік жағдайларға жіктеледі. Физикалық саулық – адам организміне тән функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық процестің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежеде болуы.

Психикалық саулық – ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылуға ұмтылуды, адам өмірінің мақсатына айналдыру. Әлеуметтік саулық – адам белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнасу дәрежесі. Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адамның бәріне бірдей тұрақты мақсат, үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері.

Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Оны анықтау үшін әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады да, осы орташа көрсеткіш қалыпты стандарт ретінде алынады. Бір топқа енетін адамдардың көрсеткіштерінің бірбірінен айырмашылығы едәуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының, т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштер анықталғанда, осы айырмашылықтар да ескеріледі.

Денсаулыққа залал келтіретін әсерлерге жалпы мәдениеттің төмендігі, денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүрудің негізін құрайтын санитарлық-гигиена туралы мәліметтерді көпшіліктің жете білмеуі, гиподинамия (қимыл жеткіліксіздігі), дене салмағының қалыптан көп жоғарылауы, тиімсіз және жөнсіз тамақтану, қоршаған ортаның (ауаның, жердің, судың) хим. заттармен ластануы, үйде және жұмыста күйзеліс (стресс) тудыратын жағдайлардың болуы, залалды әдеттерге әуесқойлық (арақ-шарап ішу, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану, т.б.) жатады.

Қазіргі кезде Валеология пәні бала-бақшадан бастап, орта және жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген, кафедралар мен факультеттер ашылуда. Қазақстанда Валеология ғылымын дамытуға белсенді үлес қосып отырған ұйымдар қатарына ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (А.Аханов, А.Әділханов, Қ.Төлебаев, т.б.); Қазақ ұлттық медицина университеті (Х.Сәтбаева, т.б.), Қазақ мемл. спорт және туризм академиясы (Қ.Зәкіриянов, Т.Мұстафина, Г.Әлімжанова, т.б.); Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қ.Рымжанов, т.б.); Қазақ ұлттық университеті (З.Асқарова, т.б.); Солтүстік және Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттері, Қостанай қаласындағы Ментальдік медицина орталығы жатады.

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

Жоспары:

І. Кіріспе

Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру

ІІ. Негізгі бөлім

Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе

Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.

Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл: — Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;

— Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.

Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;

Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне — өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиеналық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?

Өмір салты дегеніміз не?

Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:

— белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;

физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

— жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

— қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;

— дұрыс жыныстық тәрбие алу;

— зиянды әдеттерден аулақ болу.

Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:

— әлеуметтік – экономикалық жағдай;

— отбасындағы психологиялық орта;

— жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.

Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.

ІІ. Негізгі бөлім

Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет.

Өзімнің 9-сыныптарға өткізген «Акробатикалық жаттығулар» атты сабағымда алдымен оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым. Сабақ барысында оқушыларға жеңілдетілген логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бердім. Сұрақтарға байланысты жауабын тапқан оқушы, сол жерде практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет.

Олар мыналар:

— Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;

— Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;

— Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу;

Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.

Сондықтан да мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру. Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.

Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», сонымен қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру.

Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң болары хақ. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады.

Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады.Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді.

Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану.

Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады. (мыс: дене шынықтыру сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек) осы арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады.

Күтілетін нәтиже — дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтары артады. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы артады. Дене шынықтыру сабағында 5-6 сыныптарға сергіту сәтін алуға болады. Өз тәжірибемде 5-сыныптарға өткізген «Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой толғау жасау мақсатында қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталуды, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы оқушылар сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде болатына көз жеткізеді.

Сабақты қызықты өткізу үшін мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде оқушылар белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келулері керек. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге, машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды.

Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдануда

Бұдан қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады? Сабақ барысында:

Алдымен оқушының «Не?» деген сұрағына: Сабақта шынайылық, оқыту бар екенін көрсету.

Оқушының «Қашан?» деген сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет.

Оқушының «Қайда?» деген сұрағына: Оқушының және ұстаз арасындағы серіктесін анықтап, нәтижеге қол жеткізу қажет.

Қорыта айтқанда, мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік, құзіреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты.

ІІІ. Қорытынды

Жаңа идеяларды қолдана отырып, орындалатын жұмыс бағытым;

  1. Оқушымен қарым-қатынасты қалыптастыру.
  2. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  3. Әр оқушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.
  4. Оқушының ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету.
  5. Оқушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру.
  6. Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру.

Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде оқушылардың теориялық білімін әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек.

Жұмысымның нәтижесінде:

1) Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады.

2) Оқушының бойындағы жетістіктері көрінеді.

3) Оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады.

4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. «Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

 «Тәннен жан артық еді, — дейді Абай атамыз — тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”

 Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.

 Денсаулық — тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау — бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

 Қазіргі уақыттағы әлеуметтік — экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

 Ел Президентінің «Қазақстан — 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,»…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

 Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

 «Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.

 Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.

 Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: «Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”

 Құрбы — құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі — адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

 Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.

 Досың спорт, таза ауа, өсімдік.

 Ала жүріп, осылардың сыйлығын –

 Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.

 Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.

 Атамыз қазақтың «Бірінші байлық — денсаулық», яки болмаса «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.

 Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген.

 Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.

 Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.

 Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

 Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.

 Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!

 Жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу үшін мен мынадай деректер мен цифрларды ұсынғым келіп тұр.

 Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп барады. Есірткінің медициналық-әлеуметтік проблемалары республика орталығының мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1,5 млн-дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі-сәрі күй кешуде. Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландыруы тиіс. Міне, сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Жылына БҰҰ-ның сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы өтеді, ал Қазақстан арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде. Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар. Мысалы: Теміртау қаласында 9 ай ішінде 633 нашақор бар екені анықталып, 111 заңды бұзғандықтан істері сотта қаралған. Өз облысымызда 20 мың 732 нашақор, 637 СПИД ауруына шалдыққандар тіркелген. Осылардың 48%-ы қылмыскерлер.

 Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К-деген гипертониямен кісі жағдайы бақуат бола тұра өз (денсаулығына) кеселіне бір тиын жұмсағысы келмейді, тек үкіметтің қаражатына иек артқысы келеді. Кейбір аналарымыз қонақ келгенде көл-көсір дастархан жасап, ал өз денсаулығына аса қажет анемияға қарсы бір дәріні де сатып алып ішкісі де келмейді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, әрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн.

 Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кіснің болса да денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.

 Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.

 Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.

 Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.

 Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

 

 

Спорт ойындарында шеберлігі шыңдалған ойыншыларды даярлауға аса ұзақ уақыт кетеді. Сондықтан жаттығу мерзімін даярлау сапасына зиян келтірместей етіп едәуір қысқартуға болады. Оған даярлық әдістерін жетілдіру арқылы да, сондай-ақ жетілдірілген тренажерлерді және үйре- тудің техникалық құралдарын пайдалану арқылы да ойдағыдай қол жеткізуге болады.

Тренажерлердің көмегімен ойыншылардың дене даярлығын талап етілетін деңгейге дейін тезірек жеткізуге болады. Спорт ойындарының белгілі бір түріне қажепі ойыншылардың ерекше қабілеттерін неғүрлым дүрыс дамытуға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ допты берілген молшерде ауыстырғанда және оның ойыншының қолына дәл жетуі мотижесінде уақыт қысқарады.

Сонымен қатар іздестіруге жоне ойыншының қолына доптың қайтуына күш-жігер аз жүмсалады. Манекендер ойын барысында қарсыластың қызметін атқарады. Ол үшін ойыншылардың жекелеген топтарының немесе тіпті бүкіл команданьщ күш-жігері мен келісілген іс-қимылы қажет. Оның үстіне, күшпен қарсылық ирекст ету ойындарында жарақаттанып қалмауға да әсері мол.

Тренажерлер мен техникалық қүралдар спортшылардьщ іоншіыс давдыларын барынша жетілдіре отырып, жаттығудың үзақтығы мен белсенділігін көбейтеді.

Тренажерлер ғылыми-техникалық просрестің төлбасы десе де болады. Алайда археологиялық және этнофафиялық зерттеулер мұндай түсініктің қате екенін дәлелдеді.

Тренажерлерді адамдар көне тас ғасырынан бастап, яғни өмір сүру үшін тәрбиелеу мен үйрету проблемасы туындаған шақтан пайдалана бастаған.

Бірқатар үңгірлерден: Тюк д’ Одубор, Монстеспак, Нио, үш ағайынды Коланбер, Фон-де-Гом, Леско, Абри- Меж (Франция), Альтамира, Кастильо, Истюриц және басқаларында (Испания) — лақтыратын қүралдармен үрыл- ған соққылардың ізі бар аюлардың, арыстандардың, аггар- дың тағы басқа андардың бейнелері мен мүсіндері (скульп­тура) табылған.

Енисейдегі көне тас ғасырының қазбаларынан табылған заттар алғашқы адамдардың аңшы болғанын дәлелдейді. Өйткені зубрдың сынған жауырынынан шаншылып түрған найзаның мүйізді үшы табылған. Карелия петроглифтері садақ оғымен, найзамен, қысқа сапты қарумен зақым- далған жануарлар бейнелеріне оте бай. Мысалы, Сібірдің кейбір халықтары (якуггар, лопарлар, чукчалар, товгейлер, т. б.) жануарлар бейнесіне садақтан оқ атып үйренген. Томенгі деңгейде дамыған халықтардың қүмнан жасалған бейнелерінен зақымдалған орындар, сондай-ақ андар мен қүстардың түлыптарынан атылған оқ іздері коптеп кездескен.

Кастильо үңгірінен көрерменге сол бүйірімен қарап түрган жартасқа салынған піл бейнесі табылған. Мүнда жүректің суреті бейнеленген, яғни хайуанньщ неғүрлым жанды жерлері корсетілген.

Нио үңгірінен садақ оғымен зақымдалған жыланның қабырғаға салынған суреті табылған.

Зерттеулер адамдардың жаттығу мақсатында бейнелерді қолданғанын дәлелдейді.

Үңгірлерді “көне адамдардың тренаж орталығы болған” ден үйгарым жасауға болады. Онда ауа райының қолайсыз жагдайларынан жасырынып, үзақ уақыт бойы аңшыға кажетті одістерді үйренген, қиыншылықтарға қарсы түра білудіц жолдарын меңгерген. Жүрекке дәл тигізе білу спОлқтарынан қимыл дәлдігі бағаланса, жартастағы ойық- і;і|)ді.іц колсмінен олардың күшін анықтауға болады.

Спорттық қозғалыстар техникасын меңгеру шүғыл- данушылардың дене даярлығы мен дене қабілеті жоғары болған сайын, соғүрлым табыстырақ журеді.

Дене шынықтыру даярлығы мен дене қабілетін дамыту- дың тиісті деңгейіне жету үшін тренажерлерді кеңінен пайдаланады. Өйткені тренажердегі жаттығулар организмнің қозғалыс қызметіне көп озгерістер туғызады.

Ойыншылардың дене даярлығын ойдағыдай жетілдіру үшін, олардың қарсыласының орнына салмағы жағынан жақындатылған буындарының динамикалық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін және динамикалық тепе-тендікті жылдам қалпына келтіруге жағдай жасайтын снарядтар пайдаланады.

Қолдағы бар материалдарды пайдаланып, ашық жерге тренажер қалашығын жасайды. Сондай-ақ күрделі емес тренажерлер мен техникалық қүралдар әр түрлі, олардың қүрылмалары бір-бірімен өзара байланысты әрі бір-бірінің қызметтерін өзара толықтырады.

Үсынылған тренажерлерді пайдалану.

Эластикалық үлкен көлемді дөңгелекқаптан (покрыш- кадан) жасалған салмақты жүк элеменггерін пайдалану дәл осындай салмақтағы металл жүктермен салыстыр- ғанда тиімді. Олар денеге қүлаған кезде елеулі жарақат жасамайды, оның үстіне, жерге бүлайша қүлау — жүмыс істеушілер мен айналадагы адамдарға кедергі кел- тіретіндей қатты дыбыс, шу шығармайды.

Бағыттаушыларға жүктерді орналастыру олардың белгілі траектория бойынша орын ауыстыруын жөне белгі- ленген орынға барып түсуін қамтамасыз етеді. Бүл жарақат алудан қүтылуға мүмкіндік береді.

Бағытгаушыларға тренажерлердің әр түрлі қүрылмаларын жүгімен қолдану, бүлшық еттерге әр түрлі қырынан және дененің әр түрлі деңгейінде ықпал етуге мүмкіндік береді.

Тренажерлердің пайдалануға ылғи да дайын болуы және жөндеуге уақыттың аз жүмсалуы, олардың қозғалыспен кедергі жасауы жаттығудың маңызын арттырады.

Қазіргі кездегі жеңіл атлетикадағы жоғары көрсеткіштері бар спринттік қашықтыққа жүгірушілердің көпшілігі спортқа 10 жастан және одан кейін келгендіктерін, ал ең жоғары көрсеткіштерге 22-28 жас аралығында жеткендіктерін көруге болады. Спортпен қай жастан бастап шұғылданғандығын есепке алмай қарасақ онда жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге 7-9 жыл шамасында уақыт кететіндігін көреміз.

Барлық спринттік қашықтықта күшті спортшылар деп саналатындар өздерінің алғашқы 100метрге жүгіру жарыстарында ерлер (11,3-11,6сек.), ал әйелдер (12,6-13,0сек.) көрсеткішке жеткендіктерін көреміз.

Осы жағдай алғашқы жаттығу кезеңдерінің өзінде спринттік қашықтыққа жүгірушілерді бастапқы көрсеткіштеріне қарап іріктеу, мамандандыруға негіз болатын фактор ретінде қарауға болатындығын көруге болады.

Осы көрсеткіштер жаттығушылар арасында спринттік қашықтыққа жүгіруге туа біткен бейімділігі бар балаларды 8-12 жастан бастап байқауға болатындығын және осы жас аралығында адам қозғалысы шапшаңдығының табиғый өсуі болатындығын ескеру қажеттігі туындайды.

Болашақ мамандыққа іріктеуді бастапқы дайындық кезеңінденгі жаттығулар кезінде олардың дене қаблеттері мен жаттығуларды меңгеру мүмкіндіктерін ескере отырып алғашқы 1.5-2 жылдан соң өткізу тиімді екендігін көрсетеді.

Екінші іріктеу жұмыстарын жаттығушылардың жылдамдық күш қаблеттері сынақтары бірінші жылы 7-12% өсуін (13-14жас), 5-8% өсуі (15-16жас), одан жоғарылардікі 4-5% артуын есепке алу арқылы жүргізген тиімді.

Спорттық көрсеткіштер бойынша 14-16 жаста ІІ разряд, 18-19 жаста І разряд, 20-22жаста спорт шебері атағын алса, онда ол жақсы көрсеткіш болып саналады.

Спринттік қашықтыққа жүгірушілердің жылдық жаттығу жұмыстары арнайы кезеңдерге бөлініп өткізіледі.

Сонымен қатар іздестіруге жоне ойыншының қолына доптың қайтуына күш-жігер аз жүмсалады. Манекендер ойын барысында қарсыластың қызметін атқарады. Ол үшін ойыншылардың жекелеген топтарының немесе тіпті бүкіл команданьщ күш-жігері мен келісілген іс-қимылы қажет. Оның үстіне, күшпен қарсылық ирекст ету ойындарында жарақаттанып қалмауға да әсері мол.

Тренажерлер ғылыми-техникалық просрестің төлбасы десе де болады. Алайда археологиялық және этнофафиялық зерттеулер мұндай түсініктің қате екенін дәлелдеді.

 

 

Тренажерлерді адамдар көне тас ғасырынан бастап, яғни өмір сүру үшін тәрбиелеу мен үйрету проблемасы туындаған шақтан пайдалана бастаған.

Жылдық цикл спортшының 1немесе 2рет спорттық бапқа келуін жоспарлау арқылы іске асырылады. Спортшының жарысқа жазда және қыста қатысуы үшін жоспарлау күзгі-қысқы (24апта), көктемгі-жазғы (26апта) және өтпелі кезең 2 апта күзгі уақытқа жоспарланады.

Тренажерлер мен техникалық қүралдар спортшылардьщ іоншіыс давдыларын барынша жетілдіре отырып, жаттығудың үзақтығы мен белсенділігін көбейтеді.

Күзгі-қысқы кезең 18 апталық дайындық кезеңі (6 апта негізгі, 6апта арнайы дайындық, 6апта бапқа ену, 6апта жарыстық кезең) деп бөлінеді.

Көктемгі-жазғы цикл 16апта дайындық (6+6+4) және 10апта жарыстық кезеңге бөлінеді.

Дайындық кезеңі мақсаттары:

дене қаблеттерін жетілдіру;

қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын әдіс,тәсілдерін меңгеру;

арнайы жаттығуларды меңгеру;

ерік-жігер қаблеттерін тәрбиелеу;

дене тәрбиесі және спорт теориясын оқудан тұрады.

Қоладанылатын құралдар:

Жалпы дайындық жаттығуларын құралдар және құралдарсыз орындау. Дене қаблеттері жылдамдық, күш, иілгіштік, ептілік, шыдамдылық қаблеттерді арттыру. Осы жаттығуларды дайындықтың алғашғы жылдары көптеп орындалғаны тиімді болып келеді.

Арнайы құралдар (доп, гантел, штангі т.б.) арнайы тренажерларды қолдану. 13-15 жастағылар үшін денеге ұзақ күш түсіретін жаттығуларды бермеген абзал. Көтеретін салмақтары жаттығушылардың өз салмақтарының 30-50% аспаған жөн.

Спорттық жетілдіру тобындағы (17-19жас) жаттығушылардың қылта, аяқ санын бүгуші және жазушы бұлшық еттерінің күштерін бірдей дамытқан дұрыс.

Қысқа қашықттыққа жүгіретін көрсеткіштері жоғары спортшылардың жаттығулары кезінде жылдамдық-күш қаблеттерін арттыруға баса назар аударылады. Сондықтан жаттығу жұмыстарында жұмыс атқарушы бұлшық еттердің жан-жақты дұрыс дамуына үлкен көңіл бөлінеді.

Апталық жаттығу сабақтарында 2-3 рет жаттығулар қосымша салмақтарды қолдану арқылы өткізіледі. Секіру жаттығуларын (орында тұрып, ұзындыққа секіру, бір немесе екі аяқпен әртүрлі топырақтар үстінде) жасау түрлері қолданады.

Аптаның 2-3 сабағында секіру жаттығуларын қолдану (50-100 рет секіру) спортшы бұлшық еттерінің жылдамдық-күш қаблеттерін арттырады.

Секіру жаттығулары 16-17 жастағы спринттік қашықтыққа жүгірушілердің жаттығу сабақтарына жылдамдық-күш қаблеттерін арттыру мақсатында мамандандырылған қашықттыққа жүгіруге қарағанда жиі қолданылуы тиіс.

Балалардың бастапқы жаттығу жылдарында спорттық ойындар түрлерін (футбол, регби, баскетбол т.б.) жиі қолдану қажет. Спорттық ойындарды қолдану сабақтың әсерлі болып өтуіне және ойын кезінде жылдамдық, күш, ептілік қаблеттердің артуына тікелей әсер етеді.

Спортшының спорттық шеберлігі арта түскен сайын спорттық ойындарды қолдану азая түседі де есесіне жүгіру техникасын, тәсілдерін, дене қаблеттерін арттыруға арналған арнайы жаттығуларды қолдану уақыты артады.

Бастапқы жаттығу жылдарында спринттік қашықтыққа жүгірушілерге жүгірудің басқа түрлерін де беру қажет. Осы кезеңдерде жаттығушыларға басты тапсырма ретінде жүгірудің арнайы техникасын үйрету басты болып саналады. Спорттық шеберлігі жоғары адамдар жүгіру техникасын жетілдіру бағытында жұмыс атқарады.

Жүгірудің қысқа (20-100м.) және ұзын (150-600м.) аралықтарын қайталап орындау және үзілісті әдістемелер арқылы іске асыру жүгірушінің арнайы шыдамдылығын арттыру үшін қолданады.

Берілген жаттығу жүктемесінің әсерін бақылау үшін әрқашан ұқыпты түрде берілген жүктеме көлемін есепке алып отыру қажет. Мысалы, жүгіру жаттығуларын бірдей қашықттыта бірдей жылдамдықта (максималды немесе соған жақын) орындату бірақ орындау кезінде демалу уақытын және қайталау жиілігін сериялы түрде өзгертіп отыру көбіне жылдамдық және жылдамдық төзімділігін арттыру мақсатында қолданылады. Сондықтан жүгіру қашықтығы, қайталау саны, жүгіру жылдамдығы, демалу уақыты әр спортшыға арналып жоспарланады және есепке алынады.

Осы мақсатта жылдық жоспарлау кезінде жаттығу көлемі мен қарқыны да есепке алынады. Бастапқы айларда жүгіру жылдамдығын өзгертпей ұстап, жаттығу көлемін арттырады (осы жағдайға байланысты кебір жаттығу сабақтары спортшының шаршау жағдайында өткізілуі мүмкін) содан кейін жүгіру жылдамдығы артады бірақ көлемі сақталады. Қайталап жүгіру (250-600м.) апталық жаттығуда 1-2 рет орындалады ал, қысқа қашықтыққа жүгіруде 2рет қайталанады.

Дайындық кезеңінің бастапқы уақытында жүгіру жаттығуларын төменгі старттан бастап, жүгіру техникасына басты назар аударады. Қазіргі кездегі күшті спринттік қашықтыққа жүгірушілер арнайы қашықттықа жүгіруге басты назар аударып оны 95% жылдамдықты қолдану арқылы орындауды жыл бойынғы жаттығудың 40-45% мөлшерінде барлық жүгіру қашықтығының есебіне қолданады.

Ал қашық үзінділерді (150-400м.) қайталап және үзілісті әдістемені қолдану арқылы орындау жылдық жаттығудың 60% үлесін алады. Себебі дайындықтың арнайы кезеңінде жүгірудің арнайы төзімділігіне баса назар аударылады.

Жоспарлаудың бұл түрін балаларды жаттықтыру жұмыстарында қолданбау керек (қысқа қашықтыққа қайталап жүгірту) балаларға спорттық ойындар мен эстафеталар, арнайы дайындық жаттығуларын беру оларды болашақта қажетті қозғалыс дағдыларына баулйды.

Жүгіру жаттығуларын күрделі жағдайда орындату (биікке жоғары қарай, төмен ылдыйға, әртүрлі топырақ үстінде, денеге қосымша салмақтар ілу т.б.) бұл жаттығулар көбіне спорттық шеберлігі жоғары спринттер үшін қолданылады. Осы жаттығулар түрі 16-17 жастан асқандар үшін және жаттығу мамандандырылған кезден басталады.

Арнайы күрделі кедергілерді қолдану арқылы жаттықтыру, жүгіру техникасын бұзбайды, сонымен қатар спортшыға жылдамдықты жоғалтпай кедергілерден өтуге үйретеді.

Бірқалыпты және ауыспалы жүгіруді далада орындау.

Бұл жаттығу түрі аптасына 1-2рет жүгіру қашықтығы 4-7км. мөлшерінде жалпы шыдамдылықты арттыру мақсатында қолданылады.

Жарыс және жарысқа дайындық.Жарыс кезеңі мақсаттары: дене қаблеттерін ары қарай жетілдіру; жүгіру техникасын жетілдіру; ерік, жігерді арттыру; жоғары көрсеткішке жету.

Дайындық кезеңінде қолданылған жаттығу құралдары жарыстық кезеңде де қолданылады, бірақ басқа бағыттарда. Біріншіден жалпы жаттығуға берілетін уақыт азаяды да арнайы жаттығулар түрлері көбейеді. Екіншіден берілетін жүктеменің көлемі азайады да оны орындау қарқыны өседі.

Негізгі жұмыс бағыты жүгіру қашықтығын ең жоғарғы немесе соған жақын жылдамдықпен жүгіріп өтуге арналады және демалыс үзілістерін реттеуге жұмсалады.

Жарыстық кезеңде көпжылдық жоспар мақсатында көрсетілген жағдайларды шешу қолға алынып ол жаттығушының жас ерекшелігін және спорттық дәрежесін ескереді.

Бастапқы дайындық жылдарында жүрген (13-15жас) балалар үшін жарыстық кезең мақсаты жан-жақты дайындықты арттыра отырып, болашақ мамандыққа бейімдеу болып табылады.

Жас жүгірушілерді дайындау барысында жарыстарға қатыстыру басты мақсат болып табылады. Жарысқа қатыстыру жиілігі жаттығушының жасына оның дайындық деңгейіне байланысты жеке шешіледі.

Төменде үлгі ретінде әртүрлі жастағы спортшылардың жылдық дайындық циклдегі жаттығудың сандық көрсеткішін келтіреміз.

Балалар (8-12жас) жылдық дайындық сабақтары саны 160, жүгіру қашықтығы 80 метрге дейін, соның 5км. ең жоғары немесе соған жақын жылдамдықта жүгіру, әртүрлі жүгіру жаттығулары 20км., 1000рет серіру жаттығулары, кросс 50км.

Балалар (13-15жас) жылдық сабақ саны 180-190рет, жүгіру қашықтығы  100м.дейін (жүгіру жылдамдығы ең жоғары қарқын) барлығы 12-15км. дейін, жүгіру қашықтығы 100м. жоғары, барлық жүгіру қашықтығы 13-20км. жүгіру қарқыны 80% төмен 20-30км., жүгіру жаттығулары барлық қашақтық 40-50км., салмақтарды қолдану жаттығулары 50-100т., секіру жаттығулары 2-4мың, кросстық жаттығулар 100-160км.

Жастар (16-17жас) жылдық сабақ саны 200-230рет, жүгіру қашықтығы 100м дейін (жүгіру қарқыны 80-100%) -35км., жүгіру қашықтығы 100м.астам -50км., жүгіру қарқыны 80% -55км., жүгіру жаттығулары -60км., салмақ көтеру жаттығулары-150т., секіру жаттығулары 7000серпіліске дейін, кросстық жаттығулар — 180км.

Cпорт шеберлері үшін (18-19жас және одан жоғары) жылдық сабақ саны 320рет, жүгіру қашықтығы 100м.дейін, қарқыны 80% -50км., жүгіру қашықтығы 100м. астам, қарқыны – 80% -80км., жүгіру жаттығулары — 80км, секіру жаттығулары 8000-10000серпіліске дейін, салмақтармен жұмыс -150-200т., кросстық жаттығулар -80-120км.

Апталақ жаттығулар кезінде егер аптасына 4-6сабақ жоспарланса онда 1күні жүгіру техникасын және жылдамдық қаблетті жетілдіруге арналған жаттығулар, 2- ші күні күш және жылдамдық күшін арттыруға арналған жаттығулар, 3- ші күні жылдамдық – күш жаттығулары, 4-ші күні жылдамдық және жүгіру техникасын жетілдіру, 5- ші күні күш және жылдамдық күшін арттыру жаттығулары, 6- шы күнге ЖДЖ және жалпы шыдамдылыққа арналған жұмыстар жоспарлануы мүмкін. Спорттық шеберлігі жоғары адамдар үшін күніне 2сабақ жоспарлануы ықтимал.

Өтпелі кезең. Жеңіл атлетика спортында өтпелі кезең көп жағдайларда қыркүйек айына жоспарланады. Негізгі мақсаты – спортшыларды демалдыру және жалпы дайындықтарын белгілі бір дәрежеде ұстау.

 

1.2. Оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізуде тренажер қолдану әдістемесі.

 

Жас жүгірушілерді дайындау барысында жарыстарға қатыстыру басты мақсат болып табылады. Жарысқа қатыстыру жиілігі жаттығушының жасына оның дайындық деңгейіне байланысты жеке шешіледі.

Төменде үлгі ретінде әртүрлі жастағы спортшылардың жылдық дайындық циклдегі жаттығудың сандық көрсеткішін келтіреміз.

Балалар (8-12жас) жылдық дайындық сабақтары саны 160, жүгіру қашықтығы 80 метрге дейін, соның 5км. ең жоғары немесе соған жақын жылдамдықта жүгіру, әртүрлі жүгіру жаттығулары 20км., 1000рет серіру жаттығулары, кросс 50км.

Дене қасиеті — шыдамдылық

Шыдамдалық (төзімділік) қасиет, жаттығушының жалпы дене дайындығы мүмкіндігін спорттық көрсеткіштерде және күнделікті өмірде қолдануымен анықталады.

Шыдамдылық қасиет адамның жүрек–қан, тыныс алу, жүйке жүйесі мүмкіндігімен және дене қуатын сақтау мүмкіндігімен анықталады.

Шыдымдылық дене қасиеті ретінде екі түрде анықталады:

— жұмысты шаршамай бір қалыппен ұзақ орындау мүмкіндігімен;

— шаршау жағдайында жұмысты орындау жылдамдығының азайуымен.

Дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесінде шыдамдылық спортшының шаршауға қарсы тұра білу мүмкіндігімен анықталады делінген.

Шыдамдылық қасиет барлық спорт түріне қажет.

Бір спорт түрлерінде уақыт көрсеткіші бойынша (орташа және қашықтыққа жүгіру, спорттық жүріс), бірінде қозғалысты таза дұрыс орындап шығу (гимнастика т.б.), енді бірінде үлкен жаттығу жүктемелерін орындай білу, жаттығу арасында жылдам қалыпқа келу түрлерінде көрніс табады.

Тәжрибеде шыдамдылық түрлері жалпы және арнайы деп бөлінеді.

Жалпы шыдамдылық. Жалпы шыдамдылық деп адам организімінің барлық мүмкіндіктерінің берілген жүктемені орташа қарқынмен ұзақ уақыт бірқалыпты жұмыс істей алуы жағдайын айтады.

Спорттық теория жағынан жалпы шыдамдылық деп берілген жүктемені орташа қарқынмен барлық дене күш қайратын салып ұзақ уақыт орындай алу мүмкіндігін айтады. Мысалы 5000 және 10000метрге жүгіруде жалпы шыдамдылық 85-100% арқасында спорттық нәтиже анықталады.

Шыдамдылық мүмкіндігі мен дамуы төмендегідей жағдайлар арқылы анықталады:

адам организімінің тыныс алу мүмкіндігімен;

жүгіру техникасын меңгеру сапасымен;

күш, жігердің даму сапасымен.

Шыдамдылық қаблеттің негізі болып организмнің аэробты мүмкіндігі саналады. Шыдамдалықтың көрсеткіші болып өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС) — өкпенің оттегін максималды қабылдау мүмкіндігі алынады ол, л/мин есептеледі.

Адамның 1минут ішінде ең көп оттегін қолдана білуі оның дене қуатын шығара білу мүмкіндігі деп саналады.

Ер адамдар үшін (ӨТС) (20-29жас) 44 л/мин.қалыпты жағдай болса, әйелдер үшін 36л/мин.

(ӨТС) — бұл оттегін бір мину ішінде ең көп қабылдау жүрек-тамыр және тыныс алу көрсеткіштері арқылы анықталады:

  1. Жүректің минуттық қан айдау мүмкіндігі (ЖММ) бір минутта үлкен қан айналымына шыққан қан көлемімен пара пар ол тыныштық кезінде мөлшермен 4-5 л/мин. тең. Адамның үлен жаттығу жүктемелерін атқару кезінде бұлшық еттерге оттегін жеткізу 6 есеге дейін артып (ЖММ) 20-30л/мин. дейін артады.
  2. Жүрек соғысы көлемі (ЖСК), денеге айдалған барлық қанның әрбір жүрек соғысы кезіндегі шығарылған қанның қосындысына тең, ол дененің тыныштық қалпында 40-60мл. мөлшерінде болса, ал жүктеме түскен жағдайда 200мл.дейін артады.

Жүрек соғысы жиілігі (ЖСЖ) минутына 130рет болған жағдайда, егер ұзақтығы 10 минуттық жеңіл жүктеме орындалғанда жүректің минуттық қан айдау мүмкіндігі (ЖҚАМ)

артуы денедегі артық сақталған қанды қолдану арқылы артады. Ары қарай жүктеменің артуы салдарынан болған қан айналымының артуы, жүрек соғысы жиілігінің артуымен қамтамасыз етіледі.

  1. Әйел адамдардың қалыпты жағдайдағы өкпе сиымдылығы (ӨТС) 2,5-4литрге дейін болса, ер адамдардың (ӨТС) 3,5-5литр аралығында, ал көп шыдамдылықты қажет ететін спорт түрлеріндегі спортшылардың (ӨТС) 5-8 литрге дейін артады.
  2. Өкпенің максималды ауаны алмастыру мүмкіндігі (ӨААМ) 1минут арасындағы барлық алмастырған ауа көлемімен анықталады, ол 20-30 жастағы ер адамдар үшін 100-180л.мин., ал үлкен жүктемелер орындау кезінде 350л.мин. дейін артады. Әйел адамдарда орташа көрсеткіш 70-120л.мин., болса жүктеме орындау кезінде 250л.мин. дейін артуы ықтимал.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларды қорытындылай келе адамның жалпы шыдамдылығы организмнің оның ішінде жүрек-қан, тыныс алу жүйелерінің және спортшының өзіне қажетті қозғалыс түрлерін үнемді пайдалану, сонымен қатар жүктемелерді орындағаннан соңғы пайда болатын шаршау түрлеріне қарсы түра білу мүмкіндігімен анықталады.

Жеңіл атлетикамен шұғылдану арқылы жетілген жалпы шыдамдылықтың бір ерекшелігі ол адамның басқа спорт түрлерімен де шұғылдану кезінде пайдалы әсерін береді, ол барлық спорт түрлеріне қажетті дене сапаларын жетілдіреді.

Арнайы шыдамдылық. Көптеген спорт түрлерінде үлкен жетістікке жету спортшының арнайы шыдамдылығының сапасына байланысты болып келеді, оған жеңіл атлетика түрлері де жатады.

Арнайы шыдамдылық деп – cпортшының маманданған спорт түріне тән атқарылатын жұмысты ұзақ уақыт және жоғарғы қарқында орындай алу мүмкіндігін айтады.

Мысалы, циклдік спорт түрлерінде арнайы шыдамдылық спортшының белгіленген қашықтықты белгілі бір жылдамдықта өту мүмкіндігімен анықталады.

Кейінгі уақытта мамандар спринтерлік шыдамдылықты жеке көрсетіп жүр. Оған 1минут уақыт аралығына дейінгі орындалатын 100-400метрге жүгіру, 500метрге конькимен сырғанау, 50-100метрге жүзу алынып отыр.

Арнайы шыдамдылықтар түрлеріне қарай бөлінеді:

қозғалыс ерекшелігіне байланысты, ол негізгі мақсатты шешетін қозғалыс түрі, мысалы секіруге қажетті арнайы шыдамдылық;

қозғалыс ерекшелігіне байланысты, ол негізгі мақсатты шешетін қозғалыс түрі мысалы, спорттық ойындарға қажетті;

қозғалыс ерекшеліктеріне байланысты мысалы, күш, жылдамдық қаблеттермен қосылып орындау шыдамдылығы т.с.с.

Арнайы шыдамдылықтың физиологиялық көрсеткіші спортшының анаэробты мүмкіндігі болып табылады. Бұл шыдамдылықтың тек энергиялық көрсеткіші болып табылады.

Арнайы және жалпы шыдамдылық спортшының барлық дене дайындығы көрсеткішімен, психологиялық дайындығымен, спорттық шеберлігі дәрежесі көрсеткіштері қосындыларыларын пайдалы іске асыра алу мүмкіндігімен анықталады.

Жалпы шыдамдылық және сауықтыруға арналған жүгіру жаттығулары

Адамның жалпы шыдамдылығын арттыруға арналған негізгі жаттығу түрлерінің бірі жүгіру болып табылады.

Шыдамдылықты арттыруға арналған басқа жаттығу құралдарының ішінде ең қарапайымы және қолдануға ыңғайлылығымен жүгіру жаттығулары тиімді болып келеді.

Жүгіру жаттығуларымен жылдың барлық мезгілінде жеке-жеке немесе топталып жаттығуға болады. Жүгіру жаттығулары арнайы құралдар мен орындарды қажет етпейтіндігімен қолайлы.

Жүгіру кезінде адам организіміне пайдалы әсер етуші жағдайлар көп болады, аяқпен жерге басу кезінде дененің төменгі бөлігіндегі қанның жоғары көтерілуіне жақсы жағдай туындайды, қан тамырлары жұмыстары жетіледі, веналық тамырлар қабырғалары жақсарады, қан жүру мүмкіндігі артады.

Жүгіру барысында көкірек және құрсақ қуысында орналасқан барлық ағзалар жұмысқа араласады бауыр, бүйрек, ішек, қарын, өт жылдарына тікелей әсер етіледі, қан жүру жақсарып, организмде алмасу процесі жақсы жүреді.

Жүгіру адам қозғалысының барлық түрлерін жақсартуға жағдай тудырады. Жүгіру адамның барлық күш-қуат беруші көздерінің мүмкіндігін ашады, зат алмасу процестерінің дұрыс қалыпты жұмыс жасап, артық салмақтың пайда болуын тежейді.

Жүгірумен және жаттығу жұмыстарының басқа түрлерімен айналысқан адамдардың бұлшық еттеріндегі әсіресе аяғындағы, жүрегіндегі капилярлар жаттықпайтын адамдармен салыстырғанда екі есе көп болады.

 

1.3. Оқушыларды шыдамдылыққа үйрету ерекшеліктері.

 

Жүгіру адамның жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. Жүгіру кезінде пайда болатын тербеліс, ағзалардың қарқынды жұмысқа араласуы мый жұмысының жақсаруына энергиямен толығуына әсер етеді, осыдан барып адам көңіл күйі жақсарып, жұмыс қаблеті артады. Жүгіру жаттығулары адам денсаулығының жақсаруына, түнгі ұйқының тынышталуына, шаршауды жеңуге жақсы әсер етеді.

Жүгіру жаттығуларын барлық жастағы адамдар қолдануларына болады. Оған арнайы алдын ала дайындықтың қажеті жоқ, адам жаттығу түрін жүктеме мөлшерін өзінің қалауы бойынша реттей алады.

Жүгіру жаттығулары адамнан өз мүмкіндігін дұрыс есептеуді, жүгіру кезінде аяққа барынша көп күш түсетіндігін ескеруді талап етеді. Жүгіру жаттығулары адамның салауатты өмір сүруге бейімделуіне, денсаулығын нығайтуға көмектесетін дене тәрбиесі түріне жатады.

Жүгірумен шұғылданған адамдар көп ауырмайды, ыстық-суыққа төзімді келеді, иммундық қорғанысы жақсы болады, ерте қартаюдың алдын алады.

Шыдамдылықты арттыру әдістемелері

Шыдамдылық қасиетті арттыру мақсатында ұйымдастырылатын жаттығу жұмыстары жүйелілікті қажет етеді. Жаттығу жұмыстарын ретсіз жүргізу, адамға берілетін жүктемелерді есепке алмау адам организіміне кері әсер етіп, денсаулықты бұзуға дейін апаруы ықтимал.

Жаттығудың бастапқы кезеңінде шыдамдылық қаблетті арттыруға қажетті дайындық есебінде тыныс алу, жүрек-қан, сүйек-бұлшық ет жүйелерінің жұмысын жалпы жетілдіруге көңіл бөлінеді. Бұл тапсырмаларды орындау қарапайым болып көрінгенімен оны іске асыру кезінде арнайы жаттығулар мен әдістемелерді таңдап алу қажет.

Жаттығудың екінші кезеңінде қолданылатын жүктемелер түрлерінде аэробты және анаэробты жағдайларда жұмыс жасату мақсатында шыдамдылықты қажет ететін ұзақ қашықтыққа бірдей жылдамдықпен жүгіру, кросс және айналмалы әдістемелерді қолдану арқылы жаттығуларды орындатуды көбірек пайдаланады.

Жаттығудың үшінші кезеңінде маманданған спорт түріне қажетті шыдамдылықты арттыру мақсатында жаттығу сабақтарында үзілісті және қайталамалы әдістемелерді қолдану арқылы организмнің аэробты және анаэробты жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндігін арттыруға арналған жүктемелер беріледі, берілген жаттығулар түрлері маманданған спорт түріне қажетті арнайы шыдамдылықты жетілдіруге бағытталады.

Жалпы шыдамдылықты арттыру әдістемесі

Жалпы шыдамдылықты арттыру жұмыстарын таңертеңгі бой жазу жаттығулары кезінде бастаған орынды. Осы кезден бастап жаттығу жұмыстарына шыдамдылық қаблетті арттыруға арналған жүктемелерді енгізу кейінгі орындалатын жаттығуларға «бастама» ретінде қабылданады

Жалпы шыдамдылықты арттыру үшін алғашқы жұмыстарда «желіп» жүгіруді қолданған тиімді. Алғашқы кезде жылдамдықты арттыруға тым көңіл аударудың қажеті жоқ, алдымен жүгіру жүктемесіне қалыптасу қажет, содан соң ғана аздап жылдамдық арттырыла бастайды. Жүгіру жылдамдығын арттыру ағза мүмкіндіктерінің артуымен тікелей байланысты.

Жаттығудың келесі сатысында оның өзі адамның мүмкіндігіне қарай 5-6км. бірқалыпты жылдамдықпен жүгіруді, бір километрді 6,5тен 4,5минут аралығында өту көзделеді.

Жаттығу сапасы артуы үшін төмендегідей бірнеше шарттарды орындау ұсынылады:

  1. Жоспарланған жаттығу жүктемесін орындауға (қарқын емес) 5-6 апта қажет болады;
  2. Сабақ жиілігі аптасына 4-5рет;
  3. Жаттығу қарқыны алғашқы апталарда 130-150мин.рет.

Одан кейін әрбірі өзінің жеке тамыр соғу жиілігін анықтайды (Купер бойынша). Ол ер адамдар үшін (205тен – ½ жасы), әйел адамдар үшін (220-толық жасы) соңынан 80% барлық қосындыдан алынған мөлшері табылады. Осы алынған тамыр соғысы жиілігін аптасына 3 рет, 20-30минут аралығында ұстап жаттығу тапсырылады.

Жалпы шыдамдылықты арттыруға арналып алынған жаттығулар түрлері негізінен адамның жүрек-тамыр, тыныс алу жүйесінің аэробты және анаэробты жағдайда жұмыс орындай алуына бағытталған болуы қажет.

Жалпы шыдамдылықты арттыруға арналған жаттығулар түрлеріне көп жағдайларда циклдік түрдегі жаттығулар алынады, ол үшін төмендегідей талаптар қойылады:

жаттығу кезінде дененің ең үлкен бұлшық еттерінің барлығы жұмысқа тартылуы;

жұмысты орындау уақытының ұзақ болуы;

жаттығуды орындау қарқыны аэробты жағдайдан аспауы қажет.

Жалпы шыдамдықты арттыру мақсаттары:

— организмнің ең көп оттегін қабылдай алу мүмкіндігін арттыру арқылы аэробты мүмкіндікті жетілдіру;

— жұмыс жасау қарқынын ұзақ уақыт бойы аэробты жағдайда орындай білу;

— тыныс алу, жүрек-қан жүйесінің үйлесімді түрде жұмысқа араласуын қамтамасыз ету.

Арнайы шыдамдылықты арттыру негізінен организмнің анаэробты жағдайда жұмыс істей алу қаблетін арттыруды көздейді ол жағдайда денеге сүт қышқылы т.б. зат алмасу ыдырау өнімдері жинақталып қалуымен ерекшеленеді.

Егерде жұмыс аэробты жағдайда орындалса онда ыдырау процесі көмірқышқыл газы және судың шығуымен ерекшеленеді, ал анаэробты жағдайда сүт қышқылы жинақталады. Сүт қышқылы жинақталуы бүлшық еттерде жүреді оның қалыпты жағдайдағы қандағы мөлшері 0,33-0,78 ммоль/л.

Жоғары қарқында орындалатын дене жаттығулары 90-95% оттегі жетіспеушілік жағдайында өтсе, онда қан құрамы қышқылданып бұлшық етке көп мөлшерде сүт қышқылы жинақталады.

Оттегінің жетіспеушілігі 20ммоль.литр болған кезден бастап (спортшының шеберлігіне байланысты) спортшы жұмыс атқаруы төмендей бастайды, тіпті жаттығуды тоқтату жағдайына әкеледі.

Шыдамдылықты жаттықтыруға бірқалыпты, үзілісті, интервалды, ойын әдістемелері алынады. Әрбір әдістеме түрі шыдамдылықтың әртүрлі жақтарын жетілдіруге қолайлы болып келеді. Сондықтан жаттығу көлемін, қарқынын, түрін таңдап алу арқылы олардың денеге физиологиялық әсері реттеледі.

Жаттығуларды музыкамен орындаған екі есе әсер мен кремет көңіл-күй сыйлайды.

Секіру мақсаты:

а) шығармашылықты көлденеңінен лақтырып, екі қолмен қағып алуға және жүгіріп келіп бір аяқпен серпіліп ұзындыққа секіруге үйрету.

ә) батылдыққа, ептілікке, мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

б) секіру арқылы қимыл-қозғалысын жетілдіру.

 

1.4. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.

 

Спорт құралдары: Құм толтырылған шұңқыр, өлшеуіш, балалар санына сай сай шығыршықтар.

Дайындық бөлім:  Балалар аяқтарының ұшымен, өкшемен жүріп, оң, сол жақтарымен секіру, жүгіру және теріс қарап жүгіру. 2-3 минут тоқтамай жүгіру. Қолдарына шығармашылық алып, үш топқа бөлініп, жаттығулар орындайды.

Екі қолмен шығыршықты жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпқа келу (7-8 рет).

Аяқты қатар қойып, тұрған бастапқы қалыпта кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет).

Аяқты алшақ қойып тұрған бастапқы қалыпта, кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет).

Негізгі тұрыста жерге тигізіп ұстап тұрған шығыршықтан аттап өтіп қайтадан бастапқы қалыпқа келу (6-8 рет).

Шығыршықты жерге жатқызып қойып тұрған бастапқы қалыпта, оны табанның ортасымен басып айналып жүру (2-3 рет).

Қолды белге ұстап, тұрған бастапқы қалыпта шығыршықтың ішіне секіріп түсіп, қайта секіріп шығу (1-2 минут).

Жай жүріп дем алып, дем шығару

Негізгі бөлім: Спорт алаңындағы секіруге арналған жерге келіп, бірінің артынан бірі тұрып, 3-5 метр қашықтықтан жүгіріп келіп бір аяғымен серпіле неғұрлым алысқа секіруге жаттығу.Секіруге арналған шұңқырдың шетінде бір-бірден тұрып, қос аяқтап секіру арқылы сыныптағы ең жақсы секіретін оқушыны анықтау.

Секіртпемен орындалатын жаттығулар: Ара қашықтықтарын 2-3 метр етіп тұрып, бір бала шығыршықты екінші бір балаға көлбете лақтырып, екі қолмен ұстауға үйренеді. Мұнда батылдық, ептілік жасап, шығыршықтан жасқанбай ұстауға дағдыландыру керек. Содан соң шығыршықты белдеріне салып айналдыруға үйренеді.

Ара қашықтықтары 3-4 метр болатын екі қатарға қарама-қарсы тұрып, шығыршықты бір-бірлеріне бір қолмен лақтырып, екі қолмен ұстауға жаттықтыру (4-5 минут). Қатарда тұрған балалар оңға бұрылу арқылы екі қатар сап түзеп, үш қадам жерден жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Әр баланың көрсеткен нәтижесі журналға жазылды.

Қорытынды бөлім: Алаңның екі жағынан қарама-қарсы 9 шығыршықтан жерге қатар тастап қойып, балалар алаңды айналып жүріп келе жатып олардан біртіндеп қос аяқтап секіріп өту. Шығыршықты бір-бірлеріне дөңгелетіп, ұстап ойнау. 2-3 минут.

«Секіртпемен секіре түс» ойынын ойнау, сапқа тұрғызу, сыныпқа апару.

«Секіртпемен секіре түс», «Кім шапшаң» секіріп жетеді? Командаға бөлініп, межелі жерге дейін секіріп бару.

«Кім ұзақ секіреді?» Балалар екі-екіден бөлініп, әр түрлі жаттығулар жасап, ұзақ секіруі керек. Кімде-кім ұзақ секірсе, сол ұтады.

Бұл ойындарды ойнау үшін балалар өз бетімен неше түрлі жаттығулар жасай білуі керек. Ондай жаттығулардың мынадай түрлері бар: қос аяқтап секіру, сыңар аяқтап, алма кезек секіру, аяқты қайшы қойып секіру, отырып секіру, екеулеп қол ұстасып секіру, көзді шарт жұмып секіру, теріс айналып тұрып секіру, қолды қайшы ұстап секіру.

Жүрелей секіру — ойын мектеп ауласында, спорт залында ойналады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Таңдалған алаңға бір жарым метрдей ұзындықта екі қатар көлденең сызық сызылады. Сол сызықтардың қарсы алдына тұспа-тұс он метрдей жерден екі шеңбер сызылады.

Әр топтан екі-екіден ойыншы шығады да, өз тобы жақтағы көлденең сызыққа келіп жүресінен отырады. Бастаушы белгі берген кезде, екі-екіден қатар отырған ойыншылардың оң жақтағысы жүресінен отырған күйі қарсы алдындағы шеңберлерге секіріп барып кері оралуы керек.

Әлгі ойыншы ілгері секіріп кеткенде, оның орнын қасындағы ойыншы басады да, тағы бір ойыншы сол қатарға келіп отырады. Жүрелей секіріп ойыншы сызыққа жеткен заматта, келесі ойыншы жарысты әрі жалғап әкетеді. Ойын барлық балалар секіріп болғанша жалғасады. Секіріс кезінде жиылып қалса немесе тізесін жазып түрегеп кетсе, ұпай саналмайды. Әр ойыншыға бір ұпай саналуға тиіс. Қай топ көп үпай жинаса, сол жеңіске жетеді. Ойын төзімділікті, дененің шымырлығын қажет етеді.

Серуендеу, дене Адамның ақыл-парасатын, ойын жетілдіреді.

Адам жүргенде, бір жұмыспен шұғылданғанда, автокөлік жүргізгенде, дене шынықтырумен айналысқанда, өзіне массаж жасағанда, билегенде денесі үнемі қозғалыс үстіне болады. Түнде ұйықтап дем алғанда да дөңбекшіп, бір қырынан екінші қырына аунағанда да аяқ, қолы, басы мен кеудесі қимылдайды. Яғни, адам денесінің қозғалмайтын кезі жоқ. Ол сыртқы, ішкі әсерлерге де тітіркенгіш. Мұның бәрі дененің дамуына, ағзаның үйлесімді жетілуіне әсер ететін жағдайлар. Негізінен, серуендеу, дене шынықтыру жасау адамның ақыл-парасаты мен ойын да жетілдіреді. Біз енді соған тоқталсақ.

Серуендеудің пайдасы. Шығыс медицинасы қашан-да «Демалыс – жалқаулық емес, жан еңбегі» деген қағиданы ұстанады. Иә, әрбір адам кешкілік жатар алдында ауа-райы қолайлы болса далаға шығып, жаяу жүріп қайтса, немесе белгілі бір уақыттарда саябақты, көшенің көрікті жерлерін аралап серуендеуді тұрақты түрде әдетіне айналдырса, ол оның денсаулығына өте пайдалы.

  1. Серуендеу уақыты. Мамандардың ақыл-кеңесі бойынша, таңертеңгілік 6 шақырым, кешке ұйықтар алдында 6 шақырым табиғат аясында серуендеу адам бойына мол күш-қуат береді, ағза таза ауамен тыныстап, көңіл-күй сергиді, өкпе, жүрек, қан жүйесі жақсы жұмыс істейді, шаршағандық басылады. Егерде мұндай серуендеуге уақыт жетіспесе, таңертең, кешке 30 минуттан серуендеп, 3 шақырым жаяу жүріп қайтқан дұрыс. Серуендегенде қатты жүрмей, ақырын адымдап, жан-жағыңдағы табиғат көріністерін, қала ғимараттарын, түрлі-түсті көше жарығын тамашалаған оңды әсер етеді.
  2. Серуендегенде тыныстау. Жылдың қай мезгілінде де далаға шығып серуендегенде ауызды жауып, танау арқылы терең тыныстаған дұрыс. Ауадағы магнит қуаты танаудың кілегей қабығында жиналып тұратындықтан, танаумен тыныстаған кезде ол ауамен өкпеге жылжып, денеге тарайды. Дәрігерлердің дәлелдеуінше, осынау магнит қуаты-адам жүйкесінің бірден-бір нәрі болып саналады. Және де таза ауада танаумен тыныстау-шаршаған, жұқарған жүйкенің шипалы емі.
  3. Серуендегі қимыл, тыныстау тәртібі. Далада серуендеп келе жатқанда бұғананы (ключица) барыншы ілгері ұмсындыра, көтере ұстаған жөн. Мойыныңыз түзеліп, басыңыз тіктелсе, омыртқаңыз да түзеледі. Бұл терең тыныстауға жақ-сы жол ашады. Мұндай жағдайда адам өкпесінің жоғарғы бөлігімен дем алады, ал өкпенің төменгі бөлігі өздігінен желдену мүмкіндігін иеленеді.

Тыныстаудың тиімді тағы бір әдісі мынандай: сол аяқтың адымын бір, екі, үш… деп алты адымға жеткізеді. Алдыңғы үш адымда тыныстайды да соңғы үш адымда тыныс шығарады. Тыныстау мен тыныс шығару арасында үзіліс жасалмайды. Бұл жаттығуды оң аяқтан бастап, тыныстану тәсілін жаңағыдай жасауға да болады. Адамдар өзінің жағдайына, қалауына қарай тыныстау мен тыныс шығару ырғағын төрт адымға түсіреді ме, әлде сегіз адымға көбейтеді ме, өзі біледі.

Егерде әрбір адам осынау серуенге шығу, тыныс алу тәртібін қатаң сақтап, далада, таза ауада қыдыруды әдетке айналдырса, екі-үш күннен соң ыңқыл-сыңқылдан арылады, таңертең ұйқыдан тұрғанында сергек сезінетін болады. Тек, есте болатын бір жағдай: серуендеуді бастаған алғашқы күндері көптен бері қалыптасып қалған тіршілік тынысының өзгеруіне байланысты адам-ның ұйқысы бұзылып, сәл тынышсыздануы мүмкін. Алайда екі-үш күннен кейін бәрі де қалпына келіп, жағ-дай жақсарады.

Біз енді дене шынықтыру туралы әңгіме қозғамас бұ-рын әрбір адам білуге тиісті денсаулық қағидасына тоқталсақ. Адамдардың серуенге шығуы да, дене шынықтырумен айналысуы да денсаулығын жақсарту үшін ғой. Сондықтан да денсаулық қағидасын білудің маңызы зор.

Денсаулық қағидалары:

«1. Үйіңе таза ауа көп кірсін, Күннің сәулесі көп түссін. Саламаттықты сақтау үшін таза ауа, Күннің шуағы өте қажет нәрсе.

  1. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкіре-гіңді, арқаңды күнде салқын сумен жуып тұр, көнбісті боласың. Денеңді таза ұстап, жұмасына бір рет жылы суға шомыл.
  2. Күннің шуағынан жылын-ған суға түс, шомылуға қолайлы уақыт — сәске мен намаздыгер (екінті) арасы. Тал түсте Күн қызып тұрғанда суға түспе, шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға түспе, қызып, терлеп тұрып суға түспе, әуелі қызуыңды басып, теріңді кептір. Жылы, тынық күні судан шыққан соң біраз жалаңаш отыр, үстіңе күн тиіп тұла бойыңды жел қақсын. Өте жылы су, әсіресе, күнде жуынғанда адамның қанын тасытып, денесін босатып нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Денеңді таза ұстау үшін іш киімді жиі ауыстырып тұр.
  3. Ішкен, жеген сайын және де ертеңді — кеш аузыңды тазалап шай. Аузыңды таза ұстасаң тіс ауруының көбінен құтыласың. Күн сайын тісіңді мисуақпен (тіс тазалағыш) жақсылап тазала. Мисуақтың қылы тым қатты, не өте жұмсақ болмасын.
  4. Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (ойна, жүгір).
  5. Өте жылы киінбе, ба-сыңа жеңілдеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста.
  6. Денеңді тар киім, белбеу, түрлі баумен байлап қыспа.
  7. Аяқ киімнің (етіктің ұлтаны табаныңа лайық болсын) өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше зиянды болады.
  8. Киімің, әсіресе, шұлға-уың, байпағың (шұлығың) суланса шапшаң шешіп тастап, құрғақ киім ки.
  9. Өте көп ішіп, жеме. Бұзылған астан, сіңбейтін тамақтан, әсіресе, тәттіден қашық бол. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты реттеп ішіп, же. Күніне үш мезгілден артық тамақтанба. Уытталған тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сықылды нәрселерді асқа көп салма. Арақ, боза сықылды есірткіш нәрселерге жолама, шикі, шала піскен етті, жемісті жеме.
  10. Ерте жат, ерте тұр. Оянсымен төсектен тұрып кет.
  11. Кешке ұйықтардың алдында ауыр жұмыс істеп шаршама. Болдырған кісі дұрыс ұйықтай алмайды.
  12. Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалысы — ұйқы. Түнде ұзақ отырып істеген ми адамның ұйқысын бұзады, адамды ұмытшақ қылады.

Ұйқының ұзақтығы жасқа қарай түрліше болады. Тәулікте емшектегі балаға он алты — жиырма сағат, он-он екідегі балаға тоғыз сағат, бозбалаға сегіз сағат, үлкен кісіге алты — жеті сағат ұйқы керек. Наша шекпе, көкнар (апиын) ішпе, әйтпесе диуана боласың».

Дене шынықтырудың пайдасы.

Кейбіреулер дене шынық-тыру мәдениетіне мән бермейді, оны басқа мәдениет түрлерінен төмен қояды. Бұл дұрыс емес. Адам өз денсаулығына бала кезінен көңіл бөлуге тәрбиеленіп, оны шынықтырумен айналысса, сымбатты, денсаулығы мықты азамат болып өседі. Орыстың терапиялық мектебінің негізін қалаушы ғалымдардың бірі М.Я.Мудров осы орайда былай деген: «Денсаулықты сақтау үшін, ал онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы».

Амал не, көбіміз деніміз сау кезінде дене шынықтыру жаттығуларын жасаудың пайдасын бағаламаймыз, еңбек пен демалысты алмастырып отырмаймыз. Мұнан жүз жыл бұрын жер бетіндегі барлық жұмыстың 96 пайызын адамдар өздерінің бұлшық еттерінің күшімен атқарса, енді бәрін де техника жүзеге асырады. Бұл да адамдардың аз қозғалуына әкеліп соқтыруда.

Ғылыми зерттеу деректері бойынша, дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдар онымен анда-санда бір шұғылданатын адамдарға қарағанда сирек ауырады, дәрігерге сирек қаралады. Негізінен, спортпен айналысатындар онымен ай-налыспайтындарға қарағанда шамамен дәрігерге төрт есе сирек қаралатын көрінеді. Және де дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі шұғылданатындар онымен жүйесіз шұғылданатындарға қарағанда дәрігерлік көмекті екі есе сирек, ал оны біржола керек қылмайтындарға қарағанда 3 есе сирек қажет етеді.

Дәрігер-ғалымдар дене шынықтыру туралы:

  1. Дене шынықтыру жаттығулары қан қысымының жоғарылауын төмендетеді, төмендеуін жоғарылатып отырады, қандағы холестерин құрамын қалыпқа келтіреді, тұз алмасуын бір мөлшерге түсіреді.
  2. Дене жаттығулары процессінде сыртқы қолайсыз факторларға, радиацияға, індетті ауруларға, ауа-райы температурасының құбылмалылығына тұрақтылық, тежеу берушілік пайда болады.
  3. Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу қан жасалу жүйесінде жағымды терең өзгерістер жасайды: гемоглобиннің саны артып, ақ қан формуласы тұрақтанады, ферментті жүйелердің әрекеттілігі артады.
  4. Денесі жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда оттегі жеткіліксіздігін жеңіл көтереді.
  5. Төрт сағат бойы қозғалмай тұруға мәжбүр болу дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдарға анағұрлым аз әсер етеді.
  6. Дене қозғалысы жас сәбидің сөйлеу органының өте тез және дұрыс қалыптасуына зор мүмкіндік ашады.
  7. Денесін жақсы шынық-тырған адамдардың 80 пайызы ұшақты ұшыру техникасын игеруде өте жақсы баға алады. Ал дене шынықтыруға әзірлігі қанағаттанарлық деген бағамен белгіленгендердің өте жақсы баға алатындары 47 пайыздай ғана.
  8. Мидың жұмыс қабілетін жоғары ұстау үшін арнайы «ми гимнастикасын» жасау өте пайдалы.
  9. Дене шынықтыру жаттығулары психикалық қызметке екі түрлі әсер етеді: 1. Оның өсуіне мүмкіндік береді. 2. Ой еңбегі қабілеттілігінің тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
  10. Бір қалыпты, мөлшерлі әрі дағдылы дене қозғалысы жұмысқа қабілеттілікті екі есе арттырады.

Ой еңбегі және дене шынықтыру.

Шаңғымен сейілдеп, жеңіл қол жұмысымен шұғыл-данғанда ой қызметі үйлесімді болады. Ой еңбегімен айналысатын орта жастағы дені сау адам аптасына ең кем дегенде 8-10 сағат уақытты дене шынықтыру жаттығуларына бөлуі қажет. Шамамен, денеге түсетін күшті мынандай етіп бөлген тиімді: демалыс күні – 2-3 сағат (шаңғымен немесе жаяу туристік жорық жасау), аптаның орта шенінде – 1-2 сағат (коньки, есу, велосипед тебу), күнделікті 10-15 минут таңертеңгі гимнастика және 30-40 минут жүру (жұмысқа барғанда және жұмыстан қайтқанда) керек. Денеге түсетін салмақты осылай етіп бөлуді еңбек, демалыс, тамақтану режимімен сәйкес жүргізгенде адамның көңіл күйі жақсарады, ой еңбегі барынша жемісті болады.

Дене шынықтыру жаттығуларының дәстүрлі түрлері:

  1. Аяң. Адамның аяңдап (бірқалыпты) жүруі (бір орында тұрып жүруге де болады).
  2. Керілу жаттығулары. Аяқты бірге немесе иық ендігіне сай қояды. Әуелі екі қолды желкеге қояды, сосын бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін жанға қарай созады, содан соң керісінше осы ретпен кезек-кезек қайталайды. Ырғақ: 1-2 – керілу – тыныс алу; 3-4 – бастапқы қалыпқа оралу, дем шығару.
  3. Қол және иыққа арналған жаттығулар: а) жанға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ію және қайта жазу; ә) осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау; б) қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау; в) түзу қолды айналдыру; г) қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; д) бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпиді де осы қимылдар бірнеше қайталанады; е) екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді.
  4. Дене тұлғасына арналған жаттығулар: гимнастиканы бастарда аяқтың арасын алшақтау ұстайды, қолды мықынға немесе иыққа қояды: а) денені екі жаққа кезек бұру; ә) оң мен солға кезек иілу; б) алға иілу; в) екі аяққа кезек иілу; г) денені мықын арқылы ырғай қозғалу.
  5. Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Бастапқы қалып – орындық-тың шетіне отырып, жиегінен ұстайды: а) тізені бүгіп, аяқты тік көтереді, одан кейін жазады да, біртіндеп төмен түсіреді; ә) аяқты тік созған қалпы жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіреді; бір аяқты алма-кезек тізені бүкпей жоғары көтеріп, қайшылай қозғайды.
  6. Аяққа арналған жат-тығулар. Аяқты қосып ұстап түрегеліп тұрып: а) аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі; ә) аяқтың ұшымен көтеріліп, содан соң төмен түсерде жартылай иіледі; б) бір нәрсеге қолмен таянып тұрып, екі аяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды; в) бастапқы қалыптағыдай қолды белге таянып, одан кейін оны екі жанға қарай созып бір тұрып, бір отырады; г) қолмен таянып тұрып, аяқты алма-кезек жан-жаққа сілтей қозғайды.
  7. Бүкіл дененің бұл-шық еттеріне арналған жаттығулар. Бұл жат-тығуларды әртүрлі қалыпта орындайды: а) аяқты созып жіберіп, екі қолмен жер тірей жатады (бұл кезде дене жерге тимеуге тиіс), одан кейін бастапқы жағдайға қайта келеді; ә) аяқты алшақтау ұстап (екі қол белде), оң қолды жоғары көтеріп сол жаққа иіледі, одан кейін бастапқы қалыпқа оралып, осы қозғалысты екінші жаққа қайталайды; б) әуелі түрегеп тұрып, содан соң отырады, одан кейін аяқты артқа жіберіп, қолмен жер тірейді, қайтадан бастапқы қалыпқа келеді; в) денені оңға қарай бұрып және сол аяқты иіңкірей оң аяққа сол қолдың саусақтары жеткенше еңкейеді, сосын бастапқы қалыпқа қайта келеді.
  8. Секірулер. Секірудің мынандай түрлері бар: а) аяқ бірге, қол белде; ә) сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру; б) аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру; в) секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек аустырып қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау; г) әр аяқпен алма-кезек 2-4 реттен секіру; д) әуелі екі аяқпен, сосын бір аяқпен секіру, сонан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты.

 

  1. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАҒЫ СЕКІРУДІ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2.1. Секіруді үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.

 

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.

Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар

Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті

 1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада  атлетиканың дамуына  үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.

 1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.

 1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.

Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.

Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.

Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.

Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.

Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.

Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау);20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады;соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м);белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту;аяқтың өкшесімен ғана жүгіру;аяқтың ұшымен жүгіру;жүреден отырып жүгіру;сыңар аяқтап секіріп, жүгіру;қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпенжүгіру (20, 30, 40 м);қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу;белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру;белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту;30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру;30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту;30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.

Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.

Дала жарысы.

Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.

Дала жарысы — кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді.Дала жарысының негізгі мақсаты — табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады.Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі.Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай дұрыс өтуін бақылайды.Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне болады.

Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау керек. Қалың қопалы жерден өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік беттен де саппен жүріп түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе екіншісі ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек.

Көлденең құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының жолымен жай жүріп, танысып алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп өтуге, қай жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу кезінде, мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5,8 шақырымға дейін жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек. Саппен жүргенде бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды.Дала жарысының қауіпсіздік ережесі

Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады. Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді. Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек көрсетеді.Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу керек.Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап береді.Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету.ЖүзуЖанды, жансыз денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары — су, ауа күн сәулесі. Міне, сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.

Дене тәрбиесі сабағында суға түсуді оқытудың негізгі мақсаты жас ұрпақты суда жүзуге үйрету. Жалпы Республикамызда суға шомылудың толық жағдайы жасалған жөн. Бірақ, суда жүзуді үйрену кімнің болса да міндеті болып табылады. Осыдан барып, суға жүзуді бұқаралық міндетке айналдыру, бүкіл халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларының бағдарламасына енгізу қарастырылған.

 

2.2.Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру.

 

Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.

Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.

Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.

Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.

Сонда ғана, халықтың денсаулығын сақтаудағы нәтижелі іс болмақ.Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.Білім беру жүйесінде суға жүзу жаттығулары өз алдына спорт түрі ретінде де қолданылады. Суға жүзудің оқыту жүйесі жабық су бассейндерінде және ашық су қоймаларында ұйымдастырылады.

Әрине, ашық су қоймаларында оқу процесін ұйымдастыру жылдың жылы мезгіліне байланысты.Суға жүзудің оңу процесін өткізу мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл процесс, ең әуелі бассейнде және ашық су қоймаларында сабаң өткізудің ережесімен танысады. Мұғалімнің нұсқауынсыз және бақылауынсыз ешқандай жаттығуларды орындауға болмайды. Суға түспес бұрын, жүзуді үйренудің бастапқы дайындық жаттығулары құрлықта орындалады. Одан кейін, судың тереңдігі тізеден және белден аспайтын жерде орындалады.

Сабақта суға жүзудің барлың ережелері мұқият орындалады.Оқу процесінің бастапқы жаттығулары судың астында дем шығару және денені су бетінде қалай ұстау керек, ол үшін қол мен аяқтың қандай қозғалысы болу керек, т.б. осылайша жалғаса береді. Енді, суда алдыға қозғалу үшін қол-аяқпен қандай жаттығулар орындалады. Жалпы осы жаттығуларды орындаудың айла-тәсілін үйренуден бастайды. Жүзу жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту процесі, шұғылданушылардың су бетінде денесін қалай ұстау керектігін әбден үйренгеннен кейін ғана жалғасады. Бұл оқыту жүйесі тек қана мұғалімнің басшылығымен, жүргізген нұсқауымен және бақылауымен өтеді.

Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және шалқалап жатып орындалады. Екінші — брасс, тек етпеттен жатып орындалады. Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу жаттығуларының негізгі тараған түрі — етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім болсын, жүзудің қандай жаттығуымен шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде құлаштап малтау әдісін үйренуі керек.

Содан кейін ғана брасс, болмаса баттерфляй әдісімен малтуға ден қоюға болады.Жалпы жүзуден жарыс бағдарламасына — етпеттен жатып құлаштап жүзу, шалқадан жатып құлаштап жүзу, брасс және баттерфляй жаттығулары кіреді.

Қозғалмалы ойындар. Спорттың ойындардың бір түрі — баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Осы ойын түрінен бүгінде құрлық және әлем біріншілігі өткізіліп тұрады. Халықаралық федерациясы жұмыс істейді.Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады — жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ.

Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.Осындай ойын барысында, нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болсын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, допты торға түсіру, болмаса допты әріптесіңе дәл бере білу, допты алып жүргенде қарсыласын алдап өту, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі.Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді.

Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Волейбол — спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Бүгінде волейболдан әлем және құрлық біріншілігі өткізіліп тұрады.Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады.

Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондыңтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады. Бүгінгі волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады. Себебі, ойынның бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы, міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындың деңгейін көрсетеді.

Осындай ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы, адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, болмаса допты қарсыласының алақанына алдап тастау, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі. Волейбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оңу орындарының бағдарламасына кіреді.

Арнаулы оңу орындарының студенттері бұл кезеңде волейбол ойынын ойнап, белгілі бір деңгейде дайындықпен келеді деп есептеледі. Сондықтан, бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдерімен таныс, ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Арқан тартыс. Бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойыншылардың саны 10 баладан аспағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды.

Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады.

Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.

Секірулер . Өз бетімен гимнастикамен айналысушылар үшін секірудің түрлерін мынадай екі негізгі топқа бөлуге болады: екі немесе бір аяқтан секіру (яки екі аяқпен кезектесе секіру). Аздаған өзгерістерді қолдың, аяқтың қозғалыстары арқылы реттеуге болады.

Секірудің мынадай варианттары бар: аяқ бірге, қол белде; сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру (2—4 рет бір жаққа қарай, осынша рет екінші жаққа қарай секіреді); аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру; секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек ауыстырыл қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау және қайтадан төмен түсіру, артқа және алға шапалақтау; әр аяқпен алма-кезек 2—4 реттен секіру; әуелі екі аяқпен, содан кейін бір аяқпен секіру, одан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты.

Секіргенде аяқтың ұшымен секіру керек. Бұл, әсіресе, егде адамдар үшін өте пайдалы. Олар денелері зіркілдемес үшін екі аяқпен алма-кезек секіргендері жөн. Секіру — денені неғұрлым көбірек қозғалысқа түсіретін жаттығу. Мұнда организмнің барлық бұлшық еттеріне күш түседі. Бұл — күш түсірудің ең шарықтау шегі, одан кейін оны біртіндеп, төмендету керек, сонда тыныс алу бір қалыпқа келіп, жүрек соғысының жиілеуі де бірте-бірте реттеледі.

1-2 минут аяңдау. Аянды тоқтатар кезде қолды бірнеше рет жоғары көтеріп, терең тыныс алу керек те, одан кейін ақырын ғана төмен түсірген жөн.

Жоғарыдағы келтірілген схема бойынша жаттығулар комплексін таңдап алуға болады. Әрбір жаттығуды бір минут мөлшерінде, орташа қимылмен жасайды. Тынысты емін-еркін алу керек: еңкейгенде, денені бұрғанда отырғанда, қолды созғанда дем шығарылып, қолды көтергенде, түрегелгенде, денені көтергенде, иілгенде терең тыныстаған жөн (тыныс алу және дем шығару кеуденің сығылу және ұлғаю қозғалысына сәйкес болғаны дұрыс). Егер жаттығуды орындау кеудеге еш әсер етпесе, онда ыңғайға қарай тыныс алу керек. Белгілі бір уақыттан кейін жаттығуларды ауыстырыл отыруға болады. Егер кейбір жаттығуларды орындау қиын тисе, оны одан әрі жалғастырудың қажеті жоқ. Жаттығу таңдағанда әр адам өз организмінің ерекшеліктерін ескергені жөн, өйткені дене тынықтыру организмге таза физиологиялық әсер етумен қатар, адамның көңіл күйіне де ықпал жасайды. Сондықтан кейбір жаттығуларды орындау ұнайтын болса, оларды тұрақты түрде істеуге болады. Сонда оның тиімділігі артады.

Бірінші жаттығу: екі қолды барынша артқа жіберіп бір-бірімен ұстастырады да, жауырынмен бірге қимылдатады. Бұл кезде басты шалқайтқан жөн; екі қолды желкеге тарақтал қосып, шынтақтарды және басты мүмкіндігінше шалқайтады.

Екінші жаттығу: жерге етпеттеп жатып, екі қолды желкеге қойып, шынтақ пен басты жоғары шалқайтып, кеудені қайқайып көтеруге әрекет жасайды: етпеттеп жатып, екі қолға гантель алып, қос құлашын созады, осы қалыпта басты шалқайту арқылы кеудені аздап көтеру керек.

Жаттығу кезінде гантельді мүмкін болғанынша жоғарырақ көтереді. 0,5—1 кг-дық гантельден бастап, бірте-бірте оның салмағын 2 кг-ға дейін ұлғайтады. Пенсия жағасындағы адамға денені қозғалысқа келтіретін жаттығулардың барлық түрлерін күн сайын жасаған жөн: саусақ, шынтақ буыны, иық буыны, бас және жауырынды қозғалысқа келтіретін жаттығулар пайдалы.

Денені бұру, аяқты жан-жаққа «сілтеу», иілу, етпеттеп жатып «қайқаю» сияқты және тағы басқа қозғалыстарды қолданған жақсы. Егер таңертеңгілік гимнастиканың жаттығулар жүйесіне бұл қозғалыстардың ешқайсысы енгізілмеген болса, оларды қосымша кіргізген жөн. Алғашында қосымша жаттығулар негізгі жаттығуларды орындауға кететін уақыттың есебінен алынады, өйткені гимнастиканың жалпы мөлшері 10 минуттай аспауға тиіс.

Дене жаттыққан сайын әрбір жаттығуды қайталау саны көбейтіліп, жалпы уақыт 15—20 минутқа дейін жеткізіледі. Мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер үшін дене тәрбиесінің негізгі мақсаты олардың қозғалыстарының бағыттарын анықтау, қозғалысқа икемділіктерін арттыру болғандықтан, оларға арналған жаттығулардың жиі ауыстырылып тұрғаны жөн.

Мектепке бармаған бүлдіршіндер үшін мұндағы ұсынылып отырған жаттығулардың кейбіреулері тым күрделі, сондықтан ең қарапайым, көп қайталанбайтын жаттығулар таңдап алып, олардың орындалуын тұрақты қадағалан отыруға болады.

Балалардың қозғалыс қабілеттерін жетілдіру үшін мынадай жаттығулар өте пайдалы допты лақтырып жіберіп, қайтадан ұстап алу; допты бір қолдан екінші қолға лақтырып ойнау; 180 және 360 градусқа айналып барып, екі жаққа кезек секіру, екі аяққа алма-кезек салмақ сала еңкею қимылдарын жасау, «жатқан күйде» қолды желкеге қарай жіберу, шалқадан жатып бір қырымен етпеттеп (қолдың көмегінсіз) аунап түсу. Осындай екі-үш жаттығу таңертеңгі гимнастикада міндетті түрде орындалуға тиіс. Гимнастикамен ауасы тазартылған бөлмеле, ал жаз айларында таза ау ада, далада шұғылданған жөн. Киім жеңіл болғаны дұрыс. Гимнастикадан кейін су процедурасын қабылдау керек. (Шынығу мақаласын да қараңыз).

 

2.3. Сыныптан тыс дене шынықтыру.

 

Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан — жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес.

Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.

Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады.

Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.

Гимнастика — дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары — спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады.

Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады.

Гимнастикамен шұғылдану деген сөз — адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.

Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі — гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады.

Гигиеналық гимнастика — денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.

Ырғақты гимнастика — негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады.

Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.

Атлетикалық гимнастика — жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен — жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.

Екіншісі — спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары — керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары — бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.

Спорттың акробатика — жұптасып және топтасып орындалатын акробатикалық жаттығулар. Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса күрделі жаттығу.

Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады. Жалпы көркем гимнастикасының орындалуы би қозғалысына негізделген, қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп немесе лақтыра отырып, сол құралдың қозғалысымен бірге билеп жүріп орындалады.

Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік ережесін үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады. Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың жалпы ережесін білуі керек. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны орындау әр спортшының міндеті.

Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.

Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс.

Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро.

Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.

Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.

Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.

Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.

Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек.

Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.

Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар.

Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау); 20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады; соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м); белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту; аяқтың өкшесімен ғана жүгіру; аяқтың ұшымен жүгіру; жүреден отырып жүгіру; сыңар аяқтап секіріп, жүгіру; қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпен жүгіру (20, 30, 40 м); қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу; белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру; белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту; 30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру; 30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту; 30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.

Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.

Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды.

Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек.

Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.

Дала жарысы. Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді. Дала жарысы — кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді.

Дала жарысының негізгі мақсаты — табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады.

Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі.

Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай дұрыс өтуін бақылайды.

Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне болады.

Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.

Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау керек.

Қалың қопалы жерден өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік беттен де саппен жүріп түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе екіншісі ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек. Көлденең құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.

Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының жолымен жай жүріп, танысып алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп өтуге, қай жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу кезінде, мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.

Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5,8 шақырымға дейін жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек. Саппен жүргенде бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды.

Дала жарысының қауіпсіздік ережесі: Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады. Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді. Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек көрсетеді. Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу керек.Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.

Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап береді. Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету.

Жүзу. Жанды, жансыз денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары — су, ауа күн сәулесі. Міне, сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.

Дене тәрбиесі сабағында суға түсуді оқытудың негізгі мақсаты жас ұрпақты суда жүзуге үйрету. Жалпы Республикамызда суға шомылудың толық жағдайы жасалған жөн. Бірақ, суда жүзуді үйрену кімнің болса да міндеті болып табылады. Осыдан барып, суға жүзуді бұқаралық міндетке айналдыру, бүкіл халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларының бағдарламасына енгізу қарастырылған. Сонда ғана, халықтың денсаулығын сақтаудағы нәтижелі іс болмақ.

Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.

Білім беру жүйесінде суға жүзу жаттығулары өз алдына спорт түрі ретінде де қолданылады. Суға жүзудің оқыту жүйесі жабық су бассейндерінде және ашық су қоймаларында ұйымдастырылады. Әрине, ашық су қоймаларында оқу процесін ұйымдастыру жылдың жылы мезгіліне байланысты.

Суға жүзудің оңу процесін өткізу мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл процесс, ең әуелі бассейнде және ашық су қоймаларында сабаң өткізудің ережесімен танысады. Мұғалімнің нұсқауынсыз және бақылауынсыз ешқандай жаттығуларды орындауға болмайды. Суға түспес бұрын, жүзуді үйренудің бастапқы дайындық жаттығулары құрлықта орындалады. Одан кейін, судың тереңдігі тізеден және белден аспайтын жерде орындалады. Сабақта суға жүзудің барлың ережелері мұқият орындалады.

Оқу процесінің бастапқы жаттығулары судың астында дем шығару және денені су бетінде қалай ұстау керек, ол үшін қол мен аяқтың қандай қозғалысы болу керек, т.б. осылайша жалғаса береді. Енді, суда алдыға қозғалу үшін қол-аяқпен қандай жаттығулар орындалады.

Жалпы осы жаттығуларды орындаудың айла-тәсілін үйренуден бастайды. Жүзу жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту процесі, шұғылданушылардың су бетінде денесін қалай ұстау керектігін әбден үйренгеннен кейін ғана жалғасады. Бұл оқыту жүйесі тек қана мұғалімнің басшылығымен, жүргізген нұсқауымен және бақылауымен өтеді.

Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және шалқалап жатып орындалады. Екінші — брасс, тек етпеттен жатып орындалады. Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу жаттығуларының негізгі тараған түрі — етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім болсын, жүзудің қандай жаттығуымен шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде құлаштап малтау әдісін үйренуі керек.

Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды.

Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.

 

  1. ЖАЛПЫ ТРЕНАЖЕР АРҚЫЛЫ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ.

 

3.1. Жұмыстарды ұйымдастыру.

 

Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын  дамыту үшін,  үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:

— денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;

— негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;

— жігер-күш,  дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.

Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы — дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене  жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.

Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді.

Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы  жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды.

Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді.          Осы  барлық міндеттерді дұрыс бағалау, ұйымдастыру, орындау үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.

Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары  жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді.

Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады. Жалпы жылдық  жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:

  1. Ұйымдастыру жұмыстары.
  2. Оқу жұмыстары.
  3. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі — сауықтыру шаралары.
  4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық — көпшілік жұмыстары.
  5. Үгіт-насихат жұмыстары.
  6. Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер.
  7. Шаруашылық жұмыстары.

 

  6-кесте

 

р/с

Негізгі бөлімдер, бөлімдердің        жұмыс мазмұны

Орындау         уақыты

Орындауға жауапты

                                                   1. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

  1

 Дене тәрбиесінің жоспарлау құжаттарын

 жасау және бекіту:

— жалпы жылдық жоспар;

— тоқсандық жоспар кестелері;

— жылдық спорттық шаралардың

күнтізбе  жоспары

 

 

         Тамыз

 

 

      ДТ мұғалімі

  2

 Мұғалімдер кеңесінде сабаққа

дейінгі гимнастика,  сергектік сәттер,

үзіліс кезіндегі қозғалыс ойындарын

өткізуді ақылдасу

 

          Тамыз

 

           Әкімшілік,

         ДТ мұғалімі

  3

Бастауыш сынып мұғалімдері мен

күн тәртібіндегі сауықтыру

шаралары, сыныптан тыс жұмыстарды

ұйымдастыру туралы семинар өткізу

 

 

         Тамыз

 

 

        ДТ мұғалімі

  4

Әрбір сыныпқа сабаққа дейінгі

гимнастика, үзіліс кезінде қозғалмалы

ойындар өткізу орындарын бөліп беру

 

     Қыркүйек

 

       ДТ  мұғалімі

  5

Сыныптарда сабаққа дейінгі гимнастика,

үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар

өткізу тәртібі туралы әңгіме өткізу

 

  10 қыркүйекке

     дейін

 

Сынып  жетекшілері

 6

 

Спорт түрлерінен жаттықтыру кестесін жасау            

   10 қыркүйекке

     дейін

     ДТ мұғалімі

                                           2.   ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ

  1

 Дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу

   Тұрақты

       ДТ мұғалімі

  2

Ашық сабақтар, семинарлар өткізу,

әдістемелік бөлме ұйымдастыру,

ата-аналарға арнап ашық сабақтар өткізу

   Жыл бойы,

    тұрақты

       ДТ мұғалімі

              3.   ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ — САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ

 

 1

Сабаққа дейінгі гимнастиканы  өткізу

 Күнделікті

 Ұйымдастырушы

   нұсқаушылар 

 2

Ұзақ үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар

мен дене тәрбиесі жаттығуларын өткізу

 

   Күнделікті

 

Ұйымдастырушы

  нұсқаушылар

  3

1-11 сыныптардың жалпы білім беру сабақтарында сергектік сәттерін өткізу

 

   Күнделікті

 

  Мұғалімдер,

   нұсқаушылар

  4

Ұзартылған күн топтарында жаттығулар

мен ойындар өткізу

    Күнделікті

  Тәрбиешілер

             4 САБАҚТАН ТЫС  СПОРТ-КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

 1

 Оқу жылының басталуына арналған

дене тәрбиесі мейрамын өткізу

 

  Қыркүйек

  Әкімшілік

   ДТ мұғалімі

 2

Спорт секцияларындағы,

үйірмелердегі жұмыстарды жүргізу

  Жыл бойы

     ДТ мұғалімі

 3

Мектеп Спартакиадасын өткізу

  Сәуір

Әкімшілік, ДТ мұғалімі

 4

Аудандық жарыстарға қатысу

  Жоспармен

 ДТ мұғалімі

 5

Спорттық жорықтар өткізу

  Маусым

 Әкімшілік,ДТ мұғ.

 6

Президенттік сынама жарыстарына

дайындық және өткізу

  Жыл бойы

Әкімшілік, ДТ мұғ.

                                           5. ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

 1

 Дене тәрбиесі бұрышы, сыйлықтар

мен марапат қағаздар, жоғары

көрсеткіштер, «Мектепетің

үздік спортшылары» көрмелері

 

      Қыркүйек

 

    ДТ мұғалімі

  2

Спорттық кештер, «спорттық

көңілді  тапқыштар»,

«спорттық  білгіштер»

сайыстарын өткізу

 

       Қараша

       Мамыр

 

Әкімшілік, ДТ мұғалімі

              6. ДӘРІГЕРЛІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР: 

  1

Оқушыларды дәрігерлік тексеруден

өткізу, дәрігерлік топтарға бөлу

 

      Қыркүйек

   Дәрігер, әкімшілік,

        ДТ мұғалімі

  2

Арнайы дәрігерлік топтың

денсаулығын бақылау

     Ай сайын

         Дәрігер

  3

Оқушыларды қорытынды дәрігерлік

қараудан өткізу

     Мамыр

   Дәрігер,әкімшілік,

  ДТ мұғалімі

                                           7.  ШАРУАШЫЛЫҚ   ЖҰМЫСТАРЫ

  1

Спорттық құрал-жабдықтарды жөндеу

     Жыл бойы

  ДТ мұғалімі

  2

Көрнекі құралдар дайындау

   Жыл бойы

   ДТ мұғалімі

 

Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.

Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге  бөлінеді:

  1. Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі.
  2. Тоқсандық жоспар-кестесі.
  3. Әр сабақтың жоспары.
  4. Жоспар-конспект.

Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен  бағдарламаға, ауданның ауа райы және  климаттық жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына байланысты құрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі. Келесі бетте үлгі ретінде жылдық жоспар-кесте қалай құрастырылатыны көрсетілген.

Келесі  беттерде дене тәрбиесі сабақтарының 1,5,11, сыныптарына арналған тоқсандық жоспар-кестелері берілген. Тоқсандық жоспар кестелерін үлгі ретінде бір-бірден бастауыш, орта, жоғары сыныптарға арнап құрастырдық. Әр түрлі спорт түрлері кіргізілген жоспарлар болсын деп, сыныптардағы әр  тоқсандарды алдық. Бұл тоқсандық жоспар-кестелер   мектеп базаларына,  мектеп бағдарламасы мен құрал-жабдықтар мүмкіншілігіне сай құрастырылған.

Егер бұл тоқсандық жоспарлар кейбір аудандардың климаттық жағдайына,  мектептің материалдық мүкіншілігіне, қолда бар құрал-жабдықтарға сай келмей жатса сағат сандарына, спорт түрлеріне өзгерістер енгізуге болады.

Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады. Біз әр сабақ жоспарының екі түрлі нұсқасын беріп отырмыз. Дене тәрбиесі мұғалімдері өздеріне қолайлы түрлерін таңдап алып өз жұмыстарында қолдануларына болады.

Дене тәрбиесі сабақтарының …  оқу жылына  … тоқсанға арналған әр сабақ жоспары.

Әр сабақ жоспарын екі нұсқада құрастыруға болады. Бірінші нұсқасы кесте түрінде құрастырылады (кестеде):

 

 

р/с

 Сабақ

Міндеттері

Сабақ бөлімдері

 Ескертулер

     Кіріспе

 Негізгі

 Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екінші нұсқада үлкен дәптердің бетіне сабақ  нөмірлері қойылып рет-ретімен жазылады.

 

1-сабақ

  1. Міндеттері
  2. ____________________
  3. ____________________
  4. ____________________

 

2 Өткізілетін орын ____________________

3 Керек құрал-жабдықтар ______________

 

  1. Кіріспе бөлім- 12 минут
  2. Саптық жаттығулар.
  3. Жүру жаттығулары.
  4. Жүгіру жаттығулары.
  5. ЖДДЖ.

 

  1. Негізгі бөлім – 28 минут.
  2. Жаттығу

— Негізгі  жаттығулар.

— Дайындық жаттығулары.

— Жетекші  жаттығулар.

  1. Жаттығу техникасын жетілдіру жаттығулары
  2. Дене қасиетін дамыту жаттығулары.

 

III. Қорытынды бөлім – 5 минут.

  1. Қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары.
  2. Баға қою.
  3. Үйге тапсырма.

 

Бұрынғы кеңес заманында да, қазіргі егеменді ел, нарық экономикасы заманында да жалпы білім беру мектептерінде дене  тәрбиесі ұжымдары жұмыс істеді, әлі де істеп жатыр. Дене  тәрбиесі  ұжымының мүшелері – мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы – мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін – дене тәрбиесі мұғалімдері.

Осы жерде заңды бір сұрақ тууы мүмкін. Неге  дене мәдениетіне, дене тәрбиесі мен спортқа осынша мән беріледі? Неге мектепте математика, тарих ұжымдары жоқ? Бұл мәселенің маңыздылығы,  денсаулыққа  байланыстылығынан. «Басты байлық – денсаулық»,  «Тәні саудың-жаны сау» дейді дана халқымыз.

Дене тәрбиесі мен спорттың негізгі міндеті адамдардың денсаулығын нығайту болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының негізгі міндеті дене тәрбиесі мен спорттық  жаттықтыру сабақтарына, жарыс, жорық, саяхаттарға, дене тәрбиесі-сауықтыру шараларына  мұғалімдер мен оқушыларды көбірек қатыстыру. Оларды  тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту.

Тұрақты жаттығулар арқылы олардың денсаулық деңгейлерін жоғарылату Шығыс ғалымы Ибн Сина: «Тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылданған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді», -деген.

Дене тәрбиесі ұжымының денсаулықтан кейінгі екінші қажеттілігі жарыстарға қатысу мүмкіншіліктеріне байланысты. Өйткені мектеп  жұмыстарының ең маңызды бір көрсеткіші – спорттық жарыстарда мектеп құрама командасының спорт түрлерінен мектептер арасындағы аудан, қала жарыстарында жүлделі орындар алуы.

Жүлделі орындар  алу үшін, мектеп ұжымы директордан бастап оқушыға дейін жұмыла тер төге жұмыс істеуі керек. Осы көрсетілген екі негізгі міндеттердің өзі дене тәрбиесі ұжымының маңыздылығын, жұмыс ауқымының кең екенін көрсетеді.

Дене тәрбиесі  ұжымы ең алдымен өзінің жылдық,  тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапкершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағалануы керек.

Мектептің  дене  тәрбиесі ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі  мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет. Дене тәрбиесі мұғалімі дене  тәрбиесі ұжымының барлық жұмыстарын жақсы білуі, құжаттарын сауатты дұрыс жүргізуі қажет. Сонда ғана мектептің дене тәрбиесі ұжымы жұмыс істейді, барлық мектеп мұғалімдері, оқушылар бұл жұмыстарға жұмыла атсалысады.

Дене тәрбиесі ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы – 7-10 адам. Кеңес  мүшелері арасынан төраға, төрағаның  орынбасары, хатшы сайланады.

Дене  тәрбиесі кеңесі жанынан  бұқаралық дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі  белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құралады. Комиссия жұмысын  басқару кеңес  мүшелеріне жүктеледі.

Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы. Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шараларын (сабаққа дейінгі гимнастика,  сергектік сәттері, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары), ұзартылған күн топтарындағы дене тәрбиесі сабақтарын, Президенттік сынама сынақтарын, Президенттік көпсайыс жарыстарын өткізу, дайындау жұмыстарына жауапты.

Спорт шаралары комиссиясы. Спорт шаралары комиссиясы  мектепішілік жарыстарды ұйымдастыру, дене тәрбиесі мұғалімдеріне спорт секцияларындағы жаттығуларды жүргізуге көмектесу, аудандық, қалалық жарыстарға қатысатын сынып және мектеп құрама  командаларын іріктеу, жоғары көрсеткіштер көрсеткен спортшылар кітабын, спорттық классификация нормаларын орындаған оқушыларды  есепке алу құжаттарын толтыру жұмыстарына жауап береді.

Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы. Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы мектепте және  тұрғылықты жерлерде оқушылармен сауықтыру-дене тәрбиесі, спорттық шаралар  жұмыстарын ұйымдастыруға, қоғамдық спорт  нұсқаушыларын, спорт  төрешілерін, спорт ұйымдастырушыларын дайындау және бағыттау жұмыстарын жүргізеді.

Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясы. Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясының жұмыстары: спорт мерекелерін, қабырға газеттерін, қабырға стендтерін, мектеп радиосын, мектептегі әр түрлі көпшілік шаралар кезінде спортшылар көрсетілімдерін ұйымдастыру (спортшылар көрсетілімдері-әр түрлі спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшылар ел алдына шығып жарыс жаттығуларын көрсетеді. Ол өте  әсерлі, ширақ, әдемі қимыл-қозғалыс  түрінде жүргізілуі керек). Комиссия әр түрлі көрнекі  материалдар жинау арқылы мектептің дене  тәрбиесі бұрышын жасайды, спорт, сауықтыру  дене  тәрбиесі және салауатты өмір салты туралы лекциялар, әңгімелер өткізеді.

Шаруашылық жұмыстар комиссиясы. Шаруашылық жұмыстар комиссиясы спорт  алаңдарын, стадиондарын салу, безендіру, стандарттық емес әр түрлі снарядтар жасау, спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс сақтау, жөндеу жұмыстарымен айналысады.

Мектеп дене тәрбиесі ұжымының кеңесі қажеттіліктері бойынша өз  шешімдерімен басқа да комиссиялар құруына болады.

Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы:

— мектеп оқушыларының балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріне  қабылдануына ұсыныс  қағаз береді;

— дене тәрбиесі және спорт  мекемелеріне, мектеп дирекциясына мектептің спорт  белсенділерін, спортшыларын марапаттау туралы ұсыныстар түсіреді;

— мектептің көпшілік жиындарында, спорт  мерекелерінде спортшыларды, спорт төрешілерін, спорт нұсқаушыларын, спорт жұмыстарына еңбегі сіңген адамдарды марапаттау, бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын береді;

— дене тәрбиесі ұжымының «Құрмет кітабына» дене тәрбиесі спорт жұмыстарының озаттарын жазады.

Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің құқығы:

— спорт түрлері секцияларында, жалпы дене дайындығы топтарында жаттығу, жарыстарға қатысу;

— дене тәрбиесі ұжымы кеңесіне  сайлану, комиссия жұмыстарына қатысу;

— мектептің туристік, спорттық құрылыстарын,құрыл-жабдықтарын пайдалану.

Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің міндеттері:

— дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануды және мектептегі білім алуды қатар ұштастыру;

— өзін  тәрбие мен  спорттық этика талаптарына сай ұстау;

— дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарына белсенді қатысу, кеңестің шешімдерін орындау, ұжымның намысын қорғау,  мәртебесін көтеру;

— өз жасына сай Президенттік сынама нормаларын  тапсыруға  дайындық, орындау;

— өзі айналысқан спорт түрінің жоспары бойынша  жаттығу, разряд нормаларын орындау;

— мектептің барлық спорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысу;

— мектептің спорт құрылыстарын, спорттық құрал-жабдықтарын,  құрама командасының спорт киімдерін ұқыпты пайдалану, спорт құрылыстарына, құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына белсенді қатысу;

— дене тәрбиесін, спортты туризмді насихаттау;

— өз ағзасының дамуын бақылау және  жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, мектеп медбикесінің нұсқауларын орындау.

Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі тәртіп бұзған, үйде, достарының арасында,  қоғамдық жерлерде,  спорт жарыстарында өзін дұрыс ұстамаған, сабақ үлгерімі нашар дене тәрбиесі ұжымының мүшелеріне әр түрлі тәрбие шараларын қолданады. Ол шаралар: спорт секцияларындағы жаттығуларға уақытша қатыстырмау, спорт жарыстарына қатысу құқығынан айыру, мектептің, сыныптың құрама  командасы мүшелерінен шығару.

Әр мектеп   дене тәрбиесі ұжымының өз кеңесі бекіткен спорттық формасын тіктіруіне, эмблемасын жасатуына болады.

 

3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жоспары.

 

Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс, жақсы ұйымдастыру, жұмысты орнықты орындау үшін, орындаған жұмыстарды бақылау және есепке алуға, тіркеу жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, тіркеу оқу және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, оқу үлгерімін бақылауға көмектеседі.

Мектеп тәжірибесінде есепке алу мен бақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: алдын ала есепке алу, ағымдық есепке алу және қорытынды есепке алу.

  1. Алдын ала есепке алу оқушылардың денсаулығын, дене дайындығын білу үшін қолданылады. Ол жұмыстар: оқушының жеке құжатымен танысу, ата-анамен әңгімелесу, дәрігерлік бақылау кездерінде дене тәрбиесі мұғалімінің қатысуы.Жыл басындағы алғашқы сабақтар кезінде оқушының оқуға дайындығын, дене қуаты деңгейін білу үшін әр түрлі сынақ жаттығулары алынады.

2.Негізгі есепке алу түрі – ағымдағы есеп. Бұл есеп кезінде жалпы дене тәрбиесі жұмысының жүргізілуі, оқушылардың сабаққа, спорт түрінен жаттықтыруларға қатысуы, оқу үлгерімі, жарыс нәтижелері бақыланып, есепке алынып отырылады. Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын, ынтасын бақылайды, сабақ кездерінде баға қояды. Бапкер жаттығуға қатысуын белгілейді, жарыстарда орындаған нәтижелерін, разрядтарын бақылап, есепке алып отырады.

  1. Қорытынды бақылау және есепке алу әрбір тоқсанның және жылдың аяғында жүргізіледі. Оқушыларға тоқсандық, жылдық баға қойылады, оқу жоспарының қалай орындалғаны тіркеледі, бақылауға алынады.

Есепке алу жүйесінде жоғарыда айтылған негізгі түрлерден басқа статистикалық, бухгалтерлік, қолма-қол тексеру түрлері қолданылады.

Негізгі есеп алу құжаты мектептің  сынып жорналы болып есептеледі. Жорналда оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі, өтілген сабақ міндеттері, үй тапсырмасы жазылады. Жорналдағы оқушылардың фамилиясы тұсына тек қана сабақта жоқ болса «ж» әрпі және сабақтағы алған бағасы қойылады. Қазір біздің мемлекеттің жалпы білім беру мектептерінде пайдаланып жүрген сынып жорналының мазмұнымен және оны жұмыс барысында қалай толтыру керек екенімен танысайық.

 

Сынып жорналының сол жақ беті

        Пәннің аты…

 

 Оқушының тегі, аты

                                 Айы, күні

1

 

 

2

 

 

3

 

 

 

 

Сынып жорналының оң жақ беті

           Мұғалімнің тегі, аты-жөні…

 

 Айы, күні

 Сабақта не өтілді?

  Үй тапсырмасы

  Мұғалімнің ескертпесі

 

 

 

 

 

 

 

«Сабақта не өтілді?» бағанасына өтілген сабақ материалы қысқа, нақты түрде жазылады. «Үй тапсырмасы» бағанасына мұғалімнің үйде орындауға берген тапсырмалары жазылады. Олар: сабақта үйренген жаттығу техникасын қайталау, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту жаттығуларын орындау, берілген теориялық мәліметтерді пысықтау түрлерінде болады. «Мұғалімнің ескертпесі» бағанасында жеке оқушыға ескертулер, олардың тәртібі, сабақ барысы туралы ескертулер жазылады.

Сынып жорналынан басқа мұғалімнің жұмыс дәптері болу керек. Онда оқушылардың дәрігерлік тобы, спорт түрлерінен тапсырған барлық сынақ және жаттығу техникасын орындау көрсеткіштері, оқушылардың жақсы көрсеткіштері т.б. мұғалімге керек мәліметтер жазылады.

Сынып жорналының ақырғы беттерінде дене тәрбиесі мұғалімі толтыруы керек беттер:

 

Президенттік сынама – тест тапсыру туралы мағлұматтар

 

Оқушының тегі,           аты

 

Д.Ш. дайындық деңгейі

Белгі  түрі және      грамоталары

Президенттік тесті      тапсырған күні     

Президенттік       деңгей

Ұлттық    деңгей

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

           

 

  Оқушылардың дене  дайындығының көрсеткіштері

 

Оқушылардың тегі, аты

Медициналық топ

30-60-100 жүгіру

                 Оқу жылының басында

Қолының күші

 

    Орнынан

      секіру

Нығыздалған     

допты  лақтыру

Тартылу

Дене   дайындығының бағасы

 

сол

 

 оң

 ұлдар

қыздар

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс жұмыстарды есепке алу,  олардың орындалуын бақылау үшін басқа жұмыс дәптері жүргізіліп, орындалғаны туралы  белгілер қойылып отырылады.  Есепке алу және бақылау құжаттарында дене тәрбиесі мамандарының саны, разряд орындағандар саны, спорт түрлерінен дайындалған тізімі, жоспардың орындалуы туралы мәліметтер, құрал-жабдықтар саны мен дұрыстығы,

Президенттік  сынаманы тапсырушылар туралы мәліметтер жазылады. Осы көптеген  жұмыстардың  құжаттарын сауатты дұрыс жүргізу, толтыру, мектепке  келген тексеру комиссияларына толық көрсете білу  мақсатында біз барлық мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке  алу құжаттарын жеті топқа бөліп жүйеледік. Сол құжаттардың тізімін, үлгі түрлерін төменде көрсетіп отырмыз.

Мектептегі жоспарлау,  бақылау,  есепке алу құжаттарының тізімі.

  1. ҚР үкіметі. Білім және ғылым министрлігі бекіткен дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының арнайы нормативтік құжаттары.
  2. Дене тәрбиесі және спорт туралы заң (Sport 04.01.2000 ж).
  3. Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2007-2011жж. Мемлекеттік бағдарламасы.
  4. Дене тәрбиесінің стандарты. Авторлар: С.Т. Тайжанов, Ю.Г. Тілеуғалиев.
  5. Жалпы білім беретін мектептердегі 1-11 сыныптарға арналған дене тәрбиесі бағдарламалары.

II Жоспарлау құжаттары.

  1. Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
  2. Дене тәрбиесі сабағының жылдық жоспар-кестесі.
  3. Тоқсандық жоспар-кестесі.
  4. Әр сабақтық жоспар.
  5. Жоспар-конспект.
  6. Мектептің көпшілік спорт және сауықтыру жұмыстарының жылдық күнтізбелік жоспары.

III Мектептің  дене  тәрбиесі ұжымының  құжаттары.

  1. Ережесі, құқықтары мен міндеттері.
  2. Кеңес құрамы.
  3. Отырыстарының жоспары.
  4. Кеңес отырыстарының хаттамалары.
  5. Оқу жылына арналған жоспары.

3.1. Жалпы жұмыстар мен мәліметтер:

  1. Сыныптардағы оқушылар туралы мәліметтер.
  2. Қоғамдық спорт нұсқаушылары, олардың жұмыс бағыттары.
  3. Спорт төрешілері.
  4. Спорт мектептерінде жаттығатын оқушылар тізімі.

3.2. Спорттық жұмыстар мен жарыстар:

  1. Мектепішілік жарыстардың хаттамалары.
  2. Аудандық, қалалық жарыстардың хаттамалары.
  3. Спорт түрілерінен жүргізілетін секциялар мен үйірмелердің құжаттары:

— мектептің спорт секциялары туралы мәліметтер.

— мектептің жалпы  дене дайындығы топтары туралы мәліметтер.

— жоспарлау құжаттары;

— жорналдары.

  1. Есепке алу құжаттары.
  2. Әрбір сыныптың бастапқы және қорытынды сынақ жаттығуларының көрсеткіштері.
  3. Дене тәрбиесі мұғалімінің әрбір сыныпқа арналған жұмыс дәптері.
  4. Мектептің жылдық көпшілік-спорт және сауықтыру жұмыстарының өткізуін есепке алу кестесі.
  5. Спорттық жарыстардың құжаттары:

— өткізілген жарыстардың толық құжаттары: мәлімдеме, сұраныс, хаттамалар, бас төрешінің есебі.

  1. Мектеп құрама командасының аудан, қала жарыстарына қатысуы:

— қатысқаны туралы жалпы кесте.

— құжаттары.

6.Мектеп оқушыларының жарыстардағы үздік  көрсеткіштері кітабы.

  1. Спорттық дәреже (разрядтар), атақтар алған спортшылар тізімі.
  2. Спорт төрешілерінің жарыстарға төрелік еткендігі туралы есептері.

9.Президенттік сынама жұмыстарының құжаттары:

— мектеп директорының Президенттік сынама тапсыру комиссиясын бекіту туралы бұйрығы;

—  Президенттік сынама  көрсеткіштерін бағалау кестесі;

— 5,9,11 сынып оқушыларының сынақ түрлері мен нормалары;

— сынақтар және жарыс хаттамалары;

— Президенттік сынаманың қорытынды кестесі.

  1. Оқу құралдары мен жабдықтарының есеп тізімі.
  2. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын жүргізуге рұқсат берілгендігі туралы акт.
  3. Спорттық снарядтардың тексеру сынағынан өткені туралы акт.
  4. Мектеп оқушыларының қауіпсіздік ережелерімен танысқандығы туралы құжат.
  5. Дәрігерлік-педагогикалық бақылау бойынша мектеп директорының бұйрығы.

VII.   Дене тәрбиесі мен спортты көрнекі түрде насихаттау.

  1. Президенттік сынама стенді.
  2. Жоғары көрсеткіштер көрсеткен мектеп спортшылары стенді.
  3. Дене тәрбиесі сабағының сынақ жаттығуларының нормалары стенді.
  4. Салауатты өмір салты стенді.
  5. Спорт түрлерінің қауіпсіздік шаралары стенді.

 

3.3. Шыдамдылық пен төзімділік сипаттамасы.

 

Шыдамдалық (төзімділік) қасиет, жаттығушының жалпы дене дайындығы мүмкіндігін спорттық көрсеткіштерде және күнделікті өмірде қолдануымен анықталады.

Шыдамдылық қасиет адамның жүрек–қан, тыныс алу, жүйке жүйесі мүмкіндігімен және дене қуатын сақтау мүмкіндігімен анықталады.

Шыдымдылық дене қасиеті ретінде екі түрде анықталады:

— жұмысты шаршамай бір қалыппен ұзақ орындау мүмкіндігімен;

— шаршау жағдайында жұмысты орындау жылдамдығының азайуымен.

Дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесінде шыдамдылық спортшының шаршауға қарсы тұра білу мүмкіндігімен анықталады делінген.

Шыдамдылық қасиет барлық спорт түріне қажет.

Бір спорт түрлерінде уақыт көрсеткіші бойынша (орташа және қашықтыққа жүгіру, спорттық жүріс), бірінде қозғалысты таза дұрыс орындап шығу (гимнастика т.б.), енді бірінде үлкен жаттығу жүктемелерін орындай білу, жаттығу арасында жылдам қалыпқа келу түрлерінде көрніс табады.

Тәжрибеде шыдамдылық түрлері жалпы және арнайы деп бөлінеді.

Жалпы шыдамдылық. Жалпы шыдамдылық деп адам организімінің барлық мүмкіндіктерінің берілген жүктемені орташа қарқынмен ұзақ уақыт бірқалыпты жұмыс істей алуы жағдайын айтады.

Спорттық теория жағынан жалпы шыдамдылық деп берілген жүктемені орташа қарқынмен барлық дене күш қайратын салып ұзақ уақыт орындай алу мүмкіндігін айтады. Мысалы 5000 және 10000метрге жүгіруде жалпы шыдамдылық 85-100% арқасында спорттық нәтиже анықталады.

Шыдамдылық мүмкіндігі мен дамуы төмендегідей жағдайлар арқылы анықталады:

адам организімінің тыныс алу мүмкіндігімен;

жүгіру техникасын меңгеру сапасымен;

күш, жігердің даму сапасымен.

Шыдамдылық қаблеттің негізі болып организмнің аэробты мүмкіндігі саналады. Шыдамдалықтың көрсеткіші болып өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС) — өкпенің оттегін максималды қабылдау мүмкіндігі алынады ол, л/мин есептеледі.

Адамның 1минут ішінде ең көп оттегін қолдана білуі оның дене қуатын шығара білу мүмкіндігі деп саналады.

Ер адамдар үшін (ӨТС) (20-29жас) 44 л/мин.қалыпты жағдай болса, әйелдер үшін 36л/мин.

(ӨТС) — бұл оттегін бір мину ішінде ең көп қабылдау жүрек-тамыр және тыныс алу көрсеткіштері арқылы анықталады:

  1. Жүректің минуттық қан айдау мүмкіндігі (ЖММ) бір минутта үлкен қан айналымына шыққан қан көлемімен пара пар ол тыныштық кезінде мөлшермен 4-5 л/мин. тең. Адамның үлен жаттығу жүктемелерін атқару кезінде бұлшық еттерге оттегін жеткізу 6 есеге дейін артып (ЖММ) 20-30л/мин. дейін артады.
  2. Жүрек соғысы көлемі (ЖСК), денеге айдалған барлық қанның әрбір жүрек соғысы кезіндегі шығарылған қанның қосындысына тең, ол дененің тыныштық қалпында 40-60мл. мөлшерінде болса, ал жүктеме түскен жағдайда 200мл.дейін артады.

Жүрек соғысы жиілігі (ЖСЖ) минутына 130рет болған жағдайда, егер ұзақтығы 10 минуттық жеңіл жүктеме орындалғанда жүректің минуттық қан айдау мүмкіндігі (ЖҚАМ)

артуы денедегі артық сақталған қанды қолдану арқылы артады. Ары қарай жүктеменің артуы салдарынан болған қан айналымының артуы, жүрек соғысы жиілігінің артуымен қамтамасыз етіледі.

  1. Әйел адамдардың қалыпты жағдайдағы өкпе сиымдылығы (ӨТС) 2,5-4литрге дейін болса, ер адамдардың (ӨТС) 3,5-5литр аралығында, ал көп шыдамдылықты қажет ететін спорт түрлеріндегі спортшылардың (ӨТС) 5-8 литрге дейін артады.
  2. Өкпенің максималды ауаны алмастыру мүмкіндігі (ӨААМ) 1минут арасындағы барлық алмастырған ауа көлемімен анықталады, ол 20-30 жастағы ер адамдар үшін 100-180л.мин., ал үлкен жүктемелер орындау кезінде 350л.мин. дейін артады. Әйел адамдарда орташа көрсеткіш 70-120л.мин., болса жүктеме орындау кезінде 250л.мин. дейін артуы ықтимал.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларды қорытындылай келе адамның жалпы шыдамдылығы организмнің оның ішінде жүрек-қан, тыныс алу жүйелерінің және спортшының өзіне қажетті қозғалыс түрлерін үнемді пайдалану, сонымен қатар жүктемелерді орындағаннан соңғы пайда болатын шаршау түрлеріне қарсы түра білу мүмкіндігімен анықталады.

Жеңіл атлетикамен шұғылдану арқылы жетілген жалпы шыдамдылықтың бір ерекшелігі ол адамның басқа спорт түрлерімен де шұғылдану кезінде пайдалы әсерін береді, ол барлық спорт түрлеріне қажетті дене сапаларын жетілдіреді.

Арнайы шыдамдылық. Көптеген спорт түрлерінде үлкен жетістікке жету спортшының арнайы шыдамдылығының сапасына байланысты болып келеді, оған жеңіл атлетика түрлері де жатады.

Арнайы шыдамдылық деп – cпортшының маманданған спорт түріне тән атқарылатын жұмысты ұзақ уақыт және жоғарғы қарқында орындай алу мүмкіндігін айтады.

Мысалы, циклдік спорт түрлерінде арнайы шыдамдылық спортшының белгіленген қашықтықты белгілі бір жылдамдықта өту мүмкіндігімен анықталады.

Кейінгі уақытта мамандар спринтерлік шыдамдылықты жеке көрсетіп жүр. Оған 1минут уақыт аралығына дейінгі орындалатын 100-400метрге жүгіру, 500метрге конькимен сырғанау, 50-100метрге жүзу алынып отыр.

Арнайы шыдамдылықтар түрлеріне қарай бөлінеді:

қозғалыс ерекшелігіне байланысты, ол негізгі мақсатты шешетін қозғалыс түрі, мысалы секіруге қажетті арнайы шыдамдылық;

қозғалыс ерекшелігіне байланысты, ол негізгі мақсатты шешетін қозғалыс түрі мысалы, спорттық ойындарға қажетті;

қозғалыс ерекшеліктеріне байланысты мысалы, күш, жылдамдық қаблеттермен қосылып орындау шыдамдылығы т.с.с.

Арнайы шыдамдылықтың физиологиялық көрсеткіші спортшының анаэробты мүмкіндігі болып табылады. Бұл шыдамдылықтың тек энергиялық көрсеткіші болып табылады.

Арнайы және жалпы шыдамдылық спортшының барлық дене дайындығы көрсеткішімен, психологиялық дайындығымен, спорттық шеберлігі дәрежесі көрсеткіштері қосындыларыларын пайдалы іске асыра алу мүмкіндігімен анықталады.

Жалпы шыдамдылық және сауықтыруға арналған жүгіру жаттығулары

Адамның жалпы шыдамдылығын арттыруға арналған негізгі жаттығу түрлерінің бірі жүгіру болып табылады.

Шыдамдылықты арттыруға арналған басқа жаттығу құралдарының ішінде ең қарапайымы және қолдануға ыңғайлылығымен жүгіру жаттығулары тиімді болып келеді.

Жүгіру жаттығуларымен жылдың барлық мезгілінде жеке-жеке немесе топталып жаттығуға болады. Жүгіру жаттығулары арнайы құралдар мен орындарды қажет етпейтіндігімен қолайлы.

Жүгіру кезінде адам организіміне пайдалы әсер етуші жағдайлар көп болады, аяқпен жерге басу кезінде дененің төменгі бөлігіндегі қанның жоғары көтерілуіне жақсы жағдай туындайды, қан тамырлары жұмыстары жетіледі, веналық тамырлар қабырғалары жақсарады, қан жүру мүмкіндігі артады.

Жүгіру барысында көкірек және құрсақ қуысында орналасқан барлық ағзалар жұмысқа араласады бауыр, бүйрек, ішек, қарын, өт жылдарына тікелей әсер етіледі, қан жүру жақсарып, организмде алмасу процесі жақсы жүреді.

Жүгіру адам қозғалысының барлық түрлерін жақсартуға жағдай тудырады. Жүгіру адамның барлық күш-қуат беруші көздерінің мүмкіндігін ашады, зат алмасу процестерінің дұрыс қалыпты жұмыс жасап, артық салмақтың пайда болуын тежейді.

Жүгірумен және жаттығу жұмыстарының басқа түрлерімен айналысқан адамдардың бұлшық еттеріндегі әсіресе аяғындағы, жүрегіндегі капилярлар жаттықпайтын адамдармен салыстырғанда екі есе көп болады.

Жүгіру адамның жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. Жүгіру кезінде пайда болатын тербеліс, ағзалардың қарқынды жұмысқа араласуы мый жұмысының жақсаруына энергиямен толығуына әсер етеді, осыдан барып адам көңіл күйі жақсарып, жұмыс қаблеті артады. Жүгіру жаттығулары адам денсаулығының жақсаруына, түнгі ұйқының тынышталуына, шаршауды жеңуге жақсы әсер етеді.

Жүгіру жаттығуларын барлық жастағы адамдар қолдануларына болады. Оған арнайы алдын ала дайындықтың қажеті жоқ, адам жаттығу түрін жүктеме мөлшерін өзінің қалауы бойынша реттей алады.

Жүгіру жаттығулары адамнан өз мүмкіндігін дұрыс есептеуді, жүгіру кезінде аяққа барынша көп күш түсетіндігін ескеруді талап етеді. Жүгіру жаттығулары адамның салауатты өмір сүруге бейімделуіне, денсаулығын нығайтуға көмектесетін дене тәрбиесі түріне жатады.

Жүгірумен шұғылданған адамдар көп ауырмайды, ыстық-суыққа төзімді келеді, иммундық қорғанысы жақсы болады, ерте қартаюдың алдын алады.

Шыдамдылықты арттыру әдістемелері

Шыдамдылық қасиетті арттыру мақсатында ұйымдастырылатын жаттығу жұмыстары жүйелілікті қажет етеді. Жаттығу жұмыстарын ретсіз жүргізу, адамға берілетін жүктемелерді есепке алмау адам организіміне кері әсер етіп, денсаулықты бұзуға дейін апаруы ықтимал.

Жаттығудың бастапқы кезеңінде шыдамдылық қаблетті арттыруға қажетті дайындық есебінде тыныс алу, жүрек-қан, сүйек-бұлшық ет жүйелерінің жұмысын жалпы жетілдіруге көңіл бөлінеді. Бұл тапсырмаларды орындау қарапайым болып көрінгенімен оны іске асыру кезінде арнайы жаттығулар мен әдістемелерді таңдап алу қажет.

Жаттығудың екінші кезеңінде қолданылатын жүктемелер түрлерінде аэробты және анаэробты жағдайларда жұмыс жасату мақсатында шыдамдылықты қажет ететін ұзақ қашықтыққа бірдей жылдамдықпен жүгіру, кросс және айналмалы әдістемелерді қолдану арқылы жаттығуларды орындатуды көбірек пайдаланады.

Жаттығудың үшінші кезеңінде маманданған спорт түріне қажетті шыдамдылықты арттыру мақсатында жаттығу сабақтарында үзілісті және қайталамалы әдістемелерді қолдану арқылы организмнің аэробты және анаэробты жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндігін арттыруға арналған жүктемелер беріледі, берілген жаттығулар түрлері маманданған спорт түріне қажетті арнайы шыдамдылықты жетілдіруге бағытталады.

Жалпы шыдамдылықты арттыру әдістемесі

Жалпы шыдамдылықты арттыру жұмыстарын таңертеңгі бой жазу жаттығулары кезінде бастаған орынды. Осы кезден бастап жаттығу жұмыстарына шыдамдылық қаблетті арттыруға арналған жүктемелерді енгізу кейінгі орындалатын жаттығуларға «бастама» ретінде қабылданады

Жалпы шыдамдылықты арттыру үшін алғашқы жұмыстарда «желіп» жүгіруді қолданған тиімді. Алғашқы кезде жылдамдықты арттыруға тым көңіл аударудың қажеті жоқ, алдымен жүгіру жүктемесіне қалыптасу қажет, содан соң ғана аздап жылдамдық арттырыла бастайды. Жүгіру жылдамдығын арттыру ағза мүмкіндіктерінің артуымен тікелей байланысты.

Жаттығудың келесі сатысында оның өзі адамның мүмкіндігіне қарай 5-6км. бірқалыпты жылдамдықпен жүгіруді, бір километрді 6,5тен 4,5минут аралығында өту көзделеді.

Жаттығу сапасы артуы үшін төмендегідей бірнеше шарттарды орындау ұсынылады:

  1. Жоспарланған жаттығу жүктемесін орындауға (қарқын емес) 5-6 апта қажет болады;
  2. Сабақ жиілігі аптасына 4-5рет;
  3. Жаттығу қарқыны алғашқы апталарда 130-150мин.рет.

Одан кейін әрбірі өзінің жеке тамыр соғу жиілігін анықтайды (Купер бойынша). Ол ер адамдар үшін (205тен – ½ жасы), әйел адамдар үшін (220-толық жасы) соңынан 80% барлық қосындыдан алынған мөлшері табылады. Осы алынған тамыр соғысы жиілігін аптасына 3 рет, 20-30минут аралығында ұстап жаттығу тапсырылады.

Жалпы шыдамдылықты арттыруға арналып алынған жаттығулар түрлері негізінен адамның жүрек-тамыр, тыныс алу жүйесінің аэробты және анаэробты жағдайда жұмыс орындай алуына бағытталған болуы қажет.

Жалпы шыдамдылықты арттыруға арналған жаттығулар түрлеріне көп жағдайларда циклдік түрдегі жаттығулар алынады, ол үшін төмендегідей талаптар қойылады:

жаттығу кезінде дененің ең үлкен бұлшық еттерінің барлығы жұмысқа тартылуы;

жұмысты орындау уақытының ұзақ болуы;

жаттығуды орындау қарқыны аэробты жағдайдан аспауы қажет.

Жалпы шыдамдықты арттыру мақсаттары:

— организмнің ең көп оттегін қабылдай алу мүмкіндігін арттыру арқылы аэробты мүмкіндікті жетілдіру;

— жұмыс жасау қарқынын ұзақ уақыт бойы аэробты жағдайда орындай білу;

— тыныс алу, жүрек-қан жүйесінің үйлесімді түрде жұмысқа араласуын қамтамасыз ету.

Арнайы шыдамдылықты арттыру негізінен организмнің анаэробты жағдайда жұмыс істей алу қаблетін арттыруды көздейді ол жағдайда денеге сүт қышқылы т.б. зат алмасу ыдырау өнімдері жинақталып қалуымен ерекшеленеді.

Егерде жұмыс аэробты жағдайда орындалса онда ыдырау процесі көмірқышқыл газы және судың шығуымен ерекшеленеді, ал анаэробты жағдайда сүт қышқылы жинақталады. Сүт қышқылы жинақталуы бүлшық еттерде жүреді оның қалыпты жағдайдағы қандағы мөлшері 0,33-0,78 ммоль/л.

Жоғары қарқында орындалатын дене жаттығулары 90-95% оттегі жетіспеушілік жағдайында өтсе, онда қан құрамы қышқылданып бұлшық етке көп мөлшерде сүт қышқылы жинақталады.

Оттегінің жетіспеушілігі 20ммоль.литр болған кезден бастап (спортшының шеберлігіне байланысты) спортшы жұмыс атқаруы төмендей бастайды, тіпті жаттығуды тоқтату жағдайына әкеледі.

Шыдамдылықты жаттықтыруға бірқалыпты, үзілісті, интервалды, ойын әдістемелері алынады. Әрбір әдістеме түрі шыдамдылықтың әртүрлі жақтарын жетілдіруге қолайлы болып келеді. Сондықтан жаттығу көлемін, қарқынын, түрін таңдап алу арқылы олардың денеге физиологиялық әсері реттеледі.

Жаттығуларды музыкамен орындаған екі есе әсер мен кремет көңіл-күй сыйлайды.

Секіру мақсаты:

а) шығармашылықты көлденеңінен лақтырып, екі қолмен қағып алуға және жүгіріп келіп бір аяқпен серпіліп ұзындыққа секіруге үйрету.

ә) батылдыққа, ептілікке, мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

б) секіру арқылы қимыл-қозғалысын жетілдіру.

 

3.4. Шыдамдылыққа тәрбиелеу жұмыстарын бақылау және есепке алу.

 

Шыдамдылық қасиетті арттыру мақсатында ұйымдастырылатын жаттығу жұмыстары жүйелілікті қажет етеді. Жаттығу жұмыстарын ретсіз жүргізу, адамға берілетін жүктемелерді есепке алмау адам организіміне кері әсер етіп, денсаулықты бұзуға дейін апаруы ықтимал.

Жаттығудың бастапқы кезеңінде шыдамдылық қаблетті арттыруға қажетті дайындық есебінде тыныс алу, жүрек-қан, сүйек-бұлшық ет жүйелерінің жұмысын жалпы жетілдіруге көңіл бөлінеді. Бұл тапсырмаларды орындау қарапайым болып көрінгенімен оны іске асыру кезінде арнайы жаттығулар мен әдістемелерді таңдап алу қажет.

Жаттығудың екінші кезеңінде қолданылатын жүктемелер түрлерінде аэробты және анаэробты жағдайларда жұмыс жасату мақсатында шыдамдылықты қажет ететін ұзақ қашықтыққа бірдей жылдамдықпен жүгіру, кросс және айналмалы әдістемелерді қолдану арқылы жаттығуларды орындатуды көбірек пайдаланады.

Жаттығудың үшінші кезеңінде маманданған спорт түріне қажетті шыдамдылықты арттыру мақсатында жаттығу сабақтарында үзілісті және қайталамалы әдістемелерді қолдану арқылы организмнің аэробты және анаэробты жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндігін арттыруға арналған жүктемелер беріледі, берілген жаттығулар түрлері маманданған спорт түріне қажетті арнайы шыдамдылықты жетілдіруге бағытталады.

Шыдымдылық дене қасиеті ретінде екі түрде анықталады:

— жұмысты шаршамай бір қалыппен ұзақ орындау мүмкіндігімен;

— шаршау жағдайында жұмысты орындау жылдамдығының азайуымен.

Дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесінде шыдамдылық спортшының шаршауға қарсы тұра білу мүмкіндігімен анықталады делінген.

Шыдамдылық қасиет барлық спорт түріне қажет.

Бір спорт түрлерінде уақыт көрсеткіші бойынша (орташа және қашықтыққа жүгіру, спорттық жүріс), бірінде қозғалысты таза дұрыс орындап шығу (гимнастика т.б.), енді бірінде үлкен жаттығу жүктемелерін орындай білу, жаттығу арасында жылдам қалыпқа келу түрлерінде көрніс табады.

Тәжрибеде шыдамдылық түрлері жалпы және арнайы деп бөлінеді.

Жалпы шыдамдылық. Жалпы шыдамдылық деп адам организімінің барлық мүмкіндіктерінің берілген жүктемені орташа қарқынмен ұзақ уақыт бірқалыпты жұмыс істей алуы жағдайын айтады.

Спорттық теория жағынан жалпы шыдамдылық деп берілген жүктемені орташа қарқынмен барлық дене күш қайратын салып ұзақ уақыт орындай алу мүмкіндігін айтады. Мысалы 5000 және 10000метрге жүгіруде жалпы шыдамдылық 85-100% арқасында спорттық нәтиже анықталады.

Шыдамдылық мүмкіндігі мен дамуы төмендегідей жағдайлар арқылы анықталады:

адам организімінің тыныс алу мүмкіндігімен;

жүгіру техникасын меңгеру сапасымен;

күш, жігердің даму сапасымен.

Шыдамдылық қаблеттің негізі болып организмнің аэробты мүмкіндігі саналады. Шыдамдалықтың көрсеткіші болып өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС) — өкпенің оттегін максималды қабылдау мүмкіндігі алынады ол, л/мин есептеледі.

Адамның 1минут ішінде ең көп оттегін қолдана білуі оның дене қуатын шығара білу мүмкіндігі деп саналады.

Ер адамдар үшін (ӨТС) (20-29жас) 44 л/мин.қалыпты жағдай болса, әйелдер үшін 36л/мин.

(ӨТС) — бұл оттегін бір мину ішінде ең көп қабылдау жүрек-тамыр және тыныс алу көрсеткіштері арқылы анықталады:

  1. Жүректің минуттық қан айдау мүмкіндігі (ЖММ) бір минутта үлкен қан айналымына шыққан қан көлемімен пара пар ол тыныштық кезінде мөлшермен 4-5 л/мин. тең. Адамның үлен жаттығу жүктемелерін атқару кезінде бұлшық еттерге оттегін жеткізу 6 есеге дейін артып (ЖММ) 20-30л/мин. дейін артады.
  2. Жүрек соғысы көлемі (ЖСК), денеге айдалған барлық қанның әрбір жүрек соғысы кезіндегі шығарылған қанның қосындысына тең, ол дененің тыныштық қалпында 40-60мл. мөлшерінде болса, ал жүктеме түскен жағдайда 200мл.дейін артады.

Жүрек соғысы жиілігі (ЖСЖ) минутына 130рет болған жағдайда, егер ұзақтығы 10 минуттық жеңіл жүктеме орындалғанда жүректің минуттық қан айдау мүмкіндігі (ЖҚАМ)

артуы денедегі артық сақталған қанды қолдану арқылы артады. Ары қарай жүктеменің артуы салдарынан болған қан айналымының артуы, жүрек соғысы жиілігінің артуымен қамтамасыз етіледі.

  1. Әйел адамдардың қалыпты жағдайдағы өкпе сиымдылығы (ӨТС) 2,5-4литрге дейін болса, ер адамдардың (ӨТС) 3,5-5литр аралығында, ал көп шыдамдылықты қажет ететін спорт түрлеріндегі спортшылардың (ӨТС) 5-8 литрге дейін артады.
  2. Өкпенің максималды ауаны алмастыру мүмкіндігі (ӨААМ) 1минут арасындағы барлық алмастырған ауа көлемімен анықталады, ол 20-30 жастағы ер адамдар үшін 100-180л.мин., ал үлкен жүктемелер орындау кезінде 350л.мин. дейін артады. Әйел адамдарда орташа көрсеткіш 70-120л.мин., болса жүктеме орындау кезінде 250л.мин. дейін артуы ықтимал.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларды қорытындылай келе адамның жалпы шыдамдылығы организмнің оның ішінде жүрек-қан, тыныс алу жүйелерінің және спортшының өзіне қажетті қозғалыс түрлерін үнемді пайдалану, сонымен қатар жүктемелерді орындағаннан соңғы пайда болатын шаршау түрлеріне қарсы түра білу мүмкіндігімен анықталады.

Жалпы шыдамдылықты арттыру әдістемесі

Жалпы шыдамдылықты арттыру жұмыстарын таңертеңгі бой жазу жаттығулары кезінде бастаған орынды. Осы кезден бастап жаттығу жұмыстарына шыдамдылық қаблетті арттыруға арналған жүктемелерді енгізу кейінгі орындалатын жаттығуларға «бастама» ретінде қабылданады

Тренажерлер мен техникалық қүралдар спортшылардьщ іоншіыс давдыларын барынша жетілдіре отырып, жаттығудың үзақтығы мен белсенділігін көбейтеді.

Тренажерлер ғылыми-техникалық просрестің төлбасы десе де болады. Алайда археологиялық және этнофафиялық зерттеулер мұндай түсініктің қате екенін дәлелдеді.

Тренажерлерді адамдар көне тас ғасырынан бастап, яғни өмір сүру үшін тәрбиелеу мен үйрету проблемасы туындаған шақтан пайдалана бастаған.

Бірқатар үңгірлерден: Тюк д’ Одубор, Монстеспак, Нио, үш ағайынды Коланбер, Фон-де-Гом, Леско, Абри- Меж (Франция), Альтамира, Кастильо, Истюриц және басқаларында (Испания) — лақтыратын қүралдармен үрыл- ған соққылардың ізі бар аюлардың, арыстандардың, аггар- дың тағы басқа андардың бейнелері мен мүсіндері (скульп­тура) табылған.

Енисейдегі көне тас ғасырының қазбаларынан табылған заттар алғашқы адамдардың аңшы болғанын дәлелдейді. Өйткені зубрдың сынған жауырынынан шаншылып түрған найзаның мүйізді үшы табылған. Карелия петроглифтері садақ оғымен, найзамен, қысқа сапты қарумен зақым- далған жануарлар бейнелеріне оте бай. Мысалы, Сібірдің кейбір халықтары (якуггар, лопарлар, чукчалар, товгейлер, т. б.) жануарлар бейнесіне садақтан оқ атып үйренген. Томенгі деңгейде дамыған халықтардың қүмнан жасалған бейнелерінен зақымдалған орындар, сондай-ақ андар мен қүстардың түлыптарынан атылған оқ іздері коптеп кездескен.

Кастильо үңгірінен көрерменге сол бүйірімен қарап түрган жартасқа салынған піл бейнесі табылған. Мүнда жүректің суреті бейнеленген, яғни хайуанньщ неғүрлым жанды жерлері корсетілген.

Нио үңгірінен садақ оғымен зақымдалған жыланның қабырғаға салынған суреті табылған.

Зерттеулер адамдардың жаттығу мақсатында бейнелерді қолданғанын дәлелдейді.

Үңгірлерді “көне адамдардың тренаж орталығы болған” ден үйгарым жасауға болады. Онда ауа райының қолайсыз жагдайларынан жасырынып, үзақ уақыт бойы аңшыға кажетті одістерді үйренген, қиыншылықтарға қарсы түра білудіц жолдарын меңгерген. Жүрекке дәл тигізе білу спОлқтарынан қимыл дәлдігі бағаланса, жартастағы ойық- і;і|)ді.іц колсмінен олардың күшін анықтауға болады.

Спорттық қозғалыстар техникасын меңгеру шүғыл- данушылардың дене даярлығы мен дене қабілеті жоғары болған сайын, соғүрлым табыстырақ журеді.

Дене шынықтыру даярлығы мен дене қабілетін дамыту- дың тиісті деңгейіне жету үшін тренажерлерді кеңінен пайдаланады. Өйткені тренажердегі жаттығулар организмнің қозғалыс қызметіне көп озгерістер туғызады.

Ойыншылардың дене даярлығын ойдағыдай жетілдіру үшін, олардың қарсыласының орнына салмағы жағынан жақындатылған буындарының динамикалық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін және динамикалық тепе-тендікті жылдам қалпына келтіруге жағдай жасайтын снарядтар пайдаланады.

Қолдағы бар материалдарды пайдаланып, ашық жерге тренажер қалашығын жасайды. Сондай-ақ күрделі емес тренажерлер мен техникалық қүралдар әр түрлі, олардың қүрылмалары бір-бірімен өзара байланысты әрі бір-бірінің қызметтерін өзара толықтырады.

Үсынылған тренажерлерді пайдалану.

Эластикалық үлкен көлемді дөңгелекқаптан (покрыш- кадан) жасалған салмақты жүк элеменггерін пайдалану дәл осындай салмақтағы металл жүктермен салыстыр- ғанда тиімді. Олар денеге қүлаған кезде елеулі жарақат жасамайды, оның үстіне, жерге бүлайша қүлау — жүмыс істеушілер мен айналадагы адамдарға кедергі кел- тіретіндей қатты дыбыс, шу шығармайды.

Жалпы шыдамдылықты арттыру үшін алғашқы жұмыстарда «желіп» жүгіруді қолданған тиімді. Алғашқы кезде жылдамдықты арттыруға тым көңіл аударудың қажеті жоқ, алдымен жүгіру жүктемесіне қалыптасу қажет, содан соң ғана аздап жылдамдық арттырыла бастайды. Жүгіру жылдамдығын арттыру ағза мүмкіндіктерінің артуымен тікелей байланысты.

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Адам денсаулығы, ең алдымен, өмір сүрудің өзіндік жолына тәуелді. Ол тарихи, ұлттық дәстүрлермен (діл) және жеке бас бейімділігімен (кейіпкер) анықталады.

Этнокомпонент салауатты өмір салтында балалардың ақыл-ойын, сезімін және әрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында барынша толық айтылады, СӨС-тың негізі салауаттану ғылымы болып табылады. Салауатгы өмір салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді.

СӨС қалыптастырудың негізіне биологиялық та, әлеуметтік те ұстанымдар орныққан. Биологиялық ұстанымдарға: балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы, бірізділігі және т.б. жатады.

СӨС әлеуметтік ұстанымдарына: эстетикалығы, адамгершілігі, ерікті тәрбиелей білуі, өзін-өзі шектей білуі (нәпсі тыюы) және т.б. жатады. СӨС ұғымы қазіргі заманда мыналарды қамтиды:

—  жеке бас гигиенасы;

— дене шынықтыру;

—  тиімді тамақтану;

— оңтайлы қимыл тәртібі;

—  зиянды дағдылар мен құмарлықтан (темекі тарту, алкоголь, есірткі заттарын қолдану, т.б.) бас тарту;

— жағымды эмоциялар.

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.

Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз – тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.

 Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамиың психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады.

 Адлмдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән калыптасқан өмір салтымсн тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты «салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы болады:

 1) Салауатты өмір сүру деңгейі:

 2) салауатты өмір сүрудің сапасы;

 3) салауатты өмір сүрудің стилі.

 Салауатты өмір суру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығмен қамтамасыз етілуі.

 Салауатты өмір сүрудін сапасы дсгеніміз – әлеуметтік категория – үй-іші кызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығыы қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.

 Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз – әлеуметтік-психоло-гиялық категория — адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап және көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүру».

 Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы жөне жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты болады. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды, дәстүрлср арқылы қалыптасады. Сондай-ақ түлғаның бейімділігіне байланысты болады.

 Адамның жүріс-тұрысы оның тіршілікке қажетті заттарын пайдалануға қарай дамиды. Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді. Белгілі бір ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелсрімен бірге өсіп, біте қайнасып кетеді Адам бір-біріне көмекке келеді. Адамның басына түскен ауыр жағдайлармен беліседі. Адамның жүріс-тұрысы біркелкі емес. Ол тәрбиеге байланысты болады. Тәрбиелі үйлердің балалары сүйкімді тәртіпті келеді. Үлкенді аға, кішіні іні деп ерекше көзге түсіп тұрады. Жақсы тәрбие көрген балаларды педагогтар бірден тани кетеді. Ал тәрбиені аз көрген балаларды бірден ажыратуға болады. Тәжірибелі мұғалім, адам оларды бірден байқап отырады. Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмір сүрудің салтының символы деп есептеуге болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп егде адамдар өзінің ұрпақтарына үйретіп отырады. өмір сүру салты мен денсаулықтың ара-қатынасына- салауатты өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептелінеді. Салауатты өмір сүру салты адамның профессионалды іс-әрекетінің, қоғамдық қызметімсн күндслікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады. Бұлар денсаулықтың қалыптасуына және оның сақталуына, мықты болып бекінуіне жәрдемдессді. Осыдан келіп қоғамдық денсаулық қалыптасады. Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының әлсіздігі. Сондықтан да балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сактай білуге тәрбиелеудің қажеттілігі туындайды. «Баланы жастан…» тәрбиелеу керек дейді қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен-өзі белгілі. Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптсады.

 Жер шары халықтарына әлеумсттік-гигиеналық зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған орсан көп құжаттарды талдай келіп, дуниежүзілік дснсаулық сақтау ұйымы (ДДСУ), (ВОЗ). Мына төмендегідей тұжырым жасады. «Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49-53% адамдардың салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. Бір сөзбен айтқанда адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, ал 17-20% әлемдік экологиялық факторларға байланысты, әдетге әлемдік экологиялық фактор үнемі өзгеріп отыратын табиғи қүбылыс, оны мөлшердең тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік фактор). Әсіресс, тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиги экологаяны үнемі бұзып жіберіп отырады. Ал 18-22% тұқым қуалайтын ссбептерге байланысты (оны генетиптік себеп деп ғалымдар есептейді), 8-10% денсаулық сақтау орындарының қызмет істеуіне байланысты деп қорытынды жасалған.

 Қорыта айтқанда, салауатты өмір сүру салты көп факторларға (экономикалық, әлеуметтік, адамның жеке басының тәрбиесі мен біліміне) байланысты екені толығымен анықталды.

 Салауатты өмір сүру салтының негізі биологиялық және әлеуметтік принциптері.

  1. Биологиялық принциптерге жататындар:

 а) салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшелігі;

 б) салауатты өмір сүру салты энергетикалық принциптері;

 в) салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке;

 г) салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістер;

 д) салауатты өмір сүру сатгы денсаулықты арттыруға байланысты болу керек.

  1. Әлеуметтік принциптерге жататындар:

 а) салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызмет;

 ә) санауатты өмір сүрудің рухани түрде жеткіліктілігі;

 б) салауатты өмір сүру салты еріктігін дамыту;

 в) салауатты өмір сүруде адамның «үшінші жағдайда» болмауын қамтамасыз сту;

 г) өзін-өзі тежеуіне байланысты болуы.

 Осы жоғарыда көрсетілген принциптерді іске асыру оңай шаруа емес. Өйткені, бұл принциптер бір-біріне қарама-қарсы келеді. Әрқашанда көңіддегідей болып шықпайды. Жақсы нәтиже бермейді. Жасыратыны жоқ, біздің егеменді елімізде денсаулық сақтау мәселссіне айтарлықтай коңіл бөлініп отырған жоқ. Халықты неше түрлі аурулар меңдеп кетті. Кейінгі жылдары жан-дүниелі дерттер адамдар арасына көптеп тарап кеткен. Қантты диабет ауруы екі адамның бірінен кездесе береді. Әрбір мың бала туса, олардың 40-ы кемтар болып туатынын медикгер айтып жүр. Оған бір мысал.

Валеология (лат. valeo – сау болу, грек. logos – ілім) – адам денсаулығы туралы ғылым. Негізгі мақсаты – әр адамды денсаулығын күтуге үйрету, оның сана-сезімін оятып, мед., гигиеналық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын дағдылы әдетке айналдыру. Валеология медицина, биология, педагогика, психология, экология, акмеология, философия, экономика, т.б. ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.

«Валеология» терминін алғаш рет ғылымға 1998-жылы Ресей ғалымы И.И.Брехман енгізген. В. 20 ғ-дың аяғында пайда болған жаңа ғылым саласы болғанымен, түпкі тамырын ежелгі медицинадан алады. Ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Синаның (Авиценнаның) «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген еңбегіндегі ең негізгі насихаты – денсаулықты күні бұрын сақтау. Бұл үшін ибн Синаның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау.

Алғашқы кезде медицина ғылымы өзінің басты міндеті – денсаулықты сақтау, нығайту деп қараған, ал ауруды емдеуді қосалқы жұмыс ретінде санаған. Бірақ көп ғасырлық даму барысында медицина ғылымы ауру адамды емдейтін ғылымға айналып, сау адамның денсаулығын қорғау мәселесінен алшақтап кетті.

Осыған орай Валеология ғылымының негізгі міндеті – адам денсаулығын, оның сапалық және сандық көрсеткіштерін алдын ала сақтандыру әрекеттерін жүргізу арқылы қалыпты деңгейге жеткізу болып қалды. Адам денсаулығының 49–53%-ы өмір сүру салтына, 18–22%-ы тұқым қуалайтын қасиетіне, 15–20%-ы сыртқы ортаға, тек 8–10%-ы ғана медицина жүйесінің қызметіне байланысты.

 

 

 

 

  1. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

  1. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.
  2. «Қазақстан – 2030» стратегиясы

3.«Қазақстан мектебі» журналы, №4, 2006ж.

4 Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2) -Б.262-264.

  1. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. — Алматы: Санат, 2000ж.

6.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030», Ел  Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан., Алматы. 2012ж.

  1. Антропова М.В. Оқушылар күн тәртібі, денсаулық және еңбек қаблеттілігі.-М.: Педагогика, 1984

8.Дене тәрбиесі. Әдістемелік құрал Г.Маковецкая, Т.Васильченко, О.Меркель.Алматы кітап 2009ж.

9.Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде “Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1.

10.Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.

11.Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері». Алматы, «Кітап», 2001.

  1. Дене тәрбиесі оқушы жастарды сауықтыру үшін тренажерлерді пайдалану (дидактикалық материалдар) 9 сынып. С.И. Қасымбекова В.Г.Герасименко. Алматы «Мектеп» 2005ж.
  2. Ю.Телеуғалиев. Ырғақты гимнастика. Оқу-әдістемелік құрал. «Жазушы» Алматы. 2006ж. 10 сынып.
  3. Ю.Телеуғалиев. Дене тәрбиесі. Оқу-әдістемелік құрал. «Жазушы» Алматы. 2006ж. 10 сынып.
  4. Мектептегі дене шынықтыру. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Алматы қаласы. 2004 жылдан 2 айда 1рет шығады, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013ж.
  5. Балалар бақшасындағы дене шынықтыру Т.И. Осокина Алматы «Мектеп» 1982.
  6. Дене тәрбиесінің негіздері Еркін Уақбаев. Алматы «Санат» 2000.
  7. Т.Баимбетов. Дене шынықтыру сабақтарындағы жалпыдамытушы жаттығулар және терминология . Әдістемелік құрал. Алматы. «Қазақ университеті» 2006ж
  8. Дене тәрбиесі сабағында қолданылатын қысқаша терминдік сөздер. Әдістемелік нұсқау. Тараз 2001.Құрастырғандар: Е.Ш. Шоңов, Н.О. Байзакова, Қ.Ж. Омаров, А.Ж..Жұмабеков.
  9. Жекенов П.С. Президенттік сынамалар: Дене шынықтыру дайындағы ҚР тұрғандары денсаулығының негізі. Тараз. ТарМУ. 2001
  10. Р.Р.Аманбаев. Спорт теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері.(оқу құралы) Алматы 2006 ҚС ж ТА.
  11. Тәникеев М, Асарбаев А. Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорт тарихы. Оқу құралы. Алматы. 2002.
  12. М.Н. Кошаев. Дене тәрбиесінің әлеуметтік- экономикалық тиімділігін Алматы 2002
  13. С.Ш. Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі (оқу құралы) Алматы «Дарын» 2004.
  14. Е.Қ. Уанбаев, Ф.Ж. Уанбаева Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. Өскемен. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы. 2006
  15. Қ. Мұстафина, З.Қ. Дунаева. Дәрігерлік-ұстаздық бақылау. Әдістемелік-нұсқау. Алматы. ҚДТМИ 1994
  16. А.Қ. Мазов. Салауатты өмір тіршілігін және шынығу. (оқу әдістемелік құрал). Тараз. 2002. ТарМУ.
  17. А.Алдашев Дұрыс тамақтана білесіз бе «Қазақстан» баспасы Алматы 1979.
  18. Т.Мустафина Спорттық медицина. Алматы 1997.
  19. Ұ.Мұхамеджанова. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. Оқу құралы. «Фолиант» Астана. 2007ж.
  20. Ұ.Мұхамеджанова. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. Оқу құралы. «Фолиант» Астана. 2011ж. (2 басылым).
  21. Ю.Ф.Курамшина. Теория и методика физической культуры. «Советский спорт» М. 2004.
  22. Ю.Д.Железняк.,П.К.Петров. Основы научно-методической деятельности в физической культуре и спорте. «Академия». Москва. 2002.
  23. Теория и методика физического воспитания. А.Д. Новиков, Л.П. Матвеев. М.ФиС. 1976.
  24. Теория и методика физического воспитания. Б.А. Ашмарин, М.Ппросвещение. 1983.
  25. Раевский Р.Т. Профессионально-прикладная физическая подготовка студентов вузов. М. Высшая школа 1985.
  26. Матвеева Л.П. Основы спортивной тренеровки М. ФиС, 1977.
  27. Филин В.П. Фомин Н.А. Основы юношеского спорта М. ФиС 1980.
  28. Панаев В.Г. Физическая культура и спорт на производстве. М, Знание 1985.
  29. Иванов В.В. Комплексный контроль в подготовке спортсменов М. ФиС 1987.
  30. Белинович В.В. Обучение в физическом воспитании М. ФиС 1985.
  31. М.М. Бака Готов к защите родины. Москва «ФиС» 1986.
  32. Ю.И. Евсеев. Физическая культура. Ростов-на-Дону. «Феникс». 2004.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

Шынығудың да амалы бар

 

Спорт – игілікті іс. Спортта мінез-құлық қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар-ұятқа тиетін іс жасамайды. Жастайынан спортпен айналысқандар бүкіл ғұмыр бойы табысқа жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжірибемнен білемін.

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Дені сау ұрпақ тәрбиелеу – за­ман талабы. Оның басты кепілі – спорт. Денсаулықты бала кезден күтуді үйрену керек. Спорттың бала­ның ақыл-ойының жақсы дамуы мен денсаулығының мықты бо­луы­на көмегі көп, ол дене мү­шесінің дұрыс жетілуіне септігін тигізеді. Осы мәселені зерттеген америкалық дәрігерлер спортпен айналыспайтын ұл-қыздардың бойынан біраз ауруды тапқан.

Әсіресе, жүрек-қан тамыры ауру­лары жиі кездесетіні байқалған. Тіптен ересектерде кездесетін атеросклероз және инфаркт мио­карда, артық салмақ (қант диа­беті), сколиоз және т.б. аурулар 5-8 жастағыларда да кездескен. Зерттеу нәтижесінде спортпен күнделікті шұғылданып, салауатты өмір салтына бейімделген бала­ларда бұл дерттер кездеспейтіні байқалған. Денсаулығы мықты ұл-қыздардың ойлау қабілеттері жоғары болатындығы да дәлел­денген.

Баланы жөргегінен бастап дене шынықтыруды үйрету қажет. Дәрігерлердің пікірінше 3-4 жас­тан бастап, балаға суға жүзу мен гимнастикаға бейімдеуді үйрету, баланың қимыл мүшелерінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік жа­сайды. Спорт үйірмелеріне қа­тысу үшін ата-ана баланың қа­білеті мен денсаулығына және ике­мі мен бейіміне қарап, дәрігер­дің ақыл-кеңесіне жүгінуі керек. Өйт­кені мұның арғы жағында те­рең мән бар.

«Шынықсаң – шымыр бо­лар­сың» демекші, әрбір ата-ана баласының денсаулығының жақ­сы болып, ауырмағанын қалайды. Ба­ланың қандай спорт түрімен айна­лысуы да өте маңызды. Көптеген ата-ана баласын өзін-өзі қорғау мақсатында жекпе-жек, күрес, бокс сияқты үйірмелерге апарады. Бұл кей жағдайда бала ағзасына күш түсіреді. Мұны әрбір ата-ана ескеруі керек. «Бала жас шамасы­на қарай спорттың қай түрімен айналыс­қа­ны дұрыс?» деген сұ­раққа ке­летін болсақ, баланы үйірмеге жасына қарай беру керек. Айталық, 7 жастан бастап суда жүзу, мә­нер­леп сырғанау, теннис, 10-12 жас­тан бастап бокспен шұ­ғылдануға рұқсат етеді. Бұл спорт түрлері баланың тірек қи­мылдары мен қозғалыс мүшелерін шынық­ты­рады. Егер сіз баланы кішкене кезінен жекпе-жекке бер­гіңіз келсе, онда 4 жастан бас­тап; у-шу, айкидо, сумоға, 5 жаста дзюдо және каратэге рұқсат еті­леді.

Шығыс жекпе-жегі айкидо ба­ланың дене бітімін қалып­тас­тырып, күнделікті өмірде үйлесім­ді қарым-қатынас жасауға кө­мек­теседі. Ол жұқпалы ауруларға қар­сы тұруға септігін тигізеді. Өйткені жаттығу сабағы жалаң аяқ жүргізілгендіктен бала шы­нығады. Сонымен қатар аяқтары түрлі биологиялық нүкте арқылы уқалау баланың денсаулығына ықпалын тигізеді. Сонымен қоса, айкидо дұрыс жығылуды үйретіп, әртүрлі жарақаттан да сақтайды.

Каратэ – күш, үйлестік, ыр­ғақ, жылдамдықты үйретіп, ба­ланы шыдамдылыққа, жинақ­ы­лыққа баулиды. Өздігінен шешім қабылдауға да көмектеседі.

Балаға суда жүзудің тигізер пай­дасы да орасан. Жүзу адамның бұл­шық ет жүйесін, буын қи­мылын, қозғалыс нүктелерін же­тіл­діреді. Жүйке жүйесін нығай­тып, зат алмасуын, тыныс алу жә­­­­­­­не жүрек-қан тамыр жүйелері­нің жұ­мысын жақсартады. Жү­зудің сауықтыру, спорттық және қосал­қы түрі де бар. Суға жүзумен үз­бей, жүйелі түрде шұғылдану ағ­заны шынықтырып, оның фи­зио­логиялық жетілуіне мүмкіндік жасайды. Балаларға спорттық жүзумен 7 жастан бастап шұғыл­дануға, 9 жастан жарыстарға қа­ты­суына рұқсат етіледі. Ор­талық жүйке-жүйелері, тірек-қозғалыс мүшелері зақымдан­ғанда, ауруға шалдыққанда, зат алмасу мү­ше­лері, қан айналымы жақсарып, сауы­ғуға көмектеседі. Суда жүзу – ден­саулық үшін пайдалы. Бас­сейн­дерде жүзумен ұдайы шұғыл­данғандар суыққа, ауа райының басқа да құбылысына төзімді келеді. Сондай-ақ ско­лиоз, алыс­тан көрмеу, қант диа­беті, семіздік, гастрит, брон­хиа­нал­ды астманың жеңіл түрі сияқ­ты көптеген ауру­ларға әсері бар.

Жүрек-қан тамырлары мен ты­ныс алу жолдарына пайдалысы – тау шаңғы. Ол адамды шап­шаң­дыққа, төзімділікке дағдылан­дырады. Шаңғы төзімділік пен жұмысқа қабілеттілікті үйретеді. Сколиоз және майтабаны бар балаларға өте пайдалы. Түрлі жұқпалы ауруларға да ем.

Атқа мініп серуендеу де бала денсаулығы үшін таптырмайтын ем. Атқа салт мініп жүру аяқ, бұл­шық етін қатайтып, іш, қол, арқа барлық дене мүшені шынық­тырады, жүрек-қан тамырларын жақсартады.

Балалардың денсаулығына командалық ойындар – футбол, волейбол, баскетбол, хоккей, су добының да алар орны бөлек. Бұлар балаларды бірлікке тәр­биелеп, күш-қуатты, төзімділікті дамытады, тапқырлыққа баулиды. Сонымен бірге жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелеріне жақсы әсер етеді. Ойындар командалық болғандықтан, баланың өзіне деген сенімі жоғары болуына, ортамен араласуына және көпшіл болуға тәрбиелейді. Ауылдық жерлерде бассейннің жоқ болуына байланысты көбіне балалар футбол, баскетбол, волейболға қатысады. Бұндай спорттық ойындар балалардың топ болып жұмыстануға, ұйымшылдыққа, топтағы басқа ойыншылардың әрекетін қадағалауға үйренеді.

Ақыл-ой мен шығармашылық­тың негізін қалайтын шахмат ойыны­­ның да берері көп. Ол ба­ланың ойлау жүйесін, зейінділікті дамы­тады, алуан тәсілдерді жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске деген ерік-жігерді және басқа мо­ральдық қасиеттерді тәрбиелеуге жәрдемдеседі. Шах­мат ойыны адам мінезін қалып­тастыруда, ақыл-ой қабілетін дамытуда маңызды. Балалардың шахматқа деген құштарлығын 4-5 жастан қолға алған ата-ана оның парасат­ты азамат болып өсуіне ықпал етеді.

Қорыта келгенде, спорттық үйірмелерді таңдауда ата-ана баласымен келісіп, қабілетіне, ике­мі­не қарай қатыстырғаны абзал. Себебі баланың өзі қаламаған спорт түріне ықтиярсыз қатыс­тыру нәтиже бермейтіні анық.

 

 

 

Қосымша

 

Ер адам өзінің салыстырмалы салмағын білуі керек.

 

Бойы

Салмағы

Салмақтың

ауытқуы

Семіргендегі

салмақ

150см

50кг

45-56кг

68кг

152

51

46-58

69

154

52

47-59

71

156

54

49-61

73

158

55

50-62

75

160

56

51-64

77

162

58

52-66

79

164

59

54-67

81

166

61

55-69

83

168

62

56-71

85

170

64

58-74

87

172

65

61-76

89

174

67

62-77

91

176

68

63-79

93

178

70

65-81

95

180

71

66-83

97

182

73

68-85

99

184

75

69-86

102

186

76

70-89

104

 

Әйел адам өзінің салыстырмалы салмағын білуі керек.

 

Бойы

Азғын

Қалыпты

Семірген

150

47

52

56

156

49

56

62

160

52

58

65

165

55

62

68

170

58

64

70

175

60

66

72

180

63

69

75

 

Формуласы: ерлер,  Б – ( 100 + (Б — 100) : 20) = С

                        әйелдер,  Б – ( 100 + (Б — 100) : 10)  = С 

Б – адам бойы.  С – адам салмағы.

Мысалы : 175 – ( 100 + (175 — 100) : 20) = 71,25кг.

                 175 – ( 100 + (175 — 100) : 10) = 67,5кг.

 

 

 

Қосымша

 

Шынығушының өзін-өзі бақылау күнделігі.

Күні_____ айы_______ жылы____________

Көрсеткіштер

Орындалуы

Ескерпелер(кемістіктер мен жетістіктер)

Көніл-күй

(жақсы,нашар,ашушаңдық,әлсіздік, босаңдық.)

 

 

Ауруды сесіну

(аяқ,қол бұлшықеттері, бас ауруы, жүрек, бауыр және басқалар.)

 

 

Таңертеңгілік жаттығу

(күнде: арнайы жаттығу, сүртіну, душ, су процедуралары. )

 

 

Тамыр соғысы

(неше рет: жаттығу алдында, жаттығудан кейін.)

 

 

Тәбет

(жақсы, нашар, тәбеті жоқ, тамаққа жеркену, шолдеу.)

 

 

Салмақ

(азаңда тамаққа дейін, жаттығуға дейін және одан кейін.)

 

 

Жаттығу мазмұны

(уақыты:жүру,жүгіру,әртүрлі ойын жалпы және арнайы жаттығу, шынығу және спорт түрі.)

 

 

Дем алыс

(жәй, жиі, демікпе)

 

 

Режімнің бұзылуы

(темекі шегу, арақ ішу, шала ұйқы, әр түрлі іс-шаралар.)

 

 

Ұйқы

(неше сағат: үзілмелі, ұйқысыздық, тың.)

 

 

Ауа райы

(тар ауа, ыстық, суық, жауынды, жылы, қапырық.)

 

 

Жаттығу нәтижесі

(жетістіктерге жету, азу, толу, бір қалыпты.)

 

 

Күделікті аптасына бір рет толтырады.