АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау

 

«Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау»

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3

 

1 СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ СПОРТШЫ ІЗБАСАРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ. 

  9

1.1   Спортшы ізбасарларды дайындау саласындағы қазіргі проблемаларды талдау, спорт мектептерінің  мақсаттары мен міндеттері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

9

1.2 Спортпен шынығудың бала тәрбиесіндегі орны . . . . . . . . . . . . . . . . . .

13

1.3  Дене қабілеттерінің түрлері, дене қимыл-қозғалыстарының даму ерекшеліктері және физиологиялық өсу ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . .

 

16

1.4 Балалардың дене дайындығы дамуының ерекшелігі, оны анықтау жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

 

31

 

2 СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАСТАПҚЫ ДАЙЫНДЫҚ ТОПТАРЫНДА БОЛАШАҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕ БЕЙІМДІЛІКТІ АНЫҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

 

 

37

2.1 Спорт түрлеріне бейімділіктің ғылыми тұрғыдан қарастырылып зерттелуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

37

2.2  Оқу–жаттығу сабақтарын өткізу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

46

2.3  Баланың спортқа бейімділігін  анықтау жолдары. . . . . . . . . . . . . . . .  

61

2.4 Спорттық күреске қажетті арнайы дене дайындығы және жарыс түрлері, спорт  түрлеріне  қабілеттері бойынша ұсыныстар жасау. . . . . .

 

67

 

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

75

ҚОСЫМША.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..

81

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық  басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған.

Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және Халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кезде Республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып саналады.

Болашақ спортшыны қабылдау, оны белгілі бір спорт түріне бейімдеу спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жүзеге асырылады. Бастапқы дайындық топтарындағы жұмыс, спорт түрінің ерекшелігіне байланысты бір жылдан үш жылға дейінгі уақытқа созылады. Осы бастапқы дайындық тобынан бастап спорттық іріктеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Қазіргі спорт мектептеріндегі тәжірибе көрсеткендей бастапқы дайындық тобындағы  болашақ спортшылардың құрамы осы үш жыл ішінде 50-70 пайызға дейін өзгеріске ұшырайтыны белгілі болды.

Осы жағдайды  анықтай келе топтағы жаттығушы балалардың құрамының өзгеруіне  себеп болатын  бірнеше факторлар белгілі болады, оларға:  жергілікті жердегі спорт мектептеріндегі спорт түрлері санының шектеулі болуы; жаттықтырушы мамандардың аз болуы; жаттықтырушы маманның өз спорт түріне іріктеу кезінде өте көп балаларды «жарамсыз» деп тануы; балалардың басқа спорт түрлеріне жиі ауысуы.

Спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар  тек қана  болашақта спорттық көрсеткішке жете алады  деген балаларды іріктеп алып басқа балаларды спорттық мектептен шығаруға мәжбүр, себебі жаттықтырушылардың  еңбектерінің бағалануы бастапқы дайындық тобынан бастап баланың спорттық жарыстарда алған орындарының көрсеткіштеріне байланысты болуы.

Балалардың жиі спорт түрін ауыстыруының немесе спорттан мүлдем кетулерінің тағы бір себебі, қазіргі кездегі  балаларға арналған жарыстардың  үлкендерге арналған тәртіппен өтуі.

Жоғарыда көрсетілген проблемаларды ғылыми түрде зерттеу және спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы жеке бастарының ерекшеліктерін ескеріп, қай спорт түріне бейімі, дарыны бар екендігін анықтау осы жұмыстың өзектілігін анықтайды.

Зерттеу мәселесі: спорт түрлерінің қайсысы болмасын өз қатарларында ең мықты, ең шебер спортшылардың болуын қалайды. Ал болашақта ең үлкен спорттық жарыстарда жеңіске жете алатын ізбасарды іздеу, спорттық мектептердегі бастапқы дайындық тобынан басталады. Осы іріктеу мәселесіне байланысты, оның сапалы болуына арналған ғылыми ізденістер мен жасалған тәжірибелерді шартты түрде төмендегідей бағыттарға бөлуге болады, оларға: акселерациялық өсудің ықпалы; антропометриялық көрсеткіштердің әсері; паспорттық және биологиялық жас әсері; спортқа ерте келу мәселесі; жаттығу жұмыстарын жоспарлау мен жаттығу жүктемелерінің орны; спорттағы қазіргі техника мен технологияны қолдану; допинг мәселесі.

Зерттеу нысаны — спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы балалар.

Зерттеу пәні — спорттық мектептегі оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұны.

Зерттеу мақсаты — спортшы ізбасарлар дайындау мақсатында спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы жұмысты жүргізу әдістемесін өзгерте отырып, балалардың спортқа бейімділігін анықтаудың жаңа жолын ұсыну болып табылады.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарына келген жас балалар өздерінің қай спорт түріне бейімі бар екендігін білмей келеді. Осы жағдайды зерттеу болашақта балалардың спорт түрлеріне бейімділігін ерте кезден анықтауға көмектесіп, жаттықтырушыларға балалардың денсаулығын сақтауларына, спортқа дарынды балаларды ерте кезден анықтауға және отандық спорттың сапалы сатыға көтерілуіне көмектеседі.

Зерттеу міндеттері.

  • Қазақстан спорт мектептеріндегі спортшы ізбасарлар даярлаудағы қазіргі проблемаларды анықтау;
  • спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұны мен міндетін зерттеу;
  • спортшы балалардың дене қабілеттері мен физиологиялық өсу ерекшелігін анықтай отырып спорт түрлеріне балалардың бейімділігін анықтауға жол ашу;
  • болашақ спортшы ізбасарларды үлкен дене–күш жүктемелеріне дайындықтарын арыттыру арқылы спорттық шеберлікке жетудің тиімді жолдарын көрсету;
  • спортшы ізбасарларды іріктеу мақсатында спорт мектептеріндегі оқу- жаттығу бағдарламаларын жетілдіру.

Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмысты орындау барысында мынандай әдістер іске асырылды: ғылыми-зерттеу, педагогикалық әдебиеттерге шолу, анкета-сұхбат жүргізу, тесттік-сынақтар  алу, педагогикалық  тәжірибе жүргізу, статистикалық-математикалық талдау жасау.

Зерттеудің жетекші идеясы. Болашақ спортшының өз мүмкіндігін толық ашуына жағдай жасау, бала денсаулығын сақтау.

Зерттеудің  теориялық мәні:

  • спортқа дарынды балаларды іріктеу, табудың жаңа әдістемесі ұсынылады;
  • оқу-жаттығу сабағын ұйымдастырудың жаңа әдістемесі ұсынылады;
  • баланың қай спорт түріне бейімі бар екендігі туралы ақпарат алу жолдары көрсетіледі;
  • жаттықтырушыларға спорт түрлері арасындағы өзара байланысты күшейту арқылы, баланың спорт түріне бейімділігі арттырылады;
  • спорт мектептерінде қазіргі қабылданған нормативтік ұсыныстарға өзгеріс енгізу ұсынылады;
  • спорттық жарыстарды өткізудің жаңа әдістемесі ұсынылады;
  • бастапқы дайындық топтарындағы спортшы балалардың денсаулығын жетілдіру жолдары ұсынылды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы.

  • спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтауды енгізу теориялық жағынан негізделеді;
  • спорт мектептерінде жасөспірім балалардың жеке басы ерекшеліктерін ескере отырып, бастапқы дайындық кезеңінде денсаулығын нығайтуға және спорт түрлеріне қажетті дене-күш  қабілеттерін арттыру, бірнеше спорт түрлеріне бейімдеу арқылы неғұрлым  баланың өз икемін толық көрсетулеріне мүмкіндік тудырады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: ұсынылған тұжырымдарды спортшы дайындау жұмыстарында басшылыққа алуға болады:

  • спортшы ізбасарларды іріктеуде, мамандандыруда пайдалануға болады;
  • жоғары оқу орындарында маман дайындау ісінде, арнайы курстарда зерттеу нәтижелерін пайдалануға ұсынамыз;
  • жылдық цикл кезеңінде жас балуандардың дайындық деңгейін тестілеу-бағалау;
  • жылдық цикл кезеңінде жас балуандардың жаттығу үрдістерін реттеу, ұйымдастыру;
  • балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері үшін оқу-жаттығу бағдарламалар жасау;
  • спорт мектептері үшін әдістемелік нұсқаулар жазу.

Қорғауға ұсынылған қағидалар

  1. Спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу жұмысының мазмұны.
  2. Спортқа дарынды балаларды іріктеу және мамандандырудың жаңа жолы.
  3. Бастапқы дайындық топтарында өткізілетін жарыстардың мазмұны.
  4. Жас балуандардың арнайы дене-күш дайындығы мен жалпы дайындығы мазмұны.
  5. Педагогикалық сынақ-тестілердің әдістемелік және экспериментальдық  түрлері, бақылау нормативтерін қолданудың тиімділігі.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Әлемдік спорттық көрсеткіштердің өсуін зерттей отырып, Егеменді Қазақстанның қазіргі жағдайында спорттық жетістіктерге жетуді ғылыми негіздемелі зерттелуге бағытталған жұмыстарды саралай отырып, балалар спорты оның ішінде спортқа дарынды балаларды табу, іріктеуге арналған отандық және шет елдік зерттеушілердің оның ішінде Б.Қ. Қаражанов [1],  Е.А. Алимханов [2],  Д.Б. Тұрлыхановтың [3], Х.М. Юсупов, Г.А. Шориннің [4], Т.Х. Сиккуттың [5], Т.М. Мелихова [6], О.П. Юшков [7], Ю.Г. Коджаспиров [8], К.К. Платонов [9], В.В. Находкин [10], В.Н. Попков А.С. Захаров С.П. Малютин Е.А. Фурманов [11]. т.б ғылыми ізденістер осы жұмыстың теориялық-әдістеме негізі болды.  

Зерттеу базасы. Зерттеу мерзімі ішінде тақырыптың жоспарына және мақсатына байланысты сұрақ–жауап жүргізу барысы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасында және спорт мектептерінің бапкерлері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама 8 cұрақтан тұрады.

Біз бұл сауалнаманы жүргізудегі мақсатымыз, спорттық күрес түрлері бапкерлерінің бастапқы дайындық топтарындағы жасөспірімдерді, спорттық күрес түрлеріне бөлмей өткізудегі ойын білу болып табылады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлділігі мен  негізділігі. Зерттеу қорытындысы бойынша анықталған теориялық, тәжірибелік нәтижелер мен ұсыныстар, әдістемелік бағыттар көтерілген мәселені талдау жолдары Қазақстан жастарының денсаулығын нығайту, дене тәрбиесі мен спортты насихаттау, спортшыларды дайындауда сапасын көтеруге үлесін қосады. Зерттеу нәтежиелері бойынша жасалған ұсыныстар спорттық мектептерінің оқу-жаттығу жұмыстарына енгізілді.

Зерттеу нәтежиелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы. Тәжірибелік–педагогикалық жұмыстар Түркістан қаласындағы Ә. Нұрмаханов атындағы олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған  балалар  мен жасөспірімдер спорт  мектебінде, Түркістан қаласының  жекпе-жек  түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт  мектептерінде жүргізіліп, ол спорт мектептерінде жүзеге асырылды.

                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ СПОРТШЫ ІЗБАСАРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Спортшы ізбасарларды дайындау саласындағы қазіргі проблемаларды талдау,  спорт мектептерінің мақсаттары мен мiндеттері

 

Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және жоғары жетiстiктер спортының жай-күйi, әлемдiк спорт дамуының қазiргi заманғы үрдiстерi республикада спортты дамыту жөнiнде түбегейлi шұғыл шаралар қабылданбайынша Қазақстандық спортшылардың әлемдiк аренадағы көрсеткiштерi төмендей беретiнiн көрсетiп отыр.

Халықаралық стандарттардан қалуымыздың себебi ең алдымен бүгiнгi күнi әлемдiк биiк талаптарға жауап беретiн қазiргi заманғы спорт базаларының аздығы және спортшы даярлаудың жаңа ғылыми-әдістемелерінің әлсіз дамуы болып табылады.

Қазiргi заманғы спорт деңгейi өзiнiң даму сатысында спорттық нәтижелердiң өсуiнде ғылыми және инженерлiк жетiстiктерге негiзделген жаңа көзқарастарға маңызды рөл бередi. Жаңа спорт ареналары,  жаттығулар мен жарыстар үшiн арнайы жағдайлар жасау iсiндегi жаңа жетiстiктер, арнайы киiм, құрал-сайманмен жарақтандыруды қолдану және құрастыру әлемнiң мықты спортшыларының көрсеткiштерiн күрт жақсартуға жеткiздi, ХХI ғасырға спорттың қандай негiзгi бағыттарда қарыштап енетiнiн көрсетіп отыр.

Республика халқының дене қозғалысы белсендiлiгiнiң төмендiгi жүрек-қан аурулары мен тыныс жолдары мүшелері ауруларынан өмiр сүру жасының қысқартуына әсер етіп және өлiм деңгейiнiң жоғары болуына әкеп соқтыратын факторлардың бiрі болып  отыр. Ел тұрғындарының тұратын аймағына қарай 5-тен 10,5 пайызы ғана дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде шұғылданатындығы белгілі болып отыр. Осы жағдайды шұғыл түзету үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің 2010 жылғы жолдауында Бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізу қажеттігін атап көрсетті [12].

 Республикадағы жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының тек 56,5 пайызында ғана бiр үлгiдегi спорт залдары және 14,9 пайызында бейiмделген спорттық жайлары бар.

Республикадағы орта және жалпы кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы оқу сабақтарының көлемi ғылыми негiзделген нормативтен 3-4 есе төмен. Қозғалыс белсендiлiгiнiң жоспарланған ғылыми негiзделген деңгейiне жету үшiн жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында дене шынықтырудан аптасына мiндеттi үшiнші сабақ енгiзу қажет, оқу үрдісін спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету басты мәселе болып отыр.

Сабақтан бос уақытта сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бұқаралық жұмыс дамымай отыр. Тұмау және түрлi созылмалы ауруларына бейiм балалардың және жасөспiрiмдердiң саны арта түсуде. Бұл ретте, денсаулығына байланысты арнайы медициналық топтардағы оқушыларға сабақ жекелеген оқу орындарында ғана жүргiзiледi.

Тұтас алғанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысының жай-күйi бұқаралық спортты одан әрi дамыту, халықтың арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жандандыру, спорт ізбасарлары мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау жөнiнде кiдiрiссiз, нақты шешiмдер қабылдауды талап етіп отыр.

Мемлекет дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жолымен, дене шынықтыруды және спортты дамытудың тиiстi қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк құқықтық қамтамасыз етiлуiн құру арқылы қатынастарды реттейдi, барлық үлгiдегі балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт және балалар клубтарының, мүгедектерге арналған мамандандырылған топтардың, емдеу-дене шынықтыру диспансерлерi санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды.

Дене шынықтыруды және спортты одан әрi дамыту; халықтың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшiн жағдайлар жасау, олимпиадалық, ұлттық, техникалық қолданбалы спорт түрлерiн және халық ойындарын дамыту, саланы басқарудың оңтайлы жолдарын және қазiргi тәсiлдемесiн белгiлеу,  бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спорты саласында спорт резервi мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды дайындаудың  республикадағы  спорт мектептері  іске асырады.

Спорттық ғылымда дарынды балаларды   іріктеу мәселесі жеке ғылым ретінде қарастырылып,   үлкен жұмыстар атқарылып келе жатқандығын айту керек. Осы жұмыспен  спорттық мектептерде  жаттықтырушы тікелей жұмыс жасайды. Оларға әр бала мүмкіндіктерін анықтап болжау және қай спорт түріне  икемі бар екендігін білу тапсырылған. Осылай бола тұра спорт мектептеріндегі  іріктеу  жұмысы кеңес  одағы  кезіндегі қалыптасқан тесттілік-сынақ ретінде  ғана  іске асырылып келеді. Жас  спортшыны  спортқа  бейімдеу,  оның  мүмкіндігін  анықтау, жетілдіру  жолындағы педагогикалық әдістемелер жетілмеген.  Қазіргі  Егеменді  Қазақстан  жағдайына  сай  бейімдеу жұмыстары  спорт  мектептеріне  енгізілмегендігін көреміз.  

Спорттық мектептердегі оқу-жаттығу кезеңдеріндегі іріктеудің неғұрлым  ақпараттық  жолын  табу  қазіргі  кездегі  спортшыны  бағалаудың негізі  болып  келеді, осы  жолды  табу  арқылы болашақ оқу-жаттығу жұмыстарын  жоспарлауды  іске  асыруға  болады.

Спорттық  іріктеу  жұмыстары  педагогикалық,  медициналық, биологиялық,  физиологиялық,  психологиялық  жақтарын  қатар  жүргізу жағдайында  сәтті  болатындығын  тәжірибе  көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының  дене шынықтыру  және  спортты  дамытудың  2007-2011 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасының 5.6 Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау бөлімінде «Дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту, спорт резервін даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеу-халықаралық спорт ұйымдарының жылдам өзгермелі талаптарын, спортшыларды даярлаудың түрлері мен әдістерін үнемі жетілдіруді, жаңадан келгендерден бастап халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне дейін, республика спортшыларын тәрбиелеу жүйесін одан әрі дамытуды ескере отырып, оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыруға деген   жаңа  көзқарастарды талап етеді.  

  Спорт ізбасарларын даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеудегі проблемаларды табысты шешу үшін түпкілікті нәтижеге – Әлем, Азия чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында жүлделі орындарды иеленуге қабілетті спортшыларды тәрбиелеуге едәуір ықпал ететін факторларды қатаң ескеру қажет, оларға:  

— таңдаған спорт түріне мамандану үшін оның арнайы талаптарына жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесінің қатаң  түрде сай болуы;  

— спорт мамандығын таңдау, көпжылғы даярлықтың күллі жүйесін әзірлеу, жарыс қызметінің тиімді құрылымын анықтау кезінде  нақты әрбір спортшының жеке бейімділігі мен  қабілеттеріне барынша ден қою;   

—  жаттығу және жарыс  жүктемесінің, демалудың, тамақтанудың, жұмыс қабілетін қалпына келтіру, ынталандыру құралдарының және іс-қимыл мүмкіндіктерін жұмылдырудың қатаң теңгермелі жүйесіне ұмтылу;   

—  даярлықтың дәстүрден тыс құралдарын кеңейту — спортшы ағзасының мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік беретін аспаптарды, жабдықтарды және  әдістемелік тәсілдерді пайдалану.

Спортшылардың жаттығу әсерлерінің факторларына бейімделу үрдістерін жеделдетуге, олардың басты жарыстарға тікелей даярлығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін  орташа биіктіктегі және биік таудағы жағдайларда спортшыларды даярлаудың тиімді әдістемесін жетілдіру, бүкіл спорттық жаттығу жүйесін жарыс  қызметінің оңтайлы құрылымына  қол  жеткізуге  бағдарлау» деп көрсетеді [13]. 

Осы көрсетілген талаптарды іске асыру мақсатында Қазақстан жағдайында спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында спортқа дарынды балаларды іріктеудің және  жаттықтырудың жаңа тың жолын ұсыну болып табылады.

Республикада жас балуандардың дайындығына педагогикалық бақылау жасау, күрестің әдістемесі мен теория мәселелерінде аз зеріттеліп  жүрген тақырып.                                   

Әдебиеттерді талдау және алдыңғы қатарлы спорттық тәжірибе көрсеткендей педагогикалық бақылаудың көбінесе әдістемелік негіздері жоқ болып келеді. Жас балуандар дайындығын әр қырынан қарағанда заман талаптары спорт ізбасарларын дайындау жүйесіне сай емес. Жас балуанның дене-күш дайындығы кезеңді бақылау мәселесі мен қажетті  дене-күш  даму деңгейін бағдарлау осы уақытқа дейін толық  қаралмай келген іс.

 

1.2 Спортпен шынығудың бала тәрбиесіндегі орны

 

Спортпен жүйелі шұғылдану өсіп келе жатқан ағзаның тірек-қимыл жүйесіне әсер етеді. Сүйектердің қабықты бөлімінің жуандауы есебінен қаңқа біршама мықты болады. Бұлшық еттер көлемі артады, олардағы қылтамырлар саны артып, қан айналым жақсарады. Кейбір спортшылардың бұлшық еттері жалпы дене салмағының 50 %  құрайды [14].

Спорттық шынығу бұлшық еттер құрылымына да біршама әсер етеді: жас спортшылардың бұлшық еттері біркелкі жетіледі, содан дене бітімі жақсы жетіледі. Мектеп жасындағы балалардың басым бөлігінің (орташа есеппен 70%) дене тұрқында түрлі кемістіктердің болатындығын ескерсек, мұның маңыздылығы арта түседі.

Бұлшық еттер гипертрофиясымен бір уақытта олардың функционалды күйі жақсарады, атап айтқанда, ырғақ сезімі, қимылдар ырғағы, қимылдарды орындау барысында кейбір бұлшық ет топтарының ширығу және босаңсу деңгейін сезіну, дененің кеңістіктегі күйін сезіну сияқты  қасиеттерден құралатын «бұлшық ет сезімталдығы» деп аталатын сезімталдықтың жоғары деңгейін қаматамсыз ететін жүйке-бұлшық ет реттелуі жетіледі. Жас спортшылардың бұлшық еттері күшінің көптігімен ерекшеленеді, сіңірлер өзінің серпімділігін ұзақ уақыт бойы сақтап тұра алады, ал буындар қозғалмалы келеді [15].

Шынығу барысында ағзаның барлық қызметінің жүйкелі реттелуі жүзеге асырылады, ішкі ағзаның жұмысында қатаң түрдегі үйлесімділік, ағзаның барлық жүйелерінің дене жүктемесінің өзгермелі тәртібіне тез бейімделуі байқалады.

Жүйелі түрде спортпен шұғылдану баланың ақыл-ой қабілетін жетілдіреді, өйткені шынықтыру барысында балалардың  сезім мүшелері жетіліп, есте сақтау қабілеті жақсарады, тәжірибелік түйсіну, бақылау, назар салу қабілеттері артып, нәтижесінде жас спортшыларды жалпыға білім беру мектептерінде сәтті оқытуға болады [16].

Ақыл-ой жұмысқа қабілеттілігі денелік даму деңгейімен және жалпы денсаулық күйімен тығыз байланыста болады. Жас спортшыларда бұл жағынан да өз қатарларымен салыстырғанда біршама басымдылықтар бар, өйткені олардың денелік дамуы мен денсаулық деңгейі  дене шынықтырумен және спортпен шұғылданбайтындармен салыстырғанда біршама жоғары болып келеді. Бұдан басқа, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен кезектестіріп отыру мектеп оқушыларының ақыл-ойлы жұмысқа қабілеттілігін әлдеқайда арттырады.

Спортпен шұғылдануда — баланың жеке тұлға ретінде психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру мен дамытуда маңызы зор. Қазіргі кезде дене жаттығуларымен шұғылдануды ұйымдастырудың басқа құралдары мен түрлері емес, спорт түрі денесінің қимылдарын керемет меңгерумен, күштің, төзімділіктің дамуымен байланысты қабілеттерді айқындауға мүмкіндік бере отырып, жасөспірімдердің әсіресе жастардың психологиялық даму ерекшеліктеріне сай келеді деген болжам бар. Спортпен шұғылдану артық дене қуатының көшеде күшпен айқындалуынан сақтайды, жыныстық инстиктінің тым ерте басталуын тежеп балалардың табиғи талпынысын дұрыс бағытқа салуға көмектеседі [17].

Спортпен шұғылдану жас спортшылардың бойында күш, еріктілік, батылдық, қайсарлық, өзіне деген сенімділік, жеңіске деген талпыныс,  ұстамдылық, тәртіптілік сияқты оң қасиеттердің қалыптасуына әсер ете отырып, спорттық қызметтің жүйелі, ұзақ шынығуға, жоғары жетістікке  жетуге баулиды.

Балалар мен жастар спортпен тек қана өз рахаты үшін ғана шұғылданып қоймайды, спорт оны өз Отаны үшін еңбек етумен, оны қорғауға дайын шынайы азамат болып қалыптасуына көмектеседі.

Тәрбиелеудің басты мақсаты-адамды жоғары мәдениет, жоғары зияткерлік, спорттық этиканың иесі етіп тәрбиелеу.

Шынықтыру барысында спорттық қызметінің арнайылығына орай, өнегелі тәрбиелеудің міндеттерін сәтті шешудің жағымды жағдайларын түзеді. Балалар ұжым ішінде бапкердің көмегімен шыныққан кезде жолдастарының қолдауы мен талаптарын сезінуге, сондай-ақ, жалпы еңбектің қуанышын түсініп, сезінуге үйренеді.

Дәйекті шынығу, спорттық сайыстарда адамның спорттық парыз, намыс, адалдық, шыншылдық сияқты моральдық қасиеттері тереңдетіліп, тексеріледі. Осы жерде  еңбекқорлық, тәртіптілік, мінез-құлық мәдениеті, белсенділік, дербестілік, жауапкершілік, батылдық сияқты өнегелі мінез-құлықтың тәжірибесі қалыптасады.

Заманауи тәжірибе көп уақыт жұмсауды, денелік күшті, жүйкелік қуатты, осыған байланысты өмірдің тиімді тәртібін түзіп жас спортшы үшін көбіне ересек ата-аналарының, бапкерінің, білім беру мектебінің көмегіне сүйенеді. Ең алдымен, отбасында балалар өздерінің спортқа деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын ата-аналары қолдауын сезінетіндей жағдай жасалынуы қажет.

Спорттық тәжірибеде бала ниетінің шынайылығы  дәлелденеді, атап айтқанда ата-аналарының жақсы көңіл-күйі, баланың жарыстарға қатысып, шынығуға қызығушылық танытуы – жас спортшыларға спорттық жетістікке жету жолындағы күшті моральдық қолдау болып табылады.

Сондықтан ата-аналар дене шынықтырумен шұғылданудың құндылығы туралы дұрыс көзқараста болуы қажет. Бұл үшін оларға спорт саласы туралы жас ерекшеліктері, психология мен гигиена бойынша білімдерін толықтыру қажет. Бұл балалардың қызығушылығын дұрыс бағытқа бұрып, олардың нақты бір спорт түрін таңдауына, сондай-ақ, жүйелі түрде шынығып жүрген балалардың өзін-өзі сезінуін бақылауына мүмкіндік береді.

Балалардың спортпен шұғылдануына түсінікпен қарайтын көптеген отбасыларының тәжірибесі көрсеткендей, шынығу, жарыстарға қатысу балалардың мектепте жақсы оқуына кедергі келтірмейді, керісінше олардың тәрбиесіне және денсаулық күйіне жағымды әсер етеді.

 

  1.3 Дене қабілеттерінің түрлері, дене қимыл-қозғалыстарының    даму ерекшеліктері және физиологиялық  өсу ерекшеліктері

 

Өсу және даму барысында балалардың дене қозғалысының негізгі сапасы және үйлесімділік қабілеттері қалыптасады. Жас кездерінде олардың тиімді және нәтижелі өсуіне жүйке-жүйесінің сезімталдық кездері сәйкес келеді. Әрбір бұлшық ет дамудың әртүрлі мерзімдік кезеңнен (гетерохронды) өтеді. Мәселен, жазғыш бұлшық еттердің күші 16 жаста, ал бүккіш еттер 20 жаста ең жоғарғы даму дәрежесіне жетеді. Оның жедел жетілуі  жеткіншектік кезеңде байқалады, ал 18 жаста күштің өсуі баяулайды, 25-30 жаста аяқталады.

Саусақ бұлшық еттерінің күші 7 жаста — 12-13 кг; 10 жаста — 17-20 кг; 14- 17 жаста — 27-35 кг мөлшерінде болса, бел бұлшықеттерінің күші 7 жаста — 31-34 кг, 10 жаста — 38-42 кг, 14-17 жаста — 53-54 кг  болады.

Қозғалыс жылдамдығының  дамуы 4-5 жаста басталып, 14-20 жаста ең жоғары  сапасына жетеді. Сезімтал кезеңдері 6-14 жаста байқалады.

Қимыл дәлдігі қозғалыстың үйлесімдігін көрсетеді, ол қозғалыс талдағышының дамуына байланысты. Балалар 4-5 жаста дәл, нәзік қимылдар жасай алмайды. Мұндай әрекеттік қимыл 6-7 жаста басталып 25-30 жаста жоғарғы шегіне жетеді.

Ептілік  дәл қимыл және жылдам орындаудан құралады. Бұл 6 жастан кейін басталып, 17 жаста дамиды, оның сезімтал кезі 8-13 жаста өседі.

Бұлшық еттердің шыдамдылығының дамуы баяу жүреді. Сондықтан 12-13 жасқа дейінгі балаларды ұзақ жүктемелерден сақтандыру керек.

Шыдамдылықтың жоғары сапасы  25-30 жаста аяқталады. Бұлшық еттер жұмыскерлігінің жақсы қалпына келу қабілеті 7-9 жастағы балаларда білінеді, ең жоғары деңгейіне 16-18 жаста жетеді.

Иілгіштік пен икемділіктің  кезеңі 3-8 жастың арасында жақсы  байқалады. Жас ұлғайған сайын қимыл-тірек жүйесінің қызметі әлсірейді. 30 жастан кейін адамдарда аз қозғалыстың салдарынан бұлшықеттің күші мен көлемі азаюы байқалады.

Қартаю кезінде дене қалпын және тепе-теңдікті реттейтін жүйке тетіктерінің әлсіреуі байқалады. Жасқа сай қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеттерінің мерзімі ұзарады, баяу және сенімсіз қимылдар көбейе бастайды. Мұның барлығы адамдардың қозғалыс белсенділігін шектейді. Дене жаттығулары және спорттық қимылдар адамның қозғалыс белсенділігін арттырады [18].

Қозғалыстың қалыптасуы ми қыртыстарында жұлын жүйке байланыстары арқылы пайда болып, кейіннен сол байланыстардың негізінде күрделі динамикалы қозғалысқа әкеледі. Ғалымдардың айтуынша үйлесімді қозғалыстың дамуы, қозғалыс кезіндегі коррекциялау қабілетінің дамуына байланысты. Мұндай жағдай қимыл жоспарын салыстыру арқылы жасалады.

Сонымен, қозғалысты реттеуші механизмдерге ми қыртысындағы құрылымдар,  эфференттік және  афференттік кері  байланыс жолдары жатады [19].

Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына сыртқы күш әсер етеді. Қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды.

Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, белгілі еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі, өзін-өзі күтуге байланысты, қыдырған кездегі қозғалыстар жатады.

Адам денесі үшін ұйымдастырылған қозғалыстардың мақсаты зор. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенде мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады. Гиподинамия ағзаның қалыпты жағдайын бұзады. Себебі жүрек-қан тамырлары, тыныс алу т.б. жүйелердің қызметі шектен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермейді де, олардың зорығу белгілері байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигиеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

Қимыл дағдысы қалыптасуы қимыл сапалары қалыптасуымен бір уақытта жүреді. Қимыл сапаларына- күш, шапшаңдық, төзімділік және ептілік жатады. Олар кез-келген қимыл қызметінде бір-бірімен байланысты болады. Бірақ нақты қызметтің жағдайына қарай әртүрлі дәрежеде байқалады. Штангішілерде ең алдымен күш, ал марафоншыларда төзімділік пайда болады. Қимыл сапасының дамуы әртүрлі жүйелердің қайта құрылуы нәтижесінде өтеді, бірақ бірнеше түрлі дене сапаларының дамуы кезінде белгілі бір жүйелерде басымдылық айырықша байқалады.

Бұлшық еттің өсуі мен күштің дамуы бірге жүреді. Жүйке бұлшық ет аппаратының жетілуі шапшаң жаттығулар жасауға мүмкіндік береді. Төзімділік кардиоресператорлы жүйенің дамуымен артады.

Күш дамуының физиологиялық механизмдері. Күш-бұлшық еттің қозу күйін дамытатын кернеу немесе адамның сыртқы кедергілерді бұлшық ет жиырылуы есебінен жеңу қабілеті болып саналады. Оны бағалауда абсолютті және салыстырмалы күш деп бөледі.

Абсолютті күш дегеніміз бұлшық ет күшінің бұлшық еттің физиологиялық көлденеңіне (барлық бұлшық еттердің кесіндісінің аумағына) қатысы болып табылады.

Салыстырмалы күш дегеніміз бұлшық ет күшінің оның анатомиялық көлденеңіне (жекелей бұлшық ет талшықтарының мөлшерінен және қалыңдығынан құралатын жалпы бұлшық ет қалыңдығына) қатысын айтады.

Бұл күш те жоғарыда аталған абсолютті күштің бірліктерімен өлшенеді. Спорттық тәжірибеде оны бағалау үшін біршама қарапайым көрсеткіш — күштің спортшының дене салмағына, яғни 1 кг-ға шаққандағы қатысы қолданылады.

Абсолютті бұлшық ет күші  жаттығуларды орындауда қажет, бұл жерде максималді изометрлік ширығу үлкен сыртқы кедергіні жеңуді қамтамасыз етеді. Мысалы, максималды немесе максималдіге жуық жаттығу-штангіні көтеру кезінде, саусақтарды тірей орындалатын гимнастикалық жаттығуларды орындау кезінде айқындалады. Салыстырмалы бұлшық ет күші спортшының өзінің денесінің сәтті қозғалуын қамтамасыз етеді мысалы, секіру кезінде.

Бұлшық еттің орасан зор қуатты күші лабораториялық жағдайда жүйкеге немесе бұлшық етке барлық бұлшық ет талшықтарын қоздыратын тоқпен әсер еткенде ерекше күшпен анықталады. Сондықтан барынша зор күш бұлшық етті құрайтын бұлшық ет талшықтарының мөлшеріне және қалыңдығына байланысты болады.

Максималды күштің үш түрі бар: статикалық күш, динамикалық күш,  жарылыс күші.

Статикалық бұлшық ет күші барынша күш салумен сипатталып, изометрлік жиырылу нәтижесінде бұлшық етте дамуы мүмкін.

Ол бірқатар жағдайларға байланысты: Барлық бұлшық еттің белсенділігіне, бұлшық еттің жиырылу тәртібіне, бұлшық ет ұзындығына (тыныштық күйдегі) тәуелді[20, 21].

Динамометрдің көмегімен адамның барынша еркін күшін өлшеуге болады. Барынша зор еркін күшті адам ерікті күш салу кезінде дамыта алады. Барынша зор күш пен максималді еркін күштің арасында күш айырмашылығы бар. Осындай еркін күшке бір кезекте бірнеше бұлшық еттер қатысады.

Барынша еркін күштің көлемі бұлшық еттердің шеткі және жүйке факторларына байланысты. Шеткі факторларға бұлшық еттің физиологиялық көлденең ені, оған жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының қатынасы, бұлшық еттің алғашқы ұзындығы мен әрекеті жатады.

Жүйке факторы ішкі бұлшық ет үйлестігін және бұлшық еттердің өзара үйлестігін анықтайды. Одан басқа барынша еркін күш зерттелуіне, көңіл-күйіне және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Барынша қуатты күш пен барынша еркін күштің арасында өзгешілік бар, оны күш тапшылығы деп атайды. Күш тапшылығының көлемі бұлшық еттерді еркінше басқару, сыналушының психологиялық күйіне және бір мезгілде бұлшық еттер жиырылуы мөлшерінің жетілуіне байланысты.

Адамның жасы жетілген сайын (4-5 жастан 20 жасқа дейін) бұлшық ет күші (миофибрилдердің мөлшерінің және қызметінің жетілуінің артуы нәтижесінде) 9-14 есе өседі  салмағы 7-8 есе артады.

Күштің өсу кезеңі 14-15 жаста басталып, барынша даму шегіне 20-25 жаста жетеді де, ары қарай адамның шынығуына байланысты дамиды. Барынша еркін күшті дамыту факторлары әртүрлі болады:

— Қимыл бірліктерінің көп мөлшерін белсендіру (30-70%);

— Серпіліс жиілігінің (10-12 имп./с-тан 40-60 имп./с-ке) өсуі бұлшық ет қызметін оқшауланып жиырылу тәртібіне өткізеді;

— Қимыл бірліктерінің үйлесімді (синхронация) қызметі;

  1. Бұлшық еттің аралық бағдарлануы (агонистердің және антогонистердің қызметінің үйлесімділігі);
  2. Ретикулярлы формацияның тонусын көтеретін катехоламин қимыл орталықтарының қызметін белсендіретін әсершең күйге байланысты дамиды;
  3. Бұлшық ет құрамына кіретін талшықтардың генетикалық мөлшері мен қалыңдығына байланысты дамиды. Ал бұлшық ет талшықтары күштің сапасына ықпал етеді;
  4. Бұлшық еттердің жекелей ерекшеліктеріне байланысты бір бұлшық ет талшығының салмағы 100-120 мг/ болады.

Бұлшық ет гипертрофиясының  бірнеше түрлері бар:

— Саркоплазмалық гипертрофия динамикалық жұмыс кезінде дамиды, бұлшық еттерде қуат көздерінің ұлғаюымен және қылтамырлар мөлшерінің артуымен жүзеге асады. Төзімділікті арттырады.

— Миофибрилді гипертрофия негізінен статикалық жаттығулар кезінде дамиды. Миофибриддердің мөлшерінің және орналасу тығыздығының артуы арқасында жүзеге асады. Бұлшық ет күші дамиды.

— Жеке ерекшеліктерімен, яғни бұлшық ет қабілетімен дамиды.

Динамикалық бұлшық ет күші динамикалық жұмыс кезінде, бұлшық еттердің жазылып және жиырылуы жағдайында айқындалады.

Динамикалық жұмыс кезіндегі күштің айқындалуы дене салмағына белгілі бір үдеудің берілуі арқылы жүзеге асады.

Бұлшық еттердің концентрлік тәртіппен жиырылуы кезінде динамикалық күш статикалық күшке қарағанда аз (қолды созып ауыр жүкті ұстап тұру, қолды жиырып тұрғанға қарағанда ауыр жүк болып есептелінеді) болады.

Жарылыс күші бұлшық ет күшінің тез айқындалуымен сипатталады, оның көрсеткіші — күш гардиенті, яғни оның жиырылу шапшаңдығы.

Шапшаңдық пен күш жұмсалатын спорт түрлерінде төзімділікті көп қажет ететіндігіне қарағанда күш гардиенті жоғары. Жарылыс күші жоғарыға секіру биіктігін, қысқа қашықтықты жүзіп өтудің максимальды шапшаңдығын анықтайды. Бұл тесттер спортшыларды іріктеу кезінде қолданылады.

Жарылыс күшін анықтауда күштің бұлшық етке берілу ырғағы жиілігінің, олардың қызметінің үйлесімділігінің (ақ және қызыл бұлшық ет талшықтарының ара қатынасының) мақсаты үлкен.

Шапшаңдық пен күш жұмсалатын спорт түрлерінде бұлшық еттердің негізгі бөлігі шапшаң бұлшық ет талшықтарынан құралады.

Шапшаңдықты жетілдірудің  физиологиялық механизмдері.

Шапшандық – адам нақты бір жұмысты белгілі бір уақыт бірлігі ішінде орындап шыға алатын қабілетімен анықталатын дененің касиеті. Бұл кезде минимальді қысқа уақыт ішінде кимылдар орындалады.

Шапшаңдықтың анықталуының қарапайым және күрделі түрлері.

Қарапайым түрі-қимыл реакциясының уақытына жасырын (латентті) уақытынан, оқшауланған қимылдар уақытынан (мысалы: секірулер, лақтырулар) және қимылдардың максимальді ырғағынан тұрады.

Қарапайым реакция уақытына хабар берілгеннен бастап, жауап берілгенге дейін жүзеге асады. Бұл уақыт- қозудың рецепторлардан жүйке орталықтарына және олардан бұлшық еттерге берілуіне жетпейді. Негізінен келіп түскен хабардың мидың жоғары бөлімдеріне өтуіне және хабардың талдануына жұмсалады, сондықтан орталық жүйке-жүйесінің функционалді күйінің көрсеткіші болып табылады [22, 23].

Шынықпағандарда қимыл реакциясының уақыттық мөлшері жарық сигналына 2-3 жас аралығындағы балаларда 500-800 мс болса, ересектерде 190 мс-ке дейін қысқарады. Спортшыларда бұл уақыт орташа есеппен-120 мс, әйел спортшыларда — 140 мс. Жоғары дәрежелі спортшыларда, қысқа қашықтыққа жүгіретіндерде — 110 мс, ал стайерлік қашықтыққа жүгіретіндерде  200-300 мс. Есептеулер бойынша Қимыл реакциясының уақыты 80-90 мс мөлшері жалпы адамдар үшін оның функционалді мүмкіндіктерінің шегі болып табылады, яғни одан төмен болуы мүмкін емес. Мысалы, атақты спринтер Бен Джонсон сөреден 99,7 мс-та кете алған. Қимыл реакциясының уақытына бірқатар факторлар әсер етеді, атап айтқанда: адамның туа біткен ерекшеліктері, кейінгі функциональді күйі, мотивациялар және эмоциялар, спорттық мамандық, спорттық шеберліктің деңгейі, спортшының қабылдаған ақпаратының мөлшері әсер етеді.

Шапшаңдықтың басқа бір қарапайым көрсеткіші-қысқа, 10 с ішінде саусақпен максималді ырғақпен нүктелер қою, басқаша теппинг-сынама деп аталады. Ересектер 10 с ішіңде 50-60 қимылдар жасаса, ситуациялы спорт түрімен шүғылданатындар және спринтерле  60-80 қимылдар жасайды.

Шапшаңдықтың ерекше айқындалуы мамандандырылған оймен орындалатын операциялардың шапшаңдығы тәсілдік мәселелерді шешуде жоғары дәрежелі спортшылар бар жоғы 0,5-1,0 с уақыт жұмсайды, ал шешім қабылдау уақыты осы уақыттың жартысына тең.

Шапшандықтың механизмдері қимылдардың жүйкелі – гуморалді реттелу механизмінен және қимыл аппараты қызметінің механизмінен тұрады.

ОЖЖ қатысты қарастырғанда шапшаңдық бірқатар жағдайларға байланысты, атап айтқанда:

  — жүйке орталықтарының лабильдігіне байланысты. Лабильдік дегеніміз жүйке және бұлшық ет жасушаларында қозудың өту шапшаңдығы;

  — қозудың синапстардан өту шапшаңдығына байланысты. Жүйке орталықтарының қозғалмалылығы дегеніміз үлкен ми сыңарлары  қабықшасындағы қозудың тежелу мен кері  алмасу шашпаңдығы;

  — қаңқа бұлшық еттеріндегі баяу және шапшаң бұлшық ет талшықтарының ара қатынасына байланысты;

Қимыл аппаратының физиологиялық механизмі бұлшық ет жиырылуының жасырын (латентті) уақытымен, жиырылу және босаңсу жылдамдығымен анықталады.

Шапшаң бұлшық ет талшықтары баяуға қарағанда 5 есе тез жиырылады. Баяу, қарағанда БҚ Бұл БҚ тотықтыру бұлшық ет талшықтарынан тұрады.  Олардың жиырылу жылдамдығы, жиырылу күші және шаршауы төмен. ІІІапшаң ҚБ шапшаң (70%) ақ әртүрлі бұлшық ет талшықтарынан құралады. Олардың жиырылу шапшаңдығы және күші, шаршауы жоғары.

Қозғалыстағы объектіге реакцияның жүзеге асуы кезінде қарсыласының немесе спорттық снарядтардың орнын ауыстыру мүмкін траекториясын алдын ала болжауына мүмкіндік беретін экстраполяция құбылысының мақсаты үлкен. Бұл спортшының жауап беру әрекетінің дайындығын жеделдетеді, әсіресе хоккей, теннис сияқты спорт түрлерінде мақсаты үлкен. Бұған көздің де іздеу қимылдары мүмкіндік береді ол спортшының қимыл шапшаңдығы, көз алмасы қимыл аппаратының бұлшық еттерінің шапшаңдықты мүмкіндіктерімен байланысты.

Шапшаңдықтың жоғары өсімі 9-12 жас аралығында байқалады. Шапшаңдық жоғары деңгейіне 14-15 жаста жетеді.

Шынығу кезінде шапшаңдық күш пен төзімділікке қарағанда баяу дамиды.

Әрбір адамның өзіндік шапшаңдықты арттыру шегі болады. Бұл шекті арттырудың барлық уақытта мүмкіндігі бола бермейді шынығу кезінде тредбанда  жоғары шапшаңдықпен жүгіру, мотоциклдің соңынан қуа жүгіру, аттың соңынан жүгіру, тартпалы резинамен жүгіру сияқты арнайы    жаттығулар    қолданылады.

Мұндай  жолдармен жаттығу кезінде жүйке орталықтарының  және  жұмыс  істеп тұрған бұлшық еттердің лабильдігі қосымша жоғарылайды.

Төзімділіктің дамуының физиологаялық механизмдері.

Төзімділік ағзаның ұзақ уакыт бойы жұмыстың тиімділігін төмендетпей орындай алу қабілетін көрсетеді және  адамның шаршауды жеңу қабілетін арттырады. Төзімділік төмендегідей ерекшеліктерге бөлінеді:

— жас ерекшелігі  бойынша;

— жыныстық;

— жеке түрлері бар.

Төзімділік  жалпы және  арнайы болып бөлінеді.

Жалпы төзімділік ағзаның үйреншікті емес жұмысты ұзақ уақыт бойы орындай алу қабілетін көрсетеді. Бұл кезде жұмысқа бұлшық еттердің көп мөлшері қатысады.

Арнайы төзімділік белгілі бір тиянақты қызметті ұзақ уақыт орындай алу қабілетімен сипатталады.

Төзімділіктің физиологиялық механизмдеріне:

— жүйкелі және гуморалді реттелу механизмдері;

— аэробты және анаэробты жүйкелер мүмкіндігі;

— гомеостазды қамтамасыз  ететін жүйелер қуатының мүмкіндігі жатады.

Жалпы төзімділік жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерге оттегінің жеткізілуіне байланысты және негізінен оттегіні тасымалдау жүйесінің — жүрек-тамыр, тыныс алу және қан жүйелерінің қызметімен анықталады.

Тыныс алу тиімділігінің артуы төмендегідей жолдармен іске асырылады:

— өкпе көлемдерінің (10-20%-ға) және сыйымдылығының  (ӨКС 5-8л-ге жетеді) артуымен;

— тыныс алу тереңдігінің артуымен (ӨКС 50-55%-на дейін);

— өкпенің диффузиялық қабілетінің жоғарылауымен;

— тыныс алу бұлшық еттерінің қуатының және төзімділігінің ұлғаюымен жүзеге асады.

Жүрек-тамыр жүйесінде де бірқатар морфофункциональді қайта кұрылулар жүреді оларға:

жүрек көлемінің ұлғаюы (әсіресе стайер-спортшыларға тән) және жүрек бұлшық етінің қалыңдауы — спорттық гипертрофия;

— жүректің  қан шығарушы мөлшерінің жоғарылауы (систолалық қан көлемінің артуы), тыныштық күйдегі ЖСЖ-ң баяулауы (40-50 соғу/ мин) нәтижесінде парасимпатикалық әсердің күшеюінен – спорттық  брадикардия дамиды, ол өз кезегінде жүрек бұлшық етінің қалпына келуін және ары қарай жұмысқа қабілеттілігін жеңілдетеді;

— тыныштық күйдегі артериялық қан кысымының (105мм с.б.-нана төмен) төмендеуі — спорттық гипотония байқалады.

Қан жүйесінде жалпы жұмысқа қабілеттіліктің артуы бірқатар жағдайлардың туындуына мүмкіндік береді:

— айналымдағы қанның көлемінің (20%-ға), негізінен қан плазмасы көлемінің артуы есебінен жоғарылауы. Бұл кезде бейімделу тиімділігі екі жолмен қамтамасыз етіледі: а) қан тұтқырлығының төмендеуімен және осыған сәйкес қан ағымының жеңілдеуімен, б) жүректің жиырылуын күшейтетін қанның үлкен веноздық қайтымының жоғарылауымен;

— эритроциттердің және гемоглобиннің жалпы мөлшерлерінің артуы (айта кететін жағдай, плазманың көлемі артқанда осы көрсеткіштердің қандағы салыстырмалы концентрациясы төмендейді);

— жұмыс кезінде қандағы лактаттың (сүт қышқылының) мөлшерінің азаюы. Бұл, біріншіден төзімді адамдардың бұлшық еттерінде лактатты қуат көзі ретінде қолданатын баяу бұлшық ет талшықтарының артуымен, екіншіден, қанның буферлік жүйелері сыйымдылығының соның ішінде сілтілі қорларының ұлғаюымен жүзеге асады. Бұл кезде анаэробты алмасу табалдырығы  жоғарылайды.

Ағзадағы қайта құрылуларға қарамай стайер ағзасында ішкі орта тұрақтылығының ауытқулары жүреді (ағзаның қызып кетуі, суып кетуі, қандағы глюкоза мөлшерінің азаюы және т.б.). Спортшының ұзақ жүктемелерді орындай алу қабілеті оның осындай өзгерістерге «төтеп»  беруімен қамтамасыз етіледі.

Төзімділікке мамандандырылушы спортшылардың қаңқа бұлшық еттерінде баяу бұлшық ет талшықтары басым (80-90%-ға дейін) болады. Жұмыстық гипертрофия саркоплазмалық жолмен, яғни саркоплазманың көлемінің артуы есебінен жүреді. Саркоплазмада гликогеннің, липидтердің, миоглобиннің артық мөлшері жинақталады; қылтамырлардың және митохондрийлердің мөлшері артады. Ұзақ уақытка созылған жұмыс кезінде бұлшық ет талшықтары тынығу кезінде өзінің мөлшерін қайта толтыра отырып, ретімен қосылады.

Орталық жүйке жүйесінде төзімділікке арналған жұмыс тұрақты   жұмыстық   доминанттың   қалыптасуымен   жүреді.   Ұзақ циклді жұмысқа күшті салмақты жүйке жүйесі бар спортшылар және қимыл-қозғалыс деңгейі аса жоғары  емес — флегматиктер қабілетті болады.

Циклді спорт түрлеріндегі арнайы төзімділік аэробты және анаэробты қуатпен қамтамасыз етілудің ара қатынасын анықтайтын қашықтық ұзындығына байланысты.

Арнайы төзімділік 6 түрге бөлінеді:

  1. статикалық;
  2. күшті;
  3. шапшаңдықты;
  4. динамикалық;
  5. анаэробты;
  6. аэробты.

Статикалық төзімділік жүйке орталықтарының ұзақ уақыт бойы қозуды ұстап тұра алу қабілетіне, бұлшық еттердің ұзақ уақыт бойы берілген қысымға төтеп бере алуына, ағзаның күштену кезінде пайда болатын гипоксияға төтеп бере алуына байланысты.

Күшті төзімділік ОЖЖ-ң жұмысқа ҚБ-ң көп мөлшерін қоса алу қабілетіне, олардың қызметін үйлестіруіне байланысты.

Динамикалық төзімділік жұмыс уақытына байланысты. Механизмдердің жасушалы, мүшелі, жүйелі және жалпы ағза деңгейіндегі қызметімен анықталады.

Жалпы және арнайы төзімділік тіршілік үрдісі барысында дамып қалыптасатын денелік сапалар. Бұл төзімділіктер реттейтін және жеткілікті қарқынды жұмыс орындау кезінде қалыптасатын және ұлғаятын ағза қорларының   көлеміне байланысты.

Төзімділіктің дамуы негізінен қимыл бағдарының және вегетативті қызметтердің жетілуімен байланысты, әртүрлі жүйелердің гомеостазындағы ығысулардың пайда болуына әкеп соғады.

Төзімділіктің жоғары өсімі 7-10 жаста байқалады. Содан кейін бірте-бірте өсіп, 20-30 жасында ең жоғары деңгейіне жетіп, 40 жастан кейін төмендейді.

Күштің, шапшаңдықтың, төзімділіктің дамуы (екінші қимыл сапасы болып қарастырылады) ептілікті ұлғайтады.

Ептілік және иілгіштік негізгі дене сапасының көрсеткіштеріне жатады. Ептілік адамның жеке тіршілігі барысында, сонымен бірге спорттық шынығу нәтижесінде жақсы дамиды. Иілгіштік, керісінше маңызды генетикалық бақылауда болады, сондай-ақ, тиянақты сұрыптауды және онтогенездегі ертерек жетілуді талап етеді [24, 25].

Ептілік қимылдық міндеттерге сай үйлесімді қозғалыстарды тез, әрі дәл орындау қабілетімен сипатталады.

Ептіліктің бірнеше ерекшеліктері бар:

— жаңа қимыл актілерін және қимыл дағдыларын қалыптастыру қабілеті;

— жағдай өзгергенде бір қимылдан екіншісіне жеңіл өтеді;

— күрделі бағдарлы қимылдардың орындалуымен сипатталады.

Иілгіштіктің – шынықтыруға жеңіл көнімді дене сапасы ретінде даму деңгейін анықтау қажет, себебі, ең алдымен тест жүргізу біруақытта буындардың қозғалмалылығын шектейтін; екіншіден,  осымен байланысты иілгіштік кеңістікте бағдарлану қабілетін жанама анықтайтын болғандықтан құрылысындағы кейбір ерекшеліктерді уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Иілгіштікті анықтауға арналған тестерді түзу кезінде көптеген спорт түрлерінде тек бір-екі буындардың ғана максималды қозғалмалылығы қажет екендігі ескеріледі.

Төзімділік сияқты дене сапасының даму деңгейінің бағдаламасына ерекше атап кету қажет. Төзімділік шынықтыру барысында жақсы жетілетіндігіне қарамастан,  бұл сапа біршама деңгейде генетикалық тұрғыдан беріледі деп есептеледі. Сондықтан, төзімділіктің маңызы басым болып келетін спорт түрлерінде іріктеу кезінде берілген сапаның келешекте тиімді даму мүмкіндіктерін айқындайтын алғы шарттарды мұқият зерттеген дұрыс.

Жалпы төзімділік көрсеткішінің бұл жердегі маңызы зор, өйткені ол спортқа жаңадан келушінің жалпы денсаулық күйі мен ағзасының функционалды мүмкіндіктерін нақты көрсетеді.

Ағзаның шапшаңдықты-төзімділік көрсеткіші анаэробты қуатпен қамтамасыз етілу тәртібіндегі оттегінің жетіспеушілігі жағдайындағы жұмысқа тұқым қуалай берілген дарындылықты айқындайды, ал мұның маңызы «көптеген  биохимиялық тестер жас спортшыларды іріктеудің келесі сатыларында қолданылады».

Қазіргі уақытта бастапқы жүргізілген тестінің нәтижесі бойынша, 1-1,5 жыл жүргізілген сабақтар барысындағы көрсеткіштердің жекелей өсім қарқыны біршама болжамды құндылыққа ие екендігі айқындалды.

Спорттық тәжірибеден алғашқысында біршама қабілететті болып көрінген спортшылар соңынан өздеріне берілген сенімді ақтай алмай шыққандығы туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Керісінше, кейде алғашқы бақылау сынақтарында аса жарқырап қабілетін көрсете алмаған жасөспірімдер біраз уақыт өткеннен кейін өздерінің  «қабілетті» қатарларынан оқ алды озып кетеді.

Сонымен, жас спортшылардың денелік жұмысқа қабілеттілігін тестен өткізудің бастапқы кезеңінде төменде келтірілген негізгі талаптар орындалуы қажет:

  • қолданылып отырған тестердің салыстырмалы түрде қарапайымдылығы мен тұрақтылығы;
  • жүргізілген тест нәтижелерін түзілген бағандармен, бағаламалы кестелермен және үлгілі сипаттамалармен салыстыру мүмкіндігін есепке алу;
  • іріктеу жүргізіліп отырған спорт түріне қатыссыз барлық дене сапаларын міндетті түрде тесттен өткізу;
  • берілген спорт түріне қатысты тұқым қаулай берілген дене сапаларын дәйекті түрде тесттен өткізу;
  • жас спортшының тест жүргізілу кезіндегі биологиялық жетілгендігінің деңгейін есепке алу;
  • дене дайындығы көрсеткіштері өсімінің жекелей қарқынын есепке алу.

Жас спортшыларды психологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу кезінде олардың бойында келешек мақсатты-бағытты шынықтыру кезінде дамып, жетіле түсетін нақты психологиялық қасиеттері мен жеке басының сапаларының болуы ескеріледі. Жас спортшылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алуды бапкер бақылау әдісімен және бір жыл бойы спортқа жаңадан келген талапкермен бастапқы шынықтыру барысындағы қарым-қатынас арқылы жүргізіледі. Бұл кезеңнен кейін жаңа бастап келе жатқан спортшының берілген спорт түрімен шұғылдануына «психологиялық жарамдылығы» деп аталатын психологиялық мінездемесі құрылады.

Психологиялық мінездемеде спорт түріне қатыссыз бірқатар қасиеттер беріледі:

  • баланың мінезінің негізгі қасиеттері мен жеке басылық бағыттылығы, яғни, оның қызығушылықтары мен әдеттері (өз қалауы, өзі сүйіспеншілікпен орындайтын іс-әрекеттері);
  • мектептегі сабақ үлгерімі;
  • өзі ұнататын спорт түрлері және берілген спорт түрін таңдаудағы мән мәтіні [26].

Дене дайындығы бойынша бақылау сынақтарына іріктеудің бастапқы кезеңінде, сондай-ақ, балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі сабақтарға қатысуға үш ай бойы балалар балалар емханасының дәрігерлері берген денсаулығының күйі туралы анықтама негізінде рұхсат берілді. Дәрігер баланың ағзасының тыныс алу, жүрек-қан тамырлар, эндокриндік және жүйке жүйелерінің функционалды күйін, оның бойында созылмалы аурулардың болуын, алдында болған ауруларды анықтайды. Зерттеу мәліметтерінің негізінде дәрігер спортпен шұғылдануға жарамсыз балаларды айқындап береді.

Спорттық мектепке қабылданғаннан кейін үш ай өткен соң бастапқы кезде іріктеліп алынған балалар қайтадан біршама тереңдетіле жүргізілетін дәрігерлік бақылаудан өтеді, бұл кезде диспансерлік қағида негізінде заманауи клиникалық және функционалды диагностика әдістері қолданылады. Әсіресе,  ауыр жүктеме көбірек берілетін және жиі жарыстарға қатыстырылатын спорт түрлерін таңдаған балалар денсаулығының күйін анықтауға көбірек көңіл бөлінеді.

Таңдап алған спорт түрімен шұғылдану үшін медициналық бақылауға жіберілген жас спортшыларға шынықтырумен шұғылдануға қатыспай тұрып қажет  дәрігер емдік-сауықтыру іс-шараларын қабылдауды  белгілейді [27].

Іріктеудің екінші кезеңіндегі дәрігердің міндеті – жас спортшылардың ағзасындағы қалпына келу үрдістерінің берілген дене жүктемесіне жауап ретінде берілетін шапшаңдығы мен сапасын анықтау болады.

Балалар мен жасөспірімдерді спорттық мектептерде спортпен шұғылдануы үшін іріктеу – спорттық шеберліктің шыңына жету жолының тек бастамасы ғана. Жас спортшы қаншалықты дарынды қимыл-қабілетті болғанымен де, жоғары спорттық жетістіктерге тек қана оқушылардың тәрбиесімен, білім алуымен және еңбек етуге дайындығымен үйлесімді жүргізілетін жүйелі, қайтпас шынықтырулар жасау  арқылы ғана қол жеткізеді.

Спорттық талант деңгейіне дейін қабілеттерді дамыту үрдісі – ауыр және ұзақ болып келеді. Ол көбіне бапкерге байланысты болады, спортшының бойында арнайы қабілеттер болуын ғана емес, жас спортшының жеке басының барлық ерекшеліктерін ескеру,  оның жастық және жеке басылық ерекшеліктері негізінде оқу-шынықтыру үрдісін шебер басқара алу қабілеті арқылы. Талантты спортшыны  тек қана талантты бапкер дайындай алады деп қорытынды шығаруға болады.

Сонымен қатар, жекпе-жек түріне жататын спорттық күреске баулу кезінде жас ерекшеліктеріне қарай дене-күш қабілеттерінің даму ерекшеліктерін оқу-жаттығу сабақтарында қатаң ескеру қажет екендігімен қатар, болашақ спортшы ізбасарларды дайындау ісіне, олардың  қай спорт түріне қабілеті жоғары екендігін анықтауда адам ағзасының физиологиялық даму ерекшелігін ескеру, осы саладағы  ғылымның жетістіктерін пайдалану  жұмыстың сапасын арттырумен қатар бала денсаулығын сақтап, спортта жоғары жетістіктерге жетуге үлкен жол ашады.

Жоғарыда дене қабілеттерін дамыту кезінде ескеруге қажетті физиологиялық ерекшеліктерді көрсете келіп біз өз жұмысымызда осы дене-күш қабілеттерін дамыту үшін күрес түрлеріне қажетті дене жаттығуларын беру алдында атқарылған жұмыстармен, оқу-жаттығу сабақтарына өз тарапымыздан  енгізген өзгерістерімізді төменде келтіреміз.

 

1.4  Балалардың дене дайындығы дамуының ерекшелігі және оны анықтау жолдары

 

Күреспен жаттығу кезінде балалардың дене дайындығын бақылау, оқу-жаттығу  үрдісінің міндетті бөлігі болып табылады. Мұндай бақылаудың нәтижелері педагогикалық шешімдерге негіз бола алады.

Жасөспірімдердің жаттығуын басқару үшін педагогикалық үрдістің сапаларын ескеру қажет.

Жасөспірімдердің жаттығу даярлығын педагогикалық тұрғыдан бақылаудың ғылыми негізі соңғы уақыттарда қарастырыла бастады.

Спорт теориясы мен әдістемесі және сынаманың математикалық теориясы, кәсіпқой әрекет, сонымен қатар спорт нәтижелерін бақылау теориясы жайындағы біздің біліміміздің өсу дәрежесімен ең бастысы жаттығу үрдісінің құрылым заңдылықтарын терең түсінуімізге байланысты болып отыр.

Тәжірибелік көзқарас тұрғысынан бақылау жүйесін құруда негізгі екі мәселеге жауап беру керек:

  1. Сынаманы кұру мәселесі — бақылау ретінде қолдануға болатын дене жаттығуларының көп түрлері бар. Оларды қалай таңдап алуға болады? Осы жаттығуларды таңдау кезінде оны ғылыми тұрғыдан негіздеу қажеттігі туындайды.
  2. Бағалау мәселелері (нашар-жақсы-өте жақсы) нәтижелері ретінде қарастырылатын жетістіктер деңгейін қалай анықтауға болады?

Жаттығудың құрылымының кемінде төмендегідей екі сұраққа жауап беруі қарастырылады:

а) Обьективті қаншалықты қозғалыс сапасы бар.

б) Қандай сынамалар әрбір қозғалыс сапасы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайды.

Фактілерді талдау жаттығу құрылымын зерттеу-жорамалданған қозғалыс сапасын сипаттайды, кейде кең қозғалысты тапсырмалар тобының орындауына әсер ететін фактілердің пайда болуына әкеледі.

Адамның жылдамдық мүмкіндіктерін байқау олардың арасында өзара байланыстың, қозғалыстардың ең жоғары қарқынын, қарапайым қозғалыспен алмастыру кешенді қозғалыстың ең жоғары қарқынын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Төзімділік факторының құрылымы — спорт теориясы мен тәжірибесінде  жылдамдықты, күштілікті, арнайы төзімділікті, статикалық, төзімділігін айырады. Төзімділікті үйретуде пайдалану әрекетін бірнеше рет қайталау арқылы анықтайды.

Төзімділікті бағалау жағдайында ең жоғары 60 % жылдамдықпен жүгіру, белтемірде тартылу, шалқалап және етпеттеп жату жағдайында аяқты және кеудені көтеру, 2000 м жүгіру, осы сапаны бағалау үшін пайдалануы мүмкін.

Жүрек қан тамырлар жүйесінің жағдайы, жүйке жүйесінің кейбір қасиеттері, төзімділікті анықтаушы негізгі факторлардың бірі болатындығы туралы зерттеулер бар.

Күш мүмкіндіктерінің факторлық құрылымы — негізінен үш фактормен сипатталады: статикалық,  динамикалық және жылдам күш мүмкінділігі.

Күш сапаларын анықтайтын факторларды бағалау әдістері олардың антропометриялық белгілермен және қозғалыс сапаларымен, сонымен қатар  физиологиялық көрсеткіштерді тәрбиелеудің өзара тығыз байланысы арқылы іске асырылады.

Статикалық күштерді бағалау үшін ең көп қолданылатын сынамалар (динамометр) болып табылады. Динамометрі ең жоғарғы күшпен 75 пайыз ұстап тұру сынама болып табылады. Бұл сынама аз уақыт ішінде шаршағандықты көрсетеді және зерттеуге кететін шығынды екі еседей қысқартады.

Спорттық ойындармен жүйелі түрде жаттыққан кезде орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы жақсарады. Оны жетілдіру жаттығу барысында қолданылатын дене жаттығуларының түрлері мен көлеміне және қимылды ойындарының ұзақтылығына байланысты. Сондай-ақ спортпен шұғылданбайтын жасөспірімдерге қарағанда, спортпен жүйелі түрде күнделікті жаттығып жүрген жасөспірім балалардың орталық жүйке жүйесінің тұрақтылығы, күштілігі, қозғалғаштығы жақсы байқалады.

Спорттық ойындардың осы жағымды жақтарын ескере келіп балалардың дене-күш дайындығын арттыру жұмыстарында кеңінен қолдану тиімді болып келеді.

Дене тәрбиесімен, әсіресе қимылды ойындармен жүйелі түрде күнделікті жаттығу балалар мен жасөспірімдердің денсаулықтарына жақсы  жағымды әсер етеді.

Сабақтан тыс уақытта спортпен шұғылданбайтын балаларға қарағанда, спорттың түрлерімен шұғылданатын оқушылардың аурулары едәуір аз.

Ойындар ағзаның пропорционалды және үйлесімді дамып жетілуіне көмектеседі. Әсіресе қазіргі уақыттағы жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде маңызды. Себебі даму кезіндегі антропометриялық немесе морфофункционалдық байланыстардың үйлесімділігі кең тараған.

Дене жаттығуларды орындауда берілетін жүктемелерге сәйкес, күштің  деңгейі, сүйек жүйесінің дамып жетілуін жақсартып, оның өсу кезеңін ұзартатындығы анықталған [28; 29; 30; 31; 32; 33].

Спорттық ойындармен, ұлттық қимыл–қозғалыс ойындарымен шұғылданған балаларды, спортпен шұғылданбайтын құрбыларымен салыстырып қарағанда, жалпы дене-даму көрсеткіштерінің ерекшеліктерімен және әр түрлі антропометриялық көрсеткіштерінің жылдық өсу деңгейімен ерекшеленеді. Мысалы, жас спортшылардың дене салмағының өсуі, дене жаттығулармен шұғылданбайтын құрбыларымен салыстырып қарағанда едәуір басым болып келеді.

Спорттық қозғалмалы ойындар және мамандандырылған қимыл-қозғалыс ойындарын балалар мен жасөспірімдерді дайындау кезінде кеңінен қолдану тиімді. Ойын түрлерінде бейнелік, шығармашылық белсенділік, рөлдерді орындау, жағдайдың өзгеруі, сайысу элементтері, ойын қақтығыстарына жол беру, жұмсалған күштің еркіндігі сияқты әдістемелік ерекшеліктерін оқу-жаттығу процесінде қолдану алуан түрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарды күресте дене-күш қасиетін арттыруға пайдалану тиімді.

Спорттық күресте мамандандырылған қимыл ойдарын қолдану балуанды күрес әдіс-айласына үйретеу кезінде оны дұрыс меңгеруге, тез үйретуге жол ашады.

Күрестің қарапайым түрлеріне жақын мамандандырылған қимыл-қозғалыс ойындарын қолдану күрескерлерге жекпе-жек жүргізу кездері жеңілдетілген жағдайда игеруге мүмкіндік береді. Мұндай қадам біздің болжауымызша жасөспірімдер мен балаларға негізделген оқу-жаттығу әдістемесін жақсартуға мүмкіндік береді, балалардың күрес әдістерін меңгеруін жеңілдетеді.

Спорттық күрес өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін және еңбек етуге Отанын қорғауға дайындайтын спорт түрлерінің бірі болып саналады.

Күрес қозғалыс қимылдарын үйрету әдістемесі алғашқы меңгеру, тереңдете үйрету, бекіту және жетік білу әдісіне бөлінеді.

Спорттық күреске үйрету әдістемесінде дәстүрлі 3 үйрету түрі қалыптасқан: біртіндей, бөлімдер бойынша, бағыттау жаттығулары бойынша. Жұмыс барысында бүтіндей және бөлімдерге бөліп үйрету, біріктіре үйрету әдісіне ауыстыру, ал жаттығулар бойынша үйретуді арнайы серігімен бірге орындалатын жаттығулар жиынтығы құрайды.

Әдіс-айла, тәсілді үйретудің 2 жолы бар екеңдігі алғашқы үйрету тобы үшін маңызды:

  1. Бүтіндей, бөлшектелген, біріктірілген үйрету әдістемесі.
  2. Бағытталған жаттығулар.

Жалпы дамыту және арнайы жаттығуларды кең қолдану адам ағзасын біртіндеп спорттық күрестің күрделі әдісін меңгеруге әкеледі. Әр жаттықтырушы өзінің жеке тәрбиесі арқылы тапсырманың мазмұнын анықтайды.

Белгілі маман Е.М. Чумаков күресті тәсілдік үйретуде қолданылатын әдістерді төмендегідей  бөледі:

  1. «Қарсыласыңды оның өзі бұрылған бағытқа қарай лақтыр», «Қарсыласқанның күш салған бағытына қарай тәсіл қолдан» т.б.
  2. Эврикалық әдіс: Балуан тәжірибесі көп болған сайын оның түйсігі-жақсы дамыған және ол дұрыс шешімдерді өзі саналы түрде табады. Тәжірибе жинақтау үшін төмендегідей әдістемелер қолданылады:
  3. Белгілі шебер балуанмен бірге жаттығу;
  4. Әдістерді түрлендіру, қарсыласпен болатын жекпе-жектің үлгісін жасау;
  5. Уақытты шектеу.

Тәсілдік жоспарды іске асыру үрдісінде өзгермелі жағдайында өз әрекеттерін басқару ретінде қарастыруға болады [34; 35].

Осы  айтылғандардан төмендегідей қортынды шығаруға болады. Күрес әдіс-айласын меңгеру кезінде арнайы  мамандандырылған ойындарды қолданудың тиімді екендігі.

Спорттық күрес түрлеріне баулу кезінде күрес әдіс-айлаларын меңгеру, күресті жүргізу тәсілдерін ойын арқылы үйрету баланың жан-жақты болып өсуіне жақсы ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАСТАПҚЫ ДАЙЫНДЫҚ ТОПТАРЫНДА БОЛАШАҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕ БЕЙІМДІЛІКТІ АНЫҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

2.1 Спорт түрлеріне бейімділіктің ғылыми тұрғыдан қарастырылып зерттелуі

 

Спорттық жетістіктердің жоғарғы деңгейге өсуі спорттық ұйымдарға үлкен мақсат қойып, спортшыларды жаңаша дайындауды талап етеді. Көп жылдық спорттық дайындық – спортшылар даярлығының ұйымдық сипатын, тәсілдерді, амалдарының, міндеттерінің алмасып отыруын қамтамасыз етіп отыратын тұтас педагогикалық жүйе. Өз кезегінде спортшыларды даярлау дене сапасын тәрбиелеу мен қимыл біліктілігін, машық пен дайындықты қалыптастырудың оқыту үрдісінде тиімді үйлесуіне жалпы дене дайындығы (ЖДД)  мен арнайы дене дайындығы (АДД) құралдарының өсуіне, жүктемелерді бірте-бірте арттыру үрдісін қатаң сақтауға, дене сапаларының дамуын жастық кезеңде қолайлы болатын уақыттар негізінде дамытуға негізделген.

Спорттық ізбасарларды даярлау жүйесінің ұйымдық құрылысы спорттық оқу орындарының қызметіне негізделген. Спорттық ізбасарларды даярлау жүйесінің негізгі буындары спорттық бағытта білім беру мекемелері оның ішінде, балалар мен жасөспірімдер спорттық мектептері,  мамандандырылған  балалар-жасөспірімдер  спорттық мектептері,   жоғарғы спорттық мектептері, орта арнаулы оқу орындары, олимпиадалық резерв мектептері  болып табылады.

Спорттық іріктеу мен бағыттау мәселесі әлдеқашан өз алдына ғылым болып саналады. Балалар мен жасөспірімдердің мүмкіндіктерін болжай келе бапкер алдына талантты тұлғаларды іздестіру міндетін қояды. Спорттық болжауды жетілдіру мәселесі қазіргі таңда өз еліміздің де шетелдің де мамандары тарапынан үлкен проблемалар ретінде қарастырылып  отыр.

Қазіргі кезде жинақталған көптеген мағлұматтарға қарамастан, талантты спортшыларды іріктеу мен спорттық бағыттау мәселесі әлі шешімін тапқан   жоқ.

Спорт мектептеріндегі «спорттық» балаларды іріктеудің ғылыми негізделген тәсілдері, сонымен бірге, олардың нәтижелерін болжау спортшылардың қазіргі дайындық жүйесінде жаңадан спортқа келгеннен бастап халықаралық деңгейдегі спорт шеберлеріне дейінгі өсу, ізденіс пен даму кезеңдерін  басынан өткізуде.

Отандық ғалымдардың маңызды ізденістерінің бірі – спорттық іріктеудің теориялық негіздерін жасау, кәсіби маңызды қасиеттердің өсу сипатын, жетілдіру және спорттан кеткен адамның орнын басу мүмкіндіктерін табу болып саналады.       

Кез келген адам кәсіби суретші, музыкант, спортшы бола алмайтынын тәжірибе үнемі дәлелдеп отыр. Өйткені мұндай кәсіптерге  қоғам қойған талап өте қатаң, ал сәтті қызмет етудің алғышарттары ретінде табиғи қасиеттер негізгі  көрсеткіш болып табылады. Осыдан  белгілі бір кәсіпте мысалы, спортта спорттық әрекетіне қатысты дарында адамдарды іздеудің толық қамтылған құралы ретінде іріктеу жүйесін ғылыми негіздеу және үнемі жетілдіру мұқтаждығы туады.

Дайындықтың әрбір кезеңінде іріктеудің неғұрлым ақпараттық жағын іздестіру маңызды және спорттық жарамдылықты бағалауға кешенді түрде кірісу қазіргі уақыт талабы  болып табылады.

Спортқа жаңадан келген баланың  мүмкіндіктерін анықтау үшін дене сапасы дамуының алғашқы деңгейін білумен қатар оқыту үрдісіндегі қалыптасқан көзқарастарды  да өзгерту қажет болады.

Балаларға берілетін жүктеменің көлемі мен қарқындылығын анықтау, жаттықтыруды әртүрлі амалдар мен тәсілдерді  қолдану арқылы  педагогикалық жаңа жолды іздестіруді  қажет етеді. Белгілі   бір сапа мен дене  қабілеттердің дамуы  үшін қолайлы мезгілдерді өткізіп алмау маңызды  болып  табылады.

Қазақстан елі болашақта әлемдегі спорты дамыған елдер қатарына енуге арналған  үлкен жұмыстар атқаруда, оған дәлел ретінде елімізде өтіп жатқан және болашақта өтетін үлкен жарыстарды атауға болады. Оларға 2011 жылы қысқы Азия ойындарын өткізу құқына ие болуы еліміздің спорт саласында танымал ел қатарына енуінің бір көрінісі болып табылады. Сонымен қатар, ҚР туризм және спорт министірлігінің 2009-2010 жылдарға арналған  Стартегиялық жоспарында  көрсеткендей   бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамуы,  қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін ғылыми базаның болмауы, спорт саласында білікті мамандардың  жетіспеуі кедергі болып отырғандығы көрсетіледі.

Жоғары шеберлік спортында республиканың жетекші жаттықтырушыларының көпшілігі орта жаста, ал олардың орнын толық ауыстыратын мамандар жоқ. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептерінде 25 %-ның дене шынықтыру мұғалімдері жоқ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқытушылық құрамының 30 % — ның  арнаулы білімдері болмауы, жұмыстың сапалы болуына кері әсер етуде деп көрсетеді  [36].    

Спорт саласы жоғары бәсекелі болып табылады және оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыру, спортшылардың дене-күш мүмкіндіктерін арттыру, оларды оңалту және қалпына келтіру әдістемелерін жетілдіру негізгі проблемалар болып табылады.

Қазіргі спорт мектептеріндегі Кеңес Одағы кезіндегі Бүкілодақтық дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 1983–85 жылдары әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істеп келеді. Қазақстан өзінің ғылыми базасын құрмай, бүгінде заманауи ғылыми әдістемелерсіз қалып отыр. Сол себепті республиканың спорт мектептерінде спорт түрлерінен бірыңғай оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін болмай отыр, ал ол спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың жүйелі жолын қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отыр» деп қазіргі балалар мен жасөспірімдер спортындағы  кемшіліктерді көрсетеді. [37].

Жоғары дәрежелі спортшы дайындау көп жылға созылатын, үлкен ұйымдастырушылық жұмысты қажет ететін тұтас педагогикалық жүйе.  Өз кезегінде спортшыны даярлау алдымен спорт түріне қабілеті бар  адамды  іріктеуден басталады.

Спорттық шеберлікті арттыру мақсатында дайындықтың әр кезеңіне арналған оқу-жаттығу сабақтары өткізіліп жарыстар күнтізбесі жасалады. Спортшы ізбасарларды даярлау білім беру мекемелері және спорттық мектептерде, клубтарда, спорттық колледждерде, спорттық интернаттарда Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт» заңына сәйкес іске асырылады.

Осы  заңның 21-бабында спортшы ізбасарларын даярлау тарауында, спорт резервін даярлау оқу-жаттығу үрдісі кезеңінде оқу-жаттығу бағдар­ламаларының және оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығу үрдісі спортшыларды даярлаудың мынадай көпжылдық кезеңдеріне бөлінеді:

1) спорттық-сауықтыру;

2) бастапқы даярлық;

3) оқу-жаттығу;

4) спорт шеберлігін жетілдіру;

5) жоғары спорт шеберлігі.

Оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыру оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларды өткізуді, спортшыларға медициналық қызмет көрсетуді, оларды тамақтандыруды және оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларға бару жолын, сондай-ақ спорттық керек-жарақпен, спорт құрал-сайманымен және жабдығымен қамтамасыз етуді қамтиды.

Оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ұйымдарында және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарында жүргізіледі» деп  көрсетілген [38].

Қазақстан балуандары басқа спорт түрлерімен салыстырғанда олимпиадалық ойындарда жүлделі орындарды алу жағынан алда келе жатқанымен шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі, құрама сапында  әр салмақ дәрежесі бойынша дарынды ізбасарлардың аз болуы байқалады, әсіресе ауыр салмақ  балуандары  қатарында. Осы кемшіліктердің бір себебі ретінде біз спорттық мектептердегі дарынды балаларды табу, іріктеу жұмыстарының жан-жақты болмауы деп білеміз. 

Жоғарыда көрсетілген Мемлекеттiк бағдарлама «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының» қисынды жалғасы болып табылады, оны iске асыру дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының және республиканың жергiлiктi атқарушы органдарының бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмiр салты қағидаларын қалыптастыруға, халықаралық дәрежедегi спортшыларды және спорт резервiн даярлауға назар аударуына мүмкiндiк бердi.

Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде, республикада дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 24,1 пайызға өстi, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық іс-шараларын өткiзудiң саны едәуiр артты, қалалық спартакиадаларды, оқушылардың спартакиадасын және студенттiк универсиадаларды өткiзу қайта қолға алынды. Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiн, олимпиада резервi желiсi мектептерiн қысқарту тоқтатылды. Қазiргi уақытта, республикада 425 спорт мектебi жұмыс iстейдi, оларда 404421 мың балалармен  жасөспiрiмдер шұғылданады.

 

1 кесте – ҚР дамыған спорт түрлері арасындағы спорттық күреспен шұғылданушылардың   арасалмағы (% көрсеткіші)

 

ҚР барлық спорт саны

Спорт түрлерінің саны

Жаттығушы спортшылар-дың жалпы саны

%

Жаттық-тырушы-лардың   жалпы саны

%

Олимпиадалық Ойындарға кіретін спорт түрлері

49

179630

100

6706

100

Олимпиада Ойындарына кірмейтін спорт түрлері

64

224791

100

8667

100

Спорттық күрес түрлері бойынша:

 

 

 

 

 

a) грек-рим күресі

 

10121

5,6

390

5,8

ә) еркін күресі

 

19257

10,7

721

10,7

б) дзюдо

 

15642

8,7

555

8,2

в) самбо

 

4243

1,8

160

1,8

г) қазақ күресі

 

12901

5,7

475

5,4

Барлық спорттық күрес түрлерінің ҚР спортшыларының арасындағы орташа пайыздық  көрсеткіші 6,5 %  тең, ал жаттықтырушы бапкерлер көрсеткіші  6,4 %  тең екендігі белгілі болды.

Республика бойынша спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтар  (дзюдо, самбо және қазақ күресі түрлері) бойынша  1495 сандық көрсеткіштер көрсетіледі (1 сурет). 

 

 

1 сурет  – Қазақстан Республикасының обылыстары бойынша спорт мектептерінің бастапқы дайындық топтар саны (2010 жыл)

 

Сонымен бiрге, спорт базаларының жағдайы, республикадағы мектеп жасындағы балалардың 7 пайызына ғана  сабақтар ұйымдастыруды қамтамасыз ету мүмкiндiгi бар. Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi желiсiнiң жеткiлiксiз дамытылуы, жоғары бiлiктi жаттықтырушы-оқытушылардың тапшылығы халықтың әсiресе, балалар мен жасөспiрiмдердің дене жаттығуларымен шұғылдануға сұранысын толық қанағаттандырмайды әсіресе ауылдық жерлерде. Сапалы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған қазiргi заманғы спорт объектiлерiнiң, олимпиадалық даярлық орталықтарының және спорт резервi орталықтарының болмауы елдегi спорт резервiн даярлау мен спорт шеберлiгiн арттыруды тежеп отыр.

Республика бойынша бастапқы дайындық топтарындағы (дзюдо, самбо және қазақ күресі) шұғылданатын балалар 20115 сандық көрсеткіштер көрсетіледі (2 сурет). 

 

 

2 сурет  – Қазақстан Республикасының обылыстары бойынша спорт мектептерінің бастапқы дайындық тобында балалар саны (2010 жыл)

 

Дене шынықтыруды және спортты одан әрi дамыту, спорт резервi мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау халықаралық спорт ұйымдарының жылдам өзгерiп жатқан талаптарын ескере отырып, оқу жаттығу үрдісін және бұқаралық дене шынықтыруды ұйымдастыруда жаңа көзқарасты талап етедi.

Осы жоғарыда көрсетілген проблемалардың ішінде спорттық сапалы ізбасарлар даярлау маңызды жұмыс болып табылады.

Біздің жұмысымызға тікелей қатысы бар 1, 2, суреттерде        

Қазақстанда қазір 425 спорт мектептері жұмыс  жасайды, жаттығу сабағына қатысатын балалар саны 404421, олармен 7717 жаттықтырушы жұмыс атқарады. Республикада дене тәрбиесі және спорт саласында көптеген  пайдалы шаралар қолға алынып келе жатқандығымен  қатар, спорттық  мектептердегі  атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында, жаңа ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды көптеп енгізу қажеттігі туралы Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің Бейжін ( Қытай  2008 ) олимпиадасынан кейінгі қорытынды есебінде айтылды [39].

Қазақстан Республикасындағы дене тәрбиесі мен спорттың әлеуметтік-экономикалық қайтарымын зерттеген п.ғ.к., профессор М.Н. Кошаевтың еңбегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы 60  эксперттің жауаптарында дене шынықтыру және спорттың әлеуметтік экономикалық жағдайының төмендігіне келесі факторлардың әсер ететіндігін көрсетеді:

  1. Дене шынықтыру және спорт саласының статусының төмендігі;
  2. Осы саланың ғылыми-әдістемелік тұрғыдан нашар қамтамасыз етілуі;
  3. Қазақстан Республикасы боынша спорттық кешендер мен құрал жабдықтардың жетіспеуін көрсетеді [40].

Осы факторлардың ішінде бізге маңыздысы спорт мектептеріндегі жұмыстардың ғылыми әдістемелік тұрғыдан нашар қамтамасыз етілуі. 

Ресейлік зерттеушілер В.Н. Попов, А.С. Захаров, С.П. Малютин, Е.А. Фурманов Қиыр Шығыстағы дене тәрбиесі және спорт мәселесінің дамуын  зерттей келе спорт мектептеріндегі іріктеу жұмыстарының болашағы туралы өз  пікірлерін төмендегідей тұжырымдайды. Омскі қаласындағы дене шынықтыру институтында осы мәселеге байланысты 1965 жылдан бастап зерттеу жұмыстары жүргізіліп арнайы Консепция қабылданғандығын онда әрбір жаттығушы жеке мүмкіндігін ескере отырып, ең тиімді деген дене тәрбиесі амалдарын ұсынуға мүмкіндік туғандығын, ондағы басты мәселе спорттық қабілеттілікті бағалау және жасөспірімді  жекелеген спорт түрлеріне іріктеудің мәселелерін қарастырған. Осы зерттеулер нәтежиелерін спорттық мектептерде қолдану ізбасарлар даярлауда маңызды екендігін көрсетеді [11, 56 б].

И.А. Афанасьеваның «Таэквондошыларды жаттықтырудағы генетикалық ерекшеліктерін ескере отырып оларды  спорттық  іріктеу» атты  еңбегінде  спорттың үлкен жетістіктерін сараптау спорттық іріктеудің тиімділігі мен сәтті көрсетілімдерін болжау қазіргі талаптарға сай емес екенін көрсетеді. Ресей спортшылары нәтижелерінің болжамы 40-60% ғана орындалады. «Мұндай жағдайда жаттықтырушылар мен спортшылардың еңбектері далаға жұмсалып, дене тәрбиесінің қоғамдағы әлеуметтік мақсатын төмендетеді, тіпті кей жағдайда спортшыларда патологиялық құбылыстардың пайда болуына әкеледі» деп көрсетеді. 

Сонымен қатар, қоғамның қазіргі даму кезеңінде спорттық жаттықтырудың теориясы мен әдістемесінде сәтті қолдануға болатын генетикалық зерттеулер қолға алынып жатыр. Алайда, спорттың жекпе-жек тәжірибесінде, оның ішінде спорттық күреске іріктеу кезінде генетикалық факторлар аз ескеріледі. Тұқым қуалаушылықтың адам ағзаның дамуына, жетілуіне және қызмет етуіне ықпалы әсіресе жастық шақта білінеді. Тіпті ол спорттық әрекеттің қайсыбірінде болса да іріктеудің алғашқы  кезеңдерінде зор маңызға ие деп тұжырымдайды [41].

О.П. Юшков, В.П. Сердюк «Еркін күрестегі алғашқы оқыту» атты еңбектерінде «Сауалнамалық сұрақтарды талдау көрсеткендей, үйірмеге қабылданатын балалардың жас шамасы 10 мен 12 жас аралығында. Бұл спорт мектепбі бағдарламасы ұсынғаннан едәуір төмен жас.

Жаңадан келгендерді топтарға жинақтауда жаттықтырушылар бұрын акробатикамен, спорттық гимнастикамен, спорттық ойынмен айналысқан балаларды алғысы келеді. Жаттықтырушылардың бір бөлігі (11%) үйірмеге бұрын спортпен айналыспаған, былайша айтқанда таза балаларды алады. Олар бұл амалдарын былай түсіндіреді. Басқа үйірмеден келген балалар қиындық түсіп, қиналғанда қайтадан басқа үйірмелерге қашып кетеді»  деп көрсетеді.

Бастапқы дайындық топтарына қабылдау белгілері әртүрлі. Сұралған бапкерлердің көпшілігі (60 %) алғашқы орынға қара күшті қояды. Күш нормативін басқа да жаттықтырушылар алғашқы деп есептейді. Дегенмен біздің ойымызша күш шешуші роль бола алмайды, өйткені күш жаттығу барысында онсыз да толығады деп тұжырымдайды.

Шапшаңдық-күш мінездемесіндегі нормативті 44% бапкерлер қолданады  (30, 60, 100 метрге жүгіру, бір орында  секіру, жүгіріп секіру, т.б.). Сонан соң координациялық сапаны айқындайтын нормативтер ептілік (38 бапкер) акробатикалық жаттығулар, тапқырлық пен мән берушілік ойындары, спорттық ойындар. Жасөспірімнің иілгіштігін анықтайтын нормативтерге сұралған бапкерлердің 28 % жүгінген. Конституциялық және морфологиялық ерекшеліктеріне үйірмеге алу кезінде 18% бапкерлер өз таңдауын жасаған.

Кейбір бапкерлер (16%) жарыс кезінде іріктеу өткізіп, күреспен айналысқысы келгендердің барлығын да күрестіріп көріп алады. Күрес кезінде олардың тапқырлығы мен кез келген сәтте оңтайлы шешім қабылдау қабілетіне назар аударады.

16% бапкерлер іріктеу кезінде моральды-еркіндік сапасына еңбек сүйгіштік, жауынгерлік мінез, күреспен айналысуға құмарлығы т.б. ерекшеліктеріне мән берген.

Бапкерлердің бір бөлігі (14%) барлық талапкерлерді қабылдап, оларды 1,5-2 ай шамасында бақылауда ұстайды. Балалар күрес техникасын қалай үйренеді, жүктемеге шыдайды (кейде арнайы көбейтілген) содан кейін барып  топты жинақтайды деп өздерінің практикалық жұмыстарында кездескен  ерекшеліктерді ортаға салып баланың күрес кезінде көрсеткен тапқырлығын  негізгі көрсеткіш ретінде алуға болады деп  ұсынады [42].

 

2.2  Оқу — жаттығу сабақтарын өткізу

 

Балалардың түрлі жас кезеңдерінде дене қасиеттері бір мезгілде қалыптаспайтындығы белгілі. Әр қасиеттің дамуы үшін өсудің шыңына жететін, сенситивтік кезеңдері бар, дамудың жеке бағдарламаларын генетикалық анықтайтын ерекшеліктері болады [43].

Спорттық күрес спорттың ситуациялық түрі болып табылады және әдістер, байланыстар, ауыстырулар күрделі әдіс-тәсілдік әрекеттері мен кешендердің жиынтығын құрайды.  Олардың әрбірі нақты міндетпен, күштік, уақыттық және кеңістіктік өлшемдермен, координациялық күрделілікпен т.б. сипатталады.

Баланың 10-12 жас аралығы қозғалыс  ептілігінің жоғары өсу қарқынына қолайлы кезең болып табылады. Оған орталық жүйке жүйесінің жоғары бейімделгіштігі мен қозғалыстардың кеңістік-уақыттық сипаттамаларының жетілуінен көрінетін қозғалыс аппаратының белсенді дамуы септігін тигізеді.

Арнайы бағыттағы жасалған ойын мен тапсырмалар кешендері қажетті дене қасиеттерін иелену мен бірсайысты жүргізу әрекеттерін игеруге мүмкіндік берді. Олардың орындалуы барысында координациялық қабілеттердің дамуына үлкен назар бөлініп, реттіліктің дидактикалық қағидасы іске асып, қозғалыс әрекеттерін игеру жағдайлары қамтамасыз етілді.

Арнайы ойындар дене қасиеттерін дамыту үшін бағытталған жаттығуларды жетілдіретін имитациялық жаттығуларға негізделді. Имитациялық жаттығулар әртүрлі жастағы болашақ спортшыларды қимыл әрекеттерге үйрету мен жетілдіру мақсатында пайдаланылды. Олар спорттық жаттығуды дұрыс қалыптастыруға, оны игеру үрдісін жеңілдетуге, қызметтік мүмкіндікті тиімді іске асыруды жоғарылатып, қозғалыс қызметтері арасында тиімді координацияны қамтамасыз етті және жарыс кезінде қажетті координациялық құрылымын орындауға септігін тигізді.

Жас балуандарды жаттығу сабақтарында қолдануға ұсынылған ойын тапсырмалары мен жаттығулары екі топқа бөлінді.

Бірінші топқа негізгі дене дайындығы мен қозғалыс тәжірибесінің кеңеюіне септігін тигізетін жалпы дамытушы бағыттағы жаттығулар, тапсырмалар мен қозғалмалы ойындар енді.

Екінші топқа арнайы бағыттағы ойындар мен тапсырмалар кірді. Олар қарсыласпен сайысуға дайынық сезімін тәрбиелеуге, бастапқы күрес рухын жетілдіруге, сайыстың күрделі жағдайын бейімдеуге, тәсілдік ойды жақсартуға, жекпе-жек жүргізу қабілеттерін иеленуге бағытталған. Ойынының екі тобы да жас балалардың жалпы және арнайы дайындығы деңгейін арттыруға бағытталды.

Іріктеп алынған ойын тапсырмалары және жаттығулардың көмегімен тепе-теңдіктен шығарудың тиімді тәсілдері жасалып, күш салу нүктелері бейімделді, әдістердің дұрыс түрлері жасалды. Бұл кешендер мен тапсырмалар шабуылдау, қорғаныс әрекеттері мен ұстап қармауды игеруге мүмкіндік берді.

Бірсайысқа маманданған балаларда қозғалыс тәсілін үйренудің бастапқы кезеңінде қолды (оң немесе сол) еркін таңдау мүмкіндігі берілді. Одан кейін, баланың қызметтік ассиметриясын назарға ала отырып, әдіс-айланың жаңа элементін ол жетекші қолды күшті (ыңғайлы) жаққа, кейін жетекші емес қолмен немесе ең әлсіз жаққа игеруіне назар бөлінді.

Бірсайыста немесе спорттың басқа түрлерінде қозғалыс әрекеттерін айна алдында орындау әдістемелік тәсілдің бірі болды. Ол координациялық мүмкіндіктерді арттыруға үлкен әсер етті.

Координациялық қабілеттердің негізгі құралы тапсырманы ерекше қоюға немесе өзгеретін жағдайға уақыт пен кеңістікте бейімделуге, қозғалыстарды уақытылы жөндеу мен қарсыластың денесінің қозғалуының ықтимал жағдайларын алдын ала көруге, әдіс-тәсілдік әрекеттерді қолдану барысында күштік әсердің ұзақтығына, кеңістікке бейімделуге, түрлі белгілерге әсер ету жылдамдығына, уақыттың тығыздығына, қозғалыстарды орындау нақтылығы мен жылдамдығына бағытталған дене жаттығулары  таңдап  алынды.

Күресте координациялық қабілеттерді дамытуға ынталандыру үшін келесі әдістемелік тәсілдер қолданылады: жаттығуларды әртүрлі бағытта орындау (жан-жаққа түрлі жағдайлардағы жаттығулар), ерекше бастапқы жағдайларды қолдану (бір-бірінен ерекше ойын тапсырмалары), кеңістіктегі шектеулердің өзгеруі (кілем алаңын шектеу, шетте, кілемнің бұрышында), жаттығуларды орындау әдістерін ауыстыру, жылдамдықты немесе қозғалыс қарқынын өзгерту, жаттығуларды басқа қозғалыстармен қиындату, серіктестің қарсы әрекетінің өзгеруі, таныс қозғалыстарды бейтаныс үйлесімділікте орындау іске асырылды.

Жаттығуларға бірте-бірте қиындатылған тапсырмаларды және жаңа, қиын жағдайларда орындалуды үздіксіз жаңарту барысында теңдік жаттығулары қосу жаттығуларының  үдерісі барысында қозғалыс қасиеттерін дамытудың өзгеру қарқынына жағымды әсер етуге мүмкіндік береді (екі тестте де бірінші жылдың соңында Р<0,05: t=2,07 жүгіруде, Ромберг сынағында t=2,21). Қозғалыс қасиеттерін дамтыудағы оң қарқын жаттығу үдерісінің кейінгі кезеңдерінде де сақталды (екі тестте де біз дайындаған Р<0,05), яғни біздің қолданған әдістемеміздің дұрыстығын дәлелдеді [44; 45; 46; 47; 48].

Жас балуандарды оқытудың әдістемесінде арнайы координациялық бағыттағы ойындар мен тапсырмалар кешенінің үлкен көлемін пайдалану (жалпы оқыту-жаттығу уақытының жартысынан көбі) бастапқы және кейінгі кезеңдерде әдіс-айла әрекеттердің игерілуін жылдамдатуға мүмкіндік береді деп корытындылай келе, әдіс-айла әрекеттердің сыртқы биомеханикалық құрылымын және негізгі жарыс қозғалыстарының жалпы құрылымын сақтайтын, жаттығулар мен ойын тапсырмаларын қолдана отырып дидактикалық қағидаларын жүзеге асыра отырып, қозғалыс әрекеттерін игеруді жеңілдететін, жағдайларды жасау керектігін және жас балуандардың жалпы және арнайы дене дайындығының деңгейін арттыруға, бірсайысты жүргізу дағдыларын игеруге, тәсілдік ойды жақсартуға, сайыстың қиын жағдайларына бейімдеуге және олардан дәстүрлі емес тәсілмен жылдам шығуға, яғни кейінгі кезеңдерде жаттығу үрдісін анық басқаруға мүмкіндік бередіндігіне назар аударылды.

Бастапқы дайындық топтарында жаттығу сапасын  жақсарту мақсатында жас балуандардың дене сапаларын жетілдіру үшін сынақ бақылаулар мен тесттер жүйесін құру қажет екендігін айқындалды. Дене күш сапасын арыттыру және күреске қажетті негізгі дене мүшелерінің дамуын анықтау  мен болжау қажеттілігін, анықтау кезінде негізінен  жылдамдық-күштілік сапаны жетілдіру спорттық күресті меңгеру кезінде басты көңіл бөлуге қажетті  жағдайлар екендігі анықталды.

Ұсынылған жағдайлар  балалармен жастар  спортындағы  қолданып  жүрген  жекпе-жекте  және балуандарды мамандандырудың  бастапқы сатысындағы  теория мен тәжірибені  толықтыратын құрал болып табылады.

Мәселе спорт түрінде мамандануды қай жастан бастап емес  қалай жасау қажет екені басты болып табылады. Барлығы оқыту-үйрету әдістемеден, дәрістер мазмұны мен жарыстарға дайындау сипатына байланысты екендігі анықталды.

Біздің зерттеу және сұрақ анкеталары көрсеткендей дарынды балалардың күрестен кету себептерінің негізі қазіргі балалар арасында қолданылатын жарыстар жүйесі екендігіне көзіміз жетті. Қазіргі ереже бойынша жас балуандар ересектер тәртібімен күреседі, тек салмақ категориялары өзгеріп, айқастар уақытына азғана шектеулер қойылады. Жоғары нәтижелер көрсеткен балалар жыл бойына түрлі аумақтағы жарыстарға міндетті түрде 8-10 рет қатысуға тиіс. Кейде ең талантты деген балалар жастардың тіпті ересектер арасындағы жарыстарға қатысып, 3-5 кг  салмағын жеңілдетуге мәжбүр етіледі.

Сонымен қатар спорт мектептерінде ересек балуандарды оқыту мен жаттықтыру мазмұнын еш өзгеріссіз балалар топтарына ығыстырған. Организмнің жас ерекшеліктерін ескермей жаттықтыру және жарыс жүктемелерін, қолдану жастардың жоғары нәтижелерге жетпестен күреспен айналысуды тоқтатуға әкелетін түрлі жарақаттарды алуларына жиі әкеледі.

Біз алдымызға (спортшыларды жастық психофизиологиялық ерекшеліктерін  ескере отырып) тездетуге емес, негізгі дене сапасының табиғи дамуына жағдай жасауға, балуандарды әркелкі әдіс-тәсілдік арсеналдарымен қаруландыруға, жарыс кезінде төзімділікке тәрбиелеуге ықпал ететін оқыту мен жаңа жарыстар жүйесін құруды мақсат еттік.

Біз ұсынып отырған жүйенің мазмұнында әрбір жаңа кезеңде дене сапасын дамыту үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған,  ал жарыстар жүйесі олардың жалпы дамуына ықпал етуге тиіс деген мақсатта  ұйымдастырылды.

Балалардың күреске деген табиғи құштарлығын ескере отырып, балаларды ерте бастан қарапайым күрес әдіс және тәсілдік машықтарына үйрете бастауды мүмкін деп есептейміз. Ол үшін біз түрлі жастағы балалармен дәрістердің мазмұнын анықтайтын міндетті және ерікті бағдарламалар бойынша жарыстар жүйесін ұсынамыз.

Бұл жүйе бойынша тікелей жекпе-жек күресу түрін өткізуден бас тарттық, олай    ету    жарыстарда     балаларды    аса   үлкен   психикалық   күйзелістен

сақтандыруға жәрдем етеді, сонымен қатар дене-күшін, әдістік және тәсілдік

дайындықтың мықты іргетасын қалатуға мүмкіндік туғызады.

Спорттық ізбасарларды даярлау әдістемесі бойынша  жүргізген тәжірибе негізінде түрлі дене сапасын арттыруға және жоғары координациясы бар жаттығулар алынды. Міндетті бағдарламада бекітілген бұл жаттығулар балуандардың дене сапасының даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Жаттығулар орындау күрделілігімен қиындықтардың өсуімен таңдалған. Мәселен 10-12 және 13-14 жастағы балалар үшін олардың дене сапасының даму деңгейін ғана емес, оларды ерекше жағдайларда көрсете білу қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін жаттығулар бағдарламаға енгізілді.

Міндетті және еркін бағдарламалар бойынша жарыстар жеке, командалық және жекелей-командалық (оларды салмақтық категория бойынша, тіпті біріншілік үшін де жүргізуге болады) бола алады. Жеңімпаз барлық жарыстар түрінен жиналған ұпайларымен (ортақ жеңіс үшін) сонымен қатар бағдарламаның әрбір түрі бойынша бөлек-бөлек те анықтау, орындалушы жеке және командалық топта жұмыс істей білу дағдысын арттырады.

Тәжрибелік топтарда  жалпы және арнайы дене дайындығы және әдіс-тәсілді  жетілдіру мақсатында балалардың жас ерекшеліктеріне қарай  бөлу  (еркін бағдарлама)

10-11 жас

  1. Диаметрі 1,5 м шеңберден қарсыласын итеріп шығарып тастау

– 3 рет.

  1. Қораздар шайқасы – 1,5 мин.
  2. Белгі бойынша серіктестен допты тартып алу – 3 рет.
  3. Формула бойынша тізерлеп жекпе-жектер: 45 сек. –1 мин.үзіліс.

 12-13 жас

  1. Төңкерілген отырғыштағы күрес (кім тепе-теңдіктен шығара алады) – 3 рет.
  2. Жеңгенше тізерлеп күресу – 2 мин.
  3. Тұрыстағы жекпе-жектер 1 мин. күрес – 1 мин. тынығу – 1 минуттан алма-кезек тізерлеп күресу.

13-14 жас

 

2 кесте  – Тәжрибелік топтарда жалпы және арнайы дене дайындығы және әдіс-тәсілдік тапсырмалардың балалар жастарына бөліну (міндетті бағдарлама)

 

Жасы

Жалпы дене дайындығы

Арнайы дене дайындығы

Әдіс-тәсілдік дайындық

тұрыс

төрттағандап

10-11

1.Жоғары старттан 30 м жүгіру

2. Орнынан ұзындыққа секіру

3. Бір орнынан жоғарыға секіру

1.Отырған күйден алға аунау, аяққа тепе-теңдікті сақтай отырып тұрып кету.

2. Көпірге тұрып оңға, солға айналу

1.Қолдан жұлқып төрттағанға ауысу

2.Бас пен қолды жоғарыдан алып, төрттағанға ауысу.

Домалана алға  аунату.

12-13

1. 30-50 м жүгіру

2.Орыннан ұзындыққа секіру

3. Тығыздалған допты  бастан асыра лақтыру

4. Бір орнынан жоғарыға секіру

1. Алға 3 рет аунап тепе-теңдікті жоғалт-пай тұру

2. Тік тұрып көпір жасау және арқасын кілемге тигізбей ішпен түсу

3. Бас пен қолды тіреп тепе-теңдікті жоғалтпай аунап аяққа тұрып кету

1. Қол мен басты құшақтай манекенді арқадан алқтыру

2. Қолды ұстап иықтан асыра манекенді лақтыру

 

Домалана алға, арқаға, екі жанға аунату.

13-14

1. 50-60 м жүгіру

2.Орыннан ұзындыққа секіру

3. Орында тұрып биіктікке секіру

4. Тығыздалған допты  бастан асыра лақтыру

5. Жатып қолды бүгіп жазу 6.Белтемірге тартылу

1.Бас пен қолды қысып алға аунау

2. Қырынан аунау

3. Артқа бүгіле аунау

4. Көпірге тұрып екі жаққа айналу

1.Манекенді арқадан лақтыру:

а) қол мен басты құшақтай;

б) қолдары мен денесін құшақтай

2.Басы мен қолды бүге ұстап манекенді алға лақтыру

Екі жаққа да түрлі аунаулар

дың неғұрлым көп санын орындау

14-15

1.50-100м жүгіру.

2.Орыннан ұзындыққа секіру

3.Орыннан биіктікке секіру

4. Отырып тығыздалған допты бастан асыра лақтыру

5.Аяқпен отырып-тұруды жасау

6.Жатып қолды бүгіп жазу

7.Аяқтарды іске қоспай уақытқа арқанмен өрмелеу

8.Белтемірге тартылу

1. Алға  аунау

2. Қырынан аунау

3. Артқа аунау

4. Күрес көпірін жасай екі жаққа айналу

5. Жүгіріп келе алға аунау

6. Артқа шегіну кезінде артқа аунау

1. Қолмен басты құшақтай арқадан лақтыру (екі жаққа)

2.Денені қолмен құшақтай бүктіре арқаға  лақтыру

1.Жанынан қолды, аяқты  ұстап аунату

2. Белбеуден, желкеден  ұстау түрінде аунату

3.Желкеден ұстап басты құшақтай аунату

 

  1. Қос күресті айқасудан кім еденнен жұлып ала біледі.
  2. Жекпе-жектер 2 мин. (1,5 мин. тұрыс – 1 мин. тынығу – 1 минуттан алма-кезек тізерлеп күресу).

14-15 жас

  1. 3 минуттық екі кезеңнен күрес, 1 мин. тынығу. Жеңіс әдемі орындалған тәсіл үшін тапсырылады.
  2. Қос күресті айқасудан қарсыласын айқасты ажыратпай 2х2 м диаметрдегі шеңберден шығарып тастау.

Көптеген жаттықтырушылардың үлкен тәжірибесіне сүйене отырып   спорттық күрес бойынша әдебиеттерді зерттеу мен талдау спорттық  күрестегі   денеден, қолдан, аяқтан қолмен ұстаудың  он жеті түрін анықтауға мүмкіндік берді. Қармау-ұстаулардың бұл тізімі негізінде іске асыру қиындығы бойынша ұстау түрлерін  жүйелеуге, жаттықтырушы, спортшылар мен ғылыми қызметкерлердің пікірлерін анықтау мақсатында  сараптамалық  бағалау  жүргізілді.

 

3 кесте – Күрес кезінде іске асыру қиындығының дәрежесі бойынша денеден, киімнен ұстау тәсілдерін орналастыру

 

Ұстаудың атауы

Қиындық дәрежесі

1

Қолдың білегінен ұстау

Ең жеңіл

2

Қолдың иығынан, қол білезіктерінен ұстау

Жеңіл

3

Қолдың астынан, шынтақтан ұстау.

Қолдың білегі мен мойыннан ұстау.

Қолдың иығы мен мойнынан ұстау.

Орташадан төмен

4

Қолды екі қолдың ішінен ұстау. Қолды екі қолдың сыртынан ұстау. Иықты жоғары және қолдың білегінен ұстау. Иықтан төмен және қолдың білегінен ұстау.

Орташа

5

Қолды жоғары және кеудеден ұстау. Мойынды жоғары және қолдың білегінен ұстау. Мойын мен иықты жоғары қармау. Кеудені  қолмен  ұстау.

Орташадан төмен

6

Иықтың астынан ұстау. Кеудені екі қолмен ұстау.

Қиын

7

Басты ішпен қысып, иықтан жоғары ұстау.

Ең қиын

Дегенмен, жас күрескерлерді бастапқы дайындау кезеңінде барлық аталған ұстауларды үйрету қиын іс. Соған байланысты олардың көлемін қысқарту мен балуандарды бастапқы оқыту тиімділігін арттыру мақсатында аталған ұстаулардың негізгілерін, яғни игере алатындарын ерекшелеуге шешім қабылданды. Осыған байланысты негізгі жеті ұстау түрлері таңдалып алынды.

 

4 кесте  – Спорттық  күрестегі негізгі денеден, киімнен ұстау түрлері

 

Ұстаудың атауы

Үйрету реті бойынша

1

Қолды екі қолдың сыртымен ұстау

4

2

Иықты жоғары және қолдың білегінен ұстау.

5

3

Иықты төмен және қолдың білегінен ұстау.

6

4

Қолдың білегі мен мойыннан ұстау

2

5

Қолды екі қолдың ішімен ұстау

3

6

Қолдың білегінен ұстау

1

7

Мойын мен иықты жоғары ұстау

7

 

Осы мақсаттарды іске  асыру жолында жаттықтырушылармен қажетті  ойын түрлерін таңдауға байланысты  негізгі  ұстауларды атаудан басқа, қарсыласқа әсер ету тәсілдерін жүйелеуді талап етеді. Мұндай тәсілдердің саны алты. Олардың әр бірінің педагогикалық сипаттамасы, ойында тиімді іске асыру белгілері бар.

Осы мақсатта  4 түрлі нұсқа пайдаланды.

Ойын нұсқаларына ортақ белгілері бойынша  бөлу:

  • ойындар диаметрі 2,5-3 м шеңберде немесе 2,5-2,5м, 3×3м шаршыда өткізілді;
  • ойын уақытын жаттықтырушы-оқытушы белгілейді, ол 10-30 сек аралығын қамту мүмкін;
  • серіктесті шеңбер немесе шаршыдан шығару, тепе-теңдіктен шығару және ұстауды орындауымен байланысты тапсырмалардың орындалғаны үшін, ұпайдың үлкен көлемімен жеңіскер анықталады.

 

5 кесте – Қарсыласты күрес барысында назарын аударту немесе ыңғайсыз жағдайға қою үшін әсер етудің түрлі тәсілдері

 

Тәсілдің атауы

Педагогикалық сипаттамасы

Ойында тиімді іске асыру белгісі

1

Қағып-шығару

Ұстау әдісінен босануға талпынысты туындату және қарсыластың әрекеттілігін шектеу мақсатында ұстауды сақтаумен байланысты әсер тәсілі

Ұстау  әдісін  орындап белгіленген уақытта қарсыласты әрекеттілігіннен айыру 

 

2

Ығыстыру

Қарсы қысымды туындату немесе кілемнен артық орын алу мақсатында қарсыласты итеріп шығарумен байланысты әсер тәсілі

Қарсыласты белгіленген уақытта қарсыласты шеңберден немесе шаршыдан ығыстыру   

 

3

Тарту

Қарсы бағытқа талпынысты туындату мақсатында қарсыласты өзіне белсенді тартумен байланысты әсер тәсілі

Белгіленген уақытта қарсыласты сызықтан тарту 

 

4

Қырымен аудару

Қарсыласты ыңғайсыз жағдайға келтіруге бағытталған әсер тәсілі

Белгіленген уақытта қарсыласты өзіне қырынмен немесе арқасымен  аудару 

 

5

Тепе-теңдіктен шығару

Қарсыласты тиімсіз тұрақсыз жағдайға келтіруге бағытталған әсер тәсілі

Белгіленген уақытта қарсыласты қолмен кілемді ұстатқызу немесе дененің ауырлығын бір аяққа түсіруге мәжбүрлеу 

 

6

Қауіп  тудыру

Өзін — өзі  сақтау сезімін туындатуға есептелген алаңдату әрекетімен байланысты әсер тәсілі (қорғаныс әсері, жігерді күрескерге қажетті шабуыл бағытына бағыттау)

Алдын ала қарсы әсермен қорқытып, ығыстыруды, аударуды, қарсыласты тартуды іске асыру (тәжірибелі күрескерлерді дайындауда жігерді басу және қармауды немесе шабуыл қаупіне қорғаныс әсерін туындатумен байланысу мүмкін)

 

 Жоғарыда берілген жаттығу сабақтарына қатысқан тәжрибе топтарындағы балалар мен негізгі топтардағы  балалар арасында жарыстық түрдегі ойындар арқылы дайындық  дәрежелерін салыстыру іске асырылды. Ұстау-қармауларды және қарсыласқа тиімді әсер ету тәсілдерін жүйелегеннен кейін ойынды  жүргізудің түрлі нұсқаларын ойластыру міндеті туындады. Ойын шарттарын іске асыру қиындығы бойынша орналастырылды.

6 кестеде жеңіскерлер мен жеңілгендердің әдіс-тәсілдік дайындығын салыстырмалы талдаудың нәтижелері көрсетілді. Кестеде жарыстың жеңіскерлері теңдіктен шығаруды жиі қолданды және одан кейін шабуылды сәтті жасағаны көрінеді. Сонымен қатар жеңгендері  қарсыластың қателерін жиі пайдаланып, дайындықсыз шабуылдарды сәтті орындады. Ал жеңілген күрескерлер дайындықсыз шабуылдарды жиі сәтсіз орындаған. Бұл деректерді қорыта келгенде теңдіктен шығару мен шабуыл барысында теңдіктен шығаруды және қауіп төндіруді сәтті қолдану сайыстың қорытындысына шешуші әсер  ететіндігін  көруге болады және денеден-киімнен ұстауды арнайы меңгергендер жеңіске көп жеткендіктерін көруге болады.

 

6 кесте  – Жеңген және жеңілген күрескерлердің әдіс-тәсілдік дайындығының салыстырмалы талдау нәтижелері (N-34)

 

Әрекеттердің атауы

Топтар

Х

G

T P

1

Теңдіктен шығару

Жеңген

жеңілген

8,6

4,5

6,4

4,4

4,69<0,001

2

Теңдіктен шығарудан кейінгі сәтті шабуыл

Жеңген

жеңілген

2,3

0,5

2,1

0,8

6,66<0,001

3

Теңдіктен шығарудан кейінгі сәтсіз шабуыл

Жеңген

жеңілген

0,5

0,6

0,7

0,9

-0,99>0,05

4

Қауіп

Жеңген

жеңілген

1,8

1,8

2,3

2,5

0,68>0,05

5

Қауіптен кейінгі сәтті шабуыл

Жеңген

жеңілген

0,2

0,1

0,4

0,2

2,15<0,05

6

Қауіптен кейінгі сәтсіз шабуыл

Жеңген

жеңілген

0,1

0,2

0,4

0,2

-1,38>0,05

7

Тәсілдік дайындықсыз сәтті шабуыл

Жеңген

жеңілген

1,3

0,5

1,3

0,9

5,64<0,001

8

Тәсілдік дайындықсыз сәтсіз шабуыл

Жеңген

жеңілген

1,4

2,3

1,7

2,0

-3,01<0,01

 

Жоғарыдағы деректерді қорыта келгенде балуанның шеберлігінің негізгі белгілеріне сайыста қолданылатын тәсілдік дайындықтардың – теңдіктен  шығару мен одан кейінгі тиімді шабуылдардың көлемі жатады. Дайындықсыз жасалған шабуылдардың тиімділігі күрескердің шеберлігінің шектелгендігі туралы дәлелдейді. Теңдіктен шығарудың, одан кейінгі сәтті шабуылдар мен дайындықсыз сәтті шабуылдардың көлемдік сипаттамалары қарсысайысты жүргізу дағыдыларын қалыптастыру дәрежесін бағалау үшін қолданылу мүмкін.

Тәжірибелік топ қарсыласқа әсер ететін ұстау әдістерін іске асыруды қалыптастыруға бағытталған, ойындарды пайдаланумен жасалған әдістеме бойынша жаттықты. Оның мазмұны: бастапқы сабақтың дайындық кезеңінде балуандар 15-20 минут ойын әдісінің көмегімен негізгі ұстау түрлерін  іске асыру тәсілдерін игерді.

Тәжірибелік топтың күрескерлері бірінші жарыста теңдіктен шығаруды жиі пайдалануды және бақылау тобымен салыстырғанда шабуыл әрекеттерінде сәтті орындады. Статистикалық көрсеткіштерді талдау Р<0,001; Р<0,01 мәнінде айырмашылықтардың дәлелілігінің жоғары деңгейін анықтайды.

Екінші жарыстың нәтижелері бойынша тәжірибелік топтың күрескерлері бірінші жарыстағыдай, теңдіктен жиі шығарды және шабуыл әрекеттерінде оларды нәтижелі қолданды. Сонымен қатар тәжірибелік топ күрескерлері қауіптен кейін жиі шабуылдауға тырысқанымен сәтсіз болды. Ал бақылау тобының күрескерлері дайындықсыз шабуылды сәтті өткізді. Статистикалық деректерді талдау дәлелді айырмашылықты көрсетеді.

Үшінші жарыста да көрініс сондай. Яғни тәжірибелік топтың күрескерлері теңдіктен жиі шығарды және шабуыл әрекеттерінде оларды нәтижелі қолданды. Сонымен қатар, тәжірибелік топ күрескерлері қауіптен кейін жиі шабуылдауға тырысқанымен сәтсіз болды. Ал бақылау тобының күрескерлері дайындықсыз шабуылды сәтті өткізді. Сонымен бірге, бақылау тобының күрескерлері теңдіктен шығарғаннан кейін шабуылдауға тырысты, дегенмен барлық шабуылдар сәтсіз аяқталды.

Осылайша, бақылау және тәжірибелік топ күрескерлерінің әдіс-тәсілдік салыстырмалы талдау нәтижелері бақылау тобына қарағанда қарсысайысты жүргізу дағдыларын игеруде тәжірибелік топтың  жоғары  мүмкіндіктерін көрсетті.

Педагогикалық тәжірибе барысында күрескерлердің екі тобы да бақылау жаттығуларының нәтижелерін жақсартты. Ал топ аралық айырмашылықтар статистикалық дәлелсіз болды.

Осы тәжірибелік жұмыстардың  қорытындысы  бойынша  біз 9  кестеде  көрсетілген  әр ай сайын  ойын түрінде  өткізілген  жарыстардың  тиімді жақтары  көп екендігін  дәлелдеп  шықтық.

Бастапқы дайындық топтарындағы оқу–жаттығу сабақтарын өткізу әдістемесін бере отырып біз бағдарламада бала жасының физиологиялық өсу ерекшелігін ескеру қажеттілігін басшылыққа ала отырып, спорттық күрес топтарындағы балаларға күрестің элеметтерін үйрету әдістемесіндегі бастапқы қажетті шараларды анықтап алдық олар:

  1. Спорттық күресте орындалу қиындығының белгілері бойынша жеті топқа жүйелендірілген, тұрықтағы бастапқы ұстаудың он жетісі анықталды:
  • ең жеңіл: қолдың білегінен ұстау; екендігі анықталды.
  • жеңіл: иықтан қолды ұстау;
  • орташа иықтан төмен: шынтақты қолдың астынан ұстау; мойын мен қол білегін ұстау; мойын мен иықты ұстау;
  • орташа қиындықты: қолды екі қолдың ішінен ұстау; қолды екі қолдың сыртынан ұстау; иықты төменнен және білектен  ұстау;
  • орташа қиындықтан төмен: қолды жоғарыдан және кеудеден ұстау; мойыннан жоғары және қол білегінен ұстау; иықты қолдың үстінен ұстау; мойын мен иықтан жоғары  ұстау; кеудені қолмен  ұстау;
  • қиын: қолды иықтың астымен ұстау; кеудені екі қолмен  ұстау;
  • ең қиын: иықты қолдың үстімен ұстау; басты ішпен қысып  ұстау.

Түрегеп тұрып,  бастапқы   ұстаулар   ішінен қалғандарын игеруге алғышарт жасайтын, негізгі жетеуі анықталды. Олар: қолды екі қолдың сыртынан ұстау; иықты жоғары және қол білегінен  ұстау; мойын мен иықты   ұстау; қолды екі қолмен ішке қарай  ұстау; қол білегінен  ұстау; мойын мен иықты сыртқа қосып  ұстау.

  1. Ойын шарттарын бірте-бірте қиындату есебінен, қарсыласқа белсенді әсер етумен ұстауды іске асыру дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізетін, ойынының 4 нұсқасы жасалды.
  2. Күрескерлердің жоғары шеберлігінің негізгі белгілері тәсілдік дайындықтың сайыста қолданылған көлемі – теңдіктен шығару мен одан кейінгі тиімді шабуылдардың көлемі болып табылады. Дайындықсыз шабуылдардың көп көлемі күрескерлер шеберлігінің шектелуін білдіреді. Теңдіктен шығарудың, одан кейінгі тиімді шабуылдар мен дайындықсыз шабуылдардың көлемдік сипаттамалары қарсысайыс жүргізу дағдыларын қалыптастырудың дәрежесін бағалау үшін қолданылу мүмкін.
  3. Көпсайыстың мағыналық құрылымын есепке алумен бастапқы оқытудың жасалған әдістемесі ауыстырулары, құлату, лақтырулармен үйлесімділікте қарсыласқы белсенді әсер етумен қармауды қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді болып табылады. Тәжірибелік топтың спортшылары тәжірибе барысында бақылау жарыстарының нәтижесі бойынша теңдіктен шығарудың (Р< 0,001; Р<0,01; Р<0,05) және одан кейінгі сәтті шабуылдарының (Р<0,01; Р<0,05; Р<0,001) бақылау тобымен салыстырғанда жоғары көрсеткіштерін иеленді. Нәтиже ретінде олар 75 жеңіс, 46 жеңіліс пен 12 рет чемпион, 13 рет екінші орын және 7 рет үшінші орынды алды.
  4. Сайыстың мағыналық құрылымын есепке алумен бастапқы оқытудың жасалған әдістемесі қатысушылардың дене қасиеттеріне әсер ету қарқынына оң әсер етті. Спортшыларда тәжірибе барысында дене дайындығының көрсеткіштерінің бірдей жақсаруы байқалды.

Тәжірибелік кеңестер

  1. Бастапқы дайындық кезеңінде спорттық күрестің оқыту-жаттығу үрдісін құру барысында ойын   сайыстарының  мағыналық  құрылымын  құру  қажет.
  2. Жас балуандарды бастапқы дайындық кезеңінде ең алдымен жеке-жеке қарсыласқа әсер ету тәсілдері мен ұстау түрлерін іске асыруды үйрету керек, оны ойын түрінде орындау тиімді  екендігі  анықталды.
  3. Алдымен күрес түріндегі тұрықтағы бастапқы ұстауларды іске асыру қиындығы бойынша жүйелеуге және қарсыласқа тиімді әсер ету тәсілдерін, оларды игеруге кеңес беріледі. Мұнда ойын әдісін белсенді пайдалануға кеңес беріледі.
  4. Қарсыласқа белсенді әсер ететін ұстауларды үйрену барысында ұстау түрлерін іске асыру дағыдаларын қалыптастыруға септігін тигізетін, ойынының 4 нұсқаларын  пайдалануға кеңес беріледі.
  5. Ойындарды сабақтың негізгі бөлігінде 15-20 минут ішінде беру керек. Ойындарды өткізуге кірісуден бұрын жаттықтырушы қатысушыларды күштері тең топтарға бөлуге тиіс. Одан кейін оларды кілемнің бір шетіне шығарып, сабақты көрінетіндей етеді. Жаттықтырушы  үйренетін ұстау әдісін хабарлайды және көрсетеді, іске асыру мен қарсыласқа әсерін мәлімдейді. Көрсету барысында ойын тапсырмаларын іске асыру жағдайында балуандардың алатын мүмкіндігін түсіндіреді. Бастапқыда ұстаулардан босану тәсілдері дербестікке үйрету үшін көрсетіледі. Барлық ойын нұсқаларына ортақ жағдайлар:

а) ойындар диаметрі 2,5-3 м шеңберде немесе 2,5-2,5 м 3×3м шаршыда  өткізіледі;

б) ойын уақытын жаттықтырушы белгілейді, ол 10-30сек қамту мүмкін;

в) жағдай жаттықтырушының  бұйрығымен өзгертіледі;

г) ойынының әр нұсқасынан кейін жеңіскер анықталады;

д) серіктесті шеңберден, шаршыдан итеріп шығару, теңдіктен шығару мен нақты ұстауды іске асырумен байланысты тапсырмаларды орындағаны үшін алған ұпай санымен жеңіскер анықталады.

  1. Қарсыласқа белсенді әсер ететін ұстауды іске асыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ойындарды өткізгеннен кейін бір шабуыл әрекетінен қорғану екіншісін жүргізу үшін ыңғайлы жағдайға әкелетін кезде, тәсілдік өзара байланыс қағидасы бойынша шабуылдаушы әрекетті игеру сапасы қадағаланады.
  2. Түрегеп тұрып шабуыл әрекетін игеруді ығыстыру, теңдіктен шығарудан кейін ұстауды ауыстыру талап етілмейтін түрлерінен бастау қажет. Одан соң әрекеттерді  үйрету  немесе  олардың  нұсқасының  ауысуы  болғандығын қадағалау жөн.
  3. Жаттығу сабақтарында ертерек үйретілген шабуыл әрекеті қозғалыс қабілетінің жақсы деңгейіне келтірілмегенше шабуыл әрекеттерінің жаңа түрлеріне үйренуге кіріспеген жөн, меңгеруі тіптен нашар болған жағадайда жеке жұмыс жасау қажеттігі туындайды.

 

2.3  Баланың спортқа бейімділігін анықтау жолдары

 

Қазіргі уақытта, спортшыларға қойылатын талаптардың үнемі жоғарылап отыруы жағдайында әлемдік спорттық жетістіктердің жоғары деңгейі жағдайында дарынды, талантты жастарды іздеудің маңызы артып отыр.

Жоғары спортық жетістіктерге, әсіресе халықаралық рекордтардан асып түсу тек қана нақты бір спорт түріне және спорттық қызметке арнайы қабілеттердің болуы жағдайында ғана мүмкін екендігін зерттеулер көрсетеді [49; 50; 51].

Бұдан келіп тек қана іріктеу қажеттігі ғана емес, қимыл-қозғалыстағы функционалды және психологиялық  қабілет жағынан алғанда дарынды, өзінің дарындылығы есебінен қарқынды шынықтыруларға  денсаулығына нұқсан келтірмей төтеп беретін, сондай-ақ, тосын жағдайларда жоғары нәтижелер көрсете алатын жас спортшыларды іріктеу мен мақсатты іздестіру қажеттігі туындайды.

Спорттық дарындылық берліген спорт түріне қатысты қимыл-қозғалысты, функционалды және психологиялық қасиеттердің үйлесімділігі мен спортшыны шынықтыру барысында осы қасиеттерді тез, әрі тиімді дамыта алу қабілетінің үйлесімділігі ретінде беріледі. Мұнда міндетті факторлар ретінде арнайы морфологиялық түр, сондай-ақ, денсаулықтың жақсы және өте жақсы күйі кіреді. Сонымен бірге, тым талантты берілген спорт түріне қатысты қабілеттердің барлығы бойынан табылатын адамдар кемде-кем кездеседі.

Спорттық таланттарды іздестірудің күрделілігін Н.Ж. Булгакова өз еңбектерінде айқын келтіреді. Мысалы, біз ұзын бойлы және шапшаң жас адамды іздестіреміз делік.  Ұзын бойлы деп өзіндік жас ерекшелікті-жыныстық топтағы ең ұзын адамдардың 1% құрайды,  бұл деген сөз мұндай адамды табу мүмкіндігі 1/100 тең. Тура осы талаптар шапшаңдықтың жоғары деңгейлі қасиеті бар адамға қойылады.  Бұл жағдайда үлкен өлшемді және жоғары шапшаңдықты адамды табу мүмкіндігі 1/10000 құрайды. Егре іріктеу кезіндеге дене сапаларына тағы да төзімділікті немесе ептілікті қосатын болсақ, мұндай адамды табу мүмкіндігі миллионнан біреу болады [52].

Жас спортшыларды іріктеу бойынша тәжірибелік жұмыстарда, тәртіп бойынша дарындылыққа толыққанды сәйкес келу үшін міндетті түрде бірдеңе жетіспей тұратын балалар кездеседі, осыған байланысты берілген бір спорт түрімен мамандандырылуы үшін «қарсыға» қарағанда «иә» басым болып тұратын жас таланттарды іздестіруге талпынамыз.

Сондықтан, іріктеу кезінде, әсіресе оның бастапқы кезеңінде берілген спорт  түрімен шұғылдануы үшін түпкілікті тұжырымдама немесе оның болашақтан үміт күттіретіндігі жайлы болжам жасау үшін міндетті түрде жас спортшылардың морфологиялық, функционалды және психологиялық қасиеттеріне бағалама бергенде кешенді тәсіл қолданылуы қажет [53; 54; 55; 56; 57; 58; 59].

Осы тұрғыдан алғанда, спорттық іріктеу бір қайтармыды іс-шара емес,  жас берілген спорт түрінде жетістіктерге жете алуы үшін спортшылрадың бойындағы қабілеттерді айқындаудың көпжылдық, көпкезеңді үдерісі қажет.

Бұл жерде балалардың қандай да бір спорт түрімен шұғылдану үшін тіимді спорттық бағдарлануының және біршама дарынды жас спортшыларды спорттық жетілудің түрлі кезеңдерінде кезең-кезеңімен іріктеудің маңызы үлкен.

Балаға қандай да бір спорт түрімен шұғылдануды ұсыну үшін, ең аладымен оның бойындағы қабілеттері мен қасиеттерін нақты тани білу қажет. Сондықтан іріктеудің мәні де спортқа жаңа келушілердің бойындағы берілген спорт түріне қатысты және осы спорт түрінде жетістіктерді қамтамасыз ететін қабілеттерін уақытылы және дұрыс анықтау қажет. Адамның дамуы генетикалық және әлеуеметтік факторладың әсерінен жүреді.

Адамның келешегі, нышандары жеке тұлғаның ықтимал мүмкіндіктерін алдын-ала анықтайтын тұқым қуалай берілген қасиеттері. Тұқым қуалаушылықтың негізін балаларына ата-аналарынан берілетін генетикалық ақпарат құрайды. Генетикалық факторлар ықтимал мүмкіндіктерді анықтайды. Бірақ, ешбір ықтимал мүмкіндіктер ағзаның қоршаған ортамен қарым-қатынасынсыз, тәрбиелеу және үйрету сияқты әлеуметтік әсерлерінсіз ашылуы мүмкін емес. Жеке тұлғаның тұқымқуалаушылық пен қоршаған орта факторларының әсері нәтижесінде қалыптасқан қасиеттер жиынтығы қабілет деп аталады.

Сонымен, қабілеттердің негізін барлық уақытта табиғи нышандар құрайды, бірақ ол тек қабілеттердің негізі болып табылады да, оларға міндетті түрде қол жетекізуге кепілдік бере алмайды. Табиғи дарындылыққа жетістік емес, тек қана оған жету мүмкіндігі тәуелді болады. Белгілі бір қабілетке бұл тұрғыдан қарастырғанда шынықтыру және адамның жеке басылық ерекешліктеріне сай келетін қандай да бір қызметінде жетістігі есебінен қол жетеді. Бірдейнышандар негізінде түрлі қабілеттерге қол жеткізуге болады, сондай-ақ, тең қабілеттер түрлі нышандар негізінде қалыптасуы мүмкін.

Жеке тұлғаның тұқымқуалай берілген, туа біткен нышандары жасырын болады және олардың  өзгертілуі қиын болады, сонымен қатар оларға қоршаған орта, шынықтыру әдістерінің әсері де шамалы болады. Морфологиялық, психологиялық-физиологиялық және қимыл өлшемдерінің басым бөлігі біршама генетикалық бақылауда болады. Басқа, әлеуемттік салаға қатысты қасиеттер, мыслаы, еңбек сүйгіштік, саналылық тәрбиелеуге бейім болып, педагогикалық әсердің маңызды объектісі болып табылады.

Түрлі жас кезеңдерінде тұқымқуалай берілген және әлеуметтік факторлардың спорттық қабілеттеріне ықпал ету өзгеріп отыратындығы қызығушылық туындатады. Қаншалықты жас өскен сайын, соншалықты шынықтырудың қолданбалы құралдары мен әдістері арқылы спорттық қабілеттер дамуының тиімділігіне педагогикалық әсер ету үлесі аз болады; 16-17 жаста шынықтыру әдістемесі генетикалық шектеу ықпалына түсіп қалады.

Сонымен, спорттық қабілеттерді қалыптастырудағы тәрбиелеу мен үйрету туралы көзқарас қалыптаса қоймады. Спортшыларды іріктеу мен тәрбиелеуде бірқатар қателіктер тұқмықуалаушылық факторларды есепке алмағындықтан  жіберіледі. Мысалы, жеткілікті дәрежеде еңбек сүйгіштіктің дарынды нышандары бойында жоқ спортқа шын берілген жасөспірім спорттық шеберлікке жетуге жан-тәнімен ұмтылады. Керемет ерік-күші бар спортшы шынықтыру жұмысының қатаң шеберінен шықпай, басқалар қатарлы нормативтер мен дәрежелерді орындап жүреді. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды. Жүйке немесе жүрек-тамыр жүйелеріндегі ауытқулы өзгерістер нәтижесінде ол қатардан шығып қалып, спорттан қол үзеді.

Генетикалық фактордың маңызыдылығын мойындай отырып, сыртқы орта мен әлеуметтік әсерлерді жоққа шығаруға болмайды. Ғылыми дәледенген мәселе – генетикалық ақпарат қабілет арқылы тек қана сондай жағдайда жүзеге асырылады, егер ол әрбір жас кезеңінде нақты бір қоршаған орта жағдайларымен, ағзаның берілген жас кезеңіндегі дамуына сай морфологиялық және фукнционалды өзгшерістерімен сәйкестендірілсе ғана. Ағзаның жас ерекшелігі бойынша мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтін сыртқы орта факторлары ағза резервтерін тиімді қолдануға мүмкіндік бермейді [60; 61; 62; 63].

Шынықтырудың қолданылымдағы құралдары мен әдістері жас спортшылардың тұқымқуалай берліген қабілеттерін бекітуі қажет.

Іріктеу мәселесі спорттық қабілеттерді болжаумен тығыз байланыста болады. Жас сортшылар санына қатысты ұзақ уақытты болжам жасау осы жасқа тиімді жоағры спорттық нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін, ықтимал қабілеттерді анықтаумен байланысты. Жас спортшылардың мүмкіндіктерін болжау күрделілігі спорттық жетістіктер өсімі оларда ағзаның қалыптасуының әлі аяқтала қоймаған жағдайында жүретіндігімен байланысты.

Спорттық қабілеттердің болжамының сәтті жүргізілуі зерттелінуші көрсеткіштерді зерттеудің тұрақтылығы негізінде жүзеге асырылады. Мысалы, 8 жасар балалар тобында бойларының ұзындығын, күшін, төзімділігін анықтадық. Он жылдан кейін оларды қандай өзгерістер болуы мүмкін: осы көрсеткіштер жоғары деңгейде қалып қояды ма, күштілер мен төзімділер өз қатарларының алдындағы басымдылығн сақтап қала алады ма? Егер, басымыдылқ сақталынып қалса, бұл көрсеткіштер баланың ағзасының дамуы барысында тұрақты болғандығы және олар болжамды мәнді болып келеді. Егер, басымдылық сақталынбаса, сенімді болжам жасау мүмкін емес болғаны және берілген көрсеткіштер іріктеу кезінде көрсеткіш ретінде қолданыла алмайды.

Сонымен, бастапқы көрсеткіштермен соңғы, түпкілікті көрсеткіштерді анықтауды, ең алдымен жасырын белгілерге бағдарлану қажет, өйткені генетеиаклық шектелген қасиеттер нашар өзгертіледі. Осы белгілер спорттық шеберлік өсімін шектеп, жоғары тұрақтылығымен ерекшеленеді, болжам жасау мен іріктеу үшін құндылығы зор.

Сенімді болжам жасау үшін көрсеткіштердің тек қана бастапқы деңгейін ғана ескеріп қоймай, олардың 1-1,5 жылдық сабақ бойғы өсім қарқынын есепке алу қажет.

Көрсеткіштердің бастапқы деңгейі мен өсу қарқыны жас спортшылардың тек қана төлқұжатты жасына емес, биологиялық жасына да тәуелді. Баяу жетілетін жас спортшыларда (ретарданттарда) тез өсетін балалармен салыстырғанда көрсеткіштердің бастапқы деңгейі мен өсім қарқыны аз. Мұның әсіресе пубертанттық кезеңде, яғни жыныстық жетілу кезеңінде (12-15 жас) маңызы зор. Бұл кезеңге ішкі секреция бездерінің қызметінде қайта құрылымды, ағза қызметтерінің нейрогуморальды реттелуінде өзгерістер жүреді, дене өлшемдері (бойы, салмағы, аяқ-қолдар мөлшерінің ара қатысы) күрт өседі. Осыған байланысты, осы жаста қимылдар бағдарын анықтайтын биодинамикалық өлшемдер қатысы уақытша өзгеруіп, жұмысқа қабілеттіліктің өсім ырғағы баяулауы  мүмкін. Сондықтан бұл кезеңде дене қабілеттерін болжау қиын жүреді және генетикалық тұрақты белгілер бойынша сенімсіз болады. Болжамның маңызды көрсеткіші-спорттық жүктемелер берілуінен кейінгі қалпына келу үдерістерінің динамикасы мен сипатын зерттеу болып табылады. Спорттық шеберлік шыңдарына қол жеткізіп жүрген жас спортшылар қалпына келудің тез жүруімен сипатталады. Олай болса, тиімді қалпына келу қабілеті жасырын белгі болып табылады, яғни генетикалық қалыптасқан фактор болып табылады, яғни тіршілікті қамтамасыз ететін маңызды жүйелердің үйлесімді қызметін айқындайды. Жас спортшыларды іріктеу көпжылдық үрдіс ретінде спорттық ізбасарларды көпжылдық дайындау жүйесімен тығыз байланысты. Спортшы ізбасарлар – адамның мүмкіндігі болып табылады.

Спорт ізбасарлар дегеніміз – спорттық шеберліктің нақты бір деңгейіне қол жеткізген және спорттық нәтижелердің ары қарайғы ізбасарлықты өсімін қамтамасыз ететін  оқу-әдістемелік түрлерімен (мамандандырылған сыныптар, балалармен жасөспірімдер спорт мектептері, спорттық мамандандырылған интернаттар, Олимпиадалық дайындық орталықтары) қамтылған спортшылар саны.

Ықтимал ізбасар – балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде, спорттық мамандандырылған интернаттарда т.б. қандай да бір спорт түрімен шұғылданушы жас спортшылардың санымен анықталады.

Жақын ізбасар – Олимпиадалық цикл кезеңінде спорт шеберлігінен үміткерлері мен еліміздің құрама командаларының мүшелері қатарын  толықтыратын дарынды спортшылар.

Іс-әрекетті ізбасар — еліміздің құрама командаларының мүшелері қатарын  толықтыратын келешегі бар, жас жағынан алғанда жоғары дәрежелі спортшылар саны.

Әрбір ізбасар үшін еліміздің спорттық ізбасарларын дайындауға арналған дайындықтың сапасы мен жалғасымдылығын қамтамасыз етуге арналған іріктеудің өзіндік көптүрлі болып келеді. Спорттық бағдарлану сиықты іріктеу түрі ықтимал резер санын қамтамасыз етеді. Оның мақсаты —  берілген балаға осы спорт түрімен шұғылдануға тиімділікті анықтау болып табылады.

Іріктеудің тиімді жүйесі бапкерге алдын ала келешегі бар жас балаға қатысты алынған ауқымды ақпаратты қолдана отырып, жеке басылық тәсілді қолдануға мүмкіндік береді сондай-ақ, жаттығу барысында жіберген қателіктерінде тез бағдарлануға мүмкіндік береді. Жас спортшыға өзінің бейімдігі бар спортын тез табуға мүмкіндік береді және мамандық таңдаудағы сәтсіздіктен туындайтын психологиялық ауыртпашылықты болдырмауға жол ашады.

 

         2.4 Спорттық күреске қажетті арнайы дене дайындық және жарыс түрлері, спорт  түрлеріне  қабілеттері  бойынша  ұсыныстар  жасау    

    

Әрбір іріктеу бағдарламасында спорт түріне қатысты ерекше қасиеттер мен қабілеттердің дамуын сипаттайтын көрсеткіштер болады. Әр спорт түріне арналған өзіндік ерекшелігі бар іріктеудегі әдістемелік ұсыныстар мен бағдарламалық талаптарға сәйкес арнайы дайындықтың тестілерін енгізеді. Іріктеудің алғашқы кезеңінде спорттық дайындығының өсу жолына қарай спорттық көрсеткіштері кіреді. Жаттығу және жарыстық әрекеттің көрсеткіштеріне сай өзі таңдаған спорт түріне байланысты көрсеткен көрсеткіштері мен жылдың ең үздік жетістігін енгізуі қажет.

Тесттерін келтіре отырып, осы сынақтардың спорттық күреске қажетті түрлерін ала отырып біз өз тарапымыздан көрсетілген тест-сынақтарды басқаша орындау балаларға тиімді екендігін көрсетті.

Спортшының жеке көрсеткіштерін кешенді бағалау әдістемесі. Спорттық жарамдылықты кешенді бағалау жас спортшының жеке ерекшеліктерін табу және алынған мәліметтерді іріктеу мен салыстыруға негізделген. Ол үшін  қорытындылау әрекеті жүргізіледі,оларға:

  1. Тест нәтижелері бойынша көрсеткіштің жеке даму деңгейін бөліп қарау.
  2. белгінің (не қасиеттің) жеке даму деңгейін бағлауды аталған спорт түріне қажетті даму деңгейін көрсетілген дәрежемен сәйкес болуы қадағалынады.

Жасалған қорытынды бойынша  «жарамды» баға беріледі:

— денсаулық жағдайының төменгі көрсетілімдері болмаса;

— спорт мектептерінің бағдарламалық талаптарын сәтті игере алса;

-белгілер дамуының қажетті диапазонына дене дамуының қызметтік мүмкіндіктері мен дене дайындығының жеке көрсеткіштері сәкес келсе.

«Шартты түрде жарамды» қорытынды баға беріледі:

-денсаулық жағдайында қарсы көрсетілімдері болмаса;

-дене даярлығының көрсеткіштерінің жағымды өсімі болса (орта және ортадан жоғары);

-белгілердің дамуының қажетті диапазонынан жеке көрсеткіштерінің бөлек ауытқулары болса, және спортшы ағзасының жетілу үрдісінде артта қалуға бейімділігі болса.

«Жарамсыз» деген қорытынды баға беріледі:

— денсаулық жағдайына қарсы көрсетілімдері болса;

— дене даярлығының көрсеткішетірінің өсімі төмен болса;

-белгісінің дамуы қажетті диапазоннан жеке көрсеткіштері едәуір ауықыған болса. Біздің зерттеу мақсатымызға байланысты «жарамсыз» деген баға қойылмады оған себеп бір спорт түрінде «жарамсыз» деген баға алуы басқа спорт түрлерінде жоғарғы көрсеткішке ие болуын көрсетті. Осы нәтижелері ескеріліп спорт мектептерінен шығарылуы туралы шешім қабылдауға болмайды деген ұйғарымға келуге негіз болды. Баланың басқа спорт түрлеріне жаттығуына жол ашылды.

Зерттеудің бұл бөлімі бойынша жалпы бағалау денсаулық жағдайын, оның өзгеру динамикасының мүмкіндіктерін ескере отырып орындаудан тұрады.

Денсаулық күйінің бағасын шығарарда спортшылардың 4 тобын айқындайды: а) дені сау; б) іс жүзінде дені сау (жаттығу жұмысын толық орындауын шектемейтін және орнын баса алатын аурулары бар немесе денсаулық жағдайында ауытқулары бар); в) шектеулі жаттығу процесі мен емдеуді талап ететін аурулары бар; г) спортпен шұғылданудан бас тартуға мәжбүр еткен аурулары бар (қысқа мерзімді және  ұзақ мерзімді) қорытындыны шығарарда белсенді жаттығуларға қарсы көрсетілген патологиялық жағдайлар мен патологиялық бар тізімге сүйенеді.

Зерттеудің бұл бөліміне жарыстық әрекеттерді үнемі өзгеріп отыратын жағдайларында спортшының әдіс-тәсілдік қимылдары мен ден-күш қабілеттерінің деңгейін, үнемділігін, жетістіктерінің өсімін бағалау енеді. Арнайы дайындық пен арнаулы күрес қимылдарының әрекеттерін спорттың күрес ережелерінің талаптарына сай анықтайды.

Көптеген спорт түрлерінде арнайы дене дайындығы бойынша нормативтік талаптары жете зерттелмеген. Егер спортшының жасы және спорттық нәтижелері орталықтандырылған дайындық (олимпиадалық резерв) деңгейіне сәйкес келсе, арнайы дайындықты бағалау үшін спорт түрлерінен мақсатты жинақтық бағдарламаларының нормативтік талаптарын (модельді сипаттамасы) қолданылады.

 

7 кесте – Тәжірибелік  топтарда  апталық жаттығу  циклін бөлу және   жаттығу бағдарламасы мен жарыс өткізудің жоспары

 

Айлары

Апталар

Бақылау тобы

Тәжірибелік топ

Жалпы-жетілдіру

Дене-қабілеті

Әдіс-тәсілдік

Қыркүйек

1

2

3

4

ДҚА

ДҚА

ДҚА

ӘТЖ

ДҚА

ДҚА

ӘТЖ

ЖӨ

ДҚА

ӘТЖ

ДҚА

ЖӨ

ӘТЖ

ӘТЖ

ДҚА

ЖӨ

Қазан

1

2

3

4

ДҚА

ӘТЖ

Б

ӘТЖ

ДҚА

ДҚА

ӘТЖ

ЖӨ

ДҚА

ДҚА

ДҚА

ЖӨ

ДҚА

ӘТЖ

ӘТЖ

ЖӨ

Қараша

1

2

3

4

ДҚА

ДҚА

ӘТЖ

 ӘТЖ

ДҚА

ДҚА

ӘТЖ

ЖӨ

ӘТЖ

ДҚА

ДҚА

ЖӨ

ДҚА

ӘТЖ

ӘТЖ

 ЖӨ

Желтоқсан

1

2

3

4

ӘТЖ

Б

ЖЖ

ЖӨ

ӘТЖ

Б

ЖЖ

ЖӨ

ӘТЖ

Б

ЖЖ

ЖӨ

ӘТЖ

Б

ЖЖ

ЖӨ

ДҚА –    дене қабілеттерін арттыру, ӘТЖ –   әдіс–тәсілдік  жаттығу,

Б –  бақылау, ЖЖ – жалпы жетілдіру, ЖӨ –  жарыс өткізу

Ұсынған жүйе негізінен  ойын – эстафета сипатындағы командалық жарыстар жүйесін құрайды, ойын түрінде берілген жекпе-жектегі күресте жеңісті мақсат ету жас спортшының белсенділігін арыттырады. Ал күрделі координациялық әрекеттерді орындауға және ойынының тез өзгеретін жағдайына жауап ретінде шешім қабылдауға тура келетін ойындық- эстафеталарда олардың белсенді түрде әрекет етулеріне мүмкіндік тудырады.

 

8 кесте – Спорт түрлеріне балалар бейімділігін анықтау кезінде спорт түрлерін топтау

 

Циклдік

Суға жүзу

Велоспорт: шоссе, трек

Шаңғы спорты

Коньки

Академиялық есу

Байдаркалар мен каноэде есу

Марафон

Жеңіл атлетика, орта және ұзақ қашықтықтар

Күштік-жылдамдық

Ауыр атлетика

Қазіргі бес сайыс

Биатлон

Көпсайыс

Жеңіл атлетика, сринт

Жеңіл атлетика, ұзақтыққа секіру, лақтырулар

Жеңіл атлетика, биіктікке секіру, дискі, ядро, найза лақтыру

Ойындық

Волейбол

Гандбол

Теннис

Шөп үстіндегі хоккей

Футбол

Хоккей түрлері

Су добы

Баскетбол

Регби т.б.

Спорттық жекпе-жектер

Грек-рим күресі

Еркін күрес

Дзюдо күресі

Фехтование

Самбо

Қазақ күресі

Шығыс жекпе-жектері

Бокс

Күрделі координациялық қимылдары бар спорт түрлері

Спорттық гимнастика

Көркем гимнастика

Синхронды жүзу

Суға секіру

Тау шаңғысы

Акробатика т.б.

 

Біз жоғарыда көрсетілген тарауда спорт мектептерінде қазіргі жағдайда қолданылып жүрген спортшылардың спортқа жарамдылығына байланысты жеке көрсеткіштерін кешенді бағалауды мысалға келтіре отырып, осы көрсеткіштерді болашақ спортшы ізбасарларды табу жұмыстарында қолдануға болатындығын және енгізілген сынақ түрлерінің спорт түрлеріне бейімділікті анықтауға көмектесетіндігін атай отырып, қазіргі Қазақстан жағдайында осы жұмыстарды атқаруға қосымша жаңа әдістемелерді  енгізу қажеттілігін атап өтеміз. Оған себеп ең алдымен Қазақстанның халқы санының аз болуы әсері, экологиялық мәселелер, спортқа балалардың ерте жастан келулерінің көбеюі, жаңадан спорт түрлерінің енуі, әйел адамдарға арналған спорт түрлерінің көптеп ашылуы, спорт мектептеріндегі нормативтік, әдістемелік құжаттардың қазіргі уақыт талабына сәйкес болуының  ғылыми тұрғыдан зерттеліп негізделуінің болмауы, әсіресе болашақ спортшы ізбасарларды табу, оның сапасын арыттыруға байланысты отандық ізденістердің аздығы себеп болды. Біз өз тарапымыздан осы жұмысқа жаңаша әдістемелік ұсыныстар арқылы сапалық нәтижелерге  жетуге болатындығын көрсеттік. Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы балаларды спортқа «жарамсыз» деп шешім шығарудың дұрыс емес екендігін көрсеттік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Шет ел және Қазақстандық ғалымдардың спортшы ізбасарларды дайындаудағы жүргізген ғылыми-ізденістері мен нормативті құжаттарды саралау және жүргізілген ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Біріншіден, бастапқы дайындық топтарында ізбасарларды даярлау көп жылдық спортшы даярлау жұмысының ең маңызды кезеңінің бірі екендігін атап өтеміз.

Екіншіден, отандық және шет ел ғалымдары  таңдаған спорт түріне мамандандыруды спорт мектептеріндегі бастапқы даярлық топтарынан бастау керектігін бірауыздан  қолдамайтындықтары айқындалды.

Үшіншіден, зерттеу барысы шетелдік ғалымдар мен мамандардың спорттық бейімділікті анықтау саласы бойынша ғылыми ізденістер жасағандығын, оның нәтижелерін тек өздерінің спорт мектептеріндегі оқу-жаттығу  жұмыстарына енгізгендіктерін көруге болады.

Осы зерттеу бағыты бойынша Қазақстандық ғалымдар ішінде Е.А. Алимхановтың «Балуанның дене-күш қабілеттерін арттыру» атты еңбегі, Б.К. Қаражановтың «Медико-биологические и психологические особенности спортивной борьбы» атты еңбегі және Д.Б. Тұрлыхановтың «Отбор перспективных спортсменов и планирование учебно-тренировочного процесса в ДЮСШ и СДЮШОР» атты еңбектерінен басқа бастапқы дайындық топтарында спортшы ізбасарлар даярлау проблемаларына байланысты ғылыми ізденістердің жоқ екендігі анықталды.

Төртіншіден, қазіргі спорт мектептерінде қабылданған спорттық күреске арналған оқу-жаттығу бағдарламасы 250 млн халқы болған Кеңес Одағы кезінде қабылданған бағдарлама және осы бағдарламаның мазмұны қазіргі 16 млн халқы бар Егеменді Қазақстан жағдайына бейімделмей қолданысқа енгізілгендігін көруге болады.

Осы жағдай спортшы ізбасарлар даярлау және спортқа дарынды балаларды іріктеу мәселесіне байланысты бастапқы дайындық топтарына арналған арнайы оқу-жаттығу бағдарламасын жасау спорт мектептеріне қажет екендігін көрсетті.

Бесіншіден, қазіргі спорт мектептеріндегі нормативтік  құжаттар спорт түрлеріне баланы бірден мамандандыруды көздейтіндігі және спорттық жарыстарды ересектер үшін қабылданған ереже бойынша өткізу орын алғандығы, және осындай жағдай балалар денесіне, психологиясына үлкен күш түсіретіндігі анықталды.

Жүргізілген зерттеулер мен алынған нәтижелер төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

  • Отандық және шет ел мамандары мен ғалымдары спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу жұмыстарын спортшы даярлаудағы өте жауапты кезеңі деп санайды.
  • Бастапқы топтардағы жаттығу бағдарламасының мазмұнына сай болашақ спортшыны іріктеу, спорттық мамандандыруды дәл табу жұмысының осы кезеңде іске асырылатынын дәлелдейді.
  • Бала ағзасының физиологиялық даму ерекшелігін ескере келіп бастапқы дайындық топтарында балаларға жаттығу жүктемесін жоспарлау кезінде ептілік пен жылдамдық, координациялық түрлеріне баса көңіл аудару керектігі анықталды.
  • Қазіргі спорт мектептеріндегі жас балаларға арналған сынақ-тестілерінің ақпараттық дәлдігінің төмен екендігін көрсете келіп, бала физиологиясының даму ерекшеліктеріне қарай оқу-жаттығу мазмұнына толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттігі туындайды.
  • Спорттық жарыстарға баланы ерте жастан қатыстыру бала ағзасына және психологиясына үлкен ауыртпалық түсіретіндігін ескере келіп балаларға арналған жеке жарыс бағдарламасын жасау керектігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

 

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы жаттығушылардың спорт түріне бейімділігін анықтауға байланысты жүргізілген зерттеулер барысы келесі тәжірибелік ұсыныстарды іске асыру қажеттілігін көрсетеді:

1 Қазақстан республикасындағы балалар мен жасөспірім спорт мектептеріндегі спортшы ізбасарлар даярлаудың сапасын анықтау және жетілдіру мақсатында ҚР туризм және спорт министірлігі тарапынан әр обылыстарда эксперименттік бақылау алаңдарын ашудың қажеттілігін ұсынады.

2  ҚР спорт мектептеріндегі оқу-жаттығу бағдарламасын дайындаудың сапасын арыттыру мақсатында спорттық бейімділікті анықтауға арналған арнайы теориялық  және тәжірибелік сабақтарды өткізу қажеттігін көрсетеді.

3 Бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу сабақтарының мазмұнына көптеген спорттық ойындар мен жаттығулар түрлерін баса енгізу тиімді екендігі ұсынады.

4 Спорт мектептеріндегі алынатын сынақ-тестілерін өткізгенде жаттығушыға бірнеше-рет өз мүмкіндігін көрсетуге жағдай жасау, сынақ-тестісінің толық обьективті болуына көмектеседі.

5 Спорттық жарыстарды ойын-жаттығу түрінде өткізу баланың дене қабілеттерінің еркін өсуіне және психологиялық күйзеліске түспеуіне көмектеседі.

6 Дене тәрбиесі және спорт мамандарын дайындайтын ЖОО оқу-бағдарламасына осы зерттеу нәтижелері қорытындыларын енгізу ұсынылады.

7 Спорттық мектептеріндегі казіргі қабылданған тәртіп бойынша бастапқы дайындық топтарындағы балаларды бірден спорт түрлеріне бөлу, тиімсіз екендігін көрсетеміз.

8 Бастапқы дайындық топтарындағы балалардан жыл соңында қабылданатын сынақ-тестілері қорытындысы бойынша спорттық күрес түрлеріне «жарамсыз» деп табылған балаларды спорттық мектептен шығармай басқа спорт түрлеріне бейімділігін анықтау арқылы кеңестер беруді ұсынамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Қаражанов Б.Қ. Медико-биологические и психологические особенности спортивной борьбы. — Алма-Ата: Каз ИФК, 1985.- С. 15.

2 Алимханов Е.А. Балуанның дене-күш қабiлетiн арттыру.- Алматы, 2004.- Б. 9.

3 Тұрлыханов Д.Б. Отбор перспективных спортсменов и планирование учебно-тренировочного процесса в ДЮСШ и СДЮШОР.- Астана, 2002.- С 22.

4 Юсупов Х.М., Шорин Г.А. К вопросу спортивного отбора в секции борцов 1978 // Научная конференция «Управление тренировочным процессом спортсменов высшего разряда 1978».- 1978. — С.7.

5 Сиккут Т.Х. Отбор юных борцов на начальном этапе обучения // Эффективность ст. тренировку.- Тарту, 1984.- С. 55.

6 Мелихова Т.М. Организационно-методические основы технологий спортивного отбора // Теор. и пр.физ.культ.-М., 2007.- №4.- С. 32.

7 Юшков О.П. Новое в системе подготовки детей, занимающихся спортивной борьбой // Теор. и пр.физ.культ.-М.,1975. – С. 45.

8 Коджаспиров Ю.Г. Новое в методике начального обучения юных борцов // Сортивные барьба Ежегодник. — М., 1982. — №5. – С. 23.

9 Платонов К.К. Проблемы способностей. – М.: Педагогика, 1972. – С. 79.

10 Находкин В.В. Личностное становлеие юного спортсмена в процессе дифференцированного обучения и отбора // Физическая культура воспитание, образование тренера.–  2007. — №21.  – С. 40

11 Попков В.Н., Захаров А.С., Малютин С.П., Фурманов Е.А. Перспективы отбора юных спортсменов в ДЮСШ // Проб. развит. физ. к. и спорт в дальном востоке. – 2001. — №23.– С. 54

12 Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы. / Қазақстан Республикасы президенті мен Қазақстан Республикасы үкіметінің актілер жинағы. – Астана, 2010. — №11-12.

13 «2007–2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1245 қаулысы.

14 Тер-Ованесян А.А. Спорт. Физическая культура и спорт. – М., 1967. – 78 с.

15 Коц Я.М. Физиологические основы физических (двигательных) качеств // Спортивная физиология. – М.: Физкультура и спорт, 1986. – С. 53 -103.

16 Приймаков А.А., Евгеньева Л.Я. Физиологическая характеристика борьбы. – Киев, 1988. – 18 с.

17 Калачев Г.А., Муравлев В.В. Психофизиологические предпосылки успешного обучения в школе по инновационным технологиям // Социально-экономические проблемы образования в Западно-Сибирском регионе России.-Барнаул, 1995.-Т. 1. — С. 163-168.

18 Бұғыбаева С.Ж., Амангелдиева Л.М., Лесбекова Р.Б. Спорт биохимиясының неіздері. — Алматы, 2007. — 150 б. 

19 Лесбекова Р.Б. Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы. — Алматы, 2008. — 200 б.

20 Аяшев А.О. Болшақ мұғалімінің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығын дене тәрбиесінің қүралдары арқылы қалыптастыру: пед. ғыл. докт. …  автореф. — М., 1993. – 55 б.

21 Приймаков А.А., Евгеньева Л.Я. Физиологическая характеристика борьбы. – Киев, 1988. – 33 с.

22 Дүйсембин Қ., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы.- Алматы, 2003.- Б. 348-351.

23 Губа В.П., Никитушкин В.Г., Квашук П.В. Индивидуальные особенности юных спортсменов. – Смоленск, 1997. – 165 с.

24 Лесбекова Р.Б., Бұғыбаева С.Ж. Дәрістер курсының жинағы «Спорт физиологиясы».- Алматы, 2006.- С. 47-58.

25 Бондаревский Е.Д. Педагогические основы контроля за физической подготовленностью учащейся молодежи: автореф. … докт. пед. наук:. — М., 1983. –  38 б.

26 Марищук В.Л., Блудов Ю.М., Плахтиенко В.А., Серова А.К. Методики психодиагностики в спорте: учебное пособие. — 2-е изд. — М.:Просвещение, 1990. – 256 с.

27 Карпман В.Л., Белоцерковский З.Б., Гудков И.И. Тестирование в спортивной медицине. – М.: ФиС, 1988. – 208 с.

28  Уилмор Дж., Костил Д. Физиология спорта. – Киев, 2001. – С.234-236.

29  Сағындықов Е.С. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы, 1991. –175 б.

30  Болғамбаев М. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. — Алматы: Қайнар, 1983. – 86 б.

31 Бүркітбаев Ә. Спорттың ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні. – Алматы, 1985.- 89 б.

32 Страковская В.Л. Подвижныие игры в терапии больных и ослабленных детей. – М.: Медицина, 1987. – 237 с.

33 Ботагариев Т.А. Научно-педагогическое обоснование совершенствовагия физического воспитания школьников с учетом региональных условий(на материалах Атрауской, Мангыстауской и Актюбинской областей): автореф. … докт. пед. наук:. — Алматы, 2001.  – 49 с.

34  Чумаков Е. М. 100 уроков самбо. — М.: ФАИР ПРЕСС, 2005. — 448 с.

35 Чумаков Е.М. Физическая подготовка борца. – М.: Физкультура и спорт, 1996. – 106 с.

36  Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.

37 Столбова В.В. История физической  культуры и спорта. – М.: Физкультура и спорт, 1983. – 359 с. 

38 «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // Заң газеті. – 2000. – 4 б.

39 Кульназаров А.К. Об итоге выступление Казакстанской спорттивной делегаций на XXIX летних олимписких играх в Пекине  // II-Междунородная научно-практическая конференция «Теория и практика физ.культуры и спорта». – Алматы, 2008. – С. 3.

40 Кошаев М.Н. Основные причины  низкой социально-экономической эффективности физической культуры и спорта в Казахстане. // Теор. и пр.физ.культ.и с.- Алматы, 2008. – С. 16. 

41 Афанасьева И.А. Спортивный отбор Таэквондистов с учетом их генетических особенностей тренируемости: автореф. … канд. пед. наук:. 13.00.04.- СПб., 2002. — С. 24.

42 Юшков О.П., Сердюк В.П.  Начальное обучение в вольной борьбе (Обобщение опыта ведущих тренеров страны) // Спортиные борьба ежегодник. — М.,  1982. — №5. –  С.19.

43 Эренберг А. Анализ и интерпретация статических данных. – М.: Финансы и статистика, 1981. – 293 с.

44 Орехов Л.И., Караваева Е.Л., Асмолова Л.А. Мировые стандарты планирования экспериментов и статистической обработки в педагогике, психологии и физической культуре: Учебное пособие для студентов, аспирантов докторантов и преподователей кафедр педагогики психологии и физической культуры. – Алматы, КазАСТ, 2009. – 210 с.

45  Купер К. Аэробика для хорошего самочувствия. – М.: ФиС, 1989. – 120 с.

46 Фишер Р.А. Статистические методы для исследователей. – М.: Госстатидат, 1958. – 154 с.

47  Иванченко Е.И. Наука о спортивном плавании: учебно-метод. пособие. – Минск, ИПП Госэкономплана РБ, 1993. – 210 с.

48 Кендалл М., Стьюарт А. Множественный статистический анализ и временные ряды. – М.: Наука, 1976. – 736 с.

 

49  Белорусова В.В. Принцип воспитательного обучения в тренировке юных спортсменов. — Л.: ГДОИФК им. П.Ф.Лесгафта, 1959. – 48 с.

50   Komi Р.V. Strength and power in sport. – Oxford: Blackwell Scientific Publications, 1992. — Р. 112.

51  Алимханов Е. Психомоторные характеристики состояния борцов и гимнастов. // 3-Респ. науч.-практ. конф. Педагог. и  методико-биологические аспекты физ. воспитания и спорт. подготовки в Кыргызстане.  — Бишкек, 1995. – С.36-39.

52 Булгаков Н.Ж. Проблемы отбора в процессе многолетней тренировки. — М.: Педагогика, 1972. — 334 с.

53 Наталов Г.Г. Структурно-функциональная организация двигательной деятельности в спорте // Тезис XXVII научн. конф. КазИФК. – Алма-Ата, 1972. – С. 113-118. 

54 Филин В.П. Проблема развития двигательных качеств при выполнении физических упражнений учащихся школьного возраста: автореф. … докт. пед. наук:. — М., 1970. – 35.

55 Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану: пед. ғыл. докт. … автореф. — Алматы, 1995. – 43 б.

56 Касымбекова С.И. Научно-педагогические основы формирования физической культуры учащейся молодежи: автореф. … докт. пед. наук:. 13.00.04. – Алматы: КазАСТ, 2002. – 44 с.

57 Сиротин О.А. Психолого-педагогические основы индивидуализации спортивной подготовки дзюдоистов. — М.:ВНИИК, 1996. — 152 с.

58 Тер-Ованесян А.А. Педагогические основы физического воспитания. — М.: Физкультура и спорт, 1978. – 206 с.

59 Платонов В.К. Подготовка квалифицированных спортсменов. — М.: ФиС, 1986. – С. 239-241.

60 Порецкий В.М. Изменения двигательной скорости учащихся и влияние легко-атлетических упражнений на развитие этих качеств: автореф. … докт. пед. наук:. — М., 1961. -32 с.

61 Яблоневский И.М. Некоторые данные о развитии силовых качеств учащихся в зависимости от возраста // Теория и практика физической культуры. – М., 1998. №2. – С. 23

62 Валик А.В. Развитие скоростно-силового качества // Легкая атлетика для подростков. Физическая культура и спорт. – М., 1969. – Б. 20-23.

63 Годик М.А. Дозирование физических нагрузок и педагогические основы развития контроля: автореф. … докт. пед. наук:. — М., 1982. – 48 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША

 

Біз спорттық күрес түрлеріне қажетті арнайы ойын түрлерінің топтамасын бере отырып, осы ойын түрлерін қажет болған жағдайда күрделі түрінде біріктіруге болатындығын іс жүзінде қолданыстан өткіздік және осы ойын түрлерін балалар арасында жарыс өткізгенде қолдануға тиімді екендігін атап өтеміз

  • Спорттық күрес түріне қалай іріктейсіз?

А)Жаттығушының қалауы бойынша

Б) ата-анасының сұрауы бойынша

Г) өзіңіздің жеке амалдарыңыз бойынша

  1. Спорттық күреске іріктегенде баланың қандай ерекшеліктеріне мән бересіз?

А) дене күш жетістіктеріне

Б) дене құрылысының ерекшеліктеріне

В)мінез- құлық ерекшеліктеріне

Г) басқа да жағдайларына

  1. Спорт мектептерінде спорттық күреске іріктеу мен мамандандыруды жаттығудың қай кезінен бастап  жүргізген  тиімді  деп  санайсыз?

А) жаттығудың 1-2 жылдары

Б) жаттығудың 1-3 жылдары

В) спорттық разряд орындағаннан кейін

Г) өзіңіздің ойыңызша қалай болуы қажет

  1. Баланың дене күш қабілеті өте жоғары екендігін ескере келіп, сорттық күрестің қай түріне бейім екендігін қалай анықтауға болады?

А) өзінің қалауы бойынша

Б) жаттықтырушы бапкердің қалауы бойынша

В) спорттық көрсеткіштеріне байланысты

Г) бастапқы дайындық кезеңінде бір спорт түріне бейімдеуді мүлдем жүргізбеу негізінде

Д) басқаша жолдарын ұсынасыз ба?

  1. Спорт мектептерінде бастапқы дайындық кезеңіндегі спорттық күрестегі сабақты өткізу жолдарының тиімдісі қайсысы деп ойлайсыз?

А) спорттық күрес түрлеріне бөлмей өткізу

Б) спорттық күрес түрлеріне жеке-жеке бөліп өткізу

В) бірнеше спорттық күрес мамандарының ( бапкерлер) сабақты бірлесіп өткізу

Г) спорттық жарыстардың көрсеткіштеріне байланысты мамандыққа бөлу, кейіннен бөлу

  1. Жаттығу жұмысын ұйымдық (бригадалық) әдіспен жүргізген кезде жұмыстың бағалануы сол топтан шыққан спортшының жеткен жетістігіне барлық бапкерлердің құқығы бірдей қай мезгілге дейін саналғаны дұрыс деп ойлайсыз?

А) 1-3 жылға дейін

Б) 1-5 жылға дейін

В) 1-7 жылға дейін

Г) 1-10 жылға дейін

Д) басқа жылдары

Е) спорт шебері дәрежесін алғанға дейін

С) өз ұсынысыңыз, басқа жолдары

  1. Сіз спорттық күрес түріне жаттығушыларды тарту үшін қандай амалдар қолданасыз?

А) бұқаралық ақпарат жолдарын қолдану (газет, журнал, теледидар)

Б) ата-аналармен жұмыс

В) мектеппен жұмыс

Г) жарнамалық, көрнекілік жұмыстар жүргізу

Д) өзіңіздің басқа да жолдарыңыз

  1. Сіздің бастапқы дайындық тобында 1-ші жылы жаттыққан оқушылардың, 3 — жылдан кейінгі топ мүшелерінің жаңару пайызы қандай мөлшерде?

А) 90-100% ауысады

Б)70-80%  ауысады

В) 50-60%  ауысады

Г)30-40%  ауысады

Д) 10-20%  ауысады

 

 

 

 1 кесте — Бапкерлер мен мамандардың  анкета сұраққа жауаптарының қортындысы

 

        Сұрақтар    

Жауаптары

а

б

в

г

д

е

с

1

Спорттық күрес түріне қалай іріктейсіз?

 

27

13

13

2

Спорттық күреске іріктегенде баланың қандай ерекшеліктеріне мән бересіз?

 

17

15

8

13

3

Спорт мектептерінде спорттық күреске іріктеу мен мамандандыруды жаттығудың қай кезінен  бастап  жүргізген  тиімді  деп  санайсыз?

 

21

11

15

6

4

Баланың дене күш қабілеті өте жоғары екендігін ескере келіп, сорттық күрестің қай түріне бейім екендігін  қалай  анықтауға болады?

 

14

7

11

15

6

5

Спорт мектептерінде бастапқы дайындық кезеңіндегі спорттық күрестегі сабақты өткізу жолдарының тиімдісі қайсысы деп ойлайсыз?

 

17

11

13

12

6

Жаттығу жұмысын ұйымдық (бригадалық) әдіспен жүргізген кезде жұмыстың бағалануы сол топтан шыққан спортшының жеткен жетістігіне барлық бапкерлердің құқығы бірдей қай мезгілге дейін саналғаны дұрыс деп ойлайсыз?

 

9

15

5

12

12

7

Сіз спорттық күрес түріне жаттығушыларды  тарту үшін қандай амалдар қолданасыз?

 

17

13

10

 

13

8

Сіздің бастапқы дайындық тобында 1-ші жылы жаттыққан оқушылардың,

 3- жылдан кейінгі топ мүшелерінің жаңару пайызы қандай мөлшерде?

 

5

19

20

4

5