АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

дипломдық жұмыс. Спорттық қабілеттер мен дарындылықты анықтау

 

«Спорттық қабілеттер мен дарындылықты анықтау»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………………….3

 

І – бөлім.  Балалар мен жасөспірімдер спортының

ілімі мен әдістемелерінің негіздері

1.1. Балалар мен жасөспірімдер спорты ілімін қалыптастыру тарихы ………….5

1.2. Балалар мен жасөспірімдер спортының Қазақстандік және

Кеңестік  ілімі мен әдістемесінің дамуы ……………………………………………………..9

1.3. Балалар мен жасөспірімдер спорты жүйесінің қызметі…………………………13

Кешенді ықпал ететін педагогикалық жүйесі ретіндегі спорттық дайындық

1.4. Көпжылдық спорттық дайындық жүйесінің мазмұны …………………………16

1.5. Жас спортшылар жаттықтырушысының кәсіби

жұмысына қойылатын заманауй талаптар………………………………………………….24

 

ІІ – бөлім.  Спорттық қабілеттер мен дарындылықты анықтау

2.1. Жеке қабілеттер мен спорт сабақтарын таңдау ……………………………………32

2.2. Спорттағы қабілеттілік пен дарындылықты зерттеудің

жүйелік амалы ………………………………………………………………………………………….35

2.3. Түрлі типтік топтардағы спорттық қабілеттер …………………………………….38

2.4. Спорттық қабілеттерге психофизиологиялық болжам жасау ……………….44

2.5. Соматикалық даму мен спорттық дарындылық …………………………………..47

2.6. Спортшылардың соматикалық даму ерекшеліктері …………………………….53

2.7. Спорттық іріктеудегі соматикалық дамуды анықтау әдістемесі …………..62

2.8. Спорттық қабілеттердің құрамдас бөліктерін

сынақтан өткізу және бағалау …………………………………………………………………..64

2.9. Спорттық қабілеттердің құрамдас бөліктерін

сынақтан өткізу әдістемесі ……………………………………………………………………….69

 

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………………………78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………………………….79

 

 

 
 

 

 


КІРІСПЕ

 

 

         Қазіргі қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарындадене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан жылға аурулардың саны көбеюде. Осыған орай болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996 – 2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойып (1996ж), 1997 жылы «Қазақстан — 2030» бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы «Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт» туралы заңы қабылданып, 2001 жылы «Қазақстар Республикасының 2001 – 2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбиесі саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптасқан жағдайға жаңаша көзқараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай білім және тәрбие беру. Сонымен қатар жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін адамгершілікті, имандылықты және ізгілік мінез – құлықты, іскерде, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті адамзат тәрбиелеу. Сондықтанда дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндкгі атқарар әлеуметтік ықпалы зор деп есептейміз.

         Қазіргі педагогикалық ғылым жөнінде дене тәрбиесінің ілімі мен тәжірибесі балалардың денсаулығын сақтауға дене тәрбиесі, әдетте қозғалыс белсенділігі мен денсаулықтың арасындағы себеп – салдарға байлаысты жастардың кәсіби – қолданбалы дене дайындығының әлеуметті маңыздылығына арналған іргелі зерттеулермен толықты.

         Көптеген белгілі ғалымдар теориялық зерттеулер өскелең ұрпақтың дене тәрбиесімен айналысуын теориялық тұрғыдан педагогика теориясы және тарихы, философия, психология, дене тәрбиесі мен әдістемесі, жасөспірім физиологиясы, мектеп гигиенасы т.б. мамандарының жалпы теориялық негізіне сүйене отырып жүргізілуде.

         Дайындалып отырған оқу құралының ерекшеленетін айырмашылығы дене тәрбиесі тәсілі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту және қорғау бойынша стратегиялық міндеттерді шешу үшін жүйелі талдауды қолдану болып табылады.

         Сонымен бірге әр түрлі шет елдерде пайда болған дене тәрбиесі бағдарламасының нәтижесі берілген және іс-тәжірибелері қорытындылаған. Баланың тәуліктік қозғалыс белсенділігін тәртіпке келтіру міндеттері жаңа қорынан қарастырылған. Балалардың денсаулығы мен қозғалыс белсенділігінің сандық көрсеткіштерінің арасындағы тәуелділік концепциясы игерілген. Балалар мен жасөспірімдердің қимыл қозғалыс қабілеттілігі бойынша әр түрлі ұйымдарда алынған дене тәрбиесі жүйесінің көпжылдық бақылау қорытындылары жинақталған. Ағзаға берілген дене жүктемесіне бейімделу әсерінің сан алуандылығы көрсетілген.

         Кітапта балалық және жасөспірімдік кезеңінде әлеуметтік маңызды қызметінің белсенді қалыптасуы үшін дене тәрбиесінің әдістерін дұрыс пайдалануы бойынша жаңа материалдар ұсынылған. Жасөспірімдердің мамандықты таңдауы және дәрігерлік кәсіби бағытты іске асыру үшін ЖӨСМ және жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін қажетті дене қасиеттерін дамыту жөніндегі мәліметтерге ерекше көңіл бөлінген.

 

 

І – бөлім.  Балалар мен жасөспірімдер спортының

 ілімі мен әдістемелерінің негіздері

 

1.1. Балалар мен жасөспірімдер спорты ілімін қалыптастыру тарихы

 

Өскелең ұрпақтың дене тәрбиесі адам қоғамының ерте тарихи кезеңдеріне жатады. Алғашқы қауымдық құрылыс адамның еңбегі қарапайым болғанымен үлкен ептілікті, үлкен төзімділікті, күшті талап етеді. Адам бұны өз басынан өткізіп, оның аңдарды, балық аулағанда т.б. еңбек түрлерінде дене қабілеттері қаншалықты керек болғанын түсінді. Қызба жұмыстары барысында табылған ежелгі мәдениет үлгілері адамдардың еңбек пен аң аулауға пайдаланылған құралдарын ағаштан, тастан, сүйектен дайындайтынын көрсетті. Б.ғ.д., 1200ж шамасында садақ жасалған, ол адамның одан ары дамуы мен оның дене қабілеттерін дамытуға көмектесті.

         Білім мен өмірлік тәжірибесін беру сол кездің өзінде – ақ болашақ ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алды. Ал еңбек әрекеті мен аң аулау адамның басты  жұмысы болғандықтан көптеген халықтардың тәрбиесінде ұл балаларды ерте жастан атқа мінуге, садақ атуға, тас пен найза лақтыруға, күреске, қайықты басқаруға үйрету кең қолданылды.

         Дене дамуын ұымдастырудың негізгі түрлері сипаттық, сосын сайыс түріндегі ойындар болды. Ұлдар аң аулау ойынын ойнады, ойын барысында «жабайы аңдарға» қақпан құру «аң қуу» түрлерін ойнады, ал қыздар күнделікті тұрмыста анасынан көрген істерін жасады.

         Дене жаттығулары мен ойындары өскелең ұрпақтың тәрбиесіндегі маңызды құрал болып табылды.

         Дене тәрбиесі тарихының зерттеушісі Л.Кун (1982) адамды жас кезінде оқытудың қозғалыс кезеңіне әскери дайындық жататынын атап өтті. Әрине, осы саладағы міндеттердің өсуіне байланысты ересек жасқа қарай дайындық түрлері дамыды, атап айтқанда оның қорытынды бөлігі – ересектікке өту дәстүрі дамыды.

         Яғни өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінің ұйымдастыру түрлері мен тәрбие жұмыстарының алғашқы түрі қалыптаса бастады (Платонов, Гуськов, 1994; Пономарев, 1970).

         Отырықшы өмірге өту, егін егумен және мал шаруашылығымен айналысу адамның жақсы жерлер мен жемісті мол беретін аймақтар үшін күресі белең алды. Бұл тәрбиенің бағытына да әсер етеді. Отырықшылық өмірге өту барысында жасөспірімдікті ересек жасқа өткізу дәстүрі жаңа талаптар мен жағдайларға бейімдеп әскери дайындыққа тән қозғалыс түрлеріне назар аударды.

         Сонымен, өскелең ұрпақтың алғашқы қауымдық кезеңіндегі дене тәрбиесінің жастарды еңбекке, аң аулау мен әскери қимылдарға дайындау тәрізді міндеттері болды.

Адамдар арасындағы қоғамды тапқа бөлуге орай меншік, теңсіздігінің құрылуымен дене тәрбиесі өскелең ұрпақ тәрбиесінің бөлігі ретінде тұлғаны қалыптастыруға, жаулап алу мен билікті ұстап тұруға бағытталған таптық сипат ала бастайды. Қоғамдық құрылыс жастардың дене тәрбиесі мазмұнына әрқашан ықпал етеді. Халықтық тапқа бөлінуі қарқынды жүргізілген жерлерде дене дайындығы әскери және діни бағытта болды.

Осы кезеңде дене тәрбиелері туралы білім элементтері пайда болды. Олар ежелгі Грецияның ғалымдары мен философтарының жұмыстарында сипатталды. Демокрит (б.ғ.д., 460-370 ж.ж.) Сократ (б.ғ.д. 460-399 ж.ж.) Платон (б.ғ.д. 427-348 ж.ж.) Гиппократ (б.ғ.д. 460-377 ж.ж.)

Ежелгі Грецияның белгілі философы, аңызға айналған Ескендір Зұлқарнайын – тәрбиешісі (б.э.д. 384-322 ж.ж.) дене дайындығы туралы қызықты тұжырымдар жасады, қазіргі кезге дейін, ол өзінің маңызын жойған жоқ. Ол сол кездің өзінде-ақ балалық шақтағы ауыр дене жүктемелері оның дене қабілеттерінің ары қарай дамуына кері әсер ететінін айтты. Жасөспірім кезінде көптеген жетістікке жеткен жасөспірім (мысалы, олимпиада ойындарында) есейгенде жеңіске жете алмайды.

Көне Грециядағы мәдениеттің жоғары деңгейде дамуы жастардың дене тәрбиесі жүйесін – ежелгі гимнастиканы құру мүмкіндігін берді.

Ежелгі гимнастика жүйесінде мынадай үш негізгі саты бар.

  • Ептілікке тәрбиелейтін балалар ойындары, доп жаттығулары, шығыршықпен жаттығу, жүгіру, тастабақ пен найза лақтыру. Бұл саты 1 – 7 жастағы балаларға арналған.
  • 200 м. дейінгі жүгіру сипатындағы жаттығулар, альтермен ұзындыққа секіру, найза мен тастабақ лақтыру, күрес жас жігіттер жекпе-жекке, жұдырықтасуға, қарумен жүгіруге, садақ атуға, атқа мініп жүруге, жүзу мен ескек есуге үйренді. Бұл саты жас жігіттердің әскери іске дайындығына, яғни жалпы дене және арнайы дене дайындығына бағытталған.
  • Доппен жаттығу, акробатикалық жаттығу, ғұрыптық, театрланған және әскери билер. Бұл сатының бағыты жігіттерде қимыл үйлесімін, ырғағын, ұжымдасып әрекет жасау іскерлігін тәрбиелеу мақсаты бар.

Көптеген елдерде болашақ ұрпақтың дене дайындығының өз жүйелері мен бағыты болды, бірақ Ежелгі Грециядағы жастардың дене дайындығының мазмұны біздің кезімізге дейін ескеріліп, қолданылып келеді.

Киев Русінде  жастардың дене тәрбиесіндегі жүйені әзірлеуге дене жаттығуларын жоққа шығаратын шіркеу көп ықпал етті. Денесі мығым, дені сау Князь балаларын қалай тәрбиелеу керектігі туралы Владимир Мономахтың «Поучение чадам своим» шығармасында біршама пайдалы кеңестер берілген (1053-1125).

Феодализм дәуіріндегі еуропалық ағарту ісі негізінен орта ғасырлық христиан  шіркеуінің теологиялық ілімімен анықталды. Олар дене жаттығуларын алып тастап, оқушылардың гигиеналық тәрбиесін соңғы мәселе ретінде ығыстырды. Бұл кезең үшін рыцарьлық тәрбие жүйесі тән. Ол жеті жасынан басталады, онда ұл бала феодал отбасынан шығып, феодал әкесіне қарағанда біршама жоғары дәрежелі, сарайдағы паж бола алады.

Рыцарьлық тәрбие дене жаттығулары сабақтарын қарастырды, онда ең алдымен тепе-теңдікті дамыту тиіс болды,  өйткені, рыцарь ауыр сауытқа оранып алатын. Шапшаңдық пен ептілік тәрізді дене сапалары бағасын жоғалтып, доп жаттығулары, қарумен жүгіру жойылып кетті. Өйткені, әскер темір сауыт кигендіктен дене тәрбиесі күш бағытындағы сипатта болады.

Ол кезде Ресейде дене тәрбиесі жүйесі болған жоқ,  бірақ халық күшті, төзімді жауынгерлердің өзге жерлік басқыншылармен соғыста өз жерінің тәуелсіздігі мен өз елінің бостандығын қорғайтын мықты батырлар дайындауды қамтамасыз ететін өзіндік тұрмыс жүйесін сақтап, дамытып отырды. Тек екі жарым ғасыр бойында орыс халқы татарлармен, моңғолдармен, литвалықтармен, неміс рыцарьларымен, поляктармен, т.б 160 соғысты бастан өткерді. Орыс азаматы бұл соғыстарда табандылық пен ерлік, терең отан сүйгіштік жоғары рухани адамгершілік және дене сапаларын көрсетті. Ал бұл сапалар өте ерте балалық шақтан бастап тәрбиеленеді.

Әрбір әйел де, еркек те атпен шауып, онда ерсіз де ерімен де жүре алды. Жауынгер қолын соғыс үшін бос қалдырып, тек аяғымен басқара білуі тиіс. Орыс слободаларында аяқ күшін дамыту өнерлі дамытылды. Терімен қапталған бір пұт тасты тік тұрып тізесімен ұстап тұруы керек болды. Аяқ тез шаршап, тас құлайды. Көтер де ұста, одан да үлкен тастар беріліп, жүкті төрт пұтқа жеткізеді. Бірақ слабодалықтар жетекке мойынсұнбады, ат аяқтың бұйрығымен – ақ жүрді.

Заманауй спортта аяқ бұлшық еттерінің күшін жаттықтырудағы мұндай жүктемелер «шектен тыс» әдісі деген ат иеленді (ең жоғарғы, шектік).

Жастардың дене тәрбиесіндегі Запарожье сечі мектебі маңызды болды. Мектепте және бос уақыттарда жасөспірім ұлдарды атқа мінуге найза мен жебені игеруге винтовкадан оқ атуға үйретті. Мектептен тыс уақыттарда жастарға ойындар мен көңіл көтеруге уақыт бөлінді.

Әр көктем сайын Днепрдің жоғарғы жағындағы казактар тасыған өзеннен көлденеңінен ескек есуден жарыстар ұйымдастырды. Сөре орнына қарама – қарсы жағаға жеткен қайық жеңімпаз атанды.

Суға сүңгуден жарыстар жиі өткізілді. Бұл үшін старшина өзінің түтікшесін суға тастады, ал жас казактар оны су астынан тауып алып шығуы тиіс болды. Су түбінен тісімен алып шығу құрметке ие болды.

Осы және басқа көптеген күшке төзімділікке, дәлдікке арналған жарыстар жастарға казактардың күнделікті өміріне қажетті сапаларды дамытуға көмектесті. Мамандардың пікірінше, Запорожьеде де Ежелгі Грециядағыдай жеке тұлғаның дене дамуы бірінші орында тұрды.

Казактар арасында жекпе  — жек жүйесінің көптеген түрлері таралған барлық жүйелер ішіндегі ең танымалы ұлттық «гопак» биінің негізін салды. Ғалымдар дәлелдегеніндей, бидегі қызу, қарқынды сипаттардан қазіргі кезде де оның бірінші шығу көзін, яғни ата — бабаларының  өзін — өзі қорғау жүйесінің құрамдас бөліктерін байқауға болады. Гопак шығыс жекпе – жектеріне ұқсайтын жекелеген ұрыстардың секіру жүйесін бейнелейді. (1.1-1.2 сурет). Басқа жекпе – жек түрлерінен «гойдок» (бұл ойын барлаушыларға арнайы белгіленген) пен «спас» (тек қорғаныс сипатында) ойындарын атауға болады.

Отбасы жоқ казактар дене мен психо – физикалық дайындығын барынша дамытуды өзіне өмірлік мақсат етті. Нәтижесінде кейіннен Богдан Хмельницкийдің негізгі әскери күшін құрайтын ержүрек және батыл жауынгерлер өсіп жетілді.

Чех ойшыл – гуманисті Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактика» жұмысы жастардың дене дайындығы жүйесін жасауға үлкен көмек берді (1592-1670).

Өскелең ұрпақтың тәрбие мәселесін қарастыра отырып, ол дұрыс таңдалып, мөлшерленген дене жаттығулары денсаулықты сақтап мектеп сабақтарына байланысты шаршауды басуға көмектеседі. Ол ұзақ үзілістер мен түстен кейінгі уақыттарды мұғалімдер балалармен тәрбие жұмыстары мен дене жаттығулары сабақтарына пайдалануды ұсынды.

Коменский тұңғыш рет оқушыларға жоспарлы түрде өскелең ұрпақты оқыту бағдарламасына ендіру туралы дене дайындығы үлгісін қарастырды.

Коменский балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі ілімінің дамуына көп үлес қосты. Ол еңбек пен демалыстың ырғақтығы туралы талаптар қалыптастырып, балалардың жас ерекшелігі мен дене жаттығуларының өзара байланысы туралы бай материалдар жинап, тәрбиенің денелік және басқа түрлерінің үйлесімділігін қалады. Осының барлығы жастардың дене тәрбиесі жүйесін құруға көмектесті.

Осы кезеңде Е.Славенскийдің «Гражданство обычаев детских» кітабы жарық көрді, онда дене тәрбиесінің балаларға білім беру жүйесіндегі орны көрсетіліп, оның жас ұрпақтың ақыл – ой және адамгершілік тәрбиесіндегі байланысы сипатталады.

Дж. Локктың, Жан Жак Руссоның, Иоганн Песталоццидің жұмыстарында балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесіне үлкен назар аударылды. Олар жас ұрпақ дене тәрбиесінің бірінші ілімінің негізін қалады.

Бұл еңбектердегі ой – түйіндер неміс, швед, француз, чех тәрізді ұлттық дене тәрбиесі жүйесін құруға ықпал етті. Онда негізінен билеуші таптың мүддесі жоғары қойылды.

ХІХ ғасыр Ресейде материалист – философтар Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың көзқарастары, Н.И.Пирогов пен И.М.Сеченовтың зерттеулері, П.Ф.Лесгафттың басқаруымен алдыңғы қатарлы зиялы қауымның қатысуы негізінде жас ұрпақтың дене тәрбиесі жүйесінің заманауй негіздері қалыптасты.

Батыс Еуропа елдеріндегі дене тәрбиесінің қойылымымен  танысқан П.Ф.Лесгафт өз мақалалары мен дәріс оқығандарында шетелдік жүйені өткір сынға алды. Ол балалардың жас ерекшелігін, анатомо – физиологиялық және психикалық ерекшеліктерін ескеретін жан – жақты тәрбиеге негізделген. Жас ұрпақтың дене тәрбиесі жүйесін даярлауға бастама көтерді.

Лесгафт өзінің дене тәрбиесі жүйесіне деген көзқарасын «Теориялық анатомия негіздері», «Отбасы тәрбиесі мен мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін басқару» атты еңбектерінде ашып көрсетті.

Дене тәрбиесі ілімінің негізгі ережелері мынадай.

  • дене тәрбиесі сананың жетекшілігімен адамның үйлесімді дамуына қажетті құрал болып табылады.
  • дене тәрбиесі жүйесі физиология заңдылығына бағынады.
  • баланың дұрыс дене дамуы табиғи қимылдарға негізделген дене тәрбиесінің ғылыми жүйеленген тәртібін қолдану жағдайында ғана мүмкін болады.
  • дене тәрбиесі жүйесінде оқыту жас ерекшеліктерін ескеріп, бірізділік пен сабақтастықты сақтап атқарылуы тиіс.

Бұл жасалған жүйе 1894 ж. Петербургте ұйымдастырылған дене жаттығуларын басқарушылар курсында негізгі пән болды.

Лесгафттың ілімдік және әдістемелік ережелері құрамдас бөлігі ретінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің заманауй жүйесінің мазмұнына ендірілді.

Сол кезде жас ұрпақтың үйлесімді қалыптасу бағдарламасы пайда болды. Жастар тәрбиесі ақыл – ой тәрбиесін, дене тәрбиесін (гимнастика мектептері мен әскери жаттығулар) және техникалық оқыту тәрізді үш бөлікті қарастыруы тиіс деген тезис нақты айтылды.

Сонымен, жас ұрпақ дене тәрбиесінің заманауй жүйесінің өз тарихы бар, ол адамзат қоғамының діни кезеңге дейінгі өте ерте кезеңінде бастау алды.

Әрине, көптеген ғасырлар барысында жас ұрпақ дене тәрбиесінің мазмұны өзгергенімен, ол әрдайым билеуші таптың мүддесіне арналып, жастарды соғыс әрекетіне, жаулап алуға дайындады.

Балалардың, жасөспірімдер мен жастардың дене тәрбиесінің заманауй жүйесінің негіздері жалпы тәрбие процесінің құрамдас бөлігі ретінде құрылды, ол ақыл – ой дамуы мен политехникалық оқытудың сәйкестігі арқылы дамушы тұлғаны үйлесімді қалыптастыруға көмектеседі.

 

1.2. Балалар мен жасөспірімдер спортының Қазақстандық және Кеңестік  ілімі мен әдістемесінің дамуы

 

         Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Украинадағы дене тәрбиесі мен спорт қозғалысы толық қирады, бірақ адамдардың дене жетілдіруге ұмтылуымен спортқа деген сүйіспеншілігі оның қайта туылуына ықпал етті.

         ХХ ғ. 20 – жылдарының басында мамандар жетіспеді, спорттық база болмады, бірақ осыған қарамастан балалардың, жасөспірімдер мен жастардың ақыл – ой адамгершілік дене, әсемдік және еңбек тәрбиесін біріктіретін жаңа мектеп құру бойынша жұмыстар жүргізіле бастады. Бұл кезеңдегі дене тәрбиесі әскери қолданбалы бағытта болды, ол негізгі басқарушы ұйым жалпы әскери оқыту Орталық бөлімі (Всеобуч) болды. Жалпы оқытудың өзінің жұмыс атқара бастаған бастапқы кездерінде балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінен бірыңғай бағдарламасы болмады. Мектептегі дене тәрбиесінің мазмұны мен әдістемесі ең алдымен мұғалімнің қандай гимнастикалық жүйені  ұстанып, осы жұмысқа қаншалықты дайын екендігіне байланысты болды. Жалпы оқыту әскери бағытта болуы тиіс дене тәрбиесіне оқушыларды көптеп тартуды өзіне мақсат етіп қойды.

         1923-1925 жылдар арасындағы кезеңді дене тәриесіне жүйесіз оқытудан бағдарламалық оқытуға өту кезеңі деп сипаттауға болады. Дене тәрбиесінен алғашқы бағдарламалар – «Спартактың» жұмыс әдісі, «Дене сауықтыру мен дене тәрбиесі бағдарламасы», «Еңбекшілер дене тәрбиесі бағдарламасы», «Жас пионерлер ұйымдары мен әлеуметтік тәрбие сабақтарының жоспарлары мен бағдарламалары» — қазіргі кезде еліміздегі жалпы қабылданған оқушылар дене тәрбиесінің жүйесінен алшақ болды. Бұл бағдарламалар «қалыпты» сабақтардан алыс кетпеді, ал жаттығуларды «күшейтілген» жүктемемен орындау ұсынылды, секіруде «күшейтілген» ал дененің барлық бұлшықеттері үшін «бірқалыпты» жетістіктер болуы тиіс. Бағдарламалар заманауй әдістерді, оқушылардың жоғары спорт нәтижелеріне жетуге ұмтылуын жоққа шығарды.

         Бұл алғашқы бағдарламалардың оң жақтары бар: оқу материалдары оқушылардың жас ерекшеліктері есебін, оқытудағы бірізділік есебін қарастырып, ашық ауада өткізілетін сабақтарға үлкен мән берілді.

         Алайда оқушылардың дене тәрбиесі әдістемесінің ғылыми негізделген түрлері болмады, дұрыс әрі нақты қағидалар кері қайтарылып, жоққа шығарылды.

         Бұны біріншіден, дене тәрбиесі мамандары арасында бірауыздылықтың болмауымен түсіндіреді, ал жаңа дене тәрбиесінің қалыптасуы, мазмұны және қоғамдық ролі туралы мәселелерге деген көзқарастар мен түрлі бағыттар болды. Демек, балалардың дене тәрбиесін орталықтандыру белгісімен көрінетін бағыттар тек ойын әрекетіне негізделді, дәрігерлік бағыт тек гимнастикадағы ғана дене тәрбиесінің жаңа негіздерін қарастырды, гигиенашылар жарыс қимылдарын күрт жоққа шығарды, т.б.

         Жоғары дене тәрбиесі оқу орнын құру 1926 ж. оқушылардың дене тәрбиесі бойынша «І дәрежелі мектептегі дене тәрбиесі» атты ғылыми — әдістемелік еңбегін, ал 1927ж І және ІІ дәрежелі мектептер үшін дене тәрбиесі бағдарламасын шығару мүмкіндігін берді.

         Бұл кезде балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстары ұйымдастырылып, дене тәрбиесімен өзіндік айналысу жұмыстары дамып, дене тәрбиесі үйірмелері құрылды.

         1931 ж. дене тәрбиесі жүйесінің бағдарламалық – нормативтік негіздері дайындалып, «КСРО-ны қорғау мен еңбекке дайын бол» кешені тәжірибеге ендірілді. ОЕҚД төсбелгісін ендіру өскелең ұрпақтың дене тәрбиесі мен спорт жөнінен оқу түрлері мен өзіндік жұмыстарының көлемін кеңейтуге көмектесті. Мектептерде көптеген спорт үйірмелері құрылды, олар өз ішінде спорттың жекелеген түрлеріне қарай секцияларға бөлінеді. Сонымен, балалар мен жасөспірімдер спортының заманауй негіздері қалыптасты.

         1934 ж. бірнеше спорттық секциялар негізінде балалар спорт мектебі құрылды. Бұл 1935 ж. балалар мен жасөспірімдерге арнап бірқатар ірі спорттық іс – шараларды ұйымдастырып, өткізуге мүмкіндік берді.

         ЕОҚД кешенін ендіру біртұтас Бүкілодақтық спорт классификациясын құруға да мүмкіндік берді, ол 1935 – 1937 ж.ж. құрылды. Спорт оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінде үлкен орын ала бастады. Бұған ғалымдар Ф.В.Белиновичтің, В.В.Гориневскийдің, М.Ф. Иваницкийдің, А.Н. крестовниковтың, И.М.Саркизов – Серазиннің, А.Д.Новиковтің, А.И.Красуцкийдің, т.б. ғылыми – зерттеу жұмыстары да көмектесті. Бұл ғалымдардың еңбектері жас ұрпақтың ғылыми негізделген спорттық дайындық жүйесін даярлауда маңызды іс атқарды.

         Екінші дүниежүзілік соғыс бейбіт өмірді тоқтатты. (1939 — 1945), бірақ 1940 – жылдардың соңына қарай балалар мен жасөспірімдер спорттық дайындығы саласында негізгі зерттеулер жүргізіле бастады.

         1962 ж. балалар мен жасөспірімдер спортының мәселелері бойынша І Бүкіл әлемдік ғылыми конференциясы болып өтті. 1977 ж. бастап бұндай конференцияларды өткізу дәстүрге айналып, жыл сайын жүргізілетін болды.

         Ғалымдардың белсенді ғылыми әрекеттері балалар мен жасөспірімдік спорты іс – тәжірибесі үшін маңызды бірқатар монографиялық және әдістемелік жұмыстар шығаруға көмектесті.

В.Фимен дұрыс атап өткендей, спорт мектебі жаттықтырушысының жұмыс тиімділігі ең алдымен ағымдағы балалар мен жасөспірімдер жарыстарының нәтижесімен бағаланады. Бұндай жағдайда оқытушы спортшыларды балалар мен жасөспірімдер спортында ғана табысқа жеткізетін арнайы жаттығуларды үйретуге жұмыс жасайды. Көптеген жаттықтырушылар жасөспірімдік спорттың басты міндетін, яғни спорттағы әрбір жас үшін тиімді халықаралық дәрежедегі нәтижелерге жету үшін қолайлы алғы шарттар құру туралы ұмыт қалдырады.

Бұндай амал ұзақ уақыт бойы сипат алып келді және олимпиадалық қосалқы топтың дайындық негізіне көмек бермеді.

1990 жылдары көптеген Еуропа мен Азия мемлекеттері өмірінде біршама саяси және экономикалық өзгерістер болды. Украина да өз тәуелсіздігін алып, Кеңес Одағы құрамынан шығып қалды.

Демократиялық принциптерге сүйенген тәуелсіз мемлекет құру жаңа ұлттық, педагогикалық жұмыстарды, оның ішінде жас ұрпақтың дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі жаңа технологияларды талап етеді (Олейник, 2000; Олейник, Скрипник, 2000).

Ғылым мен спорттық іс – тәжірибе алдында нақты міндеттер тұрды, ол тұлғаның жоғары деңгейдегі дене, рухани және психикалық денсаулығын жан – жақты дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. Украинаның «Дене тәрбиесі мен спорт туралы» (1993) Заңы, Украинаның білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі тұжырымдамасы (1997), «Дене тәрбиесі  — ұлттың саулығы» мақсатты кешенді бағдарламасы (1998) тәрізді бірқатар маңызды құжаттар жасалып, қабылданды.

Мемлекет украин халқының ұлттық дәстүрлерін пайдаланып дене тәрбиесі мен спорт құралдары арқылы халықтың денсаулығын көтеруді маңызды міндет деп есептейді.

Мемлекеттік саясаттың бұндай бағыты ғалымдардың ғылыми еңбегін біршама деңгейде белсендірді, ол халықаралық ғылыми іс – тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыруда сипат алды.

Конференция материалдарының мазмұны елдегі халықтардың денсаулығын нығайтудағы, заманауй ғылыми мәліметтер мен әлемдік озық тәжірибеге сүйенген дене тәрбиесінің құрылымы мен мазмұнын жетілдіруде дене тәрбиесі мен спорттың жас ерекшелігіне қарай алатын орнын көрсетеді.

Украина мамандарының халықаралық ғылыми конгрестерге қатысуы спорттағы ілімгерлер мен тәжірибешілерге денсаулықты нығайту мен спорттағы жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін спорттық дайындық, спорттық медицина, дәрігерлік бақылау, емдік дене тәрбиесі, тамақтану мен т.б. көптеген мәселелер бойынша заманға сай ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Украин ғалымдарының дене тәрбиесі мен спорт саласындағы белсенділігі Ресейдегі, Белоруссиядағы, Польшадағы, Германиядағы, Славакия мен әлемнің басқа да мемлекеттерінде ұйымдастырылған халықаралық конференциялар мен конгрестерде белгіленді.

«Олимпийский спорт» (Платонов, Гуськов, 1994) оқулығының жарыққа шығуы олимпиадалық спорт туралы ғылымда айтарлықтай оқиға болды, ол спорт саласындағы студент жастар мен мамандарына олимпиада ойындарының тарихы, оның пайда болуы, заманауи қоғамдағы жағдайда оларды ұйымдастыру мен дамыту туралы үлкен дәйекті материалдарға негізделген заманға сай ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Спорттық дайындық саласындағы жеке тәжірибелік зерттеулер, әлемдік ғылым мен іс – тәжірибенің озық тәжірибесі «Спортшыларды олимпиадалық спортқа дайындаудың жалпы ілімдері» оқулығында сипатталды (Платонов, 1997). Әлемнің көптеген елдерінде ол жоғары бағаланып, Украинаның мемлекеттік премиясында ескерілді.

Осы кезде спорттық дайындықтың,  спорттағы физиология мен психологияның, дәрігерлік бақылаудың, гигиена мен емдік дене мәдениетінің ілімі мен әдістемесіндегі бірқатар ғылыми және әдістемелік еңбектер жарық көрді.

Әсіресе өскелең ұрпақтың, мектепке дейінгі және мектептен кейінгі оқушылардың дене тәрбиесіне үлкен назар аударылады. Дене тәрбиесі мұғалімдері үшін «Оқушылардың дене тәрбиесі әдістемесі» (Шиян, 1996, 2000), «Дене тәрбиесі ілімі» (Шиян, Папуша, Приступа, 1996), «Дене тәрбиесі барысындағы балалар мен жасөспірімдердің жеке денсаулығын зерттеу әдістері» (Круцевич, 1999), «Оқушылардың қимыл қабілетін сынақтан өткізу» (Сергиенко, 2001) және де басқа оқулықтар мен әдістемелік құралдар шығарылды.

Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі бойынша тәрбиешілер мен нұсқаушылар үшін «Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ілімі мен тәрбиесі» (Вильчковский, 1988) оқу құралы жарық көрді.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушылар жас спортшылардың дайындық жүйесін құру, спортшыларды іріктеу, оқу-жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру заманға сай мәліметтерді «Спорттық іріктеу ілімі: қабілет, дарын, талант» (Л.Волков, 1997); «Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығы» (Л.Волков, 1998) және де басқа ғылыми және әдістемелік қайнар көздерден, оқу-әдістемелік көмекші құралдардан алады.

Украинада ғана емес, әлемнің басқа да елдерінде (Naglak, 1991; Paczek, 1991; Sozanski, 1987;  Sozanski Zaparozanov, 1993) жас ұрпақтың заманауи педагогикалық дене тәрбиесі технологиясын қарқынды әзірлеу жүргізілуде.

 

1.3. Балалар мен жасөспірімдер спорты жүйесінің қызметі.

Кешенді ықпал ететін педагогикалық жүйесі ретіндегі спорттық дайындық

 

Балалар мен жасөспірімдердің көпжылдық спорттық дайындығы жүйесінің қызметі жас ерекшеліктері мен жеке даму ерекшеліктері арқылы педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін педагогикалық және психологиялық, биологиялық және физиологиялық, биохимиялық және басқа ғылыми пәндердің зерттеу нәтижелеріне сүйенеді.

Көпжылдық спорттық дайындығының негізгі заңдылықтарын даярлау барысында үлкен ақпараттар санын қолдану тиісті әдістемелік амалды талап етеді. Ғылыми түрде жүйелік деп аталатын бұндай амалды спорт тарихында бірінші рет Н. Озольин қолданып (1982), В.Плотонов (1988, 1997) жекелеп түсіндірді. Спорттық дайындық өзара көптеген байланысты және өзара шарттасқан құрамдас бөліктердің біріккен бүтін педагогикалық жүйесі ретінде қарастырылды. (1- сурет)

Бүтін зерттеуді дамыту олардың қызметі бөліктерінің өзара байланысы мен өзара әрекеті ақиқатты танудың негізгі принципі болып табылады. Бұндай зерттеулер біріккен бағдарлама жұмыс істейтін және ортақ мақсатқа жету үшін өз әрекеттерін үйлестіретін түрлі мамандардың кешенді әрекетін қарастырады.

Педагогикалық нысан ретінде спорттық дайындықты кешенді зерттеу зерттеулерде нысанды ілімдік танудың бір түрі  — жүйелердің жалпы ілімін қолдануға мүмкіндік береді. Аталған ілім ғылыми зерттеулердің пән аралық саласын ұсынады, ол өз міндеті ретінде жүйенің құрылу, тәртіп, қызмет көрсету және даму заңдылықтарын анықтау мен оны ілімдік тұрғыдан сипаттауды қояды.

 

1 – сурет. Спортшы дайындығын ұйымдастыру жүйесі.

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлкен жаттықтыру айналымы

 

Жаттықтыру кіші айналымы

 

Сабақ түрлері

 

Жаттығу әдістері

 

Жаттықтыру құралдары

 

Дайындық түрлері

 

 

 

 

       
     
 
     
 
     
 
     
 
     
 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау

 

Нәтижелер-

ді сақтау

 

Қабілеттерді іске асыру қабілеті

 

Арнайы негіздік

 

Алдын ала негіздік

 

Бастапқы

 

 

 

           
   
     
     
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Заманауи философиялық ілімдерге сәйкес, ақиқат ғылыми ілім ретіндегі жүйелік амал жалпы өзара байланыспен өзара әрекет, әлемнің материалдық бірлігі, материаның бөлінбеуі, зерттеудің жан – жақтылығы, ақиқаттың басымдығы, қатыстығы және нақтылығы тәрізді әдістемелік принциптерді, сондай – ақ бөлігі, бүтіндігі, түрі мен мазмұны, жеке, ортақ, жалқы және көпшілік тәрізді философиялық санаттарды нақтылауды қарастырады.

Жүйелік амал сондай – ақ көптеген құрамдас бөлшектер өзара байланысып, бүтінді құрайтын жүйе нысанын зерттеу тәрізді белгілі бір міндетті қарастырады. Зерттеуге арналған нысан спортшының дайындығы, спорттық жаттықтыру, сондай – ақ спортшының ағзасы, оның биологиялық және психологиялық процестері болуы мүмкін. Бұл жүйелік амалдың барлық процестерді, құбылыстарды, заттарды т.б. мүмкіндігін белгілі бір құрылымы бар жүйе ретінде қарастыруды қамтамасыз ететінін білдіреді.

         Бүтінді оқып үйрену құрылымды талдау арқылы жүргізіледі, оның сипатында құрамдас бөлшектердің өзара байланысы, қарым – қатынасы мен байланысы, жүйе түзуші байланысы, сабақтастық құрылымы, құрамдас бөліктердің мінез  құлқы мен бүкіл құрылым тәрізді пәндер қарастырылады.

         Жүйелік амалдың ой – түйіндерін қолдана отырып, ғалымдар спорттық дайындықтың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін, әдістері мен құралдарын, сабақ түрлерін, жаттықтыру айналымдарын жеткілікті деңгейде әзірледі.

         Спорт ілімі арқылы /Платонов, 1987, 1997/ спортшының жағдайын басқару механизмі жасалды, ал оның өте жоғары спорттық нәтижелерге жетуіне арналған жаңа деңгейге өтуін дұрыс жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл спортшының спорттық дайындығының негізгі құрамдас бөліктерін түзетіп, оның жағдайын бағалауға көмектесетін педагогикалық және дәрігерлік бақылау аясында жүргізіледі.

         Бұл мәліметтер жас спортшылардың көпжылдық дайындық сатыларының мазмұнын зерттеу үшін (Деркач, Исаев, 1985; Платонов, 1987, 1988, Филин, 1987, Алабин, 1993) сондай – ақ балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығын басқару жүйесін әзірлеу үшін негіз болды.  Жасалған технологияға сәйкес басқару бірқатар операциялардан құралады. Шешім қабылдау, орындауды ұйымдастыру, ақпаратты жинау және сараптау, қорытынды жүргізу. Жас спортшылардың әзірленген дайындық технологиясы негізінде жүйені басқарудың классикалық принциптері жатыр. Нысанды зерттеу ықпал ету стратегиясын әзірлеп, оны қолдану, бақылау мен түзету.

         Сонымен, қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығының жалпы жүйесін, сондай – ақ оның дене, техникалық, ілімдік, тәсілдік және психологиялық жекелеген құрамдас бөліктерін басқарудың негізгі ережелері жасалды.

         Спорттық дайындықты басқару педагогикалық ықпал бағытталатын нысанды түбегейлі зерттеуді қарастырады. Бұл нысан – іс барысы белгілі бір заңдылықтарға бағынатын жас спортшының өскелең, дамушы ағзасы болып табылады.

         Дене дайындығының мазмұнын анықтайтын шапшаңдық, күш, төзімділік, икемділік пен ептілік жас ерекшеліктері тұрғысынан гетерохронды дамиды. Әлемнің түрлі аймақтарында тұратын балалардағы даму қарқынының ұлғаюы, оның төмендеуі мен көтерілуі нақты қарастырылады.

         Бұл мәліметтер жас спортшылар дайындығының әр бір сатысы үшін педагогикалық жаттықтыру ықпалының бағытын анықтау негізінде кірістірілді.

         Дамушы ағзаны бүтін өзгермелі жүйе ретінде зерттеу жаттықтыру жүктемелерінің жалпы мөлшерін, оның түрлі жас кезеңдеріндегі қарқын алуын анықтауға мүмкіндік береді.

         Сонымен, жас спортшылардың өскелең ағзасының даму заңдылықтарын, олардың жарыс және жаттықтыру жүктемелеріне бейімделу ерекшеліктерін, т.б. көптеген мәліметтерді зерттеу балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығының құрылымы мен мазмұнын анықтап, балалар мен жасөспірімдік спорттың ілімі мен әдістемелік негіздерін жасауға мүмкіндік берді.

         Соғыстан кейінгі өскелең ұрпақтың спорттық дайындығы туралы ғылымның қалыптасуын талдай отырып, В. Филин (1987) 1950-1960 жылдардағы жұмыстарға тән жекелеген мекемелерді зерттеуден соңғы жылдардағы спорттық дайындықтың бүтіндей даму жүйесі заңдылықтары туралы, жас спортшылардың жас ерекшеліктерінің дамуы мен көпжылдық дайындық сатыларының мазмұнына негізделетін қызметі бар ғылыми талдау еңбектеріне дейінгі бірнеше кезеңдерде балалар мен жасөспірім спортының өзекті мәселелерін даярлау бастан өткергенін айтты. Бұл бағытта көптеген ғылыми жетістіктерге жетті, оның нәтижелері әлемнің түрлі елдеріндегі балалар мен жасөспірімдер спортының іс-тәжірибесінде кең қолданысқа ие болды.

 

1.4. Көпжылдық спорттық дайындық жүйесінің мазмұны

 

         Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайндығы егер жаттықтырушы — педагог оны спорттың (дене) жетілдірудің жоғары деңгейіне тұлғаны жеткізуге бағытталған көптеген өзара байланысты құрамдас бөліктерден құралатын педагогикалық жүйе ретінде ұйымдастырып, қарастырған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Мұнда әрбір жүйенің өзіне тән негізгі және қосымша жүйе түзуші факторлары болатынын ескеру қажет. 2 – сурет спорттық жаттықтырудың педагогикалық процесін басқару жүйесі. (Набатникова, 1982).

 

 

           
   
 
     
       
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындықтың негізгі жақтары

 

 

Қызметтік дайындық

 

 

Кешенді

бақылау

 

Сынақ және бақылау нормативтері

 

 

 

         
   
 
     
 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 – сурет. Балалар мен жасөспірімдердің дене ерекшеліктері дамуындағы жас ерекшеліктері.

 

Шартты белгілер:                 — ұлдар;                  — қыздар;                — ұлдар

 

мен қыздар арасындағы айырмашылық көлемі.

 

 

           
 

 

Күш

 

 

 

Қозғалыс шапшаңдығы

 

 

 

 

Жалпы төзімділік

 

 

 

 

 

 

 

 

4 – сурет. Әлемнің түрлі аймақтарында тұратын балалар мен жасөспірімдердің дене ерекшеліктері дамуындағы жас ерекшеліктері.

 

           
           

 

 

Шартты белгілер:            — Украина           — Польша            — БАӘ

 

 

 

5 – сурет. Көпжылдық спорттық дайындық жүйелерінің жаттықтыру ықпалын ұйымдастыру сызбасы.

 

 

 

 

 

 

 

Жылдық жұмыс көлемі, сағ

 

 

 

 

 

 

Арнайы дайындық, %

 

 

 

 

 

 

Қосымша дайындық, %

 

 

 

 

 

 

Жалпы дайындық, %

 

 

 

 

 

 

Жасы

Бастапқы

Алдын ала негізгі

Арнайы

негізгі

Қабілетті

барынша

көрсету

Жетістікті сабақтау

Дайындық сатысы

 

 

          Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындық жүйесін ұйымдастырудың негізгі факторлары мыналар:

  • жеке қабілеттерін анықтап, сәйкес спорт түрін таңдау;
  • оқу – жаттықтыру жарыс, қалпына келу.
  • тұлғаның ақыл-ой және рухани (көңіл күй) дамуымен спорт сабақтарын үйлестіруге мүмкіндік беретін өмір салты.
  • спорттық дайындықтың, оның барлық құрамдас бөліктері жүйесін бақылау мен түзету, қалпына келтіру.

          Бұл факторлардың мазмұны мен оның жұмыс заңдылықтарын, дамушы ағзаның мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктер есебі жинақтаған тәжірибесі жаттықтырушыға дайындық жүйесін басқаруды жүзеге асыруға, олимпиада шыңын бағындыруға қабілеті жоғары дәрежелі спортшылар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

          Ғалымдар көпжылдық спорт дайындығының құрылымы мен мазмұнын жасады, ол бес сатыға бөлінеді, алғашқы дайындық пен негізгі дайындық, спортшының жеке қабілеттерін шектік жүзеге асырады; спорт шеберлігіне жеткен деңгейін сақтау және ұстап тұру. Көпжылдық дайындықтың әрбір сатысының ұзақтығы спорттық дарыны деңгейіне байланысты және орта есеппен 2 – 3 жылды құрайды. (5-сурет).

          Әрбір оқу жаттықтыру жылы немесе үлкен жаттықтыру айналымы кезеңдерге бөлінеді: дайындық, жарыс және өтпелі, ал кезеңдер өз кезегінде кіші айналымдарға, яғни жаттықтыру сабақтарына, ал мезо айналымдар 3-6 жаттықтыру сабақтарына бөлінеді.

          Көпжылдық спорттық дайындығының мұндай жүйесі спортшының жас және жеке ерекшелігіне сүйенген, әрбір сатысының өз ерекшелігі бар оқу – жаттықтыру процесін дұрыс іске  асыруға мүмкіндік береді.

          1) Алғашқы спорттық дайындық 7-9 жаста басталып, 2-3 жылға созылады. Аталған сатының бағдарламасы көп факторлы, ал оның мазмұны спорттық – ойын әдісін, ырғақты гимнастика мен топтық сипаттағы тренажер құрылғыларының элементтерін пайдаланумен көп қырлы болуы тиіс. Әрине, бұл саты түрлі спорт түрлерінен дене жаттығуларын кең қолдануды қарастырады.

          Қозғалыс мектебі мен жан жақты дене дайындығын құру – бұл алғашқы спорт дайындығының негізгі міндеті.

          Дене жаттығуларының жан – жақты ықпалы әсерімен өскелең ағзаның барлық жүйесі нығайып, денсаулық жағдайы жақсарады, жалпы дене дайындығының деңгейі, артып, дене дайындығы жақсарады.

          Алғашқы спорттық дайындықтың факторлық құрылымдағы биологиялық көрсеткіштер, дәлірек айтқанда, дене дамуы жетекші ықпал болып табылады.

          Оқушылардың алғашқы спорт дайындығының бағыты факторлар бойынша қадағаланады. Бұл, бірінші кезекте, түрлі жаттықтыру ықпалы құралдарын пайдаланып, жететін жылдамдық қабілетін, төзімділік пен қозғалыс үйлесімділігін дамыту болып табылады.

          Дене жүктемелерінің көлеміне келетін болсақ, ол 10 жасқа қарай ұлдарда да, қыздарда да қимыл әдісін үйренуге бағытталған, кіші немесе орташа қарқындылықпен орындалатын жаттығулар санының ұлғаюы есебінен төмендейді.

          2) Негізгі спорттық дайындық (алдын ала және арнайы) – алғашқы дайындықты табысты өткізгеннен кейінгі саты, ол да бір ғана спорт түрінің көпқырлы негізінде жүзеге асырылады. Мысалы, оқу-жаттықтыру барысында қысқа қашықтыққа жүгіруден жақсы нәтижелер көрсеткен жас спортшы ұзындыққа жүгіріп келіп секірушілерге, орта қашықтыққа жүгіретін жүгірушілерге, лақтырушыларға арналған жаттығуларды орындайды.

          Тереңдетілген спорттық мамандану сатысында спортшының жеке ерекшеліктері айқын көрінеді, ол ілімдік тұрғыда және іс – тәжірибе барысында жаттықтыру, құралдарын таңдау, оның көлемі мен қарқындылығы, жаттықтыру ықпалдарының түрлері мен әдістерін таңдауға, жан – жақты амал қолдануға мүмкіндік береді.

          Мысалы, осы дайындық сатысында қысқа және орта қашықтыққа жүгіретіндер арасында екі типтік топтың өкілдері бөліне бастайтынын тәжірибе барысы көрсетті. Яғни, біреулері үшін қысқа мерзімдік жүктемелер қолайлы болса, келесілері үшін ұзағырақ жаттығулар лайық болады. Бір типологиялық топтың өкілдері жүгірудің алғашқы метрлерінде үлкен шапшаңдықты дамытса, екіншісі соңғы метрлерде дамытады.

          Аталған сатыдағы дайындықты дараландыру принципі оқушылардың педагогикалық, морфологиялық, психологиялық, физиологиялық, т.б. түрлі өлшемдерін пайдаланумен жүзеге асырылуы мүмкін. Негізгі міндеті бөлімдерде біртектес топтар құру болып табылады, олардың әрқайсысы үшін жаттықтырушы ықпалдың, сәйкес жүйесі жасалады.

          3) спортшының жеке қабілеттерін барынша іске асыру- бұл дайындықтың маңызды сатысы, оны ұйымдастырғанда мынадай заңдылықтарды ескеру қажет. Адам жарыс жағдайы барысында белгілі бір жас ерекшелігіне сәйкес жоғары дене және психикалық мүмкіндіктерін көрсете алады (1.1 — кесте).      

          Бұл сатыдағы жаттықтыру процесі дараландыру сипатында болады, онда ағзаның дене жаттықтырулары жүктемелері мен оның қалпына келтірілуіне әсері мен стресс жағдайындағы спорттық нәтижеге күшті ықпал ететін психикалық жағдайы да ескеріледі. Стресс жағдайына психиканың тұрақтылығын қалыптастыру оқу – жаттықтыру процесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

  • – кесте

Спорттық табыстардың жас ерекшеліктері аймағы, жасы.

Спорт түрлері

Бірінші үлкен жетістігі

Тиісті мүмкіндіктер аймағы

Жоғары нәтижелерді тұрақтандыру аймағы.

ерлер

Жеңіл атлетика

100 м жүгіру

800 м жүгіру

10000 м жүгіру

Биіктікке секіру

Найза лақтыру

Жүзу

Спорттық гимнастика

Күрес

Ауыр атлетика

Бокс

Академиялық есу

Баскетбол

Футбол

Конькимен мәнерлеп сырғанау

Шаңғы тебу

Коньки спорты

Шайбалы хоккей

 

 

 

әйелдер

Жеңіл атлетика

100 м жүгіру

800 м жүгіру

Биіктікке секіру

Найза лақтыру

Жүзу

Спорттық гимнастика

Баскетбол

Конькимен мәнерлеп сырғанау

Шаңғы тебу

Коньки спорты

 

 

 

 

 

          4) Спорттық шеберліктің жеткен деңгейін сақтау және ұстап тұру спортшының көпжылдық дайындығының соңғы сатысының негізгі мазмұны болып табылады.

          Әдетте, спорттық дайындықтың төртінші сатысына жеткен спортшыларда ағза жүйесінің өсуі мен қалыптасуының белсенді дамуы барысы аяқталып, соған байланысты оқу – жаттықтыру сабақтарын құруға олар үлкен ықпал етпейді.

          Бұл спортшы дайындығының барлық жақтарын қатаң дараландыру сатысы, онда спорттық жұмыс қабілетін сақтауға елеулі ықпал ететін белсенділіктің биологиялық ырғағы /дене, психика, ақыл-ой/ маңызды орын алады.

          Осы аталған мәселені зерттеу дара биологиялық ырғақтарды білу негізінде жылдық және көпжылдық оқу – жаттықтыру ісін құру спорттық нәтижеге ғана емес, сонымен қатар адамның денсаулық жағдайы мен спорттық ұзақ өмір сүруіне де ықпал етеді.

          Демек, көпжылдық оқу – жаттықтыру проуцесін құру біршама деңгейде адамның дара даму заңдылықтарымен анықталады.

          Бұл заңдылықтар есебі спортшының белсенді өсуі мен дамуы кезеңінде өте қажет. Дене жаттығулары мен олардың қарқыны даму барысында оның өсу және төмендеу кезеңдері байқалатын бүтіндей ағза жүйесінде жүретін өзгешеліктермен сәйкес келуі тиіс. Бұл өзгерістер кезеңі сипатта болып, жалпы биологиялық ырғақты бейнелейді, ол тек көпжылдық оқу – жаттықтыру барысында ғана емес, сондай – ақ тәулік, ай, жыл бойында да көрінеді.

          Спортшының даму биологиясы мен педагогикалық жаттықтыру барысының бірлігі спорттық дайындықтың барлық көпжылдық жүйесінің негізгі принципі.

          Оқу – жаттықтыру барысының ұйымдастырылуы. Педагогикалық ықпалдарды кезеңдестіру көпжылдық процесте ғана емес, бір оқу – жаттықтыру жылы бойында да сақталады, әрі спортшының ағзасында жүретін биологиялық процестерге тәуелді болады, ол кезеңдердің аттарына байланысты, олар: дайындық, жарыстық, өтпелі.

          Оқу – жаттықтыру жылын жоспарлағанда бапкер белгілі бір мерзімге спорттық шеберлік пен оның нәтижелерін тіркеу міндеттерін қояды. Сонымен қатар, оқушы сол кезеңде спортшы дайындық барысында қалыптасатын жоғары нәтижелерге барынша дайындық жағдайы – спорттық дене бітіміне келуі тиіс.

           Спорттық форма қалыптасудың үш кезеңінен өтетіні, белгілі, олар: меңгеру, тұрақтандыру, уақытша жоғалту.

          Спорттық форманың қалыптасу кезеңдеріне сәйкес оқу жаттықтыру жылы үш кезеңге бөлінеді. (кейбір спорт түрлерінде жарты жылдық та бөлінеді).

          Оқу – жаттықтыру барысының дайындық кезеңінің мақсаты жаттықтыру ықпалдарының түрлі құралдарын қолдану арқылы ағзаның қызмет мүмкіндіктерін арттыру болып табылады, сондай – ақ дене қабілетін жан – жақты дамыту мен қимыл іскерлігі мен дағдысын кеңейтуді де мақсат етіп қояды.

          Оқу – жаттықтыру барысындағы жарыстық кезеңдегі дене дайындығы шектік жарыс жүктемелеріне қызметтік дайындық сипатында болады. Және тәсілдік, дене, әдістік, рухани – ерік, психологиялық дайындықтардың барлық түрлерімен атқарылады. Бұл кезеңде ағзаның барлық жүйесі және жеке сапалар кешенді түрде спорттық әзірліктің ең жоғарғы деңгейіне жетеді.

          Оқу – жаттықтыру процесінің өтпелі кезеңі арнайы дене дайындығының көлемін азайтумен сипатталады, сабақтың негізгі мазмұнын белсенді демалыс тәртібінде жүргізілетін жалпы дене дайындығы құрайды. Барлық іс – шаралар қалпына келтіру ісін жылдамдатуға, яғни келесі оқу жылына «Шектен тыс қуат» жинауға бағытталуы тиіс.

          Дайындықтың әрбір кезеңі бүкіл оқу жылы сияқты оқу – жаттықтыру айналымдарына бөлінеді, онда жекелеген жаттықтыру сабақтары басты роль ойнайды. Олар жаттықтырудың кіші және орта айналымдар құрылымына топтастырылуы мүмкін.

          Көпжылдық спорт дайындығының бастапқы сатысындағы оқу – жаттықтыру сабағы жас спортшының жан – жақты дене және үйлесімдік қабілетін дамытуға бағытталып, негізінен жалпы дене бағытында болады. Соңғы сатыда арнайы қабілеттерге үлкен мән беріліп, сабақ барынша мамандану сипатында болады.

          Өзінің құрылымы бойынша мамандандыру сабағының кез – келген жаттықтыру сабағынан айырмасы жоқ, себебі әрбір сабақ үш бөлімнен тұрады, олар: дайындық (ширату), негізгі және қорытынды; оның өткізілу уақыты 1,5 сағаттан 3 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

          Мұнда сабаққа қойылатын жалпы талаптар сақталады, мұнда бірінші кезекте жас және жыныс ерекшеліктері, сосын оқушылардың типтік және жеке айырмашылықтары ескеріледі. Жаттықтыру жүктемелерінің көлемін сабақты ұйымдастыру түрлері мен ықпал ету құралдарын таңдау спорттық дайындық жүйелері қызметінің жалпы заңдылықтарына негізделген.

          Оқу – жаттықтыру барысында жас спортшыны оқыту мен тәрбиелеудің жалпы принциптерімен қатар спорт дайындығы жүйесіне ғана тән арнайы принциптер де жүзеге асырылады. Атап айтқанда, арнайы қабілеттерді жетілдіру мен оларды барынша дамыту бағыты; жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі, жаттықтыру жүктемелері өзгерістің үздіксіздігі мен толқын сипатында болуы, оқу – жаттықтыру барысының айналымдығы.

          Сонымен, жас ұрпақтың спорттық дайындығы жеке қабілеттерді дамытумен қатар жалпы дене дайындығын жоғары деңгейге жеткізуге, дене жетілдірілуінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

          Спорттық дайындықтың басты ықпалдарының бірі жарыс қимылдары болып табылады, олар төмендегіше жас ерекшеліктері топтарынд атқарылады:

          І топ – тұрғын орындарында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде құрылған спорт секцияларында, мектептің дене тәрбиесі ұжымдарында, секциялар мен командаларда тұрақты шұғылданатын 7-8, 9-10, 11-12 және 13-14 жастағы ұлдар мен қыздар;

          ІІ топ – спорт секциялары мен спорт мектептерінде жүйелі дайындықтан өтетін 15-16, 17-18 жастағы жасөспірімдер мен қыздар;

          ІІІ топ – спорт секцияларында жоғары спорт шеберлігі мектептерінде, жоғары және орта оқу орындарының спорттық жетілдіру бөлімдерінде табысқа жетуді дамытатын 19 – 21 және 22-24 жастағы жастар.

          Жас спортшыны оқытқанда жарыстарға тікелей дайындық сатысында тәсіл мен арнайы психологиялық дайындықты әзірлеуге көп көңіл аударылды. Жаттықтырушы жас спортшылардың психофизиологиялық сипаттары мен жүйке жүйелерінің негізгі қасиеттерін дамытудың жас ерекшеліктерін дәл білуі тиіс.

          Балалар мен жасөспірімдерде ақпаратты сараптау шапшаңдығы мен зейіннің психофизиологиялық сенімділігінің төмендеуі жас кезеңдерінде жиі байқалады. Бұндай сезімтал кезеңдер жасөспірім кезеңіне тән, бұл жаттықтырушылар тарапынан жас спортшының мінез – құлқы табысы немесе сәтсіздігіне орай үлкен педагогикалық шеберлік пен іскерлікті талап етеді.

          Әрине спорттық жарыстарға қатысу жас спортшыға үлкен психологиялық және денелік ықпал еөрсетеді, сондықтан педагогикалық және дәрігерлік – биологиялық қалпына келтіру құралдарын қолдану қажет.

 

1.5. Жас спортшылар жаттықтырушысының кәсіби

жұмысына қойылатын заманауй талаптар

 

          Балалар мен жасөспірімдер спортының жаттықтырушысының педагогикалық жұмыстары дене тәрбиесі мұғалімінің жұмысы тәрізді құрылымы күрделі және басқа да педагогикалық кәсіп иелеріне қарағанда айырмашылығы бар.

          Жас спортшының белсенді өсуі мен дамуы кезеңінде жүретін биологиялық және психологиялық процестер саласындағы білімді, педагогикалық және жаттықтыру ықпалдарының түрлері, әдістері мен құралдарын жоғары деңгейде үйлестіру, жоғары дене және әдістік дайындық балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінің жаттықтырушысынан педагогикалық және арнайы қабілеттер кешенін талап етеді.

          Педагог (тәрбиеші, ұстаз) – ересектермен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласындағы іс – тәжірибелік жұмыстарды жүргізетін тұлға.

          Спорттық жаттықтырушы – бұл дене қабілеттерін дамытумен және қимыл әдістеріне оқытумен қатар болашақ азаматтың тұлғасын қалыптастырумен шұғылданатын тұлға, бұл жұмыстың негізін, педагогикалық қабілетін құрайды.

          Көптеген зерттеушілер мен тәжірибешілердің пікірінше (Озолин, 1982; Филин, 1987; Деркач, Исаев, 1981) педагогикалық қабілетке ие болуы дегеніміз, бұл:

  • оқу материалын оқушыларға түсінікті етіп жеткізе білу, өз тәрбиеленушілерін түсініп, оқу процесінде шығармашылық көрсете білу;
  • жеке оқушыларға, бүкіл ұжымға түгелдей ықпал ететін ерік жігер педагогикалық сапаларды меңгеру;
  • балалар мен жасөспірімдер ұжымын ұйымдастыру мен оқушылардың өмірі мен қызметіне қызығушылық таныта білу.
  • түсіндіре білу, әңгімені мазмұнды әрі ашық жүргізу, бейнелі және ұғымды сөзбен жеткізе білу;
  • педагогикалық мәнер көрсетіп, бақылай білу, бақылаудан шыққан нәтижелерге дұрыс қорытынды жасау және талдау, оқушылармен қатар өзіне де талап қоя білу қажет.
  • оқу материалын заманауй өмір талаптары мен түрлі өмір жағдайлары талаптарымен салыстыра білу.

          Тиісті педагогикалық қабілеттерге ұйымдастырушылық, ынталылық, еңбекке қабілеттілік, өзін игеруі, белсенділік, табандылық, зейін аудару және зейінді дұрыс бөлу тәрізді сапалар жатады. Сонымен қатар осы құрамдас бөліктердің де өз құрамдас бөліктері бар. Педагогикалық қабілеттердің құрылымын зерттей отырып, біз оның бөлшектеріне терең үңілеміз. Ол педагогикалық және жаттықтырушылардың жұмысы барысындағы және жекелей алынғандағы өзара байланысты дамыту мен жетілдіруге мүмкіндік береді.

          Балалар мен жасөспірімдер спорты жаттықтырушысының педагогикалық жұмысының құрылымын, зерттеуге А.Деркачтың, А.Исаевтың (1981), А.Тер – Ованесянның (1978), Б.Шиянның (1997) және көптеген ғалымдардың зерттеулері арналған.

          Балалар мен жасөспірімдер спорт жаттықтырушысының жұмысын талдау нәтижелері оның кәсіби қабілеттері тұлғаның табысты педагогикалық жұмыстарына алғы шарт болып табылатын психикалық қасиеттерінің қосындысына негізделетінін дәлелдеуге мүмкіндік берді.

          Жаттықтырушының жұмыс құрылымы ең алдымен перцептивтік, жобалаушы, құрастырушы, ұйымдастырушы, білім беру, экспрессивтік, қарым қатынас, академиялық және арнайы қабілеттерін дамытуды талап етеді.

          Сонымен жаттықтырушының табысты әрекеті ілімдік дайындық пен іс тәжірибелік дағдыларды талап ететін бірқатар қабілеттерді дамытумен анықталады.

          Бұл қабілеттердің әрбірі нақты және жаттықтырушы әрекетінің бірқатар құрамдас бөліктермен бағаланады.

          Перцептивтік қабілеттер (перцепция – ақиқат әлемдегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін кескіндер) педагогикалық бақылауда өз назарын жеке оқушыға да, түгелдей оқушылар ұжымына да шоғырландыра білуден көрінеді.

          Бақылау ғылыми танымның өте ертедегі әдістерінің бірі болып табылады, ол әрбір жаттықтырушыға оның педагогикалық және жаттықтыру ықпалдарына бағытталған нысанды зерттеу үшін қолайлы.

          Әрине, әрбір әдіс бақылау бағдарламаларын құру, оны талдау, бағалау, қорытындылау бойынша белгілі бір білімдер мен дағдыларды талап етеді.

          Мысалы, бақылау әдісін пайдаланғанда қарқыны бойынша қандай дене жүктемелер жас спортшының ағзасына кері әсер ететінін нақты білу қажет.  Жаттықтыру жүктемелері бет – ажарының түсіне (сұрлану, қызару), тері бөлінуіне, қимыл үйлесімінің өзгерісіне, т.б. әсер ететінін білеміз. Жүргізілген бақылаудан соң алынған мәліметтер талданып, солардың негізінде қорытынды жасалады.

          Сонымен, бұл жағдайда ережелерді ұстанамыз, яғни кәсіби білімге тәуелді етіп бақылаймыз, талдаймыз және қорытынды жасаймыз.

          Педагогикалық бағытталған зейін жас спортшылардың жұмысына қажетті дәйектерді таңдауға мүмкіндік береді, оқушының әрбір әрекеті мен қимылынан түбегейлі талдауды талап ететін педагогикалық жайтты көру қажет.

          Зейінді бөлу жаттықтырушыға бүкіл топты және жекелеген оқушыларды назардан тыс қалдырмауға, ағымдағы жұмысты өзараландыру жұмыстарымен үйлестіруге мүмкіндік береді.

          Жобалаушы және құрастырушы қабілеттер жаттықтырушының спорт ілімі саласындағы кәсіби біліміне, нысан туралы мәліметтеріне, яғни педагогикалық ықпал бағытталатын жас спортшы туралы мәліметтерге тікелей байланысты болады.

          Оқу – жаттықтыру сабақтарын жобалау немесе жоспарлау сауықтыру, білім беру және тәрбие сынды үш негізгі міндеттерді шешу негізінде атқарылады.

          Ешбір оқу пәні спорттық жаттықтыру талап еткендей үш міндетті кешенді түрде шеше алмайды.

          Спорттық жаттықтырушы бір оқу – жаттықтыру сабағынан бөлек, жас спортшының жылдық және көпжылдық олимпиадалық дайындық айналымын жоспарлайды.

          Сонымен, балалар мен жасөспірімдер спорты жаттықтыруының жобалаушы және құрастырушы қабілеттері бүкіл топтың және жекелеген жас спортшының әрбірі үшін жұмысты жоспарлауға мүмкіндік беретін білімдер кешенін талап етеді.

          Мұнда оқу – жаттықтыру жұмысының, мақсаттылықтың, спорттық бөлім мен жеке тұлғаның іс — әрекеті мен өмірінің барлық жақтарына тәрбиелік ықпал етудің жүйелілігі мен үздіксіздігінің жас спортшылар ұжымы әрекетінің дербес сипатының бірлігі қарастырылады. Әрине, жоспарлауда барлық іс – шаралардың жас  спортшылардың дайындық деңгейіне, олардың жасы мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі қарастырылады.

          Ұйымдастыру қабілеттері оқу – жаттықтыру сабақтарын, жас спортшының спорт сабақтарынан тыс, үйде, мектепте, т.б. іс — әрекетін үйымдастыра білуде көрінеді. Ал балалар мен жасөспірімдердің жаттықтырушысының жұмысындағы ұйымдастыру қабілеті мұнымен шектелмейді.

          Ең алдымен, спорттық жаттықтырушының жұмысының басталуы балалар мен жасөспірімдерді спортпен шұғылдану үшін таңдап, іріктеп – жинауды ұйымдастыру болып табылады. Сосын оқу – жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу ісі жүргізіледі, сосын ол жас спортшылардың жарыстарға қатысуымен аяқталады.

          Спорттық жиындарды жүргізу мен спорттық – сауықтыру лагерлеріндегі жұмыстарындағы ұйымдастыру қабілеті өте маңызды болады.

          Ұйымдастыру қабілеті де кез – келген педагогикалық қабілет тәрізді бірқатар бөлшектерден құралады, тұлғаның оның дайындығының бағытынан тұлғаның жалпы және арнайы қасиеттерінен, жүйке жүйесінің жеке ерекшеліктерінен, темпераментінен құралған, өзара байланысқан құрылым түзеді.

          Өмірлік жағдайларда бұл қабілет тіл табысу, өзіне адамдарды тарту, ақыл – ой саналылығы ерік сапалары, адам тани білуі, т.б. тәрізді қабілеттері бойынша бағаланады.

          Білім беру қабілеті жас спортшыларға білім беру әдістерінде, сабақтарды шығармашылықпен, жас спортшылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, өткізуде көрінеді.

          Дидактика (гр — оқытамын) – педагогиканың бір бөлімі, ол білім беру  заңдылықтарын, ал аталмыш жағдайда спорттық дайындық ілімі мен әдістемесі, саласында жас спортшыларға алғашқы білім беруді зерттейді. Дидакиканың негізін калаушы чех педагогы Ян Амос Коменский екені белгілі, ол орта ғасырлық тек есте жаттап сақтау әдісіне өзінің жасаған оқу жүйесін ендіріп, оқыту ілімінде өзгеріс жасады, ол балалардың жас және психикалық ерекшеліктеріне олардың шығармашылық қабілеті мен барлық ойлау әрекетін дамытуға есептелген.

          Бұл ережелер спорт, жаттықтырушылары мен мұғалімдерінің іс – тәжірибе барысында өз орнын тапты.

          Экспрессивтік (экспрессия – көріну, айқындылық, сезімнің, көзқарастың, қимылдың көрінуі) қабілеттер педагогикалық көзқарастар тұрғысынан алғанда өз ойын, білімі мен пікірін сөз арқылы, бет қимылы арқылы әсерлі көрсетумен сипатталады.

          Балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істейтін спорттық жаттықтырудың сөзі ішкі күшпен, пікірмен үнемі ерекшеленіп тұруы тиіс.

          Сөздің дыбыстық айтылу мәнерінің негізгі құралдарының бірі әңгімелеудің негізгі өңін беру болып табылады. Ол арқылы мұғалім, жаттықтырушы өзінің айтып тұрған  ойына деген көзқарасын білдіреді.

          Әңгімелеудің негізгі ырғағы әңгімелеудің көңіл – күй және мағыналық мәнерінің айтылуы құралы болып табылады. Оның құрылуында дауыс ырғағы және де басқа сөйлеу құралдары  үлкен маңызға ие болады.

          Ырғақ көзқарастарға сай түрліше сипатта болуы мүмкін.

  • дәлелдеуші, сендіруші, сенімді;
  • бұйырушы, жігерлі;
  • өтінуші, сұранушы;
  • мажорлық, қуанышты;
  • жұмсақ, мейірімді;
  • ұстамды, бірқалыпты, салмақты;
  • мазасыз, толқып, салтанатты;
  • хабарлап, бейнелеуші;
  • әзілді, т.б.

          Дауыс ырғағын таңдау әңгімелеудің негізгі ой – түйініне, оның мақсатына байланысты болады. Ырғақ әңгімелеудің негізгі ойын айтушының айтып тұрған ойына деген көзқарасын білдіруі тиіс.

          Оқытудағы жаттығуларды орындау әдісін орындауды түсіндіргенде логикалық екпіндер мен үзілістерді, яғни айтылған сөздің мағыналық және көңіл – күй мәнерінің маңызды құралдарын пайдалану керек.

          Ауызекі сөйлеу тілінің ырғағы мен дауыс күші, сондай-ақ көзқарасы, бет қимылы, қол қимылы, жандандырушы сөздің де маңызы бар. Бірақ қол қимылдарын пайдаланғанда  абай болу керек. Өте жиі, біркелкі, іш пыстыратын, кілт қимылдар шектен тыс болуы жалықтырады.

          Қарым-қатынас қабілеті спорттық жаттықтырушыға тәрбиеленушілермен үйлесімді өзара қарым – қатынас орнатуға көмектеседі. Қарым – қатынаста тіл табыса білу педагогикалық мәнерде, талас тудырмай, олардың алдын ала білуінде көрінеді. Эмпатия яғни басқа адамдардың қайғысына ортақтаса білу өте маңызды.

          Академиялық және арнайы қабілеттер кез  келген кәсіби жұмыстың негізі болып табылады. Академиялық қабілеттер жаттықтырушыларының жалпы дүниетанымы мен ақыл – ойын көрсетеді, ал арнайы қабілет оның балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығын ұйымдастыру мен жүйесін құрудағы кәсіби жетістіктерін анықтайды.

          Балалар мен жасөспірімдер спорты жаттықтырушысының кәсіби қабілеттерінің құрылым сипаттары оның жас спортшылар мен өз әріптестері арасындағы беделін анықтайды. Н.Деркач пен А.Исаев (1985) жас спортшылар өз жаттықтырушыларының мейірімді, әділ, батыл және адал болғанын қалайтынын анықтады.

          В.Сухомлинскийдің айтуынша тәрбиешіге деген сенім (1970) – бұл педагог пен тәрбиеленушінің өзара қарым – қатынас әдебінің негізі.

          Іс барысындағы балалар мен жасөспірімдер спортындағы жаттықтырушының кәсіби қабілетін қалыптастыру бірқатар сатылар мен деңгейлерде жүргізіледі.

          Бірінші деңгей — өнімі аз (ең кіші) жаттығу жүйесін немесе комбинацияны қалай орындау қажеттігін көрсете білу. Өз білімін ілімдік және іс – тәжірибелік дайындығына қарай түсіндіре білуі.

          Екінші деңгей – бейімдеу (төмен) жаттықтырушы тек өзінің білетінін ғана хабарлап қоймай, сонымен қатар өз тәрбиеленушілерінің жас және жеке ерекшеліктеріне қарай өз түсіндірмесін бейімдей алады.

          Үшінші деңгей – локальды үлгілеу (орташа). Білімді жас спортшылардың ерекшеліктеріне қарай бейімдеумен қатар дайындықтың дене әдістік және тәсілдік және т.б. жекелеген түрлеріне қарай білім жүйесін, іскерлік пен дағдыны үлгілеп көрсете алады.

          Төртінші деңгей – білімді жүйелеп үлгілеу (жоғары) жаттықтырушы жас спортшының жұмыс жүйесінде білім жүйесін таңдаған спорт түрінен іскерлік пен дағдыны қалыптастыру  үшін үлгіні жүйеге сала біледі.

          Бесінші деңгей – жүйелік үлгілеу әрекеті және тәртібі (жоғары). Жаттықтырушы спортшының жоғары адамгершілік және психикалық тұрақтылығы шеңберіне жоғары спорт табыстарына жетуге мүмкіндік беретін жеке сапаларды қалыптастыратын спорттық дайындық жүйесін үлгілей біледі.

          Аталған жіктеу негізінде Н.Деркач пен А.Исаев (1985) білім мен бағдарды жетілдіруге жол ашты. Жаттықтырушы жұмысының әрбір жаңа деңгейі алдыңғысын қамтып, білім мен іскерлік құрылымындағы сапалы өзгерістермен сипатталады.

          Жоғары оқу орнын арнайы дайындықсыз аяқтағанда тек екінші – бейімдеу деңгейіне ғана жете алады. Жаттықтырушының бұдан кейінгі кәсіби шеберлігі өз әріптестерінің іс тәжірибелеріндегі озық тәжірибені талдау барысындағы білімді, іскерлік пен дағдыны көтеруімен, өзіндік білім  жетілдіру жүйесімен, балалар мен жастардың спорт дайындығының ықпалын арттыратын қорытындылар жасап, талдау қабілетімен анықталады.

          Жаттықтырушының білімі мен жеке сапалары егер ол бақылап, талдап және дұрыс қорытынды жасай білетін болса ғана іс – тәжірибе барысында жетілдіріледі.

          Бұл іс барысы тиімді жүзеге асырылуы үшін нысан (жас спортшылар) мен заттардың (спорттық дайындықты ұйымдастыру құралдары, әдістері мен түрлері, т.б.) белгілі бір зерттеу әдістері жүйесін меңгеру қажет. Білім алудың бұндай жүйесі зерттеушілік қабілеттерін дамыту мен түрлі әдістерді меңгеруді талап етеді.

          Жинақтаған тәжірибені ілімдік талдау мен сараптау. Бұл әдіс арнайы әдебиеттерді, журнал мақалаларын, конференция материалдарын (Ашмарин, 1978), яғни іс – тәжірибе әрекеті үшін қызығушылық тудыратын сұрақтар жарияланатын әдеби қайнар көздерді зерттеуді ұсынады.

          Мұнда ең алдымен, мақсат пен міндет қоюды қарастыратын белгілі бір ережелер сақталады.

          Мысалы, егер жас  спортшының дене дайындығы ерекшеліктері туралы білімді кеңейту қажет болса, онда ол бұл жағдайда мақсат болып табылады.

          Алайда, дене дайындығы мазмұнына күш, шапшаңдық, төзімділік, т.б. дене қабілеттерін дамыту кіретіні, белгілі. Демек, міндеттерді де белгілі бір қабілеттерді дамытуға қарай нақтылауға болады.

          Зерттелген әдеби қайнар көздер таңдау жасайды және соның негізінде  іс тәжірибе жұмыстарына қажетті қорытынды жасайды.

          Жаттықтырушыда  зерттелген әдебиеттерде келтірілген пікірлермен келіспеуге байланысты сауалдар туындауы мүмкін. Бұндай жағдайда жұмысшы болжамы, яғни болуы мүмкін болжамдар жасалады, ондай болжамдар логикалық негізделген болуы тиіс

          Болжамды тексеру тәжірибені ұйымдастыруды, яғни адамның зерттелетін құбылыстарға жоспарлы түрде араласуын талап етеді.

          Педагогикалық тәжірибе жас спортышылар  жаттықтырушысының іс – тәжірибе жұмыстарында тәжірибенің екі түрін, яғни құрастырушы, қайта түзуші түрлерін пайдалануға болады.

          Құрастырушы тәжірибе белгілі болған дәйек пен құбылыс туралы білімін тексеру қажет.

          Мысалы, іс – тәжірибеде спортшының дене дайындығын бағалау үшін бақылау жаттығулары қолданылады.

          Жасалған бағалар кестесі дене қабілеттерінің даму деңгейі туралы ақпарат береді.

          Алайда, жаттықтырушыда оның аймағындағы осы кестелердің дұрыс еместігі туралы күмәнді пікір туындауы мүмкін. Бұндай жағдайда  барлық оқушылар  белгілі бір бағдарлама бойынша сынақтан өткізіліп, негізгі статистикалық мәндер есептеледі.

          Алыған мәліметтер бағалар кестесі мәліметтерімен салыстырылып, оларға талдау жасалады және тиісті қорытынды жасалады.

          Болжамды осындай тексеру, жоспар құру, сынақты іріктеп алу, тиісті жағдай мен сыналушылардың қажетті санының болуы (статистикалық мөлшерлерге сәйкес) тәрізді зерттеу тәртібі ережелерін талап етеді.

          Қайта құрушы педагогикалық тәжірибе келтірілген болжамға сай жаңа педагогикалық ережелер даярлауды қарастырады.

          Егер жаттықтырушы спорттық дайындықтың мәселесін тиімді шешу жолын тапса (дамыту әдістері, ұйымдстыру құралдары мен түрлері, жоспарлау, бақылау, т.б.), онда бұл қайта құрушы педагогикалық тәжірибелер көмегімен дәлелденеді және басқа да зерттеу әдістері қолданылады.

          Педагогикалық сынақ тапсыру, бақылау, сауалнама. Дене тәрбиесі мен спорт іс тәжірибесінде спортшының ағзасы мен жеке қасиеттерінің жағдайы туралы ақпараттардың маңызы зор. Бұл үшін стандарт тесттер қолданылады (Л.Волков, 1994, 1998, 2000; Серщенко 2000), олардың көмегімен адам қабілетінің даму деңгейін өлшеу жүргізіледі (ақыл – ой, дене, психикалық, т.б.) . Бұндай процедура тестілеу деп аталады.

          Қазіргі кезде спорттық іс тәжірибе жас және ересек спортшылардың дайындық деңгейін жан – жақты бағалауға мүмкіндік беретін жеткілікті  сынақ санын қамтитынын айта кету қажет.

          Педагогикалық бақылау оқу-жаттықтыру процесі мен жарыс әрекетін олардың қатысуынсыз ұйымдастыруды бағалап, жоспарлы талдауды қарастырады.

          Бақылау әдісін пайдалана отырып, жарыс немесе жаттықтыру жүктемесінің жас спортшы ағзасына әсер етуі туралы, спортшының ескертуге немее мақтауға реакциясы мен жаттығуды орындау әдісі және жас спортшы тұлғасының басқа да жақтары туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.

          Кез – келген педагогикалық бақылау жоспарын мұқият әзірлеуді, бақыланатын оқиғалар мен құбылыстарды бағалау соған сәйкес талдау мен қорытынды жасауды талап етеді.

          Сауалнама «сұрақ — жауап» атты әдістерге жатады. Осы әдістерге интерьвю мен әңгімелеуді жатқызамыз.

          Бұл әдістердің барлығы мынадай белгілермен сипатталады. Яғни жаттықтырушы немесе мұғалім сөздік хабарламада жеткізілген ақпарат алады. Демек, кез – келген сұрақ – жауап әдісін ұйымдастыру жауап берушінің қойылған сауалдарға шын әрі толық жауап беруін талап етуге бағытталуы тиіс.

          Кез – келген педагогикалық тәжірибе зерттелетін нысан туралы ақпарат алуға көмектесетін барлық әдістерді пайдалануды қарастырады. Спортшының түрлі қабілеттерін өлшеу үшін динамометрия, хронометрия, гониометрия, рефлексометрия, теппингметрия және т.б. қолданылады. Жаттықтыру жүктемелерінің ықпалын анықтау үшін ең қолайлы әдіс (ағзаға) пульсометрия болып табылады.

          Арнайы әдебиеттерден ағза мен бүкіл жүйенің зерттеу әдістері туралы  олардың табиғи жағдайлардағы және спорттық дайындық жүйесіндегі сандық және сапалық бағасы туралы жеткілікті мәліметтер ашуға болады.

          Қазіргі кезде көптеген ғылымдарда оның ішінде спорттық педагогика дәл математикалық тәуелділіктерді көптеп пайдалану жолымен дамиды.

          Сонымен математикалық статистика мен математикалық талдау әдістері заманауй балалар мен жасөспірімдер спортшының жаттықтырушысы білімінің құрамдас бөлігі болып табылады.

          Зерттеудің ілімдік және тәжірибелік материалдары жоғары оқу орындарындағы  оқыту барысындағы студент жастардың курс және диплом  жұмыстарының негізгі мазмұны болып табылады. Зерттеу жұмыстарынан алынған мәлімет жаттықтырушылар семинарларындағы баяндамалар түрінде мамандандырылған журналдар мақалаларында, әдістемелік әзірлемелер мен кітаптардағы спорттық іс – тәжірибе үшін ұсынылатын болады.

          Сонымен балалар мен жасөспірімдер спортының жаттықтырушысының педагогикалық шеберлігін қалыптастыру іс – тәжірибелік және зертту  жұмыстарындағы қабілеттерді күнделікті жетілдіруді талап етеді.

 

 

 

ІІ – бөлім.  Спорттық қабілеттер мен дарындылықты анықтау

 

2.1. Жеке қабілеттер мен спорт сабақтарын таңдау

 

          Көптеген зерттеулерде спорттық іріктеудің ілімі мен әдістемесі бойынша  (Бриль, 1980; Булгакова, 1986; Шапошникова, 1994) спорттық қабілеттер мен спорттық дарындылықты бағалаудың арнайы технологиясы қолданылады. Бұндай технологияның негізгі мазмұны жоғары дәрежелі спортшылардың үлгі сипаттарын зерттеу мен анықтауда, спорттық нәтижеге ықпал ететін өлшемдердің ақпараттық маңызын зерттеуде, олардың тұрақтылығы мен генетикалық негізделуінде, сондай – ақ ұйымдастыру сұрақтарының негізделуінде көрінеді.

          Бұл зерттеулердің ілімдік және іс-тәжірибелік маңызы күмән тудырмайды. Алайда бұндай күрделі мәселелерді әзірлеуде ең алдымен «спорттық іріктеу»  ұжымын, сосын зерттеу пәні мен оның бағытын ескере отырып, оның өлшемдерінің мазмұнын нақты анықтау қажет.

          В.Филминнің пікірі бойынша (1987) спорттық іріктеу ұйымдастыру әдістемелік іс-шаралар жүйесін қарастырады. Соның негізінде белгілі бір спорт түрінен мамандануы үшін балалар мен жасөспірімдердің, жастардың қасиеттері мен қабілеттері анықталады. Зерттеушілер мен іс-тәжірибешілер назарында әрдайым белгілі бір жұмысты орындау табыстылығын қамтитын, адамның табиғи, анатомо – физиологиялық жеке ерекшеліктері мен қасиеттері болуы тиіс. Кез-келген жұмыс түрінде, оның ішінде спорттық қимылдар нәтижесінде жоғары нәтижелерге жету қабілетті, яғни дарындылық пен талантты көрсетудің жоғары түрлерін көрсетуді талап етеді. Сондықтан «спорттық іріктеу» ұғымын анықтауда «дарындылық» ұғымын ендірген дұрыс. (Платонов, Сахновский, 1988). В.Плотонов (1987) спорттық іріктеуді нақты спорт түрлерінен жоғары нәтижеге жетуге қабілетті дарынды адамдарды  іздестіру ретіндегі спорттық іріктеуді қарастырады.  Платонов (1987) спорттық іріктеуді нақты спорт түрінен жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті дарынды адамдарды іздеу ретінде қарастырады. Дарындылық қызметтің жоғары деңгейіне сүйінетін қабілеттерді үйлестіру деп түсіндіріледі.

          Зерттеушілер спорттық іріктеу мен оны зерттеу әдістері мәселесіне деген амалдардың көптүрлілігі мен қарама – қайшылығы зерттеу пәндерін түрліше түсіну мәніне қарай негізделеді деп есептейді. Сондықтан спорттық іріктеу жүйесін ары қарай әзірлеу үшін қабілет пен дарындылық қасиеттер ұғымдарын нақтылау қажет. (спорттық жұмыс көзқарасы тұрғысынан.). Бір авторлардың пікірінше, туа біткен қасиеттер мен қабілеттерді үйлестіру болып табылатын (В.Волков, Фимен, 1983; Zaporochanov, Sozahsky, 1997), ал басқалардың пікірінше (Л.Волков, 1973, 1997; L.Volkov, 1996) генетикалық негізделген морфоқызметтік, моторлық және психофизиологиялық ерекшеліктер болып табылатын «спорттық дарындылық» ұғымын – анықтауда көптеген қарама-қайшылықтар байқалады.

          Жүргізілген нәтижелері спорттық дарындылықты спорттағы жоғары жетістіктерді қамтамасыз ететін қабілеттердің үйлесімі ретінде қарастыруға болатынын дәлелдеді.

          Жаттықтыру мен жарыс ықпалдары қозғалыс, дене және психикалық қабілет қасиеттерін дамытады. Қаситеттердің мәнін түсінуге деген амал ең алдымен заманауй спорт талаптарына негізделген, себебі В.Келлер (1995) мен В.Плотонов (1997) жарыс жағдайында адамның қимыл дене және психикалық әлеуеті талаптарын зерттеуге болатынын дәлелдеді. Демек қасиеттердің мазмұнын анықтайтын белгілер туралы  ақпарат қажет, яғни спорттық дарындылықтың негізі болып табылады. Бұндай ақпарат спортпен айналысудың бастапқы сатысынан бастап жоғары жетістіктерге жету  сатысына дейінгі жас ерекшеліктер ауқымын қамтиды.

          Қазіргі кезде спорттың алуан түрлеріндегі нәтижелердегі морфологиялық, физиологиялық, психофизиологиялық, және басқа да белгілерінің ықпалы туралы жеткілікті ақпараттар мен спорттық табысқа кепіл болатын көптеген өлшемдердің генетикалық негізі туралы мәліметтер бар.

          Мәселені ары қарай зерттеу өзара байланысқан көптеген құрамдас бөліктердің белгілі бір құрылымдарын қамтитын дамушы жүйе ретіндегі спорттық дарындылықты зерттеу талап етеді. Бұндай зерттеу барысында алынған мәліметтер спорттық дарындылық өлшемдерінің мазмұнын жасауға түбегейлі ықпал етуі мүмкін, яғни мұнда құрылымды зерттеуді жалпы және арнайы спорттық дайындық ретінде қарастыру қажет.

          Мәселені осылай қоюға байланысты спорт түрлерінен спорттық дарындылықтың жас ерекшеліктері құрылымын зерттеу бойынша зерттеулер ұйымдастырылды. Зерттеу бағдарламасына дене қабілеттерінің деңгейін сипаттайтын белгілер өлшемдері (педагогикалық өлшемдер) жүйке жүйесі мен типтік топтардың негізгі қасиеттерін бейнелейтін психофизиологиялық көрсеткіштер (психофизиологиялық өлшемдер) мен антропометрикалық белгілер (соматометрикалық өлшемдер) ендіріледі. Есебі мен талдау көптік, детерминация көмегімен (пайызбен) жүргізіліп, әрбір өлшемнің спорттық нәтижелерге жалпы және таңдаулы ықпалдары бағаланды.

          Мысал ретінде спорттық жылдамдық – күш түріндегі спорттық дарындылықтың жас ерекшелігі құрылымын зерттеу бойынша мәліметтерді келтіреміз (жеңілатлетикалық секірулер)

          Зерттеу нәтижелері жас спортшы қыздарда алғашқы дайындық кезеңінде спорттық нәтижеге дене қабілеттерінің даму деңгейі көбірек ықпал ететінін көрсетті. Мұндағы жаттықтыру ықпалының әсері өте жоғары, ал жоғары жетістіктер сатысында спорт нәтижесі көп жағдайда жүйке жүйесінің жағдайына байланысты болады. Егер спорт нәтижелеріне биологиялық белгілер әсерін кешенді қарастырсақ (соматометриялық және психофизиологиялық, онда оның бастапқы және жоғары жетістіктер сатысындағы маңызды ролін айта кеткен жөн  40,0 және 49,3%).

          Біршама өзгерек  мәліметтер жас спортшылар көрсеткішін талдауда алынды. Ұлдардағы спорттық дайындықтың алғашқы екі сатысындағы биологиялық белгілердің спорт нәтижелеріне күшті ықпал еткені байқалды.

          Сонымен, зерттеу негізінен генетикалық негізделген биологиялық белгілер ықпалдары спорттық дарындылық құрылымында жоғары екенін және жас, жыныстық айырмашылықтары болатынын көрсетті.

          Демек, спорттық дарындылықты кешенді зерттеу дайындықтың түрлі сатыларындағы спорттық іріктеудің өлшемдерінің мазмұнын әзірлеуге арналған ақпараттарды алуға мүмкіндік беріп, сондай-ақ спорттық іріктеудің негізгі  міндеттерінің бірі – бұл біріншіден, алғашқы дайындық сатысындағы жалпы спорттық дарындылық деңгейін, екіншіден, тереңдетілген спорттық мамандану сатысындағы арнайы дарындық деңгейін анықтау мен бағалауға мүмкіндік береді.

          Жалпы спорттық дайындылық құрылымын зерттеу бойынша нақты міндеттер қоямыз, атап айтқанда:

  • Жалпы спорттық дарындылық барлық спорт түрлері өкілдерінің қызметін талдау мен жарыс және жаттықтырудың заманауй талаптары негізінде зерттелуі мүмкін.
  • Үлкен жаттықтыру жүктемелері мен одан кейінгі күшті шапшаң қалпына келтіру жоғары дәрежелі спортшыға тән. Бұл зор денсаулықты, жоғары жұмыс қабілеті деңгейін талап етеді, дене қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Дененің құрылым ерекшелігін, соматотипін және дене бітімін зерттеудің маңыздылығын айта кету қажет.
  • Көптеген спорт түрлеріндегі спорт нәтижесі қимыл қабілетін дамытудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тиісті қимыл үйлесімін бұлшық ет сезімталдығын кеңістікті бағдарлауын және басқа қасиеттерінің дамуын талап ететін жаттығуларды орындау сапасымен анықталады.
  • Жарыс әрекеті жүйке жүйесі мен көңіл-күй тұрақтылығына, спорттық стресс жағдайында өз сезімін басқару іскерлігіне қойылатын жоғары талаптарды ұсынады.
  • Спорттық дайындылық спортта жоғары жетістіктерге жетуге арналған қимыл, дене және психикалық қабілеттерді барынша дамытуға көмектесетін қасиеттерін үйлестіру ретінде қарастырылады.
  • Спорттық дарындылықты зерттеу тұрақты жоғары спорт нәтижелерін қамтамасыз ететін өзара байланысқан құрамдас бөліктердің көпшілігі мен белгілі бір құрылымы бар өзгермелі жүйе ретінде қарастыруды ұсынады.
  • Балалар мен жасөспірімдердің спорт дайындығының алғашқы сатысындағы жалпы спорттық дарындылықты қимыл және дене қабілеттерін сынау көмегімен, сондай-ақ соматикалық даму мен көңіл-күй тұрақтылығын бағалау үшін педагогикалық бақылау, сауалнама, сұрақ-жауап әдістерін анықтауға болады.

 

2.2. Спорттағы қабілеттілік пен дарындылықты зерттеудің

жүйелік амалы

 

Спорттық қабілет пен дарындылықты қасиеті мен ерекшеліктері негізінен оны құрайтын бөліктердің ішкі табиғатына байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастыруға болады. Біртұтас дамуды, оның бөлшектерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттерінің зерттелуі ақиқатты танудың негізгі принциптері болып табылады. Бұл принцип биологиялық және әлеуметтік нысандарды зерттеудегі кешенді амалды жасауда көрініс тапты. Кешенді зерттеу біріңғай бағдарлама бойынша жұмыс істейтін түрлі мамандардың жұмысы мен ортақ мақсатқа жету үшін біріккен жұмыстарды үйлестіруді ұйымдастыруды қарастырады. Нысанды зерттеудегі мұндай амалдар спорттық дарындылықты өзара байланысты элементтер көпшілігі бар жүйе ретінде қарастыру қажет.

Спорттық дарындылықты кешенді зерттеу оны нысан ретінде нысанды іліми тану түрінің бірі – жалпы жүйе ілімін зерттеу деп қабылдауға мүмкіндік береді.

         Бүтінді зерттеуді түрлі деңгейлерде жүргізуге болады. Біз спорт дарындылығы мәселелерін ағза деңгейінде зерттеуді дұрыс санап, мұндағы дарындылық пен қабілетті спорттағы басқа деңгейлерде зерттеуді жоққа шығармаймыз.

         Спорттық дарындылық жүйесін мына сызба бойынша көрсетуге болады. Бүтін – ағза органдар жүйесі – органдар,  ұлпалар жасушалық немесе жасушалық емес ұлпалар элементтері.

         Жүйелік амал барлық құбылыстар мен заттарды белгілі бір құрылымы (ұйымдастыру) бар жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл белгіленген бүтіннің ерекшелігін, оның қасиеттері мен өзгешеліктерін анықтағанда оны құрайтын элементтердің өзара байланысы мен өзара әрекеті әдістерін қарастыратын бүтіннің ішкі пішіні, яғни құрылымы бар екенін білдіреді. Мұндағы құрылымды зерттеу оны тарихи тұрғыдан яғни шығу тегі мен дамуын тануды қарастырады.

         Оның құрылымдық – бөлшектік талдау негізіндегі жүйесі туралы ақпараттарды алу оның қызмет ету әдістерін зерттеуге  яғни оны өзгермелі жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

         Тарихи тұрғыдан жүйені талдау екі бағытта қарастырылады: генетикалық, болжамдық. Демек, жүйені бұлай зерттеуде көпшілік бөлшектер і арасындағы қатынаспен және байланыспен анықталады, жүйенің интегративтік қасиеттерін бүтін ретінде  белгілейді. Яғни, кез келген жүйенің өзіне ғана тән, аталған бүтіннің процестері мен барлық бөліктерін үйлестіретін  интегралдық факторлары бар.

         Бүтінді зерттеу бөліктердің өзара әрекеті, қатынас пен байланыс жүйе түзуші байланыс, сабақтастық құрылымы, бүгіннің құрылымы мен оның құрамдас бөлшектердің тәртібі ретіндегі сәттерді қарастыратын құрылымдық талдау көмегімен атқарылады.

         Математикалық әдістердің маңызы зор, оларды қолдану жүйенің шығу тегі мен дамуын табысты зерттеуге, сондай-ақ адамның өмірлік іс — әрекеттері саласында оның ішінде спорттық салада маңызды тәжірибелік мәні бар болжам жасауға мүмкіндік береді.

Жүйке жүйесінің айрықша қасиеттері адамның психикалық процестерінің өзгерістерін сипаттайтын темпераменттің физиологиялық негізі болып табылады. әр бір темпераментке мінез-құлықтарындағы өз ерекшеліктері, қоршаған ортаға деген реакциясы, т.б. тән.

Холерикалық темперамент (жүйке жүйесінің түрі бойынша әлсіз) – күрескер, тез көтеріледі. Ол үшін іс-әрекет пен мазасыздануда айналымдық тән. Ол жұмысқа барынша беріліп, айналысады, күші тасып, кедергіні бағындыруға дайын, шынында да мақсатқа жету жолында кедергілер мен қиындықтарды бағындырады. Ал күші таусылғанда онда құлдырау болады, себебі ол түгел жұмыс атқарғанға дейін тез шаршайды. Холериктің ерік жігері тұрақсыз. Ол сонымен қатар тез ашуланады, өз әрекетін үлкен күш түсірумен атқарады.

Сенгвинистикалық темперамент жүйке процестері жақсы меңгерілген, қозғалмалы, күшті тұрақты түр. Бұл талапқа сай, дені сау, өмірге құштар қоғам мүшесі, бірақ ол өз қабілетін қызықты істерге, яғни үнемі қозу жағдайында көрсетеді. Сангвиник қозғалуға бейім, өзгермелі әрекет жағдайларына тез бейімделеді, айналасындағылармен сөйлескенде қысылмайды. Ұжымда бұл тип көңілді, өз ісін жақсы басқарып, қызыға атқарады. Сезімі тез туындап, тез ауысады, ол нерв әрекеттерінің тез ауысуын көрсетеді. Қауіпті жағдайларда ашуын тез басады. Әдетте оптимист жүйке әрекеттерінің тез қозғалысы ақыл – ойының икемділігіне көмектесіп, зейінін тез аударып, жаңасын тез меңгереді.

Флегматикалық темперамент қозу мен тежелуінің барынша тұрақты әрекетімен, жүйке әрекеттерінің қозғалыс қатыстығымен сипатталады. Бұлар – салмақты, ұстамды адамдар табанды және төзімді еңбекқор. Жүйке әрекеттерінің тұрақтылығы мен олардың инерттілігі арасында флегматиктер күрделі жағдайларда да салмақтылығын сақтайды. Күшті тежелуі мен тұрақтылығына қарай флегматик қозу барысында өз еркін бағындыра алады. ол ұсақ – түйекке араласпайды, сондықтан ұзақ және әдістік күш түсіріп, біркелкі күш жұмсауды қажет ететін жұмысты орындай алады. И.Павлов бұл түрдің үлкен төзімділігін атап өтті. Үлкен жұмыс атқарғаннан кейін де флегматиктер жүйке жүйесі үшін біршама ауыр, бірақ жүйке әрекеттерінің үлкен қозғалысын талап етпейтін тапсырмаларды да орындай алады.

Меланхолиялық темперамент әлсіз жұмыс қабілетімен ерекшеленеді. Онда қозу әрекеті де, тежелу әрекеті де әлсіз болады. Ол жаңа жағдайлардан қашады, жаңа адамдармен тіл табысуы қиын, сондықтан тұйық. Ішкі тежелу (тежелу әрекетінің жоғары көріну түрі) флегматиктерге қиындық тудырады, ол ішкі тежелуге өте сезімтал келеді, ол өмір жағдайларына тез бейімделуге көмектеседі. Алайда, психикалық және дене мүмкіндіктері шамасында жұмыс атқаруға тиісті мамандықтарда (ұшқыш, космонавт, сүңгуір, өрт сөндіруші, жоғары дәрежелі спортшы) жүйке жүйесінің бұндай ерекшеліктері кәсіби жарамсыздықты анықтау факторы болып табылады.

Жүйке жүйесінің қабілеті мен типтік ерекшеліктерінің өзара байланысындағы негізгі ерекшеліктерді Б.Теплов жүйке жүйесінің түрлерін адамның немесе жануардың мінез құлқында, жеке тұлға әрекетінде көрінетін жоғары жүйке әрекетінің сипатына, фенотипіне немесе құрылысына байланысты («генотип» немесе «темперамент» Павлов терминологиясы бойынша) жүйке әрекетінің белгілі бір қасиеттер кешенін білдіретін табиғи, туа біткен жүйке жүйесі ерекшеліктеріне қарай ажыратуға болады деп есептейді.

И.Павлов  адамның жеке тұлғасы биологиялық мұра ретінде де, сондай-ақ тәрбие жағдайларымен де анықталатынын бірнеше рет атап өтті. Жүйке жүйесінің күші туа біткен қасиет, ал мінез жеке қалыптасқан дағдылардан құралады. И.Павлов егер біз жүйке жүйесінің түрлері туралы сөз қозғасақ онда жан – жануардың немен туылатынын, яғни оның ағзасына туылғаннан берілген қасиеттер туралы айтатынымызды дәлелдеді. Жүйке жүйесінің түрлерін өзгерту туралы айтсақ, онда тек тәжірибе жинақтау жағдайында жануардың жалпы шартты – рефлекторлық әрекетін реттеу мен жақсарту мүмкін болады. Түрді басқаша жасау мүмкін емес.

Бұдан кейінгі зерттеулер физиологиялық тұрғыдан ғана сипатталатын, бірақ (күш, тепе – теңдік сақтау, жүйке жүйелерінің қозғалғыштығы ) тұлғаның психикалық көзқарастары трғысынан үнемі көпжақты қасиеттер туа біткен болуы мүмкін екенін дәлелдеді.

Француз зерттеушісі Морис әрбір топтың өзінің белгіленген жұмыс қабілеті бар екенін тұжырымдады. Оның келтірген мәліметтері бойынша күшті әрі тез көтерілетін түр көптеген килограммометрлер жасауға қабілетті. Ондағы эгрограмма баяу төмендейді. Яғни, жүйке жүйесінің үлкен қарсылық күшін көрсетеді. Күшті, бірақ жай ашуланатын түр де көптеген килограммометрлер жасауға қабілетті, бірақ оның эгрограммаларының аз бөлігі қысқа болып, тез таусылумен сипатталады. Жүйкесі тез ашуланатын түр ұзақ дене жұмысына қабілетсіз, бірақ эгрограммасының төмендеуі кезеңінде үлкен қарсылық күшімен сипатталады. Эгрограммасы күрт төмендеу – мен аяқталатынын әлсіз және жүйкесі тез көтерілмейтін түрлер дене жұмыс қабілеті төмен және әлсіз болады.

Бірқатар зерттеушілер әлсіз түрдегі бұлшық ет жұмыс қабілетінің төмен көрсеткіштеріне, ал күшті түрлердің жоғары көрсеткіштеріне көңіл аударады. Қозғыш түрлерде шаршау қысқа, күшті тұрақты түрге қарағанда тез шаршайды, бірақ сәл демалыстан соң жұмыс қабілеті тез көтеріліп, кей жағдайларда бастапқыдан да асып түседі. Бұлшықет жұмыс қабілеті тұрақты түр тежелуі күшті және әлсіз топтар арасында орташа сатыда тұрады.

2.3. Түрлі типтік топтардағы спорттық қабілеттер

 

Спорттық жаттықтыру мен жарыс әрекеттері тәжірибесінде алынған мәліметтер үлкен қызығушылық тудырды. Көптеген зерттеушілер (Родионов, 1973; Л.Волков, 1998; Вит Кмечко 1999) жүйке жүйесінің типтік ерекшелігі гимнасттар мен акробаттарға күрделі үйлесімді қимылдарды орындауға біршама ықпал ететінін дәлелдеді.

Өте қозғалысты түр тез өзгеретін жаттығуларды орындау мен іс — әрекет жағдайларын өзгертіп немесе тапсырмаларды жиі ауыстырғанда жақсы жұмыс қабілетін көрсетеді. Жаттықтырудың соңында жаттығу орындау сапасы төмендемейді.

Өте қозғалысты түрде қозу әрекетінде жұмыс қабілеті тез өзгеретін жаттығуларды орындауда артып, ал баяу немесе тұрып орындайтын жаттығуларда қажетіне қарай төмендейді.

Аз қозғалысты түрдің төзімділігі төмен бір жаттығуды 3 – 5 реттен ғана  орындауға қабілетті. Жаттықтырудың соңына қарай жаттығуды орындау сапасы төмендеп сондай – ақ бұл спортшы көп жағдайларда жаттығу аяқталмай тұрып – ақ шаршап қалады.

Өте инертті түр баяу және тұрып орындайтын жаттығуларда жақсы жұмыс қабілетін көрсетеді. Қимылы қимыл шапшаңдығымен, көңіл – күйінің тез өзгеруімен ерешеленеді, басқаларға қарағанда тез шаршайды. Жүктеме көлемі бойынша жаттықтыру сабақтарында бұндай спортшылар жұмысқа қабілетті деп сипатталады.

Әлсіз инертті түр төмен жұмыс қабілетіне ие, әдетте 3 сағаттық жаттықтыру жүктемесін көтере алмайды. 4 – 5 қысқа қайталаулардан кейін жаттығуды орындау сапасы тез төмендейді. Келесі күнгі жаттықтыру сапасының нәтижесі аз болады.

Өздерін жоғары үйлесімділік пен жұмыс қабілеті арқылы көрсететін гимнасттар мен акробаттар қозу және тежелу әрекеттерінің дұрыстығымен тұрақтылығымен және жақсы қозғалуымен сипатталады.

Бұл нәтижелер спорт түрлері өкілдерінің жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктерін зерттейтін Л.Егуновтың мәліметтерімен сәйкес келеді. Автор күшті жүйке жүйесі бар спортшылар дене жүктемелері мен күнделікті жаттықтыруларды жақсы көтеретінін, оларда күш тез қалпына келетінін, ал жаттықтыруда олар жоспардағыдан да көп жүктеме көлемін орындауға тырысатынын атап өтті. Жүйке жүйесі әлсіз спортшылар жеткіліксіз жұмыс қабілеттерімен ерешеленеді. Тез шаршайды және осы себептен жаттықтыру сабақтарына қатыспайды, көп жағдайларда үлкен жүктемелерден бас тартады немесе оларды жартылай орындайды.

Типтік топтары әртүрлі адамдарда тек жұмыс қабілеті де әртүрлі болып қана қоймай, олар көп жағдайда бір – бірінен қимыл әдістерін меңгеруіне және қиын жағдайларда оны орындауда да ерекшеленеді.

Отандық ғалымдардың зерттеулері жүйке жүйесінің ерекшеліктері әртүрлі спортшылардың гимнастикалық жаттығуларды игеруіндегі мінез – құлық ерешеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

Демек, күшті белсенді және қозуы тез гимнасттар көбінесе өз күшінен артық жабдықтарда жаттығулар орындауға батыл кіріседі.

Жаңа жағдайдағы байланысқа тұйықтау оларда тез жүреді. Олар қимыл негіздерін тез меңгергенімен көбірек қате жібереді. Бұндай гимнасттар жаңа элементтерді қызыға үйренгенімен бұрынғы жаттығуларды ұзақ үйрену олар үшін қызықсыз жұмыстағы сәтсіздікті ауыр қабылдайды.

Тежелу процесі бар аз қозғалатын өзіндік бастамасы жоқ гимнасттар тобы бар. Гимнастикалық құралдарда олар белсенді емес, батылдықты талап ететін жаттығулардан жиі бас тартады, кей жаттығуларды орындай алмауына шағымданады. Олар үшін өз күшіне сенімсіздік тән. Жаңа шартты – рефлекстік байланыстардың тұйықталуы оларда баяу жүреді. Жаттығуды меңгергенде аз қате жібереді, өз дағдыларын тез жоғалтады.

Зерттеушілер жүйке жүйесі әрекеті тұрақты спортшыларды еңбекқор, жұмысқа қабілетті деп тапты (Родионов, 1983; Платонов, 1987 және т.б.). Олар сәтсіздіктері мен табыстарына салмақты қарайды. Жаңа шартты – рефлекторлық тұйықталу оларда тез әрі дәл жүргізіледі. Бұлар тәртіпті және белсенді спортшылар. Гимнастикамен айналысуды бастаған соң, оған деген қызығушылығын жоғалтпайды.

Жүргізілген бақылаулар мынадай тұжырым жасауға септігін тигізді: оқып үйрену, қимылды меңгеру, оларды орындау жүйке жүйесінің түріне байланысты, сондықтан гимнастика бөлімін топтастырғанда жас спортшылардағы жүйке әрекетінің белгілі бір әрекетін игеруін (қозу немесе тежелу) ескеру қажет.

Бұл тұжырымды А.Стукиннің зерттеулері де дәлелдейді,онда 8-10 жасар гимнасттардың қимыл қабілеттерінің негізгі құрамдас бөліктерінің даму деңгейін құрамдас бөліктерінің даму деңгейін зерттейді (бұлшықет күші, уақыт пен кеңістікті сезінуі). Осы бағытта қосымша зерттеулер жүргізілді, онда темпераменттің гимнастика жаттығуларын оқып – үйренуі мен орындауына көрсететін ықпалы анықталды.

Меланхолиялық темперамент өкілдері (жүйке жүйесі әлсіз түр) шешім таба алмаушылық көрсетеді, кейде қиын жаттығуларды орындау алдында қорқыныш пайда болады, сондықтан оларды қимылдарға үйрету үшін біраз уақыт керек. Бұндай спортшыларды жаттықтырғанда біріншіден оны жоғары қиындық жаттығуларды орындауға біртіндеп дайындау, екіншіден, үйренетін қимылдарды біртіндеп  күрделендіріп, үшіншіден, сенімді қауіпсіздікпен, дұрыс ынталандырумен қамтамасыз ету қажет.

Холералық темпераментті спортшылар (қозуы бар жүйке жүйесі күшті түр) қаупі бар жағдайларда күрделі жаттығуларды шешімталдық танытады. Мұғалімнің (жаттықтырушының) басшылығымен күрделі үйлесімді қимылдарды орындағанда көптеген табыстарға жетеді.

Флегматик – спортшылар (күшті, тұрақты, инертті түр) қимылды орындағанда, әсіресе кері мазасыздану сәттерінде баяу келеді. Туындаған қиындықтарды тез бағындыра алмау мен сезіну жаңа жаттығуда қарастырылмаған бас тартуға мәжбүр етеді.

Сангвинистік темперамент (күшті, тұрақты, қозғалысты түр) қимыл тапсырмаларын тез қабылдап, орындау үшін, сондай-ақ күрделі үйлесімді қимылдарды орындаудағы күрделі  жағдайларда тез бағдар алуда теңдессіз негіз қызметін атқарады.

Зерттеу нәтижелері спортшы темпераменті мен шешімталдық батылдық, ұстамдылық, ерік әрекетінің барлық кезеңдеріндегі өзін — өзі игеру тәрізді қимыл қабілеттері мен психологиялық сапалар арасындағы белгілі бір байланыс бар екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді, ол түрлі дәрежедегі жарыстарда табысты өнер көрсетудің маңызды ықпалдарының бірі болып табылады.

Бұндай амалдың себебі А.Пуни ұсынған найзагерлердің жеке айырмашылықтарын жіктеуі болды.

Бірінші топ – талдаушы жауынгерлер, аз шабуылдап, көп қорғанады. Жалпы сипаты бойынша күшін және тұрақты, инертті жүйке жүйесі бар. Бұлар – фегматиктер жеке түрі бойынша ойшыл топқа жатады. Екінші топ – тез қозатын, көбінесе кенеттен, ойланбастан әрекет ететін түр. Жалпы сипаты бойынша жүйке жүйесі күшті, тұрақты. Бұлар холериктер. Жеке сипаты бойынша көркем түрге жатқызуға болады.

Үшінші топ – салмақты, ерік – жігері мықты жекпе – жек кезінде ойлана алатын, қимылы шапшаң әрі тез тежелетін ерекшелігі бар. Жалпы сипаты жүйке жүйесі күшті, тұрақты және жиі қозғалатын түр, бірақ оларды сангвинниктерге жатқызуға болмайды. Негізінен бұл аралас, жалпы жүйке жүйесінің түрі. Жеке сипаты бойынша оларды тұрақты түрге жатқызуға болады.

Темперамент ерекшеліктері мен психологиялық сапалары арасындағы бұндай байланыс ересек спортшылармен қатар жас спортшыларда да байқалады. В.Косьянов жас спортшылардың қимылды үйренуі мен оны орындауы жүйке жүйесінің жеке ерекшеліктеріне байланысты екенін анықтады.

Қалыпты қозатын қозғалысты жасөспірімдер әдетте жаттығу әдісін тез меңгеріп, түрлі қимыл тапсырмаларын тез орындап әрекеттің оқиғалы түрлерінде табысты өнер көрсетеді.

Күшті ұстамсыз жүйке жүйесі түрінің өкілдері дене жаттығуларымен айналысқанда түрлі табысымен ерекшеленеді. Сонымен қатар олар қимыл әдістерін, тез игеруге қабілетті. Бұл жасөспірімдердің өте үлкен қимыл белсенділігімен байланысты мінез-құлқы мен көңіл-күй реакциялары кейбір жағдайларда тәртіпсіздік ретінде дұрыс бағаланбайды.

Жүйке жүйесі қалыпты қозатын салмақты жас спортшылар күрделі үйлесімді қимылдарды жақсы меңгереді. Алайда оларды шартты, рефлекторлық байланыстар баяу түзіледі. Сонымен бірге шапшаң қимылдар қатарында баяу қимылдар да байқалады.

Қозу төмен өтіп тежелгіш жасөспірімдер қозғалыста да белсенді емес. Шартты рефлекстер түзу өте қиын, бұрынғы қоздырғыштар шартты рефлексті біршама төмендетеді. Қимыл әрекеттерін қанағаттанарлықтай меңгерді.

Жүйке жүйсі ерекшеліктері әртүрлі жасөспірімдердің қимыл қабілеттері де әртүрлі болады және бұл қабілеттерін жарыс әрекеттерінде туындаған күрделі жағдайларда да түрліше қолданады. Қозу тарапынан жүйке жүйесін күшті болған сайын спортшы өз нәтижелерін жаттықтыруға қарағанда жарыс жағдайларында жақсы көрсетеді және керісінше спортшыдағы қозу әрекеті әлсіз болған сайын оның жаттықтыруға қарағандағы нәтижелері нашар болды.

Волейболшылардың спорттық қабілеттеріндегі айырмашылықтар жүйке жүйесі түрлеріне қарай Градовскаяның жұмыстарында (1959) зерттеледі. Типтік топтарды анықтағанда автор олардың әрқайсысына жеке жеке анықтама береді.

Бірінші топ – тежелу тарапынан жүйке жүйесі әрекеттері күшін игеру. Бұл топтағы спортшылар аз қате жіберіп, батылдықты, белсенділік пен бастама көтеру талап етілетін қиын ойын жағдайларында жоғары жұмыс қабілетімен ерекшеленеді. Ұжымдық әрекеттер жарыстарда жақсы нәтиже береді. Жаттықтыру сабақтарында олардың жұмыс қабілеттері біркелкі емес, ол сабақтың сипатына байланысты. Спорттық формаға жетуде мықты табандылық көрсетеді, белгілі бір деңгейде тек сәл өзгешелік байқалады. Отанның жаңа әдіс-тәсілдік амалдарын тез әрі қатесіз меңгереді. Тәртібі жақсы көбінесе тәрбие жұмыстарында жаттықтырушының көмекшісі болады.

Екінші топ – қозу тарапынан жүйке әрекеттері күшін игереді. Бұл топтағы спортшылар өз күштерін тез қалпына келтіреді, бірақ маусым барысындағы спорттық нәтижелері тұрақсыз. Жарыстардағы үлкен ойын белсенділігімен және қыртыс пен қыртыс асты реакциялардың жоғары қызмет жағдайларымен ерекшеленеді. Осыған қоса, олардың ойыны үлкен батылдықпен, жоғары бастамашылдықпен ерекшеленеді. Өз әрекеттерін ұжым әрекетімен толық үйлестіре алмайды, қалған ойыншылардың мүмкіндіктерін ескермей, өз мүмкіндігін асыра бағалайды.

Үшінші топ – жүйке жүйесі тұрақтылығын игерген. Бұл топты екі топқа бөлуге болады: бір топ өкілдері қозу әрекетін, екінші топ өкілдері тежелу әрекетін меңгерген. Екі топтағы спортшылар да тұрақты спорттық формаға ие; қысқа мерзімдік үзілістер оның деңгейін төмендете алмайды. Жауапты жарыстарда қорғаныс әрекеттеріне көбінесе өте белсенді және табысты қатысады, ал  шабуылға сирек араласады. Ойын әрекеттері зейінді тез аударумен қиын жағдайларда тез дер кезінде дәл әрі батыл қимылымен ерекшеленеді.

Бірінші топша өкілдері (қозу әсері) күшті қозу сәттерінде қызу таласқа түсіп, әдіс – тәсілдік амалдардың дәлдігін төмендетеді. Екінші топша өкілдері  (тежелу)  салмақты, қозуы баяу, тұрақты.

Төртінші топ – қозу және тежелу жүйке жүйелерінің күші жеткіліксіз. Бұл топ барлық зерттелген спортшылардың 25 %-ын құрады. Төртінші топ спортшыларының дене жағдайы жақсы, бірақ команданың негізгі құрамына кірмейді, өйткені жарыстар мен жаттықтыру сабақтарындағы жеткіліксіз, жұмыс қабілетімен ерекшеленеді, бұл күшті қоздырғыштар оларда жүйке жүйесінің тежелуін тудырып, ойын әрекеттерінің ырғағында дәлдігі мен әсерлілігінде көрінеді. Егер бұл спортшылар командадағы бірінші, екінші және үшінші топтар өкілдері арасында болса, олар қиын сәттерде олар жеңіске деген сенімін жоғалтып, өзінің әрекеттегі табандылығын да көрсете алмайды. Қосымша қоздырғыштар қимыл үйлесімін бұзу мен қиындықты бағындыру үшін ерік күшін төмендетудің себебі болып табылады.

Жүгірушілердің жоғары жылдамдық қабілеттерін зерттей отырып В.Горожанин екі топты бөліп алды (1974).

Бірінші топ – сөрелік жылдамдығы жоғары, қысқа қашықтыққа жүгірушілер. Қозуы жоғары, сезімтал және тұрақсыз. Өзінің ұсақ – түйек сәтсіздіктеріне де қатты мазасызданады, қиын жағдайлардағы өмірдің мінез – құлықтары тұрақсыз (қатенің көптігі, ашуланшақ, шектен тыс толқу, т.б.).

Кейбірі невротикалық жағдайға бейім болады. Мысалы,  ұйқысы нашар болуы, бас ауруы, көңіл-күйінің тез өзгеруі. Бұл жауапты жарыстар алдында 1 – 2 тәулік бұрын айқын көрінеді, бұл үлкен ішкі тежелуді көрсетеді. Әрине нәтижелері ақиқат мүмкіндіктерге сәйкес келмейді. Бұл топ өкілдерінің дене жұмыс қабілеті өте төмен, олардың ешқайсысы үлкен жүктемелі сабақтарды көтере алмайды және ұзын қашықтықтарға жүгіруде жоғары нәтижелер көрсете алмайды.

Екінші топ – төменгі сөре жылдамдығы бар спринтер – желаяқтар мен орта және алыс қашықтықтарға жүгірушілер әдеттен тыс жағдайларда да шектен шықпайды және жүйкесі көтерілмейді. Олардың ешқайсысы бас ауруына, ұйқысының бұзылуына, т.б. шағымданбайды. Салмақты, қалыпты, аз сезімтал жарыстарда ашуланбайды, күшті қарсыластарымен бәсекеде, көбінесе ірі жарыстарда рекордты нәтижелер көрсетеді. Жоғары жұмыс қабілетімен ерекшеленеді, үлкен жүктемелерді жақсы көтереді, күшін тез қалпына келтіреді, ұзын қашықтықтарға жүгіргенде жақсы нәтижелерге жетеді.

Алынған мәліметтер сөрелік жылдамдық көлемі қозу әрекеті мен көңіл-күй реакциясының өзгергіштігі тәрізді жүйке жүйесі белгілерімен тығыз байланысты екенін тұжырымдауға көмектеседі. Жоғары сөрелік жылдамдығы бар спортшыларда төменгі тежелу өзгергіштігі мен жоғарғы көңіл-күй реактивтілігі бар. Бұндай спортшының жүйке жүйесі қозудың жоғары деңгейінде болады. Үздіксіз инертті дайындық жағдайы аз, ол тыныштық жағдайынан қозғалысқа тез өтуге, яғни тез сөре жасап, үлкен үдетуді дамытуға өтуге мүмкіндік береді.

Алайда жоғры жылдамдық көлемі (жалпы) жүйке жүйесінің көрсетілген белгілерімен байланысты болмай шықты (тежелу өзгергіштігі). Бұндай байланыс төзімділікпен байқалады, олар қозуға қарай жүйке жүйесі күшіне де байланысты болып табылады.

«Қозғалысты» спортшылар біршама басталған үдеу тез тоқтап, «инерттілері» керісінше, қимылды өте жай жылдамдатады, бірақ ұзақ уақыт бойы өз күшін өзіне еш қиындық түсірместен спорттық жарыстардың жауапты кезеңдерінде пайдаланады.

Жүйке жүйесі әлсіз спортшылар (күшті білдіретін қозу немесе тежелу жүйке әрекеттері) күшті ерік сипаттарына қабілетсіз келеді, заманауи спорт жаттықтыруы үшін міндетті жоғары жұмыс қабілетін көрсетпейді. Бұндай мінез – құлықты спорт жарыстары сәтінде көрсету жүйе әрекеттерінің тез шаршауына әкеледі. Жүйкенің бұзылуы бекіген сайын тұрақты кері сапалар түзеді, олар осы бұзылу бірінші рет пайда болған жағдайларда еске еріксіз түседі.

Дәл осы жүйке жүйесі түрімен оны құрайтын қасиеттері арқылы жаттықтыру жүктемесіне төзімділігі, жаттықтырудың өсу ырғағы, сондай-ақ жылдамдық, күш және де басқа спорт әрекеті түрлерін орындағандағы ағзадағы физиологиялық процестерінің жалпы жүруін анықтайды.

Спорттық қабілетін табиғатын зерттегенде күш, қозғалғыштық және тұрақтылық тәрізді жүйке жүйесінің түрлерін анықтайтын қасиеттерге көңіл бөлінеді. Демек, жылдамдық түрі спортының өкілдерінде қозумен үйлесетін жүйке жүйесінің жоғары қозғалғыштығы бар үлкен және бірқалыпты қуаты бар жүктемелерде жоғары тұрақтылықпен ерекшеленетін біршама аз қозғалғыштық байқалады. Түрлі қашықтықтарға жүгіретін желаяқтардың жүйке жүйесі мен олардың спорттық жетістіктерін зерттеу арқылы жүйке әрекеттері қозғалғыштығы бойынша спортшының өнер көрсететін қашықтық ұзындығында анықтауға болатыны дәлелденді. Демек, ұзын қашықтыққа жүгірушілер барынша тұрақты ал орта қашықтыққа жүгірушілерде тұрақтылық аз, ал спринтерлерде тежелу әрекетінде қозу әрекеті басым түседі.

Қарапайым шартты – рефлекторлы әрекеттер сипаты бойынша жылдамдық күш спорты түрлерінің өкілдері (лақтыру, секіру) спринтерлерге ұқсас келеді. Қозғалыс реакцияларының біршама қысқа кезеңінде олардың көпшілігінде кері қоздырғыштарға деген үйлесімді тежеу тудыру қиын болады. Ол қозу әрекетінің тежелу әрекетінен басым болатынын көрсетеді.

Қарқынды өзгеріс сипатындағы жұмыстарды орындағанда жүйке жүйесіне тікелей тәуелділік байқалады. Сол кездегі тұрыстық сипатындағы ұзақ жұмыстарды орындау кері көзқарас тудырады. Боксшылардың түрлі сатыдағы спорт дайындықтарындағы шектік ырғақта қимылдарды орындау мүмкіндігі мен жүйке әрекеттерінің тұрақтылығы арасындағы байланыс та анықталды (Вл. Кличко, 2000).

Жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктері мен оның қасиеттерін зерттеу, адамдардың қабілеттеріндегі айырмашылықтарды түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл түсіндіру үшін жалғыз ғана жол емес. Зерттеушілер бас миы қыртысының жекелеген бөліктерінің жұмыстарын сипаттайтын парциальдық типтік қасиеттерді зерттеуге де назар аударады. (Мысалы, есту, көру, қимыл) ол арнайы ерекшеліктерін тану үшін маңызды роль атқарады.

Сонымен, спорттық ілімі мен іс-тәжірибесі жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктері мен негізгі қасиеттері көп жағдайда дене және қимыл қабілеттерінің дамуын алдын ала анықтайтынын көрсетті. Жүйке жүйесі қозу жағынан қаншалықты күшті болса, спортшы жарыстардағы, яғни жаттықтырумен салыстырғанда стресті жағдайлардағы өз нәтижелерін соғұрлым жақсартады. Керісінше, қозу әрекеті әлсіз болған сайын спортшының жарыспен салыстырғандағы нәтижелері де төмендейді. Бұндай құбылыс ең алдымен жарыс жағдайларындағы көңіл-күй ықпалдары белгілі бір спортшылар тобына қорғаушы тежелуін тудыратын күшті қоздырғыш болып табылады. Кері әсер жүйке жүйесінің түрі күшті болатын спортшыларда байқалады.

Қазіргі кезде халықаралық дәрежедегі жоғары спорт нәтижелеріне жету көпшіліктің қолынан келе бермейді. Рекордтар белдеуінің биіктігі жыл өткен сайын көтеріліп келеді. Күнделікті спорт жаттықтыруын құрайтын үлкен дене жүктемелері жауапты жарыстарға қатысқандағы эмоцияның артуы спортшыдан белгілі бір жүйке жүйесі ерекшеліктерін талап етеді. Бұл ерекшеліктер жоғары жетістіктер үшін тән және жалпы спорттық дарындылық құрылымының басты бөліктерінің бірі болып табылады.

 

2.4. Спорттық қабілеттерге психофизиологиялық болжам жасау

 

Жас спортшыдағы жалпы спорттық дарындылықты анықтағанда біз жарыс әрекеті мен стресс жағдайлары оның спорттық  жетістіктеріне теріс ықпал, ептейтініне көз жеткізуіміз қажет. Онда жүйке жүйесінің жағдайы маңызды болады. Бір жағдайда көңіл-күй жүктемелері қатысуға дайындықты арттыруға көмектессе, келесісінде оны төмендетеді. Сондықтан темпераментті, жүйке жүйесінің түрін, күштің даму деңгейін, қозғалысты, жүйке әрекеттерінің тұрақтылығын бағалау қажет.

Жүйке жүйесінің жағдайын бағалау үшін бақылау, сауалнама, сынақ, тәрізді түрлі әдістер қолданылады.

Бақылау әдісі өмірлік тәжірибеде кең қолданылады. Бұл белгілі дат әзілкеш суретшісі Херлуф Бидструптың суреттерінде айқын берілген, ол туындаған қолайсыздыққа, яғни мыжылып қалған бас киімге түрлі темпераменттегі адамдардың қалай қарайтынын төрт түрде бейнелеген. Бірінші жағдайда біз ашу мен ызаны байқаймыз, екіншісі жайбарақат, немқұрайлық, үшіншісінде айқын меланхолия, төртіншісінде көңілді, өмірге риза күлкіні көреміз.

Бақылау әдісін пайдалана отырып, түрлі жағдайларда жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерін көрсетуді, темпераментті жан – жақты бағалауға болады.

Бұл үшін жүйке жүйесінің әрбір қасиетінің көріну деңгейіне қарай бес ұпайлық жүйе бойынша бағаланатын әдістеме қолданылуы мүмкін (5 ұпай – қасиеттің ең жоғары көріну деңгейі, 1 ұпай ең төменгі ). Төменде жүйке жүйесінің негізгі көрсеткіштері бойынша бақылау әдісінің қысқаша мазмұны келтіріледі.

 

Қозу тарапынан жүйке жүйесі күшінің көрсеткіштері.

 

  1. Қиын және жуапты жағдайларға дайындық деңгейіне қарамастан (мысалы, емтихан, бақылау сөрелері кезеңі) сергектік пен сенімділігін сақтайды.
  2. Сыртқы қоздырғыштар әрекетіне көңіл аудармайды.
  3. Күрделі және қауіпті жаттығуларды қайталауға дайын.
  4. жаттығуларды меңгергенде табандылық танытады.
  5. Жарыстарда жаттықтыруға қарағанда өте жоғары нәтижелер көрсетеді.
  6. Күрделі жаттығуларды үйренуден бас тартпайды.
  7. Сөре алдында «жекпе-жекке дайын» жағдайында тұрады.
  8. Сабақ соңына қарай жаттығуды орындау, сапасы төмендемейді.
  9. Сәтсіздіктерді келесі әрекетке ынталандыру деп қабылдайды.
  10. Жарыстарда күшті қарсыласпен шығуға ұмтылады.

 

Тежелу тарапынан жүйке жүйесі күшінің көрсеткіштері.

 

  1. Іс — әрекет пен көңіл – күйдің біркелкі өзгерісі.
  2. Күткенде жинақы және салмақты.
  3. Қиын жаттығуларды орындағанда төзімді және табанды.
  4. Жарыс алдындағы толқудың сыртқы сипаттарын көрсетпейді.
  5. Жаттығуды орындауға тез зейін қояды.
  6. Түрлі жағдайларда жинақы және салмақты.
  7. Қарым – қатынаста ашу шақырмайды.
  8. Жарыс күндерінде әдеттегі күн тәртібін бұзбайды.
  9. Ширатуды мұқият, асықпай жасайды.
  10. Өз ойын анық жеткізеді, сөзі дұрыс.

 

Жүйке жүйесінің қозғалғыштық көрсеткіштері.

 

  1. Әрекеттің бір түрінен келесі түріне тез өтуге қабілетті.
  2. Жаттығудың жекелеген құрамдас бөліктерін қайта жасауда тоқтап қалмайды.
  3. Ширатуда жылдамдық және жылдамдық – күш жаттығуларын қызығушылықпен орындайды.
  4. Көңіл күй мазасыздығын сыртқа көрсетуге бейім (оң және теріс).
  5. Адамдармен тез тіл табысады.
  6. Тұрыстық және әдістік жаттығуларды әсерсіз орындайды.
  7. Тез, кейде асығыс сөйлейді.
  8. Әрекеттің жаңа жағдайларына тез бейімделеді.
  9. Жаттығуларды орындауға тез кіріседі, жұмысқа тез қызығады.
  10. Бет қимылы көп және алуан түрлі

 

Әрбір қасиеттің көріну дәрежесін анықтау үшін көрсеткіштер бойынша ұпайлары қосылады. Әрбір қасиет бойынша ең жоғары ұпай – 50, төменгісі – 10 ұпай.

Болжам: әрбір қасиетке қосындысы 30 ұпай және одан жоғары аталған қасиетті маңызды көрсету ретінде бағаланады, яғни жас спортшының жүйке әрекеттерінің күшімен тұрақтылығымен, қозғалғыштығымен ерекшеленетінін білдіреді. 30 ұпайдан төмен баға қасиеттердің әлсіз көрінуі болып есептеледі, яғни спортшы әлсіз, тұрақсыз, жүйке әрекеттері инертті саналады (қозуы басым).

Сауалнама сұрақтар кешені болып табылады, жауаптары жүйке жүйесінің бір ғана қасиеттерін емес, түрлі қасиеттердің үйлесімін көрсетуді сипаттайды (мысалы, күш пен қозғалғыштықты). Сондықтан әрбір сұрақтан кейін қандай қасиеттің көрінуін нақты жауаппен байланыстыруға болатыны көрсетіледі. Төмендегі сұрақтарға жауап беру ұсынылады («ия», «жоқ»).

  1. Сабақтарға зейіні (күші, тұрақтылығы).
  2. Ауруға төзімділігі (күш).
  3. Қызығушылығының шеңбері (күші, қозғалысы).
  4. Жақындарымен, достарымен қарым-қатынаста көшбасшылық орны (күш).
  5. Жақындарымен, достарымен қарым – қатынастағы ролі (әлсіздігі, инерттілігі)
  6. Достарын сирек ауыстырады (инерттілігі).
  7. Әдеттерінің тұрақтылығы (күші, инерттілігі).
  8. Күн тәртібін қатаң орындауы (күші, тұрақтылығы).
  9. Тәртіптілігі (тұрақтылығы).
  10. Көңіл – күй тұрақтылығы.
  11. Сәтсіздіктерден кейінгі аз, мазасыздануы (күші, тұрақсыздығы).
  12. Кітап оқығанда, кино көргендегі сезімге берілуі (тұрақсыздығы, әлсіздігі).
  13. Өз күшін асыра көрсетуге бейімділік (тұрақсыздық).
  14. Өз күшін кемітіп көрсетуге бейімділігі (әлсіздігі, тұрақсыздығы).
  15. Күнделікті жағдайларға қарамастан қатты ұйықтауы (күші, тұрақтылығы).
  16. Қимыл әрекеттерінің жаңа түрлерін тез меңгеруі (өзгергіштік).
  17. Ұйқыдан сергектікке тез өтуі (қозғалғыштық).
  18. Жаңа жағдайға тез бейімделуі.
  19. Әрекеттің кез-келген түріне тұрақтылығы (күші, тұрақтылығы).

 

Бұл сұрақтың әрқайсысына берілген жауаптар бір-екі ғана емес, жүйке жүйесінің екі-төрт қасиетін сипаттайды, егер қозғалыс қасиетін психологиялық көрсетуді бағалауда «ия» жауабын беру мүмкін болмаса, инерттілікті бағалауда «ия» жауабы өз — өзінен сұранып тұрады және керісінше . сонымен, жүргізілген талдау – сараптаудан соң кейбір психофизиологиялық қасиеттер туралы айтуға болады, одан соң бағалаудың басқа түрлерімен бекітіледі (немесе бекітілмейді).

Егер бақылау мен қасиеттер ұпай санымен бағаланса, жоғарыда келтірілген талдау – сараптау дәл ашылады. Демек, жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерін бағалауға мынадай ұпай жүйесімен жүргізуге болады. 1,2 — әлсіздік, инерттілік, тұрақсыздық, 3,4 – күш, қозғалғыштық, тұрақтылық.

Жүйке жүйесінің қасиеттерін зертханалық өлшеу мен бағалау спорттық іріктеу іс-тәжірибесінде де пайдаланылады. Алайда, бұл әдістердің көпшілігін зерттеу спорттық іріктеу үшін үлкен мүмкіндік қабілеті мен ақпараттары бар жедел әдістеме қажет деген тұжырымдама жасады.

Бұл үшін көптеген өлшемдер зерттеліп, реакция уақыты таңдалып алынды, өйткені олар зерттелетін реакциялар негізінде жататын жүйенің ең қарапайым және дәл көрсеткіштерінің бірі болып табылады, сонымен қатар бұл өлшемдер түрлі мақсатта спорттық іс – тәжірибеде қолданылады.

Әдістеме негізінде әрекеттен кейінгі патентті кезеңнің бағалау принципі кіреді. Ол көптеген зерттеушілердің пікірінше зерттеушілерді белгілі бір типтік топтарға бөлуге мүмкіндік береді.

 

2.5. Соматикалық даму мен спорттық дарындылық

 

Тұлғаның соматикалық ерекшеліктеріне қарай қабілеттердің туындауы.

«… Бессайысқа қатысуға тілек білдірушілер ұзын бойлы, күшті, денесі тік бұлшық еттері орташа дамыған болуы тиіс. Олардың найза мен тастабақ лақтыруда бұрылу үшін қозғалмалы бел – жамбас буына, ұзын, бұрылуға икемді мықыны болуы тиіс».

Бұл жазбаларды ІІІ жүзжылдықта олимпиада ойындарындағы атлеттердің өнерін бірнеше дүркін бақылау негізінде кіші Филострат Флавиус жазып қалдырды.

Осы мәселеге ХХ жүзжылдықтың басында көңіл аударған көптеген зерттеушілер мен іс-тәжірибешілер  ежелгі грек философының дене құрылымы ерекшеліктері, морфологиялық ерекшеліктері үйлесімді дене бітімі мен соматикалық дамуы бойынша болашақ спорт жетістіктерін болжауға барлық негіздемелерінің болғанына көз жеткізді.

Зерттеушілер (Гримм, 1976; Мартирасов, 1982; Таппеч 1964) адамның дене құрамы мен жеке бітімі вариацияларымен ерекшеленетін алғашқы құрылым бөліктерін бағалауға негізделген соматикалық типологизация сызбасын жасап, пайдаланды. Әлемнің түрлі елдерінде соматикалық типтендірудің бағалау сызбалары пайда болды. Олардың авторлары – К.Сиго, М.Чернонурцкий, И.Галант, В.Шетефко, В.Бунак, Шелдан, В.Чтецов, т.б.

Мысалы, соматиптерді жіктеу негізіне Шелдон жаңадан өскен туынды жапырақтарының даму деңгейін көрсетіп, мынадай үш құрамдас бөлікті бөліп қарастырды. Эндоморфий, мезоморфий, эктоморфий.

Эндоморф – дененің түрлі бөліктеріндегі жұмсақ шеңберлер, асқорыту мүшелерінің күшті дамуы т.б. Себебі асқорыту мүшелерін түзуде эндодерма туындылары үлкен роль атқарғандықтан, тиісті құрамдас бөлік эндоморфий деген атқа ие болды.

Мезоморф – дененің тікбұрышты сипаты, бұлшық еттің, сүйек пен дәнекер ұлпаның күшті дамуы. Бұл мүшелер жүйесін құруда мезодерми туындылары маңызды болғандықтан, тиісті құрамдас бөлік мезаморфий деп аталады.

Эктоморф – дененің ұзын бойға созылуы, оның жіңішкелігі. Дене салмағына қарай эктодермикалар оның бет жамылғысының көп бөлігін алып жатады. Сондықтан сыртқы әлемді қабылдауда үлкен көлемді қамтиды. Эктодерманың туындылары ерекше күшті дамыған, тиісті құрамдас бөлік эктоморфий деп аталады.

Әрбір үш құрамдас бөліктің көріну деңгейі жеті шенмен немесе дәрежемен бағаланады және оны тиісті ұпаймен белгілейді: 1 — өте әлсіз көрінетін құрамдас бөлік; 2 — әлсіз; 3 – ортадан төмен; 4 – орташа; 5 – ортадан жоғары; 6 – күшті, 7 — өте күшті.

Бөлініп алған әрбір морфологиялық нұсқа үш мәнде санмен белгіленеді, оның бірінші саны эндоморфий элементтерінің көріну дәрежесін, екіншісі мезоморфий элементтерінің мәндік дәрежесін, үшіншісі – эктоморфий элементтерінің мәндік дәрежесін білдіреді.

Соматикалық болжам үш сатыдан тұрады.

Бірінші саты – ойша болжау (белгілерді, фотосуреттер бойынша сипаттау). Алынған мәліметтер соматикалық түрді сипаттау негізінде сандық белгімен жазылады.

Екінші саты – бірінші сатыдағы мәліметтер дене ұзындығы мәнінің дене салмағы көрсеткішінің түбір кубіне қатынасын білдіретін индекс мәнімен салыстырылады. Ондағы  L /  ;   L – дене ұзындығы, P – дене салмағы

Үшінші саты дене мөлшерін 17 өлшеуге негізделеді. Барлық өлшемдер фотосуреттер бойынша жүргізіліп, арнайы кестелер бойынша бағаланады.

Осындай жіктеуді отандық зерттеу шілер де спорттық антропология саласындағы өз жұмыстарында пайдаланады. Бес негізгі соматикалық түрлерге бөлінеді, құрамдас бөліктері бес ұпайлық жүйемен бағаланады.

Атлетикалық (түрлері сүйегі жіңішке және жуан) бұлшықет пен май өте аз дамиды (1 ұпай), жуан сүйекті түрде – сүйектің жақсы дамуы (4 – 15 ұпай).

Кеуделік (нұсқалары: жуан және жіңішке сүйекті) – сүйек, ұлпаларының нашар дамуы (1 ұпай), бұлшық ет пен майдың сәл жоғары дамуы (1,-2 ұпай).

Майдың күшті дамуы, (4-5 ұпай), бұлшық ет пен сүйектің әлсіз дамуы (1-2 ұпай).

Бұлшық етті – майдың әлсіз немесе орташа дамуы (2 – 3 ұпай) қуатты бұлшық ет пен сүйек салмағы (4  5 ұпай).

Эурисомдық – бұлшық еттің май мен сүйектің шектік дамуы.

«Таза» соматиптермен қатар В.Чтецов (1972) аралық түрлерді бөліп алып, әйелдердің соматикалық болжам сызбасын ұсынады, оған жеті соматикалық түр жатады: астеникалық, стенопластикалық, пикникалық, мезопластикалық эурипластикалық, субатлетикалық, атлетикалық.

Балалар мен жасөспірімдер соматотипіне болжам жасау спорттық қабілеттерді бағалау өлшемдерін жасауды зерттеуде бес түрге бөлінген сызба бойынша жүргізіледі.

Дигестивті. Іші жақсы дамыған, иілгенде қыртыс түзеді. Мойны қысқа эпигастральдық бұрышы тұйық. Кеуде қуысы кең және қысқа. Күндік орны төмен.

Бұлшық етті. Тұлға біркелкі дамыған эпигастральды бұрышы орташа. Иық кең, биік. Ішінің пішіні алмұрт тәріздес жоғарыға бейім. Кеуде қуысы орташа немесе шағын, өкпесі шағын немесе орташа көлемде. Аяқ – қолдарында бұлшық ет белгілері айқын көрінеді.

Торакальды. Кеуде қуысы жақсы дамыған (ұзындығына қарай). Кеуде бөлігі ұзын, эпистральды бұрышы сүйір. Іші шағын, алмұрт тәріздес төменге бейім. Өкпенің өмірлік сиымдылығы талапқа сай.

Абдоминальдық. Дигестивті түрдің ерекше үлгісі. Май қабаты бірқалыпты дамыған.  Эпигастральды бұрышы иілгіш. Бұл анатомдық түр жоқ ішектің барлық бөлімдерінің өте күшті дамуымен сипатталады.

Астеноидтық. Жіңішке, нәзік сүйекті. Аяқтары жақсы дамыған. Кеуде қуысы жіңішке, біркелкі қысылған. Эпигастрольды бұрышы сүйір. Іші әлсіз дамыған. Қол – саусақтары ұзын және жіңішке. «Құрғақ» құрылымды. Қабырға аралықтары тар немесе орташа, қабырға иілгіштігі шағын.

Түрлі авторлардың зерттеулері жоғары дәрежелі спортта түрлі соматикалық түрлер кездеседі, алайда мезаморфты түр өкілдері басым.

Түрлі соматикалық түрлер өкілдерінің дене қабілеттерін зерттеу мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Әрбір соматиптің өзіне тән қабілеттері бар. Мысалы, дигестивтік түр (бойы ортадан төмен, қолдары мен аяқтары қысқа және толық, кеуде қуысы кең) жылдамдықпен жүгіру жаттығуларын орындауда икемсіз, бірақ күшті талап ететін үлкен дене жүктемелерін жақсы көтереді. Астеноидтық түр саусақ күшінде елеусіз нәтижелер көрсетеді, бірақ қысқа мерзімдік күш түсіруде жақсы жұмыс атқарады, онда дер кезіндегі бұлшық етке күш түсіру мен босаңсыту қабілеттерін дамыту қабілеті әлсіз. Атлеттік түр жұмыс барысында жоғары күш қолдана алады, ал жеңіл қол жұмыстарына басқа типтік топ өкілдеріне қарағанда қабілеті төмен. Пикниктік түр шапшаң жұмыс атқарады, күш көрсеткіштері мен қол іскерлігі орташа.

Мынадай жіктеуді қолданып, осы тәрізді жіктеу алуға болады. Мезоморфты түр моторлық төзімділік биіктігі бойынша шектік түрлерден асып, ол салада орташа орын алады, домехоморфтық түр ірі шапшаң қимылдарда артта қалып, ұсақ қимылдарды тез орындайды, ал күш пен төзімділікте біршама әлсіз, ол атлетикалық түрден дараланатынын көрсетеді; брахиморфтық түр жоғарыда көрсетілген екі түрді  қимыл күшінен үздік шығады, ал бұл топ өкілдерінде моторлық салада тербеліс басқаларына қарағанда аз.

Осы себеп бойынша зерттеушілер спорттың белгілі бір түрінен қолайлы морфологиялық сипаттарына сәйкес келетінін көрсетті. Домехоморфтық түрлер олардың қабілеттерімен биіктікке секіруге, ал ауыр салмақтағы брахиморфтық және мезоморфтық түрлер өз қабілеттерімен ауырлық көтеруге, ядро лақтыруға, т.б. бейім келеді. (Дене ұзындығы қатысына қарай).

Спорттық антипологияның негізін қалаушылардың бірі профессор М.Иванацкий спорттық дарындылықты бағалауда морфо қызметтік белгілерге көп көңіл аударуды ұсынады, оларға кеуде қуысының пішіні (цилиндрлік) ішінің пішіні (цилиндрлік), ішінің пішіні (тік және мықты),  омыртқа жотасының пішіні (тік), сымбаты, яғни адамның дене бітімінің соматикалық жақтарын сипаттайтын белгілер жатады.

Спорттық жетістіктерді қамтамассыз ететін соматикалық қабілеттер мен олардың дамуының бірлігі туралы жас спортшыларға зерттеу жүргізу барысында алынған Л.Андринконың мәліметтері анықтама берді (1978). Яғни, астеноидтық түрдегі қыздар күшті, төзімділікті, тепе- теңдікті, иілгіштік пен жылдамдық күш қабілеттерін талап ететін спорт түрлерінде төмен нәтижелер көрсетеді. Астеноидты – торакальдық түр өкілдерінде жылдамдық – күш қабілеттері, төзімділік пен қатыстық күшінің жоғары көрсеткіштері, тепе-теңдік пен иілгіштік, қызметін дамытудың орташа деңгейі, бұлшық ет – иілу саусақ күштерінің орташа көрсеткіштері байқалады. Торакальды түр өкілдерінде төзімділікті, иілгіштікті, қатыстық күшті, жылдамдық – күш пен жылдамдық қабілеттерін дамытудың орташа деңгейі, тепе-теңдік қызметін дамытудың жоғары деңгейі байқалады. Бұлшық ет түрлері басым қыздарда омыртқа жотасының иілгіштігі, жылдамдық – күш қабілеттері, тепе-теңдік пен саусақ күші жоғары көрсеткіштер деңгейі, төзімділік пен қатыстық күшінің орташа деңгейі байқалады. Дигестивті – бұлшық ет түрі өкілдерінде тығыздалған допты лақтыру нәтижесінде динамометрия көрсеткіштерінде, иілгіштік пен тепе-теңдіктің орташа деңгейі байқалады, ал жылдамдық және жылдамдық – күш қабілеттерінің даму деңгейі мен қатыстық күші мен төзімділік көрсеткіштері орташадан төмен келеді. Дигестивті түрдегі қыздар төмен жылдамдық және жылдамдық күш қабілеттерін, төзімділік пен қатыстық күштің төмен деңгейін, тепе – теңдік қызметін дамытудың, иілгіштіктің, бұлшықет – иілу күштері көрсеткіштерінің орташа деңгейін көрсетеді.

Америка зерттеушісі персивальдың соматикалық типтендіруі спорттық іріктеу іс – тәжірибесі үшін қызықты материал болып табылады, оған шелдонның жіктеу туралы ой-түйіні мен бірқатар жеке сапалар бағалары жатады.

Эктоморф. Дене құрылысы сымбатты, сұңғақ, түзу, нәзік және бедерлі бұлшық еттері май қабатымен жабылған әдетте бұлшық еттерін бос ұстайды. Жылдам және икемді. Салқынқанды, мінезі жайлы, қысқа мерзімдік жүктемелерді жеңіл өткереді, артық жаттығуы сирек. Бұлшық ет күші әдетте орташа, төзімділігі аз. Көбінесе біржақты спортшы болып табылады. Бұндай спортшыларды өз мүмкіндіктерін барынша қолдау үшін оларды көптеген ауыр қарқынды жұмыстар атқарып, үнемі шектік жүктеме беріп отыру қажет. Бұл түр жаттықтырушының көп көңіл бөлуін талап етеді.

Эктомедиал.  Сіңірлі, ширақ. Кез-келген дене жұмыстарын тез әрі мығым бастайды. Ширақ реакциясы шапшаң және бұлшық еттері жақсы дамығандықтан спорт әдістерінің жоғары деңгейіне жетуге қабілетті. Қуаты күшті, өзін-өзі жетілдіруге құлшынысы зор.  Көңіл – күй асқақтығы ол үшін – бірінші орында тұрады. Оның стилі – күштерін барынша көрсету. Қарсыласымен жақын келуді қаламайды. Күшті қажет ететін спорт түрлерін қаламайды. Төзімділк бұл түрдің сипаты емес. Оған штангамен жаттығу қолайлы ықпал етеді. Жаттықтырушы ықпалын қажет етеді. Оған «В» тобы дәрумендері, протеиндер мен көмірсулар бар тағам түрлері қажет.

Медиал жан – жақты спорттық әрекеттерімен ерекшеленеді, өйткені тең сымбатты құрылымы тез, өте шапшаң қимыл үйлесімі бар, епті. Жұмысқа қабілеті үлкен, тез көтеріледі. Егер бұлшық етін ширықтырса жоғары дәрежелі спортшы болуы ғажап емес. Көбінесе өз мүмкіншілігін артық бағалап, денсаулығына зиян келтіріп жатады. Сезімтал, жүйкесі тез көтеріледі. Өзінің белсенділігі мен шектен тыс күш түсіруінің арқасында тез шаршап, артық жаттығатын кездері болады, егер жұмысын жалғастыратын болса, онда денсаулығына зиян келеді. Атақ сүйгіш. Оны өз қуатын тиімді шығындауға, уақытымен демалуға, диетаны қатаң сақтауға үйрету қажет.

Эндоморф. Босаң, кең пейілді кейде үлкен дене күшін көрсетеді. Спортта  жетістікке жетуі сирек. Мықыны мен жамбасы кең, дөңгелек пішіндес болып келеді. Ішек жүйесінің жақсы дамуы салдарынан семіруге бейім. Диета ұстамайды. Қатаң диета мен күшейтілген дене жүктемесі арқылы күрес, жүзу, ауыр атлетика, ядро лақтыру тәрізді спорт түрлерінде табысты өнер көрсетеді.

Мезоморф. Төзімді, дене бітімі мығым, күшті, аяқ бұлшық еттері жақсы дамыған, белі жіңішке, кең иықты, кеуде қуысы жақсы дамыған, терісі қалың, сезімсіз, шаштары қалың, қайратты, әдетте босаң болады. Қажет жағдайда үлкен қуат пен төзімділк танытады. Кең пейілді, бірақ тез көтеріледі, мінезі жеңіл, шапшаң реакцияға жоқ, бірақ өте шапшаң және епті, үлкен дене күшімен үйлестірсе оған тамаша нәтижелерге жетуге көмектеседі, өз күшіне сенеді, шапшаңдығы мен ептілігін сақтайды. Үлкен жүктемелерге төзімді және артық жаттығуы сирек.

Жүргізілген зерттеулер мен іс-тәжірибеден алынған мәліметтерді тексеру түрлі соматикалық топтардың түрлі спорттық қабілеттері бар екенін, ал көптеген соматикалық жіктеу мазмұнына жататын белгілер генетикалық негіз болып табылатынын дәлелдеді. Сондықтан соматикалық типті бағалау спортпен шұғылдануды таңдағанда баллар мен жаөспірімдердің қабілеттерін анықтау өлшемі болатынын көрсетті.

Соматипін анықтайтын белгілер кешеніне қоса зерттеушілер спорттық нәтижеге жекелеген антропометриялық көрсеткіштердің әсерін де ескереді.

Г.Корф (1960) жас жүзгіштердің спорттық қабілеттерін анықтау үшін дене бітімінің көрсеткіштері кешенін жасады.

а) Аяқ – қолдың кешенді көрсеткіштері қолдың ұзындығы. Қолдың, құлашы аяқтың ұзындығы. Аяқ құлашы (дм2);

ә) Тұлғаның кешенді көрсеткіштері;

       
       

 

 

иық ені – мықын ені * бойы   см2

        2*дене салмағы            кг

 

Жүзгіштер туралы мәліметтерді зерттей отырып автор аяқ – қолының кешенді көрсеткіші а>70 дм2  болатын спортшылар жоғары жұмысқа қабілетті. а < 70 дм2  спортшылар тобында 100 м-ге еркін әдіспен жүзуден төмен жетістіктер тіркелді. Берілген әдістеме бойынша зерттеу жүргізген Г.Гримм (1976) аяқ – қолдың кешенді көрсеткіштері (а) тұлғаның кешенді көрсеткіштерімен бірігіп (б), биіктікке секірушілердің спорттық қабілеттерін сипаттау үшін қолайлы екенін тапты.

Франция ұлттық спорт институтының  зерттеушілері «чемпиондар индексін» ұсынды, онда антропометриялық көрсеткіштер негізгі орын алады. Дене ұзындығы (метрден ұзын сантиметрлер саны) + мықын өлшемі өкпенің өмірлік сиымдылығы (дцл)+ 20.

Көптеген ғылыми зерттеулер антропометриялық көрсеткіштер, әсіресе олардың кешенді түрлері балалар мен спортшылардың және ересектердің спорттық нәтижелеріне ықпал ететінін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Демек, украин антропологы О.Недригайлова болашақта айналысатын спорт түрін таңдауда спортшылар дене жаттығуларын үздік орындауға өзінің соматикалық бейімделу деңгейін басшылыққа алатынын атап көрсетті.

Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдерді спорттық мамандық таңдауға бағдарлау үшін спортшылардың соматикалық үлгісін жасады. Негізінен жекелеген антропометриялық көрсеткіштерге орташа мән беріледі. Бірақ бұндай бағалау интогральдық, яғни кешенді болуы мүмкін.

Осы мақсатта ақпараттық маңыздылығы жеңіл атлетиканың 19 түрінде анықталған атлеттің биометриялық көрсеткіштерін ұсынамыз.

Корреляциялық және факторлық талдаулар негізінде 12 антропометрикалық белгілердің жетеуі таңдалынып алынды. Жеңіл атлетикадағы  j – шы  мамандықтың  19  түрінің   әрбір  і – ші  белгісі  үшін  К —  мәндік коэфициенті ендірілген. Бұл белгілі бір жеңіл атлетика түрі үшін (корреляциялық байланыстар негізінде) белгінің маңыздылығына қарай 3, 2, 1, мәнін қабылдайды.

Таңдаған спорттық мамандану үшін қалыпты антропометриялық Хі – көрсеткіштерінің зерттелетін тұлғаның ауытқуының орташа деңгейін анықтайтын Хij  — қорытынды шамасы мына формуламен анықталады.

 

 

Ондағы S – орташа квадраттық ауытқу шамасы, S — қосындысы.

Аталған спорттық мамандану үшін қалыпты көрсеткіштерден тұлғаның антроплметриялық көрсеткіштері ауытқыған сайын tj – шамасы нольге жақын болады.

Спорттық маманданудың бірнеше түрлерінен есеп жүргізе отырып, біз tj – алынған мәнінен ең азын таңдауымыз керек. Тек осылай зерттеуші ғана мамандығына сәйкес спортшылардың антропометриялық белгілеріне жақын келеді. Антропометриялық белгілердің жеке қосылған қосындысы зерттелуші тұлғаның қандай көрсеткіш бойынша тиісті қалыптан алшақ екенін көрсетеді.

Соматикалық көрсеткіштер спортпен шұғылдану арқылы түрін өзгертеді. Спорттық мамандану сүйек – қаңқа көрсеткіштері мен дене бітімдеріне де түр өзгерістерін береді деген пікір қалыптасқан. Спорт түрлерімен айналысу дене құрылысына әсер етіп, дененің және жекелеген бұлшық ет топтарының пішінін өзгертеді, бірақ сүйек қаңқа көрсеткіштерін өзгерте алмайды. Бұл бірқатар зерттеулермен дәлелденеді: әртүрлі жағдайларда тұратын егіздердің антропометриялық көрсеткіштері балалар мен жасөспірімдердің соматикалық даму қарқыны.

Соматикалық дамудың спорттық нәтижелеріне жақсы ықпал етуі бұл жүйенің спорттық мамандануды таңдау мен бағдарлау үшін жасалған үлгі сипатының негізі болып табылады. Алайда бұл үлгілерді спортшыны таңдауда басшылыққа алу спорттық дайындықтың жоғары сатыларында ұсынылады.

 

2.6. Спортшылардың соматикалық даму ерекшеліктері

 

         Жеңіл атлетика. Қозғалыс құрылымы бойынша сан қырлы жеңіл атлетиканың 20 – дан астам түрі бар.

         Жеңіл атлетикада айналымдық түрлер де бар, олар жұмысты жоғары, үлкен және бірқалыпты қуатпен орындауды талап етеді. Ал айналымдық – күш пен үйлесімдік жылдамдық күшін талап етеді. Дене сымбаты, соматикалық даму ерекшеліктері бұл жаттығулардың орындалуына үлкен ықпал етеді.

         Үлкен қуаттылықпен жұмыс атқаратын спринтерлердің дене бітімінің ерекшеліктерін зерттей отырып, С.Баранов (1925) олардың аяқтарының қысқа болатынына, дененің орта бойлылығына, орташа салмағына, кең кеуде қуысына, өкпелерінің үлкен өмірлік  сыйымдылығына, бұлшық етінің жақсы дамуына көңіл аударды. Қысқа қашықтыққа жүгіретін дене бітімі мықты, кең кеуделі қысқа қашықтыққа жүгіретін желаяқ шағын ауыр атлетке ұқсайды.

          Секірушілерді зерттеуден соң Ф.Шлендт (1925) аяғының бұлшық еттері үлкен спортшылар емес, ал денеге қатысына қарай аяғы ұзын, табаны жақсы дамыған, яғни аяқтары жақсы созылып, серпілетін өз ұзындығын толық қысқарта алатын спортшылар ғана жақсы секірушілер бола алады. Ұзын әрі биікке жақсы секіру үшін толық атлетикалық дамыған емес, ұзын және сымбатты бұлшық еттер болып табылады.

          Бұның алдында жүргізілген зерттеулерді талдау мен өз бақылаулары негізінде М.Иваницкий былай дейді: спринтерлердің мықынының қатыстық ұзындығы; орта қашықтыққа жүгірушілердің ұзын бойы, тері асты май қабатының нашар дамуы мен жақсы дамыған кеуде қуысына, марафоншылардың – бой қысқалығына, дене салмағының  үлкен кеуде қуысының ауқымына қарай аз болуы, өкпенің кеңейтілген өмірлік сиымдылығы мен сан бұлшық етінің жақсы дамуына; секірушілерде ұзын бойына, иығынының біршама көлемінде (спринтерлерге қарағанда аз), бой ұзындығына, жіңішке дене қаңқасы, дене салмағының аздығына назар аударды.

          Ұзындыққа секірушілерде спринтерлерге тән дене ерекшеліктері бар. Оларда аяқ – қолдардың бұлшық еттері жақсы дамыған. Сырықпен секірушілер ортадан жоғары бойы бар, аяғының арқасының, иық белдеуінің бұлшық еттері жақсы, дамыған.

          У.Горнов пен Л.Шмидтің мәліметтері бойынша морофоншыларда денесі басқа жеңіл атлеттерге қарағанда шағын, сіңірлі болып келеді.

          Олимпиада ойыншыларына қатысушылардың жасын, салмағын және ұзындығын анықтағанда Х.Гундлах бойы мен дене салмағын салыстырғанда түрлі жеңілатлетикалық түрлерде екі көрсеткіштердің айырмашылығы бар екенін дәлелдеді. Бұл көрсеткіштер спорттың биомеханикалық талаптарымен тығыз байланысты екенін көрсетті. Солар арқылы жеке түрлер бойынша белгілі бір үлгі белгіленді.

          Ағылшын профессоры І.Таппеч Олимпиада ойынына қатысқан жеңіл атлеттер құрылымының ерекшеліктері зерттеуге арналды. (1964).  Олимпиадашылардың дене бітімін зерттеу барысында ол денені өлшеумен қатар, арнайы аппараттарды пайдалана отырып, атлеттерді үш тұрғыда суретке түсірді, (алдынан, артынан, қырынан) сосын суреттер бойынша антропометрлік бақылауларды дәлелдеп, салыстырды және тұжырым жасады. Ол қысқа қашықтыққа жүгіретін спортшылар негізінен орта бойлы, бұлшықеті жақсы дамыған болып келетінін анықтады.

          Спринтерлер арасында мезаморфтық белгілері бар соматикалық топтар кездеседі. 400 м жүгіруде жақсы нәтижелер көрсеткен спортшлардың аяқтары ұзын, иықтары кең (бөксесіне қарағанда) бұлшық еттері жақсы дамыған болып келеді.

          400 м жүгірушілер мен  марофоншылар арасында аралас соматотиптер жоқ.

          Ұзын қашықтыққа жүгіретін желаяқтарда бөкселері жіңішке болады. Оларда қол бұлшықеттері мен балтыр бұлшықеттері жақсы дамыған. Яғни, 100 және 400 м жүгіретіндерге қарағанда аяқ қол, мықын бұлшық еттері дамыған , соған қарамастан бұлшық еттері үлкен болады.

          3000 м кедергімен жүгіруде балтыр бұлшық еттері орта және ұзын қашықтыққа қарағанда жақсы дамыған.

          50 км жүгірушілер де 1500 м-ге жүгірушілер тәрізді, олардың біріншісінде аяқтары қысқа, ал мықын көлемі мен оның кеуде қуысы, көлемі мен балтыр бұлшық еттеріне қарай 5000м жүгіретіндерге ұқсас келеді. 110м-ге кедергімен жүгіретін спортшылардың аяғы мен бойы ұзын болады. Өз бұлшықет бітімі бойынша олар 100 м-ге жүгірушілерді еске түсіреді. Алайда 100 м жүгіретіндерге аяғы өте қысқа.

          Аяқ пен тұлғаның сәйкестігі де 400 және 1500 м жүгіретіндер тәрізді, тек сан бұлшық еті біршама дамыған. Соматикалық ерекшеліктері бойынша 400 м кедергімен жүгірушілер 400 м-ге жүгіретіндерді еске түсіреді, бірақ алдыңғылары сымбатты келеді.

          Биіктікке секірушілер ұзын бойлы болады. Ең төмен бой ұзындығы 184см, тұлғадан аяқтары ұзын, ол балға лақтырушыларды басқа атлеттерден көп ерекшелендіреді. Басқа жағдайларда олар орта қашықтыққа жүгіретіндер тәрізді яғни үйлесімді дамыған. Сан мен мықын бұлшық еттері дамуында елеулі өзгерістер жоқ.

          Лақтырушылардың барлғының бойлары ұзын, қаңқасына қарағанда бұлшық еттері жақсы дамыған, аяқтарына қарағанда қолдары ұзын келеді. Аяғы мен кеуде тұлғасының ұзындығына қарағанда орташа қашықтықтағы желаяқтардан айырмашылығы бар.

          І.Таппеч мынадай қорытынды жасады: спорттық жаттығуларды жоғарғы деңгейде орындауына қарай атлеттердің дене бітімі әртүрлі болуы механикалық тұрғыдан дене бітіміне белгіленген талаптар қояды. Ол қаңқа құрылысы туа біткен болып табылады және өсу мерзімі бітсе, жаттықтыру сабақтары ықпалына көнбейді деген тоқтамға келді. Ешкім де біздің қаңқа құрылысымызды өзгерте алмайды. Ағылшын ғалымы олимпиадашылардың дене құрылысын сипаттауға арналған ғылыми еңбегінде осылай деді.

          Әлемнің түрлі елдерінде жүргізілген зерттеулер жоғары дәрежелі спортшылардың гоматикалық талдауын жүргізуге мүмкіндік берді. Талдау үшін Олимпиада ойындарына қатысушылар (Gunalah, Tanner ), Польшаның құрама және жастар командалары (Marchoka, Skibinska) және Украина құрама командасы (Л.Волков) туралы мәліметтер алынды.

          Дененің салмағы мен ұзындығы жеңіл атлетиканың барлық түрлерінен Олимпиада ойындарына қатысушылардың басқа топтары өкілдеріне қарағанда бойлары біршама ұзын. Қысқа қашықтыққа жүгіретіндерде біршама өзгеріс бар.

          Екі олимпиада ойындарына қатысушылардың дене ұзындықтары ұқсас. Украин спортшылары олимпиада атлеттерінен бой ұзындығы бойынша көп ерекшеленеді, ал Польша құрама командасы туралы басқашарақ айтуға болады.

          Барлық қарастырылған топтардағы спортшылардың жалпы ерекшеліктері биіктікке секірушілер  мен лақтырушыларда бой ұзындығымен ұзын қашықтыққа жүгірушілерде орташа ұзындығымен көрінеді.

          Украина құрама командасының спортшылары жеңіл атлетиканың барлық түрлерінен Олимпиада ойындарына қатысушылардың дене құрылысын зерттеуден алынған мәліметтермен салыстырғанда бой ұзындығы сәл төмендігімен ерекшеленеді.

          Дене салмағын салыстырғанда барлық спортшылар тобында біршама айырмашылықтар бар. Жеңіл атлетиканың көптеген түрлерінен қатысқан. Польша спортшыларының дене салмағының төмен болуын олардың 18 – 19 жастағы жас ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. Лақтырушылардың салмағы ауыр қашықтыққа кедергімен жүгірушілер мен секірушілердің салмағы орташа, ал ұзын қашықтыққа жүгіретіндердің салмағы аз келеді.

          Аяқ – қол ұзындығы І.Таппечден алынған мәліметтер (1964) Олимпиада ойындарына қатысушылардың аяқтарының ұзындық көрсеткіштері Украина мен Польша командалары спортшыларыннан басым түседі. Польша құрама командасының спортшыларының аяқ үзындығы қысқалау келеді (жеңіл атлетиканың барлық түрлерінен). Украина спортшылары мен олимпиада ойындарына қатысушылардың көрсеткіштері бір-біріне жақын.

          400 және 110 м кедергімен жүгірушілердің, биіктікке секірушілердің лақтырушылардың (тастабақ пен балға) аяқтарының ұзындығы назар аудартады.

          Қол ұзындығына қарай топтарға бөлу тиімсіз: мұндағы бір ғана ерекшелік олимпиада ойындарына қатысушылардың яғни тастабақ лақтырушыларда үлкен көрсеткіштермен байқалады.

          Иық пен мықын диаметрі. Талдау бұл көрсеткіштердің жоғары көрсеткіштері Украина құрама командасында орташа көрсеткіш – Олимпиада ойындарына қатысушыларда, төмен көрсеткіштер Польша құрамасы спортшыларында байқалғаны туралы дәлелдеді.

          Ұзын бойлы спортшылар лақтырушыларда дене салмағы да ауыр келеді. Алыс қашықтыққа жүгірушілерде көрсеткіштер төмен.

          Мықын диаметрі бойынша түрлі спортшылар тобындағы орташа мәліметтерді талдауда да осы тәрізді көрініс  байқалады.

          Иық пен мықын аумағы. Иық көлемінің көрсеткіштері жеңіл атлетиканың барлық түрлерінен Украина құрама командасы спортшыларында жоғары шамада болатынын, ал ең төмені Польша спортшыларында көрініс тапты. Лақтырушылар аталған белгілерде жеңіл атлетиканың басқа түр өкілдеріне қарағанда жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді.

          Мықын көлемі бойынша олимпиада ойыншылары мен  Украина және Польшаның құрама командасы спортшыларының аралас тобы өкілдерінде еш айырмашылық жоқ.

          Жоғары көрсеткіштер лақтырушыларда, ең аз көрсеткіштер қысқа қашықтыққа жүгірушілерде байқалады.

          Түрлі ұлттық командалардың спортшыларының дене құрылымын салыстыру мен зерттеу барысында көлденеңінен де, тігінен де айырмашылықтары елеусіз екендігі туралы мәліметтер алынды.

          Жүргізілген зерттеулер жеңіл атлетика түрлерінен жоғары нәтижелерге жету үшін спортшыға белгілі бір антропометриялық қасиеттер тиісті соматикалық даму қажет екенін көрсетті, олар ағзаның басқа жүйелерімен қатар спорттық жетістіктерге ықпал етеді.

          Жүзу де жеңіл атлетиканың кейбір түрлері тәрізді айналымдық түр болып табылады, онда түрлі қуаттылықтағы жұмыстар орындалып, шарты бойынша басқа спорттық мамандықтардан ерекшеленеді. Мұнда дене бітімі мен үйлесімі маңызды болып табылады. Талапқа сай жүзгіштерге морфологиялық сипаттарына қарай бойы ұзын, дене ұзындығы мен көлденең өлшемі сәйкес үйлескен, көлденең жағдайда денесі жақсы тұрақты әрі керемет жүзетін, май қабаты тең жабылған (яғни теріге серпімділік қасиетін, жұмсақтық пен біртегістік беретін қасиеті бар). Спортшыны жатқызуға болады.

          Америка ғалымы Т.Кюретон (1978) Шелдонның жіктеуін пайдалана отырып, әлемдік дәрежедегі жүзушілер арасында спринтерлер мезоморфты түрге, ал 400 және 1500м қашықтыққа жүзетіндері эндоморфтық түрге жақын екенін анықтады.

          Егер жүргізушілерді спорттық басқа түрлері өкілдерімен салыстырса, онда жүзгіштерде дене ұзындығынан да аяқ – қол ұзындығынан да көрсеткіштері жоғары болады.

          А.Строкинаның мәліметтері бойынша (1964) жүзгіштерде кеудесі қысқа, аяқтары мен қолдары ұзын болады. Бұл спринтерлермен салыстырғанда алынған мәліметтер, дене үйлесімі бойынша мезоморфтық және  брахиморфтық түрлерге жатады, ал жүзгіш қыздардың бойлары ұзын және орташа болады, май қабаты дұрыс үйлесімді дамиды, қол бұлшық еттері жақсы дамыған.

          Жүзу бойынша ірі ағылшын мамандарының бірі жүзушілер үшін анатомиялық мәліметтер маңызды болып табылады. Яғни, ұзын қолдар – жақсы тірек болады, егер білек пен қол бұлшықеттері қуатты болған жағдайда ғана пайдалы болады. Мықыны жіңішке, күшті. Жамбасы арқадан мықынға біртіндеп, сырғи өткен. Спринтер – жүзушілердің аяқтары ұзын және сымбатты, бұлшық еттері біртегіс, күшті болады.  Табандары ұзын, жіңішке, иілгіш және қимыл еркіндігі бойынша балықтың желбезегіне жақын келеді.

          Көптеген жүзгіштерде мықыны бітімі жағынан ағымға қарай табиғи желілерге сәйкес келеді дейді Н.Булгаков (1986). Жүзгіштердің бұл түрінде мықыны жіңішке іші тегіс келеді. Олар мықыны мен іші үлкен  сондықтан жай жүзетіндерге қарағанда басымырақ болады. Мықыны кең жүзушілер судың қарсылығына жиі ұшырайды, өйткені судың ағымы кең мықын мен үлкен қарын жағынан өтіп, орай, түзіп, қарсылық өседі. 

          Спорттық және көркем гимнастика. Белгілі Украиндық спорттық антропологы О.Недригайлова (1924) гимнасттардың кеуде тұлғасының ұзындығы мен күшті дамыған иық белдеуіне назар аударды. Бұл спорттық  мамандық өкілдерінің дене бітіміне берілген түбегейлі сипаттаманы басқа да антропологтардың еңбектерінен табамыз.

          Н.Лутовинова мен М.Уткинаның (1965) мәліметтері бойынша гимнасттардың денесі орта бойлы келеді. Оның жоғары бөлігі, әсіресе иық белдеуінде кеңейген және  бедерлі бұлшық еттері күшті, бұл саланың көлемдік және көлденең өлшемдері артқан. Дененің аяқ бөлегі сәл жеңілдеген, белі жіңішке, мықыны тар, жамбас көлемі кіші, жіңішке және сымбатты аяқтарының бұлшық ет бездері аз. Денесі шағын, дененің жоғары бөлігі иық белдеуінің төмен түсуі есебінен ұзарған, яғни төмен түсуі есебінен ұзарған, яғни гимнаст қыздардағыдай ұзын мойын болып көрінеді. Гимнасттардың иықтары кең және жұмыр, сондықтан иығы төмен түскен. Іші тік арқасы толқын тәріздес. Иық белдеуі мен арқа бұлшық еттерінің жақсы дамуы салдарынан гимнасттар сіңірлі тәрізді көрінеді. Спорттың бұл түрі өкілдері үшін мезоморфтық түр тән, сонымен қатар домихаморфий жағы басымдау түрлері де бар.

          Гимнаст қыздарда иық белдеуінің барлық нүктелері сәл түсіңкі, сондықтан мойындары ұзын көрінеді. Тұлға – одан да ұзындау, соған сәйкес белі мен мықыны төмен орналасқан. Иықтары өте кең. Кеуде бездері әлсіз дамыған, бірақ кеуде ауқымы біршама үлкен. Дененің үстіңгі және астыңғы бөліктерінде де бұлшық ет бірқалыпты дамыған, әдетте іші тік және белі жіңішке. Сымбатты тік, көбінесе дененің жоғарғы бөлігі артқа шалқақ келеді.

          Жүргізілген зерттеулер көркем гимнастикада маманданатын қыздардың да айрықша  ерекшеліктері бар екенін көрсетті. Салыстыру үшін спорттық және көркем гимнастикадан маманданатын спортшы қыздардың антропометриялық зерттеулерінен алынған мәліметтер және антропология институтының бағдарламасы бойынша өлшеу жолымен алынған бақылау топтарының мәліметтері ұсынылады.

          Дене құрылымының типологиялық ерекшеліктерін бірінші сабақтарда анықтауға болады. Яғни, 10 ұпайлық бағалауды пайдалана отырып, Е.Розин (1973) аяқ пен қолына қарай орташа бойы, сымбатын, шымырлығын, омыртқасын, дене өлшемін басшылыққа алды. Шынтақ буыны шектен тыс жазылатын балаларға ол спорттың басқа түрлерімен айналысуға кеңес береді. Өйткені, гимнастика бойынша жоғары дәрежелерде бұндай буындар үлкен жүктемені көтере алмай жиі жарақаттанады.

          Қолдардың қысқалығы да кері ықпал болып табылады (түсірген қолдың ортаңғы саусағы мықынның орташа көлеміне жетпейді), бұл тек жаттығуды орындағандағы әсемдік тұрғысына ғана қатысты емес. Ұлдарда бұл «атқа» өте төмен қонғанда көрінеді, өйткені қысқа қол мен қысқа саусақ арқылы олар ұстағанда сенімсіздік танытады. Сондай-ақ белтемірдегі күрделі жаттығуларды меңгеруді де қиындатады.

          Қыздарды іріктегенде тізе буынының пішініне де назар аударады, қатты жазылған буындар да қарсы көрсеткіш болып табылады. Ұзын мойын талапқа сай болып табылады (10 ұпай). Шымыр, жақсы ширыққан ұл мен қыз (10-11 жасар) әдетте жыл өткен сайын бұндай сипаттарын жоғалтпайды. Дене үйлесімі, мойын ұзындығының, қол мен аяқ ұзындығының тұлғаға қатысы, мықынның орналасуы мен пішіні, буын пішіні де өзгермейді. Жыл өткен сайын олар гимнастикалық тұрғыдан жақсы жағына қарай өзгереді.

          Ауыр атлетика жеңіл және жартылай жеңіл дәрежедегі ауыр атлеттердің тұлғасы қысқа, бел арқа диаметрі жіңішке, аяғы қысқа, яғни дене бітімі стифроидты түрде болады. Жеңіл және жартылай орта дәрежедегі атлеттердің сыртқы бітімінің ұзындығы орташа, мықыны кең, аяғының ұзындығы орташа, яғни дене бітімі парагармоноидтық түрде болады. Ал қалған дәрежедегі атлеттердің дене бітімі ұзын, мықыны кең, аяғы ұзын, яғни дене бітімі алып түрде болады.

          Барлық дәрежедегі ауыр атлеттерде иық белдеулері жақсы дамыған, кең көлемді, кеуде бөлігі қысқа болып келеді, ол штангамен орындалатын жаттығуларды таңдау мен олардың ерекшелігіне байланысты болады, оларға мезо және биохиморфтық сипаттар тән (дененің домехоморфтық түрлері кездеспейді). Дене салмағының артуы семіруге байланысты емес, ол «белсенді ұлпаларды» арттыруға байланысты болып табылады. Ол барлық дәрежедегі ауыр атлеттердің майсыз, бұлшық етті құрамдас бөліктері шамасының көптігін көрсетеді.

          Ауыр атлеттердің топаралық ауқымын қарастыра отырып, зерттеушілер жеңіл дәрежедегі спортшыларда дене бітімі «ортадан төменге», орташада – «орташаға», ал ауыр салмақта «орташадан жоғары» дәрежеге жататынын анықтады. Дене ұзындығы мен салмағын арттыру барысында ауыр атлеттерде  кеуде құлашы да артады. Кеуденің абсалюттік және қатыстық құлашы орташа және ауыр дәрежеде өте үлкен әр дәрежедегі дене бітімінің өз ерекшеліктері бар, бірақ жалпы алғанда ауыр атлеттер брахиморфия жағы басымдау мезоморфтық  түрге жатады.

          Ауыр атлеттердің соматипін бағалау үшін Шелдонның жіктеуі пайдаланылған зерттеулер түрлі салмақ дәрежесі өкілдерінде белгілі бір соматикалық ерекшеліктер болатынын дәлелдеді.

          Бұған дәлелді поляк зерттеушісі Курневич – Витчакованың тұжырымдарынан табамыз ол ауыр атлеттерге тиісті бой ұзындығын, қысқа кеудесін, мықынының тар, иығы кең, қолы қысқа болатынын айтты. Сонымен, түрлі елдердің зерттеушілерінен жиналған мәліметтер күшті адамдарды дене құрылысы ерекшелігіне қарай анықтауға болатынын дәлелдеді.

          Күрес. Палуандар да ауыр атлеттер сияқты күшті спортшыларға жатады, олардың соматикалық ерекшеліктерін көрсетеді. Палуандар түрлі салмақ дәрежесінде өнер көрсететіндіктен олардың басқа спорт түрі өкілдерінен ғана емес бір – бірінен де ерекшелендіретін айырмашылықтары бар (салмақ дәрежесі бойынша).

          Н.Лутовинованың мәліметтері бойынша жеңіл салмақтағы палуандардың бой ұзындығы спортпен айналыспайтын ерлер мен гимнасттарға қарағанда қысқа келеді. Топ аралық шек бойынша олар «ортадан төмен» бой дәрежесіне жатады. Кеуде көлемі өз мәні жағынан бақылау тобы мүшелерінің сипатына жақын. Кеуде бөлігінің көлемі осы көрсеткіш бойынша басқа топқа қарағанда жеңіл дәрежедегі ауыр атлеттерге жақын. Гимнасттарға бұл белгінің де мәні осыған тең немесе біршама басым. Дене бітімі бойынша осы салмақ дәрежесіндегі палуандар ауыр атлетиканың осындай дәрежедегі спортшыларына жақын келеді. Оларда иық ені мен мықын ені, дененің жоғарғы бөлігі бірдей, тек қолдары мен аяқтары ұзынырақ кеуде бөлігі қысқарақ келеді.

          Жеңіл салмақ дәрежесіндегі палуанды бірқатар белгілері бойынша дене бітімінің домихоморфтық (мықыны тар, тұлғасы қысқа) және брахиморфтық (қол мен аяқтары қысқа, иықтары кең) түрге жатқызуға болады.

          В.Бунактың жіктеуі бойынша жеңіл салмақтағы палуандардың көпшілігінде стифроидты және парагармоноидтық дене бітімі кездеседі. Мойын жуандығы үлкен осы белгі бойынша баскетболшылардан гимнасттар мен осы салмақтағы ауыр атлеттерден алда тұрады. Белінің жамбасы мен мықынының саны мен иығының көлемі осы салмақтағы ауыр атлеттер мен барлық қалған топтағыларға қарағанда аз.

          Ауыр салмақтағы палуандар бой ұзындығы жағынан тек баскетболшыларды ғана оздырады. Топ аралық бой шкаласында «орташадан жоғары» дәрежесіне жатады. Кеуде салмағы мен дененің үстіңгі бөлігінің көлемі барлық спортшылар топтарындағы ең үлкені саналатын осы салмақтағы ауыр атлеттерге қарағанда аз. Ауыр салмақтылардағы дененің негізгі салмақ көлемі осы салмақтағы ауыр атлеттерге қарағанда үлкен, ал қалған топтар бойынша аз.

          Баскетболшылардан басқа бақылау және басқа топтармен салыстырғанда ауыр салмақтағы палуандарда қолдары мен аяқтары ұзын, иықты, орташа тұлға көлемі бар; мықын аумағы өте кең. Бұл топты қандай да бір дене бітімі түріне жатқызуға болмайды. Бұл спортшыларда долихоморфтық, мезоморфтық, тіпті брахиморфтық дене бітімі белгілері туралы сөз етуге болады. Басқа топтарға қарағанда мойын аумағы үлкен. В.Бунактың жіктеуі бойынша ауыр салмақтағы палуандар негізінен алып дене бітімімен ерекшеленеді. Белдің, жамбастың, иықтың, мықын мен санның аумағы өзінің абсолюттік мөлшері бойынша басқа топтарға қарағанда негізгі мәннен жоғары, ал ауыр салмақтағы ауыр атлеттерде бұл көрсеткіштер одан да жоғары. Ауыр салмақтағы палуандарда бүкіл дененің бұлшықетін біркелкі дамыту тән болып табылады. Мысалы, гимнасттарда иық белдеуі баскетболшылармен ауыр атлеттерде мықын бұлшық еті саналатын бұлшық ет ұлпаларының шектен тыс жинақталған бөлгі жоқ. Май ұлпалары да сол сияқты.

          Орта дәрежелі палуандарда көлемінің абсолюттік және қатыстық мәні бойынша жеңіл және ауыр салмақтағы палуандар арасындағы аралықта тұрады.

          Егер палуанның соматикалық типі туралы сөз ететін болсақ онда оның кең иығы, тар жамбасы, қысқа қолдары айрықша белгілері болып табылады. Аяқтарының ұзындығы әртүрлі өте жеңіл, жеңілірек, жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы палуандарда орташа ұзындықта жартылай ауыр және ауыр салмақта ұзын болады. Сонымен қатар ауыр салмақтағылар қалғандарынан кең жамбасымен ерекшеленеді. Әрбір топта да аталған салмаққа тән емес дене бітімі бар спортшылар кездеседі. Олардың кейбірі тіпті ірі жарыстарда жеңімпаз болып та жатады. Бұл күрестегі әдіс амалдары мен айлашарғыларды көптеп меңгеруімен түсіндіріледі, ол морфологиялық ұйымдастырылуы әртүрлі палуандарға жеке ерекшеліктеріне сәйкес және қызметтік толықтырулары есебінен, әдіс түрлерін қолдануда біркелкі нәтиже беруіне мүмкіндік береді.

          Спорттық ойындар. Егер  спорттық мамандықтардың көпшілігі біркелкі соматикалық топтарды қарастырса онда біз спорттық ойындарда жоғары дәрежелі спортшылардың дене құрылысындағы типтік ерекшеліктерден ауытқуын байқаймыз. Бұл спорт ойындары – волейболда, футболда, гандболда атлеттер шабуылдау, қорғану қақпашы тәрізді түрлі қызметтерді орындағанда байланысты түсіндіріледі. Сонда да болса зерттеушілер спорт ойындары өкілдерінің дене қүұрылысынан олардың спорттық әрекеті түрлерінен тыс ортақ сипат табады.

          Л.Клочкова футболшылардың соматикалық ерекшеліктерін зерттеу бойынша еңбектерінде палуандардың басқа мамандықтағы спортшыларға қарағанда (велосипедшілерден басқа) бойы қысқа болатынын, дене салмағы көрсеткішінің де баскетболшылар мен велосипедшілерден басқаларының барлығынан аз екенін, аяқтарының дамуы басқа спорт түрлері өкілдерінен ұзын екенін анықтады, оларда жамбасы  (27,1 см), саны (52,2 см) және жіліншегі (35,9 см) жақсы дамыған. Бұл мәліметтер біршама деңгейде Норвегия зерттеушілері Х.Тьенна, Х.Санни, К.Андерсеннің (1958) нәтижелерімен бірқатар деңгейде дәлелденеді, олар футболшылардың жекелеген антропометриялық көрсеткіштерін басқа спорт түрлері өкілдерімен және спортпен шұғылданбайтындардың көрсеткіштерімен салыстырады.

          Түрлі спорттық мамандықтағы атлеттердің соматикалық сипаттары спортта түрлі соматикалық даму сипаты өкілдерін кездестіруге болатынын көрсетеді. Дене құрылысы әртүрлі балалар, жасөспірімдер мен жастар да жоғары нәтижелерге жетуі мүмкін.

          Бокс, күрес, семсерлесу, спорттық ойындар тәрізді оқиғалы түрлерде бойы мен аяқ қол ұзындығы әртүрлі спортшылар жарыстарда жеңімпаз атануы мүмкін. Рингте, күрес кілемінде, семсерлесу жолы мен ойын алаңында бойы мен аяқ-қол ұзындығы әртүрлі атлеттерді көруге   болады. Өз денесінің құрылым ерекшеліктеріне сәйкес спортшы ұрыс айла-шарғысын құрып спорттық жекпе-жек түрлерінен жоғарғы нәтижелерге жетеді.

          Спорттық стереотиптік түрлері дененің соматикалық көрсеткіштерімен қоса, дене бітіміне де нақты талаптар қояды. Жүгіру жолдарындағы лақтыру, серпу, секіру секторларындағы атлеттердің де бойы ұзын, аяқ-қолдары ұзын, белгілі бір дене бітімі талаптарына сай келеді, олар биомеханика заңдарын дәлелдейтін айрықша қозғалыстарды талап етеді.

          Демек, таңдаған спорттық мамандығының соматикалық тиісті жеке ерекшеліктерін анықтау үшін дене құрылысы өлшемдерін  (соматометриялық кеуде қуысы пішіні, бұлшық ет пен май жинау деңгейі т.б. антропометриялық дененің ұзындығы мен салмағы, дененің жекелеген бөліктерінің ұзындығы мен олардың көлемі) жоғары сорт санаты бар спортшылардың морфологиялық ерекшеліктерімен салыстыру қажет. (мұнда жас спортшының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.)

 

2.7. Спорттық іріктеудегі соматикалық дамуды анықтау әдістемесі

 

          Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығының құрамдас бөліктері анықталатын алғашқы спорттық дайындық сатыларында жаттықтырушының негізгі әдісі тұлғаны ойша бағалау болып табылады.

          Соматикалық дамуды, соматипті анықтау іс-тәжірибесі бірқатар белгілер бойынша ойша бағалауды қарастырады. Мұнда 3 ұпайлық даму бағасы пайдаланылады.

          Бұлшық ет шымырлығы кіші бұлшық ет бедері айқын емес, үлкен – бұлшық ет бедері өте анық, орташа – осы екі бағалау аралығы. Бұлшық ет ұлпасының сандық дамуымен қатар оның серпімділігін де ескеру керек.

          Тонус: әлсіз – шымшығанда бұлшық еттер жұмсақ, бос, күшті бұлшық ет серпімді, шымшығанда қатты тиеді. Орташа – аралық жағдай.

          Май жинау (сүйек бедерінің айқын көрінуі немесе, біртегістігі бойынша анықталады). Кіші – бедері мен мүшеленуі анық көрінеді, үлкен – сүйек  бедері біртегіс шеткі сызықтары жеңіл дөңгелене біткен, орташа – сүйек бедері айқын емес. Шектік түрлерге назар аудару қажет  — өте арық, жіңішке, потологиялық сырқатқа ұқсайды.

          Сүйегі тар, жіңішке, орташа, кең (салмақты).

          Арқасының пішіні, қалыпты, иілген, тік. Алдына қарай еңкіш тартқан омыртқа сипаты болады. Кифоз және лордоз.

          Кеуде пішіні, жазық, цилиндр тәріздес, шығыңқы және осылардың қосындысы (цилиндрлі – жазық, т.б.). кеуде пішіні алдынан және қырынан анықталады. Пішіні қисық немесе ассимметриялы түрлері де кездеседі. (құс кеуделі, т.б.).

          Аяқ пішіні, қалыпты, Х – тәріздес, о – тәріздес.

          Табан пішіні, қалыпты, жалпақ, эксковирлік.

          Соматикалық түрлерді бағалауды жоғарыда келтірілген, спорттағы нәтижелерге соматикалық дамудың ықпалын зерттеу арқылы жүргізуге болады. Бұндай бағдарлық сызбалар, яғни соматип таза күйінде  кездеспейтінін ескерте кету қажет. Ойша бағалауды пайдалана отырып, соматикалық түрлерді анықтау дағдысы іс – тәжірибесінде қолданылады.

          Әрине, соматикалық түрлерді ойша бағалау түрлерімен қатар өлшеу түрлері де кездеседі. Оларда арнайы антропометриялық құралдар – толықтық циркульдары, бой өлшеуіш, штангалық антропометр, дененің көлемдік өлшемдерін білуге арналған сантиметрлік лента қолданылады.

          Соматип анықталған соң спорттық қабілеттерді де бағалау қажет. Бұл үшін бірнеше жіктеулер жүргізіп, қорытынды жасау қажет. Мысалы, эктоморф жақсы жылдамдық қабілетімен және қимыл үйлесімділігімен ерекшеленеді. Қысқа мерзімді жүктемелерді жақсы көтереді және артық жсирек, демек, оған жылдамдық және үйлесімділік қабілеттерін көрсетуге байланысты спорт түрлері сай келеді. Эндоморфтың бұлшықет күші үлкен, бірақ оны өзінің шектен тыс толықтығына қарай оны іске асыруы сирек, оған осы мүмкіндіктерін табысты пайдаланатын күрес, т.б. спорт түрлері, ауырлық көтеру сай келуі мүмкін. Мезоморф төзімді, дене бітімі шымыр, реакциясы шапшаң, епті, дене күші мығым, оның спорттық мамандық таңдау ауқымы кең.

          Әрине, соматикалық түрді бағалау бұл  спорттық мамандық таңдаудағы мәселені алдын ала шешу жолы ғана. Даму ерекшеліктерін зерттеп, соматикалық түрді бағалаған соң жоғары дәрежелі спортшылардың үлгі сипатына көңіл аудару қажет. Нақты бағалау үшін негізгі интропометриялық мәліметтерді өлшейді. Дененің ұзындығы мен салмағын, аяқ – қол ұзындығын, дене диаметрін, көлемін. Бұл өлшеулердің барлығы арнайы әдебиеттерде жазылған ортақ әдістерге сәйкес жүргізіледі. Алынған мәліметтер дененің үйлесімді бітімін бағалап, спорттық мамандықты дұрыс таңдағанына көз жеткізу үшін қажет.

          Үйлесімділік түрлерін анықтау мынадай үш белгінің сәйкестігіне негізделген: аяқтың ұзындығы, кеуде бөлігінің ұзындығы, иықтың ені. Алғашқыда нұсқалар кеуде бөлігі ұзындығының бастапқы белгілерінің абсолюттік шамасы бойынша бағаланады. Кіші, орта, үлкен, сосын аяқ ұзындығының иық еніне қатысына қарай баға беріледі (дене үйлесіміне сәйкес). Дене үйлесімінің тоғыз түрі бар. Олар: мынадай үйлесімдерді қарастырады.

І

1). Аяғы қысқа, иық ені тар – арростондты.

2). Иық ені орташа және кең – гипостифоидты.

3). Кең иықты – стифроидты.

ІІ

4). Алға орташа, иық ені тар – гипогормоноидты.

5). Иық ені орташа кең – гормоноидты.

6). Кең иықты программоноидты.

ІІІ

7). Аяғы ұзын, иық ені тар – тейнадты.

8). Иық ені орташа кең – паратейноидты.

9). Кең иықты – гигантоидты

Тиісті кестелерде сандық шектер берілген. Олар тұлғаның қандай да дене бітіміне жататынын анықтайды.

          Түрлі елдерде бір ғана принципке құрылған түрлі жіктеулер қолданылады.

          Сонымен, жеке соматикалық дамудың басқа да ипорттық қабілеттерді бағалау әдістерімен ұщтастыра жүргізілген талдау спорт түрін таңдауға мүмкіндік береді.

          Спорттық қабілеттерді анықтауда спорттық іріктеу нәтижесінде адамның құжаттағы емес биологиялық жасын ескеру қажет. Жасын анықтаушының негізгі әдісі – ойша бағалау, ал қыздарда – қосымша сұрақтар қою болып табылады. Биологиялық жасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – жыныстық жетілу деңгейі, ол екінші жыныс белгілерінің дамуы арқылы анықталады.

          Алынған мәліметтерге сәйкес жас спортшының биологиялық жасы анықталады. Түрлі аймақтар үшін құжаттағы жасының биологиялық жасына сай келмеуі ± 3 жылды құрайды.

          Антрополитриялық әдістемелерді пайдаланып, балалар мен жасөспірімдердің спорттық қабілетін бағалау үшін ілімдік және іс – тәжірибелік дайындық қажет. Адамның жеке қабілеттерін анықтауда аталған амалдың үлкен маңызын ескерген түрлі елдердің ғалымдары балалар мен жасөспірімдердің спорттық қабілетін бағалау мен өлшеудің соматометриялық әдістемелерін жетілдіруді жалғастыруда.

 

2.8. Спорттық қабілеттердің құрамдас бөліктерін сынақтан өткізу және бағалау

 

Спорт түрлеріндегі спортшылар қабілетінің даму деңгейі

 

          Қабілетті дамытудың жоғарғы деңгейі жоғары дәрежелі спортшының ерекшелігі болып табылады. Бұл деңгейге әдетте тікелей арнайы жаттықтыру ықпалдарының қатысуымен біршама табиғи сипаттар негізінде жетеді. Спорттық маманданудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері мен спорттық қабілеттерінің өзіндік ерекше құрылымы бар.

          Ауырлық көтеруге арналған спортшы деп жалпыға ортақ түсінікте үлкен күш қабілеті бар, ал спринтте жоғары жетістікке жету үшін атаймыз. Спорт ойындарында бір емес, бірнеше сапалар кешенінің жоғары даму деңгейі талап етіледі. Бір қарағанда бұл көзқарас қарапайым әрі түсінікті көрінеді, яғни өзіңнің үйлесімдік және жылдамдық күш қабілеттеріңді дамыт, сонда өте биікке секіретін баласың немесе қарсылас қақпасына дәл соққы бергің келсе, онда өзіңнің төзімділігің мен күшіңді ұштастыра дамыт. Ал шын мәнінде бұл жай нәрсе емес.  Спорт түрлерінің өкілдерінде спорттық қабілеттердің күрделі құрылымдарымен қатар, оның ішіндегі күрделі құрылымшалары да бар, оның құрамдас бөліктері өзара байланысып, спорттық жетістікті алдын ала анықтайды. Жеңіл атлетиканың бірнеше түрлерінен маманданатын спортшылардың жылдамдық – күш қабілеттерінің дамуын зерттеу барысында бұл көрсеткіштің көбі марафоншыларда, ал азы – найза лақтырушыларда кездесетіні анықталды.

          Қашықтық азайған сайын жүргізушілерде бұл көрсеткіштер арта түседі, ең жоғары көрсеткіштер спринтерлерде.

          Секірушілерде жылдамдық – күш көрсеткіштері бойынша жоғары сатыда  тұрады, бірақ мұнда белгіленген шекара байқалады: биіктікке секірушілер, ұзындыққа секірушілер, сырықпен секірушілер және соңғы орында үштік секіруден маманданатын секірушілер.

          Лақтырушылар былай бөлінеді: ядро серпушілерде бұл көрсеткіштер төмен, сосын бұл көрсеткіштер тастабақ лақтырушылар мен балға лақтырушыларда артады, ал жылдамдық – күш қабілеттерінен ең жоғары көрсеткіштер найза лақтырушыларда кездеседі.

          Жеңіл атлетика түрлері өкілдерінің күш қабілеттерін зерттегенде әрбір спорт түрі дене дайындығын сипаттайтын барлық көрсеткіштер бойынша нақты талаптар қоятынын дәлелдейтін белгілі заңдылықтар анықталды.

          Бұл басқа қабілеттерді дамытуда атап айтқандай буынның қозғалғыштығында да байқалады – омыртқа жотасы буындарының қозғалғыштығын дамытудың жоғары деңгейі, гимнасттарда байқалады. Оларға жақын көрсеткіштер жүргізушілер мен жеңіл көрсеткіш баскетболшыларда.

          Иық буынының қозғалғыштық көрсеткіштері жүргізушілерде көп. Бұны жүзу барысында иық буынындағы қозғалыс үлкен құлашпен жүргізіліп, ол әрине ондағы қозғалғыштықтың артуына көмектесетінімен түсіндіріледі. Иық буыны қозғалғыштығының ең төмен көрсеткіші спорттық гимнастика өкілдерінде, бірақ оларда сан – жамбас буынының қозғалғыштығы жоғары дамыған, ал баскетболшыларда бұл қабілет көрсеткіші төмен.

          Бұл мәліметтерді талдау барысында қызықты дәйектер анықталды, егер жаңадан бастаған спортшыларда бір көрсеткіш деңгейі бірінде үлкен бірінде төмен болып келсе, спорт шеберлерінде де осындай құбылыс байқалады.

          Сонда да болса, спорттық жетілдірудің жекелеген сатыларында иілгіштікті дамыту деңгейі көтеріледі (ІІІ санат), сосын төмендейді (ІІ санат), сонымен соңында спорт шеберлері тобының көрсеткіштері осы көрсеткіштерді басқа спорт түрлері өкілдерімен салыстырғанда төмен болады (Спорттық маманданудың бастапқы кезеңіндей).

          Спорттық маманданудың барлық үлгілеріне негіз болатын жетекші құрылымдар мен олардың пайда болуын зерттеуде спорт іс – тәжірибесі үшін қызығушылық тудырады. (Баландин, Блудов, Плахтиянка, Зациорский, 1982).

          Бұл мәселелерді зерттеу қажеттігі соңғы жылдарда туындады, онда зерттеушілер мен іс – тәжірибешілер өзінің денелік мәні жағынан адамның қозғалысының моторлық ерекшелігі бойынша түбегейлі айырмашылығы болатыны жөнінде тұжырымға тоқтамға келді. Осы арқылы спорттық қабілеттерді зерттеу мен олардың алуан түрлерін анықтауға талдау тұрғысынан қараудың негізі қаланды.

          Жылдамдық қабілетінің  пайда болуы, бұлшық ет – жиырылуының үлкен күшімен, сондай – ақ күшті қысқа уақыт аралығында пайдалануға мүмкінік беретінін қимылды жетік үйлестірумен тығыз байланысты. Сондықтан спринтерлік қашықтықтарда табысты өнер көрсету үшін спортшы бұлшық ет күшін дамытудың жоғары деңгейін меңгеру қажет. Жүгіру уақытында санды бүгіп жазатын бұлшық еттер, қол мен кеуде бұлшық еттері жұмыс істейді. Қысқа қашықтыққа жүгіруде бүкіл бұлшық ет белсенді жұмыс істейді, сондықтан үздік сприндгерлерге аяқпен қатар қолдардың да бұлшық еттері жақсы дамыған болуы қажет.

          Қысқа қашықтықтарға жүгіруде жоғары нәтижелер көп жағдайда мынадай бұлшық ет түрлерін анықтайды. Табанды жазатын, санды бүгіп жазатын, бұны корреляциялық сенімді кері байланыс дәлелдейді.

          Қысқа қышықтықты тез жүгіріп өту үшін спортшы күшті болып, жақсы реакцияға жылдамдық төзімділігіне үйлесімділікке  ие болып, негізгі бұлшық ет топтарын тез босата білумен буындардың жеткілікті қозғалысын меңгеруі тиіс.

          Шапшаңдық адамдардың дара қимыл сапасы емес. Жүгіру бойынша қарапайым тапсырмалардың өзінде шапшаңдықтың көптеген пайда болу түрлері бар реакция уақыты, жеке қимыл уақыты, қимылдың тез басталуы (спорт іс – тәжірибесінде бұрын лездік деп аталатын.)

          Орта қашықтыққа жүгіру, шапшаңдық, күш, төзімділік тәрізді бірнеше дене қабілеттерінің пайда болуымен сипатталады. Әрине, бұл қабілеттер арасында тығыз байланыс бар. Көрсеткіштердің бірінің нашарлауы екіншісінің пайда болуына ықпал етеді.

          Спортшы өзінің үздік нәтижелерін көрсететін жарыстарда, бірінші орынға жылдамдық төзімділігі шығады. Оны дамытудың негізі шапшаңдық пен жалпы төзімділік болып табылады. Шапшаңдықты дамыту үшін күш және т.б. қажет. Орта және алыс қашықтықтарға жүгіруін спортшылар арнайы төзімділікпен сипатталады. Ал шапшаңдық пен қозғалыстың шектік жылдамдығы оның негізін қалайды, ал төзімділік өз кезегінде, күш пен бұлшық еттің жиырылу, шапшаңдығына, олардың серпімділігіне, қимылды жетік үйлестіруге байланысты. Әрине, алыс қашықтыққа жүгіретін желаяқтар төзімділік көрсеткіштері бойынша басқа спорт түрлері өкілдерінен басым түседі.

          Әлемнің үздік секірушілерінің дене қабілеттерін зерттеу барысында жеңіл атлетиканың спринтерлік және кедергілермен жүгіру, биіктікке секіру көпсайыс тәрізді түрлерінде жан – жақты дене дамуы мен жоғары көрсеткіштер байқалады, секірушілерде жақсы секіргенде пайда болатын яғни тез әрі биік секіртетін жылдамдық  — күштің жоғары көрсеткіштері ерекшеліктер болып табылады. Бұл сапа кешенді және адамның жүйке – бұлшық ет күшіне сәтті жауап беру қабілетімен сипатталады, ол өз кезінде бұлшық ет топтарының үлкен күшімен олардың жиырылу шапшаңдығымен және секіруді орындау сәтіндегі ерік күшін шоғырландыру қабілетімен негізделген. Биік секіру спортшыдан жоғары үйлесімді жылдамдық – күш қимылдарын орындау үшін өзінің күштері мен мүмкіндіктерін тез іске асыра білуді талап етеді деуге болады.

          Ю.Верхошанскийдің мәліметтері бойынша (1985) үштікке секірудегі табыс мына факторларды анықтайды.

          1) жылдамдық қабілеттері – 100м жүгіру, ұзындыққа секіру және үдетумен үштік секіру;

          2) күш қабілеті – штанганы жұлқа көтеру, серпе көтеру және штангамен жартылай отыру;

          3) жылдамдық – күш қабілеттері – сөреден 30 м. Жүгіру, ұзындыққа секіру, орнынан үштік секіру.

          Жеңіл атлетикалық лақтыруда секіру тәрізді спортшыдан шағын уақыт аралығында «жарылғыш» сипатындағы шектік күшті көрсетуді талап етеді. Бұл кұштерді атап айтқанда, найза лақтыруда көрсету үшін спортшы спринтердің шапшаңдығын биіктікке секірушінің аяқ күшін, сырықпен секірушінің кеуде бұлшық еті күшімен ептілігін меңгеру тиіс.

          Ауыр атлетика өкілдерінің қабілет құрылымын зерттеу жұлқу мен серпудегі жоғары нәтижелер тек қана атлеттің үлкен күші мен жақсы әдісіне ғана емес, сондай – ақ жылдамдық қабілетіне де байланысты екенін көрсетті. Сонымен, жылдамдық және жылдамдық күш сипатындағы көптеген сынақтар нәтижелеріне байланысты, мысалы:

          1) ядроны бастан асыра лақтыру – r = 0,80

          2) орнынан биіктікке секіру — r = 0,86

          Орнынан жоғарыға секіру көбінесе 30 және 60 метр жүгіру тәрізді көрсеткіштерге байланысты деген дәйекті ескерсек онда ауыр атлеттің спорттық қабілетінің жалпы құрылымы күш жылдамдық және жылдамдық күш көрсеткіштерімен сипатталады деп сеніммен айтуға болады.

          Спорттық гимнастика қимылды жоғары дәлдікпен орындау, жылдамдық – күш қабілеттерінің жоғары деңгейі мен ептіліктің басым болуы талап етілетін аз ғана спорт түріне жатады.

          Гимнастикалық жаттығулар өз сипаттарына қарай көп түрлі. Ер гимнасттардың жаттықтыруында күш пен жылдамдық – күш сипатындағы жаттығулардың үлесі басым. Гимнаст қыздарды дайындауда күш жаттығулары аз қолданылады. Қыздардағы тіреліп секіру, еркін жаттығулар (секіру, акробатикасы) бөрене мен көлбеу темірде жаттығу, ерлердегі белтемірде жаттығу тәрізді жаттығуларда жылдамдық – күш сипаты, басым болады. Гимнасттардың жылдамдық – күш дайындығының деңгейі көп жағдайда гимнастикалық жаттығуларды орындау сапасын анықтайды. Гимнастикадағы табысқа жетуге ықпал ететін факторларға иілгіштікті, тірек – қимыл, тұрақтылығын, қимыл үйлесімділігі мен бұлшық ет сезімталдығын жатқызамыз.

          Оқиғалы спорт түрлерінде жоғары нәтиже көрсететін заманауй атлеттерде (күрес, бокс, семсерлесу) сенсомоторлық көрсеткіштерді де қарастыратын өте күрделі қабілеттер құрылымы бар.

          Боксшының немесе семсерлесушінің әрекетін бақылай отырып шапшаңдық, үйлесімділік, жылдамдық үйлесімі, қимыл реакциясының шапшаңдығы, бұлшықет сезімталдығы осы спорт түрлері өкілдеріне тән қабілеттер болып табылады деп сеніммен айтуға болады.

          Оқиғалы түрдегі спорттық жекпе – жекте өте шапшаңы жеңеді. Қарсыласының дер кезінде алдын алу, амал қолдану немесе қарсы амал қолдану, сол үшін спортшы ұтыс ұпайын алады. Тез әрі қуатты амал қолданып, сосын жаңа шабуылдың немесе қарсыласына төтеп беру алдында бұлшық еттерін босаңсыта білу жоғары дәрежелі спортшыға тән сапа, олардың спорттық әрекетінде жалпы қабілеттермен қатар арнайы қабілеттер де бар.

          Спорттық ойындарда атап айтқанда баскетбол мен гандболда жылдамдық төзімділігі ептілік реакция дәлдігі шапшаңдық қабілетке тән көрсеткіштер болып табылады.

          Бірақ спорттық ойындардағы көрсеткіштер көп жағдайда спортшы командада нешінші орын алатынына және қандай рольде оның жарысқа қатысатынына байланысты екенін ескерткен жөн.

          Мысалы, гандболшы қыздардың қабілет құрылымын зерттеу екінші сызықтағы спортшы қыздарда реакция шапшаңдығы, жақсы жалдамдық және үйлесімділік төзімділігі басым екенін, ал бірінші сызықтағы қыздарда істі атқаруға әзірлігі мен екінші, сызықтағы қыздардағыдай, күш үйлесімділігі басым екенін көрсетті.

          П.Осташев (1982) футболшының қабілет құрылымында мынадай негізгі құрамдас бөліктерді бөліп қарастыруға болады деген қорытынды жасады. Дене, қызметтік кеңістік, уақыттық және күш қабілеті, ойын амалдарын тез меңгеру қабілеті, жедел ойлау мен шығармашылық, ойын белсенділігі, қызуқандылық, сәтсіздікке салқынқандылық таныту, салқын тиіп ауыруға төзімділік таныту.

          Әрине, бұл қабілеттер арасында генетикалық негіздері бар және жаттықтыру мен жетілдіруге көнетін де қабілеттер бар.

          Спорттың әрбір түрі дене және қимыл қабілеттерінің жоғары даму деңгейімен қатар құрамдас бөліктері спорттық нәтижелерге түбегейлі ықпал ететін тиісті қабілет құрылымдарын да талап етеді. Бұл құрамдас бөліктерді бағалап, сосын оны спорт түрінің спорттық бағдарламасымен салыстыру спорттық іріктеудің жалпы жүйесіндегі маңызды топ болып табылады.

 

2.9. Спорттық қабілеттердің құрамдас бөліктерін

сынақтан өткізу әдістемесі

 

          Іс – тәжірибеде спорттық қабілеттерді өлшеу үшін сынақтар кешені қолданылады, олар спорттық өлшеудің сенімділік жан – жақтылық дұрыстық талаптарына сәйкес келуі тиіс. (Бигуш, 1982; Сергиенко, 2000).

          Сынақтың сенімділігі – сәйкес сынақ жұмысының дәлдігі туралы мәлімет беретін нәтижелер тұрақтылығы, егер сынақ көмегімен өлшеудің өзгеріссіз нәтижелері алынса онда ол сенімді деп есептеледі. Сынақ, сенімділігінің мәні оның көмегімен басқа да бақылау жаттығуларының немесе зерттелетін белгілердің өзара байланысын сипаттайтын шама туралы талқылауға түзету ендіруге болатындығынан көрінеді.

          Сынақтың дұрыстығы – бұл қызықтыратын белгіні сипаттайтын өлшем мен сынақ арасындағы байланыстың көрсеткіші. Сынақтың дұрыстығы оның сенімділігі туралы, яғни оның көмегімен аталған қабілетті қаншалықты дәл өлшеуге болатынын көрсетеді. Бұл өлшемді спортқа жарамдылық мәселесін шешуде және спорттың жеке мәселелерін зерттегенде қолданады.

          Сынақтың жан – жақтылығы – бұл сынақ нәтижелерінің зерттеушінің жеке сапаларынан тәуелсіз болу деңгейі. Сынақтың жан – жақтылығы түрлі зерттеушілердің, түрлі зерттеушілермен сынақ бағдарламаларын жүргізгендегі тұрақты нәтижелермен сипатталады. Дәлірек айтсақ, сынақтың жан – жақтылығы – бұл өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерінің дәлдігі.

          Спорттық бағдар, спорттық мамандық таңдау және спорттық іріктеу мақсатында жасалған сынақ пен сынақ бағдарламалары мына салаптарға сай болуы тиіс.

  • жаңадан бастаған спортшылар үшін лайықты әрі қызықты болуы тиіс;
  • спорт залдары мен стадион жағдайларында тәжірибелік қолдануға қолайлы болуы тиіс.
  • Аталған қабілетті өлшеу бойынша міндеттерді өте тез шешуді қамтамасыз ету;
  • Субьективті факторлар ықпалына қарамастан тұрақты нәтижелер алу (ауа райы жағдайлары, жарықтандыру, жаттықтырушы, т.б.);
  • Жеке көрсеткіштермен салыстыру үшін баға кестелерін қолдану.

          Спорттық іріктеуде жалпы және арнайы қабілеттерді өлшеуді ұйымдастыру жеке және топтық әдістермен жүргізіледі. Өлшегенде белгіленген ережелер мен әдістерді басшылыққа алады, ол спорттық қабілеттердің құрамдас бөліктерін сенімді анықтап, оларды арнайы кесте бойынша бағалауға мүмкіндік береді.

          Дене қабілеттерін өлшеу, жалпы және арнайы спорт қабілеттерін өлшеу үшін түрлі сынақтар мен қарапайым құралдар пайдаланылады. Әрине, бұл өлшеулер дұрыстық сынағынан өткен және спорттық іріктеуде  қабілеттерді өлшеу  үшін ұсынылады.

          Күш. Бұлшықет күшін өлшеу үшін құралдар әдістемесі мен сынақтар ұсынылады.

          1) Тығыздалған допты аяқты алшақ қойып, еденге отырып, бастапқы қалыптан екі қолмен бастан асыра лақтыру, сөре сызығынан доптың түскен орнына дейінгі қашықтық өлшенеді. Алты рет қатарынан лақтырады, ең үздігі есептеледі. Доптың дұрыс ұшу жолын анықтау үшін (нәтиже соған байланысты) жіп тартылады немесе тұрақты биіктікте басқа да кедергілер қойылады.

          2) Орнынан ұзындыққа секіру. Бұл сынақ белгіленген жолда орындалады, ол нәтижені тез бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеуші сызықты баспай,  бастапқы қалыпта тұрады (аяқтар табан ендігіндей жерде тұрады), қолын бірнеше рет бұлғап, сосын екі аяқпен күшпен серпіліп, қолды төменнен жоғарыға бұлғап, секіруді орындайды. Қатарынан үш мүмкіндік беріледі, үздік нәтиже есептеледі.

          3) Динамометрді қысу (саусақ динамометрі). Әр қолдың саусақ бұлшық  еті күшін анықтау үшін. Қатарынан үш мүмкіндік беріледі.

          4) Орнынан жоғары секеңдеу. Бұл сынақты орындау үшін түрлі құралдар қолданылады.

          Мысалы, В.Абалаковтың құралы тікелей еденге бекітілген серіппелі қыстырғышты бейнелейді. Қыстырғыш тесігінен сантиметрлік лентаны өткізеді, оның жоғарғы ұшында арқанды көмек болады, ол сынақ тапсырушының  беліне дейін жетіп бекітіледі. Өлшеу хаттамасына негізгі тұрыспен аяқ ұшындағы тұрған жағдайлардағы лентаның көрсеткіштері жазылады. Қажетті мәліметтер жазылған соң бастапқы жартылай отыру қалпы орындалады. Содан қол көмегімен жоғары секіреді.

          Төзімділгі басым күшті өлшеу үшін белтемірде тартылу жатып қолды бүгіп – жазу тәрізді жаттығулар қолданылады.

          Шапшаңдық, оны өлшеп бағалау үшін бірнеше сынақтар пайдаланған дұрыс, олар шапшаңдықтың қимыл реакциясы, қимыл жиілігі барлық қимылды көрсетудің барлық түрлері туралы ақпарат береді.

          Шектік шапшаңдықты өлшеу үшін 6 секундта жүгіріп өту қажет қашықтық белгіленеді. Осы мақсатта көлемі 10 х15 см 25 фанер қалқандар белгісі пайдаланылады. Әрбір қалқанда 25 – тен 50 – ге дейінгі сандар жазылады. Қалқандар жерге қойылады немесе арқанға ілінеді. Бірінші 25 саны бар қалқан сөреден 25м қашықтықта, қалғандар әрбір метр сайын орнатылады. Оқу жылының басындағы жасы әр түрлі оқушылардың, жүгіріп өтетін метрлердің саны: 15 жас 35 – 42м, 16 жас – 38-43м,  17 жас 38 -45 м.

          Қимыл реакциясының шапшаңдығын сынақ тапсырушының құлаған затқа қалай тез қарауын бақылап өлшеуге болады. Кез – келген зат қолданылады, бірақ сантиметрмен белгіленген гимнастикалық таяқ пайдаланылғаны дұрыс.

          Қимыл реакциясының уақытын өлшеуге мүмкіндік бетін құралдар әдістемесінен реакция өлшегіштер қолданылады, оның негізгі бөлігі электрлік және электрондық секундометрлер болып табылады.

          Қимылдың шектік жиілігін өлшеуде белгіленген мерзімдегі қимылды санау жүргізіледі. Қимылдар әр түрлі болуы мүмкін. «Бір» дегенде қол жоғарыда «екі» дегенде – төменде, санды көтерудегі тіркелген қалпында санды жоғары көтеріп, орнында жүгіру, теппинг сынақ көрсеткіштері т.б.

          Қимыл шапшаңдығын жоғарғы және төменгі сөреден 10, 20, 30 м жүгіру көрсеткіштері бойынша өлшенеді.

          Төзімділік. Жалпы төзімділік деңгейін анықтау үшін бірнеше әдістеме қолданылады.

          Жалпы төзімділіктің деңгейін жүгіру көрсеткіштері бойынша анықтауға болады. а) тұрақты жылдамдықпен; ә) жаттықтырушы көрсеткен жылдамдықпен.

          Топ басында көшбасшы жүгірушіні қояды, оған белгілі бір уақытта жалаушалармен белгіленген қашықтықты жүгіріп өту тапсырмасы беріледі. Қашықтық бөліктерін жүріп өту жылдамдығын көшбасшы секундомер көрсеткіштерін, ескеріп, түзетеді. Барлық арақашықтықта жүгіреді.

          Жүгіру ырғағын жаттықтырушы немесе оның көмекшісінің дыбыс белгісін беруі арқылы белгілеуге болады. Ысқырық жүгірушінің кезекті жолдаушыдан өту сәтіне сәйкес уақыт аралығында беріледі. Қашықтық бөліктерін жүгіріп өту уақыт секундомермен бақыланады.  Циферблагы тең уақыт бөліктері арқылы түрлі – түсті үшбұрыштармен белгіленген. Мысалы, стадион жолында 10 с – та 40м. Жалдамдығымен барынша үлкен қашықтықты жүгіріп өтуге тапсырма беріледі. Берілген ырғақты бақылау үшін стадион жолын әрбір 40 м. түрлі – түсті жалаушалармен белгі қояды. Жаттықтырушы секундомер циферблатына әрбір 10 с сайын үшбұрыштар жапсырып қояды. Қатысушылар аталған ырғақты ұстанып жүгіріп өту сәтін кезекті жалаушадан дыбыстық белгімен сәйкестендіруге тырысады.

          Төзімділікті өлшеудің келесі әдісі стадион жағдайында да спорт залда да пайдаланылуы мүмкін. Бұл үшін мыналар қажет: биіктікке секіру үшін резеңке шығыршығы немесе арқаны бар бағандар, метроном, секундомер, гимнастикалық лонжа. Өлшеу мына үлгіде жүргізіледі. Орнында 5 с – та жүгірудегі қимылдың шектік жиілігі анықталады. Осы мақсатта зерттелуші бағытталған қозғалыспен жүріп өтуден гимнастикалық лонжаға тіркейді. Резеңке шығыршықты немесе арқанды биіктікке секіруге арналған бағандар арасында аяқты жамбас-сан буынында 80 с – қа дейін бүгуді шектейтін деңгейде тартады. Жүгіргенде шығыршық санның ортаңғы деңгейіне тиіп тұруы тиіс.

          «Марш» командасы бойынша сынақ тапсырушы жүгіруді сан қимылының тапсырылған құлашымен, бағандағы шығыршықтың немесе арқанның шектік биігімен бастайды. Жаттықтырушы оң аяқ санының шығыршыққа тиген санын есептейді. 5 с кейін «тоқта» командасы беріліп, санның жалпы тию саны есептеледі. Қимыл жиілігінің шектік шамасы алынған қимыл жиілігі саны мен 2 санының туындысын береді. (екі аяқтың тиюі). 5 с- тағы қимыл ұзақтығы оқушылардың бесінші – алтыншы секундта жоғарғы көрсеткішке жетуіне байланысты алынған.

          Қимылдың жоғары жиілік көрсеткішін пайдаланып, қарапайым есеп жүргізеді және оқушы қандай жиілікпен жүгіруі тиіс екендігін анықтайды.

          Аталған есеппен орнында 90 және 70 % шектік қарқынмен жүгіруге қажетті аяқ қимылы жиілігін анықтау жеңіл болады.

          Мысалы, аяқ қимылының шектік жиілігі 5 секундта 20 қадамға қадамдар саны (d) мынаған тең болады.

          d = 20*90/100 = 18 (қадам)

          Бұндай ырғақ метрономмен беріледі. Шаршау пайда болғанда сынақ тапсырушының саны шектеуге тимей қалады, секундомер тоқтайды. Ал алынған уақыт төзімділіктің даму деңгейін анықтайды. Іс-тәжірибеде 12 – минуттық жүгіру қолданылады, одан кейін жүрген жолдың шамасы тіркеледі.

          Түрлі бұлшық ет топтарындағы статистикалық төзімділікті анықтауда түрлі сынақтар пайдаланылуы мүмкін. Бірнеше мысалдар келтіреміз.

  1. Сынақ. Б.қ. – негізгі тұрыс н.т., қолдар екі жақта, әр қолда 1 кг. салмақта жүк бар. Оқушылар қабырғаның жанында тұрады, оған 1 см- ден бөлінген биіктігі 1 м 80 см шкала белгіленген. Иық белдеуі бұлшық еттерінің 10 см – ге жүкпен қолды түсіру уақыты бойынша тұрыстық төзімділігі өлшенеді (егер шкала градусталған болса, онда қолды түсіру уақыты 100 — қа тіркеледі.)
  2. Сынақ. Б.қ – гимнастикалық қабырғадағы бұрыш. Қарын бұлшық еттерінің тұрыстық төзімділігі өлшенеді. Егер оқушылар гимнастикалық қабырғада бұрыш жасай алмаса, тіректе бұрыш жасау орындалады. Еденде немесе гимнастикалық орындықта отырып, оқушылар аяқтарын тік бұрыш жасағанға дейін көтереді. 10 см бойында бөлінген көлбеу немесе қабырғаға қиылыса қойылған белгіленген сызық өлшеуіш қызметін атқарады. 10 см – ге дейін бұрышты ұстап тұрған уақыты секундомермен өлшенеді.

          3 сынақ Б.Қ. – аяқ ұшында жартылай отыру тұрысынан кеудесі тік қалыпта сан мен жіліншік арасындағы бұрыш 900 – ты құрайды. Осы қалыпты ұстап тұрған уақыты бойынша сан мен жіліншік бұлшық еттерінің тұрыстық төзімділігі өлшенеді.

          4 сынақ. Б.қ. – үстелдің шеті белдің деңгейінде болып, үстелге кеудесінен жату. Аяқтар еденге қатар созылған сынақ тапсырушыларды иықтан ұстайды. Осы қалыпты ұстап тұру уақыты арқа бұлшық етінің  тұрыстық төзімділігін анықтайды.

          5 сынақ. Б.қ – н.т. аяғын тіктеп бұрыш жасағанша (900) көтереді. Қапталында сантиметрлерге бөлінген жақтау бар. 10 см – ге түсіріп, бастапқы қалыпты ұстап тұру уақыты бойынша жамбас белдеуінің бұлшық етінің тұрыстық төзімділігі өлшенеді.

          Іс – тәжірибеде жалпы төзімділікте өлшеуді 300, 500, 800, 1000 және 2000 м жүгіру уақытының көрсеткіші бойынша жүргізуге болады.

          Иілгіштік. Иілгіштікті дамыту деңгейін, бұлшық ет қозғалысын бағалау үшін, шектік құлаштық қимылдарды тіркеуге мүмкіндік беретін түрлі бақылау жаттығулары мен өлшеу құралдары қолданылады. Спорттық іріктеу тәжірибесінде алға аяғын тіктеп еңкею сынағы көп қолданылады. Алайда, ол жамбас сан буынындағы қозғалғыштықты ғана анықтайды, ал барлық буындардағы иілгіштікті анықтау үшін құрылымы әртүрлі гониометрлер пайдаланылады. Спорттық іс – тәжірибеде бекітілген гониометр пайдаланған дұрыс, онымен белсенді және әлсіз иілгіштікті өлшеуге болады.

          Бекітілген гониометр (ол буынға резеңке таңғышпен бекітіледі) тік бағандары бар темір пластикалы байланысқан екі шарнирден тұрады. Олардың бірінде ноль белгісіне қарсы градусталған дөңгелек шкала, ал келіскен пластинка градустарды белгілеуші болады.

          Қозғалғыштықты өлшеу үшін шарнирі бар құрал дененің қозғалатын бөліктерінің осымен бірігуі үшін буынға бекітіледі. Жаттығуды орындағанда туындайтын бастапқы қалыптан қозғалмалы пластинканың ауытқуымен кез-келген буындағы қозғалғыштық деңгей өлшенеді (градуспен) мысал келтіреміз.

          1) Шегіне дейін алға – жоғары қозғалғандағы жамбас – сан буынында оң аяқтың тік қозғалысының құлашын анықтау.

          Б.қ. – гимнастикалық төсеніште шалқасынан жату. Оң жіліншіктің сыртқы бөлігінде жіліншік – табан буынына гониометр бекітіледі. Сынақ тапсырушы тіктелген оң аяқпен шегіне дейін алға – жоғары қимыл жасайды. Белсенді иілгіштік бағаланады. Әлсіз иілгіштіктің деңгейін анықтау үшін әріптесі көмегімен ауырғанша жүргізіледі.

          2) Шегіне дейін артқа қозғалғандағы жамбас – сан буынында тіктелген оң аяқ қозғалысының құлашын анықтайды.

          Б.қ. – ішімен жатады. Гониометр жілігішік – табан буынының оң жіліншігінің ішкі жағына бекітіледі. Сынақ тапсырушы шегіне дейін артқа қимыл жасайды.

          3) Қапталға қарай шегіне дейін қозғалғанда оң аяқтың тік қимылының құлашын анықтайды.

          Б.Қ. – сол бүйірмен жатады, қолы басында. Гониометр оң жіліншіктің сыртқы жағында, жіліншік табан буынында бекітіледі. Аяқпен шегіне дейін жоғары қимыл орындалады.

          4) Қолды шегіне дейін жоғары – артқа қозғалғандағы  буынының қозғалғыштығы анықталады.

          Б.қ. —  шімен жатады, иегі төмен ішке немесе орындыққа тиіп тұрады, қолы қалың таяқты ұстайды. Гониометр оң қолдың сыртқы қапталына яғни білезік – саусақ буынына бекітіледі. Қимыл аяқпен шегіне дейін жоғары – артқа қозғалады.

          5) Жоғары – артқа қозғалғандағы иық буынының қозғалғыштығын  анықтайды.

          Б.қ. – ішімен жатып, иегі төсенішке тиіп тұрады, қол төменде, қолын артына айқастырып, гимнастикалық таяқты ұстайды. Ұстау иық ендігінде.

          Гоноиметр сол қолдың сыртқы жағына білезік – саусақ буынына бекітіледі. Гимнастикалық  таяқпен шегіне дейін, жоғары – артқа қимыл жасалады. Аталған сынақты қолданар алдында 10-15 мин бойы белсенді ширату жүргізіледі.

          Спорттық іріктеуде қабілеттердің даму деңгейін бағалау үшін бағалау кестесі қолданылады. Бұндай кестелер әрбір аймаққа лайықтап жасалуы тиіс.

          Әлемнің түрлі елдерінде жүргізілетін зерттеулер табиғи климаттық және этникалық ерекшеліктері спорттық қбілеттердің қалыптасуымен қатар жас ерекшеліктерінің даму өзгешеліктеріне де күшті ықпал етеді.

          Қимыл қабілеттерінің негізгі құрамдас бөліктерін өлшеу. Қимыл қабілеті кез – келген жаттығуды орындау сапасын анықтайды, ал спортта қатысты болады.

          Қимыл қабілетінің құрамдас бөлігі қимылдың үйлесімді күрделілігімен және оның орындау дәлдігі бағаланатын ептілік болып табылады. Қимылды орындау сапасы үйлесімділік, уақытты сезіну, бұлшық ет күшінің шамасы кеңістіктік дәлдік, тірек – қимыл тұрақтылығы сияқты көрсеткіштерге байланысты болады.

          Спортта осы құрамдас бөліктердің барлығының жоғары даму деңгейі талап етіледі. Нақты спорт түрінен жаттығуларды орындау әдісінің жоғары деңгейі арнайы қимыл қабілеттеріне сүйенеді, оның негізі жалпы қимыл қабілеттерінің құрамдас бөлігі болып табылады.

          Ептілік оның даму деңгейін анықтау үшін бірнеше сынақтар пайдаланылады.

          Бірінші сынақ үшін ұзындығы 15- 20м алаң, төрт баған (немесе тығыздалған доп) секундомер жабдықтары қажет. Залда немесе алаңда 15 м қашықтықта бір-бірінен 3м аралықта4 баған (немесе доптар) қойылады. Оқушылар сөреге тұрып, «Марш» командасымен бағандар арасында солдан оңға қарай, оңнан солға қарай жүгіреді. 15м жүгіріп бұрылады және осы қашықтықты кері бағытта жүгіреді. Сынақты орындауға жұмсалған уақыт секундомермен өлшенеді.

          Қимылдың үйлесімділік күрделілігі бойынша ептілікті бағалау үшін мынандай сынақ қолданылады.

          Негізгі тұрыс 1 – сол аяқпен қадамдайды, оң қол алда;

2 – оң аяқпен қадам жасайды, сол қол алда; 3 – сол аяқпен қадам жасайды оң қол алда; 4 – оң аяқпен қадам жасалды; сол қол алда, т.б.

          Жалпы үйлесімділік. Бұл қабілетті ең жоғары шектік градустар санына айналып бұрылып секірудің нәтижелері бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Бұрылысты орындағанда бұлшық ет топтарының көпшілігінің қимыл үйлесімділігі мен тепе- теңдікті ұстап тұруы талап етіледі, онсыз үйлесімді қимыл әрекетін жасау мүмкін емес.

          Айналып бұрылумен секіруді орындау градусталған шеңберде немесе компаспен орындалады. Бастапқы қалып – негізгі тұрыс қолы белде. Бұрылу радиусын орталықтан ауытқу деңгейінен тыс алты мүмкіндіктің ең үздігі бойынша анықтайды, (бір жағына қарай үш рет келесі жағына қарай үш рет). Тапсырманы орындау барысында тұрақты тепе – теңдік пен секіру және қону уақытында қолдың қалпын сақтау талап етіледі. Қонуды аяқтың бүгілген буындарымен немесе өкшені бүгіп орындайды.

          Секіру нәтижесі былай орындалады. Шеңбердің орталығы арқылы солтүстік – оңтүстік бағытында сызық жүргізіледі. Сынақ тапсырушы шеңберде солтүстікке қарап яғни сызық аяқ табандарының арасынан өтетіндей етіп тұрады. Бастапқы қалыпқа келіп, секіре бұрылуды орындайды. Бұрылу бұрышын қарапайым, ұзындығы 40 см сызғышқа бекітілген компас көмегімен анықталады.

          Сызғышқа компас былай бекітіледі. Компастың 0 – 180 градусы арқылы өтетін сызық сызғыштың осі арқылы жүруі тиіс. Бұрыла секіруді орындаған соң қону орнында сынақ тапсырушының табандарының ішкі жағына компасы бар сызғыш қойылады. Тілшенің ауытқуына қарай бұрылу бұрышын тіркейді. Бағалау А.Стукин жасаған кесте бойынша жүргізіледі.

          Уақытты сезіну секундомер көрсеткіштері бойынша бағаланады. Алдын ала ереже бойынша 5, 10, 20с уақыт аралықтарын анықтау бойынша бірнеше рет орындалады. Сосын тапсырманы көз бақылауынсыз орындап қайталайды. Уақытты сезіну көрсеткіші көз бақылауынсыз орындалған барлық мүмкіндіктің орташа қатесі болып табылады. Бірақ мұндай қате белгісі ескерілмейді. Әрбір тапсырма 2 – 3 мин үзілістен соң жүргізіледі.

          Бұлшық ет күші шектікке 50 % — тең күш жұмсағандағы қол динамометрінің көрсеткіші бойынша анықталады. Мынадай ереже беріледі. Алғашқыда көз бақылаумен, сосын көз бақылауынсыз бұлшық ет күшін атқару бойынша бірнеше мүмкіндік беріледі. Бұлшық ет күшін көрсетудің қабілет көрсеткіші көз бақылауынсыз орындалған үш мүмкіндіктің орташа қатесі болып табылады. Қате белгісі ескерілмейді.

          Қимылдың кеңістік дәлдігі шектік секірудің 75 – 250  — қа бұрылып секірудің дәлдік көрсеткіші бойынша анықталады. Ауытқу бұрышы градусталған. Шеңбердің немесе компастың көмегімен градуспен бағаланады. Үш мүмкіндік бойынша тапсырманы орындаудың орташа қатесі кеңістік дәлдігінің көрсеткіші болып табылады.

          Сонымен қатар, «түзубойымен көзді жұмыс жүру» сындағы 7 м қашықтықта орындалады.

          Тірек қимыл жүйесінің тұрақтылығы Ромберг әдістемесі бойынша анықталады. Сынақ тапсырушы тұрады, табандар бір сызықта бірінен соң бірі қойылады, қол алға созылған бұл қалыпты ұстап тұру уақыты секундометрмен өлшенеді.

          Байқау алдын ала ширатусыз 120 с шамасында жүргізіледі. Тірек – қимыл тұрақтылығының көрсеткіші ретінде үш мүмкіндіктің орташа уақыты алынады.

          Алғашқы спорттық іріктеу жүйесінде түрлі сынақтар қолданылады, оның бірінде спорттың барлық түрлеріне тән ортақ қимыл қабілеттерінің құрамдас бөліктерін анықтайтын, екіншісінде нақты бір спорт түріне арналған арнайы қимыл қабілеттерін анықтайтын сынақтар пайдаланылады.

          Қызмет мүмкіндіктерін анықтау. Спорттық дарындылықты бағалаудағы маңызды саты қызметтік болжам атап айтқанда, өскелең ағзаның қызмет мүмкіндіктерін дене жұмыс қабілетін және басқа қызмет жағдайлары сипаттамасын сынақтан өткізу болып табылады.

          Жас спортшының қызмет мүмкіндіктерін бағалаудағы өте тиімді сынақ деп Гервардтық степ-сынақты айтуға болады.

          Сынақ жүргізгенде түрлі биіктіктегі баспалдақтар (көпшілік тексеру жағдайында – гимнастикалық орындық). Секундомер, метроном болуы қажет.

          Сынақ жүргізу әдістемесі дене жүктемесі баспалдақпен көтерілу түрінде берілуге құрылады.

          Баспалдаққа 1 минутта 30 рет жиілік – ырғағында көтерілу тапсырылады. Қимыл ырғағы минутына 120 соққыны белгілейтін жиіліктегі литрономмен жүргізіледі.

          Көтерілу мен түсу төрт қимылдан тұрады. Оның әрқайсысына метрономның бір соққысы тиісті болады. 1 – ші соққы баспалдақта бір аяқ, 2 – соққы баспалдақта келесі аяқ, 3 – соққы бірінші көтерген аяқ еденге қосылады, 4 – соққы еденге келесі аяқты қояды.

          Көтеріліп түскенде қол жүргендегі қимылды орындайды. Сынақ жүргізер алдында баспалдаққа бірнеше рет көтеріліп байқау мүмкіндігі беріледі.

          Сынақ тапсырушы дене жүктемесін аяқтаған соң отырып дем алады.

          Екінші минуттан бастап оның ЖЖЖ  — ін 30 с аралықта 3 рет есептейді.60 -90 қалпына келтіру секундтары, 120 – дан 150 – ге дейін және 180 – нен 210 – ға дейін. Осы үш есептеудің мәндері қосылып, 2 – ге көбейтіледі. (ЖЖЖ – ін 1 мин-қа ауыстырады.) ЖЖЖ – інің көрсеткіштерінен жас айырмашылықтары байқалады.

          Сынақ нәтижесі Гарвардтық степ – сынақ түрінде шартты бірлік, ретінде индекс болып белгіленеді. (ГССИ). Бұл шаманы былай есептейді.

 

ГССИ   t*100/(f1 + f2 + f3)*2

 Ондағы t – дене жүктемесін орындау уақыты, С f1 ; f2;  f3 – қалпына келтіру кезеңінің (2-сінен бастап) әрбір минутының алғашқы 30 секундындағы жиілік қосындысы.

          100 шамасы ГССИ мәнін бүтін сандармен көрсету үшін ал 2 саны ЖЖЖ көрсеткішін 30 секундта 1 мин  көрсеткішіне өткізу үшін қажет.

          Сынақ нәтижесін бағалауда ГССИ шамасы бұлшық ет жұмысына көп күш түсіруден соң қалпына келтіру процесінің жылдамдығын сипаттайды. Пульс тез қалпына келген сайын f1 + f2 + f3  шамасы да аз болады, демек Гарвардтық степ – сынақ индексі де жоғары болады.

          Спорттағы заманауй жаттықтыру және жарыс жүктемелері дене жұмыс қабілетіне, жүйелер мен бүкіл ағзаның түгелдей қалпына келу процесіне өте жоғары талаптар қойды. Бұнда зерттеушілер түрлі спорт түрлері өкілдерінің  ГССИ – нің өзіне тән айрықша ерекшеліктері бар екенін айтады.

          Футболдағы спорттық іріктеудегі сынақ нәтижелерін ұпай түрінде берген дұрыс екенін П.Осташев ұсынады.

          Бұл зерттеу мәліметтері спорттық дарындылық құрылымында түрлі спорт түрлері өкілдерінде жекелеген бөліктерінің ақпараттық маңыздылығында айқын өзгеріс байқалатындығын дәлелдеді.

          Егер заманауй бессайыста спорттық жүруде қызметтік қабілет пен төзімділіктің даму деңгейі маңызды болса, ол гимнастикада спорттық ойындар мен семсерлесудегі спорттық нәтиже көп жағдайда спортшының қимыл қабілеті мен әдістік дайындығының негізгі құрамдас бөліктерінің даму деңгейіне байланысты болады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жеке тұлғаның дене мәдениеті — нақты тарихи құбылыс. Оның ілімдік ағыны халықтық және классикалық педагогика болып табынады. Парасаттылық ойлары мен жалпы адамзаттық күндылықта құрылған, салауатты өмір салты және денсаулықты нығайтуды бағдарлау, жеке тұлғаның жалпы мәдениеттің бір бөлігі сияқты нақты феноменалдық қалпын түсінуден шығып жастарды дене мәдениетіне қалыптастыруды іске асыруды талап етеді.

Дене тәрбиесі жекеден тұлғаның жалпыға қарай ұласатын мәдениетінің құрамдас бөлігі болып, қозғалыс қызметтеріне жақсы тиімді әсер етіп және денсаулықты нығайтуға педагогикалық үрдісті бағыттаған көмегімен қалыптасқан, өзіне ағзаның функционалды мүмкіншіліктерін көтеру бірлігін жинайды, ақыл-ой және дене еңбегінің қабілеттілігін, ақылдылық қасиеті, ошіау, ынталы, тапқыр, байымды, адамгершілік қасиеті, өзін-өзі ұстау, тәртіптілік, шыншыл, батыл, шешімді, дене шынықтыру бірлігінде тану және төртіпке келу, жеке тұлғаның әр түрлі қасиетін көрсетеді.

Жастардың дене тәрбиесінің көрсеткіштерін қалыптастырудың жоғары деңгейі болып, адамның өмірдегі негізгі кызметтері: жанұяда, мектепте, жұмыста, қоғамда, мемлекеттің міндеттерін табысты орындау үшін тұтас субъекті, адамгершілік және дене қасиеттері жан-жақты жетілген дені сау қоғамға еркін кіру шарты табылады.

Қалыптастырудың негізгі әдістеріне педагогикалық жүйенің негізгі бөлшектерін іс жүзінде асыру есебі кірген (мақсат, міндеттері, мазмұны, тәсілі, түрлері, әдістері мен амалдары, тапсырма) олардың бірлігі және өзара байланысы.

Жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру, денсаулықты нығайтуға бағытталған спорттық-ойындар қызметіне және дене шынықтыру жүйесіне жастарды қатыстыру педагогикалық жүйеде көрсетілген. Осы қызметтердің бір түрінің дамуы немесе әлсіз деңгейі педагогикалық үрдісінде жастарды дене тәрбиесін қалыптастыру жүйелерін деформациялауға әкеледі.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. «Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдар аралығыңда бұқаралық спорты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы» // 1996 ж. 19 желтоқсан. №
  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауың. Алматы, 1998, 240 бет.
  3. Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы. 1999 ж. 2 желтоқсан. №490-13 ҚР // Sport, 2000, №1, 4-11 қантар.
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спорпы дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы. №571, // Астана, 2001 ж.
  5. Адамбеков К.Т. «Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі» п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, -1995, 38 бет.
  6. Аяшев А.О. Болашақ мұғалімнің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығын дене тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1993, 55 б.
  7. Кузнецов З.И. Мектеп жасындағы балалардың негізгі дене қасиеттерін дамыту // ғылыми конференциясының жинақтары, Поланга, 1966 ж.
  8. Сапарбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1993, 318 б.
  9. Гейнца К.А. Қазақстандағы жалпы білім берегін мектептердегі 1-9 сынын оқушыларының нұсқалық, бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к.. дңсс. авторефераты. М., 1995, 22 б.
  10. Жұманова А.С. «7-9» жастағы қазақ балаларының дене тәрбиесі ісінің мазмұнын тәжірибеде дәлелдеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты Алматы, -1997.
  11. Алимханов Б.У. Дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасының нұсқалары. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Санкт-Петербург. 1994, 22 б.
  12. Платонов В.Н. Спортшылардың қазіргі замандағы дайындық жүйесінің негізі. // Киев,
  13. Куланов К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің дамуы (1966-1985) п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1990, 22 б.
  14. Набатникова Н.И. Субмаксимольді және жоғарғы қуат арқылы жасалтын цикддік жұмыс кезіндегі спортшының арнайы төзімділігін жетілдіру мәселелері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1974, ж.
  15. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев P.M. Педагогака, Астана, 1998, 378-бет.
  16. Бриль М.С. Б.Ш.Ө.С.М. қабылдаудағы балалардың жеке бас ерекшеліктерін зерттеу (баскетболдан) п.ғ.к.дисс.М., 1968, 188 б.
  17. Атаев К.А. Балалардың жүйелі түрдегі дене тәрбиесі. // Ғылыми практикалық конференцижіың тезистері. Ташкент. Джизак, 1991. 21 б.
  18. Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық кезеңдері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1992, 1-20 беттер.
  19. Ворюшин В.В. 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағы және үйірмедегі футбол сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1968, 22 бет.
  20. Қоражанов Б.К. Адамның моторлық адаптациясы п.ғ.д. дисс. авторефераты М., 1992, 1-85 беттер.
  21. Филин В.П. Мектеп жасьщцағы оқушылардың спорттық жаттығу жасау барысында қозғалыс қасиеттерін жетілдіру проблемалары. п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1970.
  22. Ашмарин В.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық зерттеулердің теориясы мен әдістемесі. Дене тәрбиесі және спорт, М., 1976, 223 б.
  23. Пономарев Н.И. Дене тәрбиесі қоғам жене адам мәдениетінің бір саласы. Алматы, 1996, 308 бет.
  24. Матвеев Л.П. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі дене мәдениеті институтына арналған оқулық. Дене тәрбиесі және спорт, М, 1976, 236 б.
  25. Ботагариев Т.А. Аймақтык ерекшеліктерді ескере отырып, оқушылардың дене тәрбиесін жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негіздемесі. (Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының материалдары негізіңце). п.ғ.д. дисс. авторефераты, Алматы, 2001.
  26. Хан А.Н. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының құрылымдарының педагогикалық негіздері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1984. 33 бет.
  27. Тәнекеев М.Т. Ұлттық спорт әлемі. Алматы, 1998, 288 б.
  28. Төлегенов Ж.М. Казіргі педагогикалық үрдісте қазақтың ұлттық дене тәрбиесінің құралы мен формасы. п.ғ.к. диссертациясы. Алматы, 1992, 1-165 б.
  29. Тотенаев Б. Дене тәрбиесі (бірінші классқа арналған оқу құралы). Алматы, 1988, 112 б.
  30. Сағындықов Е.С. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1991, 175 б.
  31. Анарқұлов Х.Ф. Қырғыз халқының қозғалмалы ойындары. Дене шынықтыру жаттығулары және осы заманға лайықтылығы. п.ғ.д. дисс.авторефераты. М., 1993, 25 б.
  32. Тұрсынов М.Б. Тәжіктің ұлттық ойыны мен спорт түрлері және олардың тәрбиелік мәні. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Душанбе: 1964, 26 б.
  33. Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін ттайдалану. п.ғ.к. дисс. автореферахы. Алматы, 1995, 23 б.
  34. Қуанышов Т.Ш. Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздері. Алматы, 1997, 260 б.
  35. Керимов Л.К. Тәрбие жұмысының мазмұны және тәрбие жұмысының міндеттері. (Әдістемелік көмеші құрал).//Алматы, 1991, 27 б.
  36. Баженов В.Т., Баженова В.П. Қараусыз қалған оқушыға педагогикалық ескерту. Алматы, 1989, 205 б.
  37. Садирметова Ж.Б. Жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Апматы, 1996.
  38. Ким В.А. Көп ұлтты мектептердегі оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу процесінің теориялық негіздерінің әдістемелері. п.ғ.д. дис. Алматы, 1992, 340 б.
  39. Антропов М.В. Оқушылардың күн тәртібіндегі жұмыс қабілеттері мен денсаулық жағдайлары. Педагогика, М., 1974, 135 б.
  40. Мұстафина Т.К. Спорт, медицина. Алматы, 1997, 314 б.
  41. Гужаловский А.А. Оқушылардың өтпелі кезеңінде берілетін дене тәрбиесін дамыту. Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы. 1977, №7, 37-39 б.
  42. Моркосян А.А. Жас ерекшелік физиологиясы және педагогикалық мәселелер. «Кенес педагогикасы». 1965, №
  43. Мотынская Р.Е. Адамның жасы және дене тәрбиесіндегі дәрігерлік зерттеулер. Док.дисс. Л., 1963.
  44. Сухарев А.Г. Оқушылардың қозғалыс белсеңділігінің гигиеналық үрдістерін ұйымдастыру. м.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1972, 40 бет.
  45. Rolloft В.В. Objectivea forrhysical education. // Jouranal of Ph., Recr., Dance, 1985, V.56.
  46. Гильберт Г.Г., Pocc Г. National children and Ycuth bitness study. // Journal of Fh, Recr., Dance, 1985, 56, №7, P.36-37.
  47. Зациорский В.М. Спортшының дене сапасы. //Дене тәрбиесі және спорт. М., 1966 ж., 200 б.
  48. Ухов В. Жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі. Дене тәрбиесі институтына арналған оқулық. М., 1985 ж.
  49. Шмидт, Полеев А.С. Кенес Одағындағы спорт құрал жабдықтары. М., «Білім», 1970.
  50. Зимкин Н.В. Жылдамдық, төзімділік және күштің физиологиялық сипаттамасы. Дене мәдениеті және спорт,М., 1966.
  51. Фарфель В.С. Спорттағы қимыл — қозғалыс классификациясы. Дене тәрбиесі теориясы мен практикасы. 1970, №
  52. Годик М.А. Адамның қозғалыс жылдамдығының қабілеттілік құрылымдық факторларын зерттеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты, М., 1946.
  53. Зациорский М.И. Спортшының қимыл сапасы. (Тәрбиенің теориялық және   әдістемелік зерттеулері). п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1968 ж.
  54. Тодик М.А., Зациорский В.М. Спортшының «жарылу» күшін зерттеудің алғашқы нәтижесі мен әдісі. // Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы, 1965, №
  55. Креаповников А.Н. Адам физиологиясы. //Дене тәрбиесі және спорт. 1954 ж.
  56. Жуков Е.Н. Педагогика. М, 1984, 64 бет.
  57. Фарфелъ C. Мектеп жасындағы балалардың қимыл-қозғалысын дамыту. // М., 1969.
  58. Қазіргі таңдағы спорттық жаттығулардың физиологиялық проблемалары – спорттық жаттығу жүйесінің мәселелері бойынша өткен бүкіл одақтық ғылыми-әдістемелік конференциядағы баяндама. М., 1961.
  59. Годик М.А., Ширяев А.Г. Жаттығу жүктемелерін мөлшерлеу және бақылауды жетілдірудің педагогикалық негіздері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1982, 48 б.
  60. Harriet I.E. The difberential measuremente offeree and velocity for junoir high school giris. «Hie Res. Quartentu». Vol.8, №4, 1937.
  61. Henry EM. Reseerch on sprine running. «The Athletic Journel». Vol.32, №6, 1952.
  62. Henry R.M. Whitley I.B. Relatlonenhip betuseen individual Differences in strength. //Speed and Mass in Arm Movement — Research Quarterly. 1960, 3, N1, P.24-31.
  63. Henry F.M. Whitley I.B. Relationanip between individual Differences in Strangth. // Speed and Maoc in Arm Nowement — Research Quarterly. 1960, 331, №1, P.74-31.
  64. Hettinger T.H. Iecmeyriches Musreltneininy. Georg Tһiome — Stuttgart, 1964.
  65. Smith L. Reaction Time and Movement Time in Large Movemente. The Research Qyarterly, vol.32, №1, 1961.
  66. Smith L. Reaction time and Movement time in four large muacle movemente. Reacarch Quarterly. 1961, 39, №1, P.88-92.
  67. Громбах , Сапожникова Р.Г. Глушкова С.К. Усищева М.Л. Сегізжылдық мектеп оқушыларының оқу жүктемесінің гигиеналық .сипаты. «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы», М., 1970, 111 бет.
  68. Зациорский В.М. Спортшының қимыл-қозғалыс қабілеттері. // Дене тәрбиесі және спорт, 1966, 200 бет.
  69. Henry F.M. Time — vecolity Equations and Orygen Requiremente of “All – оut” and «Steady- Pace» Running — Research // Quarter, 1954, 25, №2, P.396.
  70. Филин В.П. Жас спортшьілардъщ дене қасиеттерін тәрбиелеу. Дене тәрбиесі және спорт. М., 1974. 290 б.