Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың праволары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген правоға қарсы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік право бұзушылық деп танылады.
Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмай болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтық нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын (мысалы, жекеленген қару туралы Қазақстан Республикасының заңымен тағайындалған тәртіпті бұза отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызға жүруге тағы с.с.), қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұсқау келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңды белгілері:
а) құқыққа қарсылық – бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкін.
Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалады.
б) кінәлілік, яғни құқыққа қарсылық әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Заң бойынша егер құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптары болуы мүмкін екенін біле тұрса да, біріақ жеңілтектікпен ондай зардаптар болмас деп ойланған болса, не болжауға тиіс және болжай алатын болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсыздықпен жасалған деп танылады.
Құқық теориясында әдейі және жанама болып бөлінеді, ал абайсыздықтың қылмыстық менмендік немесе қылмыстық салақтық түрлері бар. Мысалы, ұсақ бұзақылық, ұсақ ұрлық, тыйым салынған тәсілмен аң аулау тағы сол сияқтылар – осылардың бәрі және соларға ұқсас әрекеттер тек қана қасақана жаалуы мүмкін. Көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтар абайсыздықтан жасалынады, мысалы, жол жүру, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, тағы сол сияқтылар.
Кінә — әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі;ол болмаса адамды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз жоқ деп табылады.
в) қоғамға зиянды деп азаматтың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірілетін әрекет танылады. әкімшіл жауаптылық институтының шеңберінде қандай әрекет қоғаға қарсы деп табылатыны заңдармен белгіленеді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғаға зияндық салмағы қылмыс жасағаннан едәуір төмен, сондықтан олар заңды түрде басқаша бағаланады да, аса қатал емес жауаптылық белгіленеді.
Бұлардан басқа, заңдармен арнайы субъектілердің – жасы кәмелетке толмағандардың, әскери қызметшілердің және тәртіптік жарғыларды басшылыққа алатын басқа адамдармен қатар шет елдіктердің құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылығының тәртібі белгіленеді.
Азаматтар өздерінің жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін соларды жасаған кезде 16 жасқа толғандары жауапты болады. әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарға жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар туралы ережеде көзделген шаралар қолданылады.
16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар ӘҚБтК-тің 13-бабының екінші абзацында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған жағдайда, олар жалпы негізде әкімшілік жауапты болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін оның заңды құрамына айырудың практикалық маңызы бар. әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық белгілері бола тұрып, құрамы болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауапқа тарту заңсыз болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы – нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген белгілердің (элементтердің) жиынтығы, солар бар болғанда әкімшілік жауаптылық ппайда болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері (элементтері) болып: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы табылады.
Құқық нормаларымен реттелген және әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар объект болып табылады. Іс жүзінде объект ретінде нақтылы нормалар, тпасырмалар, заңды талаптар, тыйым салулар болады.
Бұл нақтылы объектілер көрінісінің нысандары әртүрлі болатын мүмкіндігін білдіреді. Мысалы, ұсақ бұзақылық қоғамдық тәртіпке қол сұғұ деген сөз, бірақ ол заңда айтылған «ұсақ бұзақылық» түсінігінің тұжырымдамасында берілген үлгі тізімдегі іс-қимыл жасаудан көрінуі мүмкін.
Объективтік жағы әкімшілік құқықпен тыйым салынған әрекетке немесе әрекетсіздіккке саяды. Жоғарыда айтылғандай, әрекет немесе әрекетсіздік көптеген құқық салаларымен реттелінген нақтылы қоғамдық қатынастарға қол сұғұы мүмкін.
Әкімшілік теріс қылықтың объективтік жағы – бұл оны сыртқы көрінісінің актісі ретінде сипаттайтын әкімшілік құқық нормаларымен қаралған белгілердің жиынтығы. Бұл белгілердің ішіндегі ең маңыздысы әрекеттің өзін сипаттайтын белгі болып табылады, оның түрлері әрекет не әрекетсіздік болуы мүмкін.
Әрекет – басты белгі, ол объективтік жақтың басқа ерекшеліктерімен (тәсіл, уақыт, орын және басқа …) толықтырылуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамында орын мен уақыт белгілері, мысалы, қоғамдық орындарды спирт ішімдіктерін ішу өте жиі кездеседі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жааған адам танылады. Субъектілерді сипаттайтын белгілерді 2 топқа бөлуге болады: азаматтық жауаптылыққа қабілеті бар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның 16 жасқа толуы жалпыға жатады, ал арнайы топқа кәсіби қызметі, лауазым жағдайы, бұрынғы құқық бұзушылық фактілері, құқықтық мәртебенің ерекшеліктері (әскери қызметші, шетелдік т.с.с.) жатады.
Әкімшілік құық бұзушылықтың субъективтік жағы – субъектінің құқық бұзушылық әрекетіне не әрекетсіздігіне және оның салдарына психикалық көзқарасы. Оның түйіні кінә болып табылады, ол маскүнемдік немесе абайсыздық нысанында көрінісін табады. Осы көрсетілген нысандарда құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам, құқық бұзушылық құрамның басқа белгілері бар болса, оны жасаған үшін кінәлі болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері
Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі түрлері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында айтылған және олар мемлекеттік аппарат қызметінің әртүрлі тармақтарына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, еліміздің қоғамдық өмірі мен экономикасының алаларына қатысты.
Азаматтардың құқықтары мен халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жеке топқп бөлінген. Азаматтардың сайлау құқығын бұзғаны үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 қыркүйектегі конститутциялық заң күші бар жарлығының 30-бабында заңда белгіленген тәртіппен жауапты болатындығы айтылған. Бұрынғы қолданылып жүрген нормалардан, мысалы, 42-бапты – санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемиялық ережелер мен номаларды бұзуды айтуға болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық ауыл шаруашылығында жиі жасалады. Сонымен қатар ветеринарлық-санитарлық ережелерді бұзу көбейген. Мысалы, карантиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген материалдарды әкеткені, жер пайдаланушылардың арамшөптермен күресу жөніндегі шаралар қолданбаулары, ит пен мысық ұстау ережелерін бұзғандығы, жануарларға аяусыз қарағаны үшін әкімшілік жауаптылық және осы сияқты әкімшілік теріс қылықтары үшін жауапкершіліктің басқадай да негіздері тағайындалған.
Көлікте әкімшілік құқық бұзушылықтың едәуір қауіпті, ал көптеген жағдайларда апаттық салдары болуы мүмкін. Бұл салада әкімшілік теріс қылықпен нәтижелі күресу үшін заң шығарушы көлікте және жол құрылысы саласында, сондай-ақ байланыста құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық қараған. Темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу, ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзу, теңіз көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамассыз ететін ережелерді және басқаларды бұзу шүбәсіз қоғамдық қауіпті болып табылады.
Елімізде нарықтық қатынастар мен жеке кәсіпкерлікті дамыта түсуге байланысты әкімшілік құқық бұзушылық түрлері де көбейе түсуде. Мысалы, бұлардың қатарына Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің тапсырмаларын орындамау, лицензиялауға жататын көлік қызметін арнайы рұқсатсыз іске асыру, лицензияда қаралған шарттарды бұзу тағы басқалар.
Әкімшілік құқықтың жиынтық сипаты болғандықтан әкімшілік жауаптылық құқықтың басқа салаларының нормаларымен де қаралады: қаржы, жер, экология және басқалармен.
Өкінішке орай қазіргі кезде барлық әкімшілік құқық бұзушылықтың кодекстенген тізімі жоқ, ал құқық қолдану қызметінде айтарлықтай қиындықтар туғызады. Сондықтан жаңадан жасалынып, қабылданатын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте бұл жағдай ескерілетін болар.
Әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы және негізгі белгілері
Әкімшілік жауаптылық – заңдық жауаптылықтың ерекшк түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолданылуынан көрінісін табады. Жалпы заңдық жауаптылыққа тән белгілер әкімшілік құқықта да бар.
Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшкліктері тұтасынан алғанда мыналар саяды:
- Әкімшілік жауаптылық заңмен де, заңға тәуелді актілермен де немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар.
- Әкімшілік жауаптылықтың негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады.
- Әкімшілік жауаптылық субъектілері адамдар да, ұжымдық құрылымдар да болуы мүмкін.
- Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған.
- Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен тобы: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ соттар қолданылады.
- Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызмет не жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға – құқық бұзушыларға қолданылады. Осы белгі бойынша адамның негізінен бағыныштылық жолымен жұмыскерлер мен қызметшілерге қолданылатын тәртіптік шаралардан ерекшеленеді. Белгіленген осындай тәртіппен материалдық жауаптылық шаралары қолданылуы да мүмкін.
- Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады.
- Әкімшілік жауаптылықтың шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді реттейтін заңдарға сәйкес қолданылады.
Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың басқа түрлерінен айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшелігі, оның негізіне әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына — әкімшілік жазалар жатады.
Кінәлілер құқық бұзушылық жасаған уақыты мен орны бойынша үші бар заңдар негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе жоятын актілердің кері күші болады, яғни осы шыққынға дейінгі жасалған құқық бұзушылықтарға да тартылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық тағайындайтын немесе ауырлататын актілердің кері күші болмайды. Қазіргі кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың:
А) адардарға:
Б) ұжымдық құрылымдарға-кәсіпорындарға, мекемелерге және басқа ұйымдарға қолданылатын екі тармағы белгілі болып отыр.
Сөз болып отырған кодекс өте ескірді, біраз ережелерді қазіргі кездегі қолданылып жүрген Конститутцияға және басқа заңдарға сай келмейді.
Әкімшілік жауаптылықтан босату
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері, шарттары және салдарлары Қазақ ССР-і ӘПБтК-інің 20 және 21-баптарында қаралған.
Қазақ ССР-і ӘПБтК-тің 20-бабына сәйкес құқық бұзушылықтың сипаты және құқық бұзушының жеке басының қадір-қасиеті әкімшілік жауаптылықтан босатудың негізі болып табылады.
Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздерін әрекет жасауды заңға қайшы келтірмейтін жағдайлардан айыра білу қажет. Бұл жерде мәжбүрлі қажеттілік пен қажетті қорғануды мезгеп отырмыз.
Мәжбүрлі қажеттілік. ӘПБтК-те және басқа нормативтік актілерде көзделген әрекетті жасағанымен, бірақ мәжбүрлі қажеттілік жағдайында, яғни мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншік иесінің құқықтарына, азаматтардыңқұқықтарымен бостандықтарына және басқарудың белгіленген тәртібіне қауіпті жою үшін әрекет жасаған адам, егер бұл қауіпті осы жағдайларда жою мүмкін болмаса және егер келтірілген зиян жойылған зиянға қарағанда анағұрлым кем болса, заң бойынша әкімшілік жауапты болмайды.
Қажетті қорғану. Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпті, меншікті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, басқарудың белгіленген тәртібін қажетті қорғану жағдайында қоғамға жат қиянат жасаушылықтан қиянат жасаушыға зиян келтіру жолымен қорғаған кезде әрекет жасаған адам, егер қажетті қорғану шегінен асып кетуге жол бермеген болса, әкімшілік жауапты болмайды.
Құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмаған есі ауысқан ауру болуы, есінің уақытша ауысуы, кемақылдығы немесе басқа бір сырқатты күйде болуы себепті өз әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын немесе әрекетін басқара алмайтын адам заң бойынша әкімшілік жауапты болмайды.
Әкімшілік жазалардың ұғымы және түрлері
Әкімшілік жаза — әкімшілік құқық бұзғаны үшін жауаптылық шарасы. Ол: а) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды заңдарды сақтау және құқықтық тәртіпті құреттеу рухынд тәрбиелеу;
б) құқық бұзушының да, басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
Ескерту – моральдық сипаты бар жаза. Ол жазбаша түрде беріледі немесе өзге әдіспен де жасалады. Ауызша ескерту әкімшілік жаза болып табылмайды. Барлық басқа негізгі әкімшілік жазалар сияқты ескерту де сондай заңдық салдарлар туғызады. Мысалы, тиісті салдарлар туғызатын құқық бұзушылықтың қайталанғандығын анықтау үшін оның маңызы болуы мүмкін.
Айыппұл – Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген ай сайынға есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінің санына сәйкес келетін теңге түрінде Қазақ ССР-і ӘПБтК-те қаралған жағдайлар мен шеңберде алынатын ақшалай төлем.
Әкімшілік құқвқ бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болып табылған затты құнын өтеп алып қою, оны еріксіз алып қою және сатылғаннан кейін түскен соманы алып қойылған затты сатуға байланысты шығындарды шегере отырып, бұрынғы иесіне қайтару болып табылады.
Азаматқа берілген арнайы құқығынан айыру құқықты пайдалану тәртібін өрескел немесе үнемі бұзғаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге қолданылады.
Әкімшілік қамауға алу әкімшілік құқық бұзушылықтың жекеленген түрлері үшін 15 тәулікке дейінгі мерзімге айрықша реттерде ғана белгіленеді және қолданылады. Бұл ықпал жасау шарасын қолдану жөнінде заңда шектеулер белгіленген. Әкімшілік қамауға алу жүкті әйелдерге, 12 жасқа дейінгі балалар бар әйелдерге, 18 жасқа толмаған адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге қолданылмайды.
Әкімшілік қамауға алу қылмысқа жақын құқық бұзушылық үшін немесе қайталанған әкімшілік құқық бқзушылық үшін қолданылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 25-бабында Қазақстан Республикасының аумағынан аластау шарасы айтылған. Ол тек қана шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы мүмкін. Оны қолдану арнайы нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу – бұл Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғаудың, қараудың және шешудің тәртібі.
Бұл қызметтің міндеттері мыналар: әрбір істің мән-жайларын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті түрде анықтау, оны заңдарға сәйкес дәлме-дәл шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамассыз ету, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау, азаматтарды звңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, әкімшілік құқық бұзушылықтардан жалпы және жеке сақтандыру.
Бірқатар мән-жайлар болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізу басталуға тиіс емес, ал басталғаны тоқтатылуы тиіс:
А) әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының болмауы
Б) әрекетте әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы
В) әкімшілік жауаптылықты тағайындаған актінің істі қарайтын кезде жойылуы
Г) істі қарайтын кезде әкімшілік жаза қолдану үшін белгіленген мерзімдердің өтіп кетуі
Д) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның оны жасған кезде 16 жасқа толмағандығы
Е) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның есі дұрыс емсетігі туралы медицина мекемесінің қорытындысы болуы және заңмен тағайындалған басқадай негіздер болғанда.
Әкімшілік құқық бұзушылық істі жүргізу барысында оны қарап шешуге негіз болып табылатын дәлелдемелер туралы мәселенің ерекше маңызы бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қандай да болмасын нақтылы деректер дәлелдеме болып табылады, солардың негізінде заңмен белгіленген тәртіп бойынша істі қарауға уәкілдігі бар органдар әкімшілік құқық бұзушылықтың болғанын немесе болмағанын, осы адамның оны жасауға кінәлілігін және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайды.
Әкімшілік процесс іс қараудың белгіленген процессуалдық әрекеттерін, сатыларын, кезендерін жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың 4 сатысы бар. Олар:
- Әкімшілік тергеу жүргізу.
- Істі қарау
- Қаулыны қайта қарау (факультативтік саты)
- Қаулыны орындау
Бірінші сатыда құқық бұзушылық жасаудың фактілері мен жағдайлары, теріс қылық жасаған адам туралы мағлұматтар айқындалады және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Екінші сатыда уәкілдігі бар орган (лауазымды адам) істі қарап, қаулы қабылдайды.
Үшінші саты міндетті болып табылмайды және қабылдаған шешім бойынша азаматтың шағымы немесе прокурордың наразылығы болмаған жағдайда бұл саты болмайды. Егер ондай шағым немесе наразылық келтірілгенболса, онда ол не қаулыны күшінде қалдырумен, не оны өзгертумен, не оны бұзумен аяқталады.
Төртінші саты уақыты бойынша қаулыны қабылдағаннан немесе шағымды, наразылықты қарағаннан кейін-ақ бірден басталады.
Жоспар:
Әкімшілік құқық бұзушылық
1.Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
2.Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы
3.Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері