ЖОСПАР
- Гипотрофиясы бар балаларды тамақтандыруын,емін бақылау және күтімін ұйымдастыру.
- Рахит кезіндегі балаларды бақылау және олардың күтімі.
- Спазмофилия кезінде балаларды бақылау және күту.
- Ларингоспазм және спазмофилиямен науқастардың тырысуы кезінде көмек көрсету.
а) Ларингоспазм кезінде жедел көмек көрсету.
б) Тырысулар кезіндегі жедел көмек.
Гипотрофиясы бар балалардың тамақтануын,емін бақылау және күтімін ұйымдастыру.
Мақсаты:Баланың антропометриялық көрсеткіштерін қалпына келтіру,асқынуларын болдырмау.
Медбикенің іс-әрекет жоспары |
Түсініктеме
|
1.Ауру жөнінде туыстарына хабарлау. |
— туыстары ол туралы білуге құқылы. |
2.Баланың тамақ рационындағы ақуыз,май,көмірсуды реттеу-ді ұйымдастыру. |
— Гипотрофияның себебі- дұрыс тамақтанбау- балада ақуыз,май,көмірсу жетіспеу-шілігі дамиды. |
3.Баланы қосымша сұйықтық енгізумен қамтамасыз ету. |
— Эксикоз дамуының алдын алады. |
4.Гипотрофияның дәрежесіне байланысты та-мақ көлемін бірте-бірте көбейту. |
-Тағамды қорыту қиындайды. |
5.Баланың күн тәртібін ұйымдастыру және қадағалау |
-Күн тәртібі уақытымен тағам қабылдауына көмектеседі,нәтижесінде тағам жақсы сіңеді. -уақтылы ұйқыны қалыптастырады,ол организмнің қорғаныс факторын жоғарылатады. |
6. Балаға белсенді қозғалыс режимін ұйымдастыру. |
-Өкпеде іркіліс көріністері дамымайды. |
7.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алуға байланысты шаралар жүргізу. |
— гипотрофия екіншілік иммунодефициттің дамуына байланысты қолайлы жағдай болып есептелінбейді |
8.Туыстарын баланың жасына байланысты массаж,гимнастика жүргі- зуге үйрету. |
-Бұлшық ет гипотониясының дамуының алдын алады. -Массаж,гимнастика организмді нығайтады,иммунитеттің жоғарылауына көмектеседі. |
Рахит кезінде балаларды бақылау және күту.
Мақсаты:аурудың айқын клиникалық белгілерінің дамуына,қосалқы аурулардың дамуына жол бермеу.
Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. |
Түсініктеме. |
1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. |
-Туыстары мәлімет алуға құқылы -Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді. |
2.Баланы толыққанды тамақтандыру,олардың құрамында міндетті түрде витаминге (әсіресе Д),кальцийге бай тағамдардың болуын қадағалау. |
-Рахит-бұл көп мөлшерде Д витамині жетіспейтін полигиповитаминоз. Бала организмінде кальцийдің төмендеуі байқалады. |
3. баланың таза ауада ағаш көлеңкесінде ұзақ уақыт болуын қадағалау. |
-УКС әсерінен бала терісінде Д витаминінің түзілуі жүреді. -Ағаш көлеңкесі инфрақызыл сәулені ұстап қалады және баланы қызып кетуден сақтайды. |
4. балаға күнделікті массаж бен гимнастиканың өткізілуін ұйымдастыру. |
-Рахит кезінде бұлшық ет гипотониясы байқалады. |
5.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алу. |
-Рахит қолайсыз преморбидті жағдай. |
Спазмофилия кезінде балаларды бақылау және күту.
Мақсаты:Баладағы тырысудың дамуын болдырмау.
Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. |
Түсініктеме. |
1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. |
-Туыстары мәлімет алуға құқылы -Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді. |
2. құрамында кальций жоғары тағамдармен қамтамасыз ету. |
-Спазмофилияның даму негізінде кальций жетіспеушілік жатыр. |
3. Тағам рационынан сиыр сүтін алып тастау. |
-Сиыр сүтін қабылдағанда кальцийдің ішекке сіңірілуі бұзылады. |
4. Ерекше режим жасау керек. |
-Кез келген тітіркендіргіш фактор тырысуға әкелуі мүмкін. |
5.Рахитпен күрес жүргізу керек. |
-Спазмофилия – рахиттік тетания,яғни рахит болмаса спазмофилия да болмайды. |
Спазмофилиямен ауыратын науқастарға ларингоспазм және тырысу кезінде жедел көмек көрсету.
Ларингоспазм кезіндегі жедел көмек.
Этап |
түсініктеме |
Дозалары |
1.Жазық,қатты жерге баланы жатқызу. |
— жүрек соғысы тоқтауы мүмкін,ол реанимациялық шараларды қажет етеді. |
|
2. қысатын киімдерін шешу. |
— өкпе экскурсиясын жеңілдету үшін. |
|
3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. |
— оттегі жетіспеушілігі дамиды. |
|
4. Тыныштық жағдайды қалыптастыру. |
— Кез келген тітіркендіргіш тырысудың қайталануына әкелуі мүмкін. |
|
5.Баланың бетіне,денесіне суық су шашу немесе мұрынның шырышты қабатын тітіркендіру.(мақта шиыршығымен қытықтау,нашатыр спиртін иіскету немесе шпателмен тілдің түбірін басу.) |
— Спазмды рефлекторлы жою. |
|
6.Тамыр ішіне кальций глюконатын енгізу. |
— Спазмофилияның себебі – гипокальциемия. |
1,0 мл/жыл |
7.Егер ешқандай әсер болмаса интубация н/е трахеотомия жасау. |
— Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету. |
|
8.Жүрек тоқтаса – жүрекке тікелей емес массаж жасау. |
— Реанимациялық шара. |
|
9.Тынысы қалыптасқан соң оттегі терапиясын жүргізу. |
— Ларингоспазм нәтижесінде гипоксия дамиды. |
|
Тырысу кезіндегі жедел көмек.
Этап |
түсініктеме |
Дозалары |
1.Жазық,жұмсақ жерге баланы жатқызып,айналасындағы зақымдайтын заттарды алып тастау. |
— Жарақаттың алдын алу. |
|
2. қысатын киімдерін шешу. |
— өкпе экскурсиясын жеңілдету үшін. |
|
3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. |
— Тырысу кезінде оттегіге қажеттілік жоғарылайды. |
|
4. Азу тістерінің арасына мақтаменн/е дәкемен оралған шпатель қоямыз. |
— Тілін тістеп алмауы үшін. |
|
5.Бұлшық етке н/етамыр ішіне реланниум(седуксен),н/е дроперидол немесе 25% күкірт қышқылды магнезия ерітіндісін н/еГАМҚ енгізу керек. |
— ОЖЖ қозғыштығын тежейді. — ГАМҚгипоксияға мидың төзімділігін жоғарылатады. |
0,1 мл/жыл
0,1-0,2мл/жыл 0,1-0,2 мл/жыл 50-100 мл/кг(1мл=200 мг.) |
6.Оттегі терапиясын жүргізу. |
— Гипоксия нәтижесінде тырысу дамиды. |
1,0 мл/жыл |
7.Тырысудың себебін анықтап,оны жою. |
— Тырысу – симптом.оны шақыратын себебі болса,ол қайталана береді |
|