Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………3-4
І ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық педагогикасының ролі………………………………………………………………………………5-18
1.2 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері…………………………………………………………………………………………………..18-20
ІІ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТӘРТІПКЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу………………………………………………………………………………………………21-23
2.2 Ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу…………………………………………………………………………………………………23-25
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………26-27
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР …………………………………………………28
- ҚОСЫМША………………………………………………………………………………………29-31
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп бастауыш сынып оқушысының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына белеснді көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
Зерттеу жұмысының объектісі. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясымен танысу
Курстық жұмыстын міндеттері:
Адамгершілік тәрбиенің мәні мен мазмұнын талдау;
Адамгершілік — қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатынын қауымдық, әлеуметтік, халықтың игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық инабаттылықты көрсететін терек мәнді ұғым.
Адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан сақтауды, сыпайыгершілікті, әдептілікті, достықты уағыздай отырып, тамаша қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жаман әдет, жат мінездерден сақтандырады. Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі-бауырмалдық, бүкіл алам баласын бауыр, лос түту, көпшіл болу.
Балаларды мектепте оқытудың алғашқы күнінен-ақ бірінші сыныптықтардың қоршаған орта туралы әр түрлі түсінікпен келетіндігі, мораль туралы ұғымдары да, мінез-қырларымен әдеттері де әр басқа екендігі анықталады. Мектепке ілтипаттары да әр түрлі. Кейбір балалар құрбыларымен тату-тәтті ойнайды. Керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал енді біреулері сырттап жүреді, өзімшіл болады.
Балалардың моральдық сапаларының, қоғамдық ұғымдарының, мінез-құлықтағы дағдылары мен әдеттерінің дамуындағы осы айырмашылықтарды адамгершілік тәрбиесі барысында мектеп түзетуі керек.
Мектеп білімі едәуір өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етеді. Адамгершілік тәрбиесі белгілі жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шындай түседі немесе түзейді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы тиіс.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері -оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларын ауытқушыларға жол бермеулі қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке даярлаумен тығыз байланысты.
Саналы еңбек тәртібі, тапсырылған іс үшін, орындалу мерзімдері үшін, аспаптар мен материалдардың сақталуы мен үнемделуі үшін жауапкершілкке тәрбиелеу баланың мектепке барған алғашқы күндерінен-ақ жүргізе бастауы тиіс. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындау кезінде игеріледі. Оқу барысында оқушлардың таным-білім әркеті мен еңбек әрекеті ұштасып жатады. Оқу бала үшін — қауырт еңбек. Дүниетану, кең көлемде жаңа білім алу процесінің өзі, сөз жоқ қиыншылықтарымен, табыстарымен және сәтсіздіктерімен алмасып келіп отырады.
І ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық педагогикасының ролі
Қоғамды дамыту үшін қоғам мүшелерін жан-жақты тәрбиелеп, жетілдіру керек. Тәрбие жұмысының бағыт-бағдарын белгілейтін әр топқа сай өзіндік мораль болған. Мораль қоғам мүшелерінің этикалық саналарын: ізгілікті, мейірбандылық әділдікті, мінез-құлықты бейнелейтін қоғамдық сананың оң түрі. «Мораль — адамдардың бір-біріне және қоғамға міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, мінез-құлық нормаларының жиынтығы».
Таптық қоғамда мораль белгілі бір таптың идеясын, өмірген деген көз қарасын дәріптейді. Бұл құбылысты жете аңғарған қазақ халқы «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деп қарапайым сөзден философиялық топшылау жасаған.
Таптық, экономикалық идеологиялық ерекшеліктеріне қарамастан негізгі сақтап халық педагогикасындіағы ақыл-ой идея қай халықтың болсын тіршілік тынысымен шаруашылық кәсібімен, семьялық, қоғамдық, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп өркендеп, дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жетіп отырған.
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүрін жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Бірде бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай емес.
ХҮІI-XҮIІІ ғасырлардағы орыстың және демократияшыл бағыттағы педагог ғалымдары ғылыми еңбектерін халықтың ғасырлар бойы жинақталған тәрбиелеу тәжірибесіне негіздей отырып көпшілікке ұсынған болатын. Мысалы чехтіц ұлы педагогы Амос Коменский жұмысындағы халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйеп отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлықтарға тәрбиелеу жолдарын белгілеп берді.
Швейцарияның педагогі И.Г.Песталоци тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойы қалыптасуының және дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті. И.Г.Песталоци «Бала тәрибиесі оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүнені түсінуі отбасында басталып мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» — деген қағиданы ұсынды.
Францияның ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо да бала тәрбиесінің көзі еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты азамат етіп тәрбиелуді отбасында еңбекке үйретуден басталуы қажет деп тапты.
Ал орыс педагогі К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдісіне тоқтала келіп: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек». — деді.
Халық ағартушылары мен әдебиетшілерінің бойынша ұлттық мәдени тәрбие ісінің алтын қазықпен М.Горький, Сәбит Мұқанов пен әңгімелескенде қазақ халқының мәдени мұрасының асылдарын іріктеп халық қажеттілігіне, ұрпақ тәжірибесіне жарату қажет деп кеңес берген.
Қазақ халқымың педагогикалық ой-пікірін халықтың өткендегі өмірімен салт-санасы мен тұрмыс тірішілігімен етене бірлікте, тығыз байланыста алып қараған жөн.
Мал бағып күнелткен, ұлттық баспасөзі, өзінің ана тілінде мектебі мен театры болмаған көшпелі қазақ елінің өткендегі өмірінде фольклор, салт-дәстүр жалпы айтқанда ұлттық рухани мәдениетінің ролі зор болды. Академик М.Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзінің халықтарын қосқан өзіндік үлесін сөз ете келе: «Гректер атақты храмдарын египеттіктер пирамидаларын, қытайлыктар фарфор бұйымдар мен мәрмәр тастан жасалған адам мүсіндсрін, итальяндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын, фраицузлар сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса бай өлең, жыр мүұасын қалдырды» — деп халық педагогикасының аса үлкен бағытын көрсеткен. Сондықтанда бізлің қазақ даласын зерттеуші Пурона. орыс ғалымдары жыршы халық, ақын халық — деп Пікір айтпаған деген тұжырымға келеді. М.Әуезов.
Баланы дүниеге келуіне байланыты шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізер, тоқым қағар, қыз ұзату, үйлену тойлары, ауыл азаматтарының бірлесіп еңбек етуі (киіз басу. үй салу т.б. көпшілік еңбск түрлері), адамның дүниеден қайтуына байланысты естірту, жоқтау, көрісу сияқты әдет-ғұрыптардың бәрі өлең-жырсыз, ән-күйсіз өткен емес. Мұның бәрі өлең жырдың адамның өмірлік серігі, рухани азығы болғанын дәлелдейді.
Қазақтың тұрмыс-салтымен байламысты айтылған «Жар-жар», «Сыңсу», «Беташар», жиын тойларда айтылатын қыз бен жігіт айтысы: жаңылтпаш, санамақ, жұмбақтауда «Естірту», «Жоқтау», «Қоштасу» әндерінде мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерде айтысы мен олардың толғау, терме өлеңдерінде көзделетін мақсат біріншіден ас пен тойды қьзықты ету, халықтың көңілін көтеру болса, екіншіден аламның көңіл күйіне сөз өнерінің құдіретті күшімен әсер етіп, жүрек тебіренісін туғызу, үшіншіден жиынға қатысушы үлкені-кішінің бәріне ақыл-нақыл айту, ой салу, тәлім-тәрбие беру.
Яғни отбасы, ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамды тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алады. Салт-сананы, әдет-ғұрпы, ойын-тойы, осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген. Ас пен той, қуаныш пен реніш. ұлы жиындардың бәрі халық мектебі сияқты тәрбие беру орын болған.
Халық жиындарында ән айту, күй тарту, қыз қуу, тенге салу, бәйгеден озу, астарлы сөз мағынасын арттырып, қарсыласынды ұғындыру, жіп иіріп, жүн түту. жылқыны жорғаға үйрету, өрмек пен кесте өрнегін арттырылып сайысқа түсу, қыз бен жігіттің өнерге деген ынталы азамат атаулының бәйгеге түсер дүбірлі думаны болған. Халықтың мәдени мұраларынан оның ғасырлар бойы басынан кешкен куанышы мен қайғысының, үміт арманы мен өкінішінің, сүйіспеншілгі мен өшпенділік сезімінің ізін көреміз. Осының бәрі халықтың ән мен күйінде, өлең жырында, аңыз-әңгімелерінде, поэма дастандарында тіпті қолөнерінде де бейнелей суреттелген.
Мәдениеттің фуикцияларын айқындай отырып, ғалымдар оны туындауынан гөрі жинақталу, сақталу, таралу мақсаттарына көбірек көңіл аударады. Өйткені сақтаушысы мен таратушысыі болмаса жазба және басма өнері дамымаған халықтардың мәдени мұрасы тұл болар еді. Өзінің есту, жаттау қасиетін арттыра білген қазақ халқының ұзақ ғасырлар бойы жазу мен баспа өнерін шермей келуінде де осы қабілет қасиеттері әсер еткен сияқты.
Міне, мәдени мұраны бұлжытпай сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші иелері, халыққа билігін жүргізген баба, киелі кимешекті әже, ақындар, жыршы-жыраулар, әнші, күйші, хиссашылар еді. Халық ақындар мен әнші-күйшілердің ел билейтін әкімдерден әлдеқайда артық бағалап қадірлеп, қастерлеген. Сал, сері, жыршы-жыраулар ел аралап өнер көрсетіп, үй-үйден дастархан жайылып құрмет көрсетіліп, ауыл өнерлісіне ән мен күйді, жыр мен дастанды үйреткен.
ХІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген, халық аса қастерлеген ақын, әнші сал, сері, жыршы-жыраулардың аттары күні бүгінге дейін мәдениет тарихының төрінен өшпес орын алуы, халқының жадында сақталуы осының айғағы.
Халық педагогикасының ғылыми-негіздерін анықтап қалаушы, заманының кемеңгері Мағжам Жұмабаев бала тәрбиесіне жан-жақты талдау жасаған. Ол қазақ халқының бала тәрбиелеуде ғылыми дамыған халықтардан еш кем түспегенін халық даналығын дәлелдейді.
Қазақ халқының бала тәрбиелеу негізгі бағыттары мен түрлеріне ғылыми негіздеме береді.
М.Жұмабаев баланың жан тәрбиесі мен тән тәрбиесінің маңыздылығының сөз етіп, жан тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау кажеттігін көрсетеді. Өйткені «Адамның қымбат нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан», — деп ұғындырады.
Егерде С.Қалиев ұрпақ тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау қажеттігін, іс-әрекеттер тұрғысынан қараса М.Жұмабаев негізгі ілімін психологиялық заңдарға сүйене отырып жасайды. Жам-көріністерін тап-тапқа бөліп, оларды ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері, һәм қайрат көріністері деп атайды.
Бұл жерде айта кететін жәйт, данышпан Абай, халық тәрбиешісі ретінде, өзін байқаушы ретінде танылып, М.Жұмабаев көрсеткен адамның жан дүниесінің үш көріністерінің теңдігін дәлелдейді.
Әлде бір суық, мұз ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық талабы шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек, — деп үйретеді.
Көптеген жалған түсінікке сүйеніп, баланың тоқ, жылы жүруіне ғана қамқорлық жасап, жан дүниесін қалыптастыруды табиғатқа, қоршаған ортаға жүктеген жоқ. Бұл ата-аналар баланың дене тәрбиесінің бір саласына ғана көңіл аударғаны болар еді. Бала тәрбиесінің бұл екі саласының да қажеттілігін, маңыздылығын ойлай отырып, дегенмен де бала өскен сайын тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай білу керек деп көрсетеді М.Жұмабаев. «Тегінде берік ұғыну керек, адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ процесі де сол жан».
Сонымен бала тәрбиесі дене және жан тәрбиесінен тұрады екен. Баланың дене тәрбиесі нәрестелік кезчінен басталып, түрлі жаттығу ауаға қыдыру, серуендету, шынытырудан тұралы. Дене тәрбиесімен айналысатын мамандар талай еңбектер жазып, арнайы кесте жаттығуларлы ата-аналарға арнаған. Ал табиғат заңдылығын жете меңгерген көрегенділік тәжірибесіне бала тәрбиесінде қолдана білген қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері кейінірек сөз болмақ.
Теориялық тұрғыдан баланың жан-тәрбиесінің бағыт заңдылықтарына жүгінер болсақ әүелі ол адам танымына тікелей байланысты екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар сыртқы және ішкі сезім әсерленулерінің бастапқы сезім тәрбиелеуде алар орнын орасан зор екенін көрсету қажет.
Сыртқы сезім әсерлерінің бірі — көру сезімі жарық, түс және қозғалыс әсерлерінің сезінген адам айнала қоршаған табиғатты, қоғамдық өзгерістерді қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл сезімді тәрбиелеу балаға әртүрлі ойыншықты беріп, сурет салудан басталады. Әрбір ата-ана балаға әртүсті, түрлі формадағы ойыншық сатын алып, істеп беріп, істеп үйренуіне көңіл аудару керек.
Ал сурет салу өнерінің бала жанының дамуына әсерін қазақ даласында ғылыми-сапарымен болған Д.Л.Иванов өте жақсы бейнелейді де, баланың көру қабілетін әдіетемелерін ұсынады. Баланың сыртқы әсерлену құралы — есту. Шуды есту, дыбысты есту мүмкіндігі болып екіге бөлінеді. Соның дыбысты есту мүмкіндігін дамыту қиып еңбекті талап етеді. Әннің әуенін, домбыра, қобыз күйіп, адамның сезіп есту, қабылдап түсіну үлкен еңбекті талап етеді. Соның ішінде ең қиыны — музыка. Бірақ баланы жастайынан әр дыбысқа еліктеткізіп, музыка тыңдағанда алдына алып отырған ересек адам түсіндіріп, айтып отырса, дыбыс құралы ерекшелігін бала тез қабылдап кетеді. Баланың есту сезімін ілгерлсіу үшін ең үлкен әсер беретін бесік жыры.
Грек данышпандары алдында тұрған адамға «қане сөйлеші, мен сені көрейін», дейіді екен. Жаратылысты танып. түсіну, ажырату, әсерлену. Сені естуге, көңіл сөзін айтуға байланысты Баланың жайы кетік болмай, бүтін болғанын қалайтын адам баласын он, жыр, күйді, тындатын, үйретеді.
Адамның жан дүниесін толықтыратын сезімнің бірі — зейін. Дүниені, жаратылысты қабылдау, әсерлену мүмкіндігі зейінге байланысты. Ерікті, еріксіз түрдегі зейінді дамыту, қалыптастыру ата-анаға, оқытушыға, жетекшіге байланысты. Әсер алу үшін зейінді ауыстырып жүру қажет деп үйретеді психологтар. Жеке әсер, жаңа әсер, жаңа білімнен ескі білімнің қатынасын қарастыру, сақтау, болашақ әсерге даярлықты жасау (әсерлерді күту)- зейінді тәрбиелеу шарттары. Баланың есту мүмкіндігі, баланың қиялдау мүмкіндігіне тікелей байланысты. Қиял бұрынғы бар суреттеулерден жаңа суретеулер алу қиялы деп аталалы, «Қиял-фантазия өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз адам жұсаулы есек. » Фантазия қиял ақылды кеңейтіп, ой-өрісті дамытып, жаңашылдық. шығармашылық деңгейіне жетуге, әдістемелік сезімді тереңдетеді. Баланың қиял фантазиясын тәрбиелеу түсінікті болды, енді оны дамыту, іске асыру әдітемелермен танысайық.
Қиял-фантазияны ояту-негізі білім. Сондықтан білім беру алғы шарт. Тұрмыстық өмір, жан-жануар тұрмысын бақылап, жаратылысымен танысып, әдебиет, тарих, география, жаратылыстану пәндсрінің қиялды оятар түрлі сайыстардың көмегі зор болмақ.
Жаратылыстың құшағынды көк аспан астында, желмен жарылып, күнмен таласып өскен бала Қобыландының тайбұрымы сөйлейді десе, қотыр тай кұрық салғанда құнан жүген салғанда дөнен болды десең де сеніп өскен. Міне, қиял-фантазия ояту үшін ең алғаш ертегі таңдатып өсіру қажет. Ойын мен ойыншықтардың да бала қиялын оятуға әсері мол. Шыбықты ат қылып ойнап, оны ерттеп, асау уйретуі де соған сенгендіктен, қиялдап елестетуден, сенуден басталған. Сонымен қиял тек бүгінді, барды ғана емес, болашақты танып болжауға әсер етеді екен.
Бала тәрбиесіндегі келесі зандылық ойлау қабілеті. Бала жаратылысты көріп, естіп, сезініп, қана қоймайды, оларды ұққысы келеді: «Мынау не?» «Ол неге?» деген сұрақтардың ертеңді кеш жаудыру себебі баланың өзін тану, айналасындағы жаратылыстану оның байланыстырып түсіну процесінің басталғанын анықтайды.
Баланың ойлау қасиетін дамыту жолдың бірі — анық суреттеп беріп, өзіне қорытынды шығартып отырса ойлау шеберлігі туындайды. Осы кезге дейін айтып келінген барлық таным қабілетінің жарыққа шығару жолы тікелей тілне байланысты. Жанның жайын ұқтырып шығаратын мимика мен тіл. Ойдың тілі — сөз. Әр адам өз жанының хал-ахуалын, қуанышы мен ренішін сөз арқылы білдіріп ұғындырады. Сонымен көрінісінің ең қымбаты — ой. Тіл байлығын дамыту арнаулы тәрбие жұмысын талеп етеді.
Шешендік — қазақ халқының ең басты қасиеттерінің бірі. «Өнср алды — қызыл тіл» демекші, өперлі бөлу әркіммің арманы.
Адамның ішкі сезімі: ұялу, достық сезімі. Сұлулықты сезіну. Бұл сезімдер жан-жақты қасисттерге байланысты болғандықтан көп салалы тәрбие жұмысын талап етеді. Ата- бабаларымыз: ұялшықтық пен ұяңдықты әр баланың бойына сіңіру үшіп ғасырлар бойына қалыптасқан жазусыз заңдылықтарды үйреткен. Оның ішінде түрлі тыюлар мен демеушіліктер де бар. Үлкеннің жолые кесреу, ұрлық жасамау, т.с. Олардың көбі тұрмыстық өмірдің заңы, өмірлік норма ретінде сақталып келген. «Жеті жарғы»- қоғамдық өмірді реттейтін зат ретінде танылып сақталған. Бұл жағдайды қатаң сақтап, борыш деп танып дамытатын бұйрыксыз қалыптасқан түрлі халықтық институттар атқарып отырған.
Ақсақалдардың аталық сөзі, ақ шашты аналарды өмірлік мектебі, жеңгелер жетегі, ағалар қамқоры баланың ішкі сезіміп туа қалыгпастырады десек артық болмас.
Дүние жүгі мақұлдап отырған психология ғылымының баланың құлық сезімдерін өркендету туралы ілімдерін дапышпан халықтың тәжірибесінен алса керек.
Психология заңы бойынша баланың маңайындағы адамдар құлықты болу қажет деп тұжырымдаса, қазақ атамыз «Қьгз өссе қызы жақсымен ауылдас бол», «Шешесіне қарап қызық ал», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген бір ауыз нақыл сөзбен-ақ тәжірибесін, данышпандығын білдірген. Ұрысқатық, ұрлық сияқты жат кылықтар мен биязылық, инабаттылық бала тек басқадан көріп қана қоймай, оның белгілерін біліп, сынап, өз пікіріп айтып, болашақ іс-әрекеттерін болжап, үйретіп, қалыптастырған жөн. Сонда ғана дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды жеңіп айыратын болады. Халық педагогикасы адам бойындағы алып күштің бірі қайрат деп таниды. «Жанның саналы ұмтылуын қайрат» — деп атаймыз.
Баланың тілегі көп, тіпті шексіз десе де болады. Олардың тек оң бағыттарын ғана іске асыру керек екендігін үйрету үшін, аталарымыз істің алдын-артын болжап алып бастауды үйреткен. Арыстан айға шапса мерт болатынын, сабыр түбі сары алтын екенін айтып отырған. Бірақ бұл шексіз тежеу емес. Балаға белгілі шекті ерік беріліп, қайраты шыңдалады.
Бәйгеге қатысатын, айтысқа түсіп, тіпгі асық ойнап, қатарласынан қалыспауға, өз мүмкідігін шыңдауға әрекеттенген.
Сонымен халық педагогика уағыздаған бала тәрбиесінен ажырамас үш бөлігінің ақыл, кайрат, ішкі сезім тәрбисі болып тәрбие танушылардың да іліміне жататынын анықтайды. Олардың әр қайсысының өзіндік әдістемесі бар екенін көрсетп өттік.
Бұл бала тәрбиесінің үш саласы, әр адістемесі ата ана мен мектеп және мектептен тыс мекемелердің негізгі мәселесі. Сонымен біргс қазақ халқының аталып өткен тәрбие салаларында әдетке айналған балалар өміріндегі салт дәстүрлерді, ойындарды бөлек қарап, олардың әр тәрбие саласына яғни ақыл, сезім, қайрат тәрбиесіне қосар үлесін анықтауға келесі тарау арналмақ.
Балалар жырының тәрбиелік мәні.
Қазақтың халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау-тілек өлеңдері, сұрамақтар төрт-түлік туралы жырлар, тақпақтар ерекше орын алады.
Арнау-тілек өлеңдері табиғат құрылыстары мен жан-жануарларға, құстарға қызығу сезімін оятып, эстетикалық әсер беру үшін, баланың дүниетанымын арттыру мақсатында шығарылған. Көктемнің шығуы тырнаның келуіне байланысты, сондықтан тырнаны көрген балаға:
Тырна келді, тұр,
Түндігіңді тұр
Арқан тарт,
Сандық аш! — дегізеді. Халық жаңбыр жауғанда балалар:
Жау, жау жаңбыр,
Жау жаңбыр.
Арық суы мол болсын
Аққан бұлак көл болсын деп қуанады.
Мұндай жыр мезгілдеріне байланысты жырлар баланың табиғат танымдылығын артумен қатар, табиғатқа қамқорлық жасауға бейімделеді.
Ал «Бақа, бақа, балпақ», «Кім күшті?», «Кім айтар?» сияқты көлемді сұрамақ өлеңдер сұрау, жауап арқылы сөз жүйесін дамытып, баланың ой-өрісін өркендетеді. Еңбекке, баланың малға деген қамқорлығын көрсететін төрт түлікке байланысты өлендер:
Малды берсең қойды бер!
Ұлды берсең, бойды бер
Жұртқа ақыл салғандай
Ақылы артық ойлы бер!
Сойса, саны қалақтай,
Сауса сүті бұлақтай.
Ешкі басын үйіңді…
Даусы бар азандай,
Желіні бар қазандай
Сиыр бассын үйіңді…
Маң-маң басқан
Шудаларын шаң басқан
Төрт аяғын тең басқан,
Екі өркешін қом басқан
Түйе бассын үйіңді.
Өңкей ала шұбардан
Жал құйрығы шұбалған.
Жылқы бассын үіңіді —
Деп әрі тілек білдіретін, әрі малдың қасиетін білдіретін өлеңдер бар.
Әр отбасында айтылатын баланың туылғанннан бастап құлағында қалатын ән «Бесік жыры» болып саналады. Бұл жырда ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйсінерлік әсер етіп, жан-жүйесін жадыратып жұбатады. Екіншіден баланың келешегіне үміт артып, тілек айтады. Үшіншіден, ата-ана айтқан тілектерді тілі шыққан балдырған жатттап, тәлім алады.
Бесік жыры мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бөлеу жыр, жұбату және тілек айту деп топтауға болады.
Мысалы:
Мойнымдағы маржаным
Қорадағы мал жайым:
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Бейбарс болсын есімің,
Құтты болсын бесігін.
Бата тілек (сенім арту):
Ала биең құлындап
Ала тауга сыймасын!
Қара биең құлындап,
Қара тауға сыймасын…
Ақылыңмен батыл бол,
Ағайынмен тату бол
Бағаналы таудай бол
Жағалалы қолдай бол!
Халық педагогиканың бұл саласы өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.
Тұсау кесу. Бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезде, тұсау кесу рәсімі жасалып, жыры айтылады:
Қаз-қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам
Тағы, тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз балам,
Қаз баса ғой қарағым
Құтты болсын қадамың:
Алға қарай баса бер
Асулардан аса бер! —
Қадамын бір-екі басқан баланың тек тез жүріп кетсін деген ниетпен ғана емес, өмірде де ешқандай шалыс баспай, ешкімнің ала жібін аттамасын деп ала жіппен тұсауын кестіреді. Ала жіптің тағы бір мәнісі ақ түс — қуаныш, қара түс — қиындық деп түсініп, қуаныш пен қиындық бірге жүреді, осындай алма-кезек өмірде қиындықты жеңе білсін деген ниеттен туындайды.
Баланың тұсауын елге сыйлы адамға, сол кісі сияқты болсын деп кестіріп, сый-сыйапатын беріп, бұл рәсімді тойға айналдырады.
Жаңылтпаш — тіл ширату тәсілі. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп дүнитанымын дамыту мақсатымен жаңылтпаштар ойлап тапқан. Көбінде кейбір балдар дыбыстарды айта алмайды. Тілін мүкістендірмей сөйлеу үшін жаңылтпаштар жаттатып, сөз қадірін білуге үйретеді.
- Дегенде ой Тайқарбай,
Әй Тайқарбай,
Қойыңды май жусанға
Жай Тайқарбай.
Тіл алғаш Бек.
- Тіл алғаш деп
Мактасақ біз Б
Біл алғыс деп, —
білімділікке тәрбиелеп, бүлдіршінге сүйіспешілік білдіреді.
Жаңылтпаш айтқызудың бірнеше жолы бар: әуелі бала жаттықтырушының айтқан жаңылтпашын жаңылмай, тез-тез айтуға үйренуі керек. Екіншіден бірнеше баланың жаңылтпаш айтудағы жаңылмай айту қабілетімен қатар, қанша жаңылтпаш білетінін білу үшін жарыс ұйымдастыра білу керек.
Санамақтың тәрбиелік мәні.
Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, әрі саіпа аты ұйқас затты танып біледі:
Бір дегенің — білеу
Екі дегенің — егеу.
Үш дегенің — үскі
Төрт дегенің — төсек.
Бес дегенің — бесік
Алты дегенің — асық.
Жеті дегенің — желке
Сегіз дегенің — серке.
Тоғыз дегенің — торқа
Он дегенің — оймақ.
Он бір қара жұмбақ.
Бастауыш мектепте күрделі санамақтарды айтып, олардың шешімдерін тез тапқан оқушыларға ұпай қою, баға беру ісі ұйымдастырылады. Мысалы:
Алмас, Асан келісті,
Алма жинап бөлісті.
Арасында бір алма
Айтыс болды бұларға:
Асан берсе, алмасы
Үштен бірі кем болар.
Алмас берсе, алмасы
Асанныңда тең болар.
Алма санап көріңдер
Екіге тең бөліңдер —
деген санамақтың шешімін бірден табу оңай емес. Ол үшін оқушы ойлануы керек. Демек ой шапшаңдығын дамытатын санамақтарды көп пайдалану керек.
Жұмбақтың дүниетанымдық тәрбиелік мәні.
Нақты бір зат туралы тұспалдап, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, тұжырымдап шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған:
Апаң, апаң
Ескі шапан,
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз
(түйе)
Заман өзгерген сайын халық педагогикасы жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса береді:
Темір сияқты
Алып жирафты
Жұмсап көр енді
Үй сап береді
(көтергіш кран)
Жұмбақтар қара сөзбен де жасырыла береді.
«Отқа жанбас, суға батпас» (мұз)
Айтыс түріндегі жұмбақтарда кездеседі. Бір ақын өлеңмен жұмбақ айтса, екіншісі сол жұмбақтың шешуін өлеңмен айтады.
Мектептерде пәндік сабақ өретде тақырыптарына сәйкес жұмбақ жасыруға болады. Мысалы ана тілі сабағында «Қыс» тақырыбына байланысты
Қанаты жоқ
Ұшады.
Аяғы жоқ,
Желеді.
Аузы жоқ,
Ұлиды.
(боран)
Жұмбақтарды ой-дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше. Тәрбиеленуші өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері артады.
Мақалдар мен мәтелдер — тәрбие құралы.
Мақалдар — накыл, өсиет түрінде айтылатын филисофиялық ой-түйіндері, сөз мәйегі. Мақал, негізінен, екі бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде пайымдау, екінші бөлімде ой қортындысы айтылады.
Мәтелдер, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады. «Өлең сөздің патшасы», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Мәтелдер де тура мағынада», «Қадіріңді білгенге жұмса» деп және ауыспалы мағынада «Тікен гүлін қорғайды» деп айтылады.
Қазақ халқы — сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне нарықтап пайлалану дәстүрге айналған. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары елдік, ынтымақ, бірлік туралы:
Туған жерге туыңды тік.
Өз елім — өлең төсегім
Отан — оттан да ыстық.
Батырлық, ерлік туралы:
Өжет адам өлімді жеңеді.
Қара бет болып қашқаннан,
Қайрат көрсетіп, өлген артық.
Өнер — білім туралы:
Өнерлі өрге жүзеді.
Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады.
Төрт түллікке байланысты:
Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның кол-көсір.
Егіншілікке байланысты:
Жері байдың — елі бай.
Егін ексең тыңға,
Шықтым дей бер шыңға.
Адамгершілікке байланысты:
Жаман болса туысың
Туыспай-ақ құрысын.
Отбасында, мектептерде бала тәрбиесіне дайындық іс-әрекет, пікірлесу кезінде өнеге көрсетіп, өсиет айтып: ана тілін алмасаң — арың кетеді: әке — тірегің, ана — жүрегің; бірінші байлық — денсаулық; сабыр түбі — сары алтын; іс істесең, көзін тап; ашу — дұшпан, ақыл — дос; өмір — үлкен мектеп; білімнің басы бейнет, соңы — зейнет т.б. мақалдарды жиі айтып, оның мағынасын ашып, санасын арттыруға болады.
Мазақтамалардың тәрбиелік мәні.
Мазақтаманың негізгі мақсаты — баланың мінін айтып, сынау ұялтып оны тәрбиелеу. Мысалы:
Жұмыс десе, шалағай,
Тамақ десе, қомағай.
Жүрміз сағал жоламай,
Әй, Шалабай, шалағай.
Мазақтамаларды отбасында, балалар бақшасында, мектептеде жатқа айтқызу арқылы балалар поэзиясының бұл түрін де тәрбие жұмыстарына -енгізу арқылы, кейіпкерге ұқсамай, тәртіпті бала болуға шақырады.
Өтірік өлең. Өтірік өлеңдерді оқушылардың ой-қиялын, тілдік қорын дамыту үшін пайдаланады: Өтірік өлеңде көркем бейнелер жасалынады, өлеңнің желісі күлкілі сюжеттерге, үдеген фантастикаға құрылады. Балаларды өтірік пен шындықты айыруға үйретеді.
Ойын өлеңдер. Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстстикалық әсерін арттыруын балаларды өлең-жырға бейімділікке, танымдылыққа тәрбиелейді. Мысалы «Қуырмаш» өлеңі саулық атауларын үйретеді. «Ұшты-ұшты» ойыны үшатын заттар мен ұшпайтын заттарды салыстыру үшін айтыладьл.»Ақ серек, көк серек» ойыны ойынға қатысушылардың өн-бойындағы ерекшеліктерін байқатады.
Ақ серек, көк серек
«Бізге ұзын бойлы Жанат керек»
деген өлең жолдарынан Жанаттың ұзын екендігін байқауға болады.
Ойын баласы, ойын өлеңдерін тез жаттап алады. Сол себептен халық ойын-тәрбие құралы деп айтады.
Ертегілердің тәрбиелік мәні.
Қазақ ертегілері сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-гажайып ертегіле, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады. Ертегілерді әсерлі етіп айту немесе сахыналандыру арқылы бала жүрегіне жол тауып, қиялын шарықтатып, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейді. Оқиға желісіндегі кейіпкерлердің жақсы және жаман қасиеттерін байқап адал болуға, еңбекқор, ақылды, мейірімді болуға шақырады.
Аңыз әңгімелер. Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыл, батыр, ойшыл, өнерпаз болып өсуі үшін, оған үлгі-өнеге етіп аңыз-әңгімелерді де бардан құрап, сары алтындай сақтап келеді. «Жетіқарақшы», «Үркер» жұлдыздары, «Самұрық», «Бозінген» туралы аңыз әңгімелерде жұлдыздар мен аңдар құстар адамша сөйлеп, ғажайып оқиғаларды бастап кешеді.
«Үш жүз», «Домалақ ана», «Алтын арыс Алаш», т.б. аңыз әңгімелерде діни сенімдер, ру-тайпалардың шығу тарихы туралы өсиетті-өнегелі ойлар айтылады.
«Асан қайғы», «Қорқыт», «Айша бибі» т.б. аңыздар қазақ данышпандарын дәріптейді.
Халық педагогикасында тәрбиелік қуатты құралы – жыр. Қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына, салт-санасына байланысты тұрмыс-салт жырларын шығарып, жастарды ұлттық әдет-ғұрып, дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеп келеді. Тұрмыс-салт жырлары көбіне той-думандарда, мерекелерде айтылады. Ондай жырларға «Жар-жар» «Той бастар», «Беташар», т.б. жатады.
Қазақ халқының педагогикасында аса бай мұра — батырлар жыры.
Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың отбасына, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі — шынайы патриоттылығы дәріптеледі.
Бағдарлай зерттеп байқасақ, эпостық шығармаларда тәрбиенің алуан түрі бар. Дене шынықтыру, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, эстетикалық, отаншылдық тәрбиелері батырлық жырлардың табиғатындағы мақсатты мұраты — міне осылар!
- Дене шынықтыру тәрбиесі эпостық шығармаларда бірінші кезекке қойылады. Атқа міну, мергеншілік, найзагершілік, қылыш шабу шеберліктері дәріптеліп, бұл өнерлер оңайлықпен келмейтіндігі суреттеледі.
- Батырлық жырларды тыңдаушы жақсылық пен жамандықты, мейірмандық пен зұлымдықты көз алдына елестетіп, батырға тек күш-жігер ғана керек емес, ақылды, айлакерлік керектігін сезініп, ой-өрісін дамытады. Шығармадағы қызықты оқиғалар, отты сөздер, өнегелі іс-әрекеттер тыңдыушыны неғұрлым көп білуге қүштарландырады.
- Халық Отан қорғау адамгершіліктің асқар шыңы деп тұжырымдайды. Бұл үшін ерлік жасаудан артық адамгершілік болмаса керек. Сондықтан батырлардың ауыздан-ауызға мәңгі жатталған бейнелері өздерінің үлгі-өнегелік құнын еш уақытта жоймайды. Қобыланды, Ер тарғын, Қамбар бейнелері қазіргі жастарға да үлгілі.
- Батырлық жырларда халық үшін аянбай еңбек еткен, еңбексүйгіш, кішіпейіл, саналы жандар да тәрбиелік үлгі ретінде баяндалады. Мысалы: Қамбар батыр аң аулап, «алпыс үйлі арғын мен тоқсан үйлі тобырды асыраған. Халық батырларды міне осындай қасиеттері үшін бағалаған.
Қорыта айтқанда батырлар жырының жан-жақты қыр-сырын оқушыларға жеткізу тәрбие санаттарында, мектептен тыс уақыттарда Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар, Қарабек, Арқалық батырларын таныстырып, тәрбиелік мәнін ашу оқушылардың танымдылығын арттырады.
Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні.
Шешендік сөздер — ел құралып, халық қалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірибесіне пайдаланып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің ел ағасы болған данышпандардың өткір ойшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелі қисынды қасиетте сөздер.
Тарихта Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтекс би, Сырым батыр тағы басқа белгілі адамдармен қатар, Жиренше шешен аңыздары және Досбол, Жидебай, Сауытбек, Қылышбай т.б. шешендердің аты белгілі.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздер мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш топқа бөлуге болады. Өлеңмен айтылған шешендік сөздер – термелі, қара сөзбен айтылғандары пернелі деп аталады. Арнаулы шешендік сөздср: әзіл-сықақ, сын баға алғыс, естірту, көңіл айту. Шешендік толғау: өсиет, насихат. Шешендік дау: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы. Мектепте шешендіктің мәнін жан-жақты ұғындыратын алуын түрлі әдеби жұмыстарды ұйымдастыруға болады; пікірталас, пікірсайыс, білім жарыстыру. сахыналық қойылымдар ұйымдатыру т.б. Мысалы: қазақ халқының шешен билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би -халықтың ұлттық бірлігін нығайтып, халықтығын сақтауға зор әсерін тигізген данышпан, шешен, ойшыл көсемдер. Солардың бейнелерін сахнада көрсетіп, сөздеріе өнеге етіп, оқушыларды даналыққа, әділдікке, имандылыққа, тілдік қорын молайтуға баули отырып тәрбиелеу, келешек ұрпағымыздың рухани байлығы.
Өмірді тек ертегі, өлеңдерден жаттап біліп өскен адам жоқ. Адамның күні адаммен деген, кон ішінде соған бағынатын зандылықтарды үйрену-өмір талабы. Олардың бірі-баланың инабаттылық, ізеттілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
1.2 ҰЛЫ ДАНЫШПАНДАРДЫҢ ИМАНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК ЖАЙЫНДАҒЫ ПІКІРЛЕР
Х-ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшқұр болған данышпан-ойшыл энциклопедист-ғалымы белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердің бірі адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйласуы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің, өнімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне, жолшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешелеріне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі құрметі қандай болу керек сауалға жауап берілген.
Жақсы мінез құлық, әдепшілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тәлім-тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сондықтан жас нәресте өмірге келісімен-ақ оны тиісінше тәрбиелей бастау — әке-шешенің қасиетті борышы екенін айтады. Ақын әсіресе жастарды өр-көкірек, тәкаппар, қуыс кеуде болудан көбірек сақтандырады. Кішіпейілділік — үлкенге де, кішіге де, жарасатын қымбат қасиет:
Кісілік қымбат, кішілік қымбат,
Ұлық болсаң кіші бол,
Ақын кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа әдепсіз, дөрекі, надан етіп көрсететін кейбір мінез-құлықтарға көркем сөзбен сипаттама берді. Мұндай жағымсыз мінездер: мал-мүлікке тоймайтын ашкөздік, сарандық, мейірімсіздік, ашушандық, т.б деп көрсетеді. Әке-шешеден тәрбие көрген, әдепті жандар қашанда нәпсісін тия білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетінін айтады.
Әль-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы қала деп отырғаны – мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік ету керектігі. т.б мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Алайда Фараби өз дәуірінің перзенті елі. Сондықтан ол Халық бақытты өмір сүруі үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінді. Ал, жақсы әкім-инабатты, әділ, мейірімді, жан-жақты білімді, халыққа жаны құмар, жамандықтан жиренетін, батыл, жомарт, өнер мен әдбиетті сүйетін адам болуға тиіс. Фараби мемлекет басқаратын адамға осындай биік талаптар қояды.
Әл Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы өмірдің мән-мағынасы жайлы толғау, оқу мен білімді мадақтау, адамгершілікке шақыру.
Адамгершілік турасында дана бабамыздың: «Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат» деген ұлағатты пікірш мойындай отырып, жас ұрпақты білім нәріне қондыру да педагогикалық парыз екенін ұмытпағанымыз абзал. «Ұстаз ескерер тағы бір жайт» — дейді Әл Фараби, бұл шәкірттің мінез құлқындағы жағымсыз мінезді, ұнамсыз қылықты болдыртпау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру. Педагогикалық пікірінде Фараби, әсіресе мінез тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Мінезділік бақытты болудың негізгі шарттарының бірі. Кейбір адамдар қолындағы бақытынан оп-оңай айырылып қалады, кейде бақытсыздыққа ұшырайды. Оны мұндай күйге түсіретін — өзінің нашар мінезі. Сондықтан, жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесіктен бастаған жөн, — дейді ғұлама бабамыз Әл-Фараби.
Түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнскті ақыны, есімі ислам әлеміне машһүр болған ойшыл қайраткер Ахмет Яссауи » Диуани хикмат» ( Даналық кітабы) атты өлеңдер жинағында әділдік тойына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамдың рухани өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады. Соның өзінде, ақын әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескерпей келмеген тәкәппар жандарды әшкерелеп отырды. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді:
Ғарип, пақыр жетімдерды қылған шадман,
Құлдық қылып, ғазиз жанды еткін құрбан.
Тағам тапсаң, шын көңілмен күткін мейман,
Халықтан естіп бұл сөздерді, айттім міне…
Ғарип, пақыр жетімдерді әркім сүйер,
Риза болар ол пендеге пәруәрдігер.
Ей, бейхабар, болма күмән, сені асырар.
Хақ Мұстафардан естіп айттым мұны…
Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені деме.
Кісі малын сен жеме, спрат көпірінде тұтар.
Әйелің, қарындас, ешбір болмас ол жолдас,
Әлек болып ғаріп бас, өмірің желдей өтер…
…Алла жадын айта алмай, өліп кетсем,
Ессіз өмірім арманда өтер достарым
…Хақиқат дариясынан ішкен кісі,
Өзі мұңлық, көңілі сынық көзі жасты…
…Хақ қаһарынан қорқып, жасын төкпегендер,
Тозақта жүз мың азап тартар достар…
Әділетсіз зұлым патша болғаны — ай,
Ордасына өңшең қудың толғаны — ай.
Бірін бірі жиналысып қолпаштап,
ІІ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТӘРТІПКЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 СЫНЫПТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Балалардың өмірлік тәжірибесін молайтуда тәрбие жұмысын кесте бойынша жүргізілетін сабақтарда, онан тыс уақыттарда да ұйымдастырудың маңызы зор. Балаға бос уақыт өзі үшін де, басқалар үшін де өте пайдалы етіп өткізе білуге үйренуі үшін де беріледі. Моральдық қасиеттерді қалыптастыруға қатысты барлық мәселелерді мұғалім оқытуда да, еңбекте де, шығарамшылык істерде де комплексті шешеді, сөйтіп баланың өзін жан-жақты үйлесімді жетілдіру принципі жүзеге асады. Балалардың адамгершілік туралы білімдері үздіксіз жүргізіледі.
Балаларға адамгершілік тәрбие беруде бастауыш сынып оқушыларына арналған ережелермен жұмыс істеудін маңызы зор. Оқушылар ұжымының өмірі осы Ережелер негізінде құрылады. Ережелердің орындалуы балалардың тәрбиелігі туралы мәлімет беретін көрсеткіш болып табылады. Ережені еске салу үшін қолайлы болған жағдайдың бәрін пайдаланып отыру, әбден дағдыға айналғанға дейін оның орындалуын талап ету, ережелердің орындалғанын атап көрсету және оның бұзылуына жол бермеу қажет.
Ережелер балалардың санасына ұялап, олардың дағдысына айналуы үшін әр түрлі тақырыптарда жүйелі түрде әңгімелер өткізіліп тұрады. Этикалық әңгімелерде белгілі бір бағдарлама бойынша және сыныптағы оқиғаларға байланысты өткіземіз. Ең бастысы ережелерді жаттап алып, сол бойда-ақ ұмыт қалдыратындай болмау керек.
Ережелермен қалай жұмыс істеу керек? Ең алдымен бәрін бірден қолға алмаған жөн. Ережелерді бірте-бірге игеру тәртібін ұстану және адамгершілік мінез-құлыққа жаттықтыру.
Бірінші сыныптағылар ең алдымен мінез-қүлык нормаларына негіз болатын нақты талаптарды білуі қажет. Мәселен «Сергек бол; басқаларға қамкорлық жаса; ықыластылык көрсет» деген ереже бар. Оқушыларға осы ережені нақтылап белгілі бір жағдайларда өздерін қалай ұстауы керектігін айту; Автобуста жасы үлкен кісіге орын бер, үйдегілерді мазалама «Бір нәрсені сұрай қалсаң мархабат деуді ұмытпа» деп, т.б. үйрету керек.
Балалардың өмірін ережелерге сәйкес ұйымдастыруы оны неғұрлым жақсы игеруге көмектеседі. Ережелерді түсіндіру формалары әр алуан: сынып өміріндегі нақты фактіге байланысты әңгімелесіп, оқушының қылығына адамгершілік тұрғыдан баға беру; әңгімелер оқу, қайсы бір ереженің мазмұнын ашып берілетін диафильмдер мен кинофильмдер көріп, одан соң оқыған және көрген оқиғалар жөнінде әнгімелесу; белгілі мақсаттағы экскурсиялар т.б бола алады.
Әдептілік әңгімелер. Бірінші, екінші сыныптарда балалар жолдастықтың, ынтымақтаса жұмыс істеудің, әділ ойынның, сыпайылықтың ережелерімен танысып, жақсылық пен жамандық жайлы біраз түсініктер жинайды.
Үшінші, төртінші сыныптықтарда жалпы моральдық нормалармен таныстырамыз, соларға сәйкес өзінің және жолдастарының іс-әрекет, мінез-құлқын бағалауды үйренеді. Бұл кедергі әдептілік әнгімелердің мақсаты -шәкірттерге жалпы моральдық нормаларды бойына сініруте көмектесу. Әдептілік әңгімелер айына бір рет өткізіледі. Оның төмендегілей тақырыптарын ұсынамыз:
- «Жолдастық, достық туралы
- «Қайырымдылық, аламдарға ссегектікпен қарау, қайырымдылық туралы
- «Әділеттілік туралы
- «Адамдық және сөзге беріктік туралы
- «Жауыздық пен енжарлыққа тәрбиелеушілік туралы
- «Еңбекке, еңбек адамдарына және халық қазынасына қатынасы жайлы
- «Адамгершілік мінез-құлқының ережелері жайлы
- «Қалай қоғамшыл болу керектігі жайлы
- «Мейірімділік және немқұрайлылық жайлы әңгіме т.б.
Әңгіменің басында балалар бұрын өздері оқыған әңгімелердің сюжеттерін еске түсіреді. Мәселен, «Жолдастық, достық туралы әңгіменің басында «Жаман жолдас әңгімесін еске түсіреміз. Содан соң балаларға сұрақтар қойылып, талқылау сол сұрақтар төңірегінде жүргізіледі.
Екі дос орманға барды. Алдарынан аю шыққан кезде сау жолдасы ауру жолдасын тастап қашып кетті. Оның өрекетін қалай атауға болады? Оны шын жолдас деп айта аламыз ба? Аю ауру жолдасына не деді? Сол жерде сен болсаң не істер едің?
Әңгіме мазмұны арқылы (балалармен сатқындық, корқақтық туралы да әңгімелесуге мүмкіндік туғызады. Қалаларға сатқындық туралы түсіндіреміз. Сатқындық деп қиын сәтте қасындағы жодасыңнан теріс айналу, көмектесуден бас тарту. Досына сатқындық жасаған адам, ертең оңай-ақ Отанына, ата-анасына сатқындық жасайды.
Әрине әңгімелесуге мұғалім де, оқушы да дайындалады. Мұғалім әңгіме үстінде қойылатын сұрақтарды алдын-ала ойластырады, оқушыларға оқығандарынан әлденені оқып беруге немесе еске түсіруге, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға қатысты өздеріне белгілі бір оқиғаны еске алып, оған баға беруге (кім дұрыс істеді, ал кім дұрыс істемеді, неліктен) ұсыныс жасаймыз. Егер әңгімелесу емін-еркін жағдайда өтсе және оқушылар өздерінің пікірлерін қысылмай-қымтырылмай ашық айтатын болса, онда бұл пікірлердің қарама-қарсы болуы табиғи нәрсе. Мұндай жағдайда қате пікір талқыға салынып, қате пікірі үшін оқушыны жазғыруға болмайтынын есте сақтауымыз керек, және оқушыларды дұрыс қорытындыға келуіне бағыттаймыз.
2.2 Ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Балалардың бірлескен түрінің аса маңызды түрі және оқуды, еңбекті, басқа да істерді ұйымдастыру тәсілдерінің бірі ретінде ойынның үлкен орны бар, ол әсіресе 1 сыныпта өте маңызды. Сюжеттік-шығармашылық ойындардың мазмұны мұғалімдерге балалардың назарын адамлардың өзара қарым-қатынастарының адамгершілік жағына аударуына жәрдемдеседі. Ойынның ережелері ойын қызықты болуы үшін қажетті адамгершілік нормаларды қатаң орындауды талап ететіндей болуы керек.
Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке, өзін-өзі ұстай білушілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтінін атап айтқан.
А.С.Макаренко; «Ойынның адам өміріндегі маңызы зор, ол енбекке даярлық болып табылады және бірте-бірте еңбекке ұласуы тиісің деп атап көрсеткен болатын. Дегенмен ойындар әдетте тәрбие мақсаттары үшін әлі де жеткілікті дәрежеде қолданылып келе жатыр деп айта алмаймыз. Шындап келгенде мектепке бару көптеген оқушылар үшін бұдан әрі ойнауды қойып, бірден елеулі іске — еңбекке, оқуға ауысатын шепке айналып кетеді. Мұғалімдер балаларға ұдайы «есею керектігін айтумен болады, ал ата-аналар бұл пікірге қосыла отырып, үйде де ойынға бөлінетін уақытты шектеуге тырысады. Бірақ балалар бұған қарамастан кез-келген бос уақытында: үзіліс кезінде, аула ішінде, үйде, жалғыз да, басқа балалармен бірге ойнайды. Ойындары да алуан түрлі: шығармашылық, стол үстілік, қимыдды болып келеді. Осы ойындардың көпшілігіне баланың өз тәжірибесі, оны қоршағын өмір, кітаптардың, кинофильмдердің мазмұны арқау болады.
Ойын балалардың жақын араласуына, олардың арасында байланыс орнауына, іштарту және жек көру сезімдерінің тууына мүмкіндік береді.
Ұжымдық ойындар балаларды топтастырады, олардың арасында жолдастық қарым-қатынастың қалыптасуына көмектеседі. Мұндай ойындар кезінде балалар өздерінің іс-қимылдарын ойынның басқа қатысушыларының іс-қимылдарымен келісіп алуға, оз жолдастарына әділ болу жөнінде ережелерді орындауға тиіс. Балалардың көптеген ойындарында: кім бәрінен де мерген, бәрінен де епті, бәрінен де тез дейтін бәсекелі элементтер бар. Ойында біреулері жеңсе, енді біреулері жеңіледі. Мұндай жағдайлар тәрбиесінің бірінші сынып оқушыларының ұтылғанда да, ұтқанда да әлпетті болып қалыптастыруына мүмкіндік туғызады, ол ізгілікке, жолдасына көмектесіп, оған әлі жасай білмейтінін үйреткісі келетін тілекке негізделеді.
Балалардың ойындары рольдерді, ойыншықтарды, материалдарды бөлісуден, кезекшілік белгілеуден, т.б. басталады. Бір рольдер қызықтырақ, ал енді біреулерінің қызығы шамалырақ болады; ойыншықтардың ойнаушылардың санынан аз болатыны да кездеседі, сондықтан әркімге өз кезегін күтуге тура келеді. Балалардың адамгершілік сапасы міне, нақ осы арада көрінеді. Әйткені бөлісудің әділ болуы немесе күш, айлакерлік принципіне негізделген әділетсіз болуы мүмкін ғой. Ойын үстінде мінез нормалары, ненің жақсы, ненің жаман екені, қандай жолдастың жақсы, қандай жолдастың жаман екені туралы түсінік қалыптасады.
Ойындардың мазмұны адамгершілікті болуы керек, яғни оларда қоғамдық өмірдегі оқиғалардан, адамдардың өзара қарым-қатынастарынан, еңбегі мен демалысынан байқалған жайттар көрінеді.
Ойнаушы топтар 4-5 адамнан, ал командалық ойындарда 8-10 адамнан құрылғаны дұрыс. Топтарда адам санының аздығы балалардың бір-бірімен белсенді өзара қарым-қатынас жасауына; жолдастық пен әділеттілік сезімдерін білдіруіне, ойында басқаларды өздереіне көндіруіне және өзінің де жолдастарының айтқандарын істеуіне мүмкіндік береді.
Ойнайтын топтар балалардың тілегі бойынша құрылса, біздер олардың өзара қарым-қатынастарын анықтай аламыз. Кей балалар басқалармен де ойнауға құмар келеді. Бірақ басқа балалармен ойнай алмайтын немесе ойнағысы келмейтін де балалар бар. Ешкіммен де ойнағысы келмейтін балаларға ересек адамдар тарапынан айрықша қолдау көрсетілуі қажет. Ондайларды ойынға қосу — міндеттердің бірі.
Мұғалімнің міндеті — ойнап жүрген балаларды мұқият байқап, олардың адамгершілік деңгейін анықтау, сөйтіп дұрыс гуманистік қарым-қатынастарды қалыптастыруға белсенді ықпал жасау. Бұл үшін ұялшақ, жүрексінгіш балалардың өздеріне жолдастар табуына көмектесу, балалардың ойындағы алғашқы жетістіктерін, олардың көрсеткен жолдастық қарым-қатынастарын бағалап отыру керек.
Тәрбиеші әр бала үшін оған жақсы ықпал ететіндей ойнаушылар тобын табуға тиіс. Міне, сонда ойын балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің пәрменді құралына айналады.
Төменде бастауыш сыныпта өткізуге мүмкін кейбір ойындарды ұсынамыз:
«Сыпайылар қаласың. Бұл ойынды оқу жылының аяғында өткізуге болады; онда бабалардың жыл бойына үлгергендерін қорытындылауға мүмкіндік болады. Ол үшін оқудан тыс күн бөлінеді. Бұл күрделі ойын. Балалардың қоғамдық жерлердегі (дүкен, автобус) мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, жұмыстағы. Ойындардағы жолдастық ережелерін білуге тиіс.
Мектеп ойын өтетін кезде қалаға айналдырылады. Онда «почта», «дүкені», «кинотеатр», «стадион» болады. Ойнаушылар қалада кім қандай қызмет атқаратыны жөнінде рольдерді өзара бөліседі. Ойынға қатысушылардың бәрі «қаланың тұрғындары болады, ал бір бөлігі жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттерін атқарады. Бұлар «сатушылар», «шеберлер», «киномеханиктер», «кассирлер», «бақылаушылар» т.б. Әр ойыншының «ақшасы» мен қатырма қағаз жетондары болады, олар «қаладағы» тәртіп ережесі бұзылған жағдайда қайтып алынады.
Ойынның басталғаны туралы белгі берілісімен «қалада барлық «мекемелер», «стадион», «дүкендер» ашылады. Мысалы, кішкене «Жасұлан» кинотеатрын ұйымдастырып, онда да фильмдер көруге болады. Бұл үшін сеанс басталғанға дейін келіп, билет сатып алып, өз орынан барып отыру керек. «Ойыншықтар фабрикасында» бір топ жұмысшылар жартылай фабрикаттардан (қағаз, желім, қылқаламдар) дайын бұйымдар жасайды. «Почтада» хаттар жазып, бір-біріне сол жерде жөнелту керек, «хат тасушы» оларды көрсетілген балаға табыс етеді. «Дүкеннен» қайсыбір затты сатып алу қажет, т.б.
Барлық жерде сыпайылық ережелерін орындау, ұрысып-керіспеу, ұйымшылдықпен жұмыс істей білу, жолдастарға бөгет болмау, басқаларға көмектесу қажет. Кімде-кім сыпайылық пен жолдастық ережелерін бұзса, ондайлар «айып» төлейді (қатырма қағаз жетонын қолынан береді). Ойын аяқталғанда мұғалім сыпайылық ережелерін бір де рет бұзбаған балалардың есімін атайды.
«Жануарлар саябағы» ойыны. Бұл ойынның танымдық мәні бар. Балалар шағын топтарға бірігеді, әр топ өздерінің «жануарлар бағын» ұйымдастырады. Балалар бақта қандай жануарлар болатынын, оларды қандай матеиалдардан бейнелеу, олардың орынын неден істеу керектігін, кімнің «экскурсия жетекшісің болатынын келісіп алады. Жұмыс кезінде балалар кеңеседі, ортақ шешімге келеді. Олар түрлі жануарлардың суретін салады, мүсінін пластилиннен жасайды, мұның үстіне балалар осы жануарлар қай жерлерді мекендейтінін, немен қоректенетінін, адамға қандай пайдасы бар екенін өзгелерге әңгімелей білуге тиіс.
Ойынға бәрі дайын болғанда балалар топтары бір-біріне экскурсияға
барады. «Экскурсия жетекшілері» жануарлар туралы әңгімелейді, экскурсияға
келгендер сұрақтар қояды. Егер оған «экскурсия жетекшісінің » өзі жауап
қайтара алмаса, ол мұның жауаптарын кітаптардан табуға, ересек
адамдардан сұрап білуге тырысуға міндетті.
Ойын үшін түрлі жануарлар бейнеленген картиналар, пластилин, түрлі түсті және ақ қағаз, кілем, қылқалам, қалам, текшелер керек.
Бастауыш сынып оқушылары үшін мұндай ойындарды көптеп ойлап табуға болады. Ойын бұған уақытымен жағдайлары бар балалардың талап-тілегі мен ерекшеліктеріне қарай мұғалімнің қалауы бойынша таңдап алынады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен адамгершілік тәрбиесі мектептегі, бастауыш сыныптардағы тәрбие жүйесінің басты бөлігі болып табылады.
Адамгершілік тұрғыдан жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі балалардың адамгершілік көзқарастары мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдістерінің, формаларының және оның тиісті нақты мақсаттарының қандай екендігіне қарамастан біздің алдымызда әрқашанда балалардың адамшылық көзқарастарын ұйымдастыру міндеті тұрғаны тиіс.
-Бітіру жұмысында біз сабақтар үстінде (еңбек, ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, әдеп) мектеп оқушыларының бірлескен іс-қимылдары мен тиісті адамгершілік қарым-қатынастарын ұйымдастырудың жолдарын көрсеттік.
Сондай-ақ сыныптан тыс жұмыс кезіндегі ойындар, әдептілік әңгімелері, тәрбие саптары адамгершілік тәрбие берудің зор мүмкіндіктері болып табылады.
Біздің елімізде адамгершілік тәрбие берудің басты міндеті Қазақстан Республикасының елдігін, егемендігін сақтап, нығайтатын, бойына ізгілік, қарапайымдылық, отансүйгіштік, имандылық қасиеттерді дарытқан ұлы қазақ азаматтарын тәрбиелеу.
Осыдан адамгершілік тәрбие берудің маңызын арттыратын басты ұстанымдарға тоқталсақ:
- Адамгершілік тәрбие беру жүйесінің қалыптасуына ден қою. Бұл жолда әсіресе, ата-бабалар дәстүріне сүйенудің маңызы зор.
- Адамгершілікке тәрбиелеу жұмысын барлық тәрбие мекемелерінде өзара үйлесімділікпен жүргізу, (мектеп, мәдениет ошақтары, т.б.).
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары азаматтық қатынастарын
қалыптастыру. Мұғалім – оқушы бойына адамгершілік ұрығын себуші.
Бала тәрбиесі дене және жае тәрбиесі бағытына бөлінеді. Баланың дене тәрбиесі нәрестелік кезінен басталып, түрлі жаттығу, сылап-сипау, ауаға қыдыру, серуендету, шынықтырудан тұрады.
Теориялық, тұрғыдан баланың жан тәрбиесінің бағыт-заңдылықтарына жүгінер болсақ сыртқы және ішкі сезім әсерленуімен тұратынын анықтадық. Көру, қиял, ойлау қабілеттерін дамытатын түрлі әрекеттер анықталды. Олар сурет салу, әңгіме айту, музыка үйрену. Баланың мінезі-құлқын тәрбиелеу, қолөнерге баулу, ата тарихые игеру-тәрбие жұмысының тірегі.
Жоғарыдағы қағидаларға ескере отырып, ауыл қарияларымен дидарласып бала өміріне байланысты салт-дәстүрлер, оларды мектеп тәрбис ісіндс қолдану мүмкіндіктнрі анықталды. Бесікке салу, тұсау кесу сияқты кең табиғи рәсімдер толық жазып алынып, мектеп оқушыларымен бірге «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыру шараларын өткіздік. Олардың ішінде қолөнерді дамыту мақсатымен үйірме, ұлттык өнер дамытуға домбыра үйірмесі, тарихи ізденіс, топографиялық топ салт-дәстүрлерді жинақтап насихаттаумен айналысады. Осы іс-шаралардың нәтижесінде келген қорытындымыз:
- Танымдық іс-шараларды мектеп және мектеп үйірмесімен бірлесе өткізу.
- Танымдык іс-шараларды балалардың жан-жақты дамуына бағыттау.
- Тәрбие жұмысына жетекшілік ететін ұстаздарға танымды ғылыми негіздегі білім беру, оларға білім жетілдіру курстарында ұлттық дүниетаным жөніндн дәріс беру.
- Тәрбиелік жұмыс халық педагогикасына сүйене өткізу.
- Бұл салада өтетін іс-шараларға балалардың өздері ізденіс жүргізіп, жергілікті жерлердегі танымдық материалдарды біліп, тұрмыс салтына енгізу.
Ал нақты бейім беріп, балалардың тәрбие ісінес тікелей
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНИ ӘДЕБИЕТТЕР
- Әбдіразақов Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі. Шымкент.
1994ж. - Әбдіразақов Е. Халықтық педагогика. Шымкент.1990ж.
- Әбдіразақов Е. «Ақыл-ой, парасат тәрбиесі» Шымкент қаласы.1994ж.
- Қайров И.А., Богданов О.С. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы «Мектеп» 1988ж.
- Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана.1988ж.
- Сағындықұлы Е. «Педагогика» Алматы.1999ж.
- Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. «Алматы».1999ж.
- Мүрсалімова У. «Бала тәрбиесі — баршаға ортақ». А.-1998ж.
- Халметова Т. Адамгершілікке баулу — тәрбиеден. «Қазақстан мектебі» 2001ж.
- Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана,1998.
- Әбенбаев С. Мектептегі тэрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
- Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.
- Макаренко А.С. Үстаздық дастан .- А., 1985.
- Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. -А., 1985.
- Сейталиев К. Тәрбие теориясы. — Алматы., Мектеп,1973.
- Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.
- Сманов I,. Оңғарбаев Ә. «Педагогика», Шымкент, 2005 ж.
- Сухомлинский В. «Коллективтің кұдіретті күші» Алматы, 1979 ж.
Ю.Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика. — Алматы: Дарын. 2004.
П.«Сынып жетекшісі» Алматы, 2003 ж. - .«Мектеп» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал, Шымкент, 2004 ж.
- «Сынып жетекшісі», Алматы, 2003
ҚОСЫМША
Қосымша
Ойынның өту барысы:
- Мұғалім барлық карточкаларды араластырып таратады. Карточка біреуге көп, екіншісіне аз тиюі мүмкін. Бұл ештеңе етпейді.
- Бір-бірімен ақылдаспай әрқайсысы өз карточкасында не жазылғанын
оқиды да, оның әрқайсысын өз тиісті орнына жазуын жоғары қаратып
қояды. Мысалы бір карточкада «Үлкен адамның алдын кесіп өтпейсің
деп жазылған. Егер оқушы бұл айтылғанмен әрқашан келісетін болса,
онда ол карточканы орталық алаңға, келіспесе өзге алаңдарға қояды. - Барлық оқушылар карточкаларын қойып болғаннан кейін, тағы да өзгелермен ақылдаспай өзгелер қойған карточкаларды көріп шығады.
Егер біреу карточка дұрыс қойылмаған деп есептесе, оның жазуын
теріс қаратып қояды. - Бұл кезең аяқталған соң нәтижені талдаймыз. Теріс аударылмаған
карточкалар бүкіл сыныптың пікірін білдіреді. - Келесі кезең – теріс аударылған әрбір карточканы талдау. Сынып бұл карточканы осы алаңға кім қойғанын, ол кім теріс аударғанын
анықтайды. Одан соң бұл карточка шын мәнінде қайда тұруы керек
екендігі анықталады.
Бұл ойын балалардың моральдық нормалар жөніндегі білімдерін тексеруге, толықтыруға көмектеседі.
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
«ӘДЕПТІ БАЛА – АРЛЫ БАЛА»
Сабақтың мақсаты: Балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, әдеп, тәртіп туралы түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: «Жақсы қасиетке үйрету, жаман қасиеттерден жиренту арқылы адамгершілік сезімін дамыту.
Көрнекілігі: Түрлі-түсті суреттер, Абайдың портреті, буклет, нақыл сөздер:
«Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар»,
«Бір жылы сөз — бір күнге азық»,
Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі магнитофонда.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім:
— Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы — адамгершілік. Ата-ананың тілегі — сенің жақсы адам, азамат болуың, сенің Отан сүйгіштігің, оқу мен еңбектегі таныстарын ата-ана үшін шексіз бақыт. Ата-ана алдында шыншыл бол. Өзің үлкеннің ақыл-кеңесін тында. Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол.
Бойында осындай қасиеттер бар баланы біз қандай бала дейміз?
Оқушылар:
— Әдепті, тәртіпті бала дейміз.
Мұғалім:
— Тәртіптілік, ең алдымен, мектеп ережесін қатаң сактаудан басталады. Егер сен бала кезіңнен тәртіпті, әдепті бала болып өссең, есейе келе ата-анана, өз Отаныңның мақтанышы боласың.
Ақын Е.Өтетілеуов:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз — талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан — деген.
Біз осы әдептілік жақсы қасиеттер туралы қай сабақта оқып таныстық?
Оқушылар:
— «Ана тілі» сабығында.
Мұғалім:
— Дұрыс. Ана тілі сабағында өтілген тақырыптарда алған түсініктері бойынша қандай нәрселерді жақсы деп түсінесіңдер?
Оқушылар:
— Үлкенді сыйлау, көмек көрсету, кішіпейіл болу, жаман сөз айтпау, ұрлық істемеу, өтірік, өсектен, темекі тартудан аулақ болу т.б.
Мұғалім:
— Ал, енді қандай қасиеттерді жаман деп түсінесіңдер? Ол туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Қандай тақпақ білесіңдер?
Оқушылар:
— Өтірік, өсек, еріншек, айтқан сөзінде тұрмау т.б.
Мұғалім:
— Біз қандай да бір көңілімізге ұнаған жақсы нәрсені әдемі дейміз? Жаңағы әдептілік туралы айтқан сөздердің барлығы жақсы сөздер. Ендеше, әдептілік те әдемілік екен.
Ал, балалар! Әдептілікті өздерің қалай түсінесіңдер?
Бұдан әрі балалар әдептілік, жақсы мінез-құлық туралы жаттаған өлең-тақпақтарын айтады.
Оқушы:
— Дұрыс сәлемдесе білу де мәдениеттіліктің белгісі.
Мұғалім:
— Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдар, үлкен кісілер, мұғалімдер кездессе не деу керек?
Барлығы:
- «Сәлеметсіз бе?» деу керек.
Оқушы:
- Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатса, оған не деу керек?
Барлығы:
— «Көмектесейік» деу керек.
Оқушы:
- Байқаусызда біреумен қақтығысып қалсаң, оған сөз айтсан не деу керек?
Барлығы;
- «Кешіріңіз» деу керек.
Оқушы:
— Апаң сенің базардан