АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

 

 

 

«Қаржы» кафедрасы»

 

Реферат

 

Тақырыбы:  Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Кусаинова Т.К.

Тобы: «Финансы 01-03гр»                                    

                                                              Ғылыми жетекші: Адильбаева А.К.

 

 

 

 

 

 

 

                                 Алматы  2006 жыл

 

 

   

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

Кіріспе ………………………………………………………………………………………………..3

 

 

  1. Сақтандыру туралы жалпы түсінік …………………………………………….. 4
  2. Сақтандыру түрлері, оның экономикалық мәні ……………………………..9
  3. Қазіргі таңдағы сақтандырудың жаңаша жолдары …………………………13

 

Қорытынды ……………………………………………………………………………………..22

 

Қолданылған әдебиеттер ………………………………………………………………..23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Менің рефератымның тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі.  Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым, қазіргі кездегі   ҚР- ның сақтандырудың жағдайы мен қызметтері  туралы  мәліметтерді кеңінен білу.  Рефератым үш бөлімнен   тұрады. Бірінші бөлімде мен  мынадай  мәселелерді  қарастырдым: Сақтандырудың экономикалық мәні,  оның     түрлерін   және сақтанушылардың қандай мүдделері бар  екендігіне  тоқталдым.

Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері  есебінен  жүзеге асыратын  сақтық   төлем  арқылы  сақтандыру  шартында  белгіленген  сақтық  жағдайы немесе  өзге  де  оқиғалар  туындаған  кезде  жеке  немесе  заңи  тұлғалардың  заңды  мүдделерін  мүліктік  жағынан  қорғауға  байланысты  қатынастар  кешені.  Сақтандыру  процесі  сақтандыру  шарты  негізінде  не  өзара сақтандыру  қоғамына  мүшелік  негізінде  жүзеге асырылады.  Біздің  қоғамымыздағы  сақтандыру  өзі  өмір  сүрген  уақыт  ішінде  өзінің  қалыптасуы  мен  даму  процесіне   байланысты  айтарлықтай  өзгерістерге  ұшырады.  Сақтандыру  жиырмасыншы  жылдан  бастап,  сала  ретінде  өндіріс  процестерінің дамуына  және  ұлттық  табысты  бөлуге,  материалдық  игіліктерді  жасауға  ықпал  жасай  бастады.  Соңғы  жылдар  ішінде  сақтандыру  жүйелері  түбегейлі  қайта  құруларға   төтеп  берді.  Осыған  орай  отандық  сақтандыру  нарығын  демонополизациялаудың  нақты  фактісі  болып  әрі  осының  жалғасы  ретінде   айтарлықтай   жеделдікпен  альтернативтік  сақтандыру  компаниялары  пайда  бола  бастады.   Қазір  сақтандырушылардың  қызметтері  үшін  үлкен  кеңістік  бар.  Ондаған  тіпті  жүздеген  әртүрлі  мәртебедегі  әрі  сан  алуан  меншіктік  нысандағы  сақтандыру   ұйымдары  құрылуда.   Сақтандырудың  бұрынғыларынан  түбегейлі  өзгеше  жаңа  түрлері пайда  болып,   бұл  жерде  сақтандыру   жағдайындағы  орын  алған  олқылықтар  мен  кемшіліктер  ескерілген.  Сақтандырушылардың   қызметтері  мен  ұйымдарының  тәртібіне  қатысты  сауатты  жасалған  заң   шығару  актілерінсіз,  нарық  жоқ.  Өйткені  заң  сақтандыруды  қалыптастырудың,  дамытудың  негізі  болып  табылады.  Нарықтық  қатынастардың  қалыптасуына  орай,  өзге  салалармен  қатар сақтандыру  да  қазіргі  Қазақстанның  экономикадағы  ролі  арта  түсуде.  Қазіргі  кезде  сақтандырудың  ондаған  түрлері  бар.  Олар:  міндетті  әлеуметтік  сақтандыру,  өмірді  сақтандыру,   медициналық  сақтандыру,  көлік  және  мүлік  құралдарын  сақтандыру,  жүктерді  сақтандыру  және т.б. Соңғы  кезде,  еліміздегі  сақтандыру  ұйымдары  шетел  тәжірибелерімен  алмасуда.

     Қазақстанның  егеменді  мемлекет  ретінде  қалыптасу  жылдарында  сақтандырудың  құқықтық  негізін  қалаған  бірнеше  заң  актілері  қабылданды.  Қазақстан  Республикасындағы  «Сақтандыру  туралы»  бірінші  заң  1992 жылы  қабылданды.

    Қорыта келе,  Қазақстан  Республикасының  егеменді  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуы  қаржы  аясында  реформалардың  едәуір  өріс  алуын  талап  етеді.  Бұл  үрдісте  оның  құрамдас  бөлігі  іспетті  сақтандыру  жүйесі  маңызды  орын  алады.  Сақтандыру  ұйымдарын  кеңейтуге  мемлекет те мүдделі.  Сонымен, сақтандыру  нақты  адамдар  мен  заңды  ұйымдар  мүдделерін  сақтандыратын жағдайлар  салдарынан  сақтандыру  қорғанысын  қамтамасыз  ету  мақсатындағы  кәсіпкерлік  қызметтің  түрі.

 

1 Сақтандыру туралы жалпы түсінік

        Сақтандыру – қоғамның  экономикалық  қатынастарының  айрықша  сферасын   бейнелейтін  көне  категориялардың  бірі.  Сақтандыру  сферасы  адам  өмірінің, өндірістік  және әлеуметтік  экономикалық  қызметтің  барлық  жағын  қамтиды.  Сақтандыруға  түрткі  болатын  басты  себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп – қатерлі сипаты.  Сондықтан өндіріс   процестерін  жалғастыру,  азаматтардың  жекелеген  санаттарының  өмір  тіршілігі  мен  әл – ауқатын  қолдап  отыру  мақсатында  оларды  сатып  алу  үшін  қоғамның,  жеке  өндірушілердің,  олардың  топтарының (салалық  және  аумақтық  аспектілерінде (натуралдық – заттай  қосалқы  қорларын  да    немесе  резервтерін   де,  сондай – ақ   ақша  ресурстарында  кіріктіретін  қажетті   қаражаттары  болуы   тиіс.  Мұндай  ақша  қаражаттары  әдетте  резерв  пен  сақтық  қорлары  түрінде  қалыптасады. 

       Сақтандырудың  мақсаты  —   қоғамдық  ұдайы  өндірістің  үздіксіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  азаматтарды,  мүліктерді,  өндіріс  процестерін  қоғамдық  және  ұжымдық  қорғау  болып  табылады.

       Сақтандыру  категориясы  үшін  мына  белгілер  оған  тән  болып  келеді:

1 қатынастардың  ықтималдық  сипаты;

2 қатынастардың  төтенше  (жай  емес)  сипаты  (кез  келген  ауқымда  —  мемлекеттік,  аймақтық  деңгейде,  кәсіпорын  немесе  оның  бөлімшесі,  жеке адам  деңгейінде).

       Сақтандыру  категориясының  қаржы  категориясымен  ортақ  өзгеше  белгілері  бар:

— сақтық  қатынастарының  ақшалай  сипаты,

— сақтандырудың  қоғамдық  өнімнің  құнын  қайта  бөлуге  қатысуы,

— оның  іс – қимылы  ақша  қорларын  жасап,  пайдаланумен  қосарланып  отыруы,

— сақтық  қатынастарының  бір  бөлігінің  міндетті  сипатының  болуы.

— ақша  қорларын   жасап,  пайдалану  кезіндегі  сақтық  баламалылығы  барлық  жағдайда  бола  бермейді (қатынастардың  баламасыздығы).

         Сақтандыру  шеңберінде  мемлекет  сақтық  ресурстары  меншігінің  субьектісі   болып  келетіндіктен  сақтандыру  жалпы  мемлекет  қаржысының  құрамды  бөлігі  болып  табылады,  қалған   барлық  жағдайда  сақтық  ісін  (қызметті,  бизнесті)   экономикалық  жүйе  шеңберіндегі  айрықша  сақтанушыға  немесе  оның  қайта  бөлу  процестерін  жүзеге  асыратын    арнаулы  қаржы  кредит  институты  ретінде  қарауға  болады.

       Сақтандырудың    экономикалық  мәні  барлық  қатысушылардың  төлемдері  есебінен  оқыс  оқиғаға  ұшырағанға  көмек 

 көрсетілетіндігінде.   Демек,  сақтандыру  —  қолайсыз  құбылыстар  мен күтпеген   оқиғалар  болған   кезде  жеке  және  заңды   тұлғалардың  мүліктік   мүдделерін  қорғау  және   пайдалану   жөніндегі  қайта  бөлгіштік   қатынастардың  айрықша  сферасы.

         Сақтандырудың   экономикалық    мәніне  бұл  категориялардың  қоғамдық  арналымының   көрінісі   ретінде  оның  бөлу,  өтемдік,   жинақтық және   бақылау  функциялары  сай  келеді. 

     Бөлу  функциясы:   бұл  функцияның  өзгешілігі  қайта  бөлу  ретінде  көрінуі.  Ол  алдын  алу   функциясына,  мысалы,  алдын  алу  шараларын  қаржыландыру   жолымен   сақтық  жағдайының   болу  мүмкіндігін  жоюға  бүгіледі.   Жеке  басты  сақтандыруда  бөлу  функциясы  сақтандырудың  тиісті  түрлерінің  жинақтық  функциясына  бүгіледі.

     Бақылау   функциясы  сақтық  төлемдерін   жұмылдыруды   және  сақтық   қорын   қатаң   мақсатты   пайдалануды   қамтамасыз  етуге  байланысты   болатын   тараптардың   нақты  қатынастарында   көрінеді.

    Соңғы  уақытта  бірқатар  зерттеушілер   сақтандырудың   экономикалық  категориясын  сипаттау  үшін  тәуекелдік  функциясын  қарауды  ұсынады,  өйткені  сақтық  тәуекелі  сақтандырудың  негізгі  арналымымен  —  қолайсыз  оқиғалардан  болған  зиянның  орнын  толтырумен  байланысты.

       Сақтық   қатынастарының   бір  бөлігінің   салыстырмалы  жалпы   бағыттылығы   мен  (кең  арналымдағы  резервтік  қорларды  пайдалана  отырып)  қоғамдық  қорғаудың   жүйесі   арқылы   тиісті  ақша  қаражаттарының   арналымы  болады.   Бұл   қатынастар   мен   қорлар  байланысылған  және   жалпыұлттық  сипаты   бар  төтенше  оқиғаларды  ескертуге  және  жоюға   бағытталған.   Мұндай  жағдайларда   тұрақты  жұмыс  істейтін  қорлардан  басқа  (жалпымемлекеттік  материалдық  резервтерден,  Үкіметтің  резервтік  қорларынан)  кәсіпорынның ,  ұйымдардың,  халықтың   ерікті  қайырымдылықтары   есебінен  қосымша  қаражаттар  жұмылдыруы  мүмкін.  Бұл  қорлар  халыққа,   өндіріс   пен   инфрақұрылымның   обьектілерін   жаңғыртуға,  экологиялық   тепе – теңдікті  қалпына   келтіру  жөніндегі  шараларды  жүзеге  асыруға   келтірілген  зиянды   өтеуге  пайдаланылады.

     Қатынастардың  екінші  бөлігінің   біршама  тар  арналымындағы   қорларды  —  әлеуметтік   қорлар  мен  әлеуметтік   қамсыздандыру   қорын  жасап,  пайдалана  отырып,  азаматтардың    әлеуметтік   жағдайын  қорғаудың   бағыттылығы   болады.   Бұл   қатынастардың   іс —  әрекеті   халықты   әлеуметтік   қорғаудың   қажеттігімен   байланысты.

    Үшінші  бөлік  қатынастардың   тұйық  аясын   пайдалана   отырып  және  олардың   осы  жиынтығы  шегінде  бұл  қатынастардың                                                                                                                  баламалығына  жете  отырып,  адамдардың  денсаулығы  мен  әл –

ауқатын,  олардың   мүлкін,   сонымен   бірге   шаруашылық  жүргізуші   субьектілердің   мүлкін   сақтық  қорғау  жөніндегі   қатынастар  болып  табылады.  Бұл  —  жалпы,  сақтандыру  мен  өмірді  сақтандыру  және  шаруашылық   жүргізуші  субьектілер  үшін   мүлікті  сақтандыру.

    Сақтандырудың    жалпы  жүйесінің   салыстырмалы   дербес   бөлігі   медициналық   сақтандыру    болып  табылады.

      Сақтандыру   теориясында   жекелей   бағалау   әдісі,  орташа   шама   әдісі,    проценттер   әдісі  бар.

      Орташа  шама   әдісі   шағын  топқа  бөлшектенеді,  сөйтіп  қатердің

белгілері   бойынша   мөлшерді  анықтау  үшін   қолданылады,  мысалы,

сақтандыру   обьектісінің   баланстық  құнын,   өндірістік  қуатын,   технологиялық   циклдың   түрін  және т.б.

      Проценттер  әдісі  шикізаттар  мен  тағы  басқалардың  материалдарының  жаңа  түрлерін,  өнеркәсіптегі  жаңа  өндірісжағдайымен  сол  секілді  оның  технологиясының  өзгерістерінде, жаңа көлік  жүйесін  игеруде,  құрлықтағы, судағы, әуәдегі жол қатынастарының  жоғары  өткізіп  жіберу  әрі  тасымалдық  мүмкіндігі  бар  жерлерде  қолданылады.

   Нарықтық  экономикада сақтандыру қатердің  мөлшерімен тығыз байланысты. Қатерді туралау, тарату мен бөлу техникалық тәсілден құрылады, яғни бұдан іс жүзінде барлық сақтандыру кешенін өткізу ұйымдастырылады. Қатердің пайда болуы адамдардың еркі мен оқиғаның кездейсоқтығына тәуелді емес. Бұл күтпеген апат пен бақытсыздық оқиғасына қатысты болады. Адамзат қатерге тиімді бақылау қойып және де оның қажет емес әсер ықпалын ең аз мөлшерге дейін жеткізгенде ғана сол тиісті ғылыми  білімге, сол дәрежеге қол жеткізеді. Қатерді бағалау үшін нақты хабар (мәлімет) қолда болуы қажет.

Теория мен практика жүзінде экологиялық, көліктік, саяси және арнайы қатерлер деп бөлінеді.

Экологиялық қатер табиғи ортаның ластануымен байланысты, яғни нақты бір сақтандыру мүддесіне әкеп соғады. Көлік қатерлері автомобиль көліктерін, өзен, теңіз бен әуе кемелерін сақтандыруға келтіреді, сол секілді өзен, теңіз, әуә, автомобиль, әрі теміржол көліктерімен тасылатын жүктерді сақтандырылуына әкеледі.

Саяси (жазалау) қатерлер егемен мемлекет пен оның азаматттарына қатысты шет ел мемлекеттері тарапынан жасалатын құқыққа қарсы әрекеттеріне, шараларымен акцияларына байланысты. Бұл қатерлер сақтандырушының зор жауапкершілігінің ішіне кіреді.

Арнайы қатерлер деп – бұл ерекше құнды жүктерді тасымалдауды сақтандыру, мысалы, алтын, күміс және басқа қымбат заттар, металдар және олардан істелген бұйымдар, өнер шығармалары, қолда бар

ақшалар т.б. Осы қатердің мазмұны сақтандыру  шартындағы ерекше жағдайда атап көрсетіледі және де сақтандырушы жауапкершілігінің

көлеміне енгізіледі.Сақтандырушы құрылған сақтандыру қорынан сақтандыру оқиғасы пайда болған кездегі зардапқа өтем беруге сақтандыру шарты әрекет етіп тұрған бүкіл кезең бойына қаржы беруге дайын болуға тиіс. Міне, осылайша теориялық тұрғыдан сақтандырушы сақтандыру ісін жүзеге асырумен байланысты тек бір ғана өзгеше қатердің қауіп – қатеріне ұшырайды.

Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қоладнылады, олар: бюджеттік жіне сақтық әдістері.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамдың қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады, жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.

Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте — әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс, үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады.

Сақтандырудың экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету мен сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшылықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.

Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтануға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден бір бөлігі. Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына  қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуде түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін нарығында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық

тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.

            Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.

       Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін пайдаланылады. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі тиіс. Өз кегезінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсытыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардың қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.

       Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші  субьектілер  арасындағы  өзара  келісімшарт  міндеттемелерінің  кеңеюі сақтандыру  арқылы болатын кепілдіктердің берік  жүйесін  талап  етеді.  Тек  сақтандыру  негізінде  ғана  материалдық  игіліктерді  өндіру,  бөлу,  айырбастау  және  тұтыну  процесінде  пайда  болатын  қоғамдық  және  жеке  мүдделерді  қорғау  мүмкін  болады.

      Өтпелі  экономика  жағдайындағы  сақтандыру  институтының  ерекше  маңыздылығы  бірқатар  факторлармен  айқындалады. 

    Біріншіден, мемлекет  тарапынан  көзделген  шаралардың  сипаты  мен  көлеміне  қарамастан,  сақтандыру  халық  пен  ұйымдардың  түрлі  мүдделерін  қорғауға  мүмкіндік   береді. Қазіргі  кезде  табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайларды  жою  жөніндегі  шығыстардың  негізгі  ауыртпалығы  мүмкіндігі  обьективті  түрде   шектеулі  болып  табылатын  мемлекеттік  бюджетке  түседі. 

    Екіншіден, сақтандыру  механизмін  қазіргі  жағдайда  пайдалану   елдегі  кәсіпкерлік  қызметті  жедел  дамытуды, Қазақстан   экономикасының негізгі  салаларының  ерекшеліктерін,  оның  климаты  мен  географиялық  орналасуы,  экологиясының  деңгейін  ескере  отырып,  өндіріс  технологиясын  жетілдіруді  қамтамасыз  етеді.

          Сақтық  жүйесі  республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты. Сақтандыру табыс түсіру

мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды

инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі болып табылады.

    Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға н/е оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгеленген соманың шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.

    ҚР- ның Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

  • міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
  • сақтандыру обьектісі бойынша – жеке және мүліктік;
  • сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Біздің қоғамыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт ішінде өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бүгінде біздің мемлекетіміз экономикалық әрі саяси күрделі жағдайда тұр. Сақтандыру ұйымдары аталмыш қиындықтарды бастан кешіп әрі құбылмалы жағдайға икемделіп, өздері де өзгерістерге түсуде. Cоңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құрылушыларға төтеп берді. Осыған орай отандық сақтандыру нарығын демонополизациялаудың фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары құрыла бастады. Қазіргі сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен мүмкіншілік бар. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болды, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған олқылықтар мен кемшіліктер ескерілген. Нарықтық қатынастың қалыптасуына орай, өзге салалармен қатар, сақтандырудың да қазіргі ҚР – ның экономикасындағы ролі арта түсуде. Осы мақсатқа орай экономикалық инфрақұрылым мен сақтандыру ісінің өзінде инфрақұрылым құру үшін сақтандыру механизмі енгізілген. Сақтандыру тіпті де оп – оңай іс емес, керісінше бұл күрделі әрі сан қырлы экономикалық механизм. Біздің қоғамымыздың экономикалық өмірінде, оның ішінде сақтандыру ісінде нарықтық қатынасты құру, жетілдіру мен дамыту міндеттері алға қойылуда. Нарықтық экономика сақтандырудың негізі болып табылады. Осы себепті де нарық пен сақтандыру қатері өзара байланысты.

 

  1. Сақтандыру түрлері, оның экономикалық мәні

  Республика нарықтық өзгерістердің кеңейіп, тереңдеуі сақтандырудың рісін кеңейтіп, ықпалын да арттыруда. Әдетте, мемлекет халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде, техногендік, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, сақтандыру системасын ұтымды пайдаланады. Тұрақты әрі сапалы түрде сақтық беру жүйесінің болуы әрбір дамыған экономиканың айқын белгісі, бұған дәләе іздесек, дүние жұзінің көптеген елінде кездестіруге болады.

     Сақтандыру жүйесінің жағдайы тұрғындар мен шаруашылық субьектілердің сақтық мәдениетке және олардың сақтануға деген нық сенім дәрежесіне тәуелді болады. Қазақстанның Сақтандыру жүйесін орнықтыруда белгілі бір табыстарға қол жеткізілді десек те, қоғамға сақтандырудың рөлі және оның нарықтық экономикадағы орны мен даму өзгерістері туралы хабарламаларды әрдайым жеткізіп тұру қажет.

      Сақтандыру белгілі бір қауіптен туатын қаржылық проблемаларды жоюға арналғанын түсіну, жан – дүниеге кәдімгідей тыныштық береді. Бұл өз автокөлігін, үйін, т.б.с.с. мүліктерін сақтандырған иелер үшін қалай маңызды болса, дәл солай өнеркәсіп, сауда үшін де қажеттілігі өте актуалды мәселе. Шынында да, көптеген түрлі қауіптер туындайтын жағдайда, адам өзінің ақшасын кәсіпкерлікке неліктен жұмсауға тиіс? Ал егер адамдар түрлі кәсіпкерлікке қаржы жұмсамаса, бұл жұмыс орындарының қысқаруына, тұтыну тауарлары өндірістің азаюына, импорт көлемінің көбеюіне, халықтың жалпы тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мінеки. Осы әсерде, сақтандыру кәсіпкердің кәсіпкерлік іс — әрекеттеріндегі қауіптерінің қомақты бір бөлігін сақтандырушыға жүктейді. Мұны түсінуге сондай – ақ сақтандырудың көптеген міндетті түрлерін енгізуге итермелейді. Мысалы, бұл транспорт иелерінің А:Қ:Ж: , нотариустармен аудиторларды сақтандыру, ал 2005 ж. 1 шілдесінен бастап жұмыс беруші жұмысшыны еңбек міндеттеттемелерін атқарудағы өміріне зияндылық туғызатын жағдайдан азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру енгізілді.

      Сақтандырудың тағы бір жағымды жағы, ол кәсіпкерлердің белсенділігі мен іскерлігін ынталандырып, едәуір өсуіне ықпал жасайды. Бұл өз тарапынан өндірісті дамытуға капитал жұмсау арқылы асырылады, ал басқа жағдайда болса бұл қаржының келешектегі болжамды бір шығынды жабу үшін өтімді резерв ретінде сақтауға тура келеді. Сонымен қатар, орташа және ірі фирмалар төтенше жағдайға арналған қаржы резервтерін жасауы мүмкін, әрине ол қаржыны дер кезінде тез алу мүмкіндігі, әрі оны сақтау барысында есептелетін пайыздық ставканың төмендеуі қажет. Сақтандыру компаниялары мінеки осы жеңілдіктерді қамтамасыз ете алады.

      Сақтандыру компанияларында шоғырланған сақтық қорының арқасында, әрбір кәсіпкер, өз қожалығында жеке резервтік қор жасауынан гөрі, одан әлдеқайда келі қаржы жинап, өз кәсібін қажетті деңгейде сақтықпен қорғай алады. Әрине бұл жерде, сақтық алуға жұмсалатын жарнаны, кәсіпкерлікке болатын белгілі бір «шығын» деп есептеу керек. Сонымен қатар, кәсіпкер өзінің іскерлігін төмендетпей, сақтандыру компаниясымен жасалған серіктестік келісім арқасында, төніп қалады –ау деген қауіп – қатерге алаңдамай жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді. Қысқаша айтқанда, кәсіпкер өндіріс басқару, жүргізу барысында жан дүниесі бір қалыпта тыныштықта жұмыс істейді.

    Сақтық қажеттілігі, шығын ала жүретін қаржы келеңсіздігімен байланысты. Осы орайда сақтандыру компанияларының кәсіпорынның шығынын болжып, бақылауға деген қызығушылығы әбденорынды. Бұны жоққа шығарудың қажеті де жоқ, өйткені мекеменің шығынын болжап, бақылаудан бас тартса, онда ол сақтандыру компаниясы өзінің сақтық беру кәсібін де тоқтатуна мәжбүр болады.

    Сақтандыру компаниялары өзінің қарамағындағы орасан зор ақша сомаларын шоғырландырған. Бұл қаржының жиналуы, сақтық жарнаманың төлену күні мен сақтық талап бойынша төлем жасайтын құн арасындағы мерзім кезінде орын алады. Мысалы, сақтық жарнамасы қаңтар айында түсірілсе, ол сақтық талап сол жылдың желтоқсан айына дейін де, тіпті одан кейін де түспеуі мүмкін. Сақтандырушы ол ақшаны, заңды пайдаланушы ретінде, кез – келген сақтық төлемдеріне жұмсай алады. Сақтандыру компаниясы ұзақ мерзім бойы жиналған барлық ақшалардың жарнама төлемақыларын қожалық етеді. Аталған мол ақша мыңдаған жеке заңды тұлғалар салған сақтық жарнама төлемдерінен жиналатынын атап өткен жөн.

      Сақтандыру жүйесі  экономиканың бір саласы болып орын алуы, «амалсыз» жиналған қорлардың пайда болуына себепкер болады. Мысалы, өз үйін сақтандырып отырған кісіде акция, меншікке мүлік сатып алуға, не несиеге беруге артық ақшасы болмауы мүмкін ғой. Сондай кезде оның сақтық жарнама ретінде берген ақшасы басқа мыңдаған адамдардың сондай төлемдеріне қосылып мол қаржының басын құрайды, ол қаржыны сақтандыру компаниясы тиімді инвестициялық  салымдарға аударуына байланысты.

  Әрбір сақтандыру компаниясында, оның ішінде әрина «АСКО»-ның орны бөлек, сізге сақтықтың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіндіретін жоғары деңгейлі мамандар баршылық, олар кеңес пен көмегін аямай кез келген сақтыққа байланысты проблеманы шешіп беруге дайын.

  «АСКО» сақтандыру компаниясы КСОР –дағы ең бірінші мемлекеттік емес сақтандыру компаниясы. 1988ж. 7 қырқұйекте құрылды, құрамындағы жүздеген бөлімшелері мен филиалдары бар Кеңес Одағының барлық республикаларында орналасұан. 1991 ж. Компания Қазақстандағы филиалы өзінің дербес заңды дәрежесіне ие болды. Қазақстан «АСКО» компаниясы тұрақты дербес сақтандыру компаниясы ретінде жұмыс атқарып, халыққа сақтық қызметін жан –жақты көрсетіп

келуде.

  АСКО компаниясы Дос № 9 – 5/1 және ОС № 9 -5/1 лицензияларын төмендегі сақтандыру түрлеріне алған:

  1. Автокөлік сақтандыру.
  2. Мүлікті сақтандыру.
  3. Жүкті сақтандыру.
  4. Жазатайым сәтсіз оқиға және аурудан сақтандыру.
  5. Автокөлік иегерлерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
  6. Мүлікке зиян келтірудегі АҚЖ сақтандыру.
  7. Денсаулыққа зиян келтірудегі АҚЖ сақтандыру.
  8. Қоршаған ортаға зиян келтірудегі АҚЖ сақтандыру.
  9. Жұмыс орнында өз міндетін орындау кезінде жарақатталған жұмыскердің алдында жұмыс берушінің АҚЖ сақтандыру.

       Егер кісінің меншігіндегі мүлкіне зақым келген жағдайда н/е өмірі мен денсаулығына тиетін зиянды алдын алу мақсатында, олар сол зиянға байланысты шығынды орнын толтыру үшін, мемлекетке сенбей, өздері алдын – ала әрекет жасауы керек.

      Мемлекеттік бюджетке мұндай шығындарды жоспарланбаған, онда тек оқу –ағарту, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, денсаулық сақтау т.б. топтар құрылған. Бүгінде сақтандырудың бірнеше түрі қалыптасқан.

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру – азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің  бір бөлігін өтеу үшін мемлекетұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі.

ҚР- ң 2003 ж. 25 сәуіріндегі №405 -2 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңына сәйкес 2005ж. 1 қаңтарынан бастап Республикада Міндетті Әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілді. Аталған Заң ҚР –ның халықты әлеуметтік қорғау Концепцияда жүйені реформалаудың ең басты ерекшеліктерінің бірі — әлеуметтік тәуекелділікке ұшыраған жағдайда әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу болып табылады.

    Міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейі болып табылады және ол әлеуметтік тәуеклділік жағдайына тап болған, нақтырақ айтқанда, жұмыс істеу қабілетінен айрылған, асыраушысынан және жұмысынан айрылған жасанда сектор жұмыскерлерінқосымша әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталған. Сонымен қатар, әлеуметтік кепілдіктер мен еңбек заңымын алған жұмыскерлерді қорғау, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурудың әлеуметтік  — экономикалық зардаптарының ауыртпалығын азайту үшін негіз қалыптастыру мақсатында болашақта жұмыскерлердің еңбектік міндетін орындау барысында өмірі мен денсаулығына келтірілген зардаптары үшін жұмыс берушінің жауапкершілікке шақыратын міндетті сақтандырудың үшінші деңгейін енгізу қарастырылған.

    Заңға сәйкес әлеуметтік төқлемдер тағайындау құқығын өмір сүруде тәуекел етушілер, яғни еңбек қабілетін жоғалтқандар, асыраушысынан және жұмысынан айырылғандарқатарына жатқызған уақытта әлеуметтік аударым жүргізілген жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады.

    Әлеуметтік сақтандыру жүйесін басқаруға бірқатар мемлекеттік органдар қатысады. Атап айтқанда, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын жарнамаларды бақылау міндеті ҚР Қаржы Министрлігіне, оның ішінде жергілікті жерлердегі салық органдарына жүктеледі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін сақтау және есептеуді, инвестиция мәселесін ҚР –ң Ұлттық Банкі жүзеге асырады, міндетті әлеуметтік аударымдарды аккумулиралаумен Мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорының өзі айналысады.

  Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру, медициналық сақтандыру, көлік құралдарын, мүлікті, т.б. сақтандыру жатады.

  Медициналық сақтандыру  сақтандырушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына сәйкес медициналық қызмет көрсетулерді сұраған мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

  Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануына н/е жойылуы, соның ішінде айдап н/е ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара н/е толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

 

 

3.Қазіргі таңдағы сақтандырудың жаңаша  жолдары.

 Нарықтық экономикаға өтуге қарай келтірілген заңнын орнын толтырудың, табыс тұрақтылығын қамтамасыз етудің тиімді тетігі ретінде сақтандыруға үлкен көңіл бөлініп отыр. Ірі өндіріс орындарын жекешелендіру, жеке меншік пен жеке ынтаның үлесін арттыру, кіші және рота кәсіпкерлікті дамыту нарықтық қатынастардың тәуекелді сипаты сақтандыру қызметінің жаңа түрлерінің пайда болуына ықпал етті. Тұрақты саяси жағдай, экономикалық  және әлеуметтік реформалар сақтандыру саласында нарықтық қатынастардың қалыптасуына алып келеді. Бұны 1995 – 1997 жылдардағы сақтандыру нарығының өсуімен дамуын көрсететін нақты қызметімен айналысу құқығы 22 компанияда болса, ал 1997 жылдың орта шенінде жалпы жарғылық қоры 1084,5 млн теңгені құрайтын 58 сақтандыру ұйымының лицензиясы болды. 1997 жылдың 1 жартысында сақтандырудың барлық түрлері бойынша сақтандырудың төлемдерінің түсімі 1707,5 млн тенгені құрады, бұл 1996 жылдың  1 жартысымен салыстырғанда 3,7 есе көп. Осы жылы 166 млн тенге сақтандыру өтемі төленді, бұл 1996 жылдың 1 жартысымен салыстырғанда 1,6 есе артық. Сақтандыру ұйымдары 89 млрд 285 млн тенге мөлшеріндегі жауапкершілікті өз мойнына алуға мүмкіндік беретін 1946,8 млн тенге сомасында сақтандыру резервін қалыптастырды.

Қазіргі нарықтық сектордың қалыптасу ерекшелігі, атап айтқанда, жекешелендіру мен мемлекет игілігінен алу қарқының сақтандыру қызметіне сұраныстың құрылымына әсер етті. 1997 жылдың 1 жартысында сақтандырудың барлық түрлері бойынша сақтандыру төлемдерінің түсімі 1707,5 млн тенгені құрады, оның ішінде автокөлік құралдары егелерінің азаматтық – құқықтық жауапркешіліктерін міндетті сақтандыру бойынша – 1119,5 млн тенге және тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы жауапкершілігінен 41,3 млн тенге түсті. Ерікті түрде сақтандыру бойынша 546,7 млн тенге, сондай – ақ жеке сақтандыру бойынша 222,7 млн тенге, оның ішінде жазатайым оқиғалар мен аурулардан сақтандыру бойынша – 131 млн тенге, денсаулықты сақтандырудан – 79,9, өмірді сақтандырудан – 11,8 млн тенге түсті. Мүліктік сақтандыру бойынша 324 млн тенге түсті, оның ішінде жүктерді (121,3 млн тенге), жылжымайтын мүлікті (70,5 млн тенге), жер бетіндегі көлікті (49,8 млн тенге), мүліктің өзге түрлерін (43,2 млн тенге) сақтандыра бойынша түсім көп болды.

  Көріп отырғанымыздай, өмірді сақтандыру, азаматтардың жеке меншігін сақтандыру (атап айтқанда, тұрғын үйді), зейнетақылық сақтандыру әзірге нашар дамып отыр. Сақтандырудың осы көрсетілген түрлеріне сұранымның жоғарылауы, ең алдымен, өндіріст дамуына,халықтың жағдайының жақсаруына байланысты.

      Тікелей сақтандыру компаниялары(сақтандыру қоғамы,сақтандыру компаниясы),яғни сақтандыру операциялары жүргізетін мамандандырылған ұйымдар сақтандыру нарығының негізгі мүшелері болып табылады.Міне осылар сақтандырушыларға келтірілген зиянның орнын толтыруға арналған ерекше,өзіндік қорларды (сақтандыру резервтерін) қалыптастырады.

 Сақтандыру компанияларының қызметі-қызмет көрсету саласына жатады және сақтандыру беруді жүзеге асырады,ол бойынша сақтандыру оқиғаларының алдын — ала келісілген салдары туындаған кезде сақтанушығаақшалай төлем алу құқығын береді,сондай ақ сақтандырушының тиісті сақтандыру төлемдерін төлеу міндеттемесі. Сондықтан клиент қайғылы немесе қиын, қауіпті жағдайға душар болған кезде сақтандыру  компаниясының әрқашанда көмекке келуі (зиянның ортын толтыруы) оның негізгі тауары болып табылатынын клиенттің де, сақтандырушының да білгені өте маңызды.

Сақтандыру полисі сақтандыру қызметін сатудың құжаттық куәлігі болып табылады. Сақтандыру қызметінің ерекшелігі, атап айтқанда, оның көзге көрінбейтіндігі, сатушыға «тауарды» көрсету, әрбір нақты сатып алушыныңсенімін қалыптастыру кезінде қатан талаптар қояды.

Сақтандыру жасау жөніндегі операцияларды сақтандырудың ерікті, сондай – ақ міндетті түрлері бойынша сақтандырушыны таңдап алуға ерікті. Сондықтан, барлық қазақстандық ұйымдар заң жүзінде бірдей жағдайда. Олардың  сақтандыру операцияларынөткізуге қатысу деңгейі өздерінің қаржылық мүмкіндіктеріне, осы салада жұмыс істеу қабілеті мен ынтасына, тиісті лицензиясы мен сақтандыру ережелерінің болуына байланысты анықталады.

Шетелдік заңды тұлғалар мен шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын құруға қатысуы қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етілгенін атап айту керек. Бұл ретте олардың жарғылық капиталдағы үлесі 50 % аспауы керек Бұл талап ұлттық сақтандырушыға қатысты мемлекеттік саясатта қазақстандық заңдардың қолдану көрсететінін айғақтайды.

Ұлттық сақтандыру нарығында шетелдік сақтандыру компаниялары жағынан бәсекелестікті шектеу жөнінде қабылдаған шаралардың тиімділігі сөзсіз, себебі бүгінгі күн бірде – бір жергілікті  сақтандыру.

Әзірге Қазақстанда сақтандыру компанияларын тек екі ұйымдық құқықтық формада ғана жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және акционерлік қоғамдар ретінде ғана құру мүмкін болып отыр.Жаңа заңда сақтандыру компанияларының дүние жүзіне танымал ұйымдық-құқықтық формасы болып табылатын өзара сақтандыру қоғамы туралы айтылмаған. Бұл-қызмет ету саласы өте шектелген сақтандыру кәсіпорындарды, орар осы қоғамда тұратын тұлғалардың немесе ұйымдардың мүдделерін ғана қамтиды. Бүгінгі күні кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бірқатар салалар менауқымдарды түгелдей сақтандыруды ең тиімді формасы ретінде өзара сақтандыру қоғамдығын құру мүмкіндігін заң жүзінде бекіту қажеттігі туындап отыр.

Қайта сақтандыру — бұл экономикалық қатынастар жүйесі, осыған сәйкес сақтандырушысақтандыру портфельінің тепе – тендігін, қаржы тұрақтылығын және сақтандыру операцияларының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өзінің қаржы мүмкіндіктерін ескере отырып тәуекелдердісақтандыру және олар бойынша жауапкершіліктіңбір бөлігін келісілген жағдайларда өзара сақтандырушыларға береді.Қазіргі өндірістің тығыз шоғырлануы және материалдық құндылықтардың қымбатшылығы кезінде тек қайта сақтандыру тетігі ғана сақтандырушыға ірі сақтандыру компанияларының ғана емес, кейде тіпті жеке сақтандыру нарығының мүмкіндіктерінен де асып  түсетін кең ауқымдығы тәуекелдерді, шығынды өз мойындарына алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі тәуекелдердің таралуы тек ұлттық эканомика шеңберінде ғана емес, шаруашылық байланыстардың нығаюын ескерсек, ол халықаралық сипатқа ие болып отыр.       

Бірігіп сақтандыру қайта сақтандырудың құрамдас бір бөлігі болып табылады, онда екі немесе бірнеше сақтанрдырушы өз үлестерімен бір ғана сақтандыруға қатысады, әркімнің өз үлесіндегі сақтандыру сомасына сәйкес біріктірілген немесе жекелеген полистер беріледі. Қайта сақтандырушыға қайта сақтандыру үшін берілген тәуекел кейіннен толығымен немесе жеке бөліктерімен келесі сақтандыру қоғамына (ретроцессия) берілетіне қарамастан, қайта сақтандыру кезінде сақтанушы қатынастарына (сақтандыру шартын жасаған сақтандыру компаниясы) түседі,міне бұл — қайта сақтандырудың біріп сақтандырудан айырмашылығы.

Шет елдерде қайта сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының міндетті мүшесі болып табылды. Олар, негізінен өзіндік жарғылық қоры экономиканың әр түрлі салаларына салынған ірі қорлары бар мамандырылған ұйымдар. Қазір Қазақстанда 14 компания қайта сақтандыру операцияларын жүргізеді. Алғашқы маманданған «АСКО РЕ» қайта сақтандыру компаниясы құрылды. Бұл бағыттағы тәжірибелі сақтандырушылар жинақталуда. Қайта сақтандыру шарттарын жасаудын сақтандырушының міндетіне жүктеу үшін істелген адамдар сақтандыру ұйымдары міндеттерінің ауқымын жеке шарттар бойынша өзіндік қаражат сомасын 10 процесімен шектеу заңды талап болды. Көрсетілген мөлшерден артып кеткен жағдайда компанияның мүмкіндігі жетпейтін жауапкершіліктің тиісті бөлігі қайта сақтандыруға беріледі. Бірақта, әлі күнге дейін сақтандыру заңдарында сақтандыру нарығындағы маманданған қазақстандық қайта сақтандырушының орны анықталмаған, қайта сақтандыру тетігі қызметінің негізгі түрлері әлі де толықтай ойластырылмаған.

Отандық қайта сақтандыру жүйесі сақтандыру нарығында өз мүмкіндіктерімді түгелдей пайдалану арқылы қазақстандық және шетелдік сақтандыру мен қайта сақтандыру компанияларында ірі тәуекелдерді сенімді орналастыру бағытында даму керек.         Қазақстанның сақтандыру нарығының ауқымын кеңейту маманданған сақтандыру орындару және бірігіп сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асады. Қазірдің өзінде сақтандырушылар қызметінің аясы үйлестіруді көп қажет ететін сақтандыру түрлерін қамтып отыр. Бұл, ең алдымен, мұнай — газ өнеркәсібі кешендерін сақтандыру, ауыл шаруашылық, қаржы тәуекелдерін сақтандыру, экологиялық сақтандыру.

Сақтандыру долдары болып табылатын сақтандыру агенттері мен брокерлері сақтандыру нарығының мүшелеріне жатады, олар өз күштерімен сақтандыру шарттарын жасауға қолғабыс жасайды. Делдалдықтың осы екі формасының айырмашылығын білген жөн. Сақтандыру агенті – белгілі бір компанияның өкілі, ол оның атынан және соның тапсырмасы бойынша жұмыс істейді. Сақтандыру брокері – бұл сақтанушы мен сақтандырушы арасында өз атынан жұмыс істейтін тәуелсіз делдал (жеке және заңды тұлға).

Жақсы дамыған компанилар сақтандыру полистері агенттіктер желісі арқылы тартылады. Сақтандыру агенттері мен брокерлерінің шеберлігі соңғы нәтиже бойынша анықталды. Біріншіден, агенттің компаниға қандай төлемдер алып келгеніне байланысты. Екіншіден, сақтандыру шарттарын жасағаннан кейін және сақтандыру жағдайы туындаған кезде тұтынушылар компания туралы қандай пікір қалыптасатына байланысты. Сақтандыру агенттері мен брокерлі тұтынушылар үшін сақтандыру қызметі туралы ақпараттың көзі болып табылады, олар сақтанушыларда компания туралы пікірді қалыптастырады, тұтынушылардың одан ары да осы компания қызметін пайдалануы да осы делдалдарға байланысты. Ең ақыры, сақтандыру агентінің шеберлігі арқылы компанияның қаншалықты сенімді және заңды екендігін бағалайды.   Сақтандыру агенттерін дайындау мен олардың жұмысына үнемі көңіл бөлетін сақтандыру компанияларының менеджерлері әуелден  дұрыс істейді. Ірі шетелдік сақтандыру компанияларының өз агенттерін оқыту және оның жұмысын бақылауға жылына 10-15 мың долларға дейін ақша бөлу тәжірбиесіне ден қою керек. Сақтандыру нарығының қалыптасу кезеңінде сақтандыру кәсіпкерлігін басқарудың жоғарғы сатысы үшін мамандар даярлаумен Қазақ Басқару Академиясы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті айналысады. Бұрынғыдай төменгі сатыдағы мамандарды (сақтандыру агенттерін) даярлау жүйесі әлі де жоқ. Сондықтан жаңадан құрылған сақтандыру өкілдерін дайындаумәселесін өзінше шешеді. Оны сақтандыру агенттерін дайындау мектептерін немесе сақтандыру кәсіпкерлігі мектептерін құру арқылы жүзеге асады, онда сақтандыру ережелерін және сақтандыру туралы шарт жасау техникасын игерумен қатар, іскерлік психологиясы, іскерлік байланыс шеберлігін оқыту көзделген.

Сонымен бірге республикада жұмыс істейтін шетел компанияларының білімі мен тәжірибесін қолданудың маңызы зор. Сақтандыру делдалды жүйесі арқылы полистерді тарату кезінде сақтанушылардың сұранымы жақсы қанағаттандырылады, себебі оларға әр түрлі сақтандыру компанияларының қызметі арзан бағамен ұсынылады.

         Бүгінгі күн республиканың сақтандыру нарығындағы сақтандыру делдалының орны іс жүзінде анықталмаған. Бізше, ең дұрысы, делдалдық қызметтілицензиялау тәжірибесін, сондай – ақ осы қызметтің тәртібі мен жағдайларын нормативтік анықтау, сақтандыру делдалының міндеттерін және қызмет түрлерін анықтау керек. Біздің ойымызша, белгілі бір сақтандырушының өкілі болып табылытын сақтандыру агенті лицензиясы да жұмыс істей алады.

Сақтандыру өнімен сатып алушы немесе сақтанушы сақтандыру нарығының тікелей, негізгі мүшесі болып табылады. Қазіргі уақытта сақтандыру қызметін пайдаланушылар нарығы және олардың мүдесі сапа және сан жағынан өзгерген. Нарықта коммерциялық банктер, биржалар, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, кіші және орта кәсіпкерліктің өкілдері, шетел инвесторлары сияқты жаңа экономикалық жағдайдағы тұтынушылардың сұранымен анықтай алады және тұтынушының нақты сұранымдарына сәйкес жаңа сақтандыру өнімдерін жасауға, ұсынуға, ескілерін жаңартуға мүмкіндігі бар. Түсіндіру және жарнамалау қызметі арқылы сақтандыру компаниялары, сондай – ақ қазіргі сұранысқа, қажеттілік пен сатып алушының қалауларына елеулі түрде әсер ете алады. Шетелде кең тараған, бірақ отандық тұтынушыға әлі белгісіз сақтандыру түрлерін сақтандыру ісіне енгізу бойынша қазақстандық сақтандырушылар үлкен жұмыс жүргізу керек. Азаматтық – құқықтық және мамандық жауапкершілікті, өнімді өндірушілердің жауапкершілігін сақтандыру, экологиялық сақтандыру алдыңғы қатарға шығады деп ойлаймыз.

Сақтандыру мәдениетінің, сақтандыру өнімдері туралы білім деңгейінің төмендігін, сақтандыру түрлерінің артықшылығы туралы ақпараттың аздығын, қажетті қызмет түрлерінің жоқтығын атап өткен жөн. Осындай келеңсіз жағдайларды жою ұлттық, сақтандыру нарығының дамуына ықпал ететіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасы сақтандырушылар Ассоциациясының және Сақтандырушылық ойлауды қалыптастыру, дүниежүзілік тәжірибеде кеңінен қолданылатын сақтандыру түрлерін енгізуге қолғабыс ету бойынша жүргізілген қызметі жылдан – жылға артып отыр. Ассоциация мен Одақтың қатысуымен сюрвейерлер (мүлікті бағалау жөніндегі мамандар) институтын, мамандандырылған заң фирмаларын рейтингтік, тиімді есептеулер орталықтарын, кеңестік – талдамалық орталықтарды, сақтандыру аудиті фирмаларын құру жөніндегі мәселелер қарастырылуда.

Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасы жылдарында сақтандырудың құқықтық негізін қалаған бірнеше заң актілері қабылданды.

Қазақстан Республикасындағы «Сақтандыру туралы» бірінші Заң 1992 жылы қабылданды. Ол осы саланы реттеу жұмыстарының жалпы бастамаларын ғана анықтады, онда сақтандыру ісінің дұрыс және реттелікпен дамуы үшін қажетті – сақтандырушылардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайы және олардың төлем қабілерінің кепілдігі, сақтандыру қызметіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру және оны лицензиялау сияқты бірқатар ережелер болмады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылы 16 сәуірдегі Заң күші бар «Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөніндегі ұйымдық – құқықтық шаралар туралы» Жарлығы осы кемшіліктерді болдырмауға бағытталды. Ол ұсақ және тұрақсыз сақтандырушылардың іріктелуіне мүмкіндік берді.

Сақтандыру іс саласындағы қатынастарды реформалардың халықаралық          сақтандыру кәсіпкерлігіне кірудің қажеттілігі ескеріле отырып, 1995 жылы 3 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Сақтандыру туралы» Жарлығы шығарылды.Осы заң актісінің жүргізілуімен Қазақстанның сақтандыру нарығында төменгідей жағдай қалыптасты:

  1. Сақтандыру нарығының барлық меншік формалары субъектілерінің заң алдындағы құқықтары теңдестірілді, яғни олардың құрылуы, қызмет етуі және дамуы үшін бірдей жағдайлар берілді.
  2. Сақтандыру іс демонополизацияланды.
  3. Белгілі бір шарт бойынша қабылданатын жауапкершіліктің мөлшері мен өзіндік қаражат арақатынасының нормативті заң жүзінде белгіленді.
  4. Өмірді сақтандыру және сақтандырудың өзге түрлерімен айналысатын ұйымдар үшін шектеулер енгізілді.

Қазақстанның сақтандыру нарығы шетел капитал үшін жартылай ашылды. Тіптен, жартылай ашылған нарық – бұл шетел қаржысының, білімі мен тәжірбиесінің түсімі ғана емес, ол жергілікті және дүниежүзілік нарықта шетелдік және қазақстандық инвестицияны қорғаудың кепілі.

  1. Сақтандыру компаниясының сақтандыру жауапкершілігі кезінде шектеулердің ең төменгі жағдайлары – шетелдік қайта сақтандырушыға тәуекелді беру кезу кезіндегі анықталды.
  2. Субъектілердің сақтандыру нарығында сақтандырушыларды, делдарларды, қайта сақтандырушыларды өз еркімен таңдауына рұқсат берілді.

Сонымен бірге, сақтандыру қызметінде болып жатқан сапалық өзгерістер Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүделерін ескере отырып, сақтандыру субъектілерінің құқықтық қатынастарын дүниежүзілік тәжірибе деңгейіне жетісу үшін, оны кезең бойынша жетілдіру қажеттігін қойып отыр. 

         Сақтандыру ұйымдарының сенімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету сақтандырушылар үшін де, мемлекет үшін де өзекті мәселе болып табылады.  Сақтандырушылар ерекше, өзіндік тауарды ұсынады, сатып алушы (сақтандырушы) оны кез – келген, сатушы ойламаған сәтте талап етуі мүмкін, сақтандырушының сақтану төлемдерін төлеу және сақтандырушының сақтану төлемдерін төлеу және сақтандырушының келісілген оқиғалар туындаған кезде сақтандыру, өтемдерін төлеу міндеті арасында уақыт айырмашылығы болады. Осы уақыт айырмашылығы біраз уақытты алуы мүмкін, сондықтан сақтанушы сақтандырылған оқиға кезінде сақтандырушының қаржы жағдайы қандай болатынын алдын – ала анықтай аламайды.

Сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттерге сәйкес өзіндік активтердің жеткіліктілігі сақтандырушы сенімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Төлем қабілетінің (жеке шарттар бойынша міндеттер көлемін шектеу) қолданылып жүрген кепілдіктер жүйесі сақтандыру ұйымдарының қаржы тұрақтылығын толығымен қамтамасыз ете алмайды. Сақтандырушы белгіленген тіртіпті бұзбай, шексіз көп шарттар бойынша жауапкершілікті ала алады, бұл алынған міндеттер көлемінің оның активтерінен бірнеше есе артуына алып келеді.

ЕО елдерінің соңғы жылдарда төрт арнайы Директива сақтандырдың төлем қабілетін бағалау мәселесіне арналды. Қазір, сақтандырушының төлем қабілетін бағалау әдісі – көптеген параметірлерді ескеретін  күрделі процедура, олардың ішінде өзіндік қаражаттың және қабылданған міндеттердің арақатынасы ең негізгі көрсеткішболып табылады. Бұл көрсеткіш ТМД елдерінде де сақтандыру сенімділігінің өлшемі қызметін – атқарады.

Осыған байланысты сақтандыруды қадағалау департаментіне сақтандырушылардың төлем қабілетінің мөлшерін өздігінше тағайындау құқығын беру дұрыс сияқты.

 Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу қаржы тұрақтылығына қадағалау жүргізуге байланысты болды. Жарғылық қор сақтандырушылардың тұрақты істеуінің негізгі элементі болып табылады. Әсіресе, оның компания жұмысын бастауыүшін маңызы зор. Сондықтан сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру туралы мәселені шешу кезінде, ең алдымен, қалыптастырылатын жарғылық  қордың мөлшеріне, оның ақшалай және мүліктік бөліктерінің жағдайына көңіл бөлу керек.

Республиканың сақтандыру нарығында шетелдік ұйымдардың қатысуымен құрылған сақтандыру ұйымдары елеулі орын алып  отыр.

Олар қаржылық жағдайды нығайтумен қатар, халықаралық  тәжірибені, жаңа технологияларды енгізуге, отандық сақтандырушылардың  дүниежүзілік сақтандыру нарығына шығуына ықпал етті.

Ірі сақтандырушылардың қызметі, сондай-ақ шетелдік қаржымен істелген жұмыстары уақыт өте келе жергілікті және  халықаралық деңгейде шетелдік және қазақстандық инвестициялардың  кепілі болады, бұл бюджеттің үлесін азайтады, республика экономикасына сыртқа жіне ішкі қаржыны тартуды ынталандырады.

Сақтандыру резервтерінің болуы – компаниялардың төлем қабілеті үшін қажетті жағдай. Ғылыми негізделген тарифтік  саясат сақтандырушылардың қабылдаған міндеттері үшін резервтің жеткіліктігін қамтамасыз етеді. Сондықтан  Сақтандыруды қадағалау департаменті лицензиялау кезінде тарифтік ставкалардың есептеулерін мұқият ( ыждағатты) тексереді және оны бекітеді.

Статистикалық және бухгалтерлік есеп мәліметтерін талдау сақтандыру компанияларының даму тенденцияларын бақылауға мүмкіндік береді. Егерде компанияда қаржы тапшылығы туындаса, онда Департамент осы туындаған жағдайдан шығу жоспары бойынша нұсқама жібереді. Қаржы жағдайын сауықтырудың шамаланған жоспары барлыұ сақтандыру ұйымдарына таратылады. Онда тарифтік саясатты өзгерту, инвестициялық қызмет тиімділігін арттыру, қайта сақтандыру бағдарламасын  жетілдіру, компанияның пайда түсіретін қызмет түрлелімен айналысу  тәжірибесі жеткілікті болатын сақтандырудың түрлеріне ден қою сияқты шаралар қарастырылған.

Егер сақтандырушы жеке шарттар бойынша өзіндік қаражат сомасының 10 процентінен артынан міндеттер қабылдайтын болса, онда оған осындай тәуекелдерді қайта сақтандыру ұсынылады.

Мысалы, қазір қазақстандық сақтандырушыларда мұнай операцияларын сақтандыруға қажетті қаржы құралдары жеткіліксіз. Сондықтан бұл іске халықаралық қайта сақтандыру компанияларының қайта сақтандыру жүйесін тарту керек, олар ірі тәуекелдерді сақтандыру өтемдеріне сұранымды қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бірге шетелдік кредиттерді беру, мұнай — газ саласына қосымша шетелдік инвесторларды тарту жағдайларының бірі болады.

Сақтандыру компанияларының ойластырылған исвестициялық саясаты сақтандырудың сенімділігін жоғарлатады. Сақтандыру резервтерінің  заемдық сипаты сақтандыру төлемдерін өтеуге және сақтандырушылардың мүддесін қорғауға кепілдік беретін инвестицияларды таңдау кезінде сақтандырушыдан дұрыс,  тиімді шешім қабылдауды талап етеді. Бұл жағдай «Сақтандыру туралы» Жарлыққа бекітілген, онда сақтандыру резервтерін орналастырудың негізгі бағыттары жіне оларды орналастыру жағдайлары – диверсификация, қайтымдылық, пайдалылық және өтімділік  анықталған. Мемлекеттік құнды қағаздар, банкілік депозиттер қозғалмайтын мүлік, шетелдік валютада көрсетілген валюта және құнды қағаздар инвестициялық нұсқалардың ең тиімді жиынтығы болып табылады, лоар өтімді инвестициялық портфельді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жылжымайтын мүлікке  қатысты операцияларға сақтандырушы өз активінің азғана бөлігін салғаны жөн, себебі сақтандыру  резервтері ұтқыр және өтімді болуы керек, ал жылжымайтын активтерді үнемі жылдам және тиімді сата алмайсыз. Егер де сақтандыру компаниясы жинақталатын  сақтандыруға (накопительтном) маманданған болса, онда орта мерзімде инвестициялардың үлесін арттыруға болады.

Алғашқы әр түрлі себептер бойынша зиянның елеулі бөлігі орнына келтірілмеген еді. Мысалы, кінәлі тұлғаларда қаражаттың болмауынан, яғни көлік құралдарының иесі,  әсіресе кінәлаушы соттық жауапкершілікке тартылса немесе жол көліктік оқиғалар кезінде қайтыс болса. Қазіргі кезде жол көліктік оқиғалар кезінде жүргізушінің кінәсәнен үшінші тұлға қайтыс болса, оның мүлігіне зақым келсе немесе жойылып кетсе, онда сақтандырушы сақтандыру өтемін төлеуге міндетті. Сақтандыру өтемінің мөлшері келтірілген зиянның дәрежесіне байланысты анықталады.

1997 жылы міндетті сақтандырудың тағы бір түрі – ауыл шаруашылығы өндірісін сақтандыру енгізілді.  Бұл ауыл шаруашылығы сияқты тәуекелді салада егінді, мүлікті, малды қорғауды күшейте түседі.

Қазақстанда мұнайдың  ірі қорлары бар, бұл салаға негізгі шетелдік инвестициялар тартылған, сондықтан да мұнай операцияларын сақтандыру өзекті мәселе болып  табылады. Каспий шельфін игеру және теңіз арқылы мұнайды тасымалдау барысында мұнаймен ластану нәтижесінде келтірілген зиян үшін кеме иелерінің операцияларды жүргізу мұнайды игеру барысындаадам денсаулығыны зияне келуіне, қоршаған ортаның ластануына алып келетін ойламен оқиғалар сияқты кең ауқымды тәуекелдермен байланысты болады. «Мұнай туралы» Заңға енгізілген түзетулер жақында бекітілді. Онда үшінші тұлға алдындағы жауапкершілікті, қоршаған табиғи ортаның ластану, сондай-ақ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру қарастырылған.

Өзекті әлеуметтік-экономиклық мәселелердің бірі- зейнетақы реформасы. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары- бұл зейнетақы мен жәрдемақы төлеу үшін ақша қаражаттарын жинақтаумен айналысатын ұйымдар. Әрбір зейнетақы қоры өз ережелеріне сәйкес жұмыс істеді және лоар халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінен өзге жеке ұйым болып табылады. Халықтың зейнетақы қорларын және зейнетақы салымдарын сақтандырудың міндетті нормасы, зейнетақы қорларының тұрақты және тиімді қызметінің кепілі  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Мен жұмысымды қортындылай келе ,сақтандыру нақты адамдар мен заңды үйымдар мүделерін сақтандыратын жағдайлар сандарынан сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметінің түрі.Сақтандырушы тиісті тәртіппен тіркеуден өткен,сақтандыруды өз қызметінің түрі ретінде жүзеге асырушы заңды ұйым.Сақтандырушы-сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан ұйым немесе жеке адам.Сақтандыру туралы алғаш ұйым 1991 ж 22 қаңтарында құрылды.Сақтандыру міндеті және еркіті сақтандыру түрінде жүзеге асырылды.Міндетті сақтандыру – заң күшімен жүзеге асырылатын сақтандырлу..Ерікті сақтандыру тараптарының ықылас білдіруіменжүзеге асырылатын сақтандыру.Міндетті сақтандыру ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Казахстан Республикасы Министірлер Кабинеті белгілейді. Республиканың сақтаныру нарығында шетелдік ұйымдарының қатысуымен құрылған сақтандыру ұйымдары елеулі орын алып отыр .Олар қаржының жағдайды нығаитуымен қатар , халықаралық тәжірибені, жаңа технологияларды енгізуге,отандық сақтандырушылардың дүниежүзлік сақтандыру нарығына шығуна ықпал етеді. Сақтандыру мәдениетінің, сақтандыру өнімдері туралы білім деңгеиінің төмендігін, сақтандыру артықшылығы туралы ақпараттың аздығын, қажетті қызмет түрлерінің жоқтығын атап өткен жөн.Осындай келеңсіз жағдаиларды жою ұлтық, сақтандыру нарығының дамуына ықпал ететіні сөзсіз.   Сақтандыру ұйымдарының сенімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету сақтандырушылар үшін де, өзекті мәселе болып табылады.Сақтандыру қызметінің мемлекеттік реттеу қаржы тұрақтылығына жүргізуге байланысты.Қазахстанның сақтандыру нарығының ауқымын кеңейту маманданған сақтандыру орындары және бірігіп сақтандыру жүиесі арқылы жүзеге асады.Қазірдің өзінде сақтандырушылар қызметінің аясы үилестіруді көп қажет ететін сақтандыру түрлерін қаштып отыр.Қазіргі кезде Қазахстаның сақтық  рыногы қатысушылардың ассоциациясы құрылған.Ассоциоцаның негзгі міндеттері Қазахстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтың мәдениетінің деңгеиін артыру болып табылады.Соңғы жылдары сақтықтың отандық рыногондаон тенденциялар байқалуда. 2003 жылы сақтық сыйлықақыларының көлемі 27,1% -ға көбейіп, 25.9 миллиард теңгені құрады.Міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйлық ақыларарының көлемі136,4%-ға өсті.Қазіргі кезде Қазахстанда 34 сақтық ұыймдарының сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар, соың ішінде 6 шетелдіктің қатысуымен және  2-өмірді сақтандыру бойынша, 27-і көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ні міндетті сақтандыру бойынша лицензиялары бар.Сақтандыруды дамыту заңнамалық базаны, мемлекеттік салық бюджеті және ақша — кредит саясатын жетілдіруге,сақтық қызметін қадағалау санасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Қ.Қ. Жүйріков «Қазақстандағы сақтандыру: күрделі мәселелер мен дамудың болашағы» Алматы, 1994ж.

 

  1. Ж.Тамашева «Сақтандыру – экономиканың бір саласы»

                  Алматы ақшамы,  2004ж. 19 тамыз

 

  1. С.Нартаев «Әлеуметтік сақтандыру кімді қорғайды»

                  Қазақ елі,   2005ж. 25 сәуір

 

  1. О.Лер «Сақтанушының мүддесін қорғау»

                  Қаржы – қаражат,  7/1997ж.

 

  1. О.Лер «Жаңаша сақтандыру жолдары»

                  Қаржы – қаражат,  12/1997ж.

 

  1. А.Хамитов «Сақтандырушыны таңдау – тағдырыңды тапсыру»

                  Қаржы қаражат,    7/1997ж.

 

  1. Құлпыбаев «Қаржы» Алматы, Экономикс  2005

 

8 А.Хамитов  «Шет елдердегі сақтандыру туралы бірер сөз»

                  Жұлдыз, 5/2005ж.

 

  1. П.Исахова «Шет елдердегі әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму тарихы»

                   Қаржы – қаражат,  6/2004

 

  1. С.Воробьева «Сақтандырудың қаржылық тұрақтылығы»

                   Қаржы –қаражат, 10/1997ж.