АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың маңызы

 

 

 

Жоспар

 

 

I.Кіріспе

  

     а) Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың маңызы

 

II.Негізгі бөлім

  

  а) Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын бекемдеу

 ә) Осы мәселе төңірегіндегі мемлекет тарапынан ескерілген және тыс қалып қойған жақтары

 б) Стратегиялық міндеттер және іс-қимылдар

 в) Әйелдердің денсаулық индексін жоғарлату мақсатында атқарылуы керек ұсыныстар тізімі

 

III.Қорытынды

 

а) Сау ұрпақ – мемлекет болашағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға тікелей бағытталған.

Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.

Денсаулық — адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты — денсаулығының мықтылығында. Дені сау адам көңілді жүреді. Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Медицицна ғылымдарының пайда болуына,оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз, медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын  алуға, ауруларды емдеу әдістерін тауып оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады.

Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп,оған пассивті түрде емес активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық және медициналық, биологиялық, физиологиялық мәселе. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Өткен 2002 жылы-денсаулық жылы деп атаудың өзі осыны аңғартады. Қазіргі кезде мемлекетіміздің конистутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, Қазақстан республикасының «Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген. Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы техналогиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқаруды  қаржыландыру,үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады. Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіліп отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кеткен. Оның ең басты себептерінің бірі экологиялық басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте қиын жағдай. Қазақстан Республикасында емдеу профилактикалық  мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам алдындағы ашық есептілігі жүйесінде, әрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит жүйесінде енгізген жөн. Орташа өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету АҚТЖ\ЖКТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу керектігі басты назарда екендігі айтылады.

Соңғы  уақытта әлеуметтік  — экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін  тигізуде.  Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.

      Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін  мәнді өз күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын бекемдеу

 

МАҚСАТЫ

Халықтың қалыпты өсіп-өнуін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру үшін ерлердің, әйелдер мен жасөспірімдердің ұрпақ әкелетін денсаулығын сақтау және нығайту.

 

 

ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруының нәтижесінде бірқатар медициналық-демографиялық оң өзгерістер болды.Бала туудың өсу үрдісі байқалды. 2004 жылы бала туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 18,1-ді құрады және 2000 жылмен салыстырғанда 1,2 есе көбейді.  Халық санының табиғи түрде өсуі 1,7 есе артты, көрсеткіш 2004 жылы 1000 адамға шаққанда 8,05-ті құрады.Сонымен бірге халық арасындағы өлім-жітімнің көбеюі байқалады. 2004 жылы көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 10,2 оқиғаны құрады (1999 жылы 10,1), соның ішінде әйелдер – 8,5, еркектер – 11,9. Қайтыс болу себептерінің құрылымында 84%-ы қан айналысы жүйесінің ауруларына, жазатайым жағдайларға, жарақаттар мен улану жағдайларына, ісік аурулары мен тыныс жолдарының ауруларына келеді.Нәрестелердің шетінеуі көрсеткішінің төмендегені байқалады, бірақ Еуропаның елдерімен салыстырғанда жоғары болып қалуда және 2004 жылдың бас кезіне тірі туған 1000 нәрестеге шаққанда 14,5 оқиғаны құрайды. Аналар арасындағы қайтыс болу көрсеткішінің 2000 жылғы 60,9-дан 2004 жылғы 100 мың тірі туған нәрестеге шаққанда 36,9 оқиғаға дейін төмендегені  байқалады. Алайда бұл Еуропалық қоғамдастықтағы орташа деңгейге қарағанда 4 есе жоғары және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айқындамасы бойынша шекті деңгейден 3 есе жоғары.

Туберкулез, АҚТҚ/ЖҚТБ, нашақорлық, маскүнемдік сияқты бірқатар әлеуметтік мәні бар және қатерлі аурулардың көрсеткіштері жоғары болып қалып отыр.Өршімелі туберкулезбен ауыру әйелдердің арасында 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 130,3, ерлердің арасында 178,8 оқиғаны құрады.

Жыныстық жолмен берілетін аурулар күрделі проблема болып табылады.  Мерезбен ауыру 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 79,3 оқиғаны құрады, соның ішінде әйелдердің арасында – 78,1, ерлердің арасында – 79,8,  гонококк жұқпасымен ауыру 100 мың адамға шаққанда 76,2 оқиғаны құрады. Наркологиялық дімкәстікпен бастапқы сырқаттанушылық көбейді. 2000 жылғы 294,9 оқиғамен салыстырғанда ол 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 404,1 оқиғаны құрады.Есірткіге тәуелділікпен есепте 50 мыңнан астам адам тұрады.  Есірткіге бой ұрған әйелдер санының арту үрдісі байқалады.  Мысалы, егер 2000 жылы есепте 3,8 мың әйел тұрған болса, ал 2004 жылы – 5 мыңнан астам әйел тұрды.Республикада АҚТҚ жұқпасы бар 4696 адам, соның ішінде – 874 әйел тіркелген. Олардың арасында 229 жүкті әйел болды, оның 89-ы босанды, 91 нәресте туылды.

Қан аздығымен ауыру өзекті проблема болып отыр. 2004 жылы диспансерлік есепте тұратын, қан аздығымен ауыратын науқастардың саны 296,8 мың адамды құрады, олардың ішінде жартысынан астамы (52,4 %) – 14 жасқа дейінгі балалар.Қан аздығымен және Орталық Азияда кең таралған  йод жетіспеу дерттерімен ауырудың алдын алу және санын азайту үшін қазіргі уақытта елде ас тұзын йодтандыру және ұнды темір препараттарымен және витаминдермен байыту жүргізілуде.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанудың да өсу үрдісі бар. 2004 жылы 2000 жылмен салыстырғанда оның көрсеткіші ерлер арасында – 4,2 %-ға, әйелдер арасында  – 9,2 %-ға көбейді. 2004 жылдың соңына қарай есепте тұратын науқастардың саны барлығы 114628 адамды құрады.

Осы аурулардың барлығы еркектер мен әйелдердің ұрпақ әкелу денсаулығына әсерін тигізеді.  Ұрпақты болу, денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау, контрацептивтер қолдану және т.б. бойынша іске асырылып жатқан іс-шаралар жағдайдың жақсаруына әзірге елеулі әсер етіп жатқан жоқ. Соңғы үш жылдың ішінде халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған бірқатар заңдар қабылданды. Олардың ішінде «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бар.

Қазіргі кезде ерлердің денсаулығы едәуір өзекті әлеуметтік проблема болып табылады. Олар үшін еңбекке қабілетті жаста (16-62 жас) қайтыс болу тән – 100 мың адамға шаққанда 957,23 жағдай, әйелдерде (16-57 жас) бұл көрсеткіш 3 есе төмен – 313,37. Мұның себебі жүйкеге күш түсу, жүйке тозуы, ширыққан жұмыс ырғағы, жүрек-қан тамыры аурулары, атеросклероз, өкпе рагы, ішімдік пен есірткіні пайдалану, жарақаттанудың жоғары деңгейі және басқалар болып табылады.Ерлердің ұрпақ әкелу денсаулығына жыныстық жолмен берілетін аурулар, қуық безі мен ұрық арқауының аурулары, белсіздік және басқалары әсер етеді.

 Әйелдердің денсаулығы аса үлкен алаңдаушылық тудырады.  Олардың денсаулығының индексі 20-30 %-ды, жекелеген аймақтарда  – 10 %-ды  және одан да төмен көрсеткішті құрайды. Әйелдерде көбінесе гипертония, невроздар байқалады, олар жыныстық жолмен берілетін аурулардан, бедеуліктен, сүт безі рагынан, остеопороздан және басқа аурулардан көбірек зардап шегеді.  Әйелдердің 60 %-дан астамы анемиядан зардап шегеді. Аборт аналардың өлімінің басты себептерінің бірі болып қалып отыр. Аборттан туындаған асқынулар 2004 жыл ішінде 1826 оқиғаны, аборттан қайтыс болу – 1,2 промиллені құрады. Аборттардың саны 2004 жылы 2000 жылмен салыстырғанда бала туатын жастағы 1000 әйелге шаққандағы 30,9-дан 30,3-ке дейін шамалы ғана төмендеді. Аборттардың ең көп саны 19-34 жас тобында (75 %), жасөспірімдерде (15-18 жас) – 4,9 % тіркелген.

Бала туатын жастағы әйелдердің 38,3 %-ы контрацепцияның қандай да бір түрлерін қолданады. Контрацепцияның негізгі әдісі жатыр ішіне салынатын спираль болып қалып отыр – 62,5 %.Некеде тұрғандардың шамамен 16 %-ы баласыз, бұл үшін ерлер де, әйелдер де тең дәрежеде жауапты. Қазіргі кезде бедеулікті емдеудің жаңа бағыты ─ ұрпақ әкелетін көмекші технологиялар жасалған, оларды ел халқының өсіп-өнуін жақсарту үшін дамыту қажет.

Сүт безінің қатерлі ісігімен әйелдердің сырқаттануы 2000 жылғы 100 мың әйелге шаққандағы 33,9-дан 2004 жылы 38,9-ға дейін көбейді. Олардың үлесіне әйелдердің ұрпақ әкелу жүйесінің онкологиялық ауруларының жартысынан астамы келеді.

Жасөспірімдердің денсаулық жағдайына жасалған талдау жасөспірім қыздардың денсаулық индексінің деңгейі төмен екенін куәландырады, олардың әрбір екіншісінің дерлік (46,9 %) қандай да бір аурулары бар. Гинекологиялық патология тексерілген 100 мың қыз балаға шаққанда 1466 қызда байқалды. Олардың жартысынан астамының ұрпақ әкелу жүйесінде дисфункционалдық ахуал бар. Жасөспірімдер арасындағы жасынды түсіктің үлес салмағы 2004 жылғы деректер бойынша 5 %-ды, жасөспірімдердің жүктілігінің көрсеткіші 1000 қыз балаға шаққанда  22,9-ды құрады. Басты себептері – ақпараттың жоқтығы, зиянды әдеттер, ата-аналар жауапкершілігінің төмендігі, жастар арасында есірткі құмарлық пен маскүнемдіктің таралуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы мәселе төңірегіндегі мемлекет тарапынан ескерілген және тыс қалып қойған жақтары

 

 

Ескерілген басым жақтары:

 

 

  • «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
  • Денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеп тұрған медициналық мекемелердің базасында ерлердің денсаулығын қорғау жүйесін құру үшін мүмкіндіктер бар.
  • Ерлердің өздерінің ұрпақты болу денсаулығын ұзартуға, неғұрлым биік деңгейдегі өмір сүру сапасына қол жеткізуге деген ынтасы.
  • Әйелдердің денсаулығын қорғау жөнінде қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың жүйесі дамыған.
  • Әйелдердің ұрпақты болу денсаулығының мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар құрылған.
  • Қоғам жасөспірімдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөнінде кейінге қалдыруға болмайтын шараларды қолдану қажеттігін түсінді:
  • «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында кәмелетке толмағандардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау туралы бап бар.

Осы Заңға сәйкес жасөспірімдерді отбасылық өмірге дайындау Білім және ғылым министрлігінің міндетіне енгізілген.

 

Ескерусіз қалған әлсіз жақтары:

 

  • Ерлердің ұрпақ әкелу денсаулығын сақтау жөнінде мақсатты түрде бағытталған саясат жоқ:
  • ерлер дәрігерге сирек қаралады, сирек тексеріледі, профилактикалық шараларды елеусіз қалдырады және соның салдарынан аз өмір сүреді;
  • денсаулық сақтау органдары ерлердің денсаулығын сақтауға аса назар аудармайды;
  • денсаулық сақтау жүйесінде ерлерге арналған арнайы инфрақұрылым құрылмаған;
  • денсаулық сақтау мәселелері жөнінде ерлердің хабардар етілуі төмен.
  • Әйелдердің ұрпақ әкелу денсаулығын сақтау жөніндегі тиімді тетіктері жеткіліксіз:
  • әйелдердің ұрпақ әкелу денсаулығын сақтау мәселелері жөнінде ақпараттық науқандар өткізілмейді;
  • әйелдердің, әсіресе жүкті әйелдердің тамақтануы жеткіліксіз;
  • неғұрлым сапалы ем алу үшін әйелдердің ресурстары мен қаржы қаражаты жеткіліксіз.
  • Жасөспірімдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен білікті медициналық көмек алу мәселелерінде хабардарлығы мардымсыз. Бұл бағыттағы мақсатты жұмыс жеткілікті дәрежеде ұйымдастырылмаған.

 

 

Мүмкіндіктер:

 

  • Ұрпақты болу денсаулығының проблемаларын шешуге барлық жұртшылықты, денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін және т.б. тарту.
  • Қоғамдық денсаулық сақтауды пайдаланудың кең мүмкіндіктері.
  • Ел басшылығының ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын жақсарту қажеттілігін түсінуі.
  • Халықаралық ұйымдардың ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтауға қолдау көрсетуі.
  • Әр түрлі келісімдердің шеңберінде мамандарды шетелдерде және ТМД елдерінде даярлау мүмкіндігі.
  • Ұрпақ әкелу денсаулығын сақтау мәселелерімен айналысатын ұлттық, өңірлік және халықаралық ұйымдармен байланыстар орнату.
  • Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жандандыру.

 

Қатерлер:

 

  • Ерлер денсаулығының дағдарыс ахуалы сақталуда:
  • ерлердің мезгілсіз қайтыс болуының деңгейі жоғары;
  • ерлердің есірткі қолдануға және ішімдік ішуге бейімдігі;
  • ерлердің өзіне-өзі қол көтеру жағдайларының көбеюі. Ерлер мен әйелдер арасында өзіне-өзі қол көтеру жағдайларының арақатысы 3 : 1-ді құрайды;
  • ерлер әйелдерге қарағанда денсаулық пен өмір сүру үшін жоғары қатері бар жұмыстарда көбірек істейді.
  • Гестоздармен, акушерлік қан кетулермен, септикалық асқынулармен қатар аборттардың таралуының жоғары деңгейі, аналар өліміне, бедеулігіне себеп болады.
  • Жүкті әйелдердің денсаулығының төмен индексі жүктілік пен босанудың күрделілігіне әкеледі.
  • Балалардың денсаулығына ата-аналарының маскүнемдігі мен нашақорлығы кері әсер етеді.
  • Балаларға мерез бен АҚТҚ жұқпасы тікелей берілуі мүмкін.
  • Жасөспірімдердің денсаулығы алаңдаушылық туғызады. Жастардың елеулі бөлігі әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
  • Жастардың арасында нашақорлық пен ішімдік ішу кең таралған.
  • Елдің бірқатар өңірлеріндегі қолайсыз экологиялық ахуал халықтың ұрпақ әкелу денсаулығының жағдайына кері әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стратегиялық міндеттер және іс-қимылдар

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР

 

  • Ұрпақты болу денсаулығын сақтау саласындағы нормативтік құқықтық базаны одан әрі жетілдіру.
  • Халықтың ұрпақты болу денсаулығына әсер ететін аурулардың деңгейін төмендету.
  • Жасөспірімдер мен жастардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау шаралар кешенін қолдану.

 

ІС-ҚИМЫЛДАР СТРАТЕГИЯСЫ

 

  • «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында халықтың ұрпақ әкелу денсаулығын сақтау жөнінде шаралар қолдану.
  • Жоғары қатер топтарын қазіргі заманғы контрацепция құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану.
  • Сенім телефондары, дағдарыс орталықтары желісін, психиатр дәрігерлердің, психологтардың, психотерапевтер мен әлеуметтік қызметкерлердің қызметін дамытуды қоса алғанда, өзіне-өзі қол көтеру жайттарының алдын алу жөнінде шаралар қолдану.
  • Халықтың арасында ерлердің де, сондай-ақ әйелдердің де контрацепциясының қазіргі заманғы құралдары саласындағы білімін арттыру жөнінде ақпараттық жұмыс жүргізу.
  • Ерлердің өз денсаулығын сақтау жөнінде жауапкершілігін арттыру, ерлер денсаулығының түрлі мәселелері бойынша тегін ақпарат беру, отбасы мәселелері бойынша консультация беруді қамтамасыз ету.
  • Ана мен баланы қорғау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, аталған қызметті дамытудың басымдығын қамтамасыз ету және оны қаржыландыруды жақсарту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әйелдердің денсаулық индексін жоғарлату мақсатында атқарылуы керек ұсыныстар тізімі

 

 

  • қан аздықпен, сүт бездері рагымен ауыруды азайту;
  • жұмыс істеп тұрған онкологиялық диспансерлердің базасында сүт бездерінің рагын ертерек анықтауға (скрининг) арналған орталықтар құру;
  • отбасын жоспарлау және аборттар санын азайту жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыру;
  • жыныстық өмір мен бала туу, ана болудың қауіпсіздігі және бала емізу, тамақтану, психобелсенді заттарға бой ұру, адамдардың денсаулығына және аман-есен болуына ғұмыр бойында әсер етуі мүмкін қолайсыз экологиялық факторлардың әсер етуі мәселелері бойынша оқу-ағартуға халықтың қол жеткізе алуын қамтамасыз ету;
  • ұрпақты болу функцияларын қалпына келтіру мен осы салада зерттеулер жүргізу әдістерін әзірлеу мен енгізуді, сүт безінің рагы, жыныс жолдарының жұқпасы, жыныс аурулары, АҚТҚ/ЖҚТБ сияқты денсаулыққа айрықша күрделі немесе өзіндік түрде әсер ететін аурулардың биомедициналық, эпидемиологиялық және санитарлық-гигиеналық жақтарын зерделеуді нормативтік құқықтық қолдауды қамтамасыз ету;
  • ерлер мен әйелдердің бедеулігінің алдын алуды (ерте бала жасынан бастап) жүргізу және емдеу бойынша шаралар қабылдау;
  • ДДҰ ұсынған тірі туылу өлшемдеріне көшуді қамтамасыз ету;
  • жүкті әйелдерді қосымша тамақтандыруға, сондай-ақ балаларды мектепте тамақтандыруға қол жеткізу;
  • егде адамдардың белсенді өмірін ұзарту үшін олардың денсаулығын сақтау жөнінде шаралар қабылдау.
  • Жарақат алу мен уланудың алдын алуға, зиянды әдеттерге қарсы күреске бағытталған шараларды жетілдіре отырып, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты дамыту, бос уақытты ұйымдастыру жолымен жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын нығайту:
  • жасөспірімдер мен жастардың ұрпақты болу құқықтары мен оларды жүзеге асыру туралы білімін көтеру;
  • жасөспірімдер мен жастардың ұрпақты болу денсаулығына әсер ететін аурулардың деңгейін төмендетуге ұмтылу;
  • жасөспірімдер мен жастарды адамгершілік және жыныстық жағынан тәрбиелеуді іске асыру, күтпеген жүктілікті, жасанды түсіктердің таралуын азайту мақсатында білім деңгейін жоғарылатуға ықпал ету;
  • медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үлгілерін қалыптастыру, көмекке мұқтаж жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтік жағынан оңалтуды жүргізу.

Сау ұрпақ – мемлекет болашағы

 

Соңғы  уақытта әлеуметтік  — экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін  тигізуде.  Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Бұнымен қоймай,әйелдердің денсаулығы аса үлкен алаңдаушылық тудыруда.  Олардың денсаулығының индексі 20-30 %-ды, жекелеген аймақтарда  – 10 %-ды  және одан да төмен көрсеткішті құрайды. Әйелдерде көбінесе гипертония, невроздар байқалады, олар жыныстық жолмен берілетін аурулардан, бедеуліктен, сүт безі рагынан, остеопороздан және басқа аурулардан көбірек зардап шегеді.  Әйелдердің 60 %-дан астамы анемиядан зардап шегеді. Аборт аналардың өлімінің басты себептерінің бірі болып қалып отыр. Жасөспірімдердің денсаулық жағдайына жасалған талдау жасөспірім қыздардың денсаулық индексінің деңгейі төмен екенін куәландырады, олардың әрбір екіншісінің дерлік (46,9 %) қандай да бір аурулары бар. Гинекологиялық патология тексерілген 100 мың қыз балаға шаққанда 1466 қызда байқалды. Олардың жартысынан астамының ұрпақ әкелу жүйесінде дисфункционалдық ахуал бар. Жасөспірімдер арасындағы жасынды түсіктің үлес салмағы 2004 жылғы деректер бойынша 5 %-ды, жасөспірімдердің жүктілігінің көрсеткіші 1000 қыз балаға шаққанда  22,9-ды құрады. Басты себептері – ақпараттың жоқтығы, зиянды әдеттер, ата-аналар жауапкершілігінің төмендігі, жастар арасында есірткі құмарлық пен маскүнемдіктің таралуы.

 Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі  — адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.  Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. ҚР Конституциясынан «АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ»

 

  1. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» журналы

 

  1. Интернет желісінен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ  МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы менеджмент және маркетинг кафедрасы

 

 

 

 

МОӨЖ

 

ТАҚЫРЫБЫ:    «Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын бекемдеу»

 

 

 

 

 

 

                                       Тексерген: Оразбаева.Д.Б

                                                Орындаған: Айнабекова М.Н.

09МГ-001к топ магистранты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2010 ж