Санаторлы – курортты емдеу
Курорт дегеніміз – климаты ыңғайлы жерге орналасқан және табиғи емдік факторлары бар емдік-профилкатикалық мекеме. Курорттарды әртүрлі комплексті емдік профилактикалық мекемелер болады. Олар санаториилер, пансионаттар, курорттық емханалар монша орындары, лаймен емдеу орындары. Олардың ішінде бастысы санаторий болып табылады.
Санаторий – бұл мамандандырылған емдік – профилактикалық мекеме, ол жерде келесі емдік комплекстер қолданылады: климаттық терапия, больнеологиялық терапия, лаймен емдеу, аппараттық физиотерапия, емдік денешынықтыру, активті демалу және активті өмір сүруі. Арнайы климаттық курорттарда санаториилардан басқа дем алу үйлері, пансионаттар, турбазалар, кемпингтер, сонымен қатар дәстүрлі жиындар, мұхит пен өзендерде шомылу, туризм, денешынықтыру және спортпен айналысу климатпрофилактиканың арқасында іске асырылады. Балалар мен жас өспірімдерге арналған өз алдына санаториилар бар. Курорттар маңыздылығына байланысты жергілікті, республикалық және халықаралық болып бөлінеді.
Курорттардың классификациясы
Табиғаттың емдік фактоларына байланысты курорттар келесі түрлерге бөлінеді; больнеологиялық, лаймен емдеу, климаттық. Климаттардың көпшілігі аралас больнео-климаттық және лайлы-больнео-климаттық курорттар больні бөлінеді. Орналасқан географиялық жеріне байланысты теңіз жағалауы, таулы жерлерде, орманды жерлерде, орманды далада, далалы, шөл және шөлейтті жерде орналасқан курорттар болып бөлінеді.
Курорттық емдеудің көрсеткіштері
Курортта емдеудің созылмалы болатын, немесе әртүрлі даму фазасындағы, жедел аурулардан айыға бастаған (толық немесе жартылай клиникалық ремиссия), кеселінің активтілігі жоқ немесе төмен активті, аллергиялық көріністері шағын, өзі қозғала алатын ауруларды жібереді. Курортты таңдағанда негізгі ауруынан басқа қосалқы ауруларды және олардың активтілігін, аурудың жалпы жағдайын, патологиялық процесстің сатысын, аурудың жасын, оның қызметін ескереді.
Курорттық емдеудің қарсы көрсеткіштері
Төмендегі келтірілген ауруларға курорт емін қолдануға болмайды.
Қан ауруының ауыр түрлері; Паразитарлық және жұқпалы аурулар. Жедел инфекция, психикалық аурулар, наркомандық және алкоголизм. Созылмалы аурулардың ауыр сатысы мен асқынған декомпенсацияланған түрлері. Жедел септикалық аурулар.
Әртүрлі формалы өкпе ауруларында және созылмалы өкпе туберкулезінде қанның кетуі. Созылмалы өкпе абсцессі, бронхоэктазиялық аурулар, өкпе склерозы, іріңді қақырықтың бөлінуі. Жиі ауыр ұстамалы бронх астмасы.
Жүрек қағысының бұзылулары, пароксизмалды тахикардия және толық атриовентрикулярлық блокада. Активті фазадағы ревматизм ауруы, жиі стенохардия ұстамасы бар, ЖМИ болған аурулар. Асқынбаған ЖМИ жергілікті кардиологиялық санаторияларға жіберуге болады. (3 айдан кейін, ал климаттық курортқа 1 жылдан кейін жіберіледі). Жүректің аневризмасы, гипертония ауруының ауыр түрлері. Мидың қан айналымының бұзылуы.
Асқорыту органдарының асқынулары.
Асқынған және 12 бармақты ішек жарасы. Операция жасалынған асқазанның ауруы. Бауыр цинрозы кезінде, сарыаурудың барлық түрлерінде, ауыр гипофизарлық және басқа сезімдік түрлері. Ауыр түрдегі қант диобеті.
Климатық курорттар
Климаттерапия дегеніміз емдік – профилкатикалық мақсатта климаты ыңғайлы жерлерді қолдану.
Орналасқан геграфиялық зонасына байланысты келесі климаттарды ажратады.
- Тайға мен тундра климаты. Бұл аймақ сұйықтық факторларымен сиптталады. Төмен температуралар организмнің термореттеу механизміне қатаң талап қояды.
- Теңіз жалауы климаты. Аса ылғалдығымен сипатталады. Ауада теңіз тұздарының мөлшері артық болады, бұл жағдай тыныс жолдары ауруларына, созылмалы тонзиллит, созылмалы өкпе ауруларына пайдалы болады. Теңіз климаты қабыну ошақтарының ыдырауын, пераративті процессерді жеделдетеді. ТМД елдерінде орналасқан жеріне байланысты теңіз жағалауларындағы курорттардың келесі түрлерін ажратады.
- Қаратеңіз жағалауы.
а) Кавказдың солүстік жағалауы мен Қырым-климаты жұмсақ болады, бұл жерге әлсіреген, жүрек-қантамырлары, нерв жүйесінің ауруларын бұл жерде Ялта, Алупка, Михсор, Гургуз т.б. курорттарын атап өткен жөн. Бұл курорттардың көрсеткіштері өкпе эмфизимасы, созылмалы бронхит, пневклюсклероз, бронхы астмасы, компенсация сатысындағы жүрек қантамыр аурулары, кардиосклероз, гипретония ауруының 1-2 сатысы, миолард дистрофиясы, жедел рефритің қалдықтары созылмалы нефрит, созылмалы ринит, ларенгит, семіздік.
б) Оңтүстік Кавказдың Қаратеңіз жағалауы аса ылғалдығымен және жоғары температурамен сипатталады. Бұл жағдай жүрек-қантамыры ауруларына қамтсыздау болады. Бұл жерде Анапа, Геленджик, Туапсе, Гагра, Сочи, Батуми, Сухуми, Гудаута т.б. курорттар орналасқан. Олардың көрсеткіштері- Кавказдың солтүстік жағалауы мен Қырым курорттарындағыдай.
- Солтүстік теңіздердің жағалауы (Балтық теңізі). Олардың климаты жиі желдермен, температураның тұрақсыздығымен ылғалды қыспен сипатталады.
- Таулы климат. Төмен пациальды қысыммен, тәуліктік температураның өзгерулерімен ылғалдықпен сипатталады.
- орман климат. Айқын маусымдығымен сипатталады: суық қыс, қоңырсалқын жаз, желсіз тынық ауа райы. Орманда жоғары ылғалдығы, қоңыр салқын, оттегісі бай таза ауа болады.
- Далалы климат. Континентальды климатқа жатады, қысқы жылы, жазы ыстық, ауарайы құрғақ болып келеді. Бұл климатта өкпе ауруларын емдеу қолайлы.
- Шөлді климат. Ыстық ұзақ жазбен және қысқа жылы қыспен сипатталады. Ең танымал курорттар; Байрам-Али, Мохи-Хоса және Ситора. Бұл жерде созылмалы нефрит және басқа бүйрек ауруларын емдейді.
Бальнеологиялық курорттар
Бальнеологиялық курорттарға негізі табиғи емдік факторы минералды сулар болатын курорттар жатады. Емдік минеральды сулар жер астында белгілі жағдайларда пайда болады: атап айтқанда минеральды сулар жоғарғы қысым, судың әртүрлі жер жыныстарымен жанасу, жарық қою. Ерекше жағдайларда пайда болуына байланысты минеральды сулардың құрамында әртүрлі газдар, органикалық заттар, минеральды тұздар, болады. Көбіне Са, K Mg, және Cl, S, P, Br, J иондары кездеседі.
Құрамындағы газға байланысты метальды сулардың келесі түрлері болады.
- Көмірқышқылды сулар, олар көбінесе закавказье аймағында кездеседі.
- Метанды сулар, олар көбінесе Солтүстік Кавказдың, Солтүстік-Шығыс Кавказдың баурайларында кездеседі.
- Азотты сулар, олар көбіне көмірсутегімен қабаттасып келеді. Нальчик, Мацеста Талька, Кумогорек курорттарында кездеседі.
- Көмірсутегілі сулар.
- Радионды сулар.
Иондық құрамына байланысты миниральды сулар-хлориді, натрийлі, кальций-натрийлі, сульфатты-натрийлі, мазнезийлі-кальцийлі, хлоридті-гидрокарбанатты, гидрокарбанатты-магнезиальды-кальцийлі болып бөлінеді.
Емдік минеральды сулар.
- Ішуге арналған минеральды сулы курорттар. Бұл топқа шағын және аз минеральданған сулы курорттар кіреді. Емдік мақсатында әртүрлі сулар қолданады: олардың құрамы гидрокарбонатты, хлорлы-натрийлі, сульфатты, магнезиальды, кальцийлі және аралас болады.
а) Гидрокарбонатты сулар асқазан мен ішектердің секторлы, сіңіру және моторлы функциясына әсер етеді, от шығаруды жақсартады, заталмасуды жақсартады.
б) Хлоридты-натрийлі сулар ішектердің перистальтикасын жақсартады, белок, углевод және майлардың сіңіруін жақсартады, асқазан секрециясына әсер етеді.
в) Сульфатты сулар метеоризмді жояды.
г) Сульфатты-магнезиальды сулар от шығаруды акивтейдо, іштің қатуын кетіреді.
д) Көмірқышқылды сулар бауырдың актитоксикалық функциясын жақсартады, ұйқы безінің функциясын жақсартады, от бөлінуін жақсартады, холестерин, пигментті, углеводтардың заталмасуын жақсартады.
Минеральды ванналар.
Судың температурасы, механикалық (гидростатикалық) және химиялық факторлары емдік әсер етеді (судың химиялық құрамы).
- Көмір қышқылды сулы курорттарда жүрек-қантамыр ауруларын емдейді. Курорттары: Арзин, Аршан, Анкаван, Дарасун, кисловодск, Шиванда, Шмаковка, Кавказдың минералды сулары (Пятигорск, Ессентуки, Железноводск), Джермук, Березовс миниральды сулары (Харков), Друскинанкай (Литва), Мардакяны (Азербайжан). т.б.
Көмірқышқыл ванналар жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады, қанайналымын және миокардтағы заталмасуды күшейтеді, қандағы оттегінің мөлшерін көбейтеді және оның тканьдерде сіңуін жақсартады.
Көмірқышқыл ванналарының көрсеткіштері: жүрек-қантамыр аурулары, жүректің ревматикалық аурулары (митральды стенозбен аорта клапанының жетіспеушілігінің артықшылықтары болмаған жағдайда), ревматикалық активтілігі болмаған жағдайда, миокардиодистрофиялар, коронарлы қанайналымының едәуір жетіспеушілігі жоқ миокардиопатиялық және атеросклероздық кардиосклероз, гипертония ауруы, гипотониялық жағдайлар.
- Күкіртсутегілі сулы курорттар кеңінен тараған. Олар ревматизмде, атеросклероз бен гипертония ауруларында, облутерациялаушы эндартермиттерде, перифериялық қантамырлардың атеросклероздық окклюзияларында, ревматоидты және дистрофиялық полиартриттерде жақсы әсер етеді. Олардың қатарына Сочи, Горячий, ключ, Любень, Великий.
Көрсеткіштері: бұл курорттарға қозғалыс-тірек аппаратының, перифериялық нерв жүйесінің, әйелдерінің жыныстық, тері ауруларын емдейді.
- Радоны және әлсіз минеральданған кремнийлі термальды сулы курорттар. Радон ванналарының әсерінен углеводты және заталмасу процесстері күшейеді, нейровегетативті бұзылыстар қалыптастырылады, седативті, анальгезиялық, десенсибизациялаушы әсер етеді.
Көрсеткіштері: қозғалыс-тірек, перифериялық нерв жүйесінің, әйелдердің жыныстық, тері ауруларын, жүрек-қантамыр жүйесінің жеңіл бұзылыстарын емдейді.
- Хлоридті натрийлі сулы курорттар. Бұл сулардың минерализациясы әртүрлі. Олардың ішінде белгілі курорттарға Кашин, Петроград, зоннасының курорттары, Моришн, Старая Русса, Хилово, Серегово, т.б. жатды.
Көрсетеіштері: тікелей-қозғалыс аппаратының, перифериялық нерв жүйесінің аурулары, ревматойдты және дистрофиялық артриттер, Бехтерев ауруы, гипертония ауруының алғашқы сатысы, гипотониялық жағдайлар, псориаз, неврастения т.б. аурулар. Бұлардың көпшілігі бромды-хлоридтің-натрийлі сулар болады. Бұл курорттардың көбінде лаймен емдеу.
- Иодбромды сулы курорттар тежелулік әсер етіп, негізгі нерв процесстерінің қалыптастырады, қалқанша безінің жұмысын жақсартады, тканьдердің оттегіні пайдалануын арттырады. Иодобромды ванналар сульфидті ванналарға қарағанда жүрек-қантамыр жүйесіне жұмсақ әсер етеді, сондықтан олардың жасы келген кісілерге кеңінен қолданылады. Негізгі курорттар: Сочи (Куденса), Усть-Качма, Нальчик, Чартак; Ейск; Кагул.
Көрсеткіштері: жүрек-қантамыр. Нерв жүйесі, гинекологиялық, заталмасу ауруларын емдеуге қолданады.
- Азотты кремнийлі термальды сулы курорттар орталық нерв жүйесіне тежеуші әсер етеді, анальгезиялық және десенсибилизациялық әсер етуі.
Көрсеткіштері: жүрек-қантамыр, буын, тыныс оргындары, нерв жүйесі, геникологиялық ауруларды емдеуге қолданады.
Курорттары: Алматы-Арган, Арасан-Капал, Джалал-Абад, Кульдур, Оби-Гарм, Ходжа-Оби-Гарм, Начики, Уш-Бельдир, Горячинск.
- Мышьяк ванналы курорттар. Әсер ететін затқа биологиялық активті микроэлемент мышьяк жатады, ол тері беті арқылы оргнизмге еніп, әсерін тигізеді. Мышьяк организммен тканьдердің заталмасу процесстерін активтейді.
Көрсеткіштері: жүрек-қантамыр аурулары, асқазан және 12 бармақ ішек жара ауруы, қан аурулары, қан аурулары т.б. Курорттары Горная Тисса, Сочи (Чвижепсе), Синегорск, минеральды сулар.
Минеральды ванналарды қабылдау тәртібі.
Суды емізік безіне дейін толтырады, жүрек судың бетінде қалады, ваннаны қатаң белгіленген уақыт қана қабылдау керек. Газды ванналар қабылданғанда газдың көпіршіктерін терідей сүртуге болмайды (көмірқышқыл, азот, оттегі).
Көптеген курорттарда жылы миниралды суларда шомылу, гимнастика, суастында омыртқаны созу жасалынады.
Лаймен емдеу курорттары.
Лай дегеніміз – бұл су астында өлген лайда жәндіктермен өсімдіктердің қалдықтарының сумен, жермен, тұздармен араласып, спецификалық микробтардың қатысуымен баяу ыдырау процессінен пайда болған табиғи биологиялық продук. Лайдың құрамы су қоймасының фаунасы мен флорасына және минерализациясына байланысты болады.
Құрамымен тегіне байланысты емдік лайлар 4 топқа бөлінеді.
- Минеральды (тұнбалы) лай, тұзды суларда пайда болады, сол себептен оның құрамында миниралды заттар көп болады.
- Сапронельді лай, тұщы суларда пайда болады, құрамына миниральды заттар аз болады.
- Трофты лай, көп мөлшерде биологиялық қышқылдар, биологиялық активті заттар, ферменттәрізді заттар, бактериофагттар, антибиотиктиптес заттар болады.
- Псевдовумканды лайлар, активті вулканды, газ-мунай шығатын жерлерде болады.
Әсер ету механизмі.
Лайдың емдік механизмі үш фактордан тұрады: жылулық, химиялық, механикалық.
- Жылулық фактор. Жалпы заңдылық: а) неғұрлым әсер ету ауданы көп болса, сол құрылым лайдың температурасы дене температурасына жақсын болу керек, б) рефлексогенді зонаға әсер еткенде лайдың температурасы денемен тең болу керек, в) лайлы тампондардың температурасы 39-450С тең, жергілікті әдістемеде лайдың максималды температурасы 500С-ге дейін процедураның ұзақтылығы 10-30 мин болуы керек.
- Химиялық фактор. Лайда биологиялық заттардың болуына байланысты бұл заттар тікелей тері арқылы сіңеді де, тканьдерге жергілікті әсер етеді, және де олар нейрогуморальды жалпы организмге әсер етеді.
- Механикалық фактор. Әсері тері арқылы болады. Лайдың организмге көп түрі әсерінің нәтижесінде қан-лимфа айналымы активацияланады, ол тканьдердің қоректенуін жаңартады, тотығу қалыптасу процесстері күшейеді.
Лайдың қолдану көрсеткіштері.
- Тірек-қозғалыс аппаратының аурулары-спондиллез, артрит, пашартрит, остемиелит ауруларының созылмалы баяу, бәсеңдеу сатысында, сүйек сынықтарының асқынуы.
- Асқорыту жүйесінің аурулары-асқазан мен 12 бармақ ішектің жара ауруларында, созылмалы гастрит, гастродуоденит, спастикалық колит.
- Нерв жүйесінің аурулары-неврит, невралогия, радикулит, менингоэнфелит.
- Гинекологиялық аурулар-біріншілік және екіншілік ұрпақсыздық, созылмалы қабыну процестері.
- Лор аурулары-созылмалы отит, синусит, есіту нервісінің невриті, созылмалы тонзимнит.
- Көз аурулары-созылмалы кератит, придациклид.
- Тері аурулары-слеродермияның бастапқы түрлері, ихтиоз, созылмалы экзема.
Қарсы көрсеткіштері.
Жедел қабыну аурулары, қатерлі ісіктер, өкпе туберкулезі, атеросклероздың жайылған түрі, гипертония ауруының 2-3 сатысы, декомпенсациялы жүрек аурулары, қанаққыштың, және оған бейімділік, жалпы жүдеу және кемқуаттылық, нефроздарының ауыр түрлері.
Процедураны өткізу техникасы.
Негізінен апплекациялық әдістеме қолданады, лай 4-5 см қалындық, дененің белгілі бір бөлігіне жағылады. Лайда потологиялық ошақ араласқан жерге, немесе симентарлы зоналарға (мойын-жаға) т.б. одан басқа дене қуыстарына ректальды, вагинальды тампондар ретінде пайдаланады.
Қазақстан курорттары
Қазіргі кезде Республикада 60 аса ірі курорттар бар. Олар 4 түрге бөлінеді.
- Бальнеологиялық (25%) Алма – Арасан, Арасан – Қапал, Сары-Ағаш, Аяқ-Қалқан, Қорам.
- Климатты-қымыз емдеу (57%): Бурабау, Шымган, Каменкая плата, Боровское, Березовка, Бер-Чочур, Уральск.
- Лаймен емдеу (14%): Жаңа-Қорған, Моялды.
- Мамандырылған (2%): Горняк, Турксиб.