АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Заңды тұлға — Өкілдік туралы

Заңды тұлға

  1. Заңды тұлға ұғымы

         Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғаларда азаматық – құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы),

       Заңды тұлға дегеніміз – бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық  — құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға инстиутын практикалық маңыздылығы мынада: “заңды тұлға құрылташыларының өз кәсіп керлік тәуеклін өздері үшін орынды болады деп есептейтін   сомамен шектеуе мүмкімдігі бар”.

     Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебеттерді бір мағыналы анықтамасы жоқ.

       Кеңес мемілекеті өмір сүріп тұрған кезеңде азаматық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралған – ды. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар – мемлекттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекетік меншіктің үстемдік етіуімен түсіндіруге болатын еді.

      Казіргі уақытта заңды тұлға мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікірталастарында соншама кең таралмаған. Әдебеттерде кездесетін соңғы пікірлер ішінен заңды тұлғаның “мақсаттық мүлік ртіндегі” анықтамасын атап көрсетуге болады.

       Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған – жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе – ұжымдық құрылымдардың құқық субъектілігін дәлелдеу.

     Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда            

  болған құқық тарихы мектебінің басшысы К.Ф.Савиньнің есімімен байланысты. Ол құқықтың нақ субъетісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Он ың тұжырымдамасы мынаған негізделеді: заңды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық субъектіліктің бірден – бір мүмкін болатын иелері – жеке тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болып қала береді.

     Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейттін адамдар бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағыталған болатын.

     Жалған тиория Англия мен АҚШ-та кең таралған.

     Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпарация құқығының іргелі принципі болады. XIX ғасырда жоғарғы судья Д. Маршылдың корпарацияға берген мынадаи кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы тиория практикада мәлім болады: «Корпарация дегеніміз – бұл көрінбейтін, сезілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрлым».

      Шындық тиориясы, немесе XIX ғ.герман зангері Гиркенің есімімен байланысты органикалық тиория заңды тұлғаны мемлекетің қаупты тіршілік етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретінде, әлде бір әлеуметтік шындық ретінде мемлекттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас толға ретінде қарастырды.

       Шын мәнінде, Гирек де «нақты» одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра отырып, Савиньи ұстанған идиалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық тиорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.

         Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық – құқықтың қатынастардың дербес қатысушысы ретінде әрект ететін ұйым немесе мекеме ретінде түсінеді. Денгн мен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мүлде анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978ж.дейін «заңды тұлға» деген терминінің өзі болған емес, Италияның азаматтық кодексінде 1942ж тұлғалардың дәрежелену ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылам және өте қысқаша тұжырымдамаларымен шектелді. Мәселен, Швейцарияның 1907ж. Азаматтық заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғалардың әлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрлымдв дербес мекемесі бар адамдар құрамасы ретінде анықтайды.

       Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасынЛатын Америкасыелдерінің азаматтық кодекстерінен табуға болады.

       Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.

       Заңды тұлғаның белгілері. Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде таныла бермейтін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болу қажет:

  • ұйымдық бірлік;
  • мүліктік оқшауланушылық;
  • дербес мүліктілік жауап кершілік;
  • азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.

  Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивитердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өз ара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бірережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйм деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық – құқықтық қатынастарды бір тұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұраты ұжымдық құрлым – заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.

        Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі құрылтай құжатарында көрсетіледі. АҚ-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітіледі, ал құрылтай шартын – құрылтайшылар жасайды. Жарғыда заңды тұлғаны атауы, тұрғылықты жері, нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұттар болу тиіс. Жарғыны болу – заңды тұлғаның – мемлек-кетік кәсіпорынның қызмет етуінің шарты (ҚР АК –ның 103,104-баптары).

         Мүліктің оқшауланушылық – заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның дербес мүлікттік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылық оған мүліктік бекітіліп берілуіне, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді.

        Заңды тұлғалардың оқшалану дәрежесі түрліше және ол осы мүлікке меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бқл мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады.

        Өзін — өзі өту және дербес бухгалтерлік баланыстың болуы – заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі.

    Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттсіз (сенімхатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.              

           

   

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Өкілдік

Өкілдік туралы жалпы ережелер.

   Өкілдік ұғымы. Жалпы ереже бойынша, азаматтық субъектілерін басқа тұлғалардың — өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей – ақ мүліктік айналымға өз бетінше қатысу мүмкіндігі болды. Солай болса да, азаматтық айналымда өкілдік институты кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, мысалы, заңға байланысты, тікелей қатысуына әрекет қабілеттілігінің жоқтығы немесе зөге де өмірлік нақты мән – жайларға байланысты өкілдік беруші адам өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмайтын, науқастығына, жұмысбастылығына және т.с.с. байланысты өзі қатыса алмайтын жағдайларда өкілдіктің қажеттігі туады. Өкілдің арнайы білімін, біліктілігін немесе тәжірибесін пайдалану үшін өкілдердің қызметіне жүгінетін бір қатар жағдайлар бар (мысалы, бағалы қағаздар рыногнда мәмілелер жасауда өкілдік ету және т.с.с. ).

   Азаматтық құқықта бір адамның екінші адамның атынан жасаған мәмілелрі немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап – арыс беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады. Басқа адамның мүделері үшін мәміле жасайтын адам – сенім білдіруші немесе өкілдік беруші деп, ал сенбілдірушінің (өкілдік берушінің ) мүделері үшін өкіл мәміле жасайтын адам – үшінші жақ деп атайды.

    Өкілдікті құқықтық реттеу азаматтық құқыққа тән және көптеген айналымда кең қолданылады, бірақ оның қолдануында кездесетін ерекшеліктерді атап көрсету қажет. Өкілдің өзі ғана жасай алатын мәліметтерде, сондай – ақ заң актілері бойынша өкілдің жеке қатысуы көзделген мәліметтерді жасауда не олардың өкіл арқылы жасалуына тиым салынатын мәмілелерде өкілдік қолданылмайды. Егер өсиет қалдырушы қандай да бір себеппен өсиетке қол қоя алмаса, онда оған нотариустың немесе өсиеті куәландырушы адамның қатысуымен өсиет қалдырушының қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, басқа азамат қол қояды. Қол қойған адам өсиет қалдырушының өкілі емес, оның еркін қағаз бетінде белгілі бір құралмен бейнелеуші болады.

     Бірақтар мәмілелер немесе заңдық маңызы бар әрекеттер, мысалы, некелесу, еңбек шартын жасау, өмір бойы күтіп – бағатын келісімен үйді иеліктен шығару шартын жасау заң актілеррінде тікелей тиым салынбағанның өзінде өзінің сипаты бойынша өкілдің өзі қатысуын талап етеді, сондықтан оларды өкіл жасау мүмкін емес.

      Өкілдің өкілдік беруші адамның мүддесіне заңдық мәмілелер жасауы өкілдіктің елеулі қызметі болып табылады. Бұл АК – ның өкілдікке анықтама беретін  163 – бабында тікелей баянды етілген. Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасау белгісі жөнінен өкілдіктің барлық өзге қатнастардан айырмашылығы бар, өйткені оларда бір тұлға екінші тұлғаны алмастырады (мысалы, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін оның органы – директор, басқарма арқылы жүзеге асыру) немесе оған іс жүзінде көмектеседі (мысалы, ақылы көмек көрсетеді, мердігерлік жұмыстарды жүзеге асырады, тауарларды өткізеді немесе делдалдық қызмет көрсетеді).

     Заңдық әрекеттердің жасау өкілдік берушінің еркін қайталауды ғана емес, өзінің дербес еркін көсетуді де талап етді. Сондықтан өкілдік ұғымына тек өзін жіберген тұлғаның еркін жеткізетін және өз бетінше өзінің еркін білдірмейтін, заңдық әрекеттер жасамайтын құрал ғана болып саналатын өкілдің, шабарманның қызметі кірмейді.

     Өкілдік өкілдің сенім білдіруші адамның атынан мәміле жасалуын көздейді. Мәмілені сенім білдірушінің мүддесі үщін, оның есебінен, бірақ өз атына комисионер жасайды, ал шарттың тиісті талаптары болғанда сенімгер басқарушы да жасайды. Көп ретте комиссия жөніндегі қатнастарды, АК – ның 163 – бабындағы тікелей өкілдік мағынасынан өзгеше, жасырын өкілдіке жатқызады. Бірақ комиссияның шарты бойынша қатнастарда өкілдіктің мәнді белгілері жоқ. Комиссияның өкілдікпен экономикалық белгілер бойынша ғана ұқсас белгілер бар басқаның есебінен әрекет жасау, бірақ белгісі бойынша емес, өйткені оның мәні өкілдәік білдірушінің артынан әрекет ету болып табылады. Сондықтан комиссия және өкілдік бойынша қатнастардың салдары бір бірінен айтарлықтай өзгеше болады, бұл комиссияның өкілдікке жатқызуға мүмкіндік бермейді. Басқалардың мүдделері үшін болса да, өз атынан әрекет ететін адамдар өкілдік бола алмайды. Сондықтан, мысалы, сенімгер басқарушының, өкілеттті адамның өз атынан әрекет ету қызметі өкілдік болмайды (АК – ның 163 – бабының 4 – ші тармағы).

     Өзге адамның мүделері үшін жүзеге асырылатын, бірақ ол үшін азаматтық – құқықтық салдары болмайтын қызмет те бола алмайды, өйткені өкілдіктің мәнді белгісі өкілдің заңдық мәмілелер жасауы болып табылады. Мысалы, лоарға өзге адамның атынан мәміле жасау емес, мәмілелер жасауға көмектесу тапсырылатын коммерциялық делдалдардың қызметін немесе болашақта жасалатын мәмілелерге, азаматтық – құқықтық шарт болып есептелмейтін ниет қаптамсасына қол қоюға байланысты келіссөздерге қатысу тапсырылатын адамдардың (атап айтқанда, лауазымдық міндетінде осындай жұмыстарды жүргізу кіретін заңды тұлға қызметткерлерінің) қызметі өкілдік бола алмайды.

     Өкілдік қатнастардың субъектілері. Өкілдікте өкіл, өкілдік беруші (сенім білдіруші) және үшінші тұлға арасында қатнастар туындайды. Өкілдікте және өкілдіктің көмегінен жасалған мәміле бойынша қатнастардың тууы үшін үш тұлғаның бірлескен және үйлесімді еркі болуы қажет: өкілдік беруші адам арқылы құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін — өкілдің; өкілдік беруші адаммен қатнас орнату үшін — үшінші адамның; өкіл арқылы мәміле жасауға өз келісімін ертерек немесе кешірек беру үшін — өкілдік берушінің еркі болу керек.

     Өкіл мен өкілдік беруші адам арасындағы құқықтық қатнас өкілдіктің өзі болады, оны ішкі қатнас деп атайды. Өкіл мен үшінші адам арасындағы қатнас сыртқы қатнас болады, ол өкілдік бойынша өкілеттілікті  жүзеге асыру болып табылады, оның дербес сипаты жоқ, өйткені өкілдіктің мәні — өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пкайда болады. Бір тарабы өкіл болатын мәміледе өкілдік беруші адам құқықтар мен міндеттер субъектісіне айналады, ал үшінші жақ үшін өкіл фигурасының айтарлықтай мәні болмайды, өйтикені үшінші жақ өкіл арқылы тікелей өкілдік құқықтық қатнас орнатады. Өкілдің мәмілесі – бұл заңдық факт, ол өкілдік берушімен үшінші адам активті және пасивті субъектілері болып табылатын қатынастарды туғызады. Өкіл өкілдіктің жәрдемімен орнатылатын қатынастардан тыс қалады және онда ешқандай құқықтарды немесе міндеттерді иеленбейді.

     Құқықтар мен міндеттер субъектісі өкіл емес, өкілдік беруші адам болатындықтан, онда жалпы азаматтық құқық қабілеттіліктің болуы талап етіледі. Жалпы ереже бойынша, азаматтық айналымның кез келген субъектісі – заңды тұлға немесе әрекет қабілеттілігінің күйіне қарамастан, азамат өкілдік беруші адам қызметін атқара алады. Сонымен бірге, бұл жалпы ережеден бір қатар ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, бір қатар жағдайларда заң мәмілелердің жекеленген түрлері бойынша талаптары белгілі бір белгілі бір талаптар қояды. Мысалы, банк, қамсыздандыру және өзге де лицензияланатын қызметті жүзеге асырудан туындайтын мәмілелерді жасауға арнайы лицензия болудың қажеттілігі және осы жағдайды өкілдік беруші адам жеке өзі немесе өкі арқылы мәміле жасау үшін лицензия алуға тиіс. өкіл арқылы мәміле жасауға қажетті келесі ерекшелік айналым қабілеті шектеулі мүлікпен мәміле жасауға қатысты шектулерден туындайды, мысалы, ауыл щарушылық мақсатындағы жерлерді шетелдіктердің меншігіне сатып алуға тиым салу, аңшылық жасау қаркларын сатып алу үшін арнайы рұқсаттың болуы және т.с.с.

     Өкілдік өкілеттіліктер. Өкілдің жасалуына рұқсат етілген мәмілелер ауқымын өкілеттілік деп атайды. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, сондай – ақ оның өкілдік берушінің атынан құқықтық қатнас орнататын адамдары үшін міндетті, өйткені кейін оларды өкілдік беруші мақұлдайтын жағдайлардан басқа реттерде өкілеттілігі жоқ немесе өкілеттілігі жоқ өкілдік заңдық салдар туғыза алмайды.

     Өкілдің өкілеттілігі, әдетте, өкілдікке негіз заңдық фактының мазмұнынан туындайды.

     Оқиғаларға немесе соттың шешімінің негезделген өкілдікте өкілдің өкілеттілігі заңда байанды етілген нормалардан келіп шығады. Мысалы, баланың туылуы оқиғасына байланысты өкілдіктің пайда болуында өкілдердің – ата – аналарының өкілеттіліктері (өкілдіктері) 14 – жасқа дейінгі кәмілетке толмағандардың мәміле жасау тәртібін көздейтін АК- ның 23-бабының нормаларынан туындайды соттың шешімімен азамат әрекетке қабілесіз деп танылатын жағдайда өкілдің өклеттілігі әрекетке қабілетсіз адамның мәміле жасау тәртібін көздейтін АК-ның 26-бабынан туындайды.

 

Өкілдіктің паида болу негіздері және түрлері

 

Заң немесе шарт өкілдіктің пайда болуының негізі болып табылады. Заң арқылы пайда болатын өкілдік заңды немесе қажетті өкілдік деп аталады. Шарттың негізінде пайда болатын өкілдік шарттық немесе еріктік өкілдік деп аталады.

     Белгілі бір адам кемісіктерінің немесе әрекетке қабілетсіздігінің орнын толтыру қажет болған жағдайларды заңды өкілдік пайда болады. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шекткулі деп танылған кәмілетке толмағандарға (есі ауысқан, нашақор, маскүнем және т.с.с. науқастарға ) қамқоршылық белгілеу заңды өкілдікке мысал болады. Заңды өкілдіктің пайда болу жағдайлары заңдарда баянды етілген. Заңда заңды өкілдіктің пайда болуына қажетті заңдық фактілердің белгілі құрамы көрсетілген.

     Заңды өкілдік тікелей мынадай заңдық фактілердің негізінде пайда болады:

  • өкілдік қатынастардың басталуына себепші болатын оқиғалар, мысалы, заң баланың туылуына байланысты ата-аналарға өкілдік қызметін атқару уәкілеттілігін береді;
  • өкілді қатнастарды белгілейтін сот шешімін, мысалы, соттың шешімімен азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қамқоршылық белгілеу әрекетке қабілетсіз азамат пен оның қамқоршысы арасында өкілдік қатнастар орнатады;
  • заңға сәкес өкілдік қатнастар туғызатын әкімшілік акт, мысалы, бала асырап алушылықты ресімдеу.

Заңды өкілдік мүліктік айналымда айтарлықтай кең таралған. Ол әрекетке қабілетсіз адамдарға қатысты туындайды. 14-жасқа дейнгі кәмілетке толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар толығымен әрекетке қабілетсіз деп танылады. Неке және отбасы туралы заңның тиісті нормалары реттеп отрады. 14-жасқа дейінгі кәмілетке толмағандар және қамқоршыққа алынған азаматтар, сөзсіз, азаматтық құқық субъектілері ретінде танылады, өйткені олар жалпы құқық қабілетілікті иеленеді. Сонымен бірге, 14- жасқа дейінгі кәмілетке толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар өз әрекеттерінің салдарын түсіне алмайтындықтан, азаматтық құқық мұндай адамдардың өз әрекеттерімен құқықты иеленіп, міндеттр атқаруын көздейді.

   Әртүрлі өмірлік жағдайларда белгілі бір заңдық әрекеттерді өз бетінше жасау мүмкіндігінің болмауына байланысты адамның қызмет ету саласын ұлғайту немесе ауыстыру қажет болатын реттерде шарттық өкілдік пайда болады. өкілдік қатынастар орнататын белгілі бір мәмілелердің негізінде, мысалы, сенім хат беру, коммерциялық өкілдік шартын жасау, тапсырма беру шартын жасау негізінде шарттық (ерікті) өкілдік пайда болады.

    Коммерциялық өкілдік. құқықтық реттеуінде елеулі ерекшеліктер бар коммерциялық өкілдік ерікті өкілдіктің ерекше түрі болып табылады, оның құқықтық реттелу ерекшеліктері АК-ның 166-шы бабында баянды етілген коммерциялық өкілдіктің айырым ерекшелігі — өкілдікте ерекше субъект- коммерциялық өкілдің қатысуында.

    Өкілетілігі жоқ өкілдік. өкілдік берушінің еркімен, заң, сот шешімі немесе әкімшілік акт  және уәкілеттілігі белгіленген шетте ғана уәкілеті бар адам өкіл ретінде әрекет ете алады.

    Өкілдік дегеніміз.— құқықтық қатынас болғандықтан, оған сәйкес белгілі бір адам — өкіл басқа адам — өкілдік берушінің мүддесіне мәміле немесе өзге де заңдық маңызы бар әрекеттер жасайтын болса, онда өкілдің өз өкілеттігін асыра пайдаланып жасайтын немесе осыған уәкілеттілігі бар адамның жасайтын мәмілесі немесе басқада заңдық маңызы бар әрекеттері басқа тарапты (үшінші жақты ) әрекеттен айырады.

   Уәкілеттігі жоқ немесе уәкілеттігі көп адамның басқа адамның атынан жасаған мәмілелерін немесе заңдық маңызы бар өзге де әрекеттерін кейіннен мақұлдау жасалған мәмілені және заңдық маңызы бар өзге де әрекеттерді жасалған кезден жарамды етеді.

Сенімхат дегеніміз бұл – бір адамның (сенім білдірушінің ) өз атынан өкілдік ету үшін екінші (сенім білдірілген) адамға иберген жазбаша уәкілдігі.

Жеке жазбаша құжат- сенім хат бір жақты мәміле болып табылады. Сондықтан сенімхатқа мәміле жөніндегі заңдардың барлық ережелері қолданылады. Сенімхат берудің сипаты бір адамның – сенім білдірушінің (өкілдік берушінің ) ерік білдіруінің және екінші адамның – сенім білдірілген адамның (өкілдің) ерік – жігері әрекеттерінің бар екенін көрсетеді. Сондықтан сенім білдіруші мен сенім білдірілген адам толық әрекетке қабілетті болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

  1. Заңды тұлға

1.1.Заңды тұлға ұғымы

     1.2.Заңды тұлғаның белгілері

     1.3.Ұйымдық бірлік

     1.4.Заңды тұлғаның органдары

  1. Өкілдік

     2.1.Өкілдік туралы жалпы ережелер.

     2.2.Өкілдіктің паида болу негіздері және түрлері

     2.3.Өкілдік қатнастардың субъектілері.

     2.4.Өкілдік дегеніміз