Еңбекақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген еңбек шарты және мансап инструкциясына байланысты төлем. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынылуына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, «Еңбек ақы төлеу туралы» ережесін дербес әзірлей алады, сондай – ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, «Қызметкер туралы» ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім – шартын жасау үшін ғана емес, сондай – ақ ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет.
Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз – жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатысты және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
- Еңбектің саны мен сапасына, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
- Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақтылы есептеу;
- Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
- Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;
- Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
- Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу;
- Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау.
Жалақы екі түрге бөлінеді:
— негізгі
- қосымша.
Негізгі – бұл қызметкелерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына кіретіндер:
а) жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
б) қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме;
в) жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйкессіздігі, өңдеудің күнделілігі, құрал — сайман мен жабдықтың икемсіздігі);
г) кесімді ақы алушыларға үдемелі бағалаулар бойынша қосымша ақы;
д) ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
е) мерзімнен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
ж) түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
и) жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер.
Қосымшы – бұл қызметкерлердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелінетін жалақы.
Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:
а) балаларды тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына төлем;
б) жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
в) мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
г) негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
д) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
е) шыққанда берілетін жәрдемақы.
Қызметкерлер жалақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаржаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыз жөніндегі жәрдемақыны алады.
Негізгі және қосымша жалақылар жалақы қорын құрады. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкерлердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.
Кәсіпорынның жоспарымен бекітілген, жалақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиіс жалақының сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады.
Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің екі нысаны бар:
1 – нысаны –мерзімдік;
2 – нысаны – кесімді.
Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі.
Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің үш түрлі әдісі қолданылады:
- Сағаттық ақы;
- Күндік ақы;
- Айлық ақы;
Мерзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).
Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады. Кесімді еңбекақы төлеген кезде алдын – ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана, ткм, килограмм, т.б.). Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:
- Тікелей кесімді жүйе;
- Кесімді – сыйақылық жүйе;
- Ілгерішіл – кесімді жүйе;
- Жанама кесімді жүйе;
- Аккордтық жүйе;
Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.
Кесімді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейді.
Ілгерішіл кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды көтермеленген бағалаулар бойынша (екі есе кесімді бағалаудан аспайтындай) төленеді.
Мысал. Сату бөлімінің он жұмыскеріне келесі еңбекақы белгіленген: 100 тауар бірлігіне 1000 теңгеден және одан әрі сатылатын 100 тауар бірлігіне 200 теңгеден төленетін бес жұмыскері 230 тауар бірлігін, үш жұмыскері – 190 тауар бірлігін және екі жұмыскері – 160 тауар бірлігін сатқан.
Енді біз осы ағымдағы айда тауарды сатумен айналысқан еңбеккерлердің жалақысын есептейміз:
230 тауар бірлігін сатқан еңбеккерлердің жалақысы |
= (1000 + (230 — 100) * 200) * 5 = 135000 теңге |
190 тауар бірлігін сатқан еңбеккелердің жалақысы |
= (1000 + (190 — 100) * 200) * 3 = 57000 теңге |
160 тауар бірлігін сатқан еңбеккерлердің жалақысы |
= (1000 + (160 — 100) * 200 ) * 2 = 26000 теңге |
Тауар сатумен айналысқан еңбеккерлердің жалақысының жиыны |
= 218000 теңге |
Жанама кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қолданады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрсететін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама кесімді бағалаулар төленеді. Мысал. Жөндеуші жұмысшы Кимнің жалақысы тариф бойынша 14 400 теңге. Учаске бойынша жоспарланған шығарылым (өндірістік тапсырма) 1000 бірлік. Механикалық цехтың жұмысшысы Ким қызмет көрсеткен станокта 1200 бірлік әзірленген. Жанама кесімді бағалау: 14400/1000 = 14,40 теңге.
Кимнің жалақысы: 1200 * 14,40 = 17 280 теңге.
Аккордты жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі. Бұл құрылыс саласында жиі қолданылады. Мысал.
Жөндеу цехында жұмыс істейтіндерге аккордты төлем жүйесі бойынша еңбекақы төленген. Негізігі өндіріс цехының жалпы жалақысы 300000 теңге құраған, жөндеуді орындауға жұмсалған уақыты 140 адам/сағат болған, оның ішінде: 40 адам/сағаты – екі ағаш ұстасына; 30 адам/сағаты – бес дәнекерлеушіге; 10 адам/сағаты – үш энергетикке; 50 адам/сағаты – жиырма бес сылақшы – майлаушыға; 10 адам/сағаты – бес слесарьға кеткен. Топтағы жұмысшылардың әрқайсысы бірдей жұмыс уақытын жұмсаған деп шартты түрде аламыз.
Атқарған жұмысы үшін еңбеккерлердің жалақысы мынаны құрайды:
Ағаш ұстасы |
= 300000/140 * 40 = 85 714 теңге (бір жұмысшының жалақысы – 42857 теңге (85714/2)) |
Сварщик |
= 300 000/140 * 30 = 64286 теңге |
Электрик |
= 300 000/140 * 10 = 21 429 теңге |
Штукатурщик |
= 300 000/140 * 50 = 107 12 теңге |
Слесарь |
= 300 000/140 * 10 = 21 429 теңге |
Жөндеу цехының еңбеккерлерінің жалақы жиыны |
= 300 000 теңге |
Кесімді бағалаулар қолданыстағы уақыт нормалары мен шығарылым нормаларына негізделеді. Уақыт нормасы – бұл адам/сағат, адам/күн көрсеткіштерімен көрсетілген жұмыс бірлігін орындауға қажетті уақыт. Шығарылым нормасы қызметкер уақыт бірлігінде жасауға тиіс жұмыс санымен анықталады. Кесімді бағалау (Б) былайша есептелінеді:
- Шығарылым нормасын қолданған кезде(Н шығ.) Б = Т/Н шығ., мұндағы Т – тиісті разрядтың тарифтік ставкасы (бірегей тарифтік кесте бойынша айлық ставканы жұмыс уақытының орташа айлық балансына бөлу жолымен анықтайды).
- Уақыт нормасын қолданған кезде (Н уақ.) Б = Т * Н уақ.
Төлемнің мерзімдік нысаны қызметкерлердің барлық санатына қолданылады. Жалақыны есептеу жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелінің негізінде жүргізіледі. Мерзімдік ақы алатын жұмысшының жалақы сомасы нақты жұмыспен өтелген сағаттардың сағаттық тариф ставкасына көбейтіндісі ретінде анықталады.
01 Жалақы = нақты жұмыспен * сағаттық тариф
сомасы өтелген сағаты саны ставкасы
Мысал. Мерзімдік ақы алатын 6 – разрядтағы жұмысшы сағаттық тариф ставкасы 76 теңге болған кезде 182 сағат жұмыс істеген. Жалақы сомасының есептелуі: 182 * 76 = 13 732 теңге.
Жеке кесімді еңбекақы
Табыс әрбір жұмысшының жұмыс нәтижесіне байланысты. Ол белгіленген бағалауды дайындалған бұйымдардың сапасына көбейту жолымен анықталады.
Мысал. Кесімді ақы алатын жұмысшыға бірлігі 250,56 теңгеге бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Жалақысы 30 * 250,46 = 7513,80 теңге.
Бригадалық кесімді еңбекақы.
Жұмысшылардың жалақысы бригаданың, учаскенің жұмыс нәтижесі бойынша анықталады. Бағалаулар жеке(әрбір кәсіпке) және кешенді(ұжымдық) болуы мүмкін.
Жеке бағалауды қолданған кезде жалақы жұмыстың осы түрінің бағалауын бригада, цех, учаске жасаған бұйым санына көбейту жолымен анықталады.
Кешенді бағалауды қолданған кезде бригаданың кесімді табысы анықталады. Ол бригада мүшелерінің арасында жалақы тарифіне пара – пар бөлінеді (жұмысшы разрядының тарифтік ставкасын нақты жұмыспен өтелген сағаттарға көбейту арқылы). Жалақы КТУ ескерілген тариф бойынша есептеледі, содан кейін бөлу коэффициенті анықталады (бригаданың кесімді жалақысы КТУ ескерілген тариф бойынша бригада жалақысына бөлінеді). Әрбір жұмысшының айлық жалақысы тариф бойынша жалақыны бөлу коэффициентіне қайта көбейту арқылы анықталады.
Мысал. Құрамында 3-ші, 5-ші, 6-шы разрядты 3 адам бар кесімді ақы алушы жұмысшылар бригадасы әр қайсысы 8040,40 теңгеден бағаланған екі машинаны жинады. Ахметов 80 сағат жұмыс істеген(6-шы разряд), Ким 60 сағат жұмыс істеген (5 – ші разряд), Петров 70 сағат жұмыс істеген(3 – ші разряд).
- Бригаданың жалақысы: 8 040.40 * 2машина = 16 080,80 теңге.
- Тариф бойынша жалақы:
Ахметов: 80 * 100 = 8000 теңге
Ким: 60 * 80 = 4800 теңге
Петров: 70 * 56 = 3920 теңге
- Нақты жалақыны бөлу коэффициенті 16080,8/(8000 + 4800 + 3920) = 0,96
- Айлық жалақы:
Ахметов: 8000 * 0,96 = 7 680 теңге
Ким: 4800 * 0,96 = 4608теңге
Петров: 3920 * 0,96 = 3000теңге
Жиыны: 16080,80 теңге.
Сыйақы мөлшері орындалған жұмыстың маңыздылығы мен күнделігіне қарай кәсіпкер мен жұмысшылардың топтарына сараланып бөлінеді.
Мысал. Сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың тұрып қалуын қысқарту үшін кезекші слесарьларға тарифтік ставкасының 20% мөлшерінде сыйақы беру көзделген. Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу нормасын 5% құрайды. Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік ставка 100%, жабдықтың ай ішінде тұрып қалуы — 3%.
- Мерзімдік жалақы: 180 * 100 = 18000 теңгеге тең.
- Жабдықтың тұрып қалуын төмендетудің әрбір % үшін сыйақы мөлшері: 20%/5% = 4%
- Жабдықтың тұрып қалуын қысқарту: 5% — 3% = 2%
- Сыйақының пайыздық мөлшері: 4% * 2% = 8%
- Сыйақы сомасы: 18000 * 8% = 1 440 теңге.
- Ай ішіндегі жалақы: 18000 + 1 440 = 19440
Материалдарды үнемдеген жұмысшыларға сыйақы беруге әрбір жұмыс орны, бригада учаскесі бойынша нақты үнемделген материалдар сомасынан белгілі бір пайыз жұмсалуы мүмкін.
Мысал. Мерзімдік ақы алушы жұмысшы 160 сағат жұмыс істеп, есепті айда 1 200 теңге сомасының материалын үнемдеген. Сыйақы беру туралы ережеге сәйкес сыйақы нақты үнемделген материалдардың 35% мөлшерінде есптеледі. Тарифтік ставка 100(сағатпен):
- Мерзімдік жалақының сомасы: 160 * 100 = 16000 теңге.
- Материалдарды үнемдегені үшін сыйақы: 1200 * 35% =420теңге.
- Айдағы жалақы сомасы: 16000 + 420 = 16 420 теңге.
Жалақыдан үстап қалу тек заңда көзделген жағдайларда жүргізіледі. Әрбір жалақы төлемі кезінде барлық ұстап қалулардың жалпы мөлшері жалақының 50% — дан аса алмайды.
Қызметкерлердің жалақысынан бухгалтерия ұсталымдардың мынадай түрлерін ұстап қалады:
- Табыс салығы.
- Орындаушы қағаздар бойынша.
- Несие, сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар мен міндеттемелер бойынша.
- Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша.
- Егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтардың немесе тәуелсіз кәсіподақтардың федерация кеңесінде тіркелген болса 1% — дық кәсіпорын жарнасы.
- Жалақы есебінен берілген авансты өтеу.
- Жеке тұрғын – үй құрылысына берілген несиені өтеу есебіне.
- Жұмысшының жазбаша келісімі бойынша шаруашылық субъектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәтерақы төлеу.
- Демалыстың өтелмеген күндері үшін.
- Кәсіпорынға келтірген зиянды өтеу.
- Айыппұлдар мен мойнындағы ақша.
- Ведомстволық мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау үшін.
Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі болып саналады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. » Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы » ҚР Президентінің жарлығына сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістерін ескергенде) жылдық орташа кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелген кіріс салық салу объектісі болып табылады. 29 – бапқа сәйкес табыс салығын есептеу салық жылы ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан кететін болса, ол алған нақты табысқа орай табыс салығын қайта есептеу керек. Қажет болған жағдайда кірістің есептік сомасынан аванспен ұсталған табыс салығының сомасын қайтару қажет.
Жеке табыс салығын ұстаған кезде 681, 682 шоттары дебетттеліп, 634 шоты кредиттеледі.
Халықтық соттың шешіміне, нотариалды органдардың атқарушы жазуларына, өтем алу туралы әкімшілік органдардың қаулысына сәйкес берілетін атқарушы қағаздар бойынша ұстап қалу негізі жалақыдан, зейнетақылардан, тұрақты сипаттағы барлық қалған төлемдерден, соның ішінде сыйақылар мен еңбекке уақытша жарамсыздық жәрдемақыдан жүргізіледі. Келіп түскен атқарушы қағаздар арнайы тізілімде тіркелуге тиіс. Алименттер есепті айдағы негізгі және қосымшадан табыс салығы ұсталғаннан кейін қалған сомадан ұсталады. Кәмелетке толмаған балаларды күтуге арналған алимент бір бала үшін жалақының 25% мөлшерінде, екі бала үшін жалақының 33%, үш және одан да көп балалар үшін 50% құрайды. Белгіленген төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде ұсталған алименттердің сомасы алушыға төленуге немесе өтем алушының шотына аударылуы керек. Борышкер кәсіпорыннан кететін болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы атқарушы қағазға барлық ұсталған алименттер туралы белгі қойып, оны мөрмен растайды, егер белгілі болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын орнын көрсетеді.
Несиеге сатылған тауарлар үшін ұстап қалу саудаласушы ұйымның жазбаша тапсырмасы, міндеттемесі негізінде жүргізіледі.
Кәсіподақ жарналарын ұстап қалу айға есептелген жалақының барлық сомасына 1% мөлшерінде жүргізіледі.
Берілген жоспарлы және жоспардан тыс аванстар сақтандыру қағаздарының немесе сақтандыру агенттерінің куәлігі негізінде ұсталады. Жинақ зейнткерлік қорға міндетті зейнеткерлік жарнасы еңбеккерлердің жалақысынан, сыйлығынан, қосымша төлемдерінен, үстемесінен және басқа да табысынан 10% мөлшерінде ұсталынады және оны жұмыс беруші аталған қорға аударады.
Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу есебі.
Жалақының жинағы және оны тарату.
Қызметерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 681 «Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу» шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.
Еңбек ақыны есептегенде 681 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:
126-шоты «Аяқталмаған құрылыс» күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына;
811-шоты «Тауарларды (жұмыстарды ,қызметтерді) сату жөніндегі шығындар» өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
821- шоты «Жалпы және әкімшілік шығындар» жалпы шаруашылық және әкімшілік- басқармашылық қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
902- шоты «Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы» негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
922- шоты «Қызметкерлердің еңбек ақысы» қосалқы өндірістердің қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
932- шоты «Қызметкерлердің еңбек ақысы» цехтағы (жалпы өндірістегі) қызметкерлерге төленген төлемінің сомаларына;
942- шоты «Қызметкерлердің еңбек ақысы» әлеуметтік салада қызмет көрсетумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
952- шоты «Жұмысшылардың еңбек ақысы» ақау өнімдерді жөндеумен шұғылданатын жұмысшыларға есептелген еңбек сомаларына.
Басшылықтағы тұлғалармен есеп айырысудың есебі. Басшылықтағы тұлғалармен есеп айырысу үшін 682 «Басшылықтығы тұлғалардың қарызы» шоты арналған, онда мынадай тұлғалармен есептеседі (басқарма мүшесі мен төрағасы, бақылау кеңесінің мүшесі және ревизиялық комиссияның мүшесі және т.б.). Басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек төлемінің сомаларына 821- шоты дебеттеледі де, 682- шоты кредиттеледі, ал оны төлеген кезде 682- шоты дебеттеліп, 451 шоты кредиттеледі.
Кәсіпорынның қызметкерлеріне есептелген ақыны тарату. 681- шотының кредитінен, басқа шоттардың дебетіне(902,922,942,126,821,950 т.б.) жатқызылған сомасы есеп объектілеріне, тапсырыстарына сәйкес баптарына жазылуы керек, яғни талдамалық есеп талап етіледі. Жалақыны тарату 681(682) шотының кредитінен мына шоттардың дебетіне жазылады: 126,811,821,902,922,932,942,952. Сондай-ақ, жалақы «Матриалдар» шотына, «Болашақ кезеңнің шығыстарына» жатқызылуы мүмкін, яғни аталған шоттар дебеттеледі де, 681 шоты кредиттеледі.
Демалыс ақысын төлеуге құрылған резервтер. Қызметкерлердің демалыс ақысы бойынша есеп айырысу есебі 685 «Еңбеккерлерге демалыс бойынша қарыздарын есептеу» шотында жүреді (демалыс ақысын төлеудің резервтері). Бұндай резервтерді құру оларды өндіріс шығындарына жатқызудың бірқалыптылығын және дұрыстығын қамтамасыз етудің жолы болып табылады. Резервке аударудың пайызы (процент) демалыс төлемдерінің орташа ұзақтылығына байланысты болып келеді. Резервті құру кезінде 685 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 126,811,821,902,922,932,942,952. Ал, демалысты есептеген кезде 685 шот дебеттеліп, 681,682 шоттары кредиттеледі.
Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша есептелген жәрдемақылардың және әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен берілетін басқа да төлемдердің сомасы 653 «Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есеп айырысу» шоттың дебеті және 681 «Қызметкерлермен еңбек бойынша есеп айырысу», 682 «Басшылардың еңбек ақысы» шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.
Жеке тұлғалардан ұсталынған табыс салығына 681 және 682 шоттары дебеттеліп, 634 «Бюджетпен басқа да есеп айырысулар» шоты кредиттеледі.
Еңбек төлемінен алынатын ұсталымдар мен шегерімдер 681-ші және 682-ші шоттардың дебеті бойынша көрініс табады және мына шоттардың кредитіне жазылады: 950 «Өндірістік ақау» шотына- еңбек төлемінен ұсталынған өндірістегі жарамсыз өнім сомалары;
333 «Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы» шотында- есеп беруге тиісті тұлғалардан ұсталынған сомалар; жетіспеушіліктер; ысыраптар мен ұрлық-қарлықтар; несиеге алынған тауарлар т.б. көрсетіледі.
Қызметкерлерге аванс ретінде және өткен ай үшін түпкілікті есеп айырысу ретінде төленген еңбек төлемінің сомалары 451 және 441 шоттарының кредитінен, 681 және 682 шоттарының дебетіне көшіріледі.
Қортынды.
Нарықтық экономика жағдайында болған басқарудағы өзгерістер, нарықтық қатнастардың пайда болу нәтижесінде пайда болған барлық меншік формалары есеп және бақылаусыз мүмкін емес. Нарықтық экономикада елдің әлеуметтік дамуына сәйкес еңбекақы төлеу, әлеуметтік қолдау және жұмысшыларды қорғау салаларында да өзгерістер болды. Себебі, осы функциялардың барлығы мемлекеттен кәсіпорындардың өзіне берілді.
Осы өзгерістермен қатар бухгалтерлік есепті жүргізудің әдістері де өзгерді. Қандай да болмасын кәсіпорынның бухгалтеріне тек есепті ұйымдастырудың жаңа принциптерін үйрену ғана емес, сонымен қатар оны талдай білу және дұрыз жүргізе білу керек. Сондықтан, көптеген кәсіпорындардың пайда болуымен бухгалтерияда жұмыс істейтін жұмысшылар қажет болды. Себебі, жалғыз бас бухгалтер – бухгалтердің, кссирдің жұмыстарын да атқарды. Бухгалтер – бухгалтерлік есеп шоттарында кәсіпорынның барлық шаруашылық операцияларын көрсетіп, оларға бақылау жасауды қамтамасыз етеді, белгіленген мерзімде бухгалтерлік баланс құрып, есеп жасайды, кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық жұмысының экономикалық анализін жасайды.
Еңбек және еңбекақы есебі – кәсіпорынның есеп жүйесінде басты орын алады. Оның басты міндеттері:
- белгіленген уақытта жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу;
- еңбекақының көлемін және одан ұсталынатын әлеуметтік сақтандыру органдарына төлемдерді уақтылы және дұрыс анықтау;
- еңбек және еңбекақы бойынша көрсеткіштерді жедел басқару және қажетті есеп жүргізу үшін, сонымен қатар әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қорларымен есеп айырысу үшін жинау және топтастыру.
Еңбек және еңбекақы есебі еңбектің мөлшері мен сапасына, құрал жабдық, қаражаттарды бақылауды қамтамасыз ету керек. Қорыта айтқанда, еібекақы бойынша есеп айырысу кәсіпорындағы бухгалтердің күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Себебі мұнда жұмысшылардың құрамының, олардың жұмыстарының көлемі мен сапасы анықталып, соған сәйкес еібекақы есптелуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Родостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Родостовец В.В., Шмидт О. И. «Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп».
- Кондраков Н.П. «Бухгалтерский учет»: учебное пособие. М:1996
- Баймуханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп».
- «Бухучет на практике» №4(5), апрель 2004г.
- «Бухгалтерский учет» 2’2005.
- «Бухгалтер бюллетені» №18, мамыр 2004 ж.
- «Досье бухгалтера» №1, январь – февраль 2000 г.
- «Библиотека бухгалтера и предпринимателя» №4(117), апрель 2000
- В.Л. Назарова «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов». Алматы: Экономика – 2003.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тақырыбы: Персоналмен еңбекақы бойынша есеп айырысу.
Орындаған: Көшкінова М.
УиА3к1 тобы.
Ғылыми жетекшісі: Баймуханова С.Б.
Экономика ғылымдарының
кандидаты, есеп және аудит
кафердасының доценті.
Алматы 2005