АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Құрсақ ішіндегі ұрық

                   

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Аталық жасуша мен аналық жасушаның бірігуінен пайда болатын зиготадан туылғанға дейінгі ұрық дамуының қалыптыдан ауытқуларының барлық түрлері пре немесе антенатальдық дерттерге жатады. Бұлардың көріністері болып организм функцияларының бұзылыстарына әкелетін туа біткен ағзалар мен жүйелердің даму ақаулары есептеледі. Олар нәрестелердің туылу кезіндегі шетінеуінің көптнген мөлшерін құрайды.

    Дерт туындатқыш әсерлерге аталық және аналық жыныстық жасушалар, олардың бірігуінен пайда болған бластоцистер, жатырдың қабырғасына жабысатын эмбриондар және ұрық ұшырайды. Осыған байланысты құрсақ ішіндегі дерттер гаметопапиялар, бластопатиялар, эмбриопатиялар және фетопатиялар деп ажыратылады.

      Гаметопатиялар— ұрықтануға дейінгі жыныстық жасушалардағы дерттік өзгерістер. Олар аяқ астынан түсік тастауға, тұқым қуалайтын аурулар дамуына әкеледі.

       Бластопатиялар— ұрықтанудан кейінгі алғашқы екі апта кезіндегі зиготалардың бүлінуі. Бұл кезде дерт туындатқыш әсерлерден хромосомалардың ажырауы бұзылуы немесе зиготаның жатыр қабырғасына енуі кешеуілдеуі мүмкін.

      Бірінші жағдайда бластопатия қрықтың жалпы дамуы мен оның тұла бойының қалыптасуының бұзылыстарыменкөрінеді. Осыдан қосымша тұтас организм немесе оның жекелнген мүшелерінің артық дамуы, өзара біріккен егіз балалардың туылуы байқалады. Екінші жағдайда негізінен нәресте өлі туады.

           Эмбриопатиялар— ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуінен бастап бала жолдасының қалыптасуына дейінгі бүлінуі. Эмбрион даму ерекшклігінің бала жолдасымен көпшілік ағзалардың қалыптасуы ерекшеленеді.Бала жолдасы мен ана  плацента ұрық жүйесі қалыптасуының бұзылуы ұрықтың өліміне немесе эмбрионның жалпы дамуы кідіруіне және оның тіршілік қабілеттілігі төмендеуіне әкеледі. Ағзалардың қалыптасуы бқзылуы жекелеген ағзаларда ақаулардың дамуымен көрінеді.

          Фетопатиялар— құрсақ ішінде дамудың 76- тәулігіне немесе жүктіліктің 12-аптасынан туылуға дейінгі ұрық днрттерінің жалпылама аты.

 

 

 Құрсақ ішінде ұрық дамуына

                             Биологиялық ықпалдардың әсері.

 

       Жаңа туған нәрестелердің шетінеуінде құрсақ ішінде дамитын жұқпалардың маңызы зор. Құрсақ ішінде дамитын дерттердің пайда болуында әртүрлі жұқпалардыңмаңызы әртүрлі. Бұл кезде анасының жұқпалы аурулармен сырқаттану жиілігімен ұрықтың бүліну жиілігі бірдей болмайды. Мәселен, анасында жиі кездесетін тұмау ұрықтың бүлінуіне сирек әкеледі.

         Құрсақ ішінде ұрық дамуының соңғы сатыларында вирустардың енуі әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылыстарымен сипатталады. Мұндай жағдайларда жаңа туған нәрестелердің толық жетілмеушілік белгілері, қоршаған ортаның жағымсыз ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерінің жеткіліксіздігі, ақыл есі мен дене құрылымдары дамуының кешеуілдері байқалады.

     Қызамық, цитомегалия, ұшық, өызылша, қарамық, полиомиелет және инфекциялық гепатит вирустарының әсерлерңнен құрсақ ішінде ұрық дамуының бұзылыстары жақсы зерттелген. Қызамық туындатқыш вирустың тератогендік әсері болатыны белгілі болды. Оның әсерінен ұрық тіршілігін жоғалтуы мүмкін немесе жүректе, мида, есту ағзаларында ауытқулар пайда болады. Сондықтан әйелдерде бұл дерт жүктілітің 12-

 

16апталарында болғанда, іштегі ұрықты жасанды түрде тусік тастауға ұсыныс жасау қажет.

 

             Құрсақ ішіндегі ұрық дерттері дамуында

               Анасының дұрыс қоректенбеуінің маңызы.

 

         Іштегі баланың дамуы үшін шешесі тамақтың құрамы мен мөлшері бойынша дұрыс тамақтануы керек. Шешесінің тамағында әсіресе нәруыздар мен витаминдердің тапшылығы ерте түсік тастауға, баланың өлі тууына немесе эмбрион дамуының дерттеріне әкеледі. Жүкті әйелдердің құрамында нәруыздардың жетіспеуі құрсақ ішінде ұрық дамуының барлық кезеңдерінде оның өсуі мен сақталуына қажетті жаңа құрылымдар қалыптасуын тежейді. Нәруыздар анасының организмінде эндокриндік бездердің қалыпты секрециясы үшін қажет. Сондықтан олар тағамда аз болуынан анабездердепрогестерон түзілуі азаяды, бластоцистердің жатыр қабырғасына бекуі нашарлайды. Шешесінің организиінде нәруыз  тапшылықты анемия, іштегі ұрықта гипоксия дамиды. Жүкті әйелдердің ішетін тамақтарында А,Е витаминдерінің қатты тапшылықтары өз беттерінше құрсақ ішінде бала дамуын баяулатып, даму ақауларының пайда болуына әкеледі.А, Е витаминдерінің жетіспеуінен іштегі баланың қол саусақтарының сүйектері дұрыс қалыптаспайды, көзінде, терісінде, жүрегінде қалыптыдан ақаулар пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 Құрсақ ішінде дамитын дерттердің жалпы

                                 Патогенезі.

 

         Ауру туындататын себепкер ықпалдар ұрыққа тікелей әсер етуі мүмкін. Мәселен, радиация, жұқпалар, мутагендер,. Сонымен бірге олар жатыр мен бала жолдасының арасындағы қан айналым бұзып әсер етуі мүмкін.

          Бала жолдасы тасымалдық, тыныстық, зат алмасулық, тосқауылдық және эндокриндік қызмет атқарумен қатар өз жүйесіндегі иммундық қатнастарды реттейді.Оның:

ТАСЫМАЛДЫҚ- қызметінің  бұзылуы нәтижесінде ұрыққа қажетті қоректік заттар түспейді де нәрестенң гипотрофиясы байқалады.

 ТЫНЫСТЫҚ— бұзылудан ұрықта және жаіа туған нәрестелерде оттегәнің жеткіліксіздігі болып, құрсақ ішінде дамудың кешеуілдеуі, гипоксиялық энцефалопатия дамиды.

ТОСҚАУЫЛДЫҚ— бұзылудан ұрық организмінде әртүрлі уытты заттар, вирустар мен микробтар, канцерогендер жеңіл өтіп кетеді. Оның эндокриндік қызметінің бұзылуынан ұрықтың ішкі сөлденіс бездерінің қалыптасуы, жетілуі, өзара реттелуі бұзылады. Бала жолдасында қан айналымның бұзылыстары оның негізгі атқараиын қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі.Туар алдындағы кезеңде бала организмі бүліністерінің дамуында бүлдіргіш ықпалдың әсер ету күшінің маңызы үлкен. Тым күшті әсерлердің нәтижесінде, ұрықтың шетінеуіне әкелетін, оның дамуы қатты баяулайды немесе бала туғаннан кейін тіршілікке өте қауіпті ауыр даму ақаулары байқалады.Мұдай жағдайды  физиологиялық жетілмеу деп атайды.

 

 

 

Анасында эндокриндік бездердің қызметтерінің

                                   Бұзылыстары.

 

       Анасында ішкі сөлденіс бездері қызметтерінің бұзылуы жыныстық жасушаның, ұрық даму кешеуілдеуінің себебі болады. Ұрықтың қалыпты дамуы үшін тиреоидтық гормондар мен инсулиннің маңызы өте зор.Сонымен бірге анасында соматотропин мен андрогендердің жеткіліксіздігі де оған белгілі мөлшерде әсер етеді. Гипофиз бен гипоталамус ядроларының бүліністері гонадотропин өндірілуін бұзып, жыныстық жасужалардың ондірілғһуін азайтады.

      Анасында гипотиреоз дерті болғанда иіштегі баланың пішін қалыптастыруы және туған балалардың ақыл есінің дамуы бұзылады. Өйткені анасында тиреоидтық гормондар жетіспеуінен іштегі баланың қалқанша бездері артық қызмет атқарады. Артынан олардың қалжырауынан гипотиреоз дамиды.Гипертиреозы бар әйелдерде жүктіліктен уыттану, іштегі баланың өлімі жиі байқалады, тірі туған балаларында эндокриндік, әсіесе қалқанша, бездерінің қызметтері бұзылады. Анасының организмінде тиреотропин көп болса,ол бала жолдасы арқылы ұрыққа өтіп, оның қалқанша бездерін сергітуден, жаңа туған нәрестелерден гипертреоз дамиды.Мұндай балаларда негіздік алмасу артып, тотығу процесімен фосфорланудың ажырауы, катаболизмдік процестерінің басымдығы байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

  Ұрық пен ана организмінің иммундық өзара

                              Қатынастарының бұзылуы.

 

        Ұрықтың дұрыс дамуына, өсуіне және тіндердің нақтылануына қажетті анасы мен баласының арасында күрделі иммундық өзара қатынастар болады. Осыдан иммунитет дамуын сергітетін  және иммундық шыдамдылыққалыптастыратын механизмдер дамиды.

Бала жолдасында оның тосқауылынан өтіп кете алатын анасының ұрыққа қарсы бағытталған антиденелері де бейтарапталынады.Бала жолдасының иммуноглобулиндердің бөлшегіне көптеген рецепторлар болады. Солар арқылы антиденелерді байланыстырып, оларды ьала организміне өткізбейді. Осындай жағдай ұрықты қоршаған сұйықта да болады. Бала жолдасында иммундық процестердің әртүлі тізбектерін тежейтін біршама медиаторлар өндіріледі, ал трофобласттар бөгде заттарды фагоцитоздық жолмен жойып жібереді.

 

            Іштегі ұрыққа иондағыш сәулелердің әсері.

 

       Жүктліктің ерте сатыларында анасына иондағыш сәулелер әсер еткенде дамитын радиациялық эмбриопатия арнайы белгілермен көрінбей, бейспецификалық түрде өтеді.Бұл кездерде үлкен мөлшердегі сәулелер ұрықты бүліндіріп, микроцефалия, гипоплазиямен көрінетін эмбриопатиядамытады, артынан баланың ақыл есі мен құрылымының ауыр ақаулары байқалады. Ересек адамдарға қарағанда туар алдындағы барлық кезеңдерде сәулеленудің нерв жүйесі дамуының бұзылыстары болады. Тіпті аз мөлшердегі иондағыш радиация гаметалардың өндірілуін азайтпай, оларды, әсіресе аналық жасушаны, бүлдіреді. Фетогенез кезеңінде сәулелену даму ақауларына, ең алдымен нерв жүйесінің дамуы бұзылыстарына ікеледі. Бала туғаннан кейінгі өмірде лейкоздармен, қатерлі өспелермен жиі аурады. Ондай адамдардың ұрпақ өрбіту қабілеті болмайды. Хиросимадағы атом бомбасын жарудан кейін балалардың даму фқаулары мен туу және Жапония тұрғындарының арасында лейкозбен ауыраы төрт есе байқалады. Осындай жағдай Семей полигонына жақын тұратын тұрғындардың  арасында да кездеседі.

 

 

Құрсақ ішінде бала дамуына арақ шараптың

                               әсері.

 

     

   Маскүнем әйелдерден туған балалардың 30-50% алкоголь эмбрио, фетопатиялар байқалады. Мастық кезінде біткен балалардың мектеп жасына келгенде ақылы толмайды, оларда невроздар, энурез, көз көруінің және құлақ естуінің қалыптыдан ауытқулары жиі байқалады. Болашақ ата аналарының арақ шарапты ұдайы қабылдауынан олардың жыныстық жасушаларында дегенерациялық өзгерістер болып, гаметопатиялардың дамуына әкеледі.Жүктіліктің бірінші аптасында арақ шарап ішкен әйелдерде этанол мен оның уытты өнімі ацетальдегид баласының, ең алдымен,  бас миының қалыптасуына қажетті нәруыздар, оның ңшңінде ферменттер мен ДНК молекуласының, түзілуін тежеп, эмбртоуытты әсер етеді.Бұл өнімдер ұрықта фолий қышөылының, мырыш иондарының, простагландин Е арттырады, бала жолдасы арқылы ұрыққа тез арі жеңіл өтіп кетеді. Сондықтан ұрыөтың қанында этанолдың анасының қанаындағы деңгейінің70-80% құрайды.Бұл кезде анасының шамалы ғана масайған кезіндегі қанындағы этанолдың мөлшері қрық бүліністерін туындатуға жеткілікті болады.

 

 

 

 

 

                 

 

 

                Жоспар

 

  1. Кіріспе бөлім.

 

  1. Негізгі бөлім
    1. Құрсақ ішіндегі баланың дамуына әсер ететін факторлар.

            б. Ұрықтың дүниеге келгенге дейінгі(эмбриондық, антенатальдық) кезең.

 

III Қорытынды бөлім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрсақ ішіндегі ұрық дамуына ата анасының шылым шегуінің әсері.

 

Әйелдердің шылым шегуі, ішіндегі баласына теріс ықпал етеді. Бүл әйелдер жиі түсік тастайды, лоарда жүктіліктен уыттану, босану кезінде қан кету, бала жолдасының жатырдан ерте ажырауы және оның бала туылу жолдарын жауып кетеді, мезгілінен бұрын босану т.с.с құбылыстар жиірек байқалады.

       Темекі шегетін әйелдерден туған балаларда құрсақ ішіндегипоксия дамуынан, гиповитаминоздардан ұрықтың қанында карбоксигемаглобулин, никотин концерогендік заттар жиналып қалуынан ұрықтың құрсақ ішінде дамуы баяулайды, гипотрофия дамиды.

 

 

    Анасының ішінде бала дамуы оның тегіне және қоршаған ортамен  өзара әсерлеріне қарай бірнеше құрылымдық және функциялық өзгерістердің сының организмімен өте тығыз байланысты. Ұрық үшін анасының организмі қоршаған орта бола алады, онда қажетті оңтайлы жағдайлардың болмауы бала организмінде  қалыптыдан ауытқулардың пайда болуына, дамымай қалуына немесе шала дамуына себепкер болатыны анық. Сондықтан анасыныңаптада тіршілігін жоятын ұрықтың дамуға қажетті жағдайлардың болмауынан тіршілігін жоғалт

Сонымен қатар ұрықта қоянжырық, тесіктаңдай сияқты даму ақаулары, босану кезінде баланыңасфикциясы,тденгейде жүреді.Шылым шегу аналарының сүтін азайт

 

 

 

 

 

  Қорытынды.

 

Қорыта келгенде, ұрықтың дамуының бастапқы кезеңдерінде оның қалыптыдан ауытқуы мүмкіншіліктері ең жоғарғы деңгейде болады, артынан олар біртіндеп азаяды да, белгілі уақыттарда қайта көтеріледі. Бұл сезімталдық кезеңдерін қатерлі немесе сенсетивтік кезеңдер деп атайды. Бұл кездерде ұрық жасушасы оның дұрыс бағытта дамуын қажетті серпіндерге өте сезімтал болады және ұрық ағзалары мен мүшелерінің даму сатысына ілігеді. Оның негізінде гендік құрылымдар қызмет атқару оралымдары, белгілі кездерде ДНК, РНК және арнайы нәруыздардың түзілуі белсенділігі артуы жатады. Осылармен жасушалардың нақтылануы байланысты болады.

     Ұрық дамуының қатерлі кезеңдері оның тіршілігіне өте үлкен қауіп төндіреді. Өйткені бұл кезеңдерде қрықтың жасушалары әдеттегі физиологиялық жағдайларға ғана емес, бүліндіргіш әсерлерге де өте сезімтал болып келеді.Екі қатерлі кезең ажыратылады. Біріншісі ұрық дамуының әлі жатырдың қабырғасыфна бекімей, оның түтіктерінде даму кезеңіне келетін жүктіліктің  бірінші аптасына дәл келеді.Екінші қатерлі кезең жүктіліктің 3-8 апталарына келетін үлкен ағзалардың дамуы мен бала жолдасының қалыптасу кезінде байқалады.Сонымен қатар ұрық дамуының бүліністері осы кезеңдермен шектеліп қоймай, басқа уақыттарда да болуы мүмкін.

 

 

 

 

 Ұрықтың дүниеге келгенге дейінгі кезең.

 

Эмбриондық кезең зиготаның бөлшектенуінен басталады.Зигота- ұрықтану нәтижесінде түзілетін ұрықтың бір жасушалы, диплоидты фазасы болып табылады. Зигота жұмыртқа жасушасы мен сперматазоидтың өзара қосылуы нәтижесінде пайда болғандықтан онда екі жұп хромосома саны( 2n) кездеседі. Олардың бір жартысы (n) аналық дарадан, ал екінші жартысы (n) аталық дарадан келіп түседі.

      Ұрықтанғаннан кейін жұмыртқа жасушасының ооплазмалық сегрегациялануы әрі қарай күшейе түседі.

Зиготаның бөлшектенуі- дегеніміз оның ядросының 2,4,8,16,32,64 т.б. жасушаларға (бластомерлерге) бөлінуі болып табылады. Зигота бөлшектенуінің жай митоздық бөлінуден ерекшклігі бөлшектену нәтижесінде түзілген бластомералар өспей әрі қарай бөліне береді.

Бөлшектенудің биологиялық маңызы:

  • Бөлшектену нәтижесінде бір жасушалы зиготадан көп жасушалы ұрық түзіледі.
  • Бөлшектену кезінде ДНК молекуласының қайта қайта екі еселенуі(репликациялануы) салдарынан зигота генотипі көбейеді.
  • Зигота цитоплазмасының әртүрлі учаскелерінің құрылысы мен жіктелуі түрліше болып, ақырында бір бірінен құрамы және даму бағыттары ерекше болып келетін бластомерлер жиынтығы түзіледі.

Жұмыртқа жасушасының түріне қарай зигота бөлшектенуінің екі түрін ажыратады:

  1. толық бөлшектену.
  2. толық емес бөлшектену.

Зиготаның толық бөлшектенуінде оның тірі заты түгелдей, қалдықсыз бластомерлерге таралады, ал толық емес бөлшектенуде зиготаның тек ақуызы ғана бөлшектеніп, сары уыз бөлінбейді.

Гистогенез және оргоногенез. Гистогенез(гр.histos- ұлпа, genesis- даму)  ағза ұлпаларының пайда болуын, дамуын, тіршілігін және қалпына келуін қамтамасыз ететін құбылыстар жиынтығы болып табылады. Гистогенез негізі болып эмбриогенез ең алғашқы сатыларында басталатын жасушалар жіктеуі( дифференцировка), яғни маманданушы жасушалар арасындағы үдемелі морфо физиологиялық ерекшеліктер саналады. Бұл жасушалар әртүрлі гендердің активтенуін не активсізденуін қамтамасыз ететін күрделі молекулалық генетикалық құбылыстар болып табылады. Жасушаларды ң көбеюі, олардың орын алмастырып қозғалып жылжулары және басқа да құбылыстар эмбриондық бастамалардың қалыптасуына адып келеді. Эмбриондық бастамалардың ұлпалық жіктелуі нәтижесінде әр түрлі мүшелердің қлпалары дамиды.

    Органогенез- жануарлар мүшелерімен мүшелер жүйесінің пайда болуы және дамуы сатысы болып табылады. Органогенез сатысы екі кезеңге бөлінеді:

  1. нейруляция – бұл фазада нерв түтігі және хорда қалыптасады.
  2. екінші фазада ұрықтың қалған мүшелері пайда болып, олардың өздеріне тән пішіндері мен құрылысының өзара үйлесімділігі қалыптасады.

Эктодерма- жүйке жүйесі, тері эпидермесі және оның туындылары( тырнақ, шаш, түктер, май және тері бездері) есту, көру сезу мүшелері дамиды.

Энтодерма – хорда, ас қорыту жолдарының, бауыр, өкпе эпителийлері, гипофиз, ұйқы безі, ішек қарын бездері дамиды.

Мезодерма- терінің дәнекер ұлпа қабаты, қаңқа бұлшық еттері, дәнекер ұлпалар, зәр шығару, жыныс жүрек қан тамыр жүйелері т.б. дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

         Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Ю.Афаносьев. Гистология.

 

  1. Ж.О.Аяпова. Гистология, цитология, эмбриология.

 

  1. С.А.Ажаев. Гистология, цитология және адам эмбриологиясы.

 

  1. Е.О.Қуандықов, С.А.Әбілаев. Медициналық биология және генетика.