АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Зерттеу орны – Шымкент қаласының экологиялық жағдайы

Мазмұны

 

     Кіріспе

  1. Зерттеу орны – Шымкент қаласының экологиялық жағдайы.

    Атмосфералық ауаның ластану жағдайы

    Тұрмыстық қалдықтар проблемасы

  1. Шымкент қаласында топырақтың ауыр материалдармен ластану дәрежесі.

    Зерттеу жұмысы

     Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Зерттеу орны — Шымкент қаласының қазіргі

экологиялық жағдайы

2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы сақталынған. Өндіріс өнімін шығару 11,8 пайызға, ауылшаруашылығының валдық өнімі 4,3 пайызға өсті. 2006 жылғы шығарылған өндіріс өнімі 142,5 млрд. теңгені құрайды, ал жалпы көлем индексі 2005 жыл деңгейімен салыстырғанда 111,8%. Кішігірім кәсіпкерлікте 2007 жылдың 1 қаңтарына жалпы жұмысшы сапы 313,4 мың адамнан тұратын 115,4 мың субъект тіркелген. Облыс экономикасының өсуі автокөліктің және Шымкент қаласында өндіріс секторының дамуы салдарынан ластауыш зат шығарындыларының артуына, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын залалсыздандыруға, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің іркінді суларына қатысты экологиялық проблемаларды туындатады. Табиғат қорғау шараларына бөлінетін қаржының жеткіліксіздігінен проблемалар тереңдей түседі. Мәселен, 2006 жылы қоршаған органы ластаудан келіп түскен 394,353 млн. теңге төлемдердің тек 45 миллионы немесе 11 пайызы ғана табиғат қорғау шараларына                                                                                           бөлінген.

Іркінді суларды тазалау қондырғыларын салуға қаржының жетіспеушілігінен, облыс орталығында, кішігірім қалаларда және аудан орталықтарында халықтың көбейуінен туындайтып облыстағы іркінді суларды залалсыздандыру проблемасы бұрынғысынша өзекті орында тұр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының іркінді суларын залалсыздандыруға арналған, қаламен шекаралас Ордабасы ауданының аумағында 2093 га жерге созылған суармалы егістік жер алаңы орналасқан. Суармалы егістік жер қаланың тазалау қондырғыларының технологиялық процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Суармалы егістік жерді дайындау белгілі шаралардың орындалуын талап етеді, яғни топырақта, ауылшаруашылық дақылдарында улы заттар жинақталмауы керек. Сөйте тұра, суармалы егістік жердің барлық ауданы   шаруаларға   бөлініп   берілген,  олардың   көпшілігі   жер   пайдалану құқығының мемлекеттік актісін алып үлгерген. Бұл жерлер көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдарын егуге жарамсыз болса да, «суармалы» статусы бойынша бөлінген. Жоғарыда айтылғандай, Шымкент қаласының іркінді суларын толығымен залалсыздандыру мәселесін шешу және экологиялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін суармалы егістік жердің және магистралдық жүйені бірыңғай технологиялық процестердің соңғы сатысы ретінде бір қолға – арнайы су шаруашылық ұйымына берген пайдалы. Аталмыш сұрақ бойынша ағымдағы жылдың маусым айында өткен күн тәртібінде «Республиканың ірі қалаларында іркінді суларды тазалау тиімділігін арттыру жағдайы мен шаралары жөнінде» қоршаған орта сапасын тұрақтандыру мәселелерін қарастыратын Комиссияның кезекті мәжілісіне мәліметтер дайындалған.

Облыстағы кішігірім қалалардың су шығару мәселесі өткір мәнге ие. Мәселен, Түркістан, Шардара, Кентау, Ленгір, Ақсу қалаларының тазалау қондырғылары шүбәлі (сенімсіз) техникалық жағдайда. Қарастырылған іс шаралар қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты жүзеге асырылмай қалып отыр. Іркінді су қабылдағыштарының жағдайын жақсартуда комплексті шаралар қажет. Жаңа тазалау қондырғыларын және іркінді су жинағыштарды жабдықтау және салуда инвестициялық бағдарламаларды қарастыру сұрағы туындайды. Осыған байланысты, іркінді сулардың түзілу және залалсыздандыру зонасында экологиялық қауіпсіз жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында 90-шы жылдардың «Қазақстанның іркінді сулары» комплекстік бағдарламасын және «ОҚО қалаларының іркінді сулары» бағдарламасын қайтадан жүзеге асыру керек деп санаймыз. Облыста тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және залалсыздандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жақсы дамымаған, қоқыстарды жинау және тасымалдау бойынша арнайы және техникалық жабдықталған қызмет жеткілікті мөлшерде емес, тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру мәселесін жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен жобалар кажетті деңгейде дайындалмайды. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдармен     бірлескен іс-шаралар жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, фосфор және қорғасын зауыттары жұмыс істеп тұрған жылдары жиналған және де Шымкент, Кентау қалаларындағы полиметалл кендерін байытуда түзілген өндірістік және радиоактивтік қалдықтарды, оның ішінде иондандырылған сәуле шығару көздерін залалсыздандыру мәселелері орын алған. Облыс аумағындағы радиациялық фон белгіленген норма шегінде -14- 17мкР/сағ.

 

Атмосфералық ауаның ластану жағдайы

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2005 жылғы статистикалық есеп мәліметтеріне сай жалпы шығарынды 31 мың тоннаны құрайды. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 12 пайызға жоғары. Яғни кәсіпорын шығарындыларының жалпы көлемі келесі тенденцияда өседі:

  1. Мұнай өңдеу бойынша – мұнай өңдеудің артуына байланысты;
  2. Құрылыс материалдарын шығару бойынша – құрылыс индустриясының интенсивті дамуына байланысты;
  3. Жылу энергетикасында, қаланың – дамуына және жылу және электр энергияларының қажеттілігі артуына байланысты және өсімдік шикізатын өңдеуде, өсімдік шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың көбеюіне және шығарылатын өнім көлемі артуына байланысты. Оңтүстік Қазақстан облысы атмосфералық ауасының ен ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған, оларға келесі кәсіпорындар жатады:

— «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ААҚ — 14254,4 тонна немесе 45,8%:

—    «Энергоорталык-3» ААҚ — 1568,4 тонна немесе 5,04%;

  1. «Южполиметалл» Өндірістік Корпорациясы» АҚ — 5761,7 тонна немесе 18,5%;
  2. «Шымкентцемент» ААҚ- 1650,9 тонна немесе 5,3 %.

Стационарлық көздерден шығарылатын шығарындылардың құрамы бойынша Шымкент қаласында ең үлкен үлесті ұшпалы органикалық қосылыстар (42,6 %) мен күкірт қос тотығы (16,4 %) құрайды. Яғни, шығарындылардың ең үлкен үлесін 3-ші және 4-ші сыныпты уыттылық заттары құрайды.

Тұрмыстық қалдықтар проблемасы

Тұрмыстық қалдықтарға немесе аталмыш тұтыныс қалдықтарына байланысты проблема жаңадан туындап отырған жоқ. Өркениетті қоғамның пайда болуы, халықтың өсуі және ірі мегополистердің туындауынан бүкіл әлемде коммуналдық қалдықтардың түзілуінің артуы өзекті проблемаға айналды. Нақты мәселеге Қазақстанның да қатысы бар. Экономиканың қарқынды дамуы, оның ішінде ұсақ және орта кәсіпкерлік саласы, қала халқының өсуі, калалық және ауылдық елді мекендердегі халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруы, тұрмыстық қалдықтарға қатысты саладағы қызмет көрсетудің төмен деңгейі және бірінші кезекте, оларды жинауды және арнайы полигондарда орналастыруды ұйымдастыру бөлімінде қалдықтарды залалсыздандыру проблемасы жылдан жылға өткірленіп келеді. Кеңес Одағы кезінде мемлекеттік қаржы есебінен жұмыс жүргізетін қоқыс жинау және тасымалдаудың коммуналдық қызметтері түгелдей дерлік тарқап кеткен, және олардың орнына қазіргі уақыт талабына сай коммуналдық кәсіпорындар құрылмаған. Біздің облыс орталығын алсақ, соңғы жылдары ұсақ және орта кәсіпкерліктің даму қарқыны, халық саны мен қала аумағының өсуі бойынша Шымкент қаласы алдыңғы қатарда шықты (Алматы мен Астана қалаларын қоспағанда). Мамандардың  мәліметтеріне   сүйенсек,   Шымкент   қаласы   республика бойынша атмосфералық ауасы аса ластанған алты қаланың қатарына кіреді екен. Атмосфераның ластануының негізгі үлесін автокөлік және ірі өндіріс орындарының шығарындылары                            құрайды.

 

 

  1. Шымкент қаласында топырақтың ауыр металдармен ластану дәрежесі

Қоршаған ортаның кең көлемде ластануы әсіресе қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында күшті сезіледі. Өндіргіш күштердің тез қарқынмен дамуы, еңбек өнімділігінің артуы халқымыздың хал-ахуалымен тығыз байланысты. Адамзаттың тіршілігі қоршаған ортамен тығыз байланысты болғандықтан ауаның, топырақтың және судың ластануы қазіргі кезде өзекті проблемаларды туындатып отыр.

Қазақстан Республикасында түсті металлургия өндірісі қарқынды дамыған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласының территориясында орналасқан «Южполиметалл» ӨК АҚ-нан бөлінетін қалдық заттар ұзақ жылдар бойы табиғи ортаны ластауда. Олардың ішіндегі негізгілері -ауыр металдардың ауаға, топыраққа, суға таралу дәрежесі артуда; Ауадағы ауыр металдар жел арқылы тараса, ал топырақта ортаңғы қабаттарға дейін өтіп, өсімдік тамыры арқылы өсімдік ағзасына тасымалданып өз зиянын тигізуде. Атап айтқанда, Шымкент қорғасын өндірісінен бөлінетін ауыр металдарға — қорғасын, мыс, кадмий, мырыш жатады. Олардың ішінде қорғасын мен кадмий өте улы металдар. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы белгіленген санитарлық мөлшерден асып кетсе, тірі ағзаларға ауыр металл иондары кері әсерін тигізеді. Сондықтан олардың қасиетін зерттеумен қатар, қоршаған ортаны тазарту жолдарынан іздестіру өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Өндірістің дамуының әсерінен қоршаған ортадағы ластаушы заттардың концентрациясы қалыпты мөлшерден 10-100 есе, ал кейбір эпицентрлерде 1000 есе жоғары. Соның әсерінен территориялық техногенді аймақтар пайда болуда. Қазақстанның көптеген аймақтарының экологиялық жағдайы төмен. Арал өңірі тұзды шелге айналса, Семей облысы ядролық сынақтың көп жылдық әсерінің зардаптарын көруде. Шығыс-Қазақстан облысы- қоршаған ортаның қорғасын-мырыш және титан-магний өндірісінің қалдықтарымен ластану ошағы, ал Шымкент қаласы орналасқан аймақ- қорғасын өндірісінің қалдықтарымен ластануда.

Шымкент қаласындағы экологиялық жағдайдың төмендігі техногенді қалдықтардың әсерінен ғана емес, осы қалдықтардың таралуы кедергі жасайтын климаттық жағдайларға да байланысты. Атап айтқанда, әлсіз жел қуатының аз қайталануда (30-60%), жауын-шашын мөлшерінің аз болуы (500 мм) және олардың жыл мезгілдерінде біркелкі таралмауы, табиғи шаң фонының жоғары болуы, оған өндірістік шаңның көп мөлшерде қосылуы әсер етеді.

Қазіргі кезде атмосфераны өндіріс орындары мен автотранспорт саласынан бөлінген қалдық заттардың көп мөлшерде ластауы нәтижесінде ауаның құрамы өзгеріп келеді, яғни айналамыздағы ортаның экологиялық жағдайы төмендеуде. Сондықтан қазіргі таңда қоршаған ортаны ластанудан қорғау ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Шымкент қаласының территориясында орналасқан «Южполиметалл» ӨК акционерлі қоғамы ұзақ жылдардан бері қала территориясын зиянды қалдық заттармен ластауда. Қаланың айналасында көптеген өндіріс орындары соңғы жылдардағы экономикалық дағдарысқа байланысты өз жұмыстарын тоқтатқанмен, аталған қорғасын өндірісі қазіргі күнге дейін үздіксіз жұмыс істеуде. Оны жылдың барлық мезгілдерінде өндіріс мұржаларының будақтап шығып жатқан қою сұр түтін мен қаланың осы өндіріс орны орналасқан оңтүстік-батыс бөлігінің жиі-жиі көк тұманға малынып тұруынан, кейде тынысты тарылтып, тамақты ашытар атмосфера ауасынан да байқауға болады. Республикамызда өндіріс орындары дамуының ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз негізделуі және өндірістік қуаттың көп жылдар бойы қарқынды өсуі адам экологиясы мен қоршаған орта гигиенасын төтенше ауыр жағдайға алып келді.

Қазіргі кезде ауаның, судың және топырақтың зиянды заттармен ластануынан олардың өздігінен тазалану процесі нашар жүруде. Егер өндірістерден бөлінетін зиянды заттардың мөлшері төмендемесе, қоршаған ортаға қалпына келмейтіндей зиянын тигізеді.

Өндірістік қалдықтардың қоршаған орта объектеріне түсуін, жиналуы мен миграциясын зерттеу, олардың әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Қоршаған табиғи ортаның жағдайын бақылаудың құрамына өндіріс орындары мен ластаушы заттардың құрамы мен қасиеттерін, биосферадағы химиялық элементтердің таралуын, олардың құрылымы мен функциональды көрсеткіштеріндегі өзгерістерді бақылау кіреді.

Осыған байланысты біз Шымкент қаласының территориясында топырақта ауыр металдардың жиналу дәрежесін анықтап және соның негізінде қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағаладық.

Зерттеу жұмысы Шымкент қаласының территориясында жүргізілді. Қала территориясынан шығыстан батысқа қараған бағытта бірнеше зерттеу орындары белгіленіп, сол жерлерден арнайы әдіс бойынша топырақтан сынама алынды.

1-зерттеу орны — өндірістік аудан, яғни Южполиметалл ӨК АҚ 200м қашықтықтағы аудан.

2-зерттеу орны -қаланың орталығындағы, яғни өндірістен 4 м қашықтықтағы аудан (Орталық саябақ).

3-зерттеу орны — Қаланың шығыс бағытындағы 7 км қашықтықтағы аудан (Жеңіс саябағының территориясы).

Осы зеттеу орындарынан топырақ сынамалары алынды. Ол үшін                        1 шаршы метр жерден конверт әдісі бойынша 30-35 см тереңдіктен топырақ алынды. Топырақ беткі, ортаңғы және төменгі қабаттардан алынып, толық арластырылады. Көлеңкеде кептіріліп , содан соң химиялық әдіспен өңделді.

Зерттеу орындарындағы ауыр металдардың мөлшері  кестеде көрсетілген (мг/кг)

Р/с

Зерттеу орындары

Қорғасын

Мыс

Мырыш

 

Ауыр металдардың ШРК

32 мг/кг.

33 мг/кг

55 мг/кг

1

1-зерттеу орны

845,72 ± 6,12

286,45 ± 3,66

386,26 ±2,55   

2

2-зерттеу орны

365,16 ± 5,87

210,35 ±4,25

280.96±2,76

3

3-зертеу орны

274,63 ±3,84

86,63 ± 2,67

94,36 ±2,12

 

Топырақтағы қорғасынның жоғары мөлшері 1-зерттеу орнында байқалды, ол 845,72 мг/кг көрсетті. Бұл көрсеткіш шекті рауалы концентрациядан  26 есе жоғары. 2-зертеу орнында 365,16 мг/кг тең, ол ШРК-дан 11 есе жоғары. 3-зертеу орнында 274,63 мг/кг, бұл көрсеткіш   ШРК-дан 8 есе жоғары. Топырақтағы   мыстың жоғары мөлшері 1-зерттеу орнында 286,45 мг/кг көрсетті. Бұл көрсеткіш шекті рауалы концентрациядан  8 есе жоғары. 2-зертеу орнында 210,35 мг/кг тең, ол ШРК-дан 6,8 есе жоғары. 3-зертеу орнында 86,63 мг/кг, бұл көрсеткіш   ШРК-дан 2,6 есе жоғары.

Топырақтағы   мырыштың    мөлшері 1-зерттеу орнында  386,26 мг/кг көрсетті. Бұл көрсеткіш шекті рауалы концентрациядан 7 есе жоғары. 2-зертеу орнында 280,96 мг/кг тең, ол ШРК-дан 5 есе жоғары. 3-зертеу орнында 94,36 мг/кг, бұл көрсеткіш ШРК-дан 1,7± жоғары болып отыр.

Өсімдік жаулары жойылды, бірақ топырақ улануда

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыспалы егіс жүйесінің сақталмауы мен агротехникалық талаптардың орындалмауы салдарынан жылдан жылға өсімдіктің жаулары көбейіп барады. Оларға қарсы күресті мейлінше күшейтіп тонналап дәрі шашудың соңы топырақтың улануына экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соғары анық.Сол себеті облыста биологиялық тәсілді молынан ендірудің нақты жоспары жасалынып, ол қазір үкіметте қаралуда.

Жалғыз дендросаябақ қоқыс алаңына айналмасын десек…

Шымкентте орналасқан Қазақстандағы жалғыз дендросаябақтың қызметкерлері демалушылардың орындықтарға сызып, қолтаңбасын қалдырып, айналасын ластап, бүлдіріп кететінін айтып, ренжуде. Ал ондағы ертегі сұлуларындай ағаштарды тек қазақстандық атақтылар ғана емес, шетел әйгілері де отырғызған болатын. Саябақ қызметкерлерінің айтуынша, егер қала тұрғындарының бұл саябаққа деген көзқарасы өзгермесе онда бұл жер апатты қоқыс алаңына айналуы мүмкін.

 

 

 

Қорытынды

 

Шымкент қаласының территориясында топырақтың ауыр металдармен ластану дәрежесі жоғары. Өндірістік аймақ — Шымкент қаласы мен Оңтүстік Қазақстан өңірінде қалыптасқан экологиялық жағдайды тұрақтандыру мен жақсарту үшін комплексті технологиялық және ұйымдастыру шараларын жүргізілуі керек. Ол үшін:

  1. Қоршаған ортаның қорғасын және т.б.  ауыр  металдармен ластану деңгейін бағдарлау мақсатымен табиғи объектілерге үздіксіз бақылау жасап зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.
  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар басқармасы мен СЭС басқармасы өндіріс орындары басшылығынан қоршаған ортаға өндіріс орындарынан зиянды қалдық заттардың бөлінуіне жол бермеу мақсатымен:

— ескі өңдеу қондырғыларын жаңартуды;

— өндіріс орындарында аварияларға жол бермеуді;

— жаңа қалдықсыз технологияларды енгізу, яғни өндірістік цехтарға тазарту қондырғыларын орнатуды;

— өндірістік қатты қалдықтарды қоршаған ортаға қауіпсіз арнайы орындарда сақтауды талап етіп және қол жеткізуі керек.