Кіріспе
Қазақстанның 1995 жылғы 30 тамыздағы Конститутциясының 30- бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінуін , сондай – ақ тежемелік әрі тепе – теңдік жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара іс – қимыл жасауын бекітіп берді. Сол сәттен бастап сот билігін нығайту процессі шынайы көрініс таба бастады. Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан, судьялар мен соттардың материялдық қамтамасыз етілуін арттырудан, сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуден, сот өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуден айқын байқалды. Әсіресе азаматтардың конститутциялық құқығы мен бостандығы шектеу қаупі бар жағдайларда, қылмыстарды іздестірумен және ашумен шұғылдануға жұмылдырылған құқық қорғау органдары әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін бақылауға соттар біртіндеп өкілеттік алуда. Мәселен, тұтқынға алу және күзетпен ұстау сотқа шағымдану мүмкін.
Сот билігі деп соттар жүзеге асратын адамдардың мінез – құлқына және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат – міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конститутциясының заңдарының өзге де нормативтік –құқықтық актілерінің халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету. Ол осылардың негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қатысты болады.
Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. ( Конститутцияның 76 бабы).
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады ( Конститутцияның 76-бабы,заңның 1- бабы) Сот билігінің Қазақстандағы иелері құқық қорғау органдары пирамидасының жоғарғы сатысын айғақтайтын соттар болып саналады.
Құқық қорғау қызметінің жүйесінде сот төрелігі орталық орын алады. Оны соттар мемлекеттік мәжбүрлеу шаралар қолдана отырып және заңда белгіленген тәртіп пен рәсімді сақтай отрып, қылмыстық, азаматтық және өзге де істерді қарау мен шешу жөніндегі құқық қорғау қызметі деп түсіну керек.
Сот төрелігі конститутциялық принцептерге – сот қызметін ұйымдастырудың және реттеудің мәні мен мазмұнын анықтайтын жалпы басшылық идеялары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Оған құқық қорғау қызметінің барлық жалпы принцептері жатады.
Бұған қоса , оның тек қана өзіне тән сапалары бар, мәселен:
- Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады .
( Қазақстан Республикасының Конститутциясы 75-бабының 1 тармағы) Ол мыналардан көрініс табады:
соттардың айрықша юрисдикциясына жатқызылған істерді ешқандай басқа органда қарай алмайды;
соттардың айрықша юрисдикциясының аясын, сот ісін жүргізуді жүзеге асырудың тәртібін заң белгілейді және оны ешкім өз бетінше өзгерте алмайды:
қандай да бір атаумен төтенше немесе арнаулы соттарды құруға жол берілмейді;
адамды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табуға тек соттын ғана құқығы бар;
қылмыстық жаза тағайындауға тек соттың ғана құқығы бар;
сот қаулыларын тек жоғары тұрған сот қана белгіленген тәртіп бойынша бұзуы мүмкін.
- Судья сот төрелігін жүзеге асру кезінде тәуелсіз және Конститутция мен заңға ғана бағынады. ( Қазақстан Республикасы 77 – бабының, 1 және 2 тармақтары). Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Бұл принцептің мәні сотқа бөгде біреулердің араласуынсыз, қандай да бір қысымсыз немесе өзге де сырттан жасалатын ықпалсыз өз бетінше жауапты шешімдер қабылдауға шынайы мүмкіндік беретіндей жағдай туғызуға ұмтылу болып табылады.
- Сот төрелігі тараптардың тартысы және тең құықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Қылмыстық қудалау, қорғау және қылмыстық істі сот арқылы шешу бір – бірінен бөлінген және әр түрлі органдар мен лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мұның азаматтық процестерге тараптарға да бірдей қатысы бар. Сол құқық мүддесінен басқа біреулердің сойылын соқпайды және қандай да бір мүдделерді қолдамайды. Ол әділдік пен алалықсыз қағиданы сақтай отырып, тараптардың процесуалдық міндеттерін орындауына және өздеріне берілген құқықтарын жүзеге асрылуына жағдай жасайды. Тараптарға өз көзқарастарын қорғайтындай бірдей мүмкіндіктер берілген. Олар дәлелдер тапсыру,қолдаухат беру, наразылық білдіру, дәлелдерді тексеруге қатысу және сотта сөз сөйлеу жөнінде бірдей құқықтарды пайдаланады. Сот олардың бірінші және наразылық шағымы, сот үкімін бұзу инстанциясы бойынша қаралатын істерге қатысу құқығын қамтамасыз етеді.
- Қылмыстық істер бойынша да, азаматтық істер бойынша да сот төрелігі сот актілерін қайта қарау мүмкіндігіне жол береді. Сот үкімі мен апелляциялық қадағалау тәртібімен немесе жаңадан ашылған айғақтар бойынша шағым берілуі және наразылық келтіруі мүмкін.
- Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін сот төрелігі актісінің міндетті күші бар. Заңды күшіне енген сот қаулылары Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындалуы тиіс.
- Сот төрелігі жүзеге асыруда судья мынандай ережелерді басшылыққа алады:
- сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы:
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан
қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды.
- Қылмыстық заңды ұқсастығына қарап қолдана беруіне жол берілмейді.
- Сот төрелігінің кінәсіздік презумпиясы принцепін ерекше атап өту керек. Оның мәні кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының соттары
Өздерінің құзіретіне және алдына қойылған мақсаттарына сәйкес , орналасақан соттар жиынтығы сот жүйесін құрады. Қазақстан Республикасы 75 – бабының 3 және 4 тармақтарына және «Қазақстан Респпубликасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы заңнын 3- бабына сәйкес республикадағы сот жүйесін Жоғары сот және жергілікті соттар құрайды.
Жергілікті соттарға жататындар:
- Облыстық және соған теңестірілген соттар
- Аудандық соттар, біріккен күштердің әскери соттар;
Ешқандай орган, лауазымды немесе өзге адам сот міндетін мойына алуға хақысы жоқ. Қандай да бір атаумен арнаулы төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
Республикада сотардың мамандандырылуы және осы мақсатпен : экономикалық, салықтық, әкімшілік және өзге де мамандандырылған соттардың құрылуы мүмкін.
Сот жүйесі мынандай тұтастықты сипаттайды:
- Сот төрелігінің конститутциялық принцептері;
- заңдарда бекітілген сот ісін жүргізу нысандарында сот
билігін жүзеге асыру;
- соттардың бірыңғай заңдарды қолдануы;
- соттар құрудың тәртібі;
- заңды күшіне енген сот шешімдерінің бүкіл Республика аумағында орындалу жүйесі;
Сот жүйесін шартты түрде үш буынға бөлуге болады:
- негізгі (аудандық,қалалық,құрамалар,әскери соттар;)
- орта ( облыстық, республикалық маңызы бар қалалық соттар);
- жоғары ( Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты);
Сот буыны ұғымынан айыра қарауды қажет ететін сот инстанциясы ұғымы да бар. Сот жүйесінің буындары ұйымдық құрылым принцептерін сипаттайды, ал сот инстанциялары шешілетін міндеттердің өзіндік ерекшелігін, өкілеттілік аумағы мен сыйпатын, сондай – ақ сот ісін жүргізудің соған тән ерекшеліктерін даралайды.Сот инстанциясы деген ұғымды сот істерін шешумен байланысты қандай да бір сот функциясын атқаратын сот деп түсінген жөн.
Бірінші инстанция соты деп қарайтын және сол іс бойынша нақты шешім қабылдайтын сотты айтады. Ондай сот аудандық, облыстық немесе Жоғары сот болуы мүмкін.
Екінші инстанция соты деп бірінші инстанция соты қабылдаған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеретін сотты айтады
Аппеляциялық инстанция деп, бірінші инстанция сотының заңды күшіне енген үкімдеріне, шешімдеріне және қаулыларына аппеляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша істер қарайтын екінші инстанция сотын айтады.
Бұлардың басқа қадағалау инстанциясы бар – ол алдыңғы сот инстанцияларының заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдар немесе прокуратуралық наразылықтар бойынша қадағалау ретінде іс қарайтын сот.
Сот жүйесінде сот төрелігін атқаруда негізгі салмақ негізгі буынға – аудандық және әскери соттарға түседі. Олар азаматтық және қылмыстық істердің көпшілігін, әкімшілік құқық бұзушыларға материялдарын және басқаларын қарайды.
Мәселен, олар заң бойынша жоғары тұрған соттардың қарауына жатқызылған істерді қоспағанда, бірінші инстанция бойынша қаралатын істердің бәрін қарайды.
Негізгі буынның соттары істерді жеке өзі қарайды.
Ауданда қалада (ауданның бағынысындағы қалаларды қоспағанда) қалалық ауданда аудандық сотты сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің Жоғарғы Сот Төрағасымен келсілген мәмілесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады және таратады. Президент бірнеше аудандарға және қалаларға бір сот құра алады. Аудандық соттарда сот учаскелер құрылуы мүмкін.
Аудандық сот төрағадан және тұрақты судьялардан тұрады.Егер штат бойынша ауданға бір ғана судья тиісті болса, ол сонымен қатар төрағаның өкілеттігін де қоса атқарады. Судьлардың жалпы санын Президент КР-сы Жоғары Сотының жанындағы әкімшілігі жөніндегі комитеттің ұсынысы бойынша белгілейді.Сот учаскесінде судьялардың жұмысына аға судья басшылық етеді.
Аудандық соттың төрағасы судьяның және сот буыны басшысының міндеттерін қоса атқарады.
Аудандық соттың төрағасы уақытша қызметте болмаған жағдайда, оның міндетін атқару осы сот төрағасының өкіммімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі.
Судьялардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасының келсімі бойынша облыс соттарының әкімшілігі белгілейді ( заңның 7 бабының 2 тармағы) Бұлардан басқа облыс соттарының әкімшілігі тағайындайтын сот отырыстарының хатшылары, сот орындаушылары, сот приставтары сот қызметкерлері болып саналады.
Облыстық соттар және оларға теңестірілетін астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары. Қазақстан Республикасының әскерлерінің Әскери соты орта буын соттары болып есептеледі. Олар бірінші аппеляциялық және қадағалау инстанцияларының соттары ретінде әрекет етеді, сонымен бірге олар заңмен белгіленген жағдайларда жаңадан ашылған жағдайлар бойынша істерді қарайды.
Бірінші инстанция соты ретінде олар: мәселен, аса ауыр жағдайда кісі өлтіру, геноцид, мемлекетке опасыздық жасау, террорлық істер жаппай тәртіпсіздік жасау сондай – ақ өз қалаулары бойынша неғұрлым күрделі және маңызды істерді қарайды.
Мұнымен қоса , орта буындағы соттар заңды тұлғалар арасындағы экономикалық дауларды қарайды.
Орта буын соттары аппеляциялық тәртіппен қылмыстық және азаматтық істер бойынша шағымдар мен наразылықтарға байланысты негізгі буын соттары қараған істерді қарайды.
Бұл соттар қадағалау инстанциясы ретінде заңды күшіне енген сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексереді, жаңа ашылған жағдайлар бойынша істерді қайта қарайды.
Мұнымен қоса, орта буын соттары сот статистикасын жүргізеді және талдайды, сот практикасын зерттейді, қортындылайды, зіне заңмен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Орта буын соттары сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің КР – сы Жоғары Соты Төрағасымен келсілген ұсынысы бойынша Республика, Президенті құрады және таратады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын КР –ның Президенті бекітеді.
Орта буын соттары тарағанда, сот алқасы төрағаларынан және судьялардан құралады. Қадағалау алқасы қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот алқалары соттың жалпы отырысы.
Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын- алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады. Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.
Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отрысында жасарын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьялардан тұрады.
Қадағалау алқасы шағымдар мер наразылықтар, сондай – ақ жаңа ашылған мән – жайлар бойынша қадағалау тәртібімен істер қарайды.
Орта буынның сот төрағасы судья болып есептеледі және соттың жұмысын ұйымдастырады.
Орта буын соттарының аппараттары негізгі буын соттарының аппараттарына ұқсас.
Жоғары сот – сот жүйесігің жоғары буыны болып табылады. Қазақстан Республикасының Жоғары Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізуді нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.
Жоғары сот төрағадан, сот алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады:
Жоғары соттың органдары:
- қадағалау алқасы;
- азаматтық істер жөніндегі алқа;
- қылмыстық істер жөніндегі алқа;
- соттың жалпы отырысы;
Жоғары Соттың жалпы отырысында:
- алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды:
- сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қортындылары бойынша республика соттарының соттөрелігін іске асыруы кезігдегі заңдылықтың сақатлуы мәселелерін қарайды.
- Сот практикасында заңдардың қолданылуы мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды.
- Облыстық сот төрағасы мен облыстық сот алқасының төрағасы мен мудьясы қызметінің бос орнына кандидаттарды талқылайды және тисінше қортындылар береді:
- Жоғары Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыс хатшысын және ғылыми – консультациялық кеңестің құрамын бекітеді:
Жоғары Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғары Соттың Төрағасы басқарады. Әр алқадағы судьялар саны Жоғары Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.Қадағалау алқасы Жоғары Соттың отрысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларыннан тұрады.Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отрысында талқыланғаннан кейін дербес құрамын Жоғары Сот Төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.
Жоғары Соттың жанынан ғылыми – консультативтік кеңес құрылады. Ол сот практикасының Жоғарғы Сот Пленумы нормативтік қаулылары жобасының және өзге де құжаттардың практикасын зерттеу мен жинақтауға байланысты материалдарды дайындауды қамтамасыз етуге арналған кеңесші орган болып есептеледі.
Жоғары Соттың өз аппараттары бар, ол консультанттарды , инспекторларды , сот алқаларының хатшыларын қамтитын бөлімдерден тұрады.
Жоспар
І .Кіріспе;
ІІ. Негізігі бөлім;
А) Қазақстан Республикасының соттары;
Ә) Сот жүйесінің негізгі және орта буыны;
ІІІ. Қорытынды;
ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі;
Пайдалаланған әдебиеттер тізімі :
- Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2003 жыл
- Бақулов «Құқық негізі» 2004 жыл
- Ашитов «Қазақстан Республикасының құқық негізі» 2003 жыл
- Табанов «Салыстырмалы құқық негізі»
- Дулатбеков «Мемлекет және құқық негізі» 2001 жыл
- Жоламанов, Мұхтаров «Мемлекет және құқық теориясы» жыл