Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу және төлеу.
Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам күнінің алдындағы жұмыс күні 1сағатқа қысқартылады. Бұл күні жұмыс істеген жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақылары былайша төленеді. Ұйымдарда еңбекақының кесімді түрі белгіленген жұмысшы-қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері мен детальдарының, атқарған қызметінің саны мен көлеміне байланысты белгіленген мөлшерде ғана төленеді. Ал кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы есептеліп, төленіп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге қысқартылған жұмыс күні үшін толық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей еңбекақы төленуі тиіс.
Жасөспірімдерге еңбекақы төлеу.
Кәсіпорындарда аптасына алты күн жұмыс күні, бір күн демалыс күні болып белгіленген жағдайда осы ұйымда жұмыс істейтін 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы 6 сағаттан, 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы 4 сағаттан аспауы керек. Егер кәсіпорын аптасына 5 күн жұмыс істеп 2 күн демалатын жағдайда жұмыс күнінің ұзақтығы 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 7 сағаттан, 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 5 сағаттан аспауы керек. Белгіленген заңдарға сәйкес жоғарыда айтылғанжұмыс істейтін және еңбегі үшін еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс күндері үшін толық жұмыс күнінің еңбекақысы төленеді. Ал істеген жұмыстары мен атқарған қызметтерінің саны мен көлеміне қарай еңбекақының кесімді түрі бойынша еңбекақы алатын жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс сағаттары үшін белгіленген тарифтік мөлшерге қосымша еңбекақы төленеді.
Жас сәбилі аналардың демалуы және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліс уақытына төленетін төлем. Еліміздегі заңды кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін және қызмет атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында 1 жасқа толмаған жас сәбилі аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыру үшін жұмыс уақытының барысында ұзақтығы 30 минуттан кем болмайтын үзіліс беріледі.
Жоғарыда айтылған осы үзілістердің арасы 3 сағаттан сирек болмауы тиіс. Ұйымдағы жас сәбилі аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы үшін берілетін үзіліс уақыттары жұмыс уақытының құрамына кіреді және олардың үзілісте болған, жұмыс істемеген мерзімі үшін орташа еңбекақылары бойынша еңбекақы төленеді.
Мемлекеттік, қоғамдық міндеттер мен жұмыстарды атқарған уақытта төленетін төлем. Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс уақыты кезінде олардың атқарған немесе орындаған мемлекеттік, қоғамдық жұмыстары мен тапсырмалары үшін орташа еңбекақы мөлшері бойынша еңбекақы төленеді. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған немесе орындаған мынандай жұмыстары жатады:
- Соттың мәжілісіне куә ретінде қатысу;
- Мемлекеттік, қоғамдықұйымдардың конференцияларына, пленумдарына, съездеріне қатысу;
- Әскери комиссариаттың шақыруына бару және тағы басқа жұмыстар;
Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыстары үшін төленетін төлем. Кәсіпорындарда кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі 6.00. сағатқа дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі уақытта істелген жұмыс уақыты болып есептелінеді. Жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді түрі ұйымдарда, өнеркәсіп орындарында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған қызметінің, жұмысының әрбір сағатына жұмысшының мамандық дәрежесіне қарай тарифте белгіленген еңбекақы сомасының 25% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Ал тоқыма тігу, жіп иіру және нан пісіру өнеркәсібінде тарифте белгіленген еңбекақы сомасының 50% мөлшерінде қосымша төлем төленеді.
Біреудің орнына жұмыс істегені (атқарғаны) үшін төленетін еңбекақы. Біреудің орнына уақытша атқарған қызмет деп — өндіріс қажетіне немесе басқару міндетіне сәйкес уақытша жұмыста жоқ адамның орнына оның қызметін немесе жұмысын басқа адамның атқаруын айтамыз.
Уақытша жұмыста жоқ адамның қызметін немесе жұмысын атқаруды басқа жұмысшыға немесе қызметкерге жүктеу үшін кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығы шығарылуы керек. Егер уақытша жұмыста жоқ адамның орнына тағайындалған қызметкер уақытша жұмыста жоқ адамның штатта қарастырылған орынбасары болып табылса немесе уақытша оның орнына жұмысты атқару мерзімі 12 күнннен артық уақытқа созылмаса, онда бұл жағдайда біреудің орнына уақытша қызметті атқарғаны үшін ешқандай қосымша еңбекақы төленбейді.
Жұмысшыларға өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем. Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер ұйым басшысының өкіміне сәйкес өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты атқарған жағдайда, олар белгіленген өнім өндіру мөлшерін орындаған уақытта төмен дәрежелі жұмысшыға белгіленген тариф бойынша алуға тиісті еңбекақысының арасындағы айырмашылық сомасы төленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің қан тапсырған күніне, яғни донорлық міндетті атқарған күніне төленетін төлем. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлер қан тапсырған, яғни донорлық қызмет атқарған күні жұмыстан босатылуға тиіс. Қан тапсырған жұмысшылар мен қызметкерлердің қалауы бойынша оларға бұл күннен басқа тағы қосымша бір жұмыс күні демалыс ретінде пайдалануға беріледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер бұл күнді, яғни демалуға тиісті күннің кезекті еңбек демаласына да қосып алуына болады. Қан тапсырғаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста болмайтын жоғарыда айтылған бұл екі күніне еңбекақы орташа еңбекақы мөлшерінде төленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленеті төлем. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың кінәсінен жұмыстың тоқтап қалған жұмысшылар мен қызметкерлердің ешқандай кінәсі немесе жазығы болмаса, еңбекақы тарифтің 50% мөлшерінде төленеді. Жұмыстың тоқтап қалуына байланысты кәсіпорын жұмысшылар мен қызметкерлерді басқа жұмысқа уақытша орналастыруы мүмкін.
Егер жұмыстың тоқтап қалған уақытында жұмысшылар мен қызметкерлер кәсіпорын әкімшілігі ұсынған басқа жұмысты орындаудан бас тартатын болса, яғни берілген жұмысты орындамайтын болса, онда ол уақыт үшін ешқандай қосымша еңбекақы төленбейді.
Өнім өндіру барысында кездесетін ақау үшін төленетін төлем. Ақау деп — өнім өндіру барысында сапасы жағынан белгіленген стандартқа сәйкес келмейтін немесе арнаулы мақсатқа сол дайындалған күйінде тікелей пайдалануға жарамсыз болып, тек қана түзеткеннен кейін, яғни белгілі бір шығын шығарылған жағдайда ғана пайдаланатын бұйымдарды, бөлшектерді айтады. Өндірілген өнімдер, орындалған жұмыстар ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінен толығымен жарамсыз болып табылатын болса, ол өнімдер ақау болып табылса, онда бұл өнімді өндіргені, жұмысты орындағаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төленбейді. Өндірілген өнімдер, орындалған жұмыстар жартылай жарамсыз болып табылса, ол кезде өнімді өндірген жұмысшыларға төленетін еңбекақы мөлшерін, кәсіпорынның әкімшілігі өнімнің жарамдылық пайызына байланысты анықтап белгілейді. Мұндай жағдайда төленетін еңбекақы мөлшері тариф бойынша осы өнімді өндіру үшін белгіленген еңбекақының 50%, яғни жартысынан аспауы керек.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта орындаған жұмыстарына, атқаратын қызметтеріне төленетін төлем. Халық шаруашылық саласындағы нақтылы жұмыс уақыты белгіленген кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің бекітілген уақыттан өзге уақытта істеген жұмыстары, атқарған қызметтері мерзімнен тыс уақытта істелген жұмысы болып саналады. Белгіленген жұмыс уақытынан өзге, мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеу кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығымен ғана жүргізіледі. Мерзімнен тыс істелетін жұмысқа 1 жасқа толмаған баласы бар жас сәбилі аналарды, жүкті әйелдерді қатыстыруға болмайды.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс және мейрам күндерінде істелген жұмыстарына, атқарған қызметтеріне еңбекақы төлеу. ҚР-ң еңбек заңына сәйкес кәсіпорында демалыс күндері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Бірақта кейбір төтенше жағдайларда ұйымдағы кейінге қалдыруға, кешіктіруге болмайтын жұмыстың пайда болуына байланысты бұл күндерде де жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне тура келеді. Егер де кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлер демалыс күні жұмыс атқарса, оған келесі 2 апта ішінде жұмыс күні есебінен демалыс берілуге тиіс. Ал мейрам күні кезекшілік қызметін атқарған жұмысшылар мен қызметкерлерге басқа жұмыс күні есебінен демалыс беріледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа амалсыздан шықпай қалған уақытына нңбекақы төлеу тәртібі. Ұйымдарда жұмыстан заңсыз босатылып, бұрынғы жұмысқа қайта орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге сот органдарының шешімімен жұмыстан босатылған күннен бастап 3 айға дейінгі жұмысқа шықпай қалған уақытына орташа еңбекақысы мөлшерінде төлем төленеді. Басқа жұмысқа келісімсіз ауыстырылып кейіннен бұрынғы жұмысына қайта келтірілген жұмысшылар мен қызметкерлерге бұрынғы еңбекақысы мен басқа жұмысқа ауысқанда төмен дәрежелі жұмысты атқарғаны үшін алған еңбекақысының арасындағы айырма сомасы төленеді. Бірақ мұндай төлемдердің төленетін уақыты 3ай мерзімнен аспауы керек.
Ұйымдардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін уақытқа жәрдемақы төлеу. ҚР-ң заңына сәйкес қайтыс болған жұмысшы-қызметкерлерді жерлеуге арналған әлеуметтік көмек заңда белгіленген мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. «Азаматтардың еңбекке уақытша жарамсыздығы» туралы заң негізінде 14 жасқа толмаған сырқат баланы күту үшін еңбекке жарамсыздық парақшасы оны күтімге алу қажет болатын уақытқа дейін беріледі. Оның ұзақтығы 10 күнтізбелік күннен аспауы керек. Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген жеке тұлғаларға еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы олардың айлық орташа еңбекақысының 100%мөлшерінде төленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы төлеу олардың үздіксіз еңбек стажына сәйкес мынадай ереже бойынша есептеледі:
- Үздіксіз еңбек стажы 5 жылға жетпейтін жұмысшы қызметкерлерге: орташа еңбекақысының 60% мөлшерінде;
- Үздіксіз еңбек стажы 5 жылдан артық, ал бірақ 8 жылдан кем жұмысшы қызметкерлерге: орташа еңбек ақысының 80% мөлшерінде;
- Үздіксіз еңбек стажы 8 жылдан артық жұмысшы қызметкерлерге: орташа еңбек ақысының 100% мөлшерінде;
Кәсіпорындарда еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы мына жағдайларда төленбейді:
- Өзіне берілген және басқа да міндеттерді атқарудан бас тартып өз денсаулығына зиян келтірген, өтірік ауырған жұмысшылар мен қызметкерлерге. Егер осындай жағдай бойынша бұрын жәрдемақы төленіп қойған болса, онда сот шешімімен жәрдемақы қайтарылуы тиіс;
- Еңбекке уақытша жарамсыздығы жұмысшылар мен қызметкерлердің ішімдік ішіп май болуы салдарынан болса;
- Еңбекке уақытша жарамсыздығы қылмыс істеу салдарынан болған жағдайдағы зақымдануынан болшса:
- Өз бетінше емделген жұмысшы қызметкерлерге;
Бұл жоғарыда айтылған жәрдемақылардың барлығы да кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы қорының құрамына кіргізілмейді.д
Жоспар:
- Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа қосымша төлетін еңбекақы есебі.
- Демалыс пен мейрам күндерінде істелген жұмыстарына, атқарған қызметтеріне еңбекақы төлеу.
- Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекке уақытша жәрдемақы төлеу стажына сәйкес ережелер.
Пайдаланған әдебиет:
- «Халықаралық бухалтерлік есеп стандарттары»
- «Бухгалтерлік есеп» Назарова