АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қоршаған ортаны қорғау

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

 

              География –экология факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

            Реферат

 

 

Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау

 

 

 

 

 

 

                                                                        Орындағандар:

                                                      Педагогика және психология

                                                      факультетінің 2 курс студенттері:

                                                      Тұрсынбекова К, Жунусова А,

Аукеева Ж.

                                                       

                                                       Тексерген:

                                                       доцент. Мыңбаева Б. Н.

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2007

 

 

 

Халық шаруашылығы әр түрлі салаларының қоршаған ортаға

                   тигізетін әсері

 

         Әлемде адамзат тіршілігі бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек  Жер ғана жатады. Табиғат пен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік –экономикалық дамуы әл қуатын арттырудың негізі болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманның маңызды қажеті мәселелерінің бірі болып табылады .

         Қоршаған ортаны қорау дегеніміз – табиғат пен адамның өзара  қарым –қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік құқықтық актілер мен азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекетік және мемлекет аралық келісімдермен, конфенциялар мен реттеліп жүзеге асырылады.

          Қазақсатнда «қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан тіршілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруды бағытталған.

 

 

    Қоршаған ортаның ластанатын жолдары және ластаушы

                    көздер.

 

         Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын энергетика ресурстарының түріне, өдірісте қолданылатын шикізатқа оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді. Мысалы, шойын мен болат өдірістері ауаны улы көміртек (П) оксидімен, алюминий зауытының түтіні фтор қосылыстарымен  қағаз өндірісі – күкірт оксиді мен, сутекті көміртекпен, меркаптандармен, жасанды талшық өндірісі күкіртті көміртек және сутекті күкіртпен ластайды. 1 тонна шойынды өңдегенде атмосфераға 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкірт оксиді, 0,1-0,5 кг марганец, мышяк, фосфор, сурьма, қорғасын, сынап сирек металдарының қосылыстары бөлінеді.Ауаны ластайтын қатты заттар негізінде оның төменгі қабаттарында шоғырланады.

         Өндірісі дамыған елдерде жерінің, ауасының, суының құрамы күрт өзгеріп өсімдік пен жануарлар әлемінде едәуір зиян тигізеді.

         Қазақстанның көптеген өндіріс дамыған аймақтарында, әсіресе Орталық пен Шығыс Қазақстан облыстарды топырағының өте көп мөлшерде улы заттар мен ластанғанына байланысты бұл төңіректе биогеохимиялық аномалиялар пайда болып отыр. Осы аталған облыстардың кәсіпорындары мен көлік тағы басқа ластанушы көздері соңғы  мәліметтер бойынша тек атмосфераға 5 млн тонна улы заттарды жыл сайын тастайды екен.

         Қоршаған ортаның ластану мөлшері табғи ресурстардың тиімді және жан-жақты пайдалануына да көп байланысты. Қазіргі кезеңде бұл проблема әлі толығымен шешілмеген. Пайдалы кен қазбаларын (9.1-ші кесте) минералды шикізаттарды (9.2-ші кесте) жер қойнауынан алған көздің өзінде біразы шығынға ұшырайды.

 

        9.1-ші кесте. Жер қойнауынан алған кезде шығынға ұшырайтын пайдалы кен қазбалардың мөлшері.

 

 Пайдалы кен қазбалар түрі

Пайдалы кенді алғанда болатын шығынның мөлшері %

Жанар тақтатас

22,4-23,8

Кокстанатын көмір

15,2 –17,0

Көмір

12,7 –14,1

Қорғасын мырыш рудасы

9,3 –10

Мыс рудасы

7,6 –8,1

Фосфорит рудасы

6,3 –7,0

Апатит-нефелин рудасы

5,9 –7,1

Қабаттас-мусковит

5,4 –6,6

Темір рудасы

3,5 5,0

Асбест

2,0 –3,2

 

 

 

 9.2-ші кесте. Минералды шикізаттың пайдалы компоненттерді алу.

 

       Пайдалы компонент

 Шығарылатын мөлшер %

Қабаттас- мусковит

   9,1 –93,4

Апатит рудаларынан алынатын

 

Фосфор оксиді

 

Никель

   89,7 –90,5

Асбест

   87,6 –88,5

Хром

   80,7 –85,7

Калий оксиді

   76,9 – 79,1

Мырыш

   74,3 –76,0

Темір

   73,3 –74,7

Вольфром

   67,0 –70,3

 

Бұл негізінде тау кен өндірісінде  сапалы технологиялық жоқтығына байланысты. Сонымен қатар, бұл басқару, жоспарлау және табиғи байлықтарды тиімді пайдалануға жағдай жасауға ынталандыратын экономикалық механизмнің болмауынан.

 

Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірістерінің 

    қоршаған ортаға тигізетін әсері

 

Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышашына (белгісіне) байланысты топтастырылады. (9.10-шы кесте.)

 

9.10-шы кесте. Энергетикалық ресурстардың топтастырылуы.

 

Бастапқы (1-ші) қоры

Екінші заңы

Сарқылатын (көмір),мұнай, тақтатас, табиғи газ, жанғыш заттар

Көмірді іріктегенде және байытқанда шыққан қосымша өнімдер: гудрон, мазут және мұнай өңдегенде шыққан қалдық өнімдер;ағаш дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар, бұталар

Сарқылмайтын немесе қайтадан орнына келетін (ағаш, гидроэнергия, жел және күн энергиясы, геотермальдық энергия, жертезек,термоядерлық энергия)

Жанғыш газдар (домна кокс)тастанды газдардың жылуы салқындату жүйесінен шыққан ыстық су, күш беретін өнеркәсіп құрылысының тастанды болуы.

 

Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары мен гидроэнрегия негізінде дамып келе жатқан, Азия Африка және Латын Америка елдерінде.

 

           Мұнай шығару өнеркәсібі.

 

         Қазақстанның мұнай мен табиғи газға бай елдің бірі. Қазіргі Атырау облысына жататын жерлерде мұнайдың бірінші фонтаны 1899 жылы Қарашұңқыр барлау алаңында атқыланды, кейін 1911 жылы Доссор 1915 жылы Мақат 1934 жылы ескене 1935 жылы Байшонал, Қосшағыл 1938 жылы Сағыз 1939 жылы Құлсары сияқты мұнай көздері іске қосылды.

         1965 жылға дейін бізде мұнай тек қана Ембі бассейінінен алынып отырған. 1965 жылдан бастап Маңғыстау кен орны елімізді мұнаймен қамтамасыз етіп отырған. Соңғы жылдары қазақ жерінде көптеген мұнай мен газға бай орындар ашылған. Қазір істеп жатқан мұнай –газы бар ірі орындары Теңіз, Қарашығанақ Өзен. Осы Каспий ойпатындағы кен орындары мен Каспий теңізінің қайраңындағы мұнайдың қоры 7 млрд тонна шамасында. Тек Қарашығанақтың (1970 жылы ашылған 450 км жер көлемін алып жатыр.) Өзінде 21,3 трилион м3 табиғи газ, 644 млн тонна газ конденсаты 189 млн тонна мұнай бар.

         Мұнай мен газ қоры айтарлықтай, болашағы бар деп есептеуге болатын кен орындарына Торғай, Шу –Сарысу, Зайсан – Алакөл аймақтары да жатады.

         Мамандардың бағалауына қарағанда Каспий аймағы ХХІ ғасырда мұнай мен газ беретін дүниежүзіндегі ең ірі қамсыздандырушылардың бірі болатына анық.

 

 

        Мұнай өңдейтін өнеркәсіптер

 

         Қазақстанда мұнай өңдейтін кәсіпорындар 1945 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бірінші іске қосылған Атырау мұнай өңдеу зауыты, ол 1959 жылға дейін тек сырттан әкелінген ішкі зат өңдеді, яғни Түркіменстан мен Әзірбайжанның мұнайын. Қазіргі кезде республикада жұмыс істейтін тағы екі мұнай өңдейтін зауыты бар. Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттары Ақтау қаласында мұнайдың ілеспе газынан алынатын этан франциясын өңдеп этилен, этилбизол, стирол және полистирол шығаратын біріктірген ірі тоннажды өндіріс кен пластмасса зауыты жұмыс істейді. Бұл зауытты бояуы өңбейтін алуан түрлі пласмассалар алынады.

         Мұнай өңдейтін зауыттар ауа мен су бассейндерін ластайтын көздің бірі. Ластаушы заттар шығаратын негізгі көздерге мұнайды күкірттен тазарту мен катализаторларды регенизациялау процестері қыздырғыштар және қазандықтар жатады. Сонымен қатар мұнайдан, одан алынған өнімдерді сақтайтын ыдыстардан, су мен мұнай иператорларынан әр түрлі заттар бөлініп, қоршаған ортаны ластап отырады.

         Мұнай өңдейтін өндірістің кәсіпорындарында атмосфераны көмірсктектермен (73%), күкіртті оксидімен (18%) көміртек оксидімен (7,0%)азот оксидімен (12%)ластайды. Бұл кәсіпорындар көп мөлшерде суды қажет етеді, ал олардан шыққан ақаба суларды көп мөлшерде мұнайөнімдері, сульфат, хлорид, азот қосылыстары фенол, ауыр металдардың тұздары болғандықтан ластанып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-шы кесте.  Химия өнеркәсібінің әр өндіріс түріне сәйкес атмосфераға тасталатын негізгі компоненттер.

 

      Өндіріс

Атмосфераны ластайтын негізгі компоненттер

      1

 2

Азот қышқылы

Күкірт қышқылы

Тұз қышқылы

Қымыздық

Сулырамин

Фосфор және оның қышқылды сірке

 

Күрделі тыңайтқыштар

 

Карбалид

Аммоний селитрасы

Суперфосфорит

Сұйық хлор

Хлорлы әк

Поливинилхлорид шайыры

Тетрахлорэтилен

Ацетон

Аммиак

Метанол

Капорлактон

Ацетилен

Карбофос

Минералды пигмент

целлюза

NO2, NO, NH3

NO, SO3, H2 SO4

HCl, Cl2

NO, C2 HH 2O4 (шаң)

NH3, NH (SO3 NH4) 2 H2SO4

P2 O5, H3 PO4, HF, Cа5 -F (PO4)(шаң)

CH3 CHO, CH COOH

NO2 ,NO, NH3, HF, H2 SO4, P2 O5

HNO3

NH3, CO, (NH2)2CO

CO2 NH3 HNO3 NH4 NO3 (шаң)

HF, H2 SO4 (суперфосфат шаңы)

HCl, Cl Hq

Cl2 CаCl (шаң)

Hq Hq Cl2

HCl Cl2

CH3 CHO (CH3)2 CO

NH3, CO

CH3 OH CO

NO NO2 SO2 H2 S CO

C2 H2, күйе

SO2 P2 O5  H2 S  карбофос шаңы

2 O3 FеSO4

SO2 H2S Cl2 CH3 SH (CH3)2 S

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

   

 

                 Қолданылған әдебиет

 

А. Ж. Ақбасова , Г. Ә. Сайнова «Экология» Алматы 2003