ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ
Кіріспе
1 тарау. Алғы философия және оның қалыптасу барысы
2 тарау. Көне түркі жазбаларындағы философиялық ойлар
3 тарау. ІХ-ХІІІ ғ.ғ қазақ даласының ойшылдары
3.1. Әл-Фараби (870-950)
3.2. Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ.)
3.3. Қожа Ахмет Иассауи (1094 – 1167)
3.4. Махмұт Кашқари 9ХІ ғ.)
3.5. Ахмет Иүгінеки (ХІІ ғ.)
3.6. Сүлеймен Бәқырғани (1104-1186)
3.7. Асан Қайғы (ХV ғ.)
4 тарау. Ақын-жыраулар философиясы.
4.1. Бұқар Жырау (ХVІІ- ХVІІІ ғ.ғ.)
5 тарау. Зар заман ақындарының әлеуметтік философиясы
6 тарау. Ағартушылар философиясы
Қорытынды
Экономикалық, мәдени және рухани даму барысында ғұндар, үйсіндер және қаңлылардың дүниетанымдық түсініктерінің өзара байланысы нығая түсті. Олар алғашқыда әр алуан еді. Өйткені, ғұндар “таза көпшілілер”, қаңлылар “таза” егіншілік, ал үйсіндер — жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізіп отырған. Шамамен бес-алты ғасыр өткен соң жағдай айтарлықтай өзгерді.Ғұндардың басым көпшілігі батысқа кетті, ал қалғандары мен қайтып оралғандары қазақтың басқа ұлыстарына араласып, сіңісіп кетті. Қаңлылардың елеулі бөлігі өғыздардың өңтүстік батысқа қоныс аударуы барысында осы тайпалардың құрамында кетіп, осы қауымды және жаңа қоныстарында ассимиляциға ұшырады. Қалған қаңлылар үйсіндерге қосылып, осы уақытқа дейін өздерін солардың құрамындамыз деп санайды. Бұдан ұғарымыз, бірінші мыңжылдықтың ортасындағы қазақтың ата тегінің ішінде үйсіндер – Қазақстан тұрғындарының негізгі дүниетанымдық бет-бағдарын өз бойына жинақтаған һалық болды. Мұның тағы бір дәлелі қазіргі бүкіл Қазақстан аумағында осы үйсіндердің шаруашылық түрі — жартылай көшпелі малшылық негізгі шаруашылық түрі еді.
Бүкіл Евразия даласын көктей өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер мен егіншілер арасындағы экономикалық байланыстардың қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді. Оның барысында мал, нан, жүн, былғары, қолөнер бүйымдары саудасы қыза түсті. Қалалар егіншілік аймақтармен шектес далаларда да, сондай-ақ даланың терең ішкі аймақтарында да бой көтерді.
М.С.Орынбеков пайымдағандай, “мемлекеттілігі елсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа зор ықпалететіні белгілі. Ал, қазақтың көне және соңғы тарихында мемлекеттіліктің әлсіз болғаны белгілі Табиғат әрқашанда Қазақстан тұрғындары үшін абсолюттік және жалғыз бастық рөлін атқарды.Ол өзінде дербес жаратушы, тіршіліктіқ иманенттік себептерімен факторларының белсенділік пен эволюция негіздерінің иегері болды”.
Көне және архаистік заман адамдарды күн сайын рудың немесе тайпаның дүниетанымдық пиғылына адалдығын әйгілеп отыруға мәжбүр етті. Ойткені, ауыр және қатаң тіршілік жағдайы руластардың әлеуметтіқ бағдар мен салттардан бұлтаруына жол бермеді.
Табиғи ортаны өңдеудің туындауы философиялық көзқараста адамның айқеын мақсатты қызметінің, мақсат белгілеу факторының пайда болуын көрсетеді. Мұның өзі, адамның табиғаттан бөлініп, дербес тіршілік иесі болып қалыптасуының алғы шарты еді. Адамның мақсатқа бағытталған қызметі объективті процестің шешуші нысаны болып табылады. Тұтас , бірақ қарама-қайшылықты процесте оның әр қыры табиғи заңдылық және адамдардың мақсатты қызметі ретінде көрінеді. Енді ол «табиғат бөлшегі» емес, оның әміршісі, өңдеушісі дәрежесіне ұмтылуымен қабаттаса дамиды.
Табиғат әлемі адамдардың мақсат-мүдделік және мақсат-мұраттық қызметі процесінде адам әлеміне айналды. Оның ішінде шешуші билік қажеттіліктің темірдей талабына тәуелді ететін табиғи заңдылықтарға емес, адамдардың еркін қайраткерлігіне тиеді, Á½ë êåçå»äå àäàì òàáè¹àò ñóáñòàíöèÿñûíàí á¼ëiíiï, ¼çií òàáè¹àòºà ºàðàìà-ºàðñû ºîÿäû. Ѽéòiï, áiðòå áiðòå æåêå àäàìäàð áàéëàíûñûíû» åêi íûñàíû ºàëûïòàñàäû;áiðiíøiñi – îëàðäû» òàáè¹è êîìïîíåíòòåðåðií èãåðóãå æ¸íå º½ðó¹à áà¹ûòòàë¹àí îðòຠ¸ðåêåòi, àë åêiíøiñi – ýòíîñòû» ºî¹àìäûº íûñàíäàðûí ò½òàñòûðó¹à, æ¸íå äàìûòó¹à,½äàéû ¼íäiðiñêå, àäàìçàò ¼ìiðií æàë¹àñòûðó¹à, îíû» áèîëîãèÿëûº және әлеуметтік қажеттілігін өтеуге бағытталған өзара байланыс.
Табиғатты игеру барысында адамдардың практикалық іс-әрекеттерін бейнелейтін алуан түрлі дәстүрлі әдет-ғұрыптар, әпсаналар, қарапайым түсініктер пайда бола бастады.
Олардың бәрі қауымдық өмірдің күнделікті тәжірибесін жинақтаудың, танымының, көбінесе сезімдік сатысына тән нәтижелерін қорытудың негізінде дүниеге келді.
Қауымдық болмыстың бейнесі – қауымдық сананың негізі өзекті мазмұнын құрайтын, жеке адамдардың, яғни қауым мүшелерінің мінез құлқын калыптастыруға ықпал жасайтын, олардың нақтылы іс-әрекеті үшін жетекшілік, жолбасшылық, реттеушілік рөл атқаратын әпсаналық ой кешу үрдістерінің жиынтығы танымдық тәжірибесі мол, көргені мен қөңілге түйгені көп ру ақсақалдарының құзырында болды. Жазу-сызудың жоқ кезінде ру көсемдерінің ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан тәжірибені зердес1ине сақтаған әрі күнделікті өмір сүру процесінің қарапайым қағидаларын тұжырымдап отыруы сол заманға тән заңдылық болатын.
Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде , осыдан екі жарым мың жыл шамасында бұрын өмір сүріп, грек философиясында скифтердің ой-үдістерінен өшпесіз қалдырған скифтік Анахарсисті (Анарыс) айтуға болады. Ол туралы грек философы Платон былай дейді. «Анахарсис – аты аңызға айналған скиф. Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, соның ықпалында болып данышпандығымен атағы шыққан.
Көне түркі жазбаларындағы алғы
философиялық ойлар
Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VI ғасырда қандықтың басқару жүйесінен құқықтық негізді құрды. өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар әлқасының (кейінгі қазәқ һандығында –билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді кішілі лауазымдар иесіне жүктеледі. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия арқылы жүзеге асырылған, Халықтың құқықтық санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атқа ие болған Ел заңы:
1-бап. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
2-бап. Түрік будун мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
3-бап. Қағандық ішінде жазықсыз кісі өлтірген кісілер өлім жазасына бұйырылсын.
4-бап. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын.
5-бап. Өреде тұрған, тұсаулы тұрған сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
6-бап. Төбелесте мертігудің түріне қарай мүлік түрінде күн төленсін:
а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді;
ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-бап. Үрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірсін.
VIІІ ғасырдың басында жазылған аталмыш жәдігерліктер стилі ХІV-ХV ғасырларға дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына “Қорқыт Ата” кітабы мен “Оғызнаманы” да жатқызуға болады. Олардың өзара стильдік айырмашылықтары болғанымен, оқиға желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.
Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы, көне түркілердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: “Жоғарыды Көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда екі арасында кісі оғлы жаралған екен”, Олардың үстінен қарайтындар “Тәңірден болған”, яғни қағандық үстемдікке ие болатындар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді.
Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі — тәңірінің жасампаздық құдыретіне деген халықтық сенім. Түркілердің танымдық қабылеті , жеңіске жетуі, табғачқа (қарақытайға) бағынғаны үшін жазалануы да тәңірінің мейіріміне немесе каһарына ұшырағандықтың жемісі. Көрнекілік үшін мысал келтіретін болса, дана қарт Тоныкөк өзінің біліктілігін тәңірдің сыйы ретінде қабылдайды, ал, шын мәнісінде, ол білімді тбғач елінде алған. Әрине, өзінің табиғи қабылетінің арқасында. Өзінің даналығындәріптеу мақсатында қайталанып отыратын “қағаны алып екен, ақылшысы дана екен” деген сөз тіркесін жауларының аузына салып отырғандығы Тоныкөктің мақтаныш сезімінің айғағы болса керек.
Қазақстан аймағындағы алғашқы адамдар тас дәуірінен бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет процесі басталды. Қола дәуірі тарихта жалпы тұрғындардан бақташылықтың пайда болуымен, яғни қоғамдағы алғашқы ең үлкен еңбек бөлінісімен белгілі. Бұл материалдық мәдениеттің дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш берді. Тері шалбарлар пайда болды және көрші халықтар мұны жылдам қабылдады. Ауыздықтың, айыл, құйысқан, ертоқым, найза, жебе ұштарының қажеттілігі металлургия мен тау-кен өндірісін тудырды.
Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш жолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты басып өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталды. Күндік көш жолы бір көш, сондай-ақ қозы көш, апталық көш, т.б. қашықтық мөлшері белгіленеді. Кеңістік бет-бағдары ежелгі қазақтар есігінің шығысқа бағытталуымен ерекшеленетін.
Жалпы адамзат өркениеттегі әйгілі мадени ошақтардың ұдайы көшпелілер мекені мен оған жапсар өңірлерде дүниеге келіп отырғаны кездейсоқ емес. Әлемдік діндердің бастауы тегіне тәңірлік дінінің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным-түсінігі еді. Тәңірлік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі болып, өмір салтына айналды.
Қазәктар күні бүгінге дейін таңнын атуы мен күннің батуына дейінгі уақытты беске бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. Осы дәстүр Сырдария бойында туған Заратуштра діні арқылы иудаизмге ауысты, одан ислам дініңдегі бес уақыт намаздың орнығуына себепші болды.
Қазақ халқының алғы философиялық және дүниетанымының қалыптасуына мифологиялық ертегілері; хайуанаттар жайындағы ертегілер; реалистік ертегілерінің де әсері өте үлкен болды. Бұл ертегілер өте ерте замандарда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кездерде туған. Мұнндай мифологиялық наным , сенімдер және оның тарихы үнді , қытай, грек, араб елдерінде көбірек сақталған.Бірақ қазақ аңыз, ертегілерінің ой туғызар дүниетанымдық тұстары олардың адамды бірінші орынға қоя білуінде. Мысалы, патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял-ғажайып аңыз-ертегілері осы ізде туған. Кшпелілер аңыздарының бір ерекшілігі – оның жалпы халықтық мазмұндылығында әкиқат болған-ды. Қазақ әныздарында көшпелі елдің төл ерекшеліктері, белгілері бірден байқалады. Себебі олар – біздің тұрмыс-салтымыздың , болмысымыздың негізінде туған аңыздар. Осындай дала аңыздары ішінде халық арасында Қорқыт, асан қайғы туралы толып жатқан аңыздар бар. Бұл тараған аңыздар да Қорқыт асқан күйші, қобызшы болғандығын айта келіп, табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды тынытады. Қорқыт һалық ұғымынша, болашақты көре білетін, өлімді өнерімен жеңүге ұмтылған алып философ, ұлы қобызшы.
Қорқыт ата
Қорқыт философиясын, оның дүниетанымын біздер ел арасында сақталған Қорқыт туралы толып жатқан аңыздардан танып білеміз. Бұл аңыздар негізгі философиялық өзегі – мәңгілік, мәнгі-бақи өмірлік, жанның мәңгі бақи екеніне сену. Мәңгілік етуге талпыну. Адамдар қашанда мәңгі өшпес өмір сүруді армандап келеді. Оны барлық жерден іздеді, оған жол таба алмаған жағдайда адамдар адам жанын мәңгі етер жанды су, т.б. нәрселерді ойдан құрастырып, талай аңыз-әңгімелерді дүниеге келтірді. Қазақтардың ауызша-поэтикалық шығармаларындағы ең құнды аңыздар – Қорқыт туралы аңыздар болып табылады.
Қорқыт туралы бұл аңыздар “Иллиададан” да ерте бір жарым мың жылдай бұрын келген шумерккадықтардыңГильгамеш туралы эпаосымен өте ұқсас, мазмұны да сәйкес келеді. Мұнда да өмір мен өлім, мәңгі жойылмайтын өмір туралы адамдардың іс-әрекеті, ізденістері бар. Шумераккадтықтардың эпосын зерттеуші И.М.Дьяконовтың жазуынша “Бұл проблема ежелгі шығыс әдебиетінде бұрыннан үлкен орын алып келген”.
“Оғыз” эпосында Қорқыттың барлық қызметі Оғыз тайпаларының ортақ мақсат-мүдделерімен байланысты. Оның жатса-тұрса ойлайтыны – құдайға құлшылық жолы емес, оғыздардың тағдыры, жырлайтыны — әулие пайғамбар туралы діни сюжеттер емес, оғыз батырларының ерлігі. Қорқыт туралы аңыздарда Қорқыттан асқан күйші , қобызшы болғандығын айта келе, табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды танытады. Қорқыт халық ұғымынша, болашақты көре білетін сәуегей философ, қобызшы, Қорқыт өміріне байланысты тараған аңыздарда ұлы күйшінің барлық өміри күй шығаруға айналғандығы айтылады. Ол өзінің астындағы жалғыз түйесін сойып, терісін қобызына шанақ етіпті дейтін сөз бар.
“Қорқыт ата кітәбы” өзінің тарихилығы, образдарының саралығы, суреттейтін өмір тұрғысы, салт-сана көрінісіжағынан қазақтың батырлық жырларына өте жақын. Сондай-ак “Қорқыт ата кітабында” исламнан бұрынғы мифология көріністері елеулі орын алды.
Қорқыт ата жырларында көшпелі тайпаларға тән, табиғат құбылыстарына яғни. Жылан, қасқыр, су, тау, ормандарға сыйыну болған. Әр нәрсенің өз иесі бар деп, ол табиғатпен де тілдесе білген. Сондай-ақ көк тәңірі аруақка сыйыну туа бастайды. Бұл кезде тайпа адамдардың көсемдерінің бәрі де аруақты адам болып саналған. Бұл бірте-бірте ата-баба аруақтарына сыйынуға, ата-баба рухына табынуға алып келген. Қазақ аңыздарында аруаққа сыйыну осы Қорқыттан басталды. Аталық қоғам салты шамандық наным-сенім жырдан үлкен орын алған. Оларда діннен гөрі музыканы қастерлеу үстем болған. Оғыз батырлары жауға аттанарда қобыз байлап жүретін болған.
Қорқыт жырларында батырлық пен әсемдік, нәзіктік пен сұлулық қобыз сарынымен үндесіп, үлкен бір философиялық ой-арнаға алып келеді. Табиғаттың тылсым күштерін , адам жанының көңіл-күйлерін, сезімін ұлы бабамыздың қобыз ішегімен аса бір нәзіктікпен жеткізе білгендігіне қайран қалып отырмыз. Корқыт түркі халықтарына ортақ философ, музыкант ретінде Шығыс Ренессансы үшін де аса көрнекті тұлға болды. Қорқыт қайда барса да , алдынан екі адам кездесіп, көр қазып жатады. Қорқыт оларға: “Бұл көр: деп сауал қойса, олар: “Қорқыттың көрі” деп жауап қатады. Ақыры, ол суда ажал жоқ деп Сырдарияға кілем төсеп, қалған ғұмырын су үстінде өткізбек болады. Бірде Қорқыт қалғып кеткенде оны жылан шағып өлтіріпті дейді. Қорқыттың өз басынынң ғана емес, сол өз заманындағы аталық қоғам арасындағы қаұшылықтар, әділетсіздіктер Қорқытты осындай пессимизмге алып келді деп түсұнуімз керек.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: “Қазақ музыкасының атасы Қорқыт туралы әпсананың философиялық мазмұны өте терең. Ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт жұрттан безіп, айдалаға табиғат аясына кетеді, бірақ тауларда, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады; содан қорқып шырғайдан бірінші рет қобыз жасап, жер бетіне бірінші болыпкүй тартады. Сөйтіп өлмеудін амалын өнерден табады” — деп жазды.
Міне, көріп отырсыздар, қазақ аңыздарындағы Қорқыт бейнесі енді өлімнен қашқан жан емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан рухани алып тұлға. “Қорқыт күйлерін бүкіл дүние, жан иесі түгел үйып тыңдайды. Күй тартып отырған Қорқытқа ешқандаұ ажал жақындай алмайды, ажал күйден, күй тартушыдан өзін әлсіз сезінеді. Қорқыттың әлсіреген шағын күтеді.
Қөп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт қалжырап, қалғып кетеді. Қорқытты ізіне түсіп аңдыған ажал сол кезде қайрақ жылан күйінде жорғалап кілемге келіп шаққанда, Қорқыт осыдан ауырып өледі” – дейді халық сөзі.
Қорқыт жайындағы аңыздың философиясы өліммен күресу, мәңгілік өмір, қорқыт жазмыш, тағдыр даярлап қойған талайына қарсы алысады. Ол өзі өлімді өнерімен жеңіп, халыққа қызмет етті. Оның өлмес-өшпестігі де, терең философиясы да осында болса керек.
Әл-Фараби (870-950)
Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз” атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.
Үлы жерлесіміздің әл-Фарабидің түркі тайпасынан дәулеті бір ортасынан шыққан бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты-жөнінде “Тархан” деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзенінің Сырға барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Үзлаг ибн Тарһан әл-Фараби, яғни әкесі Үзлағ, арғы атасы Тарһан. Туған жері – қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба – Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны — қазіргі Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында.
Әл-Фарабидің Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтардың шығармаларымен түпнұсқасынан танысқаны жөнінде деректері бар. Білімге ізденге деген құштарлықтың жетелуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Каирда (Мысыр) болған. өз өмірінің көп жылдарын ол араб халифатының саяси және мадени орталығы болған Бағдатта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой –беделге ие болды. Бірақ өрісі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар Әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге , адам бақытын о дүниеден емес, бұ дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді. Ақыр соңында әл-Фараби лажсыздан Бағдаттан кетеді. Өзіниң “Фусоул ал-мадани” (Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасында ол: адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс дейді.
Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. Өйткені жақсы стер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады.
Жетік философ теориялық ғылымдарды дә білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әқимнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше , философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғарғы мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада әл-Фараби дінмен философияны салыстырды. Оның пікірінше, дін философияға ұксас: екеуі де жоғары принциптерге, бар заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Имам – ең жоғары дәрежеде теориялық білімі және ойшылдық қайырымдылықтары бар адам, мұның өзі адамдарға ақылшы, жетекші болып, оларды бақытқа жетуге бағыттап отыруға құқ береді.
Сонымен, философ”, “заң шығарушы”, “имам” және бирінші басшы” ұғымдары бір нәрсеге келіп қосылады. Олар бір мақсатқа қызмет етеді,бірақ бұл мақсатты әр түрлі әдістермен жүзеге асырады.Демек, әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этникалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды.
Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ.)
Орта ғасырлардағы Шығыс Ренессансы аталған алтын дәуірсіз Жүсіп Баласағұн өмірі мен шығармашылығын түсіну мүмкін емес. Караханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарады.
Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақталған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге, қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.
Ол — ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол – философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, т.б. ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғылым. Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы – сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопел\диядағы еңбек.Сондықтанда кез келген аймақ өз тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне енетін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті.
Жүсіп Баласұғынның “Құтты білік” дастанында шығыс әсерінен гөрі түркі халықтарының бай ауыз әдебиеті, фольклор жанрларының әсері басым сияқты. “Құтты білікте” салт жырларының дәстүрі басым, Бұл реттен Жүсіп исламнан бұрынғы әдет-ғұрыпты көбірек жырлаған. Сол себепті Жүсіп Баласағұнның шығармасында бір ғана шығыс әсері үстем деп айтуға болмаса керек.
Х-ХІ ғасырларда араб-парсы тілдерінің үстем болып тұрған заманында Жүсіптің таза түркі тілінде осындай руһани дүниені өмірге алып келуі – үлкен тарихи жаңалық. Ол түркі тілінің болмысын, табиғатын, өміршендігін паш етті. Жүсіп халық фольклорының мүмкіндіктерін жазба мәдениетімен өте шебер ұштастыра білген. Осыдан келіп біздер түркі тектес хаықтардың табиғатын, тағдырын, бұрынғы наным-сенімдерін Жүсіп шығармасы арқылы танып білуге мүмкіндік аламыз.
Қожа Ахмет Иассауи (1094-1167)
Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде біржола араб жазуына көшуі өмірге көптеген ғылыми дүниелерді алып келди. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде суфизм ағымының әсері күшейіп, бірте-бірте қанатын кең жайып. Дами бастаған кез еді. Бұл кезең Орта азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілікпен имандылықты, алла-тағалаға адалдықты көксеген.соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ерекше талантымен көзге түскендер – хорезмдік Ахмет Иүгінеки, Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғали (Отырар өлкесінде), тағы да басқа көптеген софылық әдебиет өкілдері болды, Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, қайрылымдылық пен мейірілімділікті өмірге арқау етіп, бүкіл түркі жұрттын татулыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Құл Қожа Ахмет Хазреті Сұлтан Иассауи еді. Ахмет Иассауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз-әңгімелер тараған. Егер де тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибрагим ибн Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген.
Бұл өмірдің азабын көп көрген Қожа Ахмет аскетизмге бет алып, тағдырға сенуді уағыздайды, содан дүние қызығынан безіп, тәрки дүниеге салынады. О дүниенің мәңгілігін жырлайды. Өз танымы бойынша Иассауи сопы болды. Мұсылмандық ішінде ұстамдылық және аскетизмді уағыздап, сопылық ілімін ұстанды. Еңбекші бұқарадан шыққан ойшыл дүние қызығынан түңілуге бет алды.
Сопылық мұсылман дінінің бір түрі ретінде ведтік үнді философиясының, еуропалық гностицизм, гректік жаңа платонизм, зорастризм, христиандық мистицизм және басқалардың кейбір жақтарын иеленеді. Сопылық біртұтас дүниетанымдық бағыт емес еді. Ол адамның өзіндік өмір тәжірбиесіне, мистикалық толғаныстың әдіс-тәсілдері игерілетін, практикалық қолданбалы қағида. Әйтсе де, сопылыққа жекелеген діни мистицизмнің бұрыннан бар жалпы (дүниенің жаратылуы, құдай оның табиғатқа ықыласы, табиғаттағы адамның орны жайлы үғымдар сияқты) ережелер де болды. Сопылықта басты қағида болмыс тұтастығы еді. Ол үш дүниеде – (абсолют, аттар (архитиптер) және феноменалдық дүние) – көрініс берді.
Сопылықтың тану теориясында шындықты мистикалық меңгеру басты орын алды. Құдай – Ақиқат зерде өрісінен биік, өйткені ол мәңгі, ал өткінші дүниенің ауқымы мәңгілікке жетпейді. Сопы ойшылары рационалды білімнің қүнын жоққа шығармады, бірақ сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің шектеулігін атап көрсетті. Сопылар үшін таным пәні дін ауқымымен шектеледі. Олар үшін бастысы – құдай және адам дегеніміз не, құдайды түсіну мүмкін бе, адам өмірінде қандай мінез-құлықты басшылыққа алу керек?
Ахмет Иассауидің пайымдауынша, ол өзін-өзі тазартуға, кемшілігін жоюға, игілікті іс істеуге шақырған адам адасуы, әділетсіздік және жамандық жасауы мүмкін емес. Ол өзінің жолын қуушыларды өзін-өзі жетілдіруге шақыра отырып, адамгершіліктің құдайдан шығатыны туралы оұдан аулақ ұстайды. Оның саяси және әлеуметтік коөзқарасының негізінде де этикалық бастау жатыр.Түйіндеп айтар болсақ, А.Ииассауидың “Диуани Хикметінде” айтылған ойлармен үндес, сабақтас болған Ахмет Иүгінекидің негізгі шығармасы “Ақиқат сыйында” Сүлеймен Бақырғанидың “Ақыр заман”, “Бәқырған” атты өлең жинақтарында болмыс туралы түсінік тұтасымен діни-мистикалық мазмұнда қалыптасқандықтан бұл дүниенің алдамшы екендігіне Иасса ғұламаларының ешқайсысы күмән келтірмейді.
Иассалықтар тіл мен білімнің қажет екенін және оның ерекше қасиет екенін мойындайды. Иассауи тіл құдыретін аллаға мінажат етуге жұмсайды үндейді. Иассауи тіл құдыретін аллаға мінажат етуге жұмсауды үндейді. Білімді қиямет күн алла-тағала алдында есеп-қисап берудің таптырмас құралы деп есептейді.
Махмұт Қашқари (ХІ ғ.)
Орта ғасырлар жұлдыздарымыздың бірі Маһмұт қашқари – ХІ ғасырда Қашқарда дүниеге келіп, Шу, Талас 1оңіріндегі Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Ол – ұлы әдебиетші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші, ойшыл-философ, белгілі саяхатшы “Түркі тілдерінің жинағы” кітабын 1072-74 жылдары жазған. өз заманындағы түркі, араб грамматикасын жасап жетік білген. Бүкіл түркі ру-тайпаларын аралап, олардың тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеген, Сөйтіп, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазып шыққан.
М.Қашқари сөздігі барлық түрік тайпаларының сөздігін қамтыған сөздік болды. Егер Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” еңбегінде ғылым байлығы мен күнәсіз өмір сүру негіздеріжайлы ғылымды дамытқан.
Қашқаридан соң түркі тіліндегі жазбалар саны көбейді. Көптеген орта ғасырлық оқымыстылар қашқаридың жолын қуып оны одан әрі жалғастыра білді. Мәселен; Қараһандар орта Азияны билеп отырған жағдайда орхон, ұйғыр, көне қаңлы (хорезм), соға алфавитінде еңбек жазуға мүмкіндік болмаған.
Қорыта айтар болсақ , Маһмұт Қашқаридың қалдырған бұл рухани мұраларының кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес асыл қазына екендігіне үлкен мән бере отырып, барлық түркі халықтарына ортақ энциклопедиялық тұрғыда жазылған аса кұнды мұралардың бірі деп танып білеміз.
Ахмет Иүгинеки (ХІІ ғ.)
Ахмет Иүгинеки – ХІІ ғасырда өмір сүрген аса көрнекті ғұлама ақын, ойшыл-философ. Кезінде ол бүкіл түркі еліне танымал үлкен ғалым адам болған. Ол өзінің негізгі шығармаларын түркі тілінде жазған. А.Иүгінекидің негізгі шығармасы “Ақиқат сыйы2 деп аталады. Бұл дастан орта ғасырдағы түркі тайпаларына түсінікті тілде, яғни қараханид түріктерінің тілінде жазылған екеню Оның басқа да шығармалары болуы керек, бірақ бізге жеткені, сақталып қалған осы аталған дастан ғана.
А.Иүгінеки Сыр бойындағы Түркістан қаласының Жүйнек деген елді мекенде дүниеге келіпті. Оның ақындық өмірі мен ғылымдық қызметтері жайында толық мәліметтер жоқтың қасы. Шығарманың ең көне толық қолжазбаларының бірі – Стамбул қаласында сақталғаны. Ал түрік ғалымы Рашид Арат Рахмат 1951 жылы осы дастанның толық қолжазбаларының бірі – Стамбул қаласында сақталғаны. Ал түрік ғалымы Рашид Арат Рахмат 1951 жылы осы дастанның толық мәтінінәзірлеп, латын әріпіне аубиет, тарих, философия тұрғысынан тереңірек зерттеп, бір жүйеге түсіріп, көп еңбек сіңірген ғалымдар Е.Э.Бертельс, С.С.МАлов, Қ.Махмудов, т.б. болды.
Дастандв Шығыс мәдениетінің әсері де кездеседі. А.Иүгінеки адамдарды мейрімді, иманды, білімді, әдепті сөйлейтін, жомарт, әділ болуға шақырады.
Ұлы ғұлама дүниенің әлемінің сырын, құпиясын ашатын кілт –көкірегі ояу. Көзі ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген тамаша пікірлер айтқан. Ол ғылым мен ашу-ызаны қатар қоюға болмайды деді. Ашу-ызаға тізгін берген адам қашанда надандыққа, тығырға тірелді. Бар дүниенің есігін, болмысын тек білім арқылы ғана ашуға болады деген шешімге келді.
Сондай-ақ А.Иүгінекидің адамгершілік, әдептілік ілімдері де үлкен мән берерлік нәрсе деп ойлаймыз. Ол адамдарды мағыналы , мазмұнды әділ сөйлей білуге, өсек айтпауға, сыр сақтай білуге, әдептіліктің басы — тілге сақ болу керектігін баса үйретіп, керемет ақыл-өсиеттер айтады. Оның бар ойы , әрекеті адамдарды жаман қылық әрекеттерденқұтқару мүмкіндігінше , адам деген қасиетті жоғары ұстауы. Тән жарасы жазылар, бірақ та тәнға түскен жара , тіл салған жара жазылмас деп айтуы үлкен бір адамгершіліктің, әдептіліктің, философиялық толғаныстың, өз заманының адал перзенті болған үлкен азаматтықтың белгісі деп ойлаймыз.
А.Иүгінеки мінез-құлық нормалары жөніндегі өзінің философиялық-этикалық пікірлерін, жомарттық пен сарандықты қарама-қарсы қойып түсіндіреді. Оның пікірінше, жомарттық болған жерде алынбайтын асу, жылымайтын жүрек жоқ