ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
Орындаған:
05107 тобының 1 курс студенті
Ж±мабеков С.
Тексерген: Турманова А
Алматы – 2006 ж.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Конфуцийшілдік
- Мэн Цзы
- Сюньцзн
- Легистер (заңгерлер)
- Даосизм
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауылшаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әртүрлі сатыдағы әлеуметгік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Ежелгі Қытай мемлекеті — шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы — әрі монарх, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік кызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда — рубасылары, отбасы (семья) басылары тұрды. Ал кұлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды.
Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында әртүрлі әлеуметгік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарымқатынас күрделі, шымшытырық ритуалдарға негізделді.
Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни кезқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар, жоғары әлеуметтік сатыда тұрғандар мен төменгі сатыдағылардың ара қатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.
Қытайлықтардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» (У цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы: математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен жердегі кұбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе (календарь), уақыт есептеу т.б. тәсілін ойлап, табуға мүмкіндік туды. Бірақ, ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялык ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге белінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және Атаулар мектебі. Біз бұл аталған философиялық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері — конфуцийшылдық, даосизм және легистерге ғана қысқаша тоқталамыз.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Конфуцийшылдық.
Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кунфуц-зы, оның ізбасарлары Мэнцзы және Сюньцзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кунфуцзы (б.д.д. 551479 жж.) кедейленген ақсүйек әскербасының отбасында өмірге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құштарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жиынтықтап, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.
Кунфуцзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол — әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кунфуцзы өзінің ілімін аспан денелерінің зандылықтарын немесе, бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін кайдан білеміз», — деуінін, өзі осыған айғақ.
Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі — адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай ол мынадай ұғымдарға көбірек кеңіл бөледі. Олар: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп, «дао» («дұрыс жол») құрайды. Әр адам осы даоның, жолымен өмір сүруі қажет.
«Тең орта» — адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы ісәрекеті. Өмірде мұндай «ортаны» ұстап, ісәрекет жасау оңай емес, себебі, адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.
Ал адамгершіліктің негізі — «жэнь» —'»ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау», жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал «өзара сүйіспеншілік» арқылы қарымқатынас, конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда: «Өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама», — дегенге сайып келеді. Аталған әдешілік қағидаларын «текті адамдар» (цзюньцзы») ғана басшылыққа алып, ісәрекет жасайды.
Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбінде осы «текті адамдарға» қарапайым адамдарды қарсы қояды. «Текті адам» — заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайдатапсамдеп ойлайды; «текті адамға» үлкен, маңызды шаруалар тапсыруға болса, карапайым адамға ондай тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана ұсақтүйек тапсыруға болады; «текті адам» басқалармен келісімді жағдайда емір сүрсе де, олардың артынан ермейді, езінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын тұрады т.б.
«Текті адам» тек қана этикалық ұғым емес, ол саяси ұғым да. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі — басшының өз басының әдептілік қасиеттерін өзінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар «дао» жолымен жүрсе, онда халык оларға қарсы келмейді.
Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыттоқтамай етіп жатады десе де, қоғамдық емірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қазқалпында дамуы керек деп есептейді. Сондықтан, билеуші — билеуші, шенеунік — шенеунік, әке — әке, ал бала — бала болып, аттарына байланысты емес, шын мәнісінде қалулары керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгеріс бола қалса, ол тез арада өз қалпына келуі керек. Билеуші — әке, халқы — оның балалары. Осы тұрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Демек, «Білу дегеніміз — табиғатты емес, адамдарды танып білу»,—деп есептейді. Кейбір адамдарға «туа біткен білім» тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар тұрады. Оқу, білу тандамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек те, қалғандарынан аулақ болу қажет. Білу дегеніміз—тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жанжақты қарастыру тәсілі.
МЭНЦЗЫ — (б.д.д. 372289 жж.) — Кунфуцзының ілімін әрі қарай жалғастырд отырып, аспан (кек) — объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі — адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол: «Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған». Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны әкесінен жақсы көруі керек, — деген тұжырым жасайды.
Сюнь-цзы (б.д.Д 313-белгісіз) Аспан мен жерді барлықденелердің щығу тегі ретінде мойындаса да, тағдырды аспанның жігереркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан гөрі, керекті заттарды көбейтіп, аспанның өзін бағындырған дұрыс.
Әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын ұқса, өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты немесе бақытсыз, бай немесе қайыршы болу адамдардың, өзіне байланысты. Жалпы адамдар табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тәрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып, оның табиғатын өзгертуге болады. Ал адамдар өз тарапынан өзін өзі жетілдіруге құлшынуы тиіс.
Конфуцийшылдық б.д.д. І ғ. мемлекеттік ілімге, ал IX ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.
ЛЕГИСТЕР (ЗАҢГЕРЛЕР) — Негізгі өкілдер: Шан Ян (б.д.д. IV.ғ.), ХаньФэйцзы (шамамен б.д.д. III ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген зандарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі, «Мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірденбір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер арожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. мақтаудан жазалау көп болу керек; 2. аямай жазалау аркылы халық арасында үрей тудыру қажет; 3. ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады; 4. адамдар арасында бірбіріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, әлімге де барады.
Конфуцийшылдардың мемлеқет — үлкен отбасы, оның басшысы — халықтың әкесі деген ілімінің орнына легистер: мемлекет—өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші — өзін атабаба аруағынан да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары:
- ұсақпатшалық,тарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру;
- осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген құштарлық теңелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі қолөнер немесе сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек.
Мемлекеттегі қызмет орыңдары адамдардың жұмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс.
Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялык бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.
ДАОСИЗМ (VI—V ғғ. б.д.д.) Бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі — «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цзин»). Даосизм ілімі «дао» ұғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялык ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе, және ол Қытайдың дамуымен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде «дао» — жалпы дүниетанымдық ұғым. «Дао» — алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы, «Даоның» алғашқы түпнегіз екенін мынандай сөздерден байқаймыз: «даобарлық заттардың анасы», «дао — барлық заттардың түпатасы», «даоны аспан аясындағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады» т.б.
Ал «даоның» заттардың соңы екенін мынандай пікірден байқауға болады: «Әлемде сансыз көп әртүрлі заттар бар, бірак, олардың бәрі де өзінің бастамасына (даоға) қайтып келеді, оралады».
ҚОРЫТЫНДЫ
Даосизмдегі қарамақарсы пікірлерге мол, кемескіленген ілімдердің бірі — екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі, ол денесіз, екі ұшты, соншалықты кішкентай, мәнсіз, көрінбейді, енжар және жалғыз. Ол мәңгі; ешуақытта өзгермейді, ешнәрсе оны өзіне бағындыра алмайды. Ал өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл жағынан шектелуді білмейді.
Ал «аты бар дао» ұсақ бөлшектерден («ци») тұрады. Ол бөлшектерде заттардың кескіні бар, сондықтан да олар «барлық заттардың анасы». «Аты бар даоның» негізгі қасиеттері: шексіз, таусылмайды, құдіретті, әрекетшіл. Бұл екі түрлі «дао» бірбірімен іштей тығыз байлаңысты, екіншісі біріншісінен туындайды, ал кейбір жағдайларда олар бірбіріне ауыса береді, осының арқасында әлемде түрлітүрлі ғажайыптар болып тұрады. Даосистер аты жоқ даоны биболмыс десе, аты бар даоны болмыс деп түсінген. Барлық заттардың түпнегізі би болмыс болғандыктан, олардың болмысқа сүйеніп, заттарға айналғанына қарамастан, олар (заттар) тұрақсыз болып келеді де, бір кезде қайтадан биболмысқа айналады, сөйтіп, тыныштық табады. Олай болса, болмысқа сүйеніп, пайда болған заттар, құбылыстар мәңгі емес, тек биболмыс қана мөңгі.
Әлемдегі денелерде аспан (ян — еркек) менжер (инь — әйел) бастамалары заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасында гармониялық бірлікте болады. «Дао» — болмыс заттарды дүниеге келтірсе, «дэ» оларды қоректендіреді. Бұл екеуінсіз («дао және» дэ») еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес.
Заттардың гармониясы дегеніміз — олардың өздерінде қарамақарсы жақтардың бірбіріне ауысып отыруы. Мысалы, адам туған кезде әлжуаз, әлсіз болса, елер алдында қатайып, қайраттанады, сол сияқты басқа денелер де әлсізденіп өмірге келсе, қатайып, кәріленіп бұл өмірден кетеді.
«Даоның» екі түріне байланысты танымның да екі түрі бар. Аты жоқ даоны кез келген адам біле бермейді, оны тек шынайы дана адам ғана біле алады. Себебі, ондай адам құмарлықтан алшақ болғандықтан заттардың күресінен — гармонияны, қозғалыстан — тыныштықты, болмыстан — биболмысты көре алады. Ал құмарлықтан арылмаған адам дайын заттарды ғана көреді. Танымның бұл екі түрі бірбірімен тығыз байланысты.
Шынайы дана билеуші даосистердің пікірінше, өзінің қол астындағыларға табиғи жолмеы («дао» жолымен) жүруіне мүмкіндік береді. Ондай билеуші ештеңеге араласпайды. Ондай билеушінің бар екенін халық естігені болмаса, онымен тікелей байланыспай әрқайсысы өз жолдарымен жүреді, сондықтан да даосистер дао жолымен жүргеңдерді заң арқылы шектеуге қарсы болады. Осы тұрғыдан олар конфуцийшыларға да, легиетерге де қарсы бодды.
Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашкы кездегі көптеген идеяларынан айрылып қалды.
Пайдаланылған әдебиет:
- Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли. Философия тарихы. А., 1999. — 288 б.
- Бердяев Н.А. Өзін-өзі тану. М., 1991.
- Современная философия. Словарь и хрестоматия. Ростов на Дону. М.: Феникс, 1995.
- Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. А., 2005.