АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Ежелгі Қытай философиясы

Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Ежелгі Қытай философиясы

 

 

 

 

Орындаған: Басымбеков Н.С.

208 топ  ЖМ

Тексерген:                            

 

 

 

 

Астана 2010 ж.

Жоспар:

  1. Кіріспе;
  2. Қытай философиясының тарихы;
  3. Мектептер;
  4. Конфуций ілімі;
  5. Даосизм;
  6. Легизм;
  7. Қорытынды;
  8. Қолданылған әдебиеттер.

 

 

Кіріспе:     

     Қазіргі тәуелсіздік алған шағымызда білікті маман, білімді азамат дайындау заман талабы. Қоғам дамуы мен мәдениеттің кең қанат жайып, өркендеуі кез — келген жас жеткіншектердің үлесінде екені даусыз. Сондықтан, философия пәнін оқып — үйрену аса қажет-ақ. Себебі, философия ілімі адам баласының сан ғасырлар бойына жинаған өзіндік санасының ең жоғарғы формасы, ақиқат деп саналған ой-тұжырымдар жүйесі. Қоғамда болып жатқан  өзгерістер мен құбылыстардың ішкі мәні мен маңызын түсіндіру және түсіну барысында философиялық ойлау жүйесініңкөмегі зор. Соған орай оқу құралының жоғары оқу орындарындағы студенттер мен  философия ғылымын  өздігінше оқып — үйренушілер үшін бұл оқу құралының көрсетер қызметі ерекше.

     Аристотель өзінің «Поэтикасында» кез — келген пәнді зерттеу барысында  тек философтар ғана емес, сонымен қатар өзге де қарапайым адамдар ойлау қабілеті төмендеу болса да рақатқа ие болады деп жазған болатын.

     Әрине, философтарды, тіпті философияға құштар жандардың өзін де, сөзін де түсіну қиын. Олардың философия ілімі жағынан қолданатын кейбір сөздері философиядан хабары жоқ адамдар үшін күңгір көрінуі ғажап емес. Өйткені, даналық қуушылардың сан ғасырлар бойына өзіндік арнайы сөздігі қалыптасқан еді. Әрине, бұл сөздікті аталған ілімнің өкілдері ғана қолданары анық, ал егерде қолыңызға философия оқулығы не болмаса философиялық  сөздік кез бола қалған жағдайда «бас қатыруыңызға» тура келеді. Оның себебі де бар: Сократ немесе Платон секілді ұлы ғұламалардың дүниетанымы баланың ойыны емес екендігі бесенеден белгілі. Сондықтан да философия ілімі көз жүгіртіп, көңіл тоқтата зерттеуді  қажет ететіні анық.  

     Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырларда — ақ адамдар әлем, қоршаған ортасы, өмірі туралы ойлана бастағаннан бастап  әлем, адамзат баласы қалай  пайда болды, себебі не, мәні неде деген сауалдар көкейлерін тесе бастағандай болды. Әрине, бұл тәрізді сұрақтар біздің де санамызда орын алғанын терістей алмаспыз. Міне, осы іспеттес сауалдарға  әрбір ойшыл өзіндік ой — тұжырымын ортаға салып, ой бөліскендігі баршамызға аян. Әркімнің өз ақиқаты бар демекші, данагөй тұлғалар өздерінің тұжырымдарын, қорытқан ой-пікірлерін қорғап қалу жолында қолдағы барынан аянып қалмады. Философияның тасы өрге домалаған кезден бастап,  өзінің даму жолында жинаған тұжырымдары мен күні бүгінге дейін қалыптасқан көзқарастарына көз жүгіртер болсаңыз, уызға тойған төлдей  бөгіп қалатыныңызға күмән жоқ. Сондықтан, оқу құралының оқырман қауымға  айтары мен берер көмегі зор.

 

 

 

 

Қытай философиясының тарихы

Қытай философиясы б.д.д. 6 — 3 ғ.ғ. мифология кейпінде пайда болды. Мифтердің өзінде кейін философиялық ұғымдарға айналған түсініктер қалыптаса бастады. Атап айтар болсақ, «Дао» туралы, яғни космостық заңдылықтар турасында немесе барлық әлемнің жүріп өту жолы жөніндегі көзқарастар, барлық тіршіліктің бастауы болған бес стихия (от, жер, су, металл, ағаш) және бір — біріне қарама — қарсы екі күш – Инь мен Ян туралы философиялық пікірлер дүниеге келді.

     Қытай философиясының пайда болуымен дамуына қытайдағы көне классикалық кітаптар айтарлықтай әсер етті:

  1. «Өзгерістер кітабы» («И цзин» — балгерлік кітап);
  2. «Өлеңдер кітабы» («Ши цзин» — көне поэзиялар);
  3. «Тарих кітабы» («Шу цзин» — тарихи оқиғалардың, құнды құжаттардың жазбасы);
  4. «Рәсімдер кітабы» («Ли цзи — саяси және діни мереке, рәсімдер кітабы»);
  5. «Әуендер кітабы» («Юэ цзин — бұл кітапте саталмаған»);
  6. «Көктем және күз» («Чунь цу — этикалық және әдеби сұрақтарды шешудің үлгілері, Лу патшалығының хроникасы»).

     Ежелгі Қытайдағы ұлттық философиялық  ілімдер қатарына-даосизм, Конфуцийшілдік және легизм ілімдерін жатқызуға болады.

     Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:

         Философияның мифологиямен, өнермен, дінмен, ғылыммен қатынасы. Миф пен дін дүниетанымның тарихи типі. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны. Философия және ғылым. Философия функциялары. Софистика, эклектика, метафизика. Диалектика және оның альтернативтері. Философия тарихы. ”Тарихтың соңы” мәселесі. Философия компаративистикасы: ”Шығыс-Батыс” мәселесі және мәдениеттер сұхбаты. Шығыстық дүниетанымның батыстан айырмашылығы. Философия тарихының кезеңдену критерийлері.

 

Мектептер:

         Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:

  1. Инь және Ян мектебі.
  2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.
  3. Моистер мектебі.
  4. Атаулар мектебі.
  5. Заңгерлер мектебі.
  6. Күш пен жол мектебі (дао цзя).

      Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б.ж.с.д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.

      Инь және Ян — әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі — диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам — бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.

      Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп  қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып   кетуге   мәжбүр   болды.   Бірақ  та   басқа   Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» — біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.

      Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған.

      Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.

      Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол — алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

      Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн жэне Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырьш отырған.

      Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады.

      Сюнь-цзы Конфуций іліміне материалистік нышан енгізген. Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь жэне ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары арқылы өмір сүреді, көк тәңірі — әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса адамдардың мақсат-мүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр.

      Тек тәрбиелеу жұмысы арқылы адамгершілікке баулып, адамның ежелгі табиғатын өзгертуге болады. Өмір бойы өзін-өзі жетілдіруте құлшыну — адамдық парыз. Қытай қоғамдық өмірінде Сюнь-цзы философиясы да көрнекті орын алған. Әсіресе, оның мемлекеттік басқару ісін жетілдіру жөніндегі тұжырымдары күні бүгінге дейін өз манызын жоймақ емес, өйткені, бұл мәселеде бірінші кезекте халықтың мақсат-мүддесін ойлау керек, мемлекеттік іс-шараларды мейірбандықпен жүзеге асыру керек деген қағидалар шынымен де қандай болмасын ілімнің құнын арттыратыны сөзсіз.

Конфуцийдің ілімі Қытай қоғамы үшін талай ғасырлар бойы ресми ой-саналық қызмет атқарып келді. Тіпті, XX ғасырдың екінші жартысында «Қызыл террор» арқылы қартайған әріптестерін саяси сауатсыз хунвэйбиндер мен цзаофандардың қолынан қырғын таптыру саясатын жүргізген Мао Цзэ-дун «Сяо» қағидасын өрескел бұзғандығын түсініп, Конфуцийге қарсы, оның «қателері» жөнінде саяси науқан ұйымдастырды емес пе? Арасын жиырма алты ғасыр бөліп тұрған бірі өлі, бірі тірі адамның арасында идеологиялық майданның ашылғандығы да Конфуций ілімінің өміршеңдігін көрсетпей ме?

      Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу — бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.

      Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды. (Мұндай мәселе Еуропалық философияда, яғни ортағасырлық схоластикада ондаған ғасырдан кейін ғана қарастырылған — автор).

      Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу төркінін, олардың мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті.

      Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың даму тәртібін белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды, керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі арқылы жүзеге асырылады.

      Қоғамдағы тәртіп дегеніміз кемшіліктерді сырттай мойындау. Мұның орнына билеуші мен қоғамның арақатынасын қайтадан реттеу керек. Билеуші заң (фа) немесе өкім (мин) шығарады, алайда олар қоғамның терең қатпарларына жетпейді (увэй). Себебі олар тек марапаттау мен жазалау жүйелеріне байланысты ғана шығарылған.

      Егер заң (фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда адамдардың да іс-әрекеті заман талабына сай өзгеріп отыруы тиіс. Өйткені, билеушінің орны көк тәңірінің қолдауымен белгіленген…

      Заңгерлер мектебінің негізгі фәлсафалық тұжырымы «жаңа заманға ескі киім кигізуте болмайды» дегенге келіп саяды. Жаңа заман талаптарына сай жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихи шындық үшін басқарудың соны тәсілдері қажет. Конфуцийлік ілімнің нұсқауына ерік ескі тәртіпке қарайлай берудің пайдасы жоқ. Алайда, осы пікірдің авторы Хань Фэй, Цинь императоры Шихуанның оны қатты мойындап, қалған басқа мектептерге тиым салғанына қарамастан, өз атымен байланысты қалыптасқан қатыгез басқару тәсілінің салдарына шыдамай өзіне-өзі қол салған дейді, көне деректер.

      Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз.

      Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздері бұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар — дао, дэ, у-вэй. Дао — әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол даоға кереғар қағида. Дао — өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» — заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды.

      Әрине, заманындағы ғылыми танымның даму дәрежесінің төмендігіне байланысты даосизм анайы материалистік сипатта болды. Бұл ілімде алғашқы диалектикалық ой-пікірлер бой көрсеткенімен дәуір ауқымынан шығандап шыға алмады. Біздің эрамызға жақын дәуірде ежелгі Қытай жерінде қоғамдық даму тоқырауға ұшыраған еді. Үстем таптардың өзара қырқысқандары, бірнеше мемлекетке бөлінген Қытайдағы орын алған патшааралық соғыстар еңбекші халықты әбден күйзелткен болатын. Осындай жағдайларда Лао-цзы ілімі діни-мистикалық сарынға бой ұрып, бірнеше тармақтарға бөлініп кетті. Алайда, Лао-цзыдын өз басын қатты қадыр тұтқандықтан, қытайлықтар әлі күнге дейін оның аруағын сыйлап, бас иеді, жерленген зиратына мінажат етеді.

 

Конфуций ілімі:

         Конфуцийшілдік-бұл философиялық  ілімнің пайда болуы, қалыптасуы   мен дамуы-осы ағымның негізгі салушы Кун – фу — цзыға тікелей байланысты. Кун — фу — цзы (б.д.д.551 — 479ж.ж.) кедейленген ақсүйектер әскербасының отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құмарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Негізгі философиялық  еңбегі «Лунь юй» («әнгімелер мен пікірлер») деп аталады.

     Конфуций дүниетанымы философиялық — этикалық мәселелерге негізделген. Орталық  мәселесі  Конфуций тұжырымдаған «Мәрт ер». «Мәрт ер» болу  үшін адам бай болуы шарт емес, ол үшін адамның тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары сапалы мінез — құлқы болуы керек.

     «Мәрт адамның» негізгі сипаттары деп мына қағидаларды көрсетеді:

     «Жэнь» (адамгершілік) — адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау: «Өзіңе тілемегенді өзгелерге жасама».

     «Сяо» (кішінің  құрметі) — үлкен және кішінің арасындағы қарым-қатынас: ата-анаға және үлкенге құрмет.

     Конфуцийдің ойынша, халықты қорқытып, зорлықпен бағындыруға болмайды. Мемлектті басқару  ісін жақсы меңгеріп, қарапайым адамдардың  қиын мәселелерін түсіне білетін басқарушыны халық  өздері — ақ құрметтеп, бағынатын болады дейді. Халықта басқарушыға қоғамды қалай басқару керектігі жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп отыру керек.

     Конфуций басқару ісіне байланысты Ли қағидасын қолданды. Ли (этикет) —  сүйіспеншілік және рәсімдік әрекет. Сол уақытта «Ли» сөзі ата-бабалардың әруағына құрмет дегенді білдіретін. Ата — бабалар әруағы өте маңызды болды: әркім өздерінің ата — бабаларының әруағына құрбандық шалып, құрмет көрсету керек болатын. Ал, Конфуций осы рәсімді  өзгертуге емес, қолдануға тырысты. Оның ойынша, әркім өзінің ата — бабаларын қалай құрметтесе,  қасындағы адамдарды да солай құрметтеу керек.

     Конфуций өмірден өткеннен кейін оның ілімін әркім өзінше түсінді. Көрнекті шәкірттері Мэнь — цзы мен Сюнь — цзы.

         Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы – Конфуций. Оны Кун-цзы, Құнфу-цзы, Цзоу деп атайды. Ол қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйф қаласында туып, сонда қайтыс болған. Халық арасында ұстаз Кун деген есіммен кеңге танылған. Ол – Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері. Өмірге келген ортасы – кедейленген ақсүйектер отбасы. Осы данагөй негізін қалаған ілім (Конфуций идеясы) кейін жапон қоғамының ұлттық жалпы психологиялық, мінез-құлықтық және иде-ологиялық қондырғысыбо-лыпқалыптасты.

         Конфуций ілімін уағыздау-шы Хаттари Унакитидің пайымдауынша: «Конфуций – шы- ғыс данышпаны. Деген- мен, қазіргі күні ол бүкіл әлем танитын философ- қа айналды. Оның ілімі – өмірді танытатын оқу-лық, таптырмас тәжіри-бе мектебі». Ұстаз Кун осындай атақ-даңққа қалай жетті, балалық шағы қалай өтті, одан кейінгі өмір жолы қалай болды? Оған жауап іздеп, көптеген басылымдармен танысқанымызда біл- геніміз: жас шағында тө-менгі буындағы шенеунік қызметін атқарып, 22 жасында бала оқыта бастаған. Сөйтіп, Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнын ашып, ұстаз ретінде үлкен абыройға бөленген. Конфуцийдің мектебінде оқытылған төрт пән – ақлақ (адамгершілік), тіл, саясат, әдебиет.
Қызыл көзді қызғаныш, көреалмаушылық – барлық халықта бар қасірет қой. Елу жасқа жетіп, Лу патшалығында жоғары дәрежелі мемлекет қызметшісі болып жұмыс істеп жүрген Конфуций қас-көйлік интригалар салдарынан қызметінен кетіп, он үш жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралауға кірісті. Алайда сол кездері билік құрып тұрған синто, буддизм діндері Конфуций идеясына қарсы шықты. Өз идеясын еш жерде орнықтыра алмаған ұстаз Кун 484 жылы еліне қайтып келуге мәжбүр болды. Конфуцийдің ең басты 72 шә- кірті болса, солардың 12-сі қандай жағдайда да қасы-нан шықпай, даналық ойларымен сусындаған көрінеді. Ол елге оралғаннан кейін де ұстаздықпен айналысып, көне даналық кітаптарын жинап, өңдеп, мазмұнын байытыпты. Әрі оларды таратыпты. «Қолда барда алтынның қаді- рі жоқ», — деген ғой. Қайтыс болып, тұрған үйі ғибадат-ханаға айналып, рухына тағ- зым етушілер зиярат жасайтын орын болысымен-ақ  оның есімі, идеясы басшылық-қа алатын ақыл-кеңес бола бастайды. Және де б.з.б. 136 жылы Конфуций ілімі мемлекеттік идеология болған кез- де ол «Он мың ұрпақтың ұс- тазы», — деп жарияланып, 1503 жылы мемлекет оны қасиеттілер, әулиелер қата-рына қосады, 1911 жылы болған ұлттық-буржуазиялық революциядан кейін ол ресми түрде ардақталады. Ілімдегі теориялар Конфуций ілімінде қоғам – «қайырымды мырзалар» мен «қауқарсыз адамдар» бо- лып екіге бөлінеді, кішілер- дің үлкендерге құрметі – тә-рбиенің ең басты іргетасы, басқару — түзету деген сөз. Конфуции ілімі бойынша қо-ғамдағы алғашқы топта бес қасиет болуға тиіс. Олар: адамгершілік (жэнь), парызды өтеу (и), әдептілік пен сыпайылық (ли), зейінділік пен білімділік (чжи), берілгендік (синь). Данышпанның атақты теориясының бірі – мемлекетті «адамгершілікпен басқару». Осы орайда ол: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке-әке, ал ұл-ұл болу керек», деген. Және де ол «Билікке қалай жетуге болады?», — деген сұраққа: «Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткізу», — деп жауап қайтарған.  Ежелгі Қытайдың бес клас-сикалық шығармасын «Шуцзин (тарих кітабы), «Шицзин» (әндер мен гимндер кітабы), «Лицзин» (рәсімдер туралы жазбалар), «Юэцзин» (музыка туралы кітап), «Ицзин» (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеп, оларға түсіндірмелер берген де Кон-фуций. Зерттеушілердің пайымдауынша, «Көктем мен Күз-дің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына» түсіндірмелері оның жеке басына тиесілі. Ең бастысы, «Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни, адамды ға-ламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен ай-қындалады. Конфуцийдің ой- пікірінің негізгі мазмұны та-биғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз ету- дің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор 5 ізгілікті ұғындыруға арналған. … Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұл-дың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы, үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын «сяо»тұжырымдамасы да осы қатарда. Ол «текті ерлерді» (цзюнь цзы) шешімді түрде «ұсақ пенделерге» (сяо жэнь) қарсы қойып отырған». Ең ғажабы, Конфуций ілімі (трактаттар мен канондар) – жасырын дәстүр, белді әулеттердің «меншігі» болды да. Ол атадан балаға мирас болып қалдырылып келді. Әулет ақсақалы оны үлкен ұлына аманат ретінде тапсырып кететін болған. Сон- да Конфуций ілімі Жапония- ға қалай тараған? Қытай философтарының еңбектері жапон тіліне қалай аударылды, солай Конфуций ілімі бұл елге де тараған (ХVI-XVII ғасырлар). Жапондарда отбасы – мемлекеттің бір бөлшегі, қоғамдық ұя болып саналатындықтан, отбасы отағасын («үкімет басы» деп бағаланады) балаларының сыйлап, құрметтеуі бірінші орынға қойылатындықтан Конфуций ілімі кең қолдау тапқаны мәлім. Иә, Жапонияда перзенттік құрметтеу (сяо) өте жоғары. Мұнда ба-ла тәрбиесінде, перзенттік парыз бойынша, балалар ата-анасын құрметтеп қана қоймай, оларды сүюге тиіс, бұл қағиданы орындамау – үлкен абыройсыздық, өлімге пара-пар. 

Даосизм:

         Даосизм — әлемнің құрылуы мен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім. Негізін салушы Лао цзы (бд.д.6 — 5ғғ.).

     Негізгі еңбегі «Дао дэ цзин».

     Даосизмнің негізгі ұғымдары «Дао» және «Дэ».

     «Дао»- өзінің даму сатысында адамның,табиғаттың, әлемдік заңдылықтың жүріп өтуі керек деп саналатын жол.

     Екінші мағынасы бойынша «дао» — бүкіл ілемнің жаратылуына себепкер алғашқы бастама, энергетикалық бос кеңістік.

     «Дэ»-бәрінен жоғары, алғашқы бастама – «Даоның» бүкіл әлемге айналуына себепкер болған энергия.

     Дао-аспанның, аспан – жердің, жер- адамның бастамасы. «Адам жер заңдылығымен жүреді». Дао ілімі бойынша болмастың бастамасы Ци деп есептелінген. Ци ұғымынан келіп, екі қарама — қарсы күш пайда болды. Олар Инь мен Ян. Осы екі күштің бірігуінен кейін, бес элемент құрастырылады; от, жер, металл, су, ағаш. Барлық тіршілік, әлем осы элементтерден пайда болған.

     Әлемде аспан мен жер бастамалары заттардың өмір сүру заңы арқасында үйлесімді бірлікте болады. Даолық ілімге сүйенсек, дүниедегі барлық заттарды  «Инь» мен «Ян» қағидасына байланысты екіге бөлуге болады. «Инь» — әйелдік бастама, оған жер, су және қыс мезгілі жатады. «Ян» — еркектік бастама, оның атрибуты аспан, от және жаз мезгілі. Бір — біріне қарама — қарсы әрі бірін — бірі толықтырып отыратын осы элементердің өзара әрекетін, байланысын есепке ала отырып, даолықтар өздерінің өмірін болып жатқан құбылыстармен, табиғатпен үйлесімдікте ұстауға шақырады.

      «Инь» мен «Ян» — бірін — бірі толықтырып   отыратын Даолық қағида.«Инь» — әйелдік бастама   «Ян» — еркектік бастама.  
 

     Дао ілімі бойынша өмір сүргініз келсе, «У — вей» қағидасын ұстаныңыз. «У —  вей» — заттар мен болып жатқан құбыластарды өз мәнінде қабылдау, салқынқандылық таныту. Білім – барлық адамға беріле беретін құбылыс емес, ол тек ерекше данышпан адамдарға ғана тән. Дао ілімі бойынша білімділіктің көрінісі — үндемеуде. «Үндемеген адам  – білімді, сөйлеген адам — білімсіз».

Легизм

         Легизм  (Фа цзя – заңгерлер мектебі) негізін салған Шан Ян (б.д.д. 390-338 ж.ж.), өкілі Хань Фэй (б.д.д. 288 — 233 ж.ж.). Легистердің мектебі қоғамды басқару мәселесіне байланысты қалыптасты. Қоғамды басқару үшін заңдар ойлап тауып, мемлекетті заңға сүйеніп басқару керек дейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:

  1. Мақтаудан гөрі жазалау көп болу керек;
  2. Аямай жазлау арқылы халық арасында үрей тудыру керек;
  3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмысқа бармайтын болады;
  4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек;

     Осы қағиладарды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды. Керек болса, мемлекет үшін өлімге де барады.

 

 

 

 

Қорытынды:

         Мен өз рефератымды қорытылай келе Қытай философиясы б.д.д. 6 — 3 ғ.ғ. мифология кейпінде пайда болды. Мифтердің өзінде кейін философиялық ұғымдарға айналған түсініктер қалыптаса бастады. Атап айтар болсақ, «Дао» туралы, яғни космостық заңдылықтар турасында немесе барлық әлемнің жүріп өту жолы жөніндегі көзқарастар, барлық тіршіліктің бастауы болған бес стихия (от, жер, су, металл, ағаш) және бір — біріне қарама — қарсы екі күш – Инь мен Ян туралы философиялық пікірлер дүниеге келді.      Ол діннен гөрі дәстүр аясында дамығанымен, кейін екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Сонан соң қалыптасқан мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), т.б. Конфуций қайтыс болғаннан кейін оның түсініктерін шәкірттерінің да-мытқаны белгілі. Олар Конфуций ілімін Қытай философиясына ұсынды. Алайда Мо-цзы (б.з.б.5 ғ.) Конфуций ілімінің негіздерін, соның ішінде әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға алды. Чжанцзы да ұстаз Кунның моральдық ережелеріне қар-сы шықты. Дегенмен, буддизмді уағыздаушылардың өз тұжырымдарының дұрыс-тығын дәлелдеу үшін Лао-цзы Конфуций, Чжау-цзы- ға жүгінгені ғылыми ең-бектерден бізге таныс. 17-18 ғасырлар филосо- фиясы Конфуций мен Мэн-цзының «киелі кітаптарына» түсіндірмелер жазып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуань-шань идеялары төңірегінде дамыды, 19 ғасырда Қытайда әлеу-меттік реформа мен ағар- тушылықтың саяси идея-логиясы өмірге келіп, Қы-тай Халық Республикасы құ- рылысымен Қытай философиясында марксизм ілімі, диалектикалық және тарихи материализм бірден-бір теориялық негіз ретінде таралды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Интернет: google.kz
  2. Ғарифолла Есім «философия»
  3.                                              
  4. Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.
  5.