АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Алакөл ауданы

 

Мазмұны

 

  1. Алакөл ауданы
  2. Географиялық орны
  3. Халқы
  4. Тарихы
  5. Инфрақұрылымы
  6. Алакөл көлі
  7. Үшарал қаласы
  8. Тарихы
  9. Халқы
  10. Экономикасы
  11. Дереккөздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алакөл ауданы

Алакөл ауданы — Алматы облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 ж. құрылған.

Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көлҚазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.

Алакөл аудандық әкімшілігі

 

Сонымен қатар аумағы 20 мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді.

Орта ғасырларда «Гургенор«, кейін «Алактогол«, «Алатеңіз«, «Алакта» деп те аталған. Алакөл — Жетісудың Балқаштанкейінгі үлкен көлі. Ол Алакөл ауданының солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Көл ағынсыз, солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 247,3 м абсолюттік биіктікте орналасқан. Көлдің аралдарымен қоса есептегендегі аумағы 2696 км2, ұзындығы 104 км, ең шығыңқы ені 52 км, жағалауларының ұзындығы 384 км, орташа тереңдігі 22,1 м, ең терең жері 54 м, көлдің су көлемі 58-60 км3. Су жиналатын алабы 47859 км2. Алакөлдің ең ірі шығанағы — Алакөл шығанағы. Ол көлдің оңтүстік-шығысындағы тау аралық ойыста орналасқан.

Қазақстан – Алматы облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Жағатал ауылдық әкімшілік округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы – Үшарал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Ақтоғай-Достық темір жолы бойында,Алакөл көлінің аңғарындағы жусан, изен, көкпек басым өскен бозғылт қоңыр, сортаңды қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан.

Халқы

Тұрғыны 2,3 мың адам (2002).

Тарихы

19641997 жылдары мал шаруашылығымен айналысатын Сарықұм кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде ауылда және округке қарасты Бесағаш ауылында ЖШС-лер және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Орта, бастауыш мектептер, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Жалпы мәліметтер

Жерінің аумағы 36,8 мың км2. Тұрғыны 79,6 мың адам (2002). Аудан орталығы — Үшарал қаласы Аудан қалалық, 1 кенттік және 22 ауылдық әкімшілік округке бөлінген. Алакөл ауданы БалқашАлакөл ойысы мен Жетісу (Жоңғар) Алатауы аралығында жатыр. Ол шығысында Қытаймен, оңтүстігі мен бақан. Жетісу (Жоңғар) Алатауынан бастау алатын ЛепсіТентекШынжылыКөксуат өзенідері аудан аумағын кесіп өтіп, солтүстіктегі АлакөлСасықкөл көліне құяды.[2] Аягөз аудандарымен шектеседі. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Шыбынды, Қайқаң, Жабық,Күнгей Тастау, т.б. жоталары алып жатыр. Ауданның қалған бөлігі салыстырмалы түрде жазық келеді. Бұл жерлерде аласа таулар (АрғанатыАрқарлы, т.б.) мен құмды алқаптар (Қарақұс, Сарықұм, Тасқарақұм) алып жатыр. Солтұстігінде Алакөл топ көлдері (Алакөл, Ұялы, СасықкөлЖалаңашкөл) орналасқан. Жетісу Алатауынан бастау алатын ЛепсіТентекШынжылыКөксуат өзендері аудан аумағын кесіп өтіп, солтүстіктегі Алакөл, Сасықкөл көлдеріне құяды. Алакөл ауданының климаты тым континенттік, қысы суық. Қаңтардың орташа темп-расы –12 – 16°С, шілдеде 18 – 23°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150 – 260 мм, тау бөктерлері мен аңғарларында 350 – 550 мм. Жерінің басым көпшілігін шөлейт белдемнің сұр топырағы, ал тау бөктері мен аңғарларында қара қоңыр, бозғылт қоңыр топырақ құрайды. Құмды алқаптарда сор, сортаң топырақ түрлері кездеседі. Даласында жусанебелекбаялыш,күйреуік, изен, қияқ, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Биік тау беткейлері мен аңғарларын шыршалықарағайлы орманқамтыған. Жануарлардан қасқыртүлкіқоңыр аюқабанборсықтаутекеарқармарал; құстардан үйрекқазаққу, реликті шағалақырғауыл мекендейді; суларындасазаналабұғамаринка, ақ амур, көксерке кездеседі. Алакөл ауданына аумағы 12,5 мың га жерді алып жатқан Алакөл мемлекеттік сулы-сазды қорығы, жалпы аумағы 27 мың га болатын Тоқты және алма ағаштарынан тұратын ауданы 32 мың га Лепсі қорықшалары кіреді. Кен байлықтарынан Андреев және Ілдерсай бентонитті кендері бар. Алакөл ауданында суғармалы және тәлімі егін шаруашылығы дамыған. Онда негізінен астық тұқымдастар, техникалық дақылдар (қызылша) және картоп өсіріледі. Алакөл ауданына пайдаланылатын жерінің аумағы 165,5 мың га, оның ішінде жыртылған жері 76,7 мың га, шабындығы 87,3 мың га, жайылымы 1,46 мың га. Аудан жерінен Ақтоғай – Достық темір жолы және Алматы – Өскемен автомобиль жолдары өтеді. Үшаралдан облыс орталығы — Алматы қаласына дейінгі қашықтық 570 км.

 

 

 

Алакөл (көл)

 

 

 

 

Алакөлге 15-тен аса өзен құяды 

Олардың негізгілері:

Алакөл жағалауы, негізінен төрттік дәуірдің түрлі тау жыныстарынан (саз балшыққұмды топыраққиыршық тасұсақ құм) тұрады. Көл суының қатуы әрқалай. Тайыз бөлігі қараша айының аяғында, орта тұсы ақпанның басында тегіс қатады. Мұзқұрсау 2 айға дейін созылады. Алакөл суында фтор мен бром көп. Көл жағасында қамысқияққоғашалаңсу қарақұмығыжебежапыақмүйізжапырақ, тағы басқа өседі.

 

Көлден ауланатын балықтар:

Көл маңы құсқа (жылқышыаққушағалакөкқұтан, тағы басқа) бай. Сондай-ақ бұл көлді әлемде сирек кездесетін, «Қызыл кітапқа» енгізілген реликті шағала мекендейді. Аңдардан: ондатрақамыс мысығыжабайы шошқақамыс түлкісісу тышқандары бар.[1]

Толығырақ

Алакөл — Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл жазығында орналасқан ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге — Нұр (моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»), АлақтакөлАлатеңіз,Алақта. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде негізгілері — Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты. Алакөл — өте келбетті, табиғи рельефі сұлу қазаншұқырға жатады. Оған батыс жағалауындағы Тоқта тауы, шығысындағы Барлық жотасы, түстік шығысындағы Жоңғар Алатауы, сол жағындағы мұнартқанТарбағатай жотасы, сондай-ақ, жергілікті жұрт «Арал төбе» атайтын ортасындағы аралдар айрықша әр береді.

Жалпы, Алакөл — емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы меицинада дәлелденген. Бір замандарда Жібек жолының керуендері де көл жағасын басып өткендіктен, оның суы мен ауасы ұзақ жолдан науқас меңдеген адамдардың денсаулығын құр аттай қылып, емдеп жіберетіндігі ерте кезден байқалған. Кеңес кезінде Алакөлде Ғарышкерлер үйі жұмыс істеді. Онда тек кеңестік ғарышкерлер ғана емес, басқа капиталистік алпауыт елдердің де көктен оралған ұшқыштары бойындағы радиациядан осы көлде демалу арқылы арылатын. Көл жағасы құстар мен өсімдік дүниесіне бай. Алакөл фитопланктоны құрамында балдырдың 58 түрі, зоопланктонның 80 түрі бар. Балыққа бай (алабұға, шармай, көксерке, көкбас, сазан т.б.). Аққу, қаз, үйрек, балықшы, бірқазан т.б. құстар, қамыс арасында теңбіл мысық, өзен сағаларында ондатр кездеседі. Жағалауы – шабындық және жайылым. Алакөл – ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге — Нұр ( моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»), Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Жоңғар қақпасының аузында, Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларының арасында тербеліп жатқан Алакөл суының емдік қасиеті туралы көпшілік біле бермейді.

 

Көл  ағынсыз, ол солтүстік – батыста оңтүстік – шығысқа қарай созылып жатыр.

Алакөл теңіз деңгейінен 347,3 метр биікте жатыр. Көлдің көлемі аралдарымен қоса есептегенде 2696 шаршы километр, ұзындығы 104 км, ені 52 км, жағалауының ұзындығы 384 км, орташа терңдігі 22,1 м., көлдің су қоры 58,56 миллиард текше метр, судың жинау алабы 47859 шаршы километр. (сурет).

Алакөлдің түбінің рельефі әр түрлі, мұнда көптеген аралдар, шығанақтар кездеседі. Көлдің ең терең жері – 50 – 54 метр.

Көлдің лайының түріне қарай төмендегідей биотоптарға бөлуге болады: сұр биотопты лай, ол ең терең кездеседі, оның аумағы көл түбінің 54% құрайды. Қара лай биотобы (7 %) енсіз, бірақ ұзынан – ұзақ солтүстік, шығыс және оңтүстік жағалауларын қамтиды. Құмды биотоп (4 %) ішінара, әсіресе, аралдардың солтүстігінде және Сарытүбек мүйісінде кездеседі. Тасты құмайт биотоп – оңтүстік және батыс жағалауларын алып жатыр.

Алакөл жағалауының бір қалыпта болмауына толқыны, су деңгейінің оқтын – оқтын өзгеруі, өзендер, мұздықтардың жылжуы, фитогендік және эолды процестер әсер етеді. Мұнда көптеген түбек, мүйіс, құм қайраң, шығанақ, қойнау кездеседі. Ең ірі шығанақ Кіші Азия шығанғы, ол көлдің оңтүстік – шығысында жатыр. Алакөлдің оңтүстік – батыс және оңтүстік – шығыс жағалауларын су баспайды, ал қалған жағалауларын әр түрлі аумақта су басып кетеді.

Алакөл жағалаулары төрттік дәуірдегі әр түрлі топырақтан – балшық топырақтан, құмды топырақтан  және құмды тастардан, ал солтүстік – шығыс жағалауы күлді құмнан құралған. Топырақтың негізгі жыныстары  тек аралда ғана кездеседі. Көлдің жағалауын бірнеше ауданға бөлуге болады:

  • оңтүстік – батыс жағалау ауданы – образионды – аккумулятивті, ол Жоңғар Алатауынан шығатын өзеңдер ағызып әкелген ұсақ тау жыныстары ысырындыларынан пайда болған. Көл жағалауының негізі төрттік кезеңдегі тау жыныстарының шөгіндісі, ол балшықты топырақты. Жағалауы (2 метрден 8 метрге дейін) көлге тік түсетін сатылы, бұл тек Жаманты өзен атырауында ғана кездеспейді. Көлдің Көктұма поселкесі маңындағы жағалауы доға тәріздес, ылдилы мүйістерге бөлінген, одан әрі олар құм өңірге ұласады, Жағалау көл түбіне ұқарай бір қалыпты ылдиланады.;
  • оңтүстік жағалау ауданы – аккумулятивті, фитогенді. Бұл аудан оңтүстік аккумулятивті белестер мен лагуналар, Кіші Алакөл шығанағы болып екіге бөлінеді. Кіші Алакөл шығынағы көлдің оңтүстік – шығысындағы тау аралығындағы ойыста орналасқан. Шығанақтың бір бұрышы Жоңғар қақпасына тіреледі. Шығанақтың шығыс жағалауының топырағы балшықты, құмдауытты, Шығанақ жағалауы  төмен, сазды, балдыр өседі. Шығанақ қамыс басқан Жаманөткел өзеніне жалғасады;
  • шығыс жағалау ауданы – образионды – аккумулятивті. Көлдің бұл жағалауы ылдилана біткен жазықтық, топырағы балшықты, құмдауытты. Солтүстік жағалауы аккумулятивті қойнау, оңтүстігі – образионды, тегіс борпылдақ шөгін басқан.
  • солтүстік – шығыс жағалау ауданы – аккумулятивті, потомогенді. Бұл жағалау шығанақ пен қойнаулардан, аралдар мен түбектерден тұрады.
  • солтүстік жағалау ауданы – аккумулятивті, потомогенді. Бұл жағалаудың қалыптасуында Ұржар өзенінің әсері болды. Соңғы жүз жылда бұл жағалау солтүстікке қарай 20 км – дей шегінген, соның нәтижесінде ені 2,5 км, ұзындығы 12 км «құм» аралы пайда болған;
  • солтүстік – батыс жағалау ауданы – образионды – аккумулятивті. Алакөл мен Ұялы көлдерінің су айырығы. Жағалаудың бойы сәл сатылай биіктеген, ол сусымалы топырақтан тұрады.
  • батыс жағалау ауданы – аккумулятивті, эолды. Көлдің батыс жағалауы жазық. Алакөлде бірнеше аралдар бар. Алакөлге 15 – тен астам өзен құяды. Атап айтқанда, солтүстіктен және солтүстік – шығыстан құятын Ұржар, Хатынсу және Емел, оңтүстік – шығыстан құятын Жаманөткел, Ырғайты және Жаманты өзендері құяды.

Алакөлге келіп құятын өзендердің орташа ағыны

Құятын өзендер

м³/ сек

%

Ұржар (соның ішінде  Ұялы)

Емел

Хатынсу (Мақаншы)

Жаманты

Жаманөткел мойыны

25,9

14,2

4,6

4,6

2,6

50

27,4

8,8

8,8

5

Барлығы:

51,9

100

 

Жер және су бетіндегі орташа температура мамыр айында 4,9 градус, қараша айында 8,1 градус. Ал су бетіне түсетін ылғал жердегіден артығырақ. Судың ең жылы болатын көзі қыркүйек айының орта шені. Көлдің терең жеріндегі судың жылылығы 24 – 26 градус болса, таяз жерінде (солтүстігінде) ол 30 градусқа жетеді. Су температурасының тереңдікке байланысты айырмашылығы шілде – тамыз айларында 10 – 25 метр тереңдікте, ал қыркүйек айының аяғы мен қараша айының басында 30 метр тереңдіктен байқалады. Мамыр, маусым айларына дейін көлдің терең жерінде судың минералдануы жоғары болғандықтан су салқын болады.

Судың жылылық температурасының өзгеруі су бетінде 26 – 30 градус, 20 метр тереңдікте – 15 – 17 градус, ал 50 метр тереңдікте 7 – 9 градус. Судың көпжылдық орташа температурасы 4,5 градустан 15,3 градусқа дейін өзгеріп тұрады.

Көлдегі жел режимі өте құбылмалы және әр түрлі. Желдің су бетіндегі жылдамдығы жер бетіне қарағанда әлдеқайда жоғары. Желдің ең күшті жері көлдің солтүстік – батыс мен солтүстігінде. Мұнда жел секундынына 40 – 50 мерт, ал солтүстік – шығысы мен орталығында секундына 50 – 60 метр жылдамдықпен соғады. Жел күз бен қыс айларында жиі болады.

Алакөл жерінің ерекшелігіне байланысты оның толқындары әр түрлі сипатта болады. Шығыстан соққан желдің әсерінен толқын 2 – 2,5 метрге дейін көтеріледі. Бұл жағдай көбіне қазан – желтоқсан айларында болады. Кей жылдары ұйытқи соққан дауыл 4 – 5 тәулікке созылады, толқынның биіктігі 6 – 7 метрге жеткен кездері де болған.

Алакөлге тән жоғарыда аталған ерекшеліктер күрделі де ұзақ процестің нәтижесі. Ал көл суының қату процесі де әр түрлі сипатта жүреді. Көлдің оңтүстік – батыс жағының таяз жерінде қараша  айының аяғында көл беті қабыршықтанып қата бастайды, ал Көктұма поселкесінің тұсында бұл бір ай кішірек басталады. Көл ақпанның басында тегіс қатады. Мұз жалпы екі айға дейін басып жатады, ал кей жылдары бұл бір айға ғана созылады. Мұздың орташа қату ұзақтығы Көктұма поселкесінің тұсында 91 күн, көлдің солтүстік – батысында 120 күн және оңтүстік – батысында 60 күн. Мұздың қалыңдығы ақпан айында 55 см (ең қалың жері 80 см), ал мұз бетіндегі қардың қалыңдығы 5 – 10 см болады.  наурыз айының басынан бастап мұз жұқара бастайды. Наурыз айының аяғында Көктұманың тұсынан су беті мұз ашыла бастайды, ал солтүстік – батысында мұз 1 – 2 жеті кешірек кетеді. Мұздың еру мерзімі 30 – 40 күнге созылады.

Алакөлге бірнеше өзен құяды. Мұнда жер асты суының да елеулі орын бар.

Көлге қосылатын жауын – шашын су жылына 306 мм, жылы кезінде 169 мм – 55,2%, ал салқын уақытта – 137 мм – 44,8 % суы буға айналады. Су балансының циклдік өзгеруі, сондай – ақ су деңгейінің өзгеруі көл суның барлық компоненттерінің де өзгеріп отыруына әсер етеді.

Су деңгейінің өзгеруі екі түрлі жүреді. Мысалы: жылдық өзгеруін алайық. Бұған өзен суының қосылуы және көл суның буға айналуы әсер етеді. Наурыз айынан бастап су деңгейі көтеріледі де  мамыр – маусым айларында ең жоғары шегіне жетеді, ал су деңгейінің ең төмендеуі ақпан – қаңтар айларында байқалады. Сонда көл деңгейінің жылдық өзгеру мөлшері 40см – ден 121 см – ге  дейінгі аралықта болады. Көпжылдық өзгеруі ауа температурасының өзгеруіне, жауын – шашынның түсу мөлшеріне байланысты ауытқып отырады. Үстіміздегі ғасырда Алакөлде су деңгейінің ең жоғары көтерілуі 1908 және 1974жылдары, ал ең төмендеуі 1946 жылы болды. 1908 жылдан 1946 жылға дейін көл суының деңгейі 5,27 метрге дейін азайды, нәтижесінде көл көлемі 460 шаршы километрге дейін қайтып, оның суы 12 текше метрге кеміді. 1947 жылдан 1974 жылға дейін көл деңгейі 7,18 метрге дейін көтерілді, соның әсерінен оның көлемі 600 шаршы километрге өсіп, 17 текше километр су қосылды. 1975 жылдан бастап Алакөл суының деңгейі қайта төмендей бастады. Алакөлдің көпғасырлық өзгеру деңгейі 2,1 – 2,5 метр болды.

Алакөлдің минералдануы 1,2 – 11,6 г/кг арлығында. Минералдануы көлдің орта шеніне қарай арта түседі. Орташа минералдығы көл түбіндегі минералдылығынан жоғары. Жылдық орташа минералдылығынан жоғары. Жылдық орташа минералдануы 6,39 – 7,42 г/кг. Су деңгейінен көтерілген кезде суының минералдығы азаяды. Көлге, өзен т.б. сулармен келген тұздың мөлшері көпжылдық орташа есеппен  1335,1 мың тонна, оның ішінде 313 мың тонна көл түбінің лайына сіңеді, ал 1021,5 мың тоннасы көл суы құрамында жүреді. Көпжылдық орташа минералдануының төмен деңгейі жауын – шашынмен 71 г/м³, өзен суларымен 435 г/м³ және жер саты суымен 750 г/м³, тұз келеді. Судың орташа минералдылығы 7,1 г/кг болған жағдайда Алакөлге шамамен 415миллион тонна тұз қосылады екен. Көл суының химиялық құрамына сәйкес ол хлоритті – натрий, сульфатты – натрий немесе хлоритті – сульфатты – натрий түрлеріне өзгеріп отырады, ал РН – түрі 7,2 – ден 9,1 аралығында болады.Көл суының мөлдірлігі 0,6 метр, солтүстік – батыс жағындағы тайыз жерінде 6 метр тереңдікке дейін мөлдір. Көлдің биогендік заттар құрамы фосфордан, азоттан, темір мен кремнийден тұрады. Алакөлде фосфар ерітіндісі жыл ішініде 0,003 – 0,047 мг/л аралығында өзгеріп тұрады, ал қыс айында бұдан көбірек болады. Азоттың нитрат түрі жыл ішінде 1 мг/л – ден нольге дейін өзгереді, ал қыс айларында бұл біршама көбейеді. Кремний түрі 1,2 – 6,4 мг/л, ал темір 0,04 – 0,96 мг/л шамасында өзгереді. Оттегінің қосындысы 45 % – тен 118 % – ке дейін болады, ал су бетінің беткейінде көбірек кездеседі.

Көл суы сілтілі (20 – 30 мг – экв/л); суында фтор және бормнан басқа микроэлементтер түрі өте аз кездеседі.

Фитопланктонның 58 балдыр түрі құрайды. Зоопланктондардың 80 түрі бар, олардың ішінде өзен суы құятын жерде, шығанақтарда жамбасқұрттар өте жиі кездеседі.

Су өсімдіктері Алакөлдің солтүстік және солтүстік – шығысындағы таяз жерлерде, өзендердің көлге құятын жерлерінде және Кіші Алакөл шығанағында өседі. Олардың негізігісі қамыс, сондай – ақ шалғын шөптер, қоға, шалаң, қарақұмық, жебе жапырақтар, мүйіз жапырақ, т.б. кездеседі. Қамыс 14 мың гектар жерді алып жатыр.

Алакөлде сегіз түрлі балық бар. Бұлардан ауланатындары: сазан, көксерке, алабұға және шармай. Мұнда кәсіптік негізде жылына орта есеппен 2500 тонна балық ауланады.

Көлдің солтүстігінде және солтүстік – шығыс жағалауларында және өзеннің көлге құятын жерінде ондатр өседі. Алакөлдің көгілдір айдынын бірқазан, гагара, жылқышы, аққу, шағала, көкқұтан, тағы басқа да көптеген жабайы құстар мекендейді.

Қамыс арасынан түлкіні, қамыс мысығын, су тышқанын, т.б. жиі кездестіруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үшарал қаласы

 

 

Үшарал қаласының кіреберісі

 

 

Ел

Қазақстан

Статусы

аудан орталығы

Облысы

Алматы облысы

Ауданы

Алакөл ауданы

Координатасы

Координаттар46°10′11″ с. е. 80°56′22″ ш. б. (G) (O) (Я)46°10′11″ с. е.80°56′22″ ш. б. (G) (O) (Я)

Әкімі

Бағдат Әбілмәжинұлы Қарасаев

Құрылған уақыты

1871

Бұрынғы атауы

Стефанов

Қала статусы

1984

Ресми тілі

қазақ тілі

Тұрғыны

16 331[1] адам (2010)

Уақыт белдеуі

UTC+6

Телефон коды

+7 72833

Пошта индексі

040200

Автомобиль коды

02

Ресми сайты

http://alakol-akimat.kz
 (қаз.)  (орыс.)

 

 

 

 

 

Үшарал қаласындағы Д.А.Қонаев ескерткіші

Үшарал қаласындағы Қабанбай батыр ескерткіші

 

Үшарал қаласы 1984 жылы Алмат облысы Алакөл ауданының орталығы 1928 жыл облыс орталығы Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 281 км жерде, тентек өзенінің жағалауында орналасқан.Үшарал қаласының аймағы 96331 га құрайды. 4,8 км су жүйесу, 3 саябақ , 1 алаң, 1 стадион, 1 аудандық мәдениет үйі, 1 гарнизондық мәдениет үйі, 5 спорттық алаңы бар.

Облыс орталығы Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 281 км жерде, Тентек өзеннің жағалауында орналасқан.

Тұрғыны 16,3 мың адам (2010). Іргесі 1871 жылы қаланған.

Атауы

Қаланың батыс жақ тұсынан Тентек өзені үш тарамға бөлініп ағатын болғандықтан «Үшарал» атанған.

Экономикасы

20 ғасырдың 90-жылдарының ортасына дейін қалада қызмет атқарған ауыл шаруашылығы техника бірлестігі,баспахана, нан, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, орман шаруашылығы, көлік, құрылыс кәсіпорындары, мал дәрігерлік стансасы, т.б. мекемелер мен кәсіпорындар нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендірілді. Олардың негізінде АҚ, ЖШС мен шаруа қожалықтары құрылды.

Әлеуметтік салада аудандық аурухана, емхана, тубдиспансер, санэпидстанса, дәріханалар, 5 орта мектепгимназия,музыка, спорт мектептері, ауыл шаруашылық лицейі, 2 балабақша, мәдениет сарайы, халық театры, мешіт, т.б. мекемелер бар.

Қала арқылы республикалық маңызы бар Алматы — Талдықорған — Семей автомобиль жолы өтеді.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны
  2. Қазақ энциклопедиясы, 9 том
  3. Жетісу. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
  4. Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том