АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

 

 

 

Қоғамдық пәндер  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               Тексерген: Манапова С.

                                                                          Орындаған: Қосмағамбетов Ғ.

                                                     Мамандығы: 3901

                                                     Тобы: ХТО-03-1қ

 

 

 

Алматы 2005

 

ЖОСПАР

          Кіріспе………………………………………………………………………….3

  1. Саяси партиялардың пайда болуы,

     мәні және қызметтері ………………………………………………… 4

  1. Саяси партиялардың жіктелуі ……………………………………6
  2. Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуы …………..11
  3. Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар ……………..16

Қорытынды…………………………………………………………………20

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. «Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, болу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.

       Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, түрақтылыгы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, кұл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.

       Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің үйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау қүқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табынын. ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтьш көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардын рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні жәнс қызметтсрі

       Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзак тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясатганушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсеггі:

 1) аристократиялық үйірмелер;

 2) саяси клубтар;

 3) көпшілік партиялар.

       Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы — олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған үйымы болды. Мүның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістеуіне мүмкіндік туғызды.

       Ал копшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі -олар жүмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уакытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартгы. Өздерінің үгіт- насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет  т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды

       Дегенмен, көрсстілген үш кезеңді толығымен Үлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді.Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал казір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы кысқа. Олардын біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып калыптасты.

       Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 ж. Англияда либералдық партия құрылды. Сонымен қатар мүндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 ж. Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф. Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар баска континенттерде де құрыла бастады.

       Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:

       1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды,     дүниені ерекше көре біледі;

       2} партия — адамдарды жергілікті үйымнан бастап, халықаралық      дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін үйым;

       3) партиянын мақсаты — билікті қолға алып, жүзеге асыру {көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады);

       4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

       Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардьң саяси сауаттылығын арттырады, жүмысына үйымшылдык және максаттылық сипат берсді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағ-дарламалары мен жарғыларында айкындалады.

       Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттігінен шығады.

       Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:

     а)  қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;

     ә) олардың белсенділігін артгырып, жинақтау;

     б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

     в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элсментгерін, қүрылымдарын калыптастыруға қатысу және т. б.;

     г)  мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;

     д)  мемлекетгік билікті іске асыруға қатынасу;

     е)  қоғамдық пікірді қалыптастыру;

     ж) жалпы коғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;

     и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т.

       Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.

       Қазіргі демократиялық коғамдағы партияның маңызды міндеті — азаматгық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бурынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.

       Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жүмысшылар жа-

татын. Либералдық-демократиялық партияларды орта жіктегі қызметкерлер, интеллигенция, ұсақ кәсіпкерлер және т. б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партиялар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бір бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтьң әр түрлі топтарының даусын жинады. Демек, солардың мүддесін де көздейді.

   Сонымсн, партия деп мсмлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одагын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене катынасады.

 

 2.Саяси партиялардың жіктелуі

 

       Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.

       Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М. Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды үйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды). Кадрлық деп қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, ГФР-дің Христиандык-демократиялық одағы, Жапония либе-ралдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады. Бұқаралық, партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Партбилет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, мұндайларға АҚШ-тың республикалық және демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы т. т.

       60 жылдардьң аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясынан баска әмбебап партиялар (универсалдык немесе сайлаушылар партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі — партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда. Онда әлеуметтік, этникалық, діни және т. б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Аме-рика елдерінде тез етек алуда.

       Саяси жүйедегі рөлі мен іштей үйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады:

  1. Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатгалады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс партиясы, бүрынғы СОКП.
  2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т. т. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, үйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АКШ-тағы республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат «Мен демократиялык партияның мүшесімін» демейді, «Мен демократтар үшін дауыс беремін» дейді.
  3. Парламенттік, партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалитеттерде (жергілікті өзін-өзі басқару органы) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер-министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.
  4. Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға «Жасылдар» партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды қорғау партиялары, соғысқа, ядролық қаруға карсы қозғалыстар жатады.

       Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.

  1. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Олар К. Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы ролін мойындауы керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыста мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.
  2. Социал-демократиялық (немесе социалистік, лейбористік) партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік. Оған жататындар: Австрияның, Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, Үлыбританияның лейбористік партиясы және т. б.

       Қазіргі кезде адамзатты айнала қоршаған орта күннен-күнге нашарлап, азып-тозып бара жатқаны баршаға аян. Сондықтан Еуропада социал-демократтардың әлеуметтік және экологиялық жағынан жаңарған индустриялық мәдениеттілік орнатпақ та ойлары бар.

  1. Буржуазиялық-демократиялық партиялар. Олар XIX ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынандай принииптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға (партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Үлыбританияның социал-либералдық партиясы және т.б.
  2. Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін корғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның Христиандық-әлеуметтік одағы мен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Үлыбританияның консервативтік партиясы, т.т.
  3. Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда қатаң орталықтандырылуды, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және т.б. жа-ңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы сақтандырады.

       Партияларды басты идеологиялық бағытына қарай революциялық, реформистік, консервативтік, реакциялық деп те бөліп жүр. Революциялық партиялар қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысады. Реформистік партиялар қоғамда маңызды өзгерістер жасамақ, бірақ оның негізгі құрылысын сақтап қалмақ. Консервативтік партиялар қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипат, ерекшеліктерін тұрақты сақтап қалмақ. Реакциялық партиялар — қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға не дәуірлерге қайтып оралуды көксеушілер.

       Кандай саяси тәртіпті қолдауына байланысты партиялар демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі. Демократиялық партиялар басқа партияларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайды, пікір алалығын жақтайды. Идеологиялық факторға онша мән бермейді. Тоталитарлық партиялар, керісінше, саяси жүйенің басқа элементтерін өзіне бағындыруға тырысады. Әсіре идеологияланған, катаң тәртіпке негізделген бірпартиялық жүйе құруға тырысады. Авторитарлық партиялар, әдетге, дамып келе жатқан елдерде пайда болады және отаршылықка қарсы бағытталады. Олардың көбі ең алдымен өз елдерінің саяси және экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресі үшін күреседі. Өз әрекеттерінде көбінесе күшке сүйенеді.

       Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық (латынның «қарсы қою» деген сөзінен шыққан) болып бөлінеді. Билеуші партиялардың қолдарына мемлекеттік билік тигендіктен оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, олар басқа партиялардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ қалған партиялар өз мүдделерін басқа жолмен қорғайды. Олар бұл мақсатта өздерінің конституциялық құқығын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады. Белгілі бір қоғамдық пікір тудырып билеуші партияға сырттай ықпал жасайды. Мұндай саяси партияларды оппозициялық деп атайды. Олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қоғамның даму бағдарламасын жасанды, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарға өздерінің көзқарастарын білдіреді. Жалпы оларға қарсыластық қасиет тән келеді.

       Жұмыс істеу жағдайына, заңның рұқсат етуінс байланысты партияларды ресми, жартылай ресми, қүпия деп жіктейді. Егер қоғамдық-саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіліп, мемлекеттік тіркеуден өтсе, ол ресми партия болып саналады Ол жұмысын ашық жүргізеді. Бірақ формальды түрде рұқсат етілсе, оны толық танылды деуге болмайды. Біраз жағдайларда партияға сырттай мойындаған сыңай білдіріп, шын мәнінде жұмысына шек қойып, кедергілер жасалады. Мұндай партияларды жартылай ресми деуге болады. Ал егер партияға заң бойынша тыйым салынып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізсе, ол құпия партияға жатады. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етіп қояды. Егер құпия партияны халық шынымеи колдап, беделі зор болса, оны ресми мойындамағанымен жұмысын тоқтата алмайды. Оның айғақтығын кұпия жағдайда жүріп отаршылдыққа қарсы қажырлы күрес жүргізген көптеген ұлт-азаттық партиялардың даму жолынан байқауға болады.

       Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жіктеудің де мәні зор. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Ел ішіндс қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне, әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты. Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты, бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсер етеді.

       Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.

       Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл — адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Дегенмен, орыстың белгілі саясатшысы Б. Чичерин айтқандай, көппартиялықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары — онда саяси мәселелер жан-жақты қаралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Партияны тәртіпке шақырады. Билік басына кездейсоқ емес нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік тудырады. Ұнамсыз жағына жататындар — өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды. Бар ойы қарсы партияны жеңуге арналып, ол жолда алдау-арбау, өсек-өтірік сияқты жат қылықтар мен тәсілдер пайдаланылып жатады. Дегенмен, қазіргі таңда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып танылады. Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания, Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.

       Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен-өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Ол Министрлер Кабинетінің орныктылығын қамтамасыз етеді.Себебі, ол үкіметті заң бойынша көрсетілген мерзімі біткенше қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Ол мемлекет басшысын сайлауға жіберілген қаржыны да үнемдейді. Өйткені, ол орынға сайлауда жеңіске жеткен партияның серкесі ие болады. Бипартиялық көппартиялықтағы сияқты өзінің жіберген қателіктерін бірге билеген басқа партияларға аудара сала алмайды. Бұған мысал ретінде АҚШ-тағы республикалық және демократиялық Ұлы-британияда — консерваторлар мен лейбористер, Германияда — христиандық демократтар мен социал-демократтар жатады. Саяси күреске басқа да партиялар араласады. Бірақ, әдетте, олар шешуші рөл атқармайды және жеңіске жетерлік мүмкіндіктері де жоқ. Дегенмен, мұндай жүйенің өміршендігін аты аталған елдердің өмірі дәлелдеп отыр.

       Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе, бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпте басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялық партиялардың жоқтығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып, басқа мемлекеттік органдарды ығыстырады. Ондай партия бұрын КСРО-да болды, казір Қытай, КХДР, Кубада бар.

       Демек, партиялық жүйе әр түрлі болады. Сондықтан солар-дың ішінде ең тәуірі, тиімдісі қайсысы деген сұрақ тууы мүмкін.  Бұған бірыңғай кесіп жауап беру, бір үлгіні ұсыну дұрыстыққа жатпайды. Әйтсе де партиялық бірлестіктердің тиімділігіне жалпы өлшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар халықтың әлеуметтік мүдделері мен мұқтаждықтарын бірінші сезініп, камтамасыз етуге тырысуы ләзім. Партия арқылы шешімдер қабылдағанда азаматтардың барынша мол қажеттіктерін қамту. Үкімет бағытын сын көзбен түзету және басқарушы топтың жүмысына демократиялық бақылау жасау және т.с.с.

       Саяси партиялардың ішінде фракциялар (латынның «бөлшектену», «бөлектену» деген сөзінен) болуы мүмкін. Бұл сөз екі мағынада қолданылады: 1) бір партияның парламентте мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда өздерінің саяси нұсқау, мақсаттарын ұйымшылдықпен жүргізу үшін құрған үйымы; 2) бір партияның ішінде өзіндік бағыты, құрылысы, тәртібі бар, бірақ сол партияның қатарынан шыкпаған мүшелердің бөлігі. Мұндай жағдай азшылықтың құқы бұрмаланған кезде дүниеге келуі мүмкін. Әдетте, ол өтпелі кезеңдерде пайда болады және ұзаққа созылмайды.

       Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция (латынның «бірлестік» деген сөзінен) құруы мүмкін. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Оның мынадай түрлері болады:

     а) парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек, дербес басқара алмайтындай жағдайда (дауыстың аздығынан) құралған көппартиялық коалиция;

     ә) екі күшті партияның әрқайсысы өкіметті өз қолына алып билей алатындай жағдайда екіпартиялық коалиция орнайды. Мұндайда бір партия парламентте көпшілік дауыс алады да, екіншісі оппозицияда болады. Егер екеуінің де парламенттегі орны тең болса, үкіметті құру үшін басқа кішірек партиямен келісімге келуге мәжбүр болады. Мұндайды түрін өзгерткен екіпартиялық коалиция дейді;

     б) билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, оны екі блоктық коалиция дейді. Мұндай коалиция, әсіресе, Францияға тан. Онда президенттік, парламенттік, кантондық сайлаулар кезінде екі блок құрылады. Оң блокқа гольдықтар, жискарлықтар (Францияның бұрынғы президенттері Де Голь мен Жискар де Эстеннің фамилияларынан шыққан), т.б. кіреді де, сол блокқа сойиалистер, коммунистер, солшыл радикалдар жатады;

     в)  егер дербес партия ұзақ уақыт (20—30 жыл бойы) билік етсе, оны басымдық коалициясы дейді. Мысалы, Швеция социал-демократиялық партиясы 1932 жылдан 1976 жылға дейін, содан кейін 1982 жылдан осы уакытқа дейін билік басында. Жапонияда либералдық-демократиялық партия 1955 жылдан бері өкімет басында келеді.

       Саяси партиялардың жұмысы, әдетте, кұқықпен немесе Конституциямен реттеледі. Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде партияның орнын конституциялық жолмен рұқсат ету; саяси жүйеде партияның жұмыс істеу жағдайын белгілеу; сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың. қатысуы; мемлекеттік өкімет органдарында партиялардың өкілдік ету тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру. Бірқатар Батыс елдерінде (Германия, Италия, Швеция, т.б.) 60—70 жылдардан бастап саяси партиялар мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Кейбір елдерде заң бойынша саяси партиялардың сайлау науқанына арнайы қаржы бөлінеді. Бұл конституцияда көрсетілген міндеттерді орындау және қиянат етушілікке жол бермеу (мысалы, саяси партияларды құрғанда әлдеқандай кішігірім топтардың немесе жеке адамдардың ықпалын азайту, не болмаса қызметкерлердің, қоғам қайраткерлерінің сатылғыштығына жол бермеу және т.б.) үшін керек деп саналады.

       Бірқатар елдердің (Германия,Үндістан, ¥лыбритания,Франция) зандарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға мол құқық берілген. Мұның бәрі сайлау науқанында және т.б. жұмыс бабында партияларға тең жағдай қамтамасыз етілгендігі деп саналады.

 

  1. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы

 

       XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадетгер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің оңіріміздегі ұлттық, аграрлык және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 256- санында арнайы мақала шықты.

       Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда І9І7ж. шілденің 21—26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын қүру мәселслеріне аударды.

       1917 жылы 21 казанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасынын жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда теңдік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.

       1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпықазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.

       «Алаш» партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бұрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны «буржуазнялық-ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялық партия деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализмді кұру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам кұрғылары келді. Бұл буржуазиялық-үлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.

       «Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Казакстанда «Үш жүз» деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, «Алаш» партиясының басты оппоненті болды.

       1918 жылы 1 каңтардаСемейде большевиктердің партия үйымы құрылды. Ал Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.

       Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдердің барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып «орталықтың» отаршыл саясаты мсн әкімшіл-әміршіл жүйесіне ашық қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шықты. Бүл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды. 1987 жылы шілдеде СОКП Орталық Комитетінің қазақ халқын ұлтшыл деп кінәлаған қаулысы жағдайды одан әрі асқындырып жіберді. Қазақтың ұлттық санасын дамыту, өзінің шыққан тегіне бет бұру, тілін, дінін, ұлттық мәдениетін дамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген «Желтоқсан» қозғалысы дүниеге келді, кейін (1990 ж. мамырда) соның негізінде осы аттас партия құрылды.

       Республиканың саяси өмірінде «Қазақ ССР-індегі қоғамдык бірлестіктер туралы» заңы айтарлықтай рөл атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар мен бірлестіктер заңды жұмыс істеуіне мәртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.

       Республикадағы алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. қойылды.

       Егер Республика аумағында белді рөл атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген) бірнеше партиялардың бағыт-бағдарламаларына, іс-әрекетгеріне тоқталсақ, олар мыналар.

       Ұлтгық-демократиялық «Желтоқсан» партиясы. Жоғарыда айтылғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары болды. Ұйымдасуы жағынан бұл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 ж. мамырда «Әділет», «Азамат», «Жерұйық», «Кәусар бұлақ», «Форум» сиякты қоғамдық ұйымдардың бастамасымен құрылтай съезі шақырылды. Сонда «Желтоқсан» қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы декларация кабылданды.

       Партияның бағдарламасында республиканың саяси және экономикалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары құрбандарын орынсыз тағылған кінәдан толық ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандықтармен тығыз байланыс ұйымдастыру, ислам дінінің қайта өркендеуі жолында күрес жүргізу көрсетілген.

       Қазақстанны республикалық «Азат» партиясы. Ол өзінің тарихын 1990 ж. шілдеде болған Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясынан бастайды. 1991 ж. 4 қыркүйекте «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Қазақстанның республикалық «Азат» партиясының пайда болғаны туралы шешім қабылданды. Ол бағдарламасында Казақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтамасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп кояды.

       Жалпы алғанда ұлттық-демократиялық «Желтоқсан» партиясы, Қазакстанның республикалық «Азат» партиясы, «Алаш» ұлт-бостандық партиялары ұлттық және ұлттық-демократиялық түрде қалыптасып, незігінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басымдықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепаратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс-әрекеттеріне қаймықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айтқан жөн.

       Қазақстанның социал-демократиялық партиясы. 1990 ж. 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында батыс елдеріндегі осы аттас партиялардай бостандық, ынтымақтастық, әділеттілік идеяларын ту етеді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды көздейді.

       Қазақстанның социалистік партиясы. 1991 ж. 7 қыркүйекте құрылды. Онда Қазақстан Коммунистік партиясының кезектен тыс (төтенше) съезі өтіп, оның мүшелері өзін-өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып, соның негізінде Қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасында мынадай стратегиялық мақсаттарды кояды: саяси салада шынайы демократияны, құқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін, саяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында — қатаң қаржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметгік салада — халықтың осал жігін — аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында негұрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар кұруға қарсы еместігін білдіреді. Өздерін коммунистік партияның мирасқорымыз деп санайды.

       «Қазақстанның Халық конгресі» партиясы 1991 ж. 5 қазанда өткен құрылтай съезінде құрылды. Өзін центристік либералдық-демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқыктық қоғам орнатуды қалайды. К,азақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп Президенттік республиканы және 2 Палаталық Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін нарықтық экономиканы құруды дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық түсінушілікті қамтамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиялы кауым мен кәсіпкерлік топтарға бағдар ұстайды.

       «Қазақстанның Халық бірлігі» одағы 1993 ж. 6 ақпанында өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бүл партияны қарсыластары «номенклатуралык партия», «үкімет партиясы» деп атады. Бұл партия Президент Н. Ә. Назарбаевтың көзқарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты, Қазакстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды. 1995 жылдың қаңтарында болған съезінде одақты партия деп атауға шешім кабылданған. 1999 жылы наурыз айында бұл партия «Отан» партиясының құрамына кірді.

       Бұдан басқа «Қазақстанның Дәуірлеу партиясы», «Халықтық-кооперативтік партия», «Казақстанның Қайтаөркендеу партиясы», «Азаматтық партия», «Қазакстанның Республикалық Халықтық партиясы», «Азамат», «Отан» және т.б. партиялар бар.

       Қазіргі кездегі негізгі мәселе — республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Оған еліміздегі ешқандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер меи құралдарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде акырын, бірте-бірте ме не-месе тағы басқа ма?

       Сонымен қатар республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды.

       Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартпялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол — көптеген партиялардың мүше саны аз, олар саяси процеске шын мәнінде араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Олар халыққа онша таныс емес, көбіне формальды түрде есептеледі. Демократиялық елдерде сайлау барысында көпшілік партиядан немесе саяси партиялар коалициясынан үкімет билігін алуға тырысады. Бізде әлі ешқандай партия сайлау арқылы билікті қолына алу, үкімет аппаратының ісіне бақылау жасау мақсатын қоймайды. Сондықтан Қазақстанда қалыптасқан көппар-тиялық туралы айту әлі ерте сияқты.

       Оның себептері қандай? Ең алдымен, республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің болмауы, саяси мәдениеттің төмендігі, құкықтық негіздің әлсіздігі. Оның үстіне, кейбір партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде қалыптаспады, «жоғарғы» жақтың ұйғарымымен жасалады. Оларды болашақ сайлауда өз кандидатурасын ұсыну үшін кұрады. Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыттары жоқ.

       Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне универсалдық сипат алатындай сыңайы бар.

       Қазақстанның конституциясы елдегі конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің кауіпсіздігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік ала ауыздық туғызу және заң жүзінде көрсетілген әскери құрылымдарды ұйымдастыруға тыйым са-лады. Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіподақтарының, діни негіздегі партиялардың жұмысы, сонымен қатар саяси партиялар мен кәсіподақтарды шетел мемлекеттері жеке халықаралық ұйымдарының қаржыландыруына рұқсат етілмейді.

       Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.

 

  1. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар

 

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.

       Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Соңдықтан өзі сияқтылармен топтасады; 2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жаңа Өзендегі (1989 ж.) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» партиялары солай туған болатын.

Мәселен, Қазақстанның азаматтық»Азат» қозғалысы қоғамдық — саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 шілдесінде кұрылды. Басты мақсатын «Халықаралық, Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу» деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанды, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады, «Желтоқсан», «Алаш» партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға (славяндық «Лад», «Русская община», казактар бірлестіктері) олардың осы тұрғыдағы іс-әрекеттеріне бірнеше рет тойтарыс беруге белсене кірісті.

       Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолында алғашкы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, карусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с. жалпыхалықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды ді біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.

       Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлінеді. Олардың ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты.

       Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: козғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы

       Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.

       Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын білдіреді.

       Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.

       Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қорғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

       Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
  2. Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.
  3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).
  4. Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту,денсаулық сақтау, ұлтгық-мәдени,спорттық, қорғаныс, діни, т.б.).

       Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні — кәсіподақтар. Кәсіподақ — бір мамаңдықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардың еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.

       Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табының арасында социал-демок-раттардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға айтарлықтай идеологиялық және саяси әсер етеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың өкімет басьнда үзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Осының нәтижесінде олар капиталистік жүйемен біршама экономикалық одаққа кіргендей болады. Мұндайларды «жауапты» кәсіпорындар деп атайды.

       Сонымен қатар үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялар мен сыбайласқан кәсіподақтар да болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер етпейді. (Мысалы, Италияда). Мемлекет тарапынан олардың күресіне көмек жасалмайды. Сондықтан олар өкіметке қаймықпай қарсы тұрып өз жақтастарын батыл шараларға шақыруы мүмкін. Мұндайларды «жауапсыз» кәсіподақтар дейді.

       Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың материалдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік камсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалауды іске асырады. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіп шешіледі.

       Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді. Біріншісі — жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуде өкіметтен жекелеген жеңілдіктерге жетуі. Бірақ бұл жолдан үлкен өзгерістер күтуге болмайды.

       Екіншісі — үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау. Бірақ бұдан экономикаға нүқсан келеді.

       Үшіншісі — кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.

       Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр. Мұны, әсіресе, өкімет басында социал-демократтар отырған елдерде кеңінен қолданады.

       Қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі саяси өмірде белсенділік танытқанымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдерде солардың ішінде белдісіне қысымшы топтар (группы давления) жатады. Іс жүзінде олар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пайдаланады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Олар көбінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.

       Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі —«Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде кұралады және жұмыс істейді. Онда қатал айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамына қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Халық майдандарының мынадай түрлері болады:

  1. Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп, калыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. Бұған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде ұлттық азаттық алу барысында пайда болған халық майдандарын келтіруге болады. Олардан кейін әлеуметгік топ-тардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының өзгеру барысында басқа қозғалыстар шығуы мүмкін.
  2. Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары. Мысалы, оған 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық майдандарын жатқызуға болады.

       3.Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. Олар осы ғасырдың 30 жылдарында капиталистік елдерде пайда болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы күресті басқарады. Мысалы, Францияда халық майдандары 1936 жылдың көктемінде парламент сайлауында және оған сүйенген үкімет бұл елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936—39 жылдары Испанияда халық майдандары бұқара халықты топтастырып, оларды фашизм мен реакцияға қарсы күреске жұмылдырды. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарыңда фашизм мен реакцияға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдандары аскан зор рөл атқарды. Халық майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз айында Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүлікшілерден демократияны қорғауда да айқын көрінді.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

       Бейресми бірлестіктер жастардың, студенттердің арасында да кең орын алады. Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс-әрекеті мен тұрақтылығы, оған қатысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан.

       Олардын ішінде қоғамдық-саяси, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, спорттық т.б. мәселелермен айналысатындары да бар. Бірақ көбі мәдени-шығармашылық және бос уақыттарын қалай өткізуге арналады. Оған әуесқой ән шығарушылар, орындаушылар клубтары, өнер, театр, кино, би және т.с.с. төңірегіндегі шығармашылық бірлестіктер, кейбір орын-даушылар мен спорт клубының жанкүйерлерінің бірлестігі жатады.

       Белгілі жастар қозғалысына «металлистер», «фанаттар», «панкілер», «хиппилер», «рокерлер», «брейкерлер», «пацифистер» және т.с.с. жатады.

       Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:

       1)  экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал — Азия- Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті және т.б.;

       2) ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдык бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары;

3)  тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал», «Әділет», «Ақикат» және т.с.с.;

4)  әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар; «Атамекен», «Алтын бесік», «Жерұйық», «Шаңырақ» және т.б.

       Бұлардың көбі заман талабына сай пайда болып, өз мақсаттарын орындауына байланысты өмір сахнасынан кетті, бірталайы іс-әрекеттерін әлі де атқаруда.

       Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, сайып келгенде, әркайсысының өз ерекшеліктері болуына қарамастан екбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Жамбылов Д.А. «Саясаттану». Алматы, 1996 ж.

 

  1. Қапесов Н. «Саясаттану». Алматы: Жеті жарғы, 2003ж.

 

  1. Садыков Ұ. «Саясаттану». Алматы, 1996 ж.