Ж о с п а р
І. Кіріспе
ІІ. Неізгі бөлім
І –тарау. Ұлы Жібек жолының —————
1.1 Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы
1.2 Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары
ІІ – тарау. Сауда және товар алмасу
2.2 Ұлы Жібек жолының орта ғасырлық ———— байланысы
ІІІ. Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек Жолы
«Жібек Жолы» деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай жерден өткен — әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар міне осылар. Жауап қайтару үшін тарихи фактілерге жүгінейік.
629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян «Будданың қасиетті сүйектерін көріп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін» Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халыкаралық жолмен жүрді.
Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, «Ұлы Айдаһар шағылдары» деген атпен мәлім тұзды шедден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері «Мөлдіреген Көгілдір келге» жеткен. Оны «Қайнаған көл» деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл екенін білу қиын емес. Келді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: «Бұл жатжерліктердің жылқьшары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бір чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп ерген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және жұмсак бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған. Түйелер мен атқа мініп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес».
Өзіне қаған жасаған қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің жібек киімдерінің сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді және өзінің сыйлыққа «қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім жиынтығы мен елу тай жібек» алғанын да хабарлаңды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасының негізгі енімі, ертедегі және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын, еріксіз болсын бірнеше рет айтылады. Бұл жолдың қашан «іске қосылғаны» туралы сұраққа осы кезге дейіи түрлі жауап қайтарылады. Егер «Жібек жолының» жекелеген учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас байланыстарының басы уақыты жағынан б. з. б. III—II мыңжылдықтарға барып тіреледі. Бұл байланыстар Бадахшан тауларында көктас және Жаркентдария өзенінің жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында нефрит кеніштерінен кен қазылуы себепті жолға қойылған еді. Бадахшанда өндірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Анадолға, Мысыр мен Сирияға шығарылды. I мыңжылдықтың орта шенінде Бадахшанның көктасы Қытайға апарылады.
Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңізімен және Үндістанмен жалғастырған «Көктас жолымен» қатар Шығыс Түркістанды Қытаймен байланыстырған «Нефрит жолы» да болды.
Б. з. б. I мыңжылдықтың орта шенінде «Дала жолы» жандана бастады, егер тарихтың атасы Геродоттын суреттеуіне ден қойсак, оның мынадай бағыты айкын болады: ол Қара теңіз өңірінен Дон жағалауына, содан соң Оңтустік Орал өңіріндегі савроматгар жеріне, Ертіске қарай, одан әрі Алтайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі маңын мекендеген агриппейлер еліне шыққан. Бұл жолмен аң және мал терілері, иран кілемдері, қымбат бағалы металдардан жасалған бұйымдар таралған.
Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тоға тапты. Матаның мезгілі — б. з. б. 2750+100 жж. Оған жасалған талдау сол кезге қарай-ақ яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шыққанын дәлелдейді. Б. з. б. VI—V ғасырларда қытай жібегі баска елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдағы Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табыдды. Оңтүстік және Батыс Европа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардағы қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.
Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің кешпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып товар Орталық Азия мен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен.
Алайда, VI—IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат товарлар дала өнірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан еткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ боллды.
Жібек Үндістанға сол кезде барған, мұны «сина патго» — «қытай жібегі» деген сөз дәлелдейді.
Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана «Жібек жолы» тұрақты дипломатиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император У-ди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталган еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып орадды. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп етті. Осының ізінше Батысқа — жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайға Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан товарлар әкеліне бастады.
Көп кешікпей халықаралық сауда Орта Азиядағы Зеравшан және Қашқадария аңғарларында орналасқан ел — Соғдыдан шыққан саудагерлердің қолына көшті. Соғдылардың Шығыс Түркістандағы «Тохарлық» калаларда және Қытайдың Ланчжоу, Дунхуан, Чаньан сияқты қалаларында сауда колониялары болды. Мысалы, Дунхуанда мыңға тарта соғдылар тұрған. Соғдылар Жапонияға өткен, жібек жолы жапондардың ертедегі астанасы Нараға жетіп аяқталған. Осындағы бір ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы.
Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары байланыстырып жатты. «Бұлғын жолы» дейтін жол белгілі, ол арқылы Византияның, Иранның, түрік қағанаттары мен соғды княздіктерінің Бохай мемлекеггерімен және Жапониямен байланыстары жузеге асырылған. VI ғасырда «Бұлғын жолының» теңіздегі белігі «Жапонияға баратын жол» деп аталған. II-V ғасырларда Жібек жолы, егер Шығыстан бастасақ Чаньаннан басталып, Ланчжоу ауданында Хуанхэ арқылы өтетін өткелге, одан әрі Нань-Шанның солтүстік сілемдерін жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен «Яшма қақпалары бекетіне» беттеген. Осы арада бір жол айрылып, Такла-Макан шөлінің солтүстігі мен оңтүстігін жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық Шихо жазиралары арқылы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол Чаочаннан Қашқарға, Ақсуға және Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағасына; оңтүстік жол Дунху-ан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл — «оңтүстік жол» деп аталатын жол; «солтүстік жол» Қашғардан Ферғанаға және одан әрі Самарқанд, Бұхара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға барған.
VI—VII ғасырларда, Ферғана арқылы ететін бүрынғы жол төте және қолайлы болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол мейлінше жандана түседі. Жоддың ауыстырылуын мынадай себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды, Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден, Ферғана аркылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті бодды. Үшіншіден, түріктердің бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер теңіздің арғы жағының товарларын ірі мөлшерде тұтынушылар болатын.
Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары.
Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып. Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың аты осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ен ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртынын, қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, боз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан.
Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен.
Қазақстанның аса ірі қапаларының бірі Тараз VI ғ. бұрын белгілі болған. 568 ж. түрік қағаны Дизабұл Византия императоры Юстинианның стратег Земарх бастап келген елшітігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған. Мұның үстіне ол түргештердің, содан кейін қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған.
Жол Науакенттен шыққасын Пенджнкент (Бунджикет) арқылы Жетісудың аса үлкен қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кейін түргештер, қарлықтар астанасы) Суябқа келеді. Бұл қала туралы қытай, араб саяхатшылары X ғ. дейін жазып келген. Соңынан астана рөлі Баласағұнға көшеді, тегі оның ертеректегі аты Беклиг немесе Семекна болса керек. Баласағұн қарахандардың, сосын қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейін XIII ғ. бас кезінде қарақытайлар қиратады. Қала содан қайта салынады, бірақ XIV ғ. тағы да ойрандалып, үйінділері ғана қалады. Бұл қалалардың тұрған жері кәзіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде және орта ғасырдың көпке белгілі екі ескерткішіне — Ақбешім мен Боран қала жұртына сәйкес келеді.
Суяб қаласынан керуен жолдың не солтүстік, не оңтүстік тармақтарымсн жүріп. Ыссық көлдің жағалауына шығады. Оңтүстік жақпен жүрген керуендер Жоғарғы Барысхан деген үлкен қаланы басып өтеді, ал жолдың солтүстіқ тармағында шағын керуен сарайлар орны кездеседі, олардың аттары бізге демін жетпеген. Сосын осынау екі айрық жол Бедел асуында бір-бірімен қосылады да, не осы асу арқылы, не Ташрабат арқылы Жібек жолы Қашғар мен Ақсудан барып шығады.
Ал керуен жолы Ыссық көл қазан шұңқырынан Санташ асуы арқылы Қарқара жайлауына барып, төмендеп Ііе алқабына түседі де, өзеннің оң жағалауын бойлап отырып, Үсек пен Хорғос алқаптарынан өтіп, Алмалық қаласына барады, ал сосын Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегін айналып, Хами Цен Тұрфан көгал аймақтарын басып, Дунхуан мен Қытайға жететін болған.
Тәлхизден басталатын теріскей жолы Талғар өзенін қуалай жүріп, Іленің Қапшағай шатқалы маңындагы өткеліке дейін жеткен. Одан әрі жол Шеңгелді үстімен Алтын Емел белесінен асып, Көксу алқабына түседі де. Екі оғыз қаласына жетеді. Ол кәзіргі Дунгановка селосының орнында болған. Вильгельм Рубрук бұ қаланы Эквиус деп атаған, Іле алқабының ең үлкен қала жұртынын бірі тап осы жерден табылған. Онда 1253 ж. болған В. Рубрук осынау қалада «сарациндер» (ирая кепестері) тұрушы еді—деп жазады.
Жол Екі оғыздан шығып, қарлықтар жабғысының астанасы Қаялыққа (Қойлақ) барады екен. Бұл шаһардын, хан базарларымен аты шыққан. Онда мұсылмандармен бірге өздерінің шіркеуі бар христнандар да тұрған. Ол жөнінде моңгол ханы Мөңкеге бара жатып, осы қалаға соғып кеткен, Людовик IX— елшісі, монах-сопы В. Рубрух хабарлайды. Каялық — қарлықтар орталығы болған ІХ г. —ХІІІ ғ. бас кезінде Іле алқабының солтүстік-шығыс бөлегі қарлықтар қоластына қараған. Каялық Каратал өзені алқабында кәзіргі Антонов селосының шет жағында тұрған. Рубруктың жазбаларына қарағанда, Каялыққа жақын-жуық жерде христиандар селосы болған, Жібек жолы сол арқылы өткен. Одан әрі қарай жат Тентек алқабымен жүріп, Алакөлді айналып өтіп, Жоңғар қақпасын басып Шихо алқабына жетеді, сосын Бесбалықты басып, Дунхуанға барады да, Ішкі Қытай жаққа шығандап кетеді екен.
Сауда және товар алмасу
Бұрын атап өтілгеніндей, Жібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шығаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Европа мен Русьтен осы елдерде өндірілетін товарлар тасылды. Бұл ғажайып, таңсық товарлардың тізімі таусылмайды. Бұлар — мирро мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғаш, өмір тамыр (женьшень) мен айдаһардың (питон) өті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минераддық шикізат, алмаслен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар және басқа да көптеген заттар. Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақгары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршығалар мен сұңқарлар, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрілді. Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті тағамдар мен қант, жемістер мен көкөністер Жібек жолы арқылы тарады.
Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып қала берді. Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айнадды, ол патшалар мен елшілерге сыйға тартыдды, жалдамалы әскерге ақы және мемлекеттік қарыз ретінде төленді. Иранның шахиншахы Хосроу I Ануширван қытай императорынан басқа тартулармен қатар, қытайдың жібек киімі» — «ушари» алған, оның көкшіл өңіріне тәж киген және әшекейлер тағынған патша бейнеленген. Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілері сарайларының фрескаларында шонжарлар киген жібек киімдерде оларға тән барлық қымбат бұйымдар әшекейлерімен, ұсақ-түйектерімен, тіпті тігістерімен айнытпай салынатыны кездейсоқ емес. Жібек жолымен тасылатын жібектің де, товарлардың бір бөлігініңде оның Қазақстан бөлігінде тұрған қалаларда қалып отырғаны әбден табиғи нәрсе. Мұны археологиялық олжалар айқын дәлелдейді.
Отырар алқабындағы Мардан қорымын қазған кезде қабірлердің біреуінен қытайдың біздің заманымыздағы I—IV ғасырларға жататын жеті «У-шу» теңгесі шықты. Бұл теңгелердің князь Чжан-ІДзянның жолымен Батысқа, соның ішінде Кангюй мемлекетінің орталығы орналасқан Сырдарияның орта тұсына бет алған сауда керуендерімен байланысы болғанына дау жоқ. Қытай деректемелерінде ол кездер туралы былай делінген: «…жуырдағы кездің өзінде шетеддік иеленушілермен қатынастар орнатуды күткен және бәрінен бұрын алыс шет аймақтарда белгілі болу қымбат тұтқан Қытай сарайы Кангюймен байланысын үзбеді».
Батыспен байланысты қымбат тұратын заттар арасынан Жетісудан табылған күміс құмыраларды атап өту керек, онда византиялық үлгіге еліктеп крестер түрінде қалыппен өрнек салынған. Құмыраларды жасаған шебер өз жұмысын Византияда істелген деп көрсетуге тырысқан. Бір сапты аяқ тұтқасының иілген жерінде «көне заман сипатындағы» бас бейнеленген. Зерттеушілердің пікірінше, Византия үлгілеріне бұлайша еліктеуге тырысушылықты «империя халқы тұр-тұрпатының әсерлі әсемдігі» туғызған. Жамбыл қаласында Тараздың орнынан Юстинианның византиялық алтын солиді табылды, оның бір бетінде дулыға киіп, найза мен қалқан ұстаған император, екінші бетінде қолына крест ұстаған Жеңіс құдайы бейнеленген. Византияның алтын солидінің кең таралғанын және халықаралық валюта ретінде қолданылғанын ескерте кеткен жөн. Кімнің билеушісі күшті екені жөнінде византия және парсы көпестерінің айтысуы туралы Кузьма Индикоплавтың VI ғасырдың орта шеніне жататын әңгімесі мәлім. Персия саудагері тек күміс көрсете алған кезде, византиялық бүкіл әлемге таралған алтын теңге көрсетіп жеңіп шыққан.
Талғар қаласының жұртынан шетелдік бұйымдардың қызықты олжалары табылды. Бұл — көмбе, оның құрамына ішкі жағы ұзақ жасау нышаны-— саңырауқұлақ түріндегі медальондармен көмкерілген бала мүсіндерінің оймышталып жасалған бейнелерімен безендірілген қытайдың төрт фарфор тостағаны кіреді. Ыдыстардағы нышандар ер баланың дүниеге келуін (төрт бала) және бірлікті — «и туань хоци» (бір толық бала) тілеу деп те түсіндіріледі. Көмбеде фаянс тостағанның сынықтары да болды. Ішкі жағында, қызыл түске люстрмен жасалған тау және теңіз пейзажы көрінісінде, отырған он бір ер кісі мен бір әйел бейнеленген. Барлық кейіпкерлер алтындатылған әсем киім киінген, алты мүсіннің киімі қызыл, алтауында — алтынмен әдіптелген қара киім. Адамдардың басынан алтын нұр шашылып тұр. Еркектердің бет-әлпеттері мұрындарының етті және қастарының қою болуымен ерекшеленеді. Он еркектің шашы қырылып тасталған, сегізінің мұрты бар. Ортада отырған еркек басқаларынан тұлғалы, ұзын шашы, салбыраған мұрты мен сақалы бар. Ол басына алтын тәж киген, оң қолына ұшы иығы деңгейінде тұрған семсер ұстаған. Ақ жүзді әйелдің кездері қиық, қастары доғадай иілген, мұрны түзу, аузы оймақтай. Ол басына биік бас киім киген, оның астынан ұзын шаштары иығына түсіп тұр. Мүсіндердің арасында аждаһаның қабыршақты денесі иретіліп жатыр.