Ортодонтия саласында тіс жақ аномалиялардың түрлерін жүйелеудің бірнеше жіктемелері қолданылады. Олар өзара құрылу принципіне қарай этиопатогенетикалық (Кантрович бойынша), функциональдық (А.Я.Катц бойынша) және морфологиялық деп бөлінеді.
Морфологиялық жіктемелер тіс құрылысының, тіс қатарының, жақ сүйектердегі өзгерістер мен тіс қатарларының арақатынасы мен түйісуінің бұзылу түрлерін жүйелейді. Морфологиялық жіктемелерге Энгль, Симон, И.Ю.Курляндский, Д.А.Калвелис, Х.А. Каламкаров, ММСИ және Ильина- Маркосян жіктемелері жатады.
Энгль жіктемесі.
Энгль (1898ж) тіс қатарларының түйісу түрлерін өз жіктемесінде ұсынды.
Бұл жіктеменің негізінде бірінші үлкен азу тістердің түйісуі жатады.
Энгль жоғарғы жақ қозғалмайтын жақ сүйек болғандықтан, жоғарғы бірінші үлкен азу тістерді окклюзияның кілті деп атады. Энгль барлық өзгерістер қозғалмалы төменгі жақ сүйектің әсерінен болады деп тұжырымдады.
Үлкен азу тістердің түйісуін үш классқа бөлді.
Бірінші класс қалыпты жағдайдағы бірінші (үлкен азу тіс) молярлардың сагиттальды жазықтықта түйісуі көрсетілген. Жоғарғы жақтың бірінші молярдың мезиальды ұрттық төмпешігі төменгі жақтың бірінші үлкен молярдың төмпешік аралық сайында жатады.
Бұл жағдайда өзгерістер алдыңғы топ тістерінде болу мүмкін. Мысалы, алдыңғы топ тістердің тығыз орналасуы немесе олардың түйісудің бұзылыстары.
Екінші класс молярлардың түйісу бұзылыстарын сипаттайды. Бұл кезде төменгі жақ бірінші молярдың төмпешік аралық сайы жоғарғы жақтың бірінші молярдың мезиальды ұрттық төмпешіктің артында орналасады.
Бұл класс екі подклассқа бөлінеді:
бірінші подкласс – жоғарғы күрек тістері ерін жаққа қарай еңкейген (протрузия);
екінші подкласс: жоғарғы күрек тістер таңдай жаққа қарай еңкейген (ретрузия).
Екінші классқа жататын аномалия түрлері:
- жоғарғы прогнатия,
- жоғарғы жақтың макрогнатиясы,
- төменгі ретрогнатиясы,
- төменгі жақ микрогнатиясы.
Үшінші класс кезінде төменгі жақ бірінші молярдың төмпешік аралық сайы жоғарғы жақтың бірінші молярдың мезиальды ұрттық төмпешіктің алдында орналасады.
Үшінші классқа жататын аномалия түрлері:
- төменгі прогнатиясы немесе макрогнатиясы,
- жоғарғы микрогнатия немесе ретрогнатиясы.
Яғни төменгі тіс қатары жоғарғы тіс қатарына қарағанда алдыға шығыңқы болса немесе жоғарғы тіс қатары төменгі тіс қатарына қарағанда артқа қарай ығысса, онда осы екі жағдайда тіс қатарларының түйісуі Энгль бойынша 3 класс болады.
Бұл жіктеме қазіргі таңда кең түрде қолданылып келеді. Дегенмен, Энгль жіктеменің кемшілктері бар.
Энгль жіктеменің кемшіліктері:
- жіктемені тек диагностиканың алғашқы кезеңдерде қолданады;
- жіктеменің көмегімен тіс қатарларының тек сагиттальды жазықтықтағы түйісуді анықтайды;
- жоғарғы жақ бірінші моляр әр уақытта тұрақты орын алмайды, мысалы бірінші моляр жұлынған кезде;
- премоляр жоқ кезде бірінші моляр мезиальды жылжуы мүмкін;
- жоғарғы жақ бас қаңқаның алдыңғы қалыпта болу мүмкін;
- жіктемені бірінші молярдың тісжегісі кезінде қолдану қиынға соғады;
- уақытша тістем кезінде қолданана алмаймыз.
Осы жағдайларда бірінші моляр өз орнын өзгертеді де, тістесу түрін анықтау мүмкіндік болмайды.
Энгль жіктемесін тіс қатарларының сагиттальды жазықтықтағы түйісуді анықтауға болады. Трансверзальды және тік жазықтықта анықтау мүмкін емес.
Окклюзияның сагиттальды бағыттағы аномалиялары.
Тіс қатарларлың дистальды окклюзиясы кезінде жоғарғы тіс қатары төменгі тіс қатарына қарағанда алға жылжуы немесе төменгі тіс қатары жоғарғы тіс қатарына қарағанда артқа жылжуы болады. Бүйір топ тістердің түйісуі Энгль бойынша 2 класс.
Тіс қатарлардың меззиальды окклюзиясы кезінде жоғарғы тіс қатары төменгі тіс қатарына қарағанда артқа жылжуы немесе төменгі тіс қатары жоғарғы тіс қатарына қарағанда алға жылжуы болады.
Тіс қатарлардың алдыңғы бөлігінде түйісудің бұзылуы кезінде сагиттальды күрек тісттік дизокклюзиясы болады.
Алдыңғы топ тістердің алға немесе артқа жылжуы кезінде алдыңғы топ тістердің дизокклюзиясы болады. Мысалы, жоғарғы күрек тістердің протрузиясы немесе төменгі күрек тістердің ретрузиясы кезіндегі болатын дизокклюзия.
Окклюзияның тік бағыттағы аномалиялары.
Ашық тістесу. Бұл кезде алдыңғы топ тістердің түйісу болмайды.
Терең күрек тістік дизокклюзия немесе терең тістесу. Жоғарғы күрек тістер аттас төменгі тістерді жауып тұрады, түйіспейді.
Терең күрек тістік окклюзиясы. Жоғарғы күрек тістер төменгі аттас тістердің сауыттарын 1/3 бөлігін жауып тұрады. Түйісу сақталған.
Окклюзияның трансверзальды бағыттағы аномалиялары.
Айқас окклюзия:
- Вестибулоокклюзия жоғарғы немесе төменгі тіс қатарының ұртқа жаққа ығысуы
- Палатиноокклюзия жоғарғы тіс қатарының таңдай жаққа ығысуы
- Лингвоокклюзия төменгі тіс қатарының тілге қарай ығысуы.
ММСИ ортодонтия мен балалар жастағы протездеу кафедрасының ұсынған тіс жақ аномалиялардың жіктемесі (1990ж)
- Тіс аномалиялары
1.1. тіс пішінің аномалиясы
1.2. тіс қатты тіндерінің аномалиясы
1.3. тіс түсінің аномалиясы
1.4. тіс көлемінің аномалиясы
1.4.1. макродентия
1.4.2. микродентия
1.5. тіс санының аномалиясы
1.5.1. гиперодентия
1.5.2. гиподентия м
1.6. тіс шығуының аномалиялары
1.6.1. ерте шығуы
1.6.2. кеш шығуы
1.7. тіс орналасуының аномалиялары
1.7.1. вестибулярлы
1.7.2. оральды
1.7.3. ммезиальды
1.7.4. дистальды
1.7.5. супрорналасуы
1.7.6. инфраорналасуы
1.7.7. өз осінен бұрылу (тортаномалия)
1.7.8. транспозиция
- Тіс қатарлардың аномалиялары
2.1. пішіннің аномалиясы
2.2. көлемнің аномалиясы
2.2.1.. трансверзальды бағытта (кеңею, тарылу)
2.2.2.сагиттальды бағытта (ұзару, қысқару)
2.3. тістердің орналасу ретінің бұзылуы
2.4. тістердің орналасу симметрияның бұзылуы
2.5. тіс аралық контакттың бұзылуы (тығыз немесе алшақ орналасуы)
- Жақтардың және жеке анатомиялық бөлімдердің аномалиялары
3.1. пішіннің бұзылуы
3.2. көлемнің бұзылуы
3.2.1. сагиттальды бағытта (ұзару, қысқару)
3.2.2. трансверзальды бағытта (кеңею, тарылу)
3.2.3. тік бағытта (биіктіктің жоғарлауы немесе төмендеуі)
3.2.4. аралас 2, 3 бағытта
3.3. жақ бөліктердің өзара орналасу бұзылысы
3.4. жақ сүйектердің орналасу бұзылысы
Қолданылған әдебиеттер:
- Л.С. Персин «Ортодонтия. Лечение зубочелюстных аномалий»
Москва, 1999г
- 32zubika.ru
- Дәрістер
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университет
Ортодонтия кафедрасы
Кафедра меңгерушісі: проф. Жумадиллаев Ж.Н.
Тақырыбы: Энгль жіктемесі
Орындаған: 609топ интерні
Қаракенов Елдар
Тексерген: Лұқпанова Ш.З.
Алматы 2010
Энгль жіктемесінің суреттегі көрінісі
а- 1 Класс
б- 2 Класс I подкласс
в- 2 Класс II подкласс
г- 3 Класс