АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Көру талдағышы

Тақырыбы: Көру талдағышы

 

 

Жоспары:

 

  1. Көру талдағышы
  2. Жарықты қабылдау
  3. Көру талдашығының жас ерекшелігі
  4. Көру гигиенасы

 

 

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Көру талдағышы.

  Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне көру жүйесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.

  Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі.

  Құрлысы бойынша көру талдағышының сезгіщ бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады.

  1. Көздің қосымша құрылымдары
  2. Жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары
  3. Жарық қабылдағыш құрылымдар

Қошымша құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Көз жасының безі мөлдір сұйық- көз жасын түзейді. Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көз алмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз бірнеше бағытта қозғала алады. Жоғарғыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен ішіне қарай, жоғарғыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай.

  Көздің сыртын тығыз ақ қабық қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қарашығы деп атайды. Қасаң қабақтың арт жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады.

  Ішкі торлы қабығының құрлысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткаларынан тұрады. Торлы қабақтың ортасында Сары дақ бар.

  Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі-негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады.

  Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады.

  Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретинен мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының үзындығына лайық көру нервінің ұштарына қозу тудырады. Ретинен А витаминінің туындысы, қарңғыда А витамині ретиненге айналады. Сондықтан бұл витамин организмге жеткіліксіз мөлшерде болғанда ондай адамның ымыртта, қараңғыда көру қабілеті төмендеп жойылаы. Мұндай кемщілікті ақшам соқыр немесе соқыр тауық, немесе гемералопия дейді. Таяқша клкткалар өте әлсіз- 0,01 люкстен кем жарық сәулелерін сезеді.

  Люкс- жарық сәулелері 1м қашықтықтан 1м тегістікке тік түскенде пайда болатын жарықталуының дүиежүзілік өлшемі.

  Көздің жарық толқындарын қабылдау қабілеті 390-760 нм шамасында.

  Түсті жарықты қабылдау ілімінің негізін алғащ реет М.В.Лоионосов 1756ж қалаған. Т.Юнг пне Г.Гельмгольц 1801ж әрмен қарай дамытқан.

  Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик Дальтонның тымен дальтонизм деп атайды.

  Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4гр ғана. Ересек адамның көзі 6-8г.

  Көз жасының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды.

  Жаңа туған нәрестенің қарашығы өте жіңішке- диаметрі 1,5мм ғана. Жарықтың әсерінен қарашықтың кішірею диаметрі 1 айда 0,9мм, 6-12айда-1,2мм, 2-6 жаста 1,5мм, жоғарғы сынып оқушыларында ересектермен бірдей-1,9мм болады. Қасаң қабық пен көз бұршағының арасы ересек адамның көзі мен салыстырғанда жақындау орналасқан. Көздің айқын көру нүктесі 1 жасқа дейінгі баллада       не бары 4см болып, көзі жетілген сайын алыстай береді. 10 жаста ол 1см, 20жаста-8,3см, 30жаста 11см, 40жаста 17см, 50жаста- 50см, 60жаста 80см болады.

  Айқын көріну нүктесі деп заттың анық дәл көріну қашықтығын айтады. Көздің бұршағының аккомодация күші жасына лайық өзгереді. 1жаста 25 диоптрия, 3 жаста-20, 5-6 жаста -15,7-15 жаста-12, ересек адмда 10 диоприяға тең.

  Балалардың жақыннан көру қабілетін екі жағы ойыңқы, алыстан көру қабілетін екі жағын дөңестеу әйнек арқылы жөндейді.

  Астигматизм көз алмасының жазықтарына сәулелер бірдей тарамағандықтан балаларда пайда болатын көру кемшілігі. Көздің құрылымдарынның қызметіне байланысты рефлекстер де жасына сай әртүрлі.

  Көздің ашылып-жұмылуы, жыпылықтауы сыртқы тітіркендіргіштің әсеріне сай болады. 1 айлық балада қарашықтың қозғалыс мөлшері 0,9мм, 5 айлығында 1,1мм, 1 жасында 1,4мм, 2,5-6 жасында 1,5мм, 12 жасында 1,9мм.

  Балаларда ең жиі кездесетін көру кемшілігі жақыннан көру қабілеті. В.Ф Уткин 1971ж мен Э.С.Аветисовтың 1975ж зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі балалардың 1-2% 7-10 жаста 465% 11-14 жаста 10 5%  15-18 жаста 21 5%  19-25 жаста 28 7%-нда жақыннан көру қабілеті байқалады.  А.А Сычевтың 1980ж зерттеуі бойынша көзге күш көбірек түсетін мектептерде, айталық математика, щет тілі мамандықтарына көп көңіл бөлетін мектептерде бұл көз кемшілігі оқушылардың 25 пайызы байқалады.

  Көру гигиенасының талаптары:

— Кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37см

— Баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында.

— Үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек.

— Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.

— Теледидар көрсетулерін қарағанда ең кемінде 2,5-3м қашықтықта отырған жөн.

— Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, әсіресе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадалаған жөн.

— Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау.

  1. 6-7 жаста- 10мин
  2. 7-10 жаста- 15мин
  3. 10-12 жаста- 20мин
  4. 12-15 жаста-25мин
  5. 5-8 жаста- 30мин. яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демалдырып отыру қажет немесе көп талмайтын жұмыспен айналысқан жөн.