АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Құрмалас сөйлем

Жоспар

 

  1. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына  қарай  түрлері.
  2. Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері

3.Сабақтас құрмалас  сөйлемдердің  түрлері

  1. Аралас құрмалас сөйлем

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрмалас сөйлемнің жасалу  жолдарына  қарай  түрлері.

 

Қазақтың халық болып қалыптасқанына, оның қазақ тілінде сөйлей бастағанына талай ғасыр өтсе де, осы тілдің ғылыми тұрғыдан баяндалуы,  зерттелуі XX ғасырда қазақ тіл білімі ғылымын зерттеуге және қазақ тілі  грамадатикаларының алғашқы үлгілерін жасауда көп еңбек сіңірген түрколог ғалымдар мен орыс  халқының  зерттеушілер болады.

1894 жылы Петербург университетінің профессоры, Шығыс зерттеушісі, көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілдерінің кысқаша грамматикасы» деген еңбегі жарық көрді. Ол екі бөлімнен, екі кітаптан тұрды. Біріншісі — фонетика мен морфологияға арналса, екіншісі — синтаксиске  арналған (1897ж).

Автор осы еңбегінде синтаксисті екі салаға бөлген: бірі — жай сөйлем  синтаксисі, екіншісі — құрмалас сөйлем синтаксисі. Грамматикалық еңбектер-дің ешқайсысында «құрмалас сөйлем» деген тақырып қозғалмаған, сөйлемнің бұл түрі туралы айтылған ешқандай пікір де жоқ болатын. Бұл мәселе алғаш рет осы еңбекте көрініс тапты. Әрине, бұнда құрмалас сөйлем қазіргі түсінігіміздей сипатталған жоқ. П.М.Мелиоранскийдің жоғарыда аталған қазақ   тілі грамматикасында «сложное предложение», «подчиненные предложение» деген атауларды кездестіреміз (51, 92).

 В.В.Катаринский «грамматика киргизского языка» деген еңбегінде   құрамында   екі етістік келетін сөйлемдерді құрмалас сөйлемдер  деп атаныған (42, 85).               

 Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі

ғылыми тұрғыда толық сөз бола қойған жоқ. Солай бола тұрса да бұл зерттеу

еңбектері қазақтілінің басқа салалары сияқты, құрмалас сөйлемнің ғылыми

тұрғыда зерттелуіне, оқулықтар мен бағдарламалар жасалуына себепші болды.

А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: «Ішкі жақындық — мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа қисын   жақыидығы бар сөйлемдер құрмалас деп аталады»,- деп анықтама бере   ( -келе, құрмалас сөйлемдер түрін сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу   деп 2-ге бөледі (14.300-30,1).     

1991 жылы С.Жиенбаевтың «Синтаксис мәселелері» деген еңбегі   жарық көрді. Бұл еңбегінде құрмалас сөйлемді салалас, сабақтас деп екіге ,   бөледі. 1935жылғы «Сөйлемнің үйірлі мүшелері туралы»деген мақаласында   үйірлі мүше құрмалас сөйлемнің үшінші түрін жасайды деген пікір білдіреді.   

1939 жылы орталау және орта мектеп оқушыларына арналған қазақ тілі грамматикасы мен синтаксис бөлімі жарық көрді. Оқулық мектеп программасына негізделіп жазылғандықтан, құрмалас сөйлем жайындағы    деректер кеңірек қамтылған.

Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген   еңбегінде құрмалас сөйлемдерді сдлалас және сабақтас сөйлем деп екіге бөледі.Мұнда салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолы көрсөтіледі (36, 201).

Қазақтіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда       зерттеген профессор С.Аманжолов болды. Оның синтаксисінің қысқаша курсы» атты зерттеу еңбегінде    атап керсетті.«Құрмалас сөйлем   дегеніміз- екі я бірнеше сөйлемдердің, яғни бірнеше  субъектінің көрінісі  болған сөздің, я сөздер тобының жиынтығы»-деп автор анықтамасын береді (2,176) 

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисіне ғылыми тұрғыдан зор   үлес қосқан ғалымның бірі — Н.Сауранбаев. Ол «Қазақ тіліндегі құрмалас     сөйлем жүйесі» деген еңбегінде қазақтіліндегі құрмалас сөйлемдерді үлкен     үш топқа бөледі: іргелес салалас және сабақтас  құрмаластар. Іргелес  құрмаласты автор жайылыңқы, қойылыңқы деп екіге бөледі. «Негізгі ойды сипаттау, толықтыру үшін бірнеше жай сөйлемдердің тең мағынада іргелескен тобы жайылыңқы іргелес болады. Жайылыңқы іргелеске енген жай сөйлемдер қысқартылмай толық күйінде айтыпады». Ал қойылыңқы түріне мынадай іргелесті жатқызады: «Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі»,-дейді (65, 32).Қойылыңқы іргелестің өзіндік белгісіне оның құрамына кірген жай сөйлемдердің ортақ баяндауышты болып келетіндігін айтқан.Бірақ автордың бұл пікірі қазақтіл мамандарының тарапынан қолдау таппады. Қазақ тіл ғылымы  Н. Сауранбаевтың « жайылыңқы іргелесін» жалғаулықсыз салалас деп, «қойылыңқы іргелесін» бірыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде қарайды.

 Құрмалас сөйлемді зерттеуде құнды пікір айтушы -Т.Қордабаев. Ол   құрмалас сөйлем, оның түрлерін, құрылымына қарай жіктелуін» ішінара      бөлінуін жан-жақты зерттеген. Ғалымның еңбегі бүгінгі күнде іргелі еңбектің бірі болып саналады (11,192).

Құрмалас сөйлем синтаксисі жайлы өз көзқарасын толық білдіріп, зерттеген ғалым Қ.Есенов болды. Автор өзінің «Кұрмалас сөйлем синтаксисі», «Сабақтас құрмалас  сөйлемнің құрлысы» атты еңбектерінде құрмалас сөйлемдердің жасалу табиғатына, жеке жай сөйлемдердің өзара бірігу заңдылықтарын ғылыми жағынан терең қарастырып, тіл білімінің  синтаксис саласына зор үлес қосты (30, 141).Ұ.Салиева да өз еңбегін құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлеріне арнады (60. 25).

Б.Сағындықұлының «Аралас құрмаластың мағыналық топталуы» деген көлемді мақаласында құрмалас сөйлем, оның ішінде аралас құрмалас сөйлемнің табиғатына тоқтала келіп: «аралас құрмалас сөйлемдерді мағыналық жағынан шартты түрде екіге бөлуге боләды. Оның біріншісі-баяндауыш формасыз, тиянақты түрде келетін, текбайланысу тәртібімен Телетін, ерекшеліктері көп басыңқылы сабақтас сөйлемге ұқсас түр де, екіншісі-бұндай формаға кереғар, аралық категорияның пайда болуынан бастап қолданыла бастаған, «әрі салаласып, әрі сабақтас» келетін түрі», -дейді (61, 37).

 

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ     

Лингвистикалық ғылымда құрмалас сөйлемдерді топтастыру принцип-терінің бірнешетүрі пайдаланылып келеді. Олардың еңбастылары: дәстүрлік және құрылымдық-семантикалық.

 Дәстүрлік топтастыру бойынша құрмалас сөйлемдер салалас, сабақ-тас, аралас болып үшке бөлінеді. Ал құрылымдық-семантикалық топтастыр-ғанда құрмалас сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз болып сараланады.

         Салалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің арасындағы айырма-шылықтар — компоненттердің негізгі екі мүшесінің бір -бірімен синтаксистік қатынастарында, әсіресе, компоненттердің баяндауыш формасында, сондай-ақ олардың компоненттерінің құрмаласу тәсілінде, мағыналық байланыс-тарында және интонациялық құбылыстарында.

Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болса, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлем баяндауышы басыңқы сөйлемге тәуелді, бағына байланысады.

Әзімбай бұны сүйсіне қостады, әрі оның соңғы сөзін қайта-қайта еске алды /М.Әуезов/ -салалас;

Абай бүгін әдейі бір үй ішті кеңесті оңаша сөйлесейін деп, Мағаш. Әбіштерді осында шақыртқан /М.Әуезов/ — сабақтас.

Салалас пен сабақтастың арасында төмендегідей айырым белгілері

бар.

  1. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары тиянақ-ты тұлғада тұрады да, ал сабақтас құрмалас компоненттерінің алдыңғы сөйлемінің баяндауышы таянақсыз тұлғада болады.
  2. Салалас құрмаластың баяндауыштары тендік қатынаста тұрып, салаласа байланысса, сабақтас құрмаласта бағыныңқы компонент баяндауы-шы басыңқы компонент баяндауышына бағына байланысады.
  3. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасындағы интонациялық кідіріс біршама тиянақты болады да, сабақтас құрмаластың сөйлемдері арасындағы мнтонация елеусіз немесе тиянақсыз болып келеді.
  4. Салалас құрмалас кошоненттерінің баяндауыштары өз бастауыш-тарымен қиыса байланыса келеді де, сабақтас құрмалас сөйлем компо-ненттерінің баяндауышы өз бастауыштарымен қиыспайды.
  5. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыру үшін жалғаулықтар қолданылса, ал сабақтас құрмалас сөйлем компонент-терін құрмаластыруда септеулік шылаулар қолданылады.
  6. Салалас құрмалас сөйлемнің бір компонекті екінші компонентке тәуелсіз, оның ішіндегі мүшелерге байланыссыз болып келсе, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағынышты компоненттерінің көпшілігі өзі меңгеріліп тұрған компоненттің белгілі бір мүшесіне тәуелді болып, соны түрлі жағынан айқындап, тұрлаусыз мүше тәрізденіп кетеді.

 

Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері

 

Салалас құрталас сөйлем дегеніміз құрамы кемінде екі немесе бірнеше сөйлемнен құралатын, құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары өзара теңдәрежеде байланысқан сөйлемді айтамыз.Оләр өз ішінде жалғаулықты және жалғаулықсыз болып белінеді.

Жалғаулықты сапалас құрмалас сөйлемге компоненттері бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласатын салалас сөйлемдер жатады. Жалғаулықтардың қай түрінің қатынасы арқылы жасалып тұрғанына қарай сөйлем де сол жалғаулық атымен аталып топталады. Алайда аталған топтардағы жалғаулықтардың мағыналық жағынан белгілі бір ұқсастықтары болғанымен, қолданылу орнына, контекске қарай олардың әрбіреуінің өзіндік ерекше дербестіктері әте көп ұшырасып отырады.

Ал құрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне қарағанда жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысы онша тығыз, берік болмайды, оларда дербестік, формалық тиянақтылық басым келеді.

Жаппы салалас құрмаластар жайында ғалымдар көп пікір айтқан. А.Байтұрсынов салалас құрмалас сөйлемдер түрін 5-ке белді. Мұндағы «жайылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы, қойылыңқы» сияқты атаулармен берілген салалас сөйлемдер кейінгі зерттеулердегі мезгілдес, қарсылықты, талғаулы, түсіндірмелі деп аталып жүрген салалас құрма-ластарға сәйкес келеді (14.302). Ғалымның салалас құрмаласқа келтірген мысалдары, оның жіктелуі бүгінгі көзқараспен дәл келмесе де, кейінгі ғылым үшін бастама болды.

Н.Сауранбаев салаластарды жалғаулықты, жәлғаулықсыз деп бөлмеген. Оның салалас құрмалас деп танығаны — қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулықты салаластар (65,34). Ол жалғаулықсыз салаластың барлық түрін тек іргелес құрмалас деп атаған (65,26). Сондай-ақ, кезінде автор үйірлі мүшелі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемнің бір түрі деп қарады. Ал екінші кітабында ол пікірін теріске шығарды. Қ.Жұбанов та салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолын керсетіп, мағыналық қатынастарына қарай оларды: ыңғайлас, ереуіл, талғама, себеп-салдар, шарт-жағдай салалас деп 5-кебелді( 36,205).

Бертін келе 1971 жылы Қ.Мамытбековтың«Салалас құрмалас сөйлем-дердің грамматикалық табиғаты женіндегі» мақаласы жарық көрсе(50), Ж.Құсайынова салалас құрмаластың бір түрі — түсіндірмелі туралы арнайы зерттеу еңбек жазды (46).

Негізінен салалас сөйлемдер мағыналық қатынастарына қарай бірнеше түрге белінеді.

Ыңғайлас /мезгілдес/ салалас құрмалас сөйлем. Мезгілдес немесе ыңғайлас салалас сөйлем компоненттері бір мезгілде я болмаса біріне-бірі жалғаса іркес-тіркес болған, іле-шала болған іс-әрекеттерді, жай-күйді баяндайды. Тек компоненттерінің байланысу жолындағы ерекшелігі болмаса, мағыналық қатынасы жағынан ыңғайлас салапастың жалғаулықты да, жалғаулықсыз да түрі бірдей.

Әзімбай бұны сүйсіне қостады, оның соңғы сөзін қайта-қайта есіне алды I М.Әуезов/.

Бейбіт жылқыны сауырынан салып қалуы мұң екен, ол тұрған жерінен ата жөнелді (М.Өуезов).

Себеп-салдар /себептес/салалас құрмалас сөйлем. Бір сөйлемде айтылған іс-қимылдың, жай-күйдің себебі білдірілсе, екінші сөйлем сол себептен туған салдарды, нәтижені білдіретін, керісінше біріншісі нәтижені, екіншісі соның себебін білдіретін болса, онда ол сөйлемдер себеп-салдар немесе себептес сөйлемдер деп аталады. Бұл сөйлемдер де бірде жалғау-лықты, бірде жалғаулықсыз болып келеді.

Менің әндерімді тыңдаушы дә, сынаушы да, салушы да халық, сондықтан біздің жиған-тергендеріміздің бәрі хал ықтікі.

Мен қорықпаймын, әжем кеше сұрап алған /Б.Майлин/.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бұл түріне құрамындағы сөйлемдердің бірінде айтылған ой, іс-әрекет екінші сөйлемде жүзеге асқан жай-күйге, іс-қимылға қарама-қарсы келеді. Сондықтан да қарсылықты салалас деп аталады. Жалғаулықты да, жалғаулықсыз да түрі болады.

Өлең шығаруға ойланып та көрем, бірақ ол қолымнан келмейді /С.Мұқанов/.

Қасындағы ұсақ қыздар мен қалыңдық та күліп алдаусыратпақ болып еді, Абай мен Ербол оған көнген жоқМ.Әуезов/.

Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем. Түсіндірмелі /іліктес/ салалас сөйлем дегеніміз -бірінші компоненті жалпылық мәнде келіп, кейінгі компо-ненттерінде оның мәні не болмаса себебі түсіндіріліп, сараланып келген сөй-лемді айтамыз. Салалас сөйлемнің бұл түрінің өзіндік ерекшеліктері де бар.

  1. Алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарып тұрған, сонымен бірге екі жай сөйлемді құрмаластырушы болып тұрған сол, соншама, соншалық, сондай сөздері өз бастауыштарының іс-әрекет, жай-күйлерін өздері ашпайды, сол баяндалатын қимылға, жағдайға ерекше көңіл аударту мақсатымен келесі сөйлемге сілтейді де, оның мәнісі келесі немесе екінші сөйлемде ашылады. Соның қорытындысында кейінгі жай сөйлем тұтасымен алдыңғы жай сөйлемнің баяндауышы орнына тұрғандай болып, соның білдіруге тиісті мағынасын білдіреді.

Өз ойының әуресімен жүріп кеткені соншама, Абай ел ішінің жайларынан оқшау қалған екен /М.Әуезов/.

  1. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы алғашқы сөйлем іс-әрекет, оқиғаны жалпы көрсетеді де, қалған сөйлемдері сол іс-оқиғаның мән-жайын ашып, түсіндіріп тұрады. Мұндай түсіндірмелі сөйлемдер не екі, не үш сөйлемдерден құралады.

Табиғатта тыңайтқыштың екі түрі бар: бірі органикалық тыңайтқыш, екіншірі- минералды тыңайтқыш /»Өсімдіктану» оқулығы/. Немесе, өзге балалар енді байқады: қарауытып көрінген доғарылған аттар екен /»Балдырған» журналы/.

3.Т үсіндірмелі салапастар тек орын тәртібі арқылы ғана байланысады. Яғни жалғаулықты түрі болмайды.

Шартты салалас құрмалас сөйлем. Құрамындағы компоненттер мағыналары өзара шарттас, яғни, бірінде айтылған іс-әрекеттің екіншісі шартын білдірсе, не болмаса керісінше екінші сөйлемде берілген ой алдыңғы сөйлем шартын білдірсе, ондай сөйлемді шартты салалас сөйлем дейміз.

Егер Биғайшаның үйіне қарай аяқ басушы болсаң, менен жақсылық таппа /Т.Садық/.

Шартты сапалас сөйлемдер ара-тұра жалғаулықты болып та келеді:

Сен келісім бер, әйтпесе мен саған жоқпын.

Салыстырмалы салалас құрмалас сөйлем.Бұл сөйлемдер жалғаулықсыз болып келеді. Екітүрлі субъектінің іс-әрекеттерін, қасиеттөрін, жай-күйлерін салыстыра баяндайтын құрмалас сөйлемнің түрін салыстырмалы салалас сөйлем дейміз.

Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сез бұзар /Мақал/.

Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.Талғаулы салалас сөйлем компоненттерінде баяндалған іс-әрекет, оқиға, жай-күйталғанып, екшеліп,сол іс-әрекеттің біреуінің жүзеге асатындығы білдіріледі. Талғаулы салаластың компоненттері салалас құрмаластың басқа түрлеріндей емес, тек интона-циялық жағынан болмаса, мағыналық жағынан бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды. Сондай-ақ оның басқа салалас түрлерінен өзгешелігі құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықсыз құрмаласа алмайды, тек жалғаулықтар арқылы құрмаласады. Себебі жоғарыда айтылғандай компоненттері мағыналық жағынан бір-бірімен байланысып жатпай, әрқайсысы өзалдына жеке әрекеттерді білдіріп тұруларына қатысты. Мағына жағынан байланыс болмағандықтан, талғаулы жалғаулықтар арқылы байланысып тұрады. Ал бұл дәнекер сөздерді түсіріп айтсақ, сөйлем құрмаластық қасиетінен айрылып, бөлек-бөлек сөйлем болып қалады.

Сіз маған жалақымды бересіз, не екеуміз басқаша сөйлесеміз /А.Грин/. Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар /Ә.Әбішев/.

Ккзектес салалас құрмалас сөйлем. Кезектес салалас сөйлем деп құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-арекеттердің бірінен соң бірі кезектесіп отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз. Бұл сейлемде үнемі жалғаулықты болады.Сөйлем компоненттері бір-бірімен кебде, бірде, біресе сынды кезектес жалғаулықтар арқылы құрмаласады.

Раушан бірде ақтарыла салатындай сондайлық жақын көрінеді, бірде ол салқын тартып алыстап кетеді Я.Ахтанов/.

 

Ханыша осылайша ауырғандай,

Аныласа, кейде демі таңды ұрғандай.

 Жатады күйді тыңдай, кейде жылап

Жастыққа жылы жаңбыр жаудырғандай

                                     Л.Жансүгіров/.

Салаластың көп компонентті түрі соңғы жағында арнайы баяндала-тындықтан, бұл жерде сөз қозғамаймыз.

 

САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз құрамындағы сөйлемдері өзара тең дәрежеде болмай, бір-біріне тәуелді, бағына байланысқан құрмалас  сөйлемдерді айтамыз. Оның бір компоненті бағыныңқы, екінші компоненті  басыңқы деп аталады. Олар бірі екіншісіне бағына  байланысады да,   бағыныңқы сыңары өз алдына дербес сөйлем болып танылмайды. Әйткені онда қалыпты сөйлемге тән қасиеттердің көбі жоқ.

 

Сабақтас құрмалас  сөйлемдердің  түрлері:

Шартты, қарсылықты, себеп — салдар, мезгіл, қимыл-сын, мақсат ұқсату, үлестес, аяулы, қыстырмалы,  сілтеулі, ыңғайлас, үдетпелі деген  он екі  түрі  бар.

Аралас құрмалас  сөйлем

Қазақ тілінде  салалас сабақтастан құрлысы  басқа алатын  орындарыда  басқа тұлғалық  жағы  басқа  құрмалас сөйлемдерді  айтамыз.

Бұл  құрмаластың  ішінде  басыңқыдан  басқада өз  алдына тиянақты баяндауыштары  бар жай  сөйлемдерде, оның ішінде төл  сөздерде  бола  береді.Сонымен қатар  бұлардың  ішінде бағыныңқы  сөйлемдерде  болады. Міне  сондықтанда бұл сияқты  сөйлемдерді 1935 жылдан  бері ерекше жіктеп  көрсетіп  жүрміз.Мағынасы  жағынан  тұтас бағыну жағынан аралас (бір басыңқы, бірі  бағыныңқы, бір өз алдына тыиянақты  болып) келген  сөйлеемдер  шумағын  аралас құрмалас  сөйлем  дейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Қордабаев Т. «Қазақ тіліндегі құрмалас  сөйлем синтаксисі». Алматы — 1995жыл
  2. Аманжолов С. «Қазақ әдеби  тілі  синтаксисінің қысқаша  курсы». Алматы . 1994жыл
  3. Қордабаев Т.

Балақаев М. «Қазіргі қазақ  тілі  граматикасы» Алматы