АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

 Ен даладағы екі жылқы қорасын таппай қор болды


«Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасының редакциясына Қайрат Байқожа есімді азамат қоңырау шалып, айдалада адасып кеткен екі жылқыны екі ай бойы бақылаған
. Бірақ қыстың көзі қырауда қос жылқыны ешкім іздеп келмепті.
 – Жылқылар осы аймақта жүргеніне екі айдың жүзі болды. Екі ай бұрын соққан қатты бораннан кейін үйірінен адасып қалған болса керек. Алғашқыда қоңды еді. Қазір қатты титықтап әлсірей бастаған. Қа­лың қарға батып шыға алмай қалған кездері болды. Жылқы суыққа төзімді келеді, бірақ аштыққа шыдамайды. Биыл ауа райының қолайсыздығынан қардың асты мұз болып қатып жатыр. Жылқы өз бетімен тұяғын серпіп, қар астындағы шөпті жей алмайды. Сондықтан өзім күнде сүйіп тамашалайтын «Таңшолпан» бағдарламасы арқылы жыл­қылардың иесін іздеуді жөн деп таптым, – дейді оқиға куәгері Қайрат Байқожа.

«Астана – Көкшетау тас жолында, қаладан 20 шақырым қашықта жайылып жүрген жылқының иелері біз едік» деп бірнеше адам хабарласыпты. Бірақ жыл­қының ені мен түр-түсін нақ басып айта алмай шатасқан. Ал редакцияға арнайы іздеп келгендері сюжетті қайталап көрген соң, өз жылқылары еместігін мойын­дапты.

Боз бие құлындауға жақын сияқты. Бұйыртса, екі жылқының басы үшеу бол­ға­лы тұр. Қасындағы еріп жүрген тай өзінің тұя­ғындай әсер қалдырады. Әзірше барым­ташылардың қолына түспеген жылқылар ен далада иесіз жүр. Сондықтан малға іздеу салуға «Айқын» газеті де септігін тигізуді ұйғарды. Ендеше, жылқысын таныған ағайын «Таңшолпан» бағдарламасының редакциясына (8-7172-553815) хабар­ла­сыңыздар.

Ал далада жүрген тұлпарлардың иесін іздестіріп, адалдықтың үлгісін көрсеткен Қайрат Байқожаны қалай мақтасақ та жарасады. Әр қазақ осындай болуы керек шығар

http://www.aikyn.kz