Онда жұмысқа кіру де оңай болмапты. Әйтеуір амалын тауып, ет комбинатында қасапшылықты үйреніп қаражат тауыпты. Ал Мәскеуде оқығанда от жағушы, балабақшада күзетші де болған. Ал АҚШ-та түрлі кәсіпті меңгеріп, өмірден көп нәрсе үйренеді. Қазақстанға оралған соң телевидения мен радио корпорациясын басқарып, газет те ашқан. Кеште «Шал» фильмі сөз болды. Ал наурыз айында «Кенже» атты картинаны түсіруді бастамақшы.
Ол «Кенже» түсірілімі үшін көне мешіт іздепті. Себебі режиссер біраз жыл Таяу Шығыста тұрғандығын айта келіп, сондағы мешіттерге ұқсас ғимаратты қарастырған. Дамаскіде ең жаңа мешітке 800 жылдай болса, Алматы облысынан бірде-бір көне мешіт таппапты.
Режиссер әлемнің әр түкпірінде болумен қатар, ондағы қазақтармен кездесіп, қонақта болғандығына тоқталды. Олар; «О, қазақ келді!» деп қуана қарсы алған. Олардың арасында өз тілін білмейтіндер кездескенімен, ұлтына көрсетер құрметтері шексіз екен.
Танымал режиссер Ермек Тұрсыновқа шетелден сұраныс та түсіпті. «Жұлдыз» жасауға кепілдік те беріпті. Бірақ ол барлығынан бас тартқан. Олардың сценарийлерінен адам шошитындығын айтқан режиссер: «Ет комбинатында жүргендегі өмірім есіме түседі дейді ол. Сондықтан вампирлер туралы түсіруден бас тартыпты.
Ермек Тұрсыновтың бұл шығармашылық кеші көптің көңілінен шықты.
Жексен САҒЫМБЕКҰЛЫ
http://www.aikyn.kz/i