АЛТЫНОРДА
Новости

Ұрпақ тәрбиесі – ұлттық парыз

Жуырда Парламент Мәжілісінде «Балалардың ден­саулығы мен оның дамуына зиян келтіретін ақпараттан қор­ғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жо­басы талқыланды. Бұл заң жобасының өмірге келуіне Ал­дан Смайыл, Гүлнәр Сейітмағанбетова, Светлана Бычкова, Гүлмира Исімбаева сынды халық қалаулылары бас­тамашылық жасаған болатын. Аталмыш заң жобасын тал­қылауға Мәжіліс депутаттары, еліміздің Мәдениет жә­не ақпарат, Білім және ғылым, Қаржы, Әділет Сыртқы және Ішкі істер министрліктері, Жоғарғы Сот жә­не бұқаралық-ақпарат құралдары өкілдері қатысқан та­ныстырылымы болып өтті. Осы Заң жобасы туралы Мә­жіліс депутаты Алдан Смайыл мырза газетіміздің тілшісіне сұқбат берген еді.

Алдан СМАЙЫЛ,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты

– Алдан Зейноллаұлы, бала­ларды зиянды ақпараттардан қорғауға қатысты заң жо­басын әзірлеуге не себеп бол­ды? Әлем елдерінде осы мә­се­лелерді реттейтін заңдар бар­ма екен?
– Бұл көптен көкейімізде жүрген ой еді. Аталған жоба Қазақстан Республикасында ба­ла­ларды БАҚ арқылы таралатын залалды ақпараттан заң жүзінде қорғау мақсатын көздейді. ТМД елдері мен әлемдік қауымдастық бұл орайда бізден көш ілгері. Көптеген мемлекеттерде БҰҰ-ның балаларды қорғау туралы 1989 жылғы Конвенциясына сәй­кестендірілген заңдар бар. Біз соларды, атап айтқанда, Еуропа одағының «Компьютерлік қыл­­­мыстар туралы», «Элект­рон­­­ды бұқаралық-ақпарат құрал­дарында зорлық-зомбылықты көр­сету туралы» заңдық күші бар Декларацияларын, ТМД ел­деріне арналған «Балалардың мемлекеттегі құқықтарының не­гізгі кепілдіктері туралы» үл­гі заңын терең зерттедік. Со­нымен бірге АҚШ, Канада, Гер­мания, Ұлыбритания, Нидер­ланды, Норвегия, Италия, Жа­пония және басқа дамыған ел­дердің осы тектес заңдарын са­раладық. Олардағы балаларды ад­ам­гершілік сезімнен суытатын, пси­­хикасы мен денсаулығына зар­дабын тигізетін, қатыгездікті на­сихаттайтын, бір сөзбен айт­қанда, жеткіншектерді рухани аз­дыратын ақпараттан қорғауға ар­налған құқықтық шаралар ес­керілді.
Осы ізденістер кезінде біздің, яғни, қазақ қоғамының аталған салада кеш қалғанын аңғардық. АҚШ-та балаларды интернет зар­даптарынан сақтандырудың жолдары бұдан он төрт жыл бұрын қарастырылыпты. 1998 жылы «Кәмелетке толма­ған­дардың жеке өмірін қорғау ту­ралы акт» қабылданып, 13 жас­тан төменгі балалар үшін web-ресурстарды міндетті түрде клас­сификациялау нормасы ен­­гізілген. Бұл заң бойынша 16 жасқа дейінгілердің басқа ин­тернет-ресурстарға ене ал­май­тын жеке интернет-адре­сі бо­лады. Ал балалардың ру­ха­ни тазалығы үшін ин­тер­­­­­нет-компаниялар мен провай­дерлер жауап береді. Бұл та­лапты Еуроодақтың 30 әлем­­­дік ауқымдағы интернет-компа­ния­лары құптаған.
– Ал ТМД елдеріндегі жағ­дай қалай екен?
– Атап айтсақ, «Кәмелетке тол­мағандарды теріс ықпалдан қор­ғау туралы» заң Гүржістанда 2001 жылы қолданысқа енгі­зілген. Өткен жылы Ресейде «Ба­лаларды денсаулығы мен да­муына кеселін тигізетін ақ­параттан қорғау туралы» Заң қа­былданды.
Біз осы тәжірибелерді қа­рас­тыра келе, Қазақстанда бала­лардың ақпараттық қауіпсіздігі туралы дара заң қажет екендігіне әбден көз жеткіздік. Жоба осы­лай дүниеге келді. Онда әл­емдік тәжірибе Қазақстандағы ақ­параттық ахуалға барынша сәй­кестендірілген және елдегі заң айналымында жоқ кейбір құ­қықтық ұғымдар енгізілген.
– Қандай жаңа құқықтық ұғымдар бар?
– Мысалы, «Балаларға ар­налған ақпараттық өнімнің жас сыныптамасы» және «жас са­наттары» ұғымдары бар. Таратып айтсақ, заң жобасы бойынша балаларға арналған ақпараттық өнімдерге жас сыныптамасы бойынша сараптама жүргізіледі. Сараптама ақпараттық өнімнің жанрын, тақырыбын, мазмұны мен безендірілуін, ақпараттық өнімді ұсынудың тәсілін, ба­лаларға жасырын әсер ететін ар­наулы әдістердің бар-жоғын, ба­ланың ақпараттық өнімді бір­неше рет көру мүмкіндігін ай­қындап береді. Мұндай са­раптама ақпараттық өнім елі­міздің аумағына таратылғанға дей­ін жүргізіледі және ол сол өн­імді өндірушіге жүктеледі.
Балаларға арналған ақпа­раттық өнімнің жас санаттары заң жобасында мынадай кате­горияларға жіктелген. Атап айт­қанда, «6 жасқа дейінгі», «6 жастан бастап», «12 жастан бас­тап», «16 жастан бастап» деп бө­лінеді. Бұлардың бәріне нақты та­лаптар қойылған және эфирде, эк­ранда тарату мерзімдері, бала үшін қолайлы уақыттары атап көр­сетілген.
Жобада еліміздің заңнама тарихында алғаш рет компь­ютерлік және өзге де электронды ой­ындарды таратушылардың мін­деттері сараланып отыр. Біз осы ойындарда балаларға ұсы­нуға тыйым салынған ақ­­па­раттық өнімдерге тән кө­ріністердің болмауына қол жет­кізуді ойластырдық. Оларда аг­рессивті күш көрсетуге және өзге де қоғамға жат іс-әрекеттерге ар­андататын сюжеттер кездес­пеуге тиіс. Компьютер арқылы ба­ланың виртуальды кісі өлі­мін, азаптау, қорлау, жәбірлеу әре­кеттерін қолдан жасай алуына жол бермеу талап етіледі. Ин­тернет-ресурстар, ұялы радио­телефон байланыс желілері қыз­меттерінің провайдерлері, ин­тернет-ресурстарға ұжымдық қол жеткізу пункттерінің ие­лері мен құрылтайшылары заң жобасындағы осы және бас­қа қағидаларды орындауға мін­деттеледі.
– Бұл өте орынды заң нор­малары екен. Балалардың компь­ютер арқылы вирту­аль­ды кісі өлімін, азаптау, қор­лау, жәбірлеу әрекеттерін кө­руі халықты да алаңдатып от­ырған мәселенің бірі еді. Тағы да қандай жаңа талаптар енгізілді?
– Мұнымен қатар балаларға арналған баспа өнімінде, дыбыс, кино және бейне өнімдерде ба­ланың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат болмауы тиіс. Білім беру мекемелерінде ба­лаларды оқытуға арналған ақ­параттық өнімнің мазмұны осы Заңның талаптарына сәй­кес келуі шарт. Шәкірттерге ар­налған дәптерлерді, күн­де­ліктерді, кітап тыстарын, кі­тап белгілерін, мектептер мен мектепке дейінгі балалар меке­мелерінде пайдаланылатын өзге де полиграфиялық өнімдерді бе­зендіру жас сыныптамасы ка­тегорияларына лайық болуы тиіс.
Бәрімізге белгілі, телеком­муникациялық желілердің транс­шекаралық сипат алуы ба­лаларды зиянды ақпараттардан қор­ғау шараларын халықаралық ауқымда ұйымдастыруды қажет етеді. Бұл мәселе жобаның «Ба­ланы оның денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақ­параттан қорғау саласындағы ха­лықаралық ынтымақтастық» та­рауында берілген. Онда ын­тымақтастықтың негіздері, мем­­­­ле­кеттердің құзыретті ор­ган­­­­­­дары, халықаралық үкі­мет­­тік және үкіметтік ем­ес ұй­ымдардың жұмысын үйлесті­ру­дің бағыттары айқындалған.
– Заң жобасы несімен ерек­шеленеді?
– Біріншіден, балалардың да­муы мен денсаулығына зар­дабын тигізетін ақпараттан қор­ғау саласындағы мемлекеттік сая­саттың принциптері айқын­далуын айтар едім.
Сонымен қатар заң жүзінде зардапты ақпараттардың анық­тамалары беріледі, зиянды ақ­параттық өнімдердің айналы­мын тоқтатудың құқықтық жол­дары көрсетіліп отыр. Те­ле­­радио, кино өнімдерін көр­сетудің балаларға қолайлы уа­қыттары белгіленуі тиіс. Жап­пай қолданыстағы интернет, ұя­лы телефон желілері арқылы ба­лаларды рухани аздыратын ақ­па­раттық өнімдердің тара­тылуына тосқауыл қоюдың жол­дары ойластырылуымен ерек­шеленеді.
Компьютерлік, электрондық ой­ындарға балалардың ақпа­раттық қауіпсіздігі мақсатымен са­раптама жасаудың құқықтық мүм­кіндігі туады. Ақпараттық өн­імдерге сараптама жасаудың жә­не жасалған сараптама қо­ры­тындыларын жүзеге асы­­­­ру­дың заңды тетіктері айқындалмақ.
Мемлекеттік атқару орган­дарының балаларды зиянды ақ­параттық өнімдерден қорғаудағы өкілеттіктері сараланады. Сон­дай-ақ заң жобасында сара­ланған міндеттерді қоғамдық қа­дағалаудың тетіктері белгі­ленеді.
Бұл заң жоба балалардың ақ­параттық қауіпсіздігін қам­­тамасыз етуге арналған жа­­ңа бағдарламалардың туын­дауына ықпал етуі тиіс. Қазіргі кез­дің өзінде «Ұлағатты жанұя», «Қазақстан интернет ас­со­циа­циясы», «Әділ сөз» ха­лы­қаралық қоры секілді қо­ғамдық құрылымдар заң қабыл­данған жағдайда оны жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық жо­балар ұсына алатындықтарын біл­діруде.
Демократия деген құнды­лықты түрліше түсінген, оны қо­ғам мен халықтың игілігі тұр­ғысынан емес, өзінің жеке, кей ретте қылмысқа пара-пар әре­кеттері үшін пайдаланушылар ақпарат әлемін жаулай бастағаны рас десек, зиянды ақпараттан ба­лаларды заңмен қорғау – ұлт­тық парыз. Сондықтан да бұл мәселеге Әзірбайжан, Бе­ларусь, Тәжікстан, Украина Пар­ламенттері мен ТМД Пар­ламентаралық Ассамблеясы ай­рықша мән беруде. Қазақстан Пар­ламенті де балаларды заңмен қорғау ісінде тысқары қала ал­майтыны анық. Егер осы Заң жобасын белгіленген мерзімде қабылдайтын болсақ, жас ұр­пақтың толыққанды дамуына ай­рықша ықпал ететін боламыз.
– Әңгімеңізге рақмет.

Әңгімелескен:
Айдын БӘЙМЕН,
«Президент және Халық»