АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстан мен Ресей жаңа экономикалық келісімге жақындап келеді

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде ресейлік әріптесі Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы өзара іс-қимыл жайы талқыланды.

Ресей Президенті Владимир Путин Астана мен Мәскеу арасындағы мәсе­лелердің қордалануына байланысты алаңдаушылығы жоқ екенін жеткізді. «Қазақстан мен Ресей арасында түрлі мәселелердің жиі туындай бастауы­ның бір ғана себебі – қарым-қатынас­тың арта түсуі, бұл – қалыпты нәрсе» – деді ол. «Ел арасындағы серік­тес­тік­тің деңгейі қазір ауқымды көлемге жетті. Біз сізбен жақында ғана кездес­кен едік, бұл тақырыптарды телефон арқылы да талай сөз еттік. Соған қара­мастан талқылайтын мәселе әлі де жетіп-артылады. Екі елдің қарым-қатынасы күшейіп, серіктестіктің жақсы тәжірибесі қалыптасып жатыр, мен мұны жағымды құбылыс деп білемін», – деді Владимир Путин. Өз сөзінде Владимир Путин Қазақстан Президентіне кездесуге келгені үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы өзекті мәселелерді әлі де талқылай түсу қажет екенін атап өтті. «Бұған дейін орнатылған келісімдерді ары қарай талқылау үшін келдім. Желтоқсан айын­да ғана біз серіктестігіміздің жайын сөз еткен едік. Енді жаңа жыл келді, жаңа мақсаттар қою керек. Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен серіктестік жөніндегі жаңа келісім орнатуға келіскен едік», – деді Н.Назарбаев. Қазақстан Президенті аталған құжат жақын уақытта қабылданатындығына сенім білдірді. «Біз жаңа құжатты дайындауды тапсырдық. Сәті түссе оған осы күзде Екатиринбургте қол қоярмыз», – деді. Сондай-ақ бұған дейін қолға алынған істердің ары қарай тиімді жүзеге асырылуын тілге тиек етті. «2014 жылы мамыр айында біз келісім орнатып, 2015 жылдан бастап Еура­зиялық экономикалық одақ пен Бірың­ғай экономикалық кеңістіктің пайда болғанын жариялауымыз керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кремльдегі кездесуде соңғы кездері БАҚ-тарда жиі сөз болған Бай­қоңыр мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Қазақстан және Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі елдің ғарыш мәселесі бойынша сарапшылар мен мекеме басшылары Байқоңырды бірлесіп пайдалану мәселесі бойын­ша өзара тиімді келісім жасағанын мәлім­деді.

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)

http://alashainasy.kz/main/40214/