АЛТЫНОРДА
Иносми

Алматы облысында қызды алдымен зорлап, сосын өлтірген үш қылмыскер ұсталды

Алматы облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жастарға үш белгісіз адам шабуыл жасаған. Олар жігітті соққыға жығып, оның өз көлігіне салып, белгісіз бағытқа жол тартқан. Жас жігіт көліктің жүксалғышынан секіріп түсіп, қылмыскерлерден қашып құтылған.

Ол бірден құқыққорғаушы органдарға барған. Полицейлер Үштөбенің шет аймағынан айдап әкетілген «Жигули» автокөлігін тапты. Қыздың мүрдесі көлік ішінде болды. Ол зорланып, айуандықпен өлтірілген.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде екі тәуліктен кейін күдіктілер табылып, Қаратал АІІБ-не қамауға алынды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты, біреуі кәмелеттік жасқа толмаған.

ҚР ҚК алты бірдей бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

http://www.baq.kz/news/23092