АЛТЫНОРДА
Новости

Адам тәрізділер.Роботтар.

Баспалдақпен жүре алатын, даяшы болатын, скрипкада ойнап, сөйлей алатын ресейлік, кореялық, еуропалық, америкалық және де жапондық роботтарды назарларыңызға ұсынамыз.

ASIMO, Жапония

 

Компания 30 жыл бойы дамытып келе жатқан робот. Оның қазіргі нұсқасы – 11-е.  Бұл робот ең «ақылдылардың» бірі. Қаңқасы магнийден жасалған, сағатына 6 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады, ондаған дауыс әмірлері мен ишараттарды тани алады. Адамға зат әперіп, қолынан ұстауды біледі. Сатылмайды, бірақ жалға беріледі.

Жасап шығарушы: Honda Motor Company

Petman, АҚШ

 

 

Ең тез және адам сияқты қимылдайтын робот. Қиын жерлермен жүре алады. Кедергілерден өте алады, жорғалау, жаттығу жасау функцияларымен жабдықталған. АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен жасалған. Коммерциялық түрде қолданбайды.

Жасап шығарушы: Boston Dynamics

LS3 (Legged Squad Support Systems), АҚШ

 

 

Робот әскери міндеттемелерде ғана қолданылады. Белгіленген көшбасшының артынан еріп немесе GPS арқылы белгіленген жерге өзі жете алады. Ойлы-қырлы жерлерден қиналмай өте алады. АҚШ қорғаныс министрлігінің тапсырысымен жасалған. Жанармай қоры 32 шақырым жерге және тәулігіне 24 сағат қызмет етуге жетеді.

Жасап шығарушы: Boston Dynamics

Hubo, Оңтүстік Корея

 

 

Адамның бет-әлпетін есте сақтап, тани алады. Адам қимылын қайталау функциясымен жабдықталған. Екі дөңгелекті скутерді айдайды. Тас үйінділерінен өте алады.

Жасап шығарушы: Korea Advanced Institute of Science and Technology

NAO, Франция

 

 

Адамға өте ұқсас робот: әлем бойынша үш мыңнан астам данасы сатылған. Бағдарламалауды үйретуге кеңінен қолданылады. Роботтың орташа бағасы 10 000 евро. Футболдан роботтар арасында өтетін әлем чемпионатында да қолданылып келеді. Сонымен қатар, ол жатқан күйінен өз бетінше тұра алады.

Жасап шығарушы: Aldebaran Robotics

Violin Playing Robot, Жапония

 

 

Робот-әйел ретінде таныстырылған роботтардың бірі.  Қол қимылының туралығы соншалық, скрипкада еш қатесіз ойнай біледі. Бірақ, айқын емес.

Жасап шығарушы: Toyota Motor Corporation

AR-600, Ресей

 

 

Ресейлік жобалардың ішінде өндіру және дайын роботтарды сату кезеңіне жеткен жалғыз робот. Бұл жобаны жасауға 300 миллион рубль жұмсалған. Сағатына 3 шақырым жылдамдықпен жүреді және де өз бетінше баспалдақпен көтеріліп, түсе алады. Оны қолға экзоскелет кию арқылы басқаруға да  болады.

Жасап шығарушы: «Андроидтық техника»

Repliee, Жапония

 

 

http://massaget.kz/tehno/sholu/8079