АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Импортный» май құйып көлігімізді «еркелетіп» алған жоқпыз ба?

Темір тұлпардың күнделікті тұтынатын жанармайынан бөлек, түрлі майларын құйып, баптап тұрмаса тағы болмайды. Тек жеңіл көліктерінің саны 3,5 миллионға жетіп жығылатын елімізде мотор майларына деген сұраныс жоғары. Соңғы уақытқа дейін елімізде майлағыш материалдар кең көлемде шығарылған емес. Сұранысты көбіне ресейлік, белорустық, еуропалық майлар қанағаттандырып келді. Бүгінде елімізде отандық мотор майлары шығарыла бастағанына да екі-үш жылдың көлемі болды. Еліміздегі бүкіл нарықты жаулап алды деп айта алмаспыз. Дегенмен жоқтан бар, алқам шүкір деуге боларлықтай.

Әрине, автонарықтағы бүкіл майлағыш материалдарды түре қуып шыға ал­ма­сымыз анық. Олардың орнын басатындай қуаты мол көптеген зауыт ашылуы керек ол үшін. Ал оған біршама уақыт пен қыруар қаржы қажет. Әзірге Шымкенттен шығатын мотор майларымен мақтануға болады-ақ. «HILL Corporation» ЖШС-і жобаны жүзеге асыру үшін үш жылдан астам уақыттарын сарп етуге тура келіпті. Жобаның жалпы құны – 3 миллиард теңгеден асады. Зауыт қа­ланың өнеркәсіп аумағында 6 гектар жер­ге орналасқан. Алғашқы жоспар б­о­йын­ша мұнда жылына 100 мың тоннаға дейін майлағыш майларды өндіруге мүм­кіндік бар делінген болатын. Одан бөлек май­лағыш материалдардың 120-дан астам түрін шығару да жоспарланған. Жы­лы­на 70 мың тонна өнім шығарылса,  зауыт еліміз­дегі сұраныстың 25-30 пайыз­да­йын қана­ғат­тандыра алады. Шымкенттік май шет­елдікінен 15 пайыз арзан. Кә­сіпорын тұ­ты­­ну­шы сұранысына сай мотор майлары­ның барлық түрлерін шығара алады. Тек тап­сырыс болса болғаны. Зауыт толығымен за­манауи жоғары техноло­гия­мен жабдық­талғ­ан. Өнім сапасын анықтап оты­ратын зерт­хана да қол астарында. Мұн­да дайын өнім­ді ғана емес, шикізаттан бастап, бүкіл тех­нологиялық процесс үнемі қада­ғалану­да. Кәсіпорын «HILL» маркалы ма­йына қа­жетті қоспаларды Франция, Ни­дер­ланды, АҚШ елдерінен алдырады. Дайын өніммен қатар минералды майлар, жартылай синте­ти­ка да шығарады. Әлем­дегі ең танымал жо­ғары сапалы синтетика­лық материал неге аз өндіріледі дегенге кел­сек, мамандар «қазақстандық нарықта өте қымбат, жаңа мо­дельді автокөліктер саны аз. Ал синтети­калық май осы көлік­тер­ге ғана арналған. Сон­дықтан өндірісте оның өнімділігі 10 па­йыз­ды ғана құрайды. Со­ның өзі сұранысты толық  қанағаттанды­рады» дейді. Шым­кент­тен шыққан мотор май­ларын еліміздегі мүйізі қарағайдай ірі ком­паниялар, оның ішінде «ҚазақМыс», «Қаз­МұнайГаз», «Қа­зақ­станТемірЖолы» тұ­ты­нады. Аталмыш компаниялар ірі тап­сы­рыс берушілердің қатарында. Ашылға­ны­на екі жылдан енді асса да майлайтын ма­териалдарды шыға­ра­тын өндіріс орны­ның асығы алшы. Отан­дық өнім өндіру­ші­лердің қатары артқанына тұт­ынушылар да разы. Мотор майына «күні түсе­тін» қазақ­стан­дықтардың 70 пайызын қамт­амасыз ету «хиллдіктердің» мойнында. Отан­дық тұ­тынушылардан бөлек Өз­бек­стан, Қыр­ғызстан, Ресеймен келісімшартқа отырған. Тағы бір қуанарлығы, май құятын құ­тылар­ды да өздері өндіреді, демек, өнім­нің өзі­ндік құнын арзандатуға қосалқы мүм­­кін­дік бар. Мұнда шығарылатын 1 литр­лік және 5 литрлік канистрлар – эколо­гия­лық жа­ғы­нан таза, сапасы жоғары. Жұ­мыс­шы­лар да­йын ыдыстың сапасын тек­се­ріп, са­рап­та­ма­ға жібереді. Канистрға сапа сер­ти­фи­каты беріл­ген соң ғана май құйылады. Мұнда тәу­лігіне 5 мыңнан астам құты шығары­ла­ды. Ал майлағыш материалдар тәулігіне 1 тоннаға жуық өндіріледі. Өнім өндірумен қа­тар оның өтімділігін арттыру да күн тәр­ті­бінде тұр. Дұрыс жүргізілген маркетинг қана ресейлік компанияларды басып озуға мүмкіндік беріп отыр.

Қозғалтқыш бөлшектерінің материа­л­да­рына коррозиялық әсерінің жоқтығы, ұзақ уақыт күйін сақтауы, температуралық сипаттамаларға сай келетіндігі, тығыздау ма­териалдарымен үйлесімділігі, төмен тем­­пературада аз көпіршуі, буға айнал­ма­уы, отын шығынын азайтып, экологиялық жағынан таза болуы – мұның бәрі де – қа­зақ­стандық өнімнің өн бойынан табуға бола­тын сапалық көрсеткіштер. Өндіруші тара­пынан ешқандай кемшілік жоқ, ал тұты­ну­шыға қойылар талап – отандық өндірістің өрге басуы үшін қолдау көрсетсе болғаны. Мәшинеңізге «еркелетіп» «им­портный» май құя бермей, үнемі отандық майды құйып тұрсаңыз да темір тұлпары­ңыз қамшы салдырмасы анық….

Алмас Жұмабеков, «HILL Corporation» ЖШС-нің маркетинг бөлімінің бастығы:

– Зауыттағы құрал-жабдықтардың бар­лы­­ғы да АҚШ-тан, Чехиядан, Испаниядан ал­ды­рылған. Бәрі де автоматтандырылған. Со­­ған орай өндірген өнімнің сапасы жо­ғары. Әзірге сапасына сын айтқан тұтыну­шы болған емес. Өнімнің өтімділігін арт­тыру үшін сапасына көп мән береміз. Ха­­­­лық­­аралық сапа стандартына сай болуын үнемі қадағалап отырамыз.

Мұрат Доскеев, «Мотор майлары» дүкенінің сатушысы:

– Сатып алушылардың басым бөлігі шетел­дік мотор майларына әбден үйреніп қалған. Сондықтан да үнемі соған жүгіре­тіні аян. Тіпті Шымкентте осындай май шы­ға­рылатынын білмейтіндер де басым. Тұ­ты­нушыларға үнемі «HILL» майын ұсы­на­мыз. Отандық өнімге, осылайша, аз да болса үлес қоссақ деген ниетіміз бар. Са­тып алу­шы­лар бір алғаннан кейін қай­тып кеп, тағы да осы майды сұрап жатады. Өтім­ділігі жақ­сы.

Мотор майы – қозғалтқыш конструкциясының маңызды элементі. Қолда­ны­лу мақсатына қарай бұл өнімнің жанармаймен, жағармаймен тұтанатын қоз­ғалт­қыштарға арналған май, әмбебап мотор майы деп бөлінетіні белгілі. Қа­зір­гі за­ман­ғы барлық мотор майлары базалық майдан және олардың қасие­тін жақсар­та­тын қоспалардан тұрады. Базалық май ретінде тұтқырлығы әртүрлі тазар­тылған ком­поненттер, синтетикалық өнімдер (поли-альфа-олефиндер, алкилбензондар, эфир­лер) қолданылады. Қазіргі заманғы мотор майы көптеген технологиялық та­лап­тарға жауап беруі тиіс, мұнда осы талаптың барлығы да сақталады.

Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА

http://alashainasy.kz/