АЛТЫНОРДА
Иносми

Тауар экспортында Қытай әлемде бірінші орынға шықты

Экономика саласында әлем елдерінің ішінде  соңғы жарты ғасырда  көш бастап келген АҚШ биыл тағы «бірінші» деген атауынан айырылды.  Қытай  биыл эскпорт бойынша АҚШ-ты басып озды.

Сөйтіп, 68 жыл бойы  экспорт  пен импортта алғашқы орынды ешкімге бермеген АҚШ «тағынан тайдырылды». Осыдан  екі жыл бұрын Қытай  импорт бойынша да АҚШ-ты озып кеткен болатын. Ал, 2012 жылдың қорытындылары бойынша  Қытайдың  импорты мен экспортының жиынтық көрсеткіші де АҚШ-тан асып түсті.  Өткен жылы америкалықтардың экспорттаған өнімдері мен импорттаған  заттарының жиынтық көлемі 3,82 триллион долларды құраса, Қытайдікі 3,87 триллон долларға жеткен. Дегенмен, қытайлар сыртқы сауда айналымында 2011 жылға қарағанда 231,1 млрд доллар көп табыс тапса,  бұл бағытта АҚШ рекорд жаңартып, 2011 жылға қарағанда  сыртқы сауда айналымында 727,9 млрд  артық пайда көріпті. Сөйтіп, әлем экономикасы алпауыттарының текетіресі күшейіп келеді

Жебе-ақпарат