АЛТЫНОРДА
Новости

Оңтүстік Қазақстанда туризм кластерін дамыту үшін инфроқұрылымдар әзірленді

Оңтүстік Қазақстан облысы Мадрид, Берлин, Гонконг және Лондонда өткізілген халықаралық туристік көремелеріне қатысып, жарнамалық-ақпараттық материалдар таратты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Төлеби ауданында «Алтын дән», «Жерұйық» демалыс аймағы салынды. «Қасқасу» демалыс аймағының жанынан заманауи үлгідегі конференц залы мен мейрамханасы іске қосылды. «Таусамалы»  демалыс аймағының жанынан 200 адамға арналған емдік-сауықтыру орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілді. Түркістан қаласындағы «Туристерге қызмет көрсету орталығының» құрылысына 1,4 га жер аумағына мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.  Сауран қалашығы, Үкаш ата кесенесіне баратын жол құрылысы мен инфрақұрылымы жүргізілді.

Келес Мұратбай.

 

http://www.egemen.kz