Өткен тәулікте Алматыдан шамамен 350 шақырым жердегі Қытай елі аумағында үш жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Қазақстан-жаңалықтары» ақпарат агенттігі Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Олардың ұсынған мәліметіне сәйкес, алғашқы жер сілкінісі кеше Астана уақыты бойынша 19 сағатта Алматыдан 368 шақырым жерде тіркелді.
Магнитудасы 4,8 балдық екінші жер сілкінісі жарты сағаттан кейін Алматыдан оңтүстікке қарай 363 шақырым жерде тіркелді.
Келесі магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі 19 ақпанда сағат 03:24-те Алматыдан оңтүстікке қарай 350 шақырым жерде тіркелді.
КазТАГ агентігінің мәліметтері бойынша, төртінші, 5,2 балдық жер сілкінісі Алматыдан 231 шақырым қашықтықта 19 ақпанда 06 сағат 36 минутта тіркелді.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 231 шақырымда Қытай аумағында орналасқан», -делінген хабарламада.
Ошақтың орналасқан жерінің тереңдігі 15 шақырымды құрайды. Құрбан болғандар немесе қираған ғимараттар жайлы ақпарат түскен жоқ.
http://www.egemen.kz