АЛТЫНОРДА
Новости

Қаңғыбас иттерді атуға павлодарлықтар да қарсы

Астана. 25 ақпан. BAQ.KZ – Жуырда Ақтөбе облысында көшедегі қаңғыбас иттерді атуға тиым салынған болатын. Енді бұл бастаманы павлодарлықтар да қолдап отыр. Өңір әкімі Ерлан Арынның жеке блогына жазылған өтініш хатта тұрғындар әкімнен көше мақұлықтарын атуға қатаң тиым салуын сұрайды.

 

«Көше хайуандарын өлтіріп және оны өлтіру үшін миллиондаған қаржыны шығындап қашанға дейін отырамыз? Дамыған елдерде иттер мен мысықтарды атпайды, аулайды. Оларды тексерістен өткізіп, тазалап жуындырып, тұрғындардың асырауына береді. Жалпы, елімізде жануарларды қорғайтын шынайы қор құрылса… Қазіргілердің аты бар, заты жоқ. Тек, ақшаға қол салу үшін құрылған секілді. Қаңғыбас иттерді өлтіруге жұмсалатын қаржыға хайуанаттар баспанасын тұрғызсақ сауап іс болар еді» дейді Екатерина есімді павлодарлық тұрғын.
Расында да, өркениетті елдерде көшені кезіп жүрген мақұлықтарды атып өлтірмейді. Аулап, арнайы орталыққа алып барады. Төрт аяқты серік іздегендер осындай орталықтардан керегін тауып жатады. Үйренетін-ақ нәрсе.
Ал, Павлодар облысының әкімі Ерлан Мұхтарұлы болса өңірде бастамашыл топ бұл мәселені біраздан бері көтеріп отырғандығын айтады. Тіпті, хайуанаттарды қорғауына алатын жаңа қор да құрылғалы жатыр екен. Олар бүгінде қаңғыбас жануарларға арналған орталық салу үшін Павлодар қаласынан жер телімін сұрапты. Жергілікті басшылық мәселенің оң шешілетініне уәде беріп отыр.

http://www.baq.kz/news/23784