Астана. 27 ақпан. Baq.kz Адамның тілді меңгеру дағдылары оның құрсақта жатқан кезінен басталады. Жюль Верн атындағы Пикардия университетінің нейробиологтері осындай тың мәліметті жария етті.
ВВС-нің хабарлауынша, франциялық ғалымдар шала туған 12 сәбидің миын сканерлеп, олардың дыбыс ажырату мүмкіндіктерін зерттеген. Мұның нәтижесінде адамның миында сөйлеу дағдыларын игеру қадамдары өте ерте қалыптасатыны анықталды. Ғалымдардың айтуынша, сәби өз дамуының 28-аптасында, тіпті, құсақта жатқан кезінде де түрлі дыбыстарды, соның ішінде, ер адам мен әйел адамның сөйлегенін ажырата алады екен. Нейробиолог Фабрис Валлуа адамның тілді меңгеруі үшін сыртқы орта әсері мен тәжірибе қажет екенін жоққа шығармайды, бірақ сөйлеуді зерттеу кезінде жатырдағы шарананың осы мүмкіндігін міндетті түрде ескеруге кеңес береді