Алдағы 20 жыл ішінде теңіз тасбақалары Жер бетінен мүлдем жойылып кетуі мүмкін. АҚШ зерттеушілері қабыршақты тасбақалар санының 78%-ға азайып кеткенін анықтады.
ВВС-тің хабарлауынша, теңіз тасбақалары соңғы 100 млн жылдан астам уақыт бойы тіршілік етіп келеді. Олар динозаврлар дәуірін бастан өткерді. Бірақ қазіргі мезгілде Chelonioidea тұқымына жататын бұл тасбақалар әбден құрып бара жатыр. Алабама университетінің ғалымдары олардың тұқымын қайта тірілтудің мүмкін емес екенін айтады. Қабыршақты тасбақалардың ұзындығы екі метрге жетеді. Су жануары Жер шарының барлық тропикалық теңіздерін мекен етеді. Ал олардың жұмыртқа салатын аумағы – Тынық мұхитының АҚШ пен Индонезия аралығы.
http://alashainasy.kz