АЛТЫНОРДА
Новости

Қырғыздар нормативтік-құқықтық құжатты қырғыз тілінде қабылдамақ

Астана. 1 наурыз. Baq.kz Айырқалпақты ағайындар нормативтік-құқықтық құжаттарын бұдан былай, тек қана мемлекеттік қырғыз тілінде ғана қабылдамақ. 

 

«Мемлекеттік тіл туралы» және «Ресми тіл туралы» заңдарға өзгерістер енгізу туралы жарлыққа Президент Алмазбек Атамбаев қол қойған және ол 2013 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енді.
Енді жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері нормативтік-құқықтық актілерді аймақтардағы тұрғындардың тілдік жағдайына орайластыра отырып шешім шығаруды көздеуде. Яғни, әкімшілік-аймақтарда қырғыз тілін игергендер санының басымдығына қарай, ресми орган өкілдері заңға сәйкес шешім қабылдайтын болады.

http://www.baq.kz/news/24087