Астана. 7 наурыз. Baq.kz-Бөкей ордасы хандары ұрпақтарының бірі (1801-1876 жылдары Орал мен Волга өзендері аралығында Ресей империясы құрамында өмір сүрген хандық) ата-бабасынан мұраға қалған асыл заттарды аукцион арқылы сатуға келісім берді. Асыл мұра 16-18 ғасырлардағы қазақтың ұлттық күміс әшейлерінен тұрады.
Әзірге өз атын жарияламауды жөн көрген Орал қаласының тұрғыны бұл күні аталған сауданы ұйымдастыратын тұлғаны іздестіріп жатыр. Мұрагердің айтуынша, ол Қазақстанның мұражайларына өтініш айтып көріпті, бірақ барлығы бірдей асл мұраларды мұражайға тегін өткізуін сұраған.
Қымбат қазынаның иесі бабалар мұрасын мұражайларға тегін де өткізер еді, бірақ оның аса қымбат операцияларды қажет етіп отырған балаларға көмектесу ниеті бар екен.
Дәулетқали Асауов
Қымбат қазынаның иесі бабалар мұрасын мұражайларға тегін де өткізер еді, бірақ оның аса қымбат операцияларды қажет етіп отырған балаларға көмектесу ниеті бар екен.
Дәулетқали Асауов
http://baq.kz/news/24387