АЛТЫНОРДА
Новости

Жапония үкіметі Қазақстандағы әлеуметтік жобаларға 110 мың доллар бөлмекші

АСТАНА. 11 наурыз. Baq.kz — Жапония үкіметі Қазақстандағы төрт әлеуметтік жобаға қаржылай көмек ретінде 10 млн йен (110 мың доллар) көлемінде грант бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Жапонияның Қазақстандағы елшілігі мәлімдеп отыр.

 

Жапония үкіметі «Шөп тамырлары» бағдарламасы аясында адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әлеуметтік жобаларға қаржылай көмек көрсетпекші.

2013 жылдың 15 наурызында сағат 11:00-де Алматы қаласындағы Жапония елшілігінде Жапония елшілігінің өкілетті елшісі Юдзо Харада мен тиісті ұйымдардың (негізінен медициналық) ресми өкілдері арасында екі жақты келісім-шарттарға қол қою рәсімі басталады.
http://baq.kz/news/24531