АЛМАТЫ. 11 наурыз. Baq.kz — Алматы қаласынан 328 шақырым қашықтықта магнитудасы 5,6 балды құрайтын жер сілкінісі болды. Бұл туралы ҚР БҒМ жанындағы ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мәлімдеп отыр.
Мәліметтерге қарағанда, жер сілкінісі 2013 жылдың 11 наурызында Астана уақыты бойынша 9 сағат 01 минутта, гринвич бойынша 3 сағат 01 минутта болған.
Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 328 шақырым жерде Қытай аймағында екені анықталған.
http://baq.kz/news/24528