Сұмдық кой !Бас шайқап қоя салатын 5-10 миллион теңге де емес, Алматыда 10 миллиард доллар жоғалды дегенге кім сенеді? Ешкім де сенбейді.Өкінішке қарай, АҚШ-тың әулие көрген 10 миллиард доллары аяқ астында жатыр. Бірақ көзге көрінбейді. Ірі көлемдегі қаражатты жеке бір баукеспе де сыпырып кетпеген. Ол ақша әр алматылық азаматтың қалтасында жүр. Сенбейсіз бе? Ranking.kz. жүргізген сараптамаға назар аударсақ, Қазақстан бойынша алынған несиелердің 63 пайызы Алматы тұрғындарына тиесілі. Уақытында төленбей, мерзімі өтіп кеткен 10 миллиард доллар қазір құзырлы орындардың басын қатырған шаруаға айналды. Биылғы қаңтардың соңындағы дерекке көз жүгіртсек, еліміз бойынша алынған жалпы несие – 9902,4 миллиард теңге. Тізімде алматылықтар (6242,2 миллиард теңге) бірінші орында тұр. Екінші орында астаналықтар – (1003,3 млр). Ең соңғы орында 89,4 миллиард теңге несие алған Солтүстік Қазақстан облысы. Қазақ «қарыз күліп барып, жылап қайтады» дейді, қомақты қарызды алматылықтар енді қалай қайтарады? Банктердің басы қататын жағдай-ақ, ал жұрттың жүйкесі мықты секілді. Темірлан БАЯЗИТ Айкын газетiнен алынды |
Предыдущий
Следующий