АЛТЫНОРДА
Новости

Сырдарияда сең қозғалды: Арал теңізіне дейін 100 шақырым қалды

Астана. 18 наурыз. Baq.kz Сырдарияда сең қозғалды – Арал теңізіне дейін 100 шақырым қалды. Бұл туралы  облыстың ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Айгүл Нұрманова хабарлады.  

 

«Қазіргі уақытта мұздар Арал ауданы Құмбазар елдімекеніне жақын маңда ағып жатыр, — деді ол. – Арал теңізіне дейін 100 шақырым қалды. Мұздың қалыңдығы 59 см-ді құрайды. Ауа температурасы Цельсий бойынша +2 градус. Су температурасы – нөлге жақын. Биылғы жылы елді мекен тұрғындары үшін Сырдариядан қандай да бір қауіп келмейді. Су тасқыны қаупі жоқ».

BNews.kz