АЛТЫНОРДА
Новости

 Әмина Өмірзақова – жаңа ұшақтың иесі

«Эйр Астана» компаниясының әуепаркіне «Embraer – 190» жаңа әуелайнері келді. Ұшақ жақында Қазақстанда және көршілес елдерде жолаушыларға қызмет көрсете бастайды. Ұшаққа Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың және «Тарлан» сыйлығының лауреаты Әмина Өмірзақованың есімі берілді.

 

«Embraer – 190» әуетасымалдаушы флотындағы жетінші ұшақ. Әуе кемесі тікелей Бразилиядан зауыт-өндірушіден жеткізілді. Бұл ұшақтар орта қашық­тағы тар фюзеляжды жолаушы ұша­ғының Е тобына жатады. Жолаушы сыйымдылығы – 97 орын. Ең үлкен жыл­дамдық – 890 ш/с. Ұшу қашықты­ғы – 4200 шақырым. Тиімді де сапалы әрі жайлы ұшақтың Әмина Өмірза­қованың есімін иеленуі еліміздегі елеулі жаңалық болып отыр.

– Авиапаркін Эмбраер тобының заманауи әуе кемелерімен толықты­рып, әуекомпания өз флотының жаңар­туын жалғастырады. Бұл Қазақ­станда және таяу шетелде аймақтық желі­ні дамыту стратегиясы және Қазақстан­ды Еуразиядағы транзиттік жолаушы торабы ретінде дамыту аясында жаса­лып жатыр. Сондай-ақ біз ұшақтар­ға Қазақстан тарихы, өнері және мәде­ниетінде терең із қалдырған қазақ әйелдерінің есімдерін қою ізгі дәстүрді жалғастырудамыз. Бұл ретте біз ана бейнесін экранда зор күшпен сомда­ған көрнекті актриса Әмина Өмірзақо­ваны ұлықтап, оның есімін осы ұшаққа беруді ұйғардық, – деді «Эйр Астана» АҚ сату және маркетинг жөніндегі вице-президент Ибрагим Жанлыел.

 

http://www.aikyn.kz