АЛТЫНОРДА
Новости

Ресей азаматшасы село тұрғындарына ризашылығын білдірмекші

Астана. 25 наурыз. Baq.kz-Жүрген жерлерін ылаң қылып кеткендері аздай, елдеріне қазақты жамандап баратын келімсектердің талайын көз көрді. Олардың соңынан бір уыс топырақ шаштық. Бірақ, ұлтымыздың ұлылығына бас иіп, кеңпейілдік қасиетін жырдай қылып айтып жүретін «тамырлар» да көптеп кездеседі. Сондай игі жандардың бірі Ирина есімді келіншек Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың блогына хат жазып, облыстың Новошумное селосының кіреберіс бетіндегі ұзын жолдың үстіне өз ақшасына Қазақстанның рәміздері бейнеленген баннер іліп қойсам деген өтінішін айтыпты.

 

 «Мен қазір Ресейдің азаматшасымын. Челябі облысында тұрып жатырмыз. Новошумное селосының тұрғындарына ризашылық көңілімді білдіру мақсатымен өз атымнан сыйлық ретінде баннер жасатып ілдірсем деп едім. Оның бір жағына «Добро пожаловать», екінші жағына «Счастливого пути» деген сөздерді жазып қоямыз. Осыған орай баннерге Қазақстанның ұлттық рәміздерін қолдануға бола ма?»,– деп сұрапты.
Облыс әкімі тілек білдірушіге мұндай баннер жасатуға толық хақысы бар екенін айтыпты. Тек «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы бойынша рәміздердің көлемі, бояуы, қанықтылығы, орналасу тәртібі, т.б талаптарының сақталуын аса ескерткен. Сондықтан, Иринаның ойға алған ісін жүзеге асыру үшін, ең алдымен, баннер эскизінің жобасын Қостанай облыстық ішкі саясат басқармасының ҚР Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссияның жұмысшы органына жолдауға кеңес беріпті.
Дәулетқали Асауов

 

http://baq.kz/news/25234